Ал
Орта ордадағы он бір рудан
тұратын Найман – Арғын руына
қарағанда шағындау, атап айтқанда
олар: Ақ найман,Бура найман, Қаракерей
найман, Терістаңбалы найман, Төрт
ауыл найман, Көкжарлы найман,
Іргеншілі найман, Семіз найман, Бағаналы
найман, Садыр найман. Бұл рулардың билеушісі
– Қарасақал, соңғы жылдары оның ықпалы
уақыт өткен сайын әлсіреп барады.
Орта
ордада Қыпшақ тоғыз рудан
тұрады, бірақ Найман тайпасымен
салыстырғанда шағындау, атап айтқанда
олар: Торыайғыр қыпшақ, Көкбөрі
қыпшақ, Түйшіке қыпшақ, Көлденең
қыпшақ, Ұзын қыпшақ т. б. Бұл
рулардың жеке дара билеушісі
жоқ.
Кіші
ордадағы жеті ру сияқты, Орта
ордадағы Уақ – Керей бірлестігіне
де Тәуке хан үш руды топтастырған,
өйткені бұл рулар Орта ордада
барлық рулардан әлсіз болса
да, олар бәрінен де бай, дәулетті
болған, ол бірлестікті құраған
рулар: Уақ, Керей, Тарақты.
Бұл үш рудың билеушісі —
Әбілқайыр ханның ұлы Ерәлі
(Ералы) сұлтан, ол кезінде аманатқа
алынған; жоғарыда аталған әлгі
рулық бірлестікке Төлеңгіт деп
аталатын бір ру өз еркімен
қосылған, ал төлеңгіт дегеніміз
– «хан сарайының қызметшілері».
Бұдан
әрі А. И. Тевкелев былай
деп жазады: «Үлкен ордадағы өте
қуатты рулардың бірі – Қоңырат.
Бұл ру да Орта ордадаға
жатады, бірақ олардың Орта ордамен
байланысы біраз уақыттан бері
үзіліп қалған және Үлкен ордамен
бірге көшіп – қонып жүреді.
Ал бұл Қоңырат тоғыз руға
бөлінеді, атап айтқанда олар: Байлар
жандар қоңырат, Оразгелді қоңырат,
Қаракісі қоңырат, Жетімдер қоңырат,
Құйысқансыз қоңырат тағы басқа».
Көріп
отырғанымыздай, А. И. Тевкелев
өз жазбаларында Орта жүздің
барлық алты руы ретінде: Арғын,
Найман, Керей, Уақ, Қоңырат, Қыпшақ
руларын атап өтеді. Бірақ жоғарыда келтірілген
біраз рудың, соның ішінде Қарауыл, Атығай,
Қарпық және т. б. рулардың атын бұрмалап
көрсеткен.
А.
И. Тевкелевтің мәліметтеріне
арғын – Мейрамсопы және Момын
деген екі ірі тармақтан тұрады.
Қаракесек руы Мейрамсопыдан
тарайды, ал Момын тармағы:
Шақшақ, Атығай, Қарауыл, Бәсентиін,
Қанжығалы руларын біріктіреді.
Бәсентиін және Шақшақ руларын
қоспағанда, жоғарыда келтірілген
барлық рулардың таксономиялық
жігі бірдей, яғни бір – біріне
ағайынды, немерелес болып келеді.
Алтай, Төртұл (төртуыл), Қарпық т.
б. руларға келетін болсақ, олардың
таксономиялық жігі Мейрамсопы
мен Момыннан тарайтын жоғарыда
аталған рулардан төменірек. Мұндай
әр түрлі ұрпақтар жігін анықтау
рулық құрылымдар өзгерістерін
қарастырған кезде маңызды, өйткені
рудың бөлінуі одан жаңа рулардың
туындауына және өсіп — өнуіне
алып келеді, сөйтіп адамның қай
руға жататындығы ендігі жерде
оның жаңа руға қатынасымен,
демек, осы ру мекендейтін аумақта
өз жайылымын қорғау құқығымен
анықталады.
А.И.
Тевкелев келтірген басқа тайпалардың
рулық бөлінісінде де нақ осындай
көрініс байқалады. Сонымен қатар
ол Қоңырат руын Орта жүзден
бөлініп, Үлкен орданың тайпаларымен
бірге көшіп–қонып жүрген ру
ретінде көрсетеді.
А.И.
Тевкелев тайпалар арасына олардың
санына қарай өзінше бір шек
қояды. Мәселен, ол руларға
«күшті ру Арғын», «Найман —
Арғын руына қарағанда шағындау»,
«Қыпшақ… Найман алдында әлсіз»,
«Керей, Уақ, Тарақты – барлық
рулардан әлсіз», «Күшті ру Қоңырат»
деген сипаттама береді. Бұлайша
«сатылау» біздіңше, тайпалардың
өзара сандық қатынастарына сәйкес
алынса керек.
Кезінде
ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың
басындағы қазақтардың рулық
– тайпалық құрылымы туралы, соның
ішінде Орта жүзге қатысты
неғұрлым толық түсінік беретін
бірқатар құнды еңбектер жарық
көрді.
Осы
құнды еңбектерге зор мән бере
отырып, біз 1956 – 1989 жылдардағы
этнографиялық экспедициялар жинаған
мәліметтерге көп сүйенеміз. Өйткені
маңызды деректемелердің бірі
этнографиялық материал болып
табылады. Біріншіден, сол кездердегі
қазақтардың этникалық атауларының
түп – тамыры мен идеологиясын
ашып көрсетеді; екіншіден, мүмкін
болған жерінде әулеттердің, қауымдардың
бөлініп шығу және бастапқы
рулардан кейінгі рулардың өсіп
— өрбу процестерін айқындайды;
үшіншіден, рулық – тайпалық
құрылымдағы әр түрлі таксономиялық
жігін көрсетеді; төртіншіден…
тағы сол сияқтылар.
Өзіміз
жинаған қазақ шежірелерін революцияға
дейінгі басылымдармен салыстырғанда,
этнографиялық экспедициялар жинаған
қазақ шежірелері тарихи жағынан
әлдеқайда құнды деген қорытындыға
келуге болады. Әдеби деректермен
біз жинаған шежірелер арасында
өзіндік айырмашылықтар да бар,
кейбір құнды шежірелер қазақтардың
рулық – тайпалық құрылымының
неғұрлым толық көрінісін береді.
Алайда,
қазақтың әрбір рулық тегінен
аңызға айналған генеалогия мен
рулық – тайпалық құрылымының
кейінгі кездегі таксономиялық
жігін айыра білу керек. Егер
аңыз – генеалогия мифологиялық
сипатта болса, неғұрлым кейінгі
таксономиялық жіктеріндегі тарихи
тұлғаларды, сонымен қатар рудың
(оның аталары мен әулеттерінің)
өмір сүрген кезеңін дәл анықтап,
этнонимдердің шығу тегін айқындауға
болады. Яғни бұл құрылымдарда
тарихи жағынан нақтылық бар.
Рулық
– тайпалық құрылымының жоғары
буындарындағы аңыз генеалогияның
мифологиялық сипатта екенін
мойындаумен қатар, солар жөнінде
бірер ауыз сөз айта кету
орынды. Себебі, олар тарихтың белгілі
бір кезеңіндегі халықтың идеологиясын
сипаттайды және ең бастысы
– қазақ халқының этникалық
сана – сезімін, біртұтас түп–тамырын
(мифологиялық тұрғыдан болса
да) бейнелейді. Этнографияға қатысты
нәрсенің бәрі, соның ішінде аңыз
– генеалогия да ой елегінен
өткізіліп, зерттелуге тиіс, өйткені
халықтың дүниеге көзқарасы этнос
сипаттамаларының бірі болып
табылады.
Әдетте,
халық есінде сақталған тарихи
тұлғалар, ауыздан ауызға көшкен
сайын аңызға айналып, атақ–абыройы
аспандап, ел атасы дәрежесіне
дейін көтерілетіні бар. Мысалы
Алаша хан хақындағы аңыздары
еске алып көріңіз…
Мұхаммед
Хайдардың «Тарих – и Рашиди»
деген еңбегінде (ХVI ғ.) шағатай
ұрпағы , Жүніс ханның ұлы Сұлтан
Ахмет хан туралы аса құнды
тарихи мәліметтер келтірілген,
оның «Алаша хан» деп атану
атану себебі айтылған. Монғолша
«алашы» — «өлтіруші» деген
сөз, тұтас аударғанда «өлтіруші
хан» болып шығады. Бұл есімін
Сұлтан Ахмет хан Орта Азияда,
Моғолстанда үздіксіз соғыс жүргізгені
үшін алған.
Бір
аңыз бойынша Алаша хан түркі
халықтарының, соның ішінде қазақтардың
да арғы атасы саналады. Қазақ
оның төртінші ұрпағы болып
есептеледі. Ал енді бір аңызда
Алаша хан қазақтың үш жүзінің
негізін қалаған, оны үш жүз
адам ақ киізге хан етіп
көтерген.
Бұл
аңыздармен қатар: сұлтан Ахмет
«Алаша хан» атауын өзін хан
етіп көтерген алашаға қатысты
деп түсіндіретін көзқарас та
жоқ емес. Қазақтардың шығу тегі,
оның үш жүзге бөлінуі туралы
өзге де аңыздар бар, төменде
солардың біреуін ғана келтіреміз. Аңыз
бойынша Ұлы жүз Ақарыстан тараған. Ал
орта жүз бен Кіші жүздің шығу тегі жөнінде
қазақ шежірелері әр түрлі түсіндіреді.
Біз жинаған далалық материалдарға қарағанда
Орта жүздің арғы тегі – Жанарыс та, Кіші
жүздің арғы тегі – Бекарыс. Қазақ «арыс»
деген сөзді тайпалық бөліністің ең жоғары
сатысы – тайпаның шығу тегі деген ұғымда
қолданады.
Этнотарихи
жағынан Орта жүздің қалыптасуы
орта ғасырдағы қыпшақ этномәдени
ортасымен, Ақ орда, Өзбек ұлысы
ру-тайпаларымен байланысты. Оның
қалыптасуына XV – XVI ғасырларда' пайда
болған географиялық және этносаяси
факторлар негіз болды. Яғни, Алтын
Орданың, оның шығысындағы автониялық
құрылым Ақ Орданың ыдырауы,
жаңадан құрылған тәуелсіз ұлыстардың
(өзбек, қазақ, ноғай, т.б.) өзара
соғыстары өзара жақын, туысқан
руларды біріктіруге мәжбүр етті.
Қазақ хандығының нығаюы мен
халықтың топтасуында Орта жүз
тайпалары елеулі қызмет атқарды.
XVI – XVII ғасырларда Қасым хан,
Ақназар, Тәуекел, Есім хан,
Тәуке хан тұсында қазақ хандығының
аумағы күрт кеңейіп, бір-біріне
жақын тайпалар бірігіп, аумақтық-әкімшілік
бөлік болып қалыптасты (Жүз). Үш
жүздің қалыптасуы жаугершілік
уақытта, сыртқы жауға қарсы
әскер топтастыруда шешуші рөл
атқарды. XVIII ғасырда қазақтарға
қарсы Жоңғар хандығының агрессиясы
күшейіп ( Жоңғар шапқыншылығы), қазақ
тайпаларының батысқа қарай ығысуына,
көшуіне әкеп соқты. Жеке-жеке
бытырай қоныстанған олар жоңғарлардың
ұйымдасқан тегеурінді күшіне
төтеп бере алмады.
Ш.Уәлиханов бұл жайында былай
жазады:“Құтырынған жоңғарлар түре
қуған Орта жүз қазақтары Самарқанд
маңынан барып шықты, олардың
бірқатары көмек пен қамқорлық іздеп,
Ресей шекарасына жақын қоныстанды”.
Жоңғар шапқыншылығына қарсы халықты
Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, т.б. батырлар
көтеріп, оларға қарсы бірнеше рет соққы
берді. Сыртқы жаудан қорғану үшін Орта
жүз тайпаларының біразы Ресей бодандығына
өте бастады.
1734 жылы
10 маусымда Сәмеке хан бастаған
Орта жүз руларының бір бөлігі
Ресейдің қол астына өз еркімен
өтті. 1740 жылы тамызда Әбілмәмбет
хан, 1742 жылы қарашада найман тайпасын
билеуші Барақ сұлтан Ресей
бодандығын қабылдады. 1754 жылы қазанда
қоңыраттардың біраз бөлігі бодандыққа
кіргенімен, олардың Ресей қол
астына өтуі XIX ғасырдың орта тұсына
дейін созылды. Жоңғар шапқыншылығы
кезінде жан-жаққа бытырай көшуге
мәжбүр болған Орта жүз тайпалары
мен рулары XVIII ғасырда өз Орта
жүз руларына ежелгі жерін
қайтару үшін әскери және дипломатиялық
әдістерді қатар қолданды.
Қазақтарды
іштей ыдыратуды көздеген Ресей
өкіметі 1815 жылы Орта жүзде
екінші хандық құрып, оған Бөкей
хан болды. 1817 жылы Бөкей хан, 1819
жылы Уәли хан өлген соң
1822 жылы орыс патшасының жарлығымен
Орта жүзде хандық билік жойылып,
8 сыртқы дуанға бөлінді. “Сібір
қазақтары туралы ереже” бойынша
әр дуан 15 – 20 болыстан, әр болыс
10 – 12 ауылдан, әр ауыл 50 – 70
түтіннен құралды. Ереже бойынша
белгіленген 8 сыртқы дуанның
Қарқаралы, Құсмұрын (1824), Аягөз (1831),
Ақмола, Аманқарағай (1832), Баянауыл,
Үшбұлақ (1833), Көкпекті (1844)]ашылуы
жергілікті халықтың наразылығын
туғызды. 1824 – 36 жылдары Саржан
сұлтан басқарған Қарқаралы және
Көкшетау округтеріндегі халық
бірнеше рет стихиялы түрде
көтерілді.
1837 жылы
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
одан да ауқымды болды. Алғашқыда
оған Ақмола, Қарқаралы, Аманқарағай,
Баянауыл округтерінің халқы
қосылса, уақыт өте келе бұл
көтеріліс үш жүзді қамтыды. XIX
ғасырдың II жартысында Қазақстанға
әкімшілік-аумақтық бөлініс енгізілді
(1866, 1891 жылғы реформалар). Орта жүз
қазақтары Семей және Ақмола
облыстарының құрамына енді, олар
Жетісу облысы Лепсі уъездінде,
Торғай облысы Қостанай және
Торғай уъездінде халықтың көпшілік
бөлігін құрады. Орта жүз тайпаларының
біраз топтары Торғай, Сырдария
облыстарының кейбір уъездін
де қоныстанған.
Орта
жүз қазақтары енген екі облыста
130 болыс, 1048 старшын, 183668 шаңырақ болған.
1889 жылғы санақ бойынша, Семей
облысында – 519887, Ақмола облысында
-466364 адам тұрған. 1897 жылғы санақ
бойынша, халық саны көбейіп,
мұнда барлығы 1267198 қазақ тұрған.
Орта
жүз құрамына енген тайпалар
мен рулар XV ғасырдың II жартысы
мен XX ғасырдың басында негізінен
Қазақстанның шаруашылық және
географиялық жағынан өзіндік
ерекшелігі бар шығыс, орталық
және солтүстік өңірлерін мекендеп,
қазақ халқының этногенезіне
ұйытқы болды. Әр кезеңдегі
тарихи оқиғалар (“Ақтабан шұбырынды,
Алқакөл сұлама”, “ашаршылық”,
“кәмпеске”, дүниежүз. соғыстар, т.б.)
салдарынан Орта жүз тайпаларының
бұтақтары, рулары мен аталары
Ұлы жүз бен Кіші жүздің
тарихи аймақтарына, яғни Қазақстанның
түкпір-түкпіріне шашырай қоныстанды.
Сондай-ақ Орта жүз рулары Өзбекстан,
Түрікменстан, Тәжікстан, Ресей және
алыс шетелдерге (Моңғолия, Қытай,
Түркия, бірқатар Еуропа елдеріне)
көшіп, бүгінде сол елдердегі
қазақ диаспорасын құрап, өмір
сүріп жатыр. Қазіргі таңда
тайпалық одақтардың алғашқы кездегі
мәні жойылған. Орта жүз өкілдері тек біртұтас
қазақ ұлты ретінде ғана танымал.
1.3 Кіші жүз қазақ
ру-тайпаларының құрылымымен ХХ ғасырдың
басындағы тарихи жазба беттерінде.
Аристов
кіші жүзді «орта жүзден бөлінген
алшын табы» дейді. Левшин сөзінше,
кіші жүздегі рулар ең басты
елі алшын, оған жеті ру деген
елдерді атақты Тәуке хан қосқан.
Бұл күнде кіші жүз үш ру
- әлімұлы, байұлы, жетіру деген.
Әлімұлы алты ру - қарасақал, қара
кесек, қытай, төртқара, шөмекей,
шекті. Байұлы он екі ру - адай,
жаппас, алаша, байбақты, масқар, беріш,
таздар, есентемір, черкес, тана, қызылғұрт,
шайығлар. Жетірулар - табын, тама,
кердері, кереит, жағалбайлы, тілеу,
рамадан.
Бұлардың
ішінде орта жүз арғыннан аталар
бар екенін білерсіз және кіші
жүз ішінде біздің тоқал арғын
деп аталатұғын саржетім-шақшақтың
нәсілі бар екені анық, бірақ
жоғарғы аталардың ішінде анық
аты ұқсағаны жоқ, олай да
болса, шекті дегені шақшақ
бола ма деп ойлаймын, яки арғын
болған соң қоспаған ба?
Және
бұл кіші жүзден әр руынан
бөлініп, 1801 жылы Бөкей ханға еріп,
Орал суынан ары өтіп, көшкен.
Бөкей хан елі атанғандар: әлімұлынан
- қытай деген, байұлынан беріш,
шеркеш, адай, жаппас, масқар, ысық, есентемір,
байбақты, алаша, тана, таздар; жетірудан
- тама, табын, кердері және төре,
яғни хан нәсілінен он алты
ру ел, оның ішінде қожалар,
ноғай, төлеңгіт деген, бұл
қожа мен төлеңгіт - ханға жиылғандар,
ноғай - бұрын торғауытқа қарап,
торғауыт кеткенде өз орнында
қалған ноғайлар.
Кіші
жүз қазағының ертегі сықылды
сөзі: Алаша хан деген хан тұсында
алапес бала туса, далаға апарып
тастапты, бір күні өзінің де
бір қатыны алапес бала тапқан
соң, оны да шешесінің қасына
қырық қыз қосып апарып тастап,
қырғыздар сонан тарапты. Алшын
сол нәсілден дейді, мұнысы
өтірік. Бұрынғы кезде Алақшын
деген ел болған, қытайша Пома
дейді. Енисейде жүрген қырғызбен
нәсілдес, алшын сонан шыққан
болар.