Бейімбет Майлиннің сыншылдық, сатиралық бағыттағы публицистикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2014 в 16:19, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектілігі. Тума талант Бейімбет Майлиннің есімі кемелденген ұлттық әдебиетіміздің парақтарына алтын әріппен жазылды. Ол сол әдебиеттің ірге тасын қаласып, мазмұн-маңызын, көркемдік дәрежесін биікке көтерісті. Аласапыран заманның, соқтықпалы кезеңнің кедір-бұдырлы, соқпақсыз жолымен жүріп, туған әдебиетінің бар ауыртпалығын көтірісті, қаламгерлігін асқан іскерлікпен абыройлы атқарды. Ондағы ойы - қараңғылық, бақытсыздық күй кешкен, еңсесі езілген халқының озат ел санатына қосылуына, көкірек-көзін оятуға, өнер-біліммен сусындауына, сөйтіп бақытты, еркін өмір сүретін күнге жеткізуге, қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да, қаламымен өз көмек-жәрдемін беру. Аңсаған арман, өмір нысанасы - осы.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................

1 ЖАЗУШЫ СЫНШЫЛДЫҒЫНЫҢ БАСТАУЫ, ӨРІС АЛУЫ ЖӘНЕ ЖАНРЛЫҚ АУҚЫМЫ

2 БЕЙІМБЕТ МАЙЛИННІҢ СЫНШЫЛДЫҚ, САТИРАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПУБЛИЦИСТИКАСЫ: ТАҚЫРЫП ЖӘНЕ ПРОБЛЕМА

3 Б.МАЙЛИННІҢ СЫНШЫЛДЫҚ, САТИРАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПУБЛИЦИСТИКАСЫНЫҢ СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

беймбет кыскар.docx

— 314.58 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ГУМАНИТАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

                           Қорғауға жіберілді:

«___» _______________2011 ж.

Кафедра меңгерушісі:

___________ ф. ғ. д. Сейітова Ш.Б.

 

 

 

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы:  Бейімбет Майлиннің сыншылдық, сатиралық бағыттағы публицистикасы

 

 

Диплом жұмысын орындаған: _____________    

қолы

«____»  _____________ 2011 ж.

 

Ғылыми жетекшісі: _______________________                                                 қолы

 

«____»  _____________ 2011 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей

2011

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ...........................................................................................................

 

1 ЖАЗУШЫ СЫНШЫЛДЫҒЫНЫҢ БАСТАУЫ,  ӨРІС АЛУЫ ЖӘНЕ ЖАНРЛЫҚ АУҚЫМЫ

 

2  БЕЙІМБЕТ МАЙЛИННІҢ СЫНШЫЛДЫҚ, САТИРАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПУБЛИЦИСТИКАСЫ: ТАҚЫРЫП ЖӘНЕ ПРОБЛЕМА

 

3 Б.МАЙЛИННІҢ СЫНШЫЛДЫҚ, САТИРАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПУБЛИЦИСТИКАСЫНЫҢ СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Диплом жұмысының өзектілігі. Тума талант Бейімбет Майлиннің есімі кемелденген ұлттық әдебиетіміздің парақтарына алтын әріппен жазылды. Ол сол әдебиеттің ірге тасын қаласып, мазмұн-маңызын, көркемдік дәрежесін биікке көтерісті. Аласапыран заманның, соқтықпалы кезеңнің кедір-бұдырлы, соқпақсыз жолымен жүріп, туған әдебиетінің бар ауыртпалығын көтірісті, қаламгерлігін асқан іскерлікпен абыройлы атқарды. Ондағы ойы - қараңғылық, бақытсыздық күй кешкен, еңсесі езілген халқының озат ел санатына қосылуына, көкірек-көзін оятуға, өнер-біліммен сусындауына, сөйтіп бақытты, еркін өмір сүретін күнге жеткізуге, қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да, қаламымен өз көмек-жәрдемін беру. Аңсаған арман, өмір нысанасы - осы. Ол мақсаты бүкіл көркем сөз бен көсем сөздің арқауына айналды. Сол жолмен жүріп әдебиетімізде де, публицистикамызда да аса көрнекті, мол көлемді қазына қалдырды. Сондықтан да оның мұрасының шет-шегіне күні бүгінге дейін жете алмай жүрміз, жинап басын құрай алмай жатырмыз.

Халық мұңы, оның қуаныш-қайғысы, болашақтан күткен үміті, арман-мұраты, туған жер тағдыры - Бейімбеттің бірде қуана, құлшына, бірде езіле, ашына жазған тақырыптарының негізі, қайнары. Оны толғандырған адалдық пен арсыздық, ерлік пен ездік, тазалық пен арамдық, қарапайымдылық пен билікқұмарлық, әділеттілік пен қулық, махаббат пен азғындық, сыпайылық пен сыңарезулік, жуастық пен өктемдік сияқты тағы басқа өмірлік құбылыстар қайшылығын бейнелеу сан тарау болып көрінеді. Тереңірек үңілсек, ақиқатты ашық айту шектеулі кезде көптеген өрескелдіктерге көкірегі сыздап, іштей күйзелген суреткер неше түрлі шерлі шемендерді сәті түскен кездерде сын-сықақпен аузын аршып отырды. Ел басына түскен ауыр күндерді көзікен көріп, құлағымен естіген,  ыстығына күйіп, суығына тоңып өмір кешкен Бейімбеттей азамат ар жүгін аттап кете алмады. Оның саяси хал-ахуалға бағындырылған қазақ елінің жағдайын жан дүниесімен ұғына білуі де, артында ор, алдында көр тұрса да, жоғарғы басшылық өзара жаулық пен араздықты, өш алуды, алауыздықты қоздырып, өршітіп жатса да сыншылдық бетінен қайтпауы да сондықтан. Отызыншы жылдарда да фельетондарды жазуын мүлдем тоқтатпай, жалғастыруы соған дәлел. Қаныпезерлік саясаттың қыл көпірінде тұрса да сол жолынан қайтпады. Ішкі қыжылын қусалықпен сақтай бермей қайратты да желмаядай желген қаламымен шығарды. Публицистикасындағы сын - соның жарқын көрінісі.

Сол кездегі сын-зерттеу, талдау материалдарында Б.Майлиннің негізінен ақындық, жазушылық, драматургтік өркен-өрісі туралы сөз қозғалады. Жала жабылып, «Халық жауы» деген сын да өршіді.

Б.Майлин репресияға ұшырап, жазықсыз атылған соң ауыз ашып, тіс жарып ешкім ештеңе айта алмады. Заман ызғарынан үркіп, жан тасалауға тура келді. Тек жазушы ақталып, елімен қайта қауышқаннан соң, мұрасы халқына қайтарылғаннан кейін жан-жақты зерттеу ісі кең арнаға түсті. Бейімбет Майлин толық ақталған 1957 жылдан бастап, оның бай мұрасын қайта зерттеу, алуан түрлі шығармашылық қызметін жұртқа жан-жақты жеткізу кеңінен қолға алынды. Қайта құру, жариялылық атты кезең басталғалы Б. Майлинді де қайта танып бағалау, жаңа көзқараспен зерделеу өрісі ашылғандықтан бұрын айта алмай жүрген ой-пікірді жаңғырту мүмкіндігі туды.

Енді әдеби құбылыстар мен ағымдарға, олардың жеке тұлғаларына сыни тұрғыдан зер салып, тереңірек үңіле қарап, басты ерекшеліктерін қазіргі таным тұрғысынан айқындау міндеті алға тартылды. Ол - Бейімбеттің де болмыс-бітіміне, шығармаларына өзгеше көңіл-көзбен ден қойып, ашылмай келген жақтарын ашу, зерде, таным елегінен қайта өткізіп әділ әрі ұлттық сипатта бағалау міндеті.

Сонымен, Б.Майлиннің фельетондары, очерктері мен мақалалары жеке-жеке талданып, кең түрде зерттеу обьектісіне айналған емес. Ал олардағы сыншылдық, сатиралық бағыт толық ашылмаған тың күйінде жатыр. Оған суреткер публицистикасының барлығы құрастырылып, толық шықпай жатуы не толық жинақтарына кірмеуі салқынын тигізбей қойған жоқ. Әсіресе, очерктер мен мақалалары жөніндегі пікірлерге көңіл толмайды. Жазушының кеңес өкіметінің барлық тірлігін қолдамағанын, керек десеңіз, жеріне жеткізе сынағанын терең зерттеп, кеңірек ашу ісі кенжелеп келді. Б.Майлин публицистикасындағы сыншылдықты бөле-жара алып, ғылыми тұрғыдан талдау жасауға бет бұрғанымыз - сол олқылықты толтырудағы бір қадам. Осыдан келіп зерттеудің өзектілігі туындайды.

Диплом жұмысының нысаны. Зерттеу жұмысының нысаны ретінде ҚҰ мұрағаты деректерін, Орталық архивтер мен құжаттар басқармасы, Мемлекеттік Қауіпсіздік комитеті архивтерінің материалдары, БАҚ жүйесі материалдарын, зерттеушілер еңбектерін негізгі назарда ұстадық. Б.Майлиннің   «Алыптарды аралағанда» (1934), «Төрт томдық жинағы» (1933-1934), «Сойқанды содырлар» (1928), «Кесінділер» (1929), «Таңдамалы шығармалар» (1958), «Шығармалар. Алты томдық» (1960-1964), «Шұғаның белгісі. Әңгімелер» (1965), «Повестері мен әңгімелері» (1972), «Шұғаның белгісі. Повестер мен әңгімелер» (1974), «Таңдамалы повестер мен әңгімелер» (1977), «Қызыл жалау. Роман, повесть, әңгіме, пьеса, фельетон, очерктер» (1979), «Раушан – коммунист» (1980), «Шұғаның белгісі. Повесть және әңгімелер» (1981), «Бес томдық жығармалар жинағы», (1986-1988), «Ел сыры. Повестер, әңгімелер, өлеңдер, фельетондар» (1994), «Тұңғыш құрбан» (1994) туындылары және мұрағат материалдары деректілік негіз ретінде пайдаланылды.

Диплом жұмысының дереккөздері. Зерттеу жұмысында қаламгердің сыншылдық, сатиралық  бағыттағы фельетондары мен очерктерінің тақырыптық, мазмұндық табиғатын таныту мақсатында  сатира мен юмор элементтерін ұтымды қолдану ерекшеліктері өзара байланыста қарастырылды. 

Диплом жұмысында Қ.Жармағамбеттің «Бейімбет Майлин творчествосы» (1958), «Бейімбет Майлин» (1962), Ә.Жиреншиннің «Бейімбет Майлин» (1958), Т.Нұртазиннің «Бейімбет Майлин творчествосы» (1966), Б.Наурызбаевтың «Бейімбет Майлиннің прозасы» (1967), «Дәуір суреткері» (1969), «Қазақ прозасындағы Б.Майлин дәстүрі» (1979),  С.Ордалиевтің «Сөз зергері» (1982), «Бейімбет Майлин творчествосы» (1990), Р.Рүстембекованың «Б.Майлиннің драматургиясы» (1969),  Т.Бейісқұлов «Бейімбет Майлин-публицист» (1979), «Қанатты қаламгер» (1983), «Дарын даралығы» (1994), С.Бейменшин «Майлының Бейімбеті» (1994) және тағы да басқа ғалымдардың еңбектерін басты назарға алдық.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты – Б.Майлин публицистикасындағы сыншылдық, сатиралық бағытты зерттеу арқылы оның журналистикаға қосқан үлесін айқындау, сыншылдық, сатиралық бағыттағы публицистикалық мұрасын тақырыптық тұрғыдан кең көлемде қарастыру, аталмыш туындыларындағы көркемдік-идеялық ерекшеліктерді, қоғамдық-әлеуметтік көзқарастарды саралау, қаламгердің дара стильдік белгілерін жете зерттеп, оларды бүгінгі күн тұрғысынан жаңаша бағамдау. Осыған орай, аталған мақсатқа жету үшін алдымызға мынадай нақты міндеттерді айқындадық:

  • Б.Майлиннің журналистік жолын, шығармашылығын саралау;
  • жазушы сыншылдығының бастау көздерін,  өріс алуын және жанрлық ауқымын нақтылы дәйектер негізінде талдау;
  • Б.Майлиннің сыни публицистикалық туындыларының  тақырыптық, мазмұндық аясын таныту;
  • қоғамдағы, өмірдегі көптеген маңызды мәселелерді көтеру арқылы Б.Майлин публицистикасынының журналистикаға қосқан үлесін саралау;
  • Б.Майлиннің сыншылдық, сатиралық бағыттағы публицистикасына қоғамдық тұрғыдан ықпал болған негізгі факторларды айқындау, сол арқылы оның шығармашыл ой-санасының ұшқырлығын дәлелдеу;

– Жалпы көсемсөзгерлігіндегі проблемалық тақырыптарды қозғауда деректерді сөйлете білуіне, амал-тәжірибесінің ұстаханалық мектеп ретінде қалыптасуына көз жеткізу;

  • шығармашылығындағы сөзгерлігі, діттеген мұратын әлеуметтің жалпы тұрмысы нәтижесіндегі көрінісін қоғамдық өзгерістер жолындағы әдіс-тәсілдермен көрсетуін анықтау.

Диплом жұмысының зерттеу әдістері. Жұмыста талдау, салыстыру, сараптау, топшылау әдістері мен объективті-аналитикалық талдау, кешенді тәсілдер қолданылды.

Диплом жұмысының ғылыми жаңашылдық сипаттары.  Б.Майлин сыншылдығының бастауы,  өріс алуы және сатиралық бағыттағы публицистикасының тақырыптық, көркемдік қырлары, жанрлық ауқымының жүйелі түрде ғылыми мәселе ретінде қарастырылуы тақырыптың жаңалығын байқатады. Сондай-ақ жазушы өмірі мен шығармашылығының зерттелу кезеңдерін анықтап, қоғам шындығын еш өзгеріссіз сол күйінде жеткізу бағытындағы ұстанымдарына баса назар аудардық. Б.Майлиннің сыни публицистикалық туындылар жазудағы тәжірибесі - қоғамдағы, өмірдегі көптеген маңызды мәселелерді көтеруде қазіргі қаламгерлерге үлгі-өнеге болатын үйренерлік мектеп екендігін дәлелдедік. Қазақ журналистикасындағы Б.Майлиннің өзіндік орнын айқындауға тырыстық.

Жазушы шығармашылығына қатысты мерзімді баспасөз беттерінде, зерттеу еңбектерінде айтылған тұжырымдар мен ой-пікірлер бүгінгі күн талабына сай жүйеленді және жаңа дерек-пайымдаулармен толықтырылды.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

– Б.Майлин талантты көсемсөз зергері ретінде танылды;

- көсемсөзгердің сыншылдық, сатиралық бағыттағы шығармашылық ерекшеліктері сараланып, оның кезеңдері анықталды;

- жазушының алғашқы тырнақалды туындыларынан бастап, кемел көсемсөз зергеріне дейінгі жолы мен қызметі екшелді;

- сыншылдық бағыттағы публицистикасының саясилылығы, көпшілік санасына ықпал етер психологиялық қуаты тұжырымдалды;

- қаламгердің сыншылдық, сатиралық шығармаларының поэтикасы талданды;

- Б.Майлиннің сыншылдық, сатиралық бағыттағы публицистикасының жанрлық ерекшеліктері талданып, пішіндік ізденістері сарапталды;

- көсемсөзгердің басқа журналистерге  үлгі өнегесі және өзіндік  журналистік мектебі сараланды;

Б.Майлиннің қазақ журналистикасындағы орны айқындалып, публицистиканың жаңа пішіндері мен шығармашылық қарымын арттыруда өлшеусіз үлес қосқан ірі тұлға екендігі дәлелденді.

Диплом жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысында алынған ғылыми нәтижелер мен тұжырымдарды әдебиеттің теориялық мәселелерін оқытқанда, орта мектептердің жоғарғы сыныптарында және жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің қазақ бөлімдерінде қазақ әдебиеті тарихын оқыту барысында, арнаұлы курстар мен семинарлар өткізуге, сондай-ақ гимназия, лицейлерде, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін тереңдетіп оқытатын мектептерге оқу құралдарын, көмекші құралдар, курс жұмысы, реферат, бақылау жұмыстарын жазуда пайдалануға болады.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом  жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ЖАЗУШЫ СЫНШЫЛДЫҒЫНЫҢ БАСТАУЫ,  ӨРІС АЛУЫ ЖӘНЕ ЖАНРЛЫҚ АУҚЫМЫ

 

Б.Майлиннің өмірі мен шығармашылығының зерттелуінде мынадай кезеңдерін байқай аламыз:

  1. Қаламгер ретінде қалыптасу, ақын, жазушы, журналист ретінде көріне бастау, оқу-ағарту саласында қызмет істеу, алашқа да, кеңес өкіметіне де көз тігіп, екеуіне де үміт арта, сеніммен пейіл білдіру, ақыры алашордадан суынып, оған салқын тарта бастаған кезеңі, яғни 1922 жылға дейінгі дәуір.
  2. Жазушы-журналист ісінің ең бір шабытты, шұрайлы шағы, бұрқырата жазып, тамаша туындылар берген, сөйтіп ел-жұрттың ілтипатына бөленген, байтақ қазақ даласына барынша танылып атағы аспандаған, ал бақталастары аяғынан шала бастаған кезеңі яғни 1932 жылға дейінгі он жыл.
  3. Солақай, содырлы сын тоқпағының астында қалып, есеңгіреген кезінде де повесть, роман, пъеса сияқты көлемді пығармалар   жазып   қалдырған,   жалған жаланың бұлты қоюлана түсіп, «халық жауы» деген қара таңба салынған, тас зынданның астына қамалған, қорлық көрген, ақыры атылған кезеңі яғни 1932-1938 жыл аралығы.
  4. Оны ақтау үшін өткен күрес жылдары, ол туралы ауыз ашып айтуға болмайтын, тіліңді тістеп үн шығармайтын, күдік пен үміт арпалысқан кезең, яғни1957 жылға дейін. Бұл кезде оның туындылары туралы зерттеу жасамақ түгіл, ауыз алуға болмайтын.
  5. Соңына жарық алып түскен «жауларының»   аузына   құм құйылуы,   жазушының ақталып, мұрасының халқына қайтарылуы, оның шығармаларын құныға оқу, зерттеу жүргізілуі, жинақтарының шығарылуы, бұл іске Қ.Жармағамбет, Т.Нұртазин, Б.Наурызбаев, С.Ордалиев,  Р.Рүстембекованың  белсене  кірісуі, З.Қабдолов,   С.Қирабаев,   Т.Кәкішев, Т.Қожакеев, Ф.Оразаев, Р.Нұрғалиев, С.Ордалиев, Т.Бейісқұлов, Б.Сарбалаев, С.Байменшин тағы басқалар пікірлер қозғап, ой толғауы, Ғ.Мүсіреповтің,   С.Мұқановтың және басқа да замандастарының толғанысқа толы сырлы естеліктері, мақалалары елеулі кезеңді құрайды,   яғни бұл 1957-1994 жылдар арасы. Бұл аралықта туғанына 70,   80, 90, 100 жыл толуының салтанатты түрде өткізілуі және бар.
  6. 1994 жылдан бастап жаңа кезең туды. Жазушыны толық әрі әділ бағалап білуіміз жетпей жатқанын сезіндік. Ол қалдырған мол мұраны, асыл қазынаны түп-түгел жинап шығара алмай келеміз. Шығармаларын бір жақты талдап жүріппіз. Міне, сол олқылықтардың орнын толтырудың сәті туды, кезеңі келді.   Есіл азаматты қан жылатып, көзін құртқан сайқал заманға, қатыгез саясатқа лағнет айтып қана қоймай, оны әшкерелеудің, бет-пердесін ашып, жұрттың санасына жеткізудің күні туды.

Информация о работе Бейімбет Майлиннің сыншылдық, сатиралық бағыттағы публицистикасы