Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 17:31, дипломная работа
Диплом жұмысыныц пәні - XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басындағы қазақ ру-тайпаларының құрылымы мен орналасу тарихы Жетісу өнірінің қоғамдық-саяси өміріндегі ерекшеліктерді аңғаруға және бай тарихын тура түсінуге өз септігін тигізе алатын сол тарихи мезгілдегі қалыптасу және даму ерешеліктеріне тарихи талдау жасау болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақ халқы мен мемлекетінің қалыптасу процесін Қазақ жүздерінің тарихынан XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басындағы қазақ ру-тайпаларының құрылымы мен орналасуы териториясының тарихи монографиялар мен анықтамаларды зерттей отырып анықтау.
Қазақстан
тәуелсіздік алғаннан бері
Мұндай пікірді Т.Т. Далаеваның диссертациялық жүмысына да байланысты айтуға болады [69] . Онда Т.Т. Далаева Оңтүстік Қазақстанның саяси ахуалына көп көңіл бөледі де, ал Жетісу өлкесіне келгенде оның әлеуметтік-экономикалық жағдайына басымдылық береді.Жетісу арқылы жүргізілген Ресей-Қытай қатынасына байланысты аса маңызды талдаулар Сүтеева Х.А. еңбегінде көрініс табады. Оларды біз Шумысымызда ескердік [70].
Мұрағаттық құжаттар мен фольклорлық деректер мәліметтерін салыстыра отырып, қазақтардың 1916 жылғы көтеріліске шығуын көпшілік назарын алғашқылардың бірі болып аударта білген белгілі қаламгер С.Тәнекеев болды. Ол Қарқара-Албан көтерілісінің қыр-сырына тоқтала келе, көтеріліс барысындағы саяси мәселенің өзектілігі жөнінде: «Көтеріліс кезінде қырғыз халқы мен қазақтардың «бір жеңнен қол шығарып, бір ауыздан сөз шығарып» қосыла қимылдағаны жөніндегі деректер әлі күнге дейін ат үстілеу сөз болып, терең зерттелусіз жатыр. Қырғыздар мен қазақтардың көтерілісін біртұтас құбылыс ретінде баяндайтын деректі ғылыми зерттеу - жеке кітап керек-ақ. Сол сияқты, 1916 жылғы көтеріліске дүнғандар мен үйғырлардың кіиақ-қырғыздармен біріге қимылдағаны нақтылы құжаттарға негізделе отырып, зерттеуін тауып, бөлек шықса, тарихи әділеттілік болар еді» [71, 176 б.], - деп дұрыс болжам жасайды.
2001 жылы Тель-Авивте жарық көрген құнды еңбектің бірі Е.Е. Лейзеровичтің «Социальные и экономические итоги Российской колонизации Туркестана» атты монографиясында отарлаудың халық санына тигізген әсері, мәдени-тұрмыстық өмірдегі олқылықтар, шаруашылықтың күйзелісі, дэстүрлі шаруашылықтың трансформациялануы, территориялық өзгерістер және тағы басқа мәселелер баяндалған [72].«ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы Жетісу: әлеуметтік-экономикалық қоғамдық тарихы» атты еңбегінде Г.А.Капекова Жетісудың осы тарихи мезгілдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық саяси, өмірін тарихи тұрғыдан жүйелі талдауға алып, өңірдің ерекшеліктерін кең ауқымда қарастыруға тырысқан [73]. Сонымен, қорыта айтқанда, Жаркент өңірі Қазақстанның басқа да аймақтары сияқты, құнарлы, көп қырлы тарихы бар, өткен өмірі маңызды оқғаларға толы өңір. Соған қарамастан өңір тарихы осы уақытқа дейін арнайы зерттеу объектісі болған емес. Ал оның 1882-1917 жылдар аралығындағы жүріп өткен жолын ғылыми талдауға алу бізге еліміздің бай да толыққанды тарихын жасауға апаратын жолдай көрінеді. Өйткені отан тарихын тегелей теңізге тенесек, онда жеке өңірлер тарихын сол теңізге қүятын көптеген өзен-жылғалармен салыстыруға болар еді.
Тақырыптың тарихнамасы ретінде алынған материалдарды бірнеше топтарға жіктеуге болады. Солардың бірі Ресей империясының қазақ даласына , соның ішінде Жетісу өлкесін мекендеген Ұлы жүз қазақтарын отарлауға қатысты шығарылған әр түрлі зандық жинақтар, құқықтық актілер мен ережелер, сондай-ақ әскери-әкімшілік мекемелердің құрылуы, міндеті мен қызметі жөніндегі түрлі мәліметтер мен қазақ жүздерінің құрылуы мен Жетісу облысындағы орналасуы жайындағы мәліметтер.
Бұл деректер «Ресей империясы заңдарының толық жинағы» [74] , « Сборник узаконений о киргизах степных областей» [75] , «Родоплеменной состав и рассиление казахов»[76]. Сонымен қатар Жетісу өлкесі бойынша даярланған шолуларда (обзоры-авт.) әлеуметтік, шаруашылық, мәдени және қоғамдық қатынастар туралы жыл сайын мәліметтер беріліп тұрды [77].
Зерттеу барысында жергілікті экімшілік мекемелерінде қызмет атқарған әскекери және азаматтық шенеуніктердің ресми іс-қағаздары мен жазбалары, Бас штабтың офицерлері мен саяхатшылардың естіліктері мен күнделіктері, сондай-ақ хаттары ғылыми айналымға тартылды. Атап көрсетсек , Л. Янушкевичтің жүргізілген күнделігі мен жазған хаттары [78] , П.П. Семенов Тянь-Шаньскийдің саяхат кезіндегі жазбалары мен еңбектері [79] , И.Ф. Бабковтың Батыс Сібірдегі қызметі жайлы естеліктері [80], М. Венюковтың жазбалары [81], Н. Северцовтың зерттеу жұмыстары [82] дипломдық жұмыста көптеген мәселелерді анықтауға өз септігін тигізді.
Сонымен қатар көптеген қажетті мәліметтерді мерзімді басылым беттерінен табуға болады. Мәселен, "Военный сборник", "Вестник Европы", "Русская старина", "Русский архив", "Туркестанские ведомости", "Вопросы колонизации" сияқты басылымдарда Жетісу өлкесінің біз қарап отырған мсзгілдегі өміріне қатысты көптеген маңызды деректер беріледі. Бұлардан басқа XIX ғасырдағы орыс журналдарында жарық көрген деректердің біразы
"Царское колонизация в Казахстане" атты жинақта топтастырылған. "Руский вестник", «Дело», «Русская сарика», "Отечественные записки" сияқты журналдарда кезінде Орта Азия мен Қазақстанды Ресейдің өзіне қосып алу шараларына қатынасқан немесе оған куә болған кісілердің естеліктері және басқа материалдар берілген. Олар тарихи мезгілді, тақырыпқа қатысты мәселерді неғүрлым терең түсінуге көмектеседі [83].
Осы ретте, соңғы жылдары XIX ғасырдағы Ресейлік журналдардың беттерінде де жарық көрген түрлі жанрдағы материалдарды отан тарихы бойынша дерек көзі ретінде қарастырған зерттеулер жариялана бастады [84].
Біз талдауға алып отырған тақырыпқа қатысты Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Мұрағаты (ҚР ОММ) қорларында сақтаулы жоғарғы және жергілікті билік орындарына тиесілі дерек көздерінің орны ерекше. Мұндағы құжаттық материалдарсыз Жетісу өлкесіндегі патша өкіметінің жергілікті әскери-әкімшілік билік орындарының қызметі мен іс-әрекетін мүмкін болғанша тиянақты әрі жүйелі баяндау қиынға түскен болар еді.
Біздің диссертациялық зерттеу жүмысымыз басым түрде осы мұрағат қорларындағы материалдарға негізделді. Бүл мүрағаттағы № 3 - «Ұлы жүз қазақтары Алатау округының бастығы (1848-1868 жж.)» аталатын қор материалдары арқылы қазақтар мен қырғыздардың Қоқан хандығы, патша өкіметі билігі тұсындағы өзара байланысын, араздықтары мен келісімдерін , қазақ және қырғыз билеушілерінің Алатау округі бастығымен алысқан хаттарының мазмұнымен және басқа жағдайлардан біршама мәлімет алуға болады.№ 44 - «Жетісу облыстық басқармасы (1808-1919 жж.)» аталатын қор Орталық Мемлекеттік мұрағатта ең үлкен, құжаттық материалдар мол жинақталған қорлардың бірі болып табылады, сондықтанда біз зерттеп отырған тақырыпты ашуға көп септігін тигізгендігін айтқанымыз жөн. Бұл қор 57026 папкаларынан тұрады.Мұндағы қазақ-қырғыз халықтарына қатысты құжаттардан Жетісу облысы құрамындағы болыстықтардың өмірі, олардың увідерге бөлінуі, болыс бастықтарын сайлау реті мен тәртібі, қазақтар мен қырғыздардың арасындағы барымташылық, оның шешілу жайы, орыс жергілікті әкімшілік басшыларының қазақтар мен қырғыздар арасында тыншылар ұстап, солар арқылы екі халықтың ішкі жағдайынан, Қоқан бекіністерінен хабар алып отырғандығы, қазақ-қырғыз арасында түрлі қайшылықтарды жасанды түрде қоздырып отыруы, патшалық Ресейдің салық жүйесі мен 1867-1868 жылдардағы реформалар және оған қарсы бас көтерулер, Қытайға кеткен қазақтар жэне олардың қайта оралуы, дүнгендер көтерілісіде қнчақтар мен қырғыздардың діни ұстаным негізінде ынтымақтастық танытуы, екі халықтың Әндіжан көтерілісіне ниеттестік білдіруі, сонымен бірге 1916 жилғы көтеріліс кезінде және көтерілістен соң өзара бірлесіп жасаған әрекеттері жөнінде туралы мәліметтер алынып, ғылыми айналымға тартылды.
№ 64 - «Дала генерал - губернаторының кеңсесі (1868-1917 жж.)» аталатын қорда қазақтар сауда-саттық қызметі жөнінде, олардың, басын қосып, жиі араласуына себепші болған Қарқара және басқа жәрмеңкелер жөнінде біраз мәліметтер бар. 1898 жылғы Әндіжан көтерілісіне Жетісу өңіріндегі каіақтардың ниеттестігі туралы мәліметтер де осы қордың құжаттарынан табылды.
№ 21
- «Құлжа ісі бойынша Жетісу облыстық әскери
губернаторының
№ 120 - «Жаркент уездік басқармасы» (1882-1917 ж.ж.) қорларында сақтаулы деректік құжаттардан Жаркент уезінің қүрудагы билік орындарының мақсаты, уездегі әскери-әкімшілік құрылымдардың қалыптасуы мен штаттағы қызметкерлерінің сандық және сапалық құрамы, отарлаушы биліктің саяси, шаруашылық, сауда ісі, сот және басқа да мазмұндағы қызметі жөнінде көптеген мәліметтер алуға болады.
Осы мұрағаттағы Өзбекстан, Ресей мұрағаттарынан алынып жинақталған құжаттар көшірмесінен тұратын «№ 427 (1801-1917 жж.)» қор құжаттарында 1917 жылғы көтеріліс кезіндегі оқиғаларға қатынасқан адамдардың баяндауынан жазып алынған естеліктер және Жетісуға қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендердің тарихына қатысты құжаттар шоғырланған.
Тақырып бойынша деректік құжаттарының қүндылығы жағынан Өзбекстан Республикасы орталық мемлекеттік мұрағатының маңызы үлкен.
Бұл
мұрағаттағы «Түркістан
Түркістан
өлкесіндегі егіншілік және
Зерттеу жұмысының дерек көздерін қарастырып, талдау жасау XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басындағы қазақ ру-тайпаларының құрылымы мен орналасу тарихын тереңірек әрі жан-жақты зерттеп, зерделеуде және халқымыздың тарихи жадын жаңғыртуда жаңа деректер мен құжаттарды іздестіру жұмыстарын үздіксіз жүргізудің зор маңызды іс екендігін, сондай-ақ белгілі деректердің өзін жаңа көзқарас талқысынан өткізіп, оларды өзара салыстырып қолданудың пайдалы шаруа болмағын көрсетіп берді. Қорыта айтқанда қолдағы бар деректер қарастырылып отырған кезеңдегі Жаркент уезінің тарихын ғылыми тұрғыдан ашып көрсетуге мүмкіндік береді деп тұжырымдауға әбден болады.
Диплом жұмысының нысаны - жаңа деректер негізінде XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басындағы қазақ ру-тайпаларының құрылымы мен орналасуы Қазақстан териториясы бойыша Жетісу өнірінің шаруашылық даму үрдісін қарастыру болды.
Диплом жұмысыныц пәні - XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басындағы қазақ ру-тайпаларының құрылымы мен орналасу тарихы Жетісу өнірінің қоғамдық-саяси өміріндегі ерекшеліктерді аңғаруға және бай тарихын тура түсінуге өз септігін тигізе алатын сол тарихи мезгілдегі қалыптасу және даму ерешеліктеріне тарихи талдау жасау болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақ халқы мен мемлекетінің қалыптасу процесін Қазақ жүздерінің тарихынан XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басындағы қазақ ру-тайпаларының құрылымы мен орналасуы териториясының тарихи монографиялар мен анықтамаларды зерттей отырып анықтау.
Негізгі зертеу жұмысының міндеті қазақ халқы мен мемлекетінің қалыптасу процесін Қазақ жүздерінің тарихын, Түркістан генерал-губернаторлығына қарасты Жетісу облысының құрамындағы Қапал , Верный, Жаркент , Лепсі уездерінің териториялық , көші – қону маршруттары мен негізгі әлеуметтік , этникалық құрылымын казіргі тарих бетеріндегі көп айтылмайтын тарихи жазбаларды жандандыру.
Практикалық маңызы. Зерттеу жұмысында жасалынған тұжырымдар мен қорытындыларды, сондай-ақ келтірілген түрлі фактілік материалдарды жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы пәні бойынша жүргізілетін арнаулы курстар мен семинар сабақтарында пайдалануға болады. Сонымен бірге зерттеу жұмысының тұжырымдарын XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасыр басындағы тарихи кезеңді зерттеуге арналған ғылыми зерттеу еңбектерінде, оқу құралдары мен оқулықтарда қолдануға болады.
Диплом жұмысыныц хронологиялық шегі. Зерттеу жұмысының хронологиялық шегі XIX ғасырдың 80-ші жылдары мен XX ғасырдың бас кезін яғни 1917 жылғы революциялық өзгерістерге дейінгі аралығын қамтиды. Біз қарап отырған тарихи мезгілдегі XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басындағы қазақ ру-тайпаларының құрылымы мен орналасуындағы бір қатар өзгерістерді байқауға болады. Жетісу облысынағы ру-тайпаладың құрылымы мен орналасу маршруттарының ерте кезден, яғни XVI ғасырдағы жазба деректерден үш жүздің орналасуынан біз өз зерттеуімізді осы кезден бастаймыз.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасыр басындағы Жаркент уезінің тарихын зерттеу нәтижесінде қорғауға мынандай тұжырымдар ұсынылады:
- Ұлы жүз қазақтарының ру-тайпалық құрылымы мен ХІХ ғасырдың басы мен ХХ ғасырдың аяғындағы тарихи жазба беттерінде;
Информация о работе XX ғасырдың басындағы қазақ ру-тайпаларының құрылымы