XX ғасырдың басындағы қазақ ру-тайпаларының құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 17:31, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысыныц пәні - XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басындағы қазақ ру-тайпаларының құрылымы мен орналасу тарихы Жетісу өнірінің қоғамдық-саяси өміріндегі ерекшеліктерді аңғаруға және бай тарихын тура түсінуге өз септігін тигізе алатын сол тарихи мезгілдегі қалыптасу және даму ерешеліктеріне тарихи талдау жасау болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақ халқы мен мемлекетінің қалыптасу процесін Қазақ жүздерінің тарихынан XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басындағы қазақ ру-тайпаларының құрылымы мен орналасуы териториясының тарихи монографиялар мен анықтамаларды зерттей отырып анықтау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

КІРІСПЕ.docx

— 1.52 Мб (Скачать документ)

        ХІХ  ғасырдың екінші жартысында кездесетін  архивте Ұлы жүздің рулық құрамы  мен саны туралы толық та  мол деректер ұшырасады. Онда  Үлкен үйсін ордасы Абақ және  Тарақтан тұратыны көрсетіледі.  Абақ жеті руға бөлініп, Сарыүйсіндер  – 1700 шаңырақ, Албан – 8477, Дулат  – 37672, Суан – 1025, Шапырашты  – 1910, Ысты – 7514, Ошақты –  800 шаңырақ құрайды. Тарақтан Жалайыр делініп, бұның қатарында Ұлы жүздің құрамына енетін ежелгі Қаңлы, Шанышқылы мен Қатаған рулары қалып кетеді[76.24б]

        Ш.  Уәлиханов «Қазақ тарихының Геродоты»  деп атаған орыстың атақты  шығыстанушы А. Левшин ХІХ ғасырдың  басында қазақ даласы туралы  үш монография жариялап, Ұлы жүз  қазақтары хақында еске салып:Үлкен  орда Үйсін, Дулат және Сіргеліден  тұрады, кейіннен оларға Орта  жүзден Қоңырат рулары қосылды  дейді. Бұл мәліметтер ұзынбұлақтан  жазылып алынған, өйткені А.  Левшин Ұлы жүз қазақтарының  арасында ешқашан болған емес. Оның жорамалының дұрыстығы Ұлы  жүздің үйсіндерден тұратындығы,  ал Дулат пен Сіргелінің этникалық  тегі туралы ойы жаңсақ. Қоңыраттардың  Ұлы жүзге қосылуы да күмәнді,  себебі, олар Ұлы жүзбен қанаттас  ғұмыр кешсе де, Орта жүзге  жатады, бұл туралы қазақ шежіресі  мен Қоңыраттардың рулық құрылымын,  ата – бабасының тарихын бес  саусақтай білетін қариялар жаңылыспай  айта алады[5].

        Ұлы  жүз құрамы туралы Ш. Уәлихановтың  келтіргендері де толық емес. Қазақ ғалымы өзінің Ұлы жүз  қырғыз – қайсақ ордасы туралы  аңыз бен әпсана мақаласында  Ұлы жүз ежелгі монғол халқының  үйсінінен шығып, өздері Шыңғыс  – ханның замандасы Майқы биден  тарайды деп жазады. Одан әрі  ол Ұлы жүздің құрамына Жалайыр,  Дулат, Албан мен Суан еніп, Дулат руынан бөлінетін, Сарыүйсінге  тірелетін Үйсін болып келеді  деп көрсетеді. Ш. Уәлиханов  бұл орайда бірнеше дәйексіздік  танытады. Біріншіден, Үйсіндер монғол  халқы емес, екіншіден, Сарыүйсіндер  ешқашан Дулат құрамына енбеген.  Ш. Уәлиханов келтірген қазақ  шежіресіндегі Ұлы жүздің арғы  тегі Майқы би деген Рашид  ад – Дин дерегіне сай, онда  Майқы Үйсін руынан екені көрсетіледі.  Алайда, Ұлы жүзді тек бір кісіден,  оның ішінде Майқы биден тарады  деу халық аңызы болып есептеледі. Шоқан көптеген аңыздар мен  қазақ шежіресін салыстыра отырып, Ұлы жүздің ата – тегін түгендеп, Үйсіннен ежелгі рулар: Қатаған  (Шанышқылы), Жалайыр, Қаңлы, Шапырашты,  Ошақты, Сарыүйсін, Албан, Суан  мен Дулат тарайтынын нақтылап  кетеді. Ол құрастырған шежіреде Төбейден – Үйсін, Үйсіннен – Қойылдыр (Қатаған – шанышқылы), Мекрен (Жалайыр), Майқы (Ысты, Бәйдібек, Шапырашты, Ошақты); Албаннан – Сары (Сүйерқұл, Таубасар) және Шыбыл (Қызылбөрік, Қоңырбөрік) т. б. Ұлы жүздің басқа аталары туралы Ш. Уәлиханов бұндай мәлімет бермейді. Бірақ, бұл қазақ ғалымының ХІХ ғасыр ортасындағы үзік деректерді соңғы жылдардағы зерттеушілердің мәліметтері мен біздің күндердің куәларының айтқанымен молыға түседі[12].

        ХІХ  ғасырдың аяғында орыс оқымыстысы  Н. Аристов түркі халықтарының  этникалық тарихын зерттеп, Ұлы  жүз тарихын зерттеуге өзінің  елеулі еңбектерін арнады. Диқанбай  батырдың аузынан жазып алып, Н. Аристовкелтіретін Ұлы жүз  шежіресі негізінен бергі буынында  Ш. Уәлиханов нұсқасымен дәл  келіп, арғы жағынан біршама  ерекшеленеді. Диқанбай батыр шежіресі  қазақтың үш жүзін де бір  ата — Әбілқайырдан өрбітеді.

        Бұл шежіреде  Адам Атадан бастап, Әбілқайырға  дейін 54 ұрпақ келтіріліп, онда  інжіл, араб, парсы және түркі  есімдері кездесетінін Н. Аристов  атап өтеді. Одан әріде Үш  жүздің бастауы Әбілқайырдың  өз тұсында рулық одақтар негізін  салған тарихи тұлға Әбілқайыр  ханның есімімен байланысты екені  көрсетіледі. Бұл, әрине, аңыз. Осынау мәліметін келтіре отырып, зерттеушінің өзі де қазақтың үш жүзінің арғы атасы тек Әбілқайырға барып тіреліп, халық зердесінде ол буалдыр елес қалдырадыдеп күмәнданады. Н. Аристов Диқанбай батыр шежіресіне сәйкес былай деп баяндайды: «Байшораның Жұманбай деген баласы болды, одан – Кейкібай, одан – Төбей. Соңғының төрт баласы бар еді: Майқы, Қоғам, Қойылдыр мен Мекрейіл. Майқыдан да төрт ұл туды: Бақтияр, Қаңлы, Қырық жүз, Мың жүз. Бақтиярдың балалары Үйсін мен Сіргелі. Үйсіннен Ақсақал (Абақ таңба) мен Жансақал (Тарақ таңба). Ақсақалдың кіндігінен – Қараша би, одан – Бәйдібек. Бәйдібектің үлкен әйелі Сары бәйбішеден – Сарыүйсін атты ұл; екінші әйелі Зеріптен – Жалмамбет, оның үлкен әйелі Мапыраштыдан – Шапырашты атты ұл, ал екінші қосағы Сыландыдан – Ысты атты ұл, үшінші әйелінен – Ошақты; Бәйдібектің үшінші әйелі Домалақ енеден – Жарықшақ атты ұл, одан – Албан, Дулат, Суан тарайды. Дулаттың төрт баласы бар: Ботбай, Шымыр, Сиқым мен Жаныс». Диқанбай батыр түзген үрім – бұтақ осымен бітеді[26].

 

       Осы  мәліметтер негізінде В. В.  Востров Ұлы жүз бойынша Н.  Аристовтың кестесін жасйды. Одан  әрі Н. Аристов басқа да Ұлы  жүз шежірешілері, сонымен қатар  Южаков, Абрамов, М. Шорманов пен  Алатау аймақтық басқармасының  1865 жылғы хабарламасына сүйене  отырып, Ұлы жүздің негізгі руларын  (Албан, Суан, Дулат, Сіргелі,Ысты, Шапырашты, Сарыүйсін, Жалайыр)  талдап кетеді. Мәселен, Сіргелі  рулары: байжігіт, қарабатыр, батырлар, үштаңбалы, елібай, жақабай айтбозым, төрттаңбалы аталарына бөлінеді; Ысты – тілік пен ойық; Сарыүйсін  – қалша мен жақып; Шапырашты  – екей, есқожа,асыл, шыбыл мен  айқым; Жаныс – жарылқамыс, жанту,  жантас, жайылмыс, байыс, қараман,  қапал, өтеміс, төртқара, шегір; Албан  – шыбыл мен сары; Суан –  байтөгей, тоқарыстан; Жалайыр –  шуманақ (ақдас, мырза, қарашапан,  орақты, ақбұйым, қалпе мен сыпатай), сырманақ (арықтыным, байшегір, сиыршы, балғалы, күшік пен қайшылы)  болып таралады.

        Н.  Аристов Ұлы жүз рулары мен  тайпаларының қоныстануы, жалпы  адам саны, негізгі ежелгі рулардың  пайда болуы, ұран мен таңбасына  тоқталады. Сөйтіп, онда Ұлы жүз  құрамынаенетін белгілі рулар  қатысып, нақты мәліметтер негізінде  олардың мекен еткен аудандары  (Жетісу облысының Қапал, Жаркент  пен Верный ояздары; Сырдария  облысының Әулиеата, Шымкент пен  Ташкент ояздары) мен санын  келтіреді[26].

        Академик  В. В. Радлов өзінің «Сібір  мен Монғолиядағы түркі руларына  этнографиялық шолу» атты еңбегінде  Ұлы жүз қазақтарының рулық  құрамын тізіп өтеді. Бұрынғы  деректермен салыстырғанда ол  толық та емес, дәлсіздіктер менқателіктерден  де ада емес. Сөйтіп, ол Ұлы  жүз қазақтарын жасанды түрде  екі қанатқа бөледі: Шығыс жағы  – Албан мен Суан аталарынан, ал батыс жағы – Сиқым, Жаныс,  Шымыр, Ботбай, Темір, Бестаңбалы, Сіргелі, Ысты, Ошақты, Жалайыр мен  Жаныстардан тұрады.

        Бұл  тізбектк Қаңлы, Сарыүйсін, Шапырашты,  Шанышқалымен Дулаттар жоқ. Одан  тыс бұнда Дулат руларының  жеке аталары мен тармақтарына  орын берілген. Ұлы жүз құрамына  Кіші жүздің Жаппас руы мүлде  жаңылыс кіргізіледі. В. Радловтың  дәлсіздіктерін кезінде В. В.  Востров та көрсетті.

        М.  Венюков, А. Краснов, Н. Гродеков, Н. Абрамов және басқа авторларының  Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік  – шығыс аудандардағы қазақтардың  мәдениеті мен тұрмысының этнографиялық  мінездемесіне арналған еңбектерінде  біздің көкейкесті мәселелерімізге  қосып – алар соны жайлар  тапшы. Тек Абрамов Ұлы жүздің  басқа руларын қамтымай, Жалайырдың  түп – тұқиянын түгел таратып  береді.

        ХІХ  ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың  басында Қазақстан аумағында  Ресейден қоныс аударғандар үшін  бос және ыңғайлы жер алқаптарын  айқындау мақсатымен Көші –  қон басқармасының бірнеше экспедициясы  жұмыс істеді.

        ХХ  ғасырдың басында осындай экспедициясының  бірі Жетісу уалаятында П. Румянцевтың  басшылығымен жүргізіліп, оның бес  уезін (Лепсі, Қапал, Жаркент,  Верный, Пішпек) зерттеді. Бұл уездер  бойынша қазақтар мен орыстардың  жер пайдалануы туралы көп  – көп томдар жарияланды. Оның  беттерінде өлкенің тұрғындары  жайында мағлұмат өте – мөте  көп.

        Ұлы  жүз қазақтары негізінен Қапал,  Жаркент пен Верный уездерінде  тұрып келді. Сондықтан олар  туралы мәліметтер әр томға  іріктеліп, жіктелді.

        Сонымен,  Қапал уезінде Ұлы жүздің Жалайыр  мен Қаңлы; Жаркентте – Албан  мен Суан; ал Верный уезінде  – Сарыүйсін, Шапырашты, Дулат,  Қаңлы, Албан, Жалайыр мен Ысты  рулары қоныс тепкені хатқа  түсірілді.

        Бұл  басылымға енген қазақ тұрғындарының  құрамы мен тарихы туралы мәліметтер  академик В. Бартольд пен Н.  Аристовтың еңбектерінен алынып, басқа да экспедицияның жарияланымдары  пайдаланылады. Соның нәтижесінде  Ұлы жүздің жоғарыда келтірілген  руларының үрім – бұтағының  кестесі, әсіресе аталған уездер  деңгейінде әрі толық, әрі нақты  болып шықты.

        Осы  кітапты түзуде әр түрлі әдебиеттер  мен зерттеу қорытындылары кеңінен  қолданылып, олар Ұлы жүз қазақтарының  осы аймақтағы рулық құрамы, қоныстануы мен саны жөнінде едәуір мәлімет бере алады. Онда түбегейлі кесте болмағанмен, көп сауалға жауап табуға болады.

        Кеңес  кезеңінде 20 – жылдардың басында,  мамандығы инженер – теміржолшы  Мұхаметжан Тынышбаев қазақ халқының  рулық құрамы туралы көптеген  мәлімет жинады. Қолда бар шығыс,  орыс деректемелерін мұқият зерттеп,  ел арасындағы шәжірені жинап,  шағын еңбек жазып, оны 1925 жылы  Ташкентте бастырды.

        Бұл  еңбекте біз Ұлы жүзге қатысты  тарауды қарастырамыз. Оның ішінде  Ұлы жүз айналасына басқа рулар  да топтасқан ежелгі Үйсін,  Дулат, Жалайыр мен Қаңлылардың  пайда болуы туралы қысқаша  тарихи очерк беріледі. Сөйтіп, Ұлы  жүздің он бір руы қал –  қадарынша зерттеледі. Олардың зәузатын  анықтау үшін үлкен ғылыми  мәні бар рулар ғана емес, сонымен  қатар, көптеген аталардың ұрандары  мен таңба белгілері сипатталады.  Бұнымен қоса, бұл еңбектегі қазақ  халқының рулары мен ірі аталарының  ұзын – ырғасындағы саны туралы  есеп, үрім – бұтағының тиянақты  кестесінің де ғылыми маңызы  ерекше. Әлбетте, бұл кесте біркелкі  емес, кейбір рулар туралы толық  мәлімет берілсе, ал кейбіреуі  туралы шағын мағлұматпен шектеледі.  Мәселен, Дулат, Жалайыр, Албан,  Суан, Шапырашты руларының үрім  – бұтақ кестесі бүгінге дейін  нақты келтірілсе, ал Сарыүйсін,  Ысты, Ошақты, Сіргелі, Қаңлы және  Шанышқылылар жайында ұғым ықшам.  Біздіңше, бұл жағдай 2 – 3 рулар  тобы туралы автор қолында  деректер аз болғанымен түсіндіріледі.

        М.  Тынышбаев әдеби деректер көзі  мен қазақ шежіресінің аңыздарын  негізге ала отырып, Ұлы жүз  руларының одағын төңірегіне  басқа кішігірім рулар мен  аталар топтасқан үлкен үш  тармаққа бөледі. Тынышбаевтың пікірінше,  бұндай үш үлкен тармақ: Үйсіндер, Жалайырлар мен Қаңлылар. Шын  мәнінде олар Ұлы жүз одағы  рулық құрамына кіретін рулар  мен тайпалардың ішіндегі ең  ежелгі және қуаттысы болып  есептеледі. М. Тынышбаев үйсіндерден  тікелей Дулат, Албан, Суан  мен Сарыүйсінді таратса, ал  Ысты, Ошақты, Шапырашты мен Сіргелілерді  оған кейіннен қосылған деген  қорытындыға келеді. Ежелгі қаңлыларға  шанышқылыларды да қосылған деп  есептейді.

         Сонымен, Ұлы жүз құрамына кіретін  11 рудың ең кемінде сегізі үйсіндер  деп аталуының өзі Ұлы жүздің  халқын Үйсін деуіне негіз  береді. Көптеген зерттеушілердің  пайымдауынша Сарыүйсіндер үйсіндердің  тікелей ұрпағы болып саналып,  Дулат, Албан, Суандарға келсек, олар Ұлы жүздің басқа руларына  қарағанда, үйсіндер одағының  құрамына ертерек енген деп  шамалауға болады. 

1.2 Орта жүз қазақ ру-тайпаларының құрылымымен ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы тарихи жазба беттерінде.

        Орта  жүз – Арғын, Найман, Керей,  Уақ, Қоңырат, Қыпшақ аталатын  алты тайпаның бірлестігі.

        Орта  жүз қазақтарының рулық–тайпалық  құрамы туралы құнды мәліметтің  негізгі көздері патшалық Ресей  сыртқы саясатының және кешегі  КСРО Ғылым Академиясының архивтерінен  ұшырасады. Республика зерттеушілері  ол құжаттарды 1961 жылы баспасөз  бетінде жариялаған (барлығы –  276 құжат); сондай–ақ тағы біршама  құнды деректер Қазақстан Республикасы  Орталық мемлекеттік архивінде,  бұрынғы КСРО Орталық мемлекеттік  Тарих архивінде сақталған.Бөгенбай  батырдың айтуына қарағанда (1731 жылғы желтоқсан): «Қырғыз – қайсақ  ордасы үш бөліктен, атап айтқанда: Ұлы жүзден, Орта жүзден, Кіші  жүзден (Үлкен орда, Орта орда, Кіші  орда) тұрады… Және де олардың  бәрі көшпенді ордалар, егін  екпейді, малды кәсіп тұтады».

        Орта  жүз қазақтарының рулық–тайпалық  құрамының толық сипаттамасын  алғашқылардың бірі болып 1748 жылғы  қыркүйекте Сыртқы істер алқасының  тілмәші (болашақ генерал–майор)  А. И. Тевкелев қағазға түсірген. Алайда, оның жазбаларында ру, тайпа  атауларының бұрмалануымен қатар,  рулардың таксономиялық жігі  де барлық ретте бірдей сақтала  бермегенін ескерте кеткен жөн.  Ал таксономиялық көріністің  өзі рулық құрылым жасалған  кезде ғана емес, сонымен қатар  қазақтар өмірінің белгілі бір  тарихи кезеңіне тән ұрпақтар  жігін ажырату үшін де маңызды  болып табылады. Осыған қарамастан  А.И. Тевкелев мәліметтері ғылым  үшін аса қажет, өйткені олар  ХІХ ғасырдағы әдеби басылымдар  деректкерімен және біздің заманымыздағы  этнографиялық экспедициялардың  ел ішінен жинаған материалдарымен  салыстыру үшін аса құнды.

       «Орта  ордада, — деп жазған А. И.  Тевкелев, — күшті ру – Арғын.  Ол он алты рудан тұрады, атап  айтқанда: Қаракесек арғын, Сарыжетім  шақшақ арғын, Қарақол қисық  арғын, Атаған арғын, Тобықты  арғын, Бәсентиін арғын, Қанжығалы  қарауыл арғын, Шаншар арғын,  Төрт ауыл арғын, Алтай арғын,  Төбеші арғын, Бөргі арғын,  Қарпық арғын, Ағын қалқаман  арғын, Қозыған арғын, Көкшал  арғын. Бұл рулардың билеушілері  – Барақ сұлтан мен Абылай  сұлтан».

Информация о работе XX ғасырдың басындағы қазақ ру-тайпаларының құрылымы