Бейімбет Майлиннің сыншылдық, сатиралық бағыттағы публицистикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2014 в 16:19, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектілігі. Тума талант Бейімбет Майлиннің есімі кемелденген ұлттық әдебиетіміздің парақтарына алтын әріппен жазылды. Ол сол әдебиеттің ірге тасын қаласып, мазмұн-маңызын, көркемдік дәрежесін биікке көтерісті. Аласапыран заманның, соқтықпалы кезеңнің кедір-бұдырлы, соқпақсыз жолымен жүріп, туған әдебиетінің бар ауыртпалығын көтірісті, қаламгерлігін асқан іскерлікпен абыройлы атқарды. Ондағы ойы - қараңғылық, бақытсыздық күй кешкен, еңсесі езілген халқының озат ел санатына қосылуына, көкірек-көзін оятуға, өнер-біліммен сусындауына, сөйтіп бақытты, еркін өмір сүретін күнге жеткізуге, қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да, қаламымен өз көмек-жәрдемін беру. Аңсаған арман, өмір нысанасы - осы.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................

1 ЖАЗУШЫ СЫНШЫЛДЫҒЫНЫҢ БАСТАУЫ, ӨРІС АЛУЫ ЖӘНЕ ЖАНРЛЫҚ АУҚЫМЫ

2 БЕЙІМБЕТ МАЙЛИННІҢ СЫНШЫЛДЫҚ, САТИРАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПУБЛИЦИСТИКАСЫ: ТАҚЫРЫП ЖӘНЕ ПРОБЛЕМА

3 Б.МАЙЛИННІҢ СЫНШЫЛДЫҚ, САТИРАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПУБЛИЦИСТИКАСЫНЫҢ СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

беймбет кыскар.docx

— 314.58 Кб (Скачать документ)

Ол кәмпескеленеді.   Заманның бет-алысы солай. Оқшаудың ой түйінін солай беру қоғамның дамуына орай дұрыс та сияқты. Бірақ, Бейімбеттің негізгі айтпағы - Әлім болыстай  адамдардың тағдыры тәлкекке түскенмен, кедейлердің бәрібір қоңы көтерілмеген заман трагедиясы.

Бай-болыстар мен кедейлердің арасындағы тартыс, жалшылардың көрген зорлық-зомбылығы, қиянат-озбырлығы «Жалшы ұйымының басында бай адам» [30], «Көкжал ат қайда?» [31], «Жалшыны езгендер ескерілсін»  [32], «Жалшыны  сабаған» [33], «Жалшыны өлтірген сазайын тартты» [34] «Жалшы мұңы» [35] және тағы басқа мақалаларында да проблема етіп көтеріледі.

Сайлау кезінде мал шашу, талас-тартыс, жауыру - қанға сіңген әдет. Намысқа тиетін осы мінез алғаш «Ыштат», «Съез» өлеңдерінде сынға алынып еді, әлгі аталған оқшауларында жалғастырылды.

Ауыл-аймақ белсенділерінін ерсі қылықтарын арқау еткен фельетондары нақтылығымен де ерекшеленеді. Мұндайда қаламгер болған оқиғаларды шебер суреттейді, нақты адам бейнесін жасайды. Мәселен,   «Жігітшілік» атты фельетонның [34] кейіпкері - Тама  болысының  кеңес ағасы Таймасұлы Қанапия.   Ол жанына салық комиссиясының адамын және Мақаш деген милицияны   ертіп алып, ел  аралауға  шыққанда   Сәрсенбек  деген кісінің үйіне түстенеді. Оның кемпірі дәмді асын беріп, қонақтарын күтеді, бірақ секем алған ол қызы Кенжешті Омар деген туысының үйіне қонуға жібереді.   Түннің бір мезгілінде болыс қызды іздейді. Сол әрекетімен   ол   өзін әшкере етеді.   Милицияны ертіп алып қызды іздеп, шырт ұйқыда жатқан ауылды дүрліктіреді. Омардың үйіне келгенде оттықты жағып жібереді. Үй ішіндегілер шошып, айғай-шу көтеріледі.

Ертеңіне болыс милицияны жіберіп Омар мен қатынын қаматпақшы болады. Оған келтіретін дәлелі - Омардың қатыны жас екен, сол үшін ол заң жүзінде айыпты. Бүкіл ауыл араша түсіп екеуін босатып алады. Заңсыз әрекет жасаған Қанапия өзінің қандай адам  екендігінен   сыр білдіріп алады.   Шағын сюжетке құрылған әлгі қылықтары оның дөрекі, менмен, билік буына мастанған әкім екендігін ашып берді. Бейімбет өз ойын «Жігітшілікті мелетсе арқылы орындаған болыстық кеңес ағасы Қанапияны сот орындары ыңғайына алады ғой» - деп білдіреді.

Ауыл тілшісінің хатының негізінде жазған «Жырым жегендер» оқшауында [32] көтерілген мәселе бір қарағанда ұсақ-түйек боп көрінеді. Жазушының үлкен мән беруі тегін болмаса керек. Қолында кішкентай да болса билігі бар атқамінерлердің қарамағындағыларды жәбірлеп, асқынған мінез шығаратын, біреудің тапқанына қол сұғып, сұғанақтық жасайтын жемқорлық қылықтарын әшкере ету мақсатын қойған. Ереймен болыстық кеңестің төрағасы Қалабайұлы Ыбырай Қызылағаш мектебінің мұғалімі Қасен Сейітұлының еңбек ақысын қолына толық бермей жырып алып қалады екен. Бермес бұрын төреліктің буымен мұғалімнің жер-жебіріне жетеді. «- Март айының еңбек ақысын алдым» деп расписка жаз! - дейді.

Жазылды.. .

  • Мә, 15 сом.
  • Батыр-ay, 32 сом емес пе еді?

- Жарайды... Тағы да аларсың. Ақмоладағы пайкеге ат апарғалы отырмын...

«Сол ақшамды осы күнге шейін бермей бара жатыр...» деп Қасен жылайды». Осы штрихтан байқасаңыз мұғалім айлығының жартысынан астамын кеңес төрағасы жымқырып қалған. Төрағаның өстіп жүргені бір осы ғана емес. «Болыстан соққы көрген мұғалімдер» аз емес екен. Ыбырайдың істеп жүргені жайылып бара жатқан дертке айналуда, ендеше оған тосқауыл қойып, бетін қайтару үшін оның «ақ-қарасын сот ашар» деп жазушы заңға жүгінеді, жаза қолданылуы керектігін меңзейді.

Оқшау шартты емес, нақты факті бойынша жазылған. Мұнда да ұлттық психологиямыздағы жемқорлық, парақорлық деген дерт, өзінен төменді жәбірлеу сияқты ескі әдет, кеудемсоқ мінез сын садағына ілінген. Бұл туындының да мәні әлі кеміген жоқ. Өйткені ондай мерездерді қазір де көріп, естіп, біліп жүрміз.

Бюрократтык, шенеуніктік психология «Бидіш, шалабек занит»  [40] «Директор-сиыр» [41] фельетондарында сыналады.

«Директор – сиыр» фельетоны Жуалы ауданындағы «Қыз туған» колхозында малда істейтін Сырымбет келіні Ұлдаштың екі сиырын жоғалтып алып, шым-шытырық сергелдеңге түсуіне құрылған. Оны ондай жағдайға түсірген адам – «Билі көл» совхозының директоры Төлендіұлы. Сиырлар осы совхоздан табылады. Ұлдаш оларды ала алмай  әуреге   түседі.   Бақташы   «контордан рұқсат әкеле қойыңыз» деп жөнелтеді, ал совхоз директоры миығынан күліп оң жауап та бермейді. Ұлдаш сенделіп жүріп Әулиеата аудандық сотының үкімін әкеледі. Оған Төлендіұлы пысқырып та қарамайды. Ұлдаш Шымкенттегі облыстық сотқа шағынады, ондағылар Әулиеата сотына жібереді. Одан нәтиже шықпаған соң әлдекімдердің кеңесімен облыстық кеңес ағасы Орымбайұлы Мақашқа барады. Ол «Төлендіұлының мұнысы барып тұрған жолсыздық, жеңгей... Қайтартамын сиырыңды!» - деп айбат шеккенмен еш нәтиже шықпайды. Одан кейін Ұлдаш Әулиеата аудандық кеңес ағасы Жармағамбетұлы алдынан өтеді.

Ауыз жаласқан бюрократтар, сөйтіп, Ұлдашты тақыр жерге отырғызады. Сол жағымсыз, әрі зиянды әдетті Ұлдаштың сенделуі арқылы, адамдардың есімдерін, заңды қорғап, қол ұшын береді деген мекемелердің атын атап, түсін түстей отырып сынға алған Бейімбет оларға қандай шара қолданса сауап болар еді дегендей мазаланады. Ұлдаш қайда бармасын, қай есікті қақпасын, қай басшының алдына келмесін, көргені - оны алдап шығарып салу, ешқандай көмектің болмауы. Қайда барса да бюрократ, қолдарынан іс келмейтін дәрменсіз басшылар кездеседі. Кең жайылған кеселдің бірі - осы.

Б.Майлиннің уытты қалам ұшын мейлінше қадаған мәселенің бірі - дін басыларының арамзалығы. Қожа-молдалардың іс-әрекетін «дәл Бейімбеттей өлтіре сынаған қазақ жазушысы кемде-кем» (С. Ордалиев). Оның себебі де жоқ емес. Олар, әсіресе, Бейімбеттің әңгімелерінде қатты сыналған, алайда, публицистикасында да үлкен орын алған.

Мысалы, «Ақбаланың  тоқтысы» фельетонындағы [33] кейіп-ерлер екеу - жесір әйел Ақбала және  Байеділ  молда.   Фельетонға молдалардың өзі айтатын «жетім-жесірлердің қақын жеу – харам» деген шариғат сөзі эпиграф етіп алынған. Оның сыры фельетонның соңында ашылады.

Ақбаланың байынан қалған, көзге көрінер көнетөз арбасы ғана бар. Соны Байеділ молда ел аралағанда алатын түсімді салып әкелуге қояр да қоймай сұрап алады. Ақбаланың бергісі келмейді. Молда «қолыма мал түссе, таңдаған біреуін саған берейін» деген соң  көне кетеді. Сол жолы Байеділ молда 15 шамалы қойды арбаның артынан шұбыртып әкеледі. Ақбала оның уәдесін еске алып, үйіне келеді. Ал молда таңдамалы тұрмақ, тоқтысын да қимайды, тек жүнін қырықтырып алсын дейді. «Мен ол қойды өзім үшін әкелгенім жоқ» - деп шімірікпей өтірік айтады. Ақбала «берсең басымен бер» деп жабысса да ала алмайды, үйіне жылап кетеді.

Сөйтіп, молда шариғат сөзін бұзды, бұл бір, жесір әйелді алдап, уәдесінде тұрмады, бұл екі, үшіншіден, сараңдық жасады. Бұдан кейін молдаларға қалай сенерсің. Бейімбет «Шариғаттың өзі де молдалардың құлқыны үшін ойдан шығарған нәрсесі ғой. Ойдан шығарылған нәрсе керегіне икемдеп отыруға көне бермекші. Құлқынына керек қып еді - Байеділ молда жесірдің ақысын да жеді, уәдесін де жұтты» - деп ашық айтады, бұл фельетонында жұмсақтық танытып, мәймөңкелеп жатпайды. Фельетонды оқыған адам Ақбалаға жаны ашып отырса, Байеділ молданы иттің етінен жек көріп, сыбап алуына сөз жоқ.

Егер молда Құран сөзіне әділ, адал болса, оны бұлжытпай таза орындаса, Бейімбет сын объектісі етер ме еді? Дін басқарушы адамды масқаралады деп айып тағатындар болса, жазушыны арашалап алуға Құран сөзін алға тарту керек. Мысалы, Құранның «Бақара сүресінің» 256 аятында «Дінде   зорлық  жоқ» делінсе, «Ниса сүресінің» 2 аятында «жетім-жесірдің малдарын беріңдер, жаманды жақсымен алмастырмаңдар. Олардың малдарын өз малдарыңа қосып жемеңдер. Өйткені ол күнә» - делінген.

«Өлікке жиналған құзғындай» ел арасындағы молда, қожа, ишандар жұрттан садақа жинап, өз қалталарын толтыру үшін неше түрлі қулықты ойлап табады. Ол үшін айырықша себеп іздейтін көрінеді.

Жазушы «Еңбекші Қазақ» газетінде жарияланған «Октябрьдің жемісі» суреттемесінде [36] әйел сияқты жаулық жамылып, ақ кісі кейпіне түскен сәлделі молданы, «Теректі әулиенің мешіті» мақаласында [36] мешіт жөндеу жайын сылтау етіп ел-жұртты бес рет алдап тонаған қажыны сынаған. «Ауыл» газетінде басылған «Молдаекеңдер үркіп жатыр» корреспонденциясында [37] садақа жинап, құлқынын күйттеген олар салықтан қашып құтылмақ болып күлкіге қалады.

Шариғат уағызының бұзылғанын «Мәулет мейрамы»  мақаласында да [34] жазған. Мұндағы негізгі мақсат - дінді теріс пайдаланып, адамдарды екі жікке бөлмек болған әулеттілерге қарсылық білдіру. Ол кедейлердің байларға ренжуінен, мешіттің шығыны үшін қаржы жинағанда кедей де бірдей, бай да бірдей, сонда «молда мен байдың батасы қабыл да, кедейдікі керек емес пе?» деп күйінуінен сезіледі. Кедейлердің ренжуіне себеп мынау: Қаратал болысының төртінші ауылындағы Қайралап ақсақал пайғамбардың туған күніне орай қонақ шақырады. Мал сойып бата жасатады, қымызын құяды. Ал жарлы-жабықайлау ағайындарын есігінен де қаратпайды. Әрине, молдалардың жалған сөйлеуі, байлардың шет қақпайы болмаса, кедей-жарлылардың шала бүлінетін несі бар. Сондықтан дінді жұртты жікке бөліп, алакөз жасаудың құралына айналдырмау керек. Мақала тұжырымы - осы.

Басы ауырып, балтыры сыздаған, айықпас ауруға тап болып жаны күйзелген, жара шығып, мерез болған адамдар бақсы-балгерді жағалайтын әдет мүлдем жоғалып кетпеген. Соның дәлеліне тілшінің хабарлауының негізінде жазылған «Рақиланың көк тұсағы» сықақ оқшауын [34] алайық. Ондай емшілерден жазылып та жатқан ешкім жоқ. Мысалы, « Бала таппаған қатындарға бала тапқызам, баласы тұрмайтындарды өлмейтін қылам деп лақап шашып» жүріп Ереймен болысы 2-ауылдан шыққан Мекейжан деген дәу пері талай әйелдерден тоқты-торым, ешкі жинап алған. Қандай да бір нәрсеге көңілі пәс болса, әйелдердің бақсы-балгерлерге жүгіретіні бар. Ем қонбаса да, ойлағаны ретіне келмесе де, соған барады. Сол жөнінде әркімдерден құлағ-на жеткен Рақила бәйбіше де Мекежанға қаралып, дем алады. Бақсыға байынан жасырып «көк тұсақ қойды береді». Бірақ байын қаратпақ түгіл, одан өлесі болып таяқ жейді. Ал Бейімбет «Мекежан бақсы сау тұрса, Ереймен елінің қатындарының талайы таяқ та жер, байынан да айырылар» - деп әзілдейді.

Бақсы-балгер туралы Б.Майлиннің оқшау-фельетондары қайта құру, жариялылық басталғалы қаптап кеткен экстрасенстерді ойға оралтады. Басында жұрт жылы қарсы алып, үлкен сенім артып, іздеп жүріп емделуге барған, баспасөзде, радио мен теледидар арқылы жаппай насихаттап, мақтаған экстрасенстердің, емшілердің көбі елді алдап, қаржы жинап баюдың жолына түскен алаяқтар екеніне енді көзіміз жеткендей. Ғұрпымызды да бұрмалап, сүреңсіз етіп жатқан жайымыз да жоқ емес. Бірақ ондайларды сынаушы адам жоқ десе де болады бүгін. Міне, сондықтан, Б.Майлин туындыларының мәні қазір де жойылған жоқ дейміз. Ол дәл біз өмір сүріп отырған заманның сондай келеңсіздіктерін жазып кеткендей әсер береді.

Жазушынын қаламын қадаған тақырыбынын бірі -   арамдық, жала жапқыштық. Бұлар бір-бірімен астасып жатқан жағымсыз қасиеттер. Адам бойындағы ол кеселдер ғасырлар бойы жойылмай келе жатқан шығар. Б.Майлин заманы да одан арыла алмаған. Бірақ, ондай әдеттерге қарсы күресу керектігі түсінікті. Бейімбет өзінің публицистикасымен сол мерездерді әшкере етуге де атсалысты.

«Пуртекел істей салып едім» оқшауын [34] Б.Майлин сот орындарына құлаққағыс кіріспеден кейін оқиға желісін ширата өріп әкетеді. Қызылорда болысындағы 12 ауылда етік тігіп кәсіп ететін Әбдісадық Мәмбетұлы деген жігіт Есжан деген шалдың әйелімен көңіл қосып алып қашып кетеді. Шал артынан қуа барып, қатынын жылатып үйіне әкеледі. «Шын сүйген болсаң, мына жаудың қолынан мені құтқар, өлетін болдым» - деп әйелдің қайта-қайта жолдаған сәлемін, өзінің сертін ескеріп Әбдісадық түн жамылып Есжан ауылына келеді. Ал шал қулыққа көшеді. Оның аңдушылары жігітті ұстап алып, ұрып өлімші қылуымен қоймай, «мал ұрлап жатұан жерінен ұстадық» деп ауылнайға протокол жасатады. Бір ат, бір түйе айып төлеуін талап етеді. «Қатынды алғашқы алып қашқанда бір өгіз бен 50 сом ақшамды алып кетіп еді» - деп Есжан арыз жазып, ол бойынша тағы да протокол істеледі. Осы жалған жалаларға сеніп, тексеріп, дұрыс-бұрысына көзін жеткізбей құжат толтыра салған ауылнай кейін жалтарады. Екі сөзді ол екіжүзділігін байқатып алады. Түрмеге түсіп, ісі сотта қаралатын болған соң, «өтірік пүртекел істеген ауылнайдың салы суға кете бастағаны» дәлел бұған. «Ақсақалдар айтқан соң, сөзін қимай, пүртекелді істей салып едім...» деп ақталмақ болғаны да қолымен   істегенінен айнып, аунап түсетін бейнесін білдіреді. «Бәрекелде, ауылнай болсаң, осындай бол!» деп әзілдейді Бейімбет. Негізгі сынға алынып отырған адам ауылнай болғанмен, жазушы жалақорларды да, өзі айтқандай, қасып өтіпті. Оның көрінісі - Есжан шалдың өтірік айтып, протокол жасатып жігітті қаматтыруы. Оқшаудан туындайтын  моральдық  қорытынды  -   қулардың айтқанына сақ бол, көңілшектік жасап, әркімнің жетегіне еріп кете берме, ісіңді берік ұста. Тағы бір түйін - жаптым жала, жақтым күйе деп адамды арандататын, өміріне қауіп төндіретін арам пиғылдың тамырына балта шабылуы керек.

 «Қаудыр тон» оқшауында [32] жазушы тағы бір қуды сынға алған. Бейімбет Қызылорда көшесіне шыққанда бір шалдау адамды кездестіреді. Газет редакциясын іздеп жүрген адам екен. Үстіне киген ескі қауыр тонына, басындағы ескі бөркін, жалба-жұлба киіміне қарап өлмелі кедей деп ойлайсың. «... Бір жерде 4-5 үй едік. Жықпалы-жығылмалы ғана дәулетіміз бар... Өзіміз алдырып-жұлдырмасақ, ешкімнің ақ жібін аттаған емеспіз... бірақ «Замана» бұзылған ғой. Ел бүлдіргіш қулар сыртымнан өсек айтып, пәле салады да жүреді...» - деп мүләйімсиді ол. Жаның аши бастайды. Бейімбет те сондай күйге түседі. «Ай! Жұртта да дін жоқ қой, осындай момындарды несіне әуре қылады екен» деген ой еріксіз басыңа келеді...» деп мүсіркейді қаламгер. Шалға сүттей ұйып сеніп келе жатыр еді. Сөйтсе, ол дәулеті шалқыған қу болып шығады. Онысы газет басқармасына жеткенде ашылып қалады. Оны көрген бір жігіт «белгілі бір қудың бірі» екендігін, әп-әдемі киініп жүретіндігін, қаудыр тонды киюінде бір сұмдықтың барын жазушыға түсіндіріп көзін ашады. Секем алған көңіл, мүләйім сезім суына қалады. Бейімбет те алғашқы ойынан қайтады.

Шалдың кедей кейпіне түсіп, мүсәпір бола қалуының мәнісі - қыз сатты, пара алды деп газетке жазып, сынаған екінші қуға тойтарыс беру үшін қарсы жауабын бастырмақшы екен. Бұл оқшауда    да    Бейімбеттің  алған  әдісі   -   кейіпкердің өзін-өзі әшкерелеу. Ол шалдың екіжүзді іс-әрекетінде бар. Тіпті де кедей емес екен. «Өңірін жерге сүйретіп жап-жаңа күлі киіп бара жатқанын» Бейімбетті бірер күннен соң көріп қалған шал сәлем де алмай, теріс қарап кеткен. Сөйтіп, қулығы өтпесе де паңдық мінез танытқан.

Бір жаман мінез, жабысқан әдет - жалбарыну, жағымпаздану. Сөйтіп ұлыққа, төреге жақсы атанып, шен алып, шекпен кию, билікке қол жеткізу. Жиренішпен қарағандықтан «Әкімшілік күші» деген оқшау [34] жазып, ойын алға тартты. Оқшаудың алғашқы жартысында Қостанай елінде Торғай губернаторын қалай қарсы алатынын суреттеп береді. Губернатор аралайды деген хабарды естісімен-ақ үш-төрт болыс ел қарсы алудың қамына кіріседі. Не бір байлар тумаған қыздарына арнап жинап қойған қымбат отауларын қаз-қатар тігеді. Олардың іші-сыртына жайнатып кілем төсейді. Іштерінде де жайнап тұрған бұйымдар. Көл-көсір алуан түрлі тағамдар әзірленеді. Қазақ байларының «қошаметіне» риза болған губернатор «қазақ секілді қонақжай елді көрмедім!» - деп көпшік қойып, көпіртіп, қазақ төрелерін мас етеді. Өз басының ісін тындырғаннан кейін «маңғыт, аузыңа саңғыт» деп тайып отырады. Екі езуі екі құлағына кетіп байлар мәз болып қалады. Өздерінің алданғанын да сезбейді. Оған санасы да, өресі де жетпейді. Әкімшіліктің мысы басып кеткен. Оқшаудың екінші жартысында Тама еліндегі Бестау деген жерге үй тігіп, кеңес тусында әбігерге түскендерді жазады. Оның себебі, сайлау өткізуге Райымқұлұлы деген төре келмекші. Атылып-шабылып жүргендері сондықтан. Ол төре уезден шығарда тама еліндегі қызметкерлердің жалақысын алып барып үлестіру үшін 1450 сом алған екен. Болыстық атком қызметкері Мұқанұлын алдап, қорқытып, әлгі ақшаны алдым дегізіп қол қойдырып алады да тайып тұрады төре. «Әкімдерді, атқа мінген адамдарды төбесімен жүріп құрметтейді. Қорыққан адамына, осыдан пайда көрмес пе екем деген адамына қазақ береген-ақ» - деп Бейімбет реніш етеді. Осындағы жағымпаздық «Жасасын Мұсабай!» фельетонында да қатты әшкере етілген.

Информация о работе Бейімбет Майлиннің сыншылдық, сатиралық бағыттағы публицистикасы