XX ғасырдың басындағы қазақ ру-тайпаларының құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 17:31, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысыныц пәні - XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басындағы қазақ ру-тайпаларының құрылымы мен орналасу тарихы Жетісу өнірінің қоғамдық-саяси өміріндегі ерекшеліктерді аңғаруға және бай тарихын тура түсінуге өз септігін тигізе алатын сол тарихи мезгілдегі қалыптасу және даму ерешеліктеріне тарихи талдау жасау болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақ халқы мен мемлекетінің қалыптасу процесін Қазақ жүздерінің тарихынан XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басындағы қазақ ру-тайпаларының құрылымы мен орналасуы териториясының тарихи монографиялар мен анықтамаларды зерттей отырып анықтау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

КІРІСПЕ.docx

— 1.52 Мб (Скачать документ)

   Қазақтың қара  шежіресінің сарындарында кіші  жүз елдері үш  арыстың кішісі - Бекарыстан тарайды. Шежіреге сүйенсек, Бекарыстан - ордаш, одан - мөңке, одан - шаншар, одан - тұлпар, одан - тоқпан деп келеді де, тоқпаннан - алау, арғымақ деген екі бала туады. Алаудан - алшын, алшыннан - қыдуар, одан - қаракесек  (алым, шөмен, кете) , он екі ата бай ұлы өрбиді арғымақтан телеу туады да, оған рамадан мен алшынның еншілестері қосылып, бәрі жетыруға топтасады. Келесі бір шежірелік нұсқаларда Бекарыстан - Маңғытай, одан - Алшын, Алшыннан - Алау батыр, Алаудан - Қыдуар, одан - Садырқожа, Қыдырқожа, Надырқожа тарайды. Садырқожадан - Әлім, Шөмекей, Кете. Қыдырқожадан - он екі ата бай ұлы, Надырқожадан - Жетіру өрбиді.

 
        Кіші жүз  шежіресінің  біршама дұрыс нұсқасын қазақтың өткен ғасырдағы көзі қарақты, білімді тұлғаларының бірі, шеркештен шыққан мақаш әкім шолтыр ұлы жүйелеп кеткені белгілі. Көптеген шежірелерде 1852 - жылы орынбор кадет корпусын  тамамдап, көп жыл округтың әкімі  (правительі)  қызметін атқарумен қатар, өнер-білімнің де үлкен жанашыры болған осы тұлғаға  сілтемелер көп жасалады. «Шеркеш мақаш правитель айтыпты» делінетін нұсқалардан біз кіші жүз бірлестігіндегі елдердің топтасуына қатысты ғылыми дәйектерге желісі мен сарыны жуықтасатын ыңғайластықты да аңдағандай боламыз. Мәселен, әдетте тарихнамада жетіру - жан-жақтан жиналған әрқилы тайпалардың бірлесуінен пайда болған қауымдастық ретінде байыпталады. Міне, осы болжамның сарыны мақаш шежіресінен де байқалады. Онда алау баласы алшынға, кейіннен жетіруға  топтасатын тама, табын, кердері, керейіт, жағалбайлы руларының  аталары сырттан келіп қосылып, еншілес болғаны айтылады. Қарасақал Ерімбет пен Кердері Әбубәкір  шайырлар қалдырып кеткен делінетін шежірелердің де ұзын-ырғасы осыған жуықтайды. Сондықтан да кіші жүздің үш ірі бірлестігін садырқожа, қыдырқожа, надырқожадан таратқан  нұсқадан гөрі, осы тұлғалар  жүйелеген желі қолайлы көрінер еді және нобайы бұл тарқатуларға жуықтайтын біраз шежірелерде кіші жүздің арғы ата-бабаларына  қожа атауының  қосыла бермейтінін қаперге алу лазым. Олардың біразында Құдярдың балалары Қайырбай  (Қаракесек)  Қыдырбай болып жіктеледі. Ал бұлар ауызекі әңгімелерде көбіне Қадырқожа  (немесе Садырқожа) , Қыдырқожа түрінде аталып жатады. Сондай-ақ сыр сүлеиі, қазақ шежіресін жетік тарқатқан қарасақал Ерімбеттің жазуында Құдярдың екі баласының аты тек Қаракесек, байлы болып көрсетіледі. 
        Біраз шежірелерде, тіпті ғылыми айналысқа түскен деректерде кіші жүз - алшын елдері арасында  көбіне-көп бай ұлы тармағы бірінші кезекте аталып жататыны бар. Мұқамеджан Тынышбайұлының байыптауынша, 1917 -жылы миллионнан асып, қазақ ішіндегі ең саны көп бірлестікке айналған он екі ата бай ұлының расында да реті мен жолы  ешкімнен кем емес. Дегенмен қаря сөздерімізге зер салар болсақ, қаракесекті  ( оны кіші жүздің батысы алты аталы әлім деп атайды)  жолы одан үлкен екенін байқар едік оларда Құдярдың үлкен баласы Қаракесек, кішісі Қыдырбай  (Қыдырқожа)  деп көрсетілген. Мәселен, ақкете руынан шыққан атақты Шерняз ақын Мақаш әкімге алғаш кездескенде айтқан шумақта  жолдар бер екен. Мақаш бұрын көрмеген Шерняздән таныңқырамай жөн сұрасқанда, Шернияз: Қыстауымды сұрасаң, торы атбасы, шідерті, жайлауымды сұрасаң адыр-бұдыр арасы,жем,сағыздың сағасы. Әкемнің аты Жарылғап, өзімнің атым Шернияз, аты-жөнімді айтпасам, түсірместей ғой, мынау, Мақаш шамасы,-дегенде, Мақаш ілтипәт танытып: «Қош  келдіңіз!» деп қарсы алған екен. Кіші жүз елдерінің қаря сөздерінің арасында бар «әлім алдында аузыңды тый» деген сөздер де қаракесектың жолы үлкендігін байқатса керек. Бұл түйіннің бір дәйегін біз қазақ елін отарлаудың барлаушысы болып, Әбілқайыр хан ордасын төңіректеген А.И. Тевкелевтің 1748 -жылы жазған кіші жүз руларына қатысты мәліметтерінен де кездестірер едік. Онда: «кіші жүзде ірі алшын руы бар, ал алшын қаракесек және бай ұлы болып екіге бөлінеді, - деп жазады. Ол: - Қаракесек бәрінен де ірі, алты атадан тұрады... бай ұлы одан әлсіздеу, құрамында 12 ру бар... жетіру - кіші жүздегі ең әлсіз ел... бұрындары олар жеке-жеке жүріп, маңайындағылардан көп теперіш көріпті, содан кейін Тәуке ханның кеңесімен өзара топтасып, жетіру бірлестігін құрыпты».  (байқадыңыздар ма, бұдан  екі жарым ғасырдай уақыт бұрын қазақ шежірешілері аузынан жазылып алынған деректе «қожа» қосымшасы жоқ). Әдетте кіші жүзді аталар санына жіктегенде, оны бірде «25 таңбалы кіші жүз»  (6 ата - әлім, 12 ата - бай ұлы, 7 ата - жетіру)  десе, кеиде оған 4 ата шөмекеиді қосып, «29 таңбалы кіші жүз» деп жатады. бірқатар шежірелерде кетенің екі атасы ожырай мен қаракетены де қосып, кіші жүзді 31 таңбаға жеткізеді.Қаракесек бірлестігі  (әлім, кете, шөмекеи) ауызекі  шежіреде Құдярдың үлкен баласы Қайырбайдың жарлы болғаны айтылады. Оның Қаракесек атануы да осы кедейлігіне байланысты таңылған атау ретінде байыпталады. Қаракесектің бәйбішесінен байсары туады. Әйелі көп ұзамай қайтыс боп кеткесін, қайын атасы Қаракесекке екінші қызын да қосады. Одан Әлім, Шөмен тарайды делінеді. Байсарыдан Бозаншар, Майлыбай деген екі бала. Майлыбайдан ұрпақ болмайды да, Байсарыдан Кете әулеті тарайды. Оның Кете атануы Байсарының Кетебике  деген әйелінің атына қатысты делінеді. Байсары бір соғыста қолға түсіп қаза табады да, Кетебикені Әлім алады. Ол Әлімнен Тойқожаны туады. Әлім қайтыс болған соң, Кетебикені Шөмен алып, одан Тұменқожа  туады. Қаракесектің үш баласының Кетебикеден өрбіген тұқымдары шешесін төңіректеп жүріп, өздері оның атымен «кете» атанған екен дейді. Бозаншар мен Түменқожа ұрпақтары Ожырай, Кете, Қаракете, ал Тойқожа тұқымдары Ақкете аталады. Шернияз ақынның «үш таңбалы кетемін» дейтіні осы рулар. Қаракетены шөмекейлермен қонысы, өрісі қатар болғандықтан, «кете-шөмекей» деп те атайды. Осы орайда айта кететін бір жәйт Асан, Жанбақты, Құлыстың әкесі сарыны бір шежірешілер бозаншардың Адамқожасының тұқымы десе, екіншілері Тұменқожаның ұрпағы дейді. Сондай-ақ Ақкете тармағына қосылған Мәміт, Түйте руларын бір шежірешілер Тұменқожа ұрпағы деп те байыптайды.

        Алты  аталы Әлім - көп өскен ел. Әлімнің  бір баласы Ұланақтың жанама  аты Қаракесек деп атануын  шежірешілер былай түсіндіреді.  Қаракесек қартайған шағында  кіші немерелерінің бірі Ұланақты  қолына алып, өз баласы ретінде  «сасығым» деп еркелетіп өсірген  екен дейді. Ақырында Қаракесек  өлгесін, қара шаңыраққа Ұланақ  ие болып, өзге жұрт содан  оны Қаракесек деп атап кетеді. Ал Айнық пен Тегенболат екеуінің  бірдей қарасақал деген жанама  аты болуының мәнісі - айнық сақалы  үлкен кісі екен. Ол дүниеден  ертерек өтеді де, жесірін Тегенболат  алады. Айнықтың баласы Сарбас  және Тегенболоттың балалары  Пұсырман мен Шіңгірдің жанама  атпен «үш қарасақал» атануының  себебі де  осыдан  (қарасақал ерімбет қолжазбасы)  деген шежірелік байыптаулар жасалады.

        Ал  қаракесек бірлестігі  жөнінде ғылыми дәйектер не дейді? Академик Әлкей Марғұлан кете жұрты Сыр бойын моңғол дәуіріне дейін қоныстанып, батыс түрік қағандығына қараған  оғыз тайпаларының бірі, сол отырған мекенінде көшпей қалған ел дегенді айтады. ХІІ ғасыр  мәліметтерінде қидандар қоластына қарайтын 18 тайпаның  бірі хити деп аталыпты. Бүгінгі кетелерде бар  +  таңбасы сол хитилерде де болған. М.Тынышбайұлы  Кете атауын  Сібірдегі  Ачинск қаласынан жүз шақырымдай  теріскейдегі Кет өзенімен де байланыстырады. Оның кіші жүздегі  Жетірудан  басқа рулардың ортақ атауы алшынды осы Ачинск төңірегінде бар үлкен ашын, кіші ашын руларымен бір қатысы жоқ па екен, деп болжам айтуы да көңіл аудартады. 
Кіші жүздің қосалқы атауына айналып кеткен алшын сөзінің шығуы туралы ғалымдар арасында әртүрлі пікірлер бар. А.Бернштам оны көне түріктердің ұйтқы тайпасы ашинамен сабақтасып жатқан сөз деген жорамал ұсынса,   С.Аманжолов «алшынның»  төркінін «алтын» сөзімен байланыстырып, байұлы құрамында алтын руының болуы да бекерден емес дегенді айтады. м.Тынышбай ұлы оны  Герадот «тарихында» айтылатын  б.з.д. V ғасырда қара теңіз жағасын мекендеген «алазон» тайпасының атауын еске түсіреді деп түйеді. Ал Қ.Салғара ұлы оны қазақ тылының сөздік қорында бар – өртеген немесе орылған танаптың орнында біркелкі шығып келе жатқан көк шөп мағынасын білдіретін «алсын»  (алшын)  ұғымынан өрбітіп, моңғол жорығынан кейін бұрынғы Дешті Қыпшақтың батыс аймағында қайтадан өркен жайған жас өскін ел деген мағынада тұжырымдайды. Бұрындары қазақ деген жалпылық мағына орнына да қолданылған «қыпшақ» атауының кейіннен әртүрлі ру бірлестіктеріне  жіктелгенін еске алсақ, бұл да көңіл аударарлық пікір... 
        Бүгін алшын құрамына  енетін рулардың бірсыпырасы татар, башқұрт, қырым татарлары құрамында кездеседі, олар ноғай ордасының негізін қалауға да белсене араласқан.

        Ғылыми дәйектер шекті атауының алғаш көрініс беруі Білге қаған ескерткішіндегі көне жазуда бар «чік» жұрты болуы мүмкін дегенді ортаға тартады. М.Қашқари «Диуани лұғат-ат-түрік» сөздігінде шу бойында шеклі тайпасы мекендейтінін айтады. Осы төңіректе Қаракесекке жататын шөмен  (шөмекеи)  руының да қоныстанғанына қатысты деректер бар. Профессор Н.Кюнердің  «оңтүстік Сібір, орталық Азия және қиыр Шығыс халықтары туралы қытай мәліметттері»  (1961 ж.)  деген кітабында шуми  (шумугун)  жұртының Тарбағатай мен Тянь-Шань аралығында ҮІІ ғасырда мекендегені  көрсетілген. Ол кезде шу бойындағы тайпалар батыс түрік қағандығының құрамында еді. ҮІІІ ғасырдың соңында қарлұқтар оларды екіге бөліп тастайды. Сонда Шу бойын мекендеген шеклі мен шумугун тайпаларының үлкен бөлігі батысқа қарай  ығысқан секілді. Ол бүгінгі шекті мен шөмекей  (шөмен)  руларының бастапқы тегі болса керек. Олардың шағын бір бөлігі қырғыз асып, Атлай тауының шығысына барып қоныстанған сыңайлы. Қазіргі кезде Ош облысының оңтүстік-шығысындағы Сырдария мен Зеравшан өзендері аралындағы таулы аймақта орналасқан  рулар шеклік деген бірлестікке топтасқан. Оның құрамында біздің шөмекей руының  ұранына айналған «дөйтке» ұқсас тойт руы, сондай-ақ қаракесек руы бар. Әрі, осы шеклік бірлестігінің ішінен қазақ арасында бар қыпшақ, найман, қаңлы руларын да кездестірер едік. Осы сабақтастықтардың  өзі де қаракесек пен оның ұрпақтары  боп есептелетін шекті, шөмен руларының әуелден түп-тегі тамырлас көне тайпалар екенін көрсетеді. Әлімнің үлкені боп саналатын шекті елі таңбаларының молдығына қарап-ақ, оның кезінде әлденеше рулар бас қосқан бірлестік  болғанын да аңғару қиын емес. Әлім атауының соңыра қосылғаны да өз-өзінен түсінікті. М.Тынышбай ұлы айтқандай, ол «ру аты ретінде рухани жебеуші болған әлдебір қожаның құрметіне орай қойылуы кәдік». 
        Сонау ғасырларда Шу бойындағы шеклі, шумугундердің бір бөлігі батысқа ығысып, екіншілері алай асып жатқан  заманда тағы бір тобы кейіннен орта жүзге енетін елдер қатарына келіп қосылуы әбден мүмкін. Орта жүз шежірелерінде ірі ру қаракесектің арғын құрамына келіп сіңіскенін меңзейтін тұстардың бар екендігі осындай бір ойларға жетелейді. Сондай-ақ ғылымда  (А.Қоңыратбайев, О.Смирнова)  шектілер бұлғар қыпшақтарының бір сынығы болуы керек деген дәйектер де бар. ХІ ғасырда Еділ бойын мекендеген  бұлғарлардың «шөкли ұлы Алмұш патша» бастаған үлкен бір бөлігі арал теңізі  жаққа ығысқаны туралы мәліметтер де кездеседі. Он екі ата бай ұлыхалық арасында тараған ауізекі шежіреде кіші жүздің қабырғалы бай ұлы бірлестігі он екі атадан  тұрады делінеді. Ғылыми айналысқа түскен мәліметтерде де, жаря боп жүрген шежірелерде де ол көбіне: шеркеш, есентемір, таз, ысық, адай, беріш, байбақты, қызылқұрт, тана, масқар, алаша, алтын, жаппас түрінде тізбектеледі. Бірақ санамалай келгенде, олардың біреуі артық боп тұрғаны байқалар еді. Сондықтан да кейде біраз шежірелерде бай ұлын дағдыдағы «он екі ата» анықтауынша дәлелдеу үшін бір атаны қысқартып жатады. Кіші жүздің батыс бетінің шежірелерінде өздерінен қашықтау Сыр бойы мен ырғыз жақты мекендейтін алтынды санаққа қоса бермейді де, оны бірде: «алтын - қыздың аты, ұзатылған жерінен қайтып келіп, туысы Жаппаспен қоныстас болады, содан алтын-жаппас атанады», - десе, екінші бір шежіреде: «Жаппастың шешесі алтын - орта жүз қыпшақтың қызы екен. Кейбіреулер алтын-Жаппас деп анасын баласына қосып, бай ұлын 13 атаға жеткізеді», - деп түйеді. Келесі бірінде: «алтын  - Жаппастың қызы екен. Адайдың баласы  Келімбердінің Ақпан деген баласына шығыпты. Ақпан мезгілсіз өліп, жесір қалады. Әмеңгершілік заңына көнбей, төркінінің маңына көшіп келіп, өз алдына алтын деген ру болып қалыптасып кетеді», - делінеді. Ал алтын елінің шежірешілері: «бақтысиықтың  (немесе қыдырсиықтың)  бәйбішесінен алтын, тоқалы самса шешемізден жаппас туыпты, екеуі еншілес болғандықтан қатар аталады», - деп түйеді де, өздері тарапынан он екі ата бай ұлына тананы немесе байбақтыны  (екеуін бір-бірінің баласы деп)  қоспайды. Бір шежірелерде он екі атадан кейде қызылқұрт, кейде масқар тысқары  қалып қойып жатады. 
        Бай ұлының қалай он екі ата болып қалыптасқаны жөніндегі осындай бір-біріне қайшы шығып жататын шатасулардың түп-төркіні білгір шежірешілеріміз жүйелеген жіктеулердің айналысқа кеңінен түспей жатқандығына  да қатысты ма дейміз. Мәселен, бай ұлы тармағына арналған толымды шежірелерде Құдярдың бір баласы Қыдырбайдан  (оны Қыдырқожа немесе бай, бай ұлы деп те атайды. Ол бай болғандықтан, ұрпақтары бай ұлы аталыпты дейтін де түсініктемелер бар)  - қыдырсиық, сұлтансиық, бақтысиық  (бақсиық)  туғандығы айтылады. Жеке қорымызда бар  Шеркеш Мақаш әкімнен Беріш Мұрат, Мөңке ұлынан Таз, Есенбектен Адай, Еңсеп Шәуметәй ұлынан қалды делінетін шежірелерде М.Тынышбай ұлына кіші жүздің мәліметтерін дайындап беруге қолқабыс жасаған  профессор Халел Досмұхамед ұлының жіктеуінде де он екі ата бай ұлы осы ыңғайдан тізбектеледі. . 
        Ол тарқатулар бойынша он екі ата бай ұлы дегеніміз әу баста:

1. қыдырсиық

2. бақтысиық

3. сұлтансиық

4. есентемір

5. таз

6.адай

7.беріш

8.алтын

9.жаппас

10. ебеиті

11. ноғайты

12. мадяр - деген аталардың  тізбегінен тұрған көрінеді.  (бүгіндері аты мәлімсіз соңғы елдердің орнын кейде алтынды есептемей: 9.алтытабан, 10.алтыбасар, 11. құлақасқа, 12. дуатайман деген аталармен алмастырып жататын нұсқалар да бар) . Он екі баланың бірі боп есептеліп, бүгіндері аты естілмейтін бұл тайпалар кезінде басқа бір елдер мен ұлттардың қатарына сіңіп кеткен болуы керек. 
Шежірелік сарындарда үш сиықтан тараған аталар тізбегінде бірізділік жоқ. Көбіне сұлтансиықтан тараған ұрпақтар ғана шатастырылмайды. Ал қыдырсиық пен бақтысиық  (бақсиық)  балалары бір-бірімен қым-қиғаш ауысып жатады. Бір шежіреде қыдырсиықтың баласы боп жүрген аталар, келесіде бақсиықтың ұрпағы ретінде аталады. Үш сиықтың ұрпағы жеті атамен шектеледі. Ал қалған аталардың бай ұлына қосылу мәнісін шежірешілер қалай түсіндірер еді. Оның бәрін жинақтай келгендегі ұзын-ырға мына тектес. Аманқожа деген кісі өліп, бай  (қыдырқожа)  оның әйелін алған екен, одан Таз туыпты. Атақожа деген адамның Ештәй, Елтәй деген баласы болған екен. Ештәй ерте өліп, келіншегінің ішінде қалған баланың атын кейін беріш қойыпты, дейді. Енді бір шежірелерде байдың Қанбибі деген қызын Елтай  (ол да жаудан өледі)  алған екен, одан Адай туған. Адай дүниеге келісімен, анасы да қайтыс боп, оны Таздың шешесі Қарамоншақ  (кейде Күнжән)  емізгендігі айтылады. «Аққу менен қаз егіз, адай менен таз егіз» деген мақал осыдан қалған болуы керек, дейді шежірешілер. Ел аузында есентемір басқа жақтың адамы, әуелі байдың жылқышысы боп жүріп, кейіннен бір баласы  атанып кеткен деген әңгімелер де бар.

        Он  екі ата бай ұлын тарқатқан  тағы бір шежірелік сарындарда  Құдярдан - Алқожа, Асанқожа туады.  Асанқожадан - Ерқожа, Қыдырқожа,  Елтәй, Естәй, Ата, Қалпақ. Ерқожадан  - Ожырай, Жаппас, қызы Алтын. Қыдырқожадан - Қыдырсиық, Сұлтансиық, Бақтысиық.  Елтайдан - Адай, Естайдан - Беріш, Атадан - Есентемір, Қалпақтан - Таз. Ерқожаның баласы Ожырай еншіге өкпелеп, кейіннен кетеге сіңген делінеді  (қаракесекке жататын Ожырай кетенің әу баста сырттан келгені туралы аңыз барын еске түсірейік) .

        Мұрат  Мөңке ұлының шежіресінде Құдярдан - Садырқожа, Надырқожа, Нұрқожа,  Асанқожа, Алқожа, Қыдырқожа, Ожырай  мен жаппас - Асанқожаның балалары  боп сипатталады. Есентемір Нұрқожаның  баласы. Нұрқожа жастай өліп, оның  әйелі тастыны Қыдырқожа алған.  Тасты Қыдырқожаға тигеннен кеиін,  одан Алтын туған екен делінеді. беріш - Алқожаның баласы. Шежіре  сарыны Асанқожа мен Алқожа  да жаудан өліп, олардың балаларын  Қыдырқожа қамқорлығына алғанын  айтады. Адай - Қыдырқожаның ғайыптан  пайда болған баласы, шешесі жоқ  болғандықтан, Таздың анасы Күнжән  асыраған екен. Яғни, Жаппас, Есентемір,  Беріш - Қыдырқожаның  (Қыдырбайдың)  ағайындарының балалары болса, Қыдырсиық, Бақсиық, Сұлтансиық, Алтын, Таз, Адай өз балалары делінеді.

       Ауызекі  шежірелердегі  осы тектес қилы-қилы сарындарға қарап-ақ, бай ұлының да тарих көшінде әртүрлі тайпалардың қауымдасуынан келіп құралған бірлестік екенін байыптауға болатындай. Әдетте қазақ шежірелеріндегі  белгілі бір ру, тайпаның діңгегі боп тұрған тұлғалар әлдебір баланы асырап алған екен  (киімді бала) , баласына еншілес еткен екен деп келетін аңыз, әңгімелер, сол аталардың әуелде басқа жақтан келіп қосылғанын меңзеп жататыны бар. Алайда халық шығармашылығы олардың бәрін бір атаның балалары, бір кіндіктен өрбіген ұрпақтар ретінде сипаттап, ағайындас, бауырлас қылып жібереді. 
        Енді бай ұлы аталарына қатысты ғылыми дәйектердегі этнотектік сарындарды қаузап көрелік, кіші жүз елдерінің тарихына көз жібергенде, оларды қазіргі Қазақстан жерінің батыс бетін мекендеген Каспий, Касахя деген  жұрттармен де сабақтастыра қарап жатады. 

        Қытайдың  ҮІІ ғасырға қатысты деректерінде  («таң патшалығының жаңа тарихы»)  Арал мен Каспий  теңізінің аралығын мекендеген елдердің «хаса», «кәс-пи» деп аталғаны Х ғасырдағы Византия императоры Константин багрянороднидің кубоннан шығысқа қарайғы жерлерде «Касахя деген жұрт жатыр» деуі   орыс    жылнамаларындағы    «касог»  ,   грек    тақуасы  Епифәни (ҮІІІ-ІХ ғ.) жазбаларындағы Кавказ төңірегінде мекендейтін «Касогдияне» елдері туралы мәліметтер, «қазақ» атауының осы өңірлерде әуелден-ақ  көрініс бергенін байқатады. Бұл жөнінде Әлкей Марғұланның әрқилы ғылыми деректерді зерделей келе айтқан тұжырымдары бар: «қазақтар арабтар келмей тұрып Арал, Каспий теңізінің төңірегінде хазарлармен байланысты болған. Н.Я. Марр мен Б.Грозний келтірген «қаз», «хаз» сөзі екеуіне бірдей. Хазарлар ортасында «хазаруг», «берішлік» деген екі ұлы қауым болған. Бір тамаша жері беріш осы күнге дейін кіші жүз ұлысының бір ұлы тайпасы...», «...солтүстік Кавказдағы осетиндер Кабарда мен Балқарларды осы күнге дейін «қасақ», «касок», деп айтады... бұл атты Қабарда мен Балқарлар... ерте дәуірден не қыпшақтар заманынан  (Х-ХҮ)  сақтаған болуы керек» деп жазады ол  (Ә. Марғұлан «тамғалы тас жазуы». «жұлдыз». 1984. №1) .

        Кавказдың теріскей жағы, қобан  (кубән)  бойы тарихшы багрянороднидің Касахя деп атаған мекені. Осы Қазақя жеріндегі түрік мәдениетінің белгілерін ғалым Е.П.Алексеев «Древняя и средневековая история карачаево-черкесий»  (1971 ж.)  атты кітабында үш кезеңге бөледі. Оның алғашқы кезеңі ҮІ-ҮІІ ғасырларды қамтып, батыс түрік қағанатының осы төңірекке дейін қанат жаюымен сабақтастырылса, екінші кезең  (ІХ-Х)  бешенектердің  (Сыр бойындағы қаңлы бірлестігінің құрамдас жұрты)  батысқа жылжуымен байланыстырылады. Ал үшінші кезең ХІ ғасырларда осы өңірге лек-лек боп жеткен қыпшақтармен жалғасады. Демек, Қазақя деп аталған, көшпелі өмірге аса жайлы бұл аймақтың таза түріктік бітімі әуелден-ақ дау тудырмайтын ақиқаттардың бірі болған. Тарих осы замандарда Қазақя құрамында  қазыргі қыпшақ тектес қарашай, балқар, құмықтардың арғы бабаларының да болғанын, бәрінің қазақ атымен қауымдасқанын ортаға тартады. Олар ғана емес қабарда, черкес  атты тегі бөлек жұрттар да қазақ атымен танылған.

Информация о работе XX ғасырдың басындағы қазақ ру-тайпаларының құрылымы