Бейімбет Майлиннің сыншылдық, сатиралық бағыттағы публицистикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2014 в 16:19, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының өзектілігі. Тума талант Бейімбет Майлиннің есімі кемелденген ұлттық әдебиетіміздің парақтарына алтын әріппен жазылды. Ол сол әдебиеттің ірге тасын қаласып, мазмұн-маңызын, көркемдік дәрежесін биікке көтерісті. Аласапыран заманның, соқтықпалы кезеңнің кедір-бұдырлы, соқпақсыз жолымен жүріп, туған әдебиетінің бар ауыртпалығын көтірісті, қаламгерлігін асқан іскерлікпен абыройлы атқарды. Ондағы ойы - қараңғылық, бақытсыздық күй кешкен, еңсесі езілген халқының озат ел санатына қосылуына, көкірек-көзін оятуға, өнер-біліммен сусындауына, сөйтіп бақытты, еркін өмір сүретін күнге жеткізуге, қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да, қаламымен өз көмек-жәрдемін беру. Аңсаған арман, өмір нысанасы - осы.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................

1 ЖАЗУШЫ СЫНШЫЛДЫҒЫНЫҢ БАСТАУЫ, ӨРІС АЛУЫ ЖӘНЕ ЖАНРЛЫҚ АУҚЫМЫ

2 БЕЙІМБЕТ МАЙЛИННІҢ СЫНШЫЛДЫҚ, САТИРАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПУБЛИЦИСТИКАСЫ: ТАҚЫРЫП ЖӘНЕ ПРОБЛЕМА

3 Б.МАЙЛИННІҢ СЫНШЫЛДЫҚ, САТИРАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПУБЛИЦИСТИКАСЫНЫҢ СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

беймбет кыскар.docx

— 314.58 Кб (Скачать документ)

«Директор – сиыр» фельетонындағы қырсық, қыңыр, бір мойын Төлендіұлы – «Билі көл» совхозының директоры - туралы айтып кеткен едік. Оның бюрократтық бейнесін Бейімбет сиырға теңеген. Олай теңеуінің себебі - Ұлдаштың жоғалтқан сиырларын бермей, жөнсіздік жасағандығы, ешкімге құлақ аспай қыңырлық көрсеткендігі, сергелдеңге салғандығы. Енді не істесе болар еді. «Төлендіұлы мен Былшық ұлын сотқа жөнелтсек деп те ойлар ек, бірақ «сот алымын» кімге телітерімізді білмей тұрмыз, өйткені біз сиырды қойып, судья мен директорды іздемекшіміз ғой. Бұл екеуінін құны екі сиыр құрлы болады деп кім айтар?»-деп қалжыңды мысқылмен әжуа етіп Бейімбет олардың қалайда жауапқа тартылуын меңзейді. Б.Майлиннің көптеген фельетондарында қолданатын тәсілі - осындай түйін жасау.

Б.Майлин – кекетіп, қағытып, тілмен түйреп алуға аса шебер. Мысалға жүгінейік. «Жантөре мен Шаймерден» оқшауындағы екеуінің ойлағандары болмай, қанаттары қайырылған сәттерін әжуалауы - түсінген адамға сүйектен өтетін сөздер. Түрмеге түскен Жантөрені «Ақбүбінің әшекейлі үйіне үйренген Жәкеңе тар, сасық қараңғы үй қолайлы бола қойды дейсің бе, бірақ, құдай салған соң амал жоқ, сот үкімін сонда жатып қарсы алуға сыңайы бар екен» деп мүсіркегенсіп қағытса, өз адамы болыстықтан түсіп қалған Шәймерденді «Жанында жылмыңдаған қара торы әйел бар дейді, Шәкеңнің кәрі көңілін, шер басқан жүрегін сол ғана жібітеді білем. Шығын өзінен шығатын болса, жылдап жатса да кімнің жұмысы бар», - деп кекетеді.

Қасына милиция ертіп, қыз іздеп түн ішінде ауылды дүрліктірген «Жігітшілік» фельетонындағы болыстық кеңестің ағасы Қанапияға «Қанапия сот алдында не деп жауап берер екен? «Мен ақын емес, болыспын. Өлең шығара алмаған соң қызды мелетсемен іздемей, дер ме екен?» - деп миығынан күледі Бейімбет.

Жоғарыда келтірілген «Көкала бие» оқшауының кейіпкері Тай баласының кім екендігін суреттеп қана қоймайды Бейімбет. «Ісіне қарағанда қатқан бір қырғын-жойық. Үкімет ұранын артығымен орындайтын көрінеді. Орындау түгіл, 100 процент асырып жіберген жері бар», - деген мысқылмен әжуалайды Тай баласын. Салық науқанында толып жатқан асыра сілтеушілердің болғанын, оларды өз қамы үшін пайдаланғандарды сынай келіп Б.Майлин «Тай баласының да ісі тексерілуі керек. Тексерілгенде сот орындары кешіктіріп жібермей, көкала бие желі басында тұрғанда, қымызын ішіп отырып тексеру керек!» - деп юмормен аяқтайды фельетонды.

Дін басыларының Яссауидың мешітін жөндеуді сылтау етіп елден мол қаржы жинамақ болған әрекеті әшкереленген «Қаулы №51» фельетонында Б.Майлин «Комиссияға сайланып отырған ылғи қожа мен молдаға ондай «правоны» берсе, елді үйітіп жемей ме?» - деп ызалы мысқылмен арамзалықты түйреп өтеді.

Моральдық азғындаған аупартком баспысы Тоққожаны сілейте қағып, әжуалағанын Бейімбеттің «Бәйбіше байда, тоқал қайда?» фельетонынан табамыз. Ол алдап, абройын түсірген келіншек Күләйдің жылап-сықтап отырған кезінде Тоққожаның оған жалынғандай болып жабысуын «Ашуланып отырған әйелге жарбаңдаған еркектен жексұрын не бар екен», - деп жирене түйреп алады. Енді бір жерде «Еркектің көңілі деген ем қонбайтын ұшқалақ көңіл ғой, оны көрсе, оны соқ, мұны көрсе мұны соқ», - деп масқаралайды. Ал аудан тұрғындары «Бәйбіше байда... Ал тоқал қайда?» дейді.   Осы сұрақтың өзінде де кекесін күңкіл бар. «Қайдам, еңбек заңын бағалайтын прокурор орындары бірдеңе айтпаса», - деп Бейімбет әрі езу тартып, әрі шын көңілін білдіріп фельетонын аяқтайды.

Тілшілердің хаттары негізінде жазылған оқшауының соңында «Баспасөзіміз кеңсе қызметкерлерінің майлығынан шығып, сулығында жұмсалып, «деласына» қап болып, жазатайымда бәйшікеңдердің үлгі пішуіне де жұмсалып кетіп жатыр», - деп тағы да мысқылдай күледі. Осы күлуінде сақтандыру аңғарылады.

Б.Майлин публицистикасындағы стильдік ерекшеліктердің бірі - кейіпкер сөзінің аса көп қолданылатындығы. Кейіпкер сөзін диалог, монолог және полилог құрайтыны белгілі. Осы компоненттердің ішіндегі негізгісі, көп кездесетіні - диалог. Ф.Оразаевтың айтуынша, «ең алдымен, жазушының диалог құру шеберлігі бірінші кезекке шықпақ». [43, 210 б.] Әсіресе, кейіпкерлердің характерін ашуда Бейімбет диалогты шебер пайдаланған. «Үш ауылнай» [35] фельетоны нақты дерекке құрылған, тілшілер хаттары негізінде жазылған. Кейіпкерлері - Шымкент уезі, Бадам болысы, 12 ауылдың, Кереку уезі, Қызылағаш болысы, 7 ауылдың, Зайсан уезі, Нарым болысы, 6 ауылдың кеңес ағалары Биназарұлы Бердіқұл, Көбенұлы Айтжан, Салықбайұлы Рахим. Үш ауылнайдың сорақы әрекеттерін, қулықтарын Бейімбет сатираның уытын, юмордың қағытпасын қолданбай-ақ, екеуара диалогтарымен-ақ ашады. Ауқаттылар комиссия келеді деп әбігерге түседі. Артық малдары ашылып қалады деп сасады олар. Қырықбай, Күзембай, Бектемір дегендер Бердіқұл ауылнайға құтқар деп сөз салады. «Жең ұшынан жалғассаңдар, мен сендерді құтқарамын», - дейді ауылнай. Аналар:

«Болады, құтқар, еңбегің толық!» - дейді. Осыдан-ақ олардың арам пиғылдары көрінеді. Сөйтіп, байлар да, ауылнай да малдарын тығып, комиссияны жер соқтырады. Ауылнай Айтжанның қулығы мына соңғы сөзімен ашылады: «Сен кедейсің ғой. Мына бір малдар сенде тұра тұрсын. Кедейге жөнді салық түспейді, көлік, тұқым берейін, сен егін сал, өнгенін бөліп алармыз», - деп Аралбай деген жиеніне де малын тыққызады. Екеуі сөйлесе келе осыған келіседі. Ал Рахим «Ауылнай шырағым, мөр керек еді», - деп келген адамға «Ақша давай, тегін жатқан мөр жоқ», - деп бұлданады. Міне, Бейімбет үш ауылнайды өздерінің диалогтарымен әшкерелеткен. Олардың бар пиғылы – «кеңес тонын жамылып, бет пердесін бүркеп» пайда табу, құлқынын толтыру, баю.

Б.Майлиннің «Құлақ» атты оқшауын қызығып оқымау мүмкін емес. Ауылнай, Жәрдем комитетінің бастығы Қайранбай орта шаруалы Бекеннен ішіп-жемі таусылған Ысқақ кедейге астық алып бермекші болады. «Асырауым жеткен» деп шыр-пыр болып тулаған Бекенді «Құлақ» болғаның үшін тағы асырайсың деп тұқыртады. Ақыры «Сөзді қойыңыз, отағасы. Мына Ысқаққа 10 пұт бидай бер», - деп бұйыра сөйлейді Қайранбай. Осы оқшаудан аңғаратынымыз мынау: біріншіден, жазушы әкіреңдеген әкімдерді сипап сынайды, екіншіден, кулак деген теріс пікірдің қалыптасып келе жатқанын, алаш жұртында ондайдың жоқ екенін, шаруасы түзу адамның бәрі оған жатпайтынын аңғартады, үшіншіден, тіпті ел басқарып жүрген азаматтардың санасының төмендігін көрсетеді, ал қара халық ненің байыбына бара алады. Бекеннің әйелінің түйсік-түсінігіне, бір жағынан, күлкің келсе, екінші жағынан, жазушының өзі ызаға булығып күліп отырған сияқты көрінеді. Оқшаудың аяқталуы шынында езу тартқызбай қоймайды. Соңғы диалог:

«Әлгілердің «құлақ» деп жатқаны кім еді?

  • Мені айтады.
  • Сен құлақ па едің? Қара шешей ашуланғанда: «қаңғырған төлеу» дейтіні қайда? Осы сенің руың күніне бір өзгере ме? Бекен мырс етіп күліп жіберді. «Айт-ау, «құлақ» деген ру емес, «бай» деген сөз. Солай ма еді? «Қаңғырған төлеу» деген сөзін тастай беріп, қара шешей «Құлақ» деп мазамызды ала ма деп қорқып едім». Бекен әйелінің түсінігі, әрине, күлкі үйіреді. Бекен сияқты біз де мырс етеміз. Бірақ, осы сөздердің астарына үңіліп көрсек, сол кезде байы болсын, орташасы болсын, кедейі болсын, әйтеуір азынаулақ малы бар жанның мазаланып, дүрліккені сезіледі. Ұлт ақсүйек төрелерінің бойында бар өктем сөйлеу, кекірік мінез таныту ауылнай сөзінен табылса, сана-түсініктің төмендігі Бекен әйелінің мазалануында бар. Жазушы «кулакты» «құлақ» деп бекер айтып отырған жоқ. Бұл оқшау - сол кездегі тәркілеу саясатына қарсылық. Қаламгер бүкіл бір халық басына қауіп төндірген ондай саясатты қабылдамайтынын білдіреді.

Енді «Зәуре қыздың некесі» фельетонындағы мына бір диалогқа назар салайық. Екі әйелдің үстіне жап-жас қыз Зәурені тоқал етіп алудағы әрекеттерінің оңғарылғанына масаттанған Әбіш шал миығынан күліп, өктем сөйлейді.

«- Ай, тоқал, төсек сал!

  • Төсек салынар ғой, кім жатады?
  • 60-қа келген Әбіш жатады.
  • Сосын?
  • 16-дағы Зәуре жатады», - диалог ақсақалдың әумесер надандығын, уыздай жастың өзін менсінбеушілік кеудемсоқтығын, менмендігін әшкере етіп, адамда жиреніш сезімін туғызады. Бұл оқырманның ызасын келтіретін қылық. Бейімбеттің суреткерлік шеберлігінің қуатты әсерінен сөйтесің.

Кейде Б.Майлин бір шығарманың өзінде монолог, диалог, полилогты қатар қолдана береді. Мысалы, «Сен де солай ма едің?» оқшауында үш әйелді алдап кеткен Асылбектің жағымсыз бейнесі сол әйелдермен ашылады. Уездік әйелдер бөлімінің нұсқаушысы Шарипа мен Дәмештің тіл қатысуы мынадай:

«- Екеуіңнің арызың да осы ма? - деді.

- Екеуміздікі де осы.

- Бақытсыз жандар-ай! - деді Шарипа. - Жалғыз мені алдады ма десем, сендерді де зарлатып кеткен екен ғой... Ай, ол жауыз ба? Ол жауыз қылар!

Дәмеш аузын сылп еткізді.

  • Сен де солай ма едің?
  • Солай едім..»

«Айлас қатын – мұңдас» дегендей, «Сен де солай ма едің?» оқшауындағы әйелдердің шағын сырласуын Бейімбет кейіпкер бейнесін ашу үшін әдіс ретінде қолданған, сөйтіп оның жауыздығын әшкере еткен. Aшy буып, ызаға бой алдырғын Б.Майлин өз сөзімен «Бұл не деген масқара. Ары қайда? Адамшылығы кайда? Атаққа ілінген бір елдің жазушысы емес пе? Құдайдан қорықпасын-ақ, елден ұялу керек емес пе» деп онан сайын сілейтеді. Үстінен қара нар өтсе де мыңқ етпейтін адамның ашуына сүйінесің. Бұл - риторикалық сұраулармен сыртқа лықсып шыққан автордың монологі.

Б.Майлиннің сыртқы және ішкі монологті қолданудағы ерекшеліктері төмендегідей оқшауларында көрініс тапқан. Мәселен, «Жантөре мен Шаймерден» оқшауында Жантөре аяғын сипап отырған   бәйбішесі Ақбибіге өлеңдетіп былай деген екен:

«... Азулы алты қарыс арыстанмын,

Шаймерден деген жерге қарысқанмын.

Ұдайы 12 жыл болыс болып,

Не жүйрік, не тұлпармен жарысқанмын.

Алыстым Серқұлменен заманында,

Шіріген талай ерлер табанымда.

Шаймерден қол қусырып неге келмейді,

Шынымен-ақ қартайып қалғаным ба?!». Бұл монологта мақтанып, бөсіп кеткен Жантөре өзінің апай төс азулы бай екендігін өзі бейнелеп берген. Оның жауы Шаймерден де осал емес. Жантөре түрмеге түскенде ол: «Мықты жауым Жантөре еді, ол ұсталды. Бегімбетім болыс, панымайыш, енді маған қарсы келетін кім бар?!» - деп масаттанады. Монологта - Шаймерденнің адуындылығы, мансапшыл, мақтаншақ, өркөкірек характері айқындалып тұр. Тілін майыстырып орыс сөзін де айтуы - тасығандықтың белгісі.

«Беднота» газетінен Арабстанда Сейіттің ұжмаққа кіретін белет шығарып, әрбіреуінің 500 ден 20 мың сомға дейін сататынын білген бір молда ішінен күбірлеп ойлағанында ішкі монологты ұтымды қолданады: «Мың белет алсам, белет басына 100 сомнан салып сатсам, 100 мың пайда қылады екем... 100 мың сомға жүздеген жылқы, мыңдаған қой, әдемі үй алып, салтанат құрар едім». «Ұжмақ белеті» оқшауындағы [36] молданың байымақ болған ойын, қу құлқынын өзіне әшкерелетеді.

Жазушы кейіпкердің образын суреттеуде көркемдік құрал ретінде қолданған әдісінің бірі - полилог. Ол - үш не одан да көп адамдардың сөз қағыстырулары, яғни реприкалары. Полилогтың орынды әрі ұтымды пайдаланылғандығына көз жеткізу үшін «Құлақ» оқшауын тағы да мысалға келтірейік. Үйінде нәр татуға ештеңе қалмаған Ысқақ ауылнайға, Жәрдем комитетінің бастығына көмек берулерін өтініп, мазалай береді.

«Қарақтарым, мені қайтесіңдер? - деді Ысқақ.

  • Мынаны зарлатпай бірдеме қылсайшы, - деп ауылнай күңк ете қалды.
  • Бұған қайдан тауып береміз?
  • Бірер байдан ал да бер.
  • Кімнен?
  • Ем таба алмасаң, осы үйден әпер.
  • Ойбай айта көрмеңдер, Ысқақты асырауым жеткен, - деп үй қожасы өршеленді.
  • Тағы асыра.
  • Е, о ненің ақысы?
  • Ол – «құлақ» (кулак, бай) болғаныңның ақысы. Ауылнай сықылдай күлді.
  • Қой, шырақтарым, елдегі «құлақ» жалғыз мен емес қой.
  • Басқасынан да алынар.

-  Жұртпен бірге беремін.

- Сөзді қойыңыз, отағасы, мына Ысқаққа 10 пұт бидай бересіз, - деді Қайранбай.

- Әкіреңдеме,шырағым,10 қарасы бар жалғыз мен емес қой.

  • Бересің, бермейсің бе? Бермегенде қайтпексіз?
  • Протокол жазып судқа беремін.
  • Жаз протоколыңды,   қолымнан бергенше, түрмеңде шіриін... «

Керісу осымен аяқталды. Хатшы протокол жаза бастайды. Сөзге төрт адам қатысқан. Мүләйімсіген Ысқақ, өктем, бұйыра сөйлеп тізе батырып отырған ауылнай, оның шашпауын көтеріп, қорқыта бұйыратын Жәрдем комитетінің бастығы Қайранбай, асау аттай тулап, астық бергісі келмеген отағасы Бекен образдары сәтті сомдалған. Жазушы нысанасы - кедей Ысқаққа жәрдем берілуінен туындаған айтыс-тартысты полилогта көрсету. Бейімбет көмектің берілген-берілмегенін тәптіштеп жатпайды, Бекеннің жұмсарып райынан қайтқанымен сездіреді.

Полилог «Әлім болыс», «Өңгелбай», «Көкала бие», «Протокол істей салып едім», «Елен турецкий» тағы басқа фельетон-оқшауларда да кездеседі.

Өздері қартайып отырса да жас қызға үйленетін, бәйбіше үстіне тоқал кіргізетін байлардың әмісе жолы бола бермейді. Оларды заң бойынша жазалайтын адамдар бар екен. Осыған «Қымыз қырсық болды» оқшауы [38] дәлел. Оқшауды Бейімбет баяндаумен бастап,   Күзембайдың «біреудің жас қызын тоқалдыққа алды» деп газетке жазылған мақала бойынша ісі сотқа түсіп, тергеушіге келгенінен хабардар етеді. Бай пара берудің ретін таппай бір саба қымыз бен бір тоқтыны салып ала келген. Елдегі Нұрғали деген пысық жігітті араға салып, тергеушіні сыйламақ болады. Басқа оқшаулардағы заң қызметкерлері сияқты осы істі тексеруші адам байды жақтап кетер ме екен деген күдік те көлденеңдейді. Жоқ, бұл жолы қаламгер басқа бағытты ұстайды. Сарылып көп күткен байдың қонақтары келеді. Олар 7-8 адам, ішінде болыс та, тергеуші де бар. Қымыз ішіп, қаны қызған соң гу-гу әңгімеге ойысады олар. Сөз қыз сатқан, тоқал алғандар туралы болғанда айтысып қалады. Жазушы тергеушіні жалғыз келтірмейді. Себеп - қасында адамдар болса, оны көндіре қою қиынға соғады. Негізгі мақсат - олардың әңгімесі арқылы бай ісінің қалай шешілмегіне әсер ету. Міне, сол полилогті келтірейік:

Информация о работе Бейімбет Майлиннің сыншылдық, сатиралық бағыттағы публицистикасы