XX ғасырдың басындағы қазақ ру-тайпаларының құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 17:31, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысыныц пәні - XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басындағы қазақ ру-тайпаларының құрылымы мен орналасу тарихы Жетісу өнірінің қоғамдық-саяси өміріндегі ерекшеліктерді аңғаруға және бай тарихын тура түсінуге өз септігін тигізе алатын сол тарихи мезгілдегі қалыптасу және даму ерешеліктеріне тарихи талдау жасау болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақ халқы мен мемлекетінің қалыптасу процесін Қазақ жүздерінің тарихынан XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басындағы қазақ ру-тайпаларының құрылымы мен орналасуы териториясының тарихи монографиялар мен анықтамаларды зерттей отырып анықтау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

КІРІСПЕ.docx

— 1.52 Мб (Скачать документ)

       -  Орта жүз қазақ ру-тайпаларының құрылымымен ХІХ ғасырдың басы мен ХХ ғасырдың аяғындағы тарихи жазба беттерінде беретін мәліметтер топтамасы;            

       - Кіші жүз қазақ ру-тайпаларының құрылымымен ХІХ ғасырдың басы мен ХХ ғасырдың аяғындағы тарихи жазба беттерінде;

       - XIX ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басындағы қазақ ру- тайпаларының Жетісу териториясындағы орналасуы Қазақ ру- тайпаларының орналасуы сұрақтары олардың құрылымын зерттеумен тығыз байланысты;

      -  Қапал уезінің географиялық орналасуы ,шаруашылығы , ХХ ғасырдың басындағы санақ бойынша демографиялық жағдайы ;

       - Верный уезінің географиялық орналасуы ,шаруашылығы , қазақ ру тайпаларының орналасуы  мен көші - қону маршруттары жайында;

       - Жаркент, Лепсі уездерінің географиялық орналасуы , шаруашылығы , қазақ ру тайпаларының орналасуы , көші - қону маршруты жайында ХХ ғасырдың басындағы санақ бойынша демографиялық жағдайы ;

        Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы мазмұнында келтірілгендей кіріспемен басталады. Жұмыс екі бөлімнен және қортынды, пайдаланылған әдебиеттер мен қосыша мәліметтерден тұрады.

 

 

 

 

 

                                             НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. XX ғасырдың басындағы қазақ ру-тайпаларының құрылымы.

 

         XIV ғасырдың 50-60 жылдары Қазақстанда халықтарды бөлу жүргізілді және өзбектер, өзбек-қазақтар немесе қазақтар деп аталып жүрген өзбек хандығының жалпы халқынан жекелеген этностарды қалыптастыру аяқталуы қажет болды. Әлеуметтік-экономикалық сипаттағы көптеген жолдар осыған бастады: этникалық территорияның шектері анықталды, соның нәтижесінде ортақ тіл қалыптасты, шаруашылық пен мәдениеттің түрлері, біртұтас материалдық және рухани мәдениет пайда болды, адамдардың санасында біртұтас халық болуға деген ұмтылыстың қарқыны күшейді. Тек соңғы күш қажет болды, ол күш қалың оқиғалардың арасынан жұлқынып шықты.  
        Әбілқайыр ханның (1428-1468) көшпелі өзбектер мемлекетін билеуі түрлі топтардың Жошы әулеті тармақтарының - Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы хан ұрпақтарының қақтығысқан кезеңі болды. 

        "Қазақ"  этносы мен Қазақ хандығының  қалыптасу тарихы туралы    XVI ғасырда Мырза Мұхаммед Хайдар  өзінің "Тарихтың түп-төркіні" - "Тарих и Рашиди" атты еңбегінде  жақсы жазған. Бұл еңбекте       қазақтардың тұрмыс ерекшеліктері,  олардың билеушілері туралы, қазақ  деген аттың берілу себебі  туралы арнайы айтылған.

        Орталық билікке  бағынбаудың нақты себептерінің  бірі көшіп-қону мен халықтың  бір бөлігінің ханның қарамағынан  жаңа мекендерге кетуі болды.  өз қарамағында көшпелі өзбек  мемлекетінің халқы бар Орыс  ханның ұрпақтары Жәнібек және  Керей сұлтандар өздері үшін  беделі жоқ, Әбілқайыр хан Шейбаниге  бағынғысы келмеді.

        1459 жылы олар Әбілқайырға қарсы халық наразылығына басшылық жасап, өздеріне бағынышты халықпен шығысқа қарай көшіп кетті. Олар Моғолстан мемлекетін құрап отырған өздеріне туыстас тайпаның жеріне келді. Моғолстан ханы да қайтып оралған отандастарына Шу және Қозы басы (батыс Жетісу) аймақтарын бөліп берді. Көшпелі халықты "қазақтар" деп атап, бұл ұғым ерекше этникалық мағынаға ие болды. Мырза Мұхаммед Хайдар: "Жәнібекпен және Кереймен кеткендер "қазақтар" деп аталып, бұл ат оларға мәңгілікке берілді", - деп жазды[7, 311-312б]. 

        Халықтың қалыптасуындағы  көп жылдық этникалық процестің  шыңы "қазақ" этнонимі мен  Қазақ хандығының құрылуы болды.  Қазақ хандығындағы халық саны, әсіресе, 1468 жылы Әбілқайыр хан  өлгеннен кейін жаңа тайпалар  мен рулардың көшіп келуінің  нәтижесінде өсті.

        Жаңа этникалық қауымның бірігуіне еш кедергі болған жоқ. Тек Жошы әулетінің басқа бір тармағы - Мұхаммед Шайбани билікке дәмелі болды, бірақ ол да XVI ғасырдың басында өзбек тайпаларын басқарып, оңтүстікке, Орта Азияның территориясына кетіп қалды. Ол жақта Мавреннахрды бағындырып, жаңа этникалық қауымға "өзбек" деген ат берді. Қазақстан жерінде қазақ этникалық қауымы мен Қазақ хандығы қалды және олар қазіргі уақытта да өздерінің географиялық шегінде өмір сүріп келеді.

        Қазақ халқы мен мемлекетінің қалыптасу процесін Қазақ жүздерінің тарихынан бөлмей қарау керек. Бұл үш категория (халық, мемлекет, жүз) тарихи дамудың біртұқтас ағымында бөлінбей, тығыз байланыста болды және "қазақ" этносы туралы сөз болғанда, оларды бір-бірінен бөліп қарамау керек. Енді "жүз" ұғымына нақтырақ тоқталсақ. 

        Жүз - (араб  тілінен аударғанда бүтіннің  бір бөлігі) ірі этно-территориялық  бірлестік немесе тайпалар одағы.  Қазақтарда үш жүз - бүтіннің  үш бөлігі бар - ұлы жүз, Орта  жүз,   Кіші жүз . Жүздердің құрылу себебін тайпалардың шаруашылық қызметінің түрлері мен олар өмір сүрген табиғи-географиялық орталарынан іздеу керек . 

         Қазақстанның  территориясында көнеден келе  жатқан шаруашылықтың басты түрі  көшпелі және жартылай көшпелі  мал шаруашылығы болды. Әрине,  Қазақстанда жер өңдеу жұмыстарының  да негізі ертеде болған Бірақ,  олар шаруашылықтың бұл түрімен  айналыса қоймады.   Ал мал  шаруашылығына келсек, ол XX ғасырдың  басына дейін қазақтардың өмірінде  елеулі роль атқарды.  
        Көшпелі мал шаруашылығының ерекшелігі - малды жыл бойы жайылымда ұстау болып табылады. Шаруашылықтың бұл түрі тұрақты қыстаудың болуын және малды маусымдық жайылымға жаюды қажет етеді: көктемгі, жазғы, күзгі жайылымдар және қыстау. 

        Көшпелі шаруашылықты  жүргізудің мұндай тәртібі көп  ғасырлар бұрын қазақ халқы  қалыптаспай тұрып орнаған. Алайда, ол этникалық прцестердің бір  бөлігі болғандықтан, тайпаның тарихымен  тығыз байланысты болды. Қазақстанның  ұлан-байтақ территориясы оның  әр аймағында белгілі бір тайпалар  шоғырланған табиғи-экономикалық  аймақтардың қалыптасуына себеп  болды. Міне, қазақ қоғамы мен  мемлекетінің даму ерекшелігін  түсіну үшін тайпалар туралы  қысқаша болса да айту керек. 

        Рулық - тайпалық  ұйым - адамдар ұжымының рулар  мен тайпаларға бөлінуі - этникалық  және әлеуметтік қауымның қоғамдық  меншіктің түрі басым болған, адамдардың теңдігі бірдей сақталған,  бүкіл рудың ісі жалпының мүддесі  болып табылған түрі. Руы жоқ  адамның еш құқығы болмаған, ол  басқа руға да бөтен болып  саналған. 

        Көшпелі өркениеттің  өзіне тән ерекшелігі мынада: басқа қоғамдық құрылымға көшу  кезеңінде, мысалы, хандық билікке,  қауымдастық жалғаса берген, яғни  жер мен жайылым бүкіл руға, тайпаға ортақ болып қалды  және әр шаруашылықтың өз меншігінде  қыстауы болды. Билік иелері  хандар, сұлтандар, билер, ру ақсақалдары  қауымдастық принципін шебер  пайдаланып, өз биліктерін жерге  ғана емес, сол жерді пайдаланушыларға  да жүргізді.

Этникалық қауымдар уақыт өте келе сыртқы белгілерін сақтай отырып, үлкен  өзгерістерге ұшырады: Шыңғыс әулетінің  билігі, жеке меншік, әлеуметтік теңсіздік - осының барлығы рулық-тайпалық құрылымның бұрынғы ұғымдарына қайшы келді. Сондықтан қоғамды бөлудің ескіше әдісі сақталды. Ауылдық қауымдастықтар туыстық белгісі бойынша (бір атаның ұрпағы), ал олардың жиынтығы (рулар) тайпаға, тайпалар жүзге біріктірілді. Қоғам құрылымының түрлі сатысындағы басты біріктіруші ретінде жайылымды иелену құқы қолданылды. Ерте заманнан Қазақстанда үш аймақ қалыптасты, оларды белгілі бір халық маусымдық жайылымға пайдаланды.Бұл аймақтар қазақтың үш жүзі негізінде бөлінді. 

        Қазақтардың  жүздерге бөлінуі - тарихи дәрежедегі (категория) мәселе. Ол әлі өзінің  түбегейлі шешуін таба алмай  келе жатыр. Бұл туралы бұрын-соңды  әртүрлі пікір айтушылар, болжаушылар  аз болмаған. Оларды үш тарихи  кезеңге бөліп қарауды жөн  көрдік: Қазан төңкерісіне дейінгі,  Кеңес Үкіметі жылдарында және  тәуелсіз Қазақстан кезінде.

        Батыс  Еуропа мен Ресей тарихи жазба  әдебиеттерінде, орта ғасырда түріктердің  жүздерге бөлініп орналасқаны  туралы мәліметтер кездеспейді.  Тек, Ресей империясының Қазақстанды  отарластыра бастаған кезеңінен  бастап орыс ғалымдарының, саяхатшыларының  жазып қалдырған деректері бар. 1731 жылы Кіші жүзге келген орыс  дипломаты М. Тевкелев қазақтардың  үш жүзге бөлініп жайласқанын жазған[2]. «1731 жылдың аяғында қазақтардың бодандығы туралы келіссөз жүргізу үшін Кіші жүзге келген тілмаш                М. Тевкелев Бөкенбай батырдың айтуынан: «...Қырғыз-қайсақ ордасы үш бөліктен, атап айтқанда: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүзден (Үлкен орда, Орта орда, Кіші орда)» деп жазып алған[3]. Келтірілген үзіндіде М. Тевкелевтің «тілмаш» дегені ол Ресей империясының арнайы Қазақстанға жіберген дипломаты екенін ескеру қажет. Оның үш жүз туралы жазғанына қарағанда, Ресей Үкіметінің әлі де болса қазақтар туралы мәліметтері онша жетік болмағанға ұқсайды. 1731 жылы Кіші жүздың ханы Әбілқайыр Ресей империясына бодан болғаннан кейін, Ресей Үкіметі Қазақстанға әртүрлі мамандарды, солардың ішінде ғалымдарды жыл сайын жіберіп жатты. Олар жаңадан отарласып жатқан жерлердің табиғи-географиялық ерекшеліктерін, байлығын және тарихы мен мәдениетін кешенді көлемде зерттей бастады. Оның үстіне, Ресей үкіметінің чиновниктері мен әскери офицерлері қазақ халқының тарихы туралы өздерінің шамасы келгенше мағлұматтар жинады. Солардың ішінде шығыстану бойынша маманданулы ғалымдар да болды. Олардың жазып қалдырған еңбектерінде Қазақ халқының жүздерге бөлінуіне де  көңіл бөлгені байқалады.  Бұдан кейінгі И. Кириллов, П.И. Рычков,         В.П. Татищев, Г. Волконский, И.Г. Георги, А. Левшин және т.б. Ресей ғалымдары көбінде қазақтардың үш жүзге бөлінгеніне үстіртін тоқталған[4]. Мысалы, В.В. Вельяминов-Зернов қазақтың жүздері ХVІ ғасырдың екінші жартысында Хақ-Назар ханның тұсында бөлінген деген[5].

1.1 Ұлы жүз қазақтарының ру-тайпалық құрылымы мен ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы тарихи жазба беттерінде.

             «Ұлы жүз» деген қазақ ұғымы ұзақ уақыт бойы орыс әдебиеттерінің деректерінде «Үлкен орда», «Аға жүз» және басқа сөздермен жиі бұрмаланып келді. Біріншіден, ол «үлкен», «аға» сөзі өз мағынасына сәйкес келмейді, екіншіден, орда мен жүз екі басқа, үшіншіден, қазақтардың өзі жүз орнына орданы қолданған емес. Не дегенмен «ұлы жүз» сөзін қырық құбылта берудің жөні жоқ. Сондықтан орыс тілді деректердегі «Аға жүз» (старший жуз) қазақтың ұлы жүзіне балама ретінде құлаққа сіңісті болғандықтан осы тіркеске ден қойғанымыз дұрыс секілді.

        Ұлы  жүз ұғымы да қазақтың басқа  тайпалары тәріздес, қазіргі Қазақстанның  оңтүстік – шығысында XV – XVI ғасырлар аралығында пайда болды.  Оған кіретін көптеген рулар  мен тайпалар, зерттеушілер атап  көрсеткеніндей, бұл кезеңге дейін  де, яғни қазақ хандығы мен  қазақ жүздері пайда болғанға  дейін ғұмыр кешіп, тарихта  өзіндік күрделі із қалдырып  келді.

        Бұл  рулар «қазақ халқы» деген  жалпы атау пайда болғанша  Жетісу өңіріндегі байырғы үйсіндер  құрамына енген еді. Бұған шаруашылық  мақсаттан бұрып әскери – қорғаныстан  туған жайлар мықты әсер етті[76, 23б].

     Уақыт өте келе Моғолстанның құрамында терең тамыры бар жер – су, көші –

қон жағынан топтасқан  мәдени қауымдастық дүниеге келді. Халық оларды «ұлы жүз үйсін» деп  атап кетті. Бұны біз ел арасынан жинаған  қазақ шежіресінің әр түрімен  қатар, беделді тарихи мағлұматтар  да растай түседі.

        Ұлы  жүз құрамына: Жалайыр, Шапырашты,  Қаңлы, Шанышқылы, Сіргелі, Ысты, Ошақты, Албан, Суан, Сарыүйсін мен  Дулат енді. Бұл рулар әуелі,  негізінен Жетісу өңірін мекендеп, бара – бара Қазақстанның оңтүстік – батыс, оңтүстік – шығыс бағытына қарай ойысты. Көшпелілердің қыс қыстауы – Балқаш құмының күнгейі, Мойынқұм, Іле, Шу мен Талас өзендерінің бойы, ал жаз жайлауы – Жоңғар мен Іле Алатауы, Тянь – Шань мен Қаратау қыраттарының теріскейіне дейін созылып жатты. Тәуке хан тұсында Ұлы жүзге Төле би түбегейлі билік етті. Ол өлгеннен кейін, XVIII ғасырдың қырқыншы жылдарында Ұлы жүздің шағын бөлігі мен руларын Ресей қарамағына қосқан Жолбарыс хан болды. Бірақ, бұл жүздің қонысы тым қашық болғандықтан, тіпті XІX ғасырдың аяғына дейін, орыс патшалығы үкіметінің құрығы онша жетпеді. Ұлы жүз халқы талай мәрте сырт тараптап басқыншылар шапқыншылығына ұшырап отырды. XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында олардың ата жұрты жоңғарлардың шабуылына тап болды. ХІХ ғасырдың басында Ұлы жүздің басым бөлігі Қоқан хандығының құрамына кірді. Сол ғасырдың аяғына таман Ұлы жүз түгел дерлік отарлау саясатының салдарынан патшалық Ресейге бағынды[2].

       Бұл  жоғарыда көрсетілген тарихи  оқиғалар, әсіресе, көрші мемлекеттердің  қанды жорықтары, рулар мен  тайпалар арасындағы өз қырқыс  – таласы олардың құрамы мен  тарауына, Қазақстанның оңтүстік  – шығыс аймағындағы Ұлы жүз  халқының  өзіндік шаруашылық  – мәдени жағынан екшелуіне  әсер етпей қоймады.

       Бұл  тақырыпты түбегейлі зерттеген  В. В. Востров Ұлы жүздің  рулық құрамы туралы сенімді  мағлұматтар орыс деректерінде  кездесетінін атап өтеді[76]. Ол 1748 жылы Ресей дипломаты А. И. Тевкелев құрастырған Ұлы жүздің рулық құрамы туралы былай дейді: «Үлкен ордада он ру болса, бәрі де бір сөзбен Үйсін деп аталады, ал ол, атап айтқанда, былай болып бөлініп кетеді: Ботбай үйсін, Шымыр үйсін, Динес үйсін, Сиқым үйсін, Әбу үйсін, Сары үйсін, Ұлы үйсін, Шанышқылы үйсін, Қойлы үйсін, Жалайыр».

        ХVІІІ-ХІХ  ғғ. Ресей ғалымдарының ішінде  қазақтардың жүздерге бөлінуіне  көбірек көңіл аударған Орынбор  генерал-губернаторы Г.С. Волконский  «Қырғыз-қайсақ ордаларының жай-күйі  туралы түсінігінде» жүздер туралы  біршама мәліметтер берген.Ұлы  жүздерге кіретін тек алты  тайпаны жазған: дулат, сіргелі,  сары үйсін, жалайыр, қаңлы,  шанышқылы. Аталмай қалғандары: албан,  шапырашты, суан, ысты, ошақты тайпалары  туралы айтылмаған. Автор өзі  атаған тайпалардың сандарын  шаңырақ саны бойынша берген: дулаттар - 40 000 шаңырақ; сіргелі - 20 000; сары үйсін мен жалайырлар - 70 000; қаңлылар мен шанышқылар - 3000 шаңырақтан тұратынын тілге тиек еткен. Ұлы жүзге кіретін тайпалардың саны 133 000 шаңырақ болғандығын көрсеткен[5].

        Бұл  мәліметтерді бағалауда В. В.  Восторовтың «бұлар толық та  дәл емес» деуінің жаны бар.  Шын мәнінде Тевкелев түзігінде  Ұлы жүздің ежелгі рулары Ошақты  мен Шапырашты енбей қалып,  Дулаттың орнына оның төрт  тармағы (Ботбай, Сиқым, Шымыр  мен Жаныс) алынады; ал, Албан  мен Суан бірігіп, Албансуан  деп беріледі; оның үстіне рулар  мен тайпалар түбірімен шатастырылады[76,24б]. Осы тәріздес кемшіліктерден П. И. Рычковтың мағлұматтары да құралақан емес. Ол «Жаныс, Сиқым, Шымыр, Сүйік, Құйық...» деп таратады.    

       Бұл түзімде Ұлы жүзге енетін Дулат руының Жаныс, Сиқым, Шымыр аталары келтіріп кететіні байқалады, одан кейін, Үйсін, Қаңлы, Шанышқылы, Албан, Суан мен Ысты тіркеледі. Бұл қателерді қайталағанда П. И. Рычков М. Тевкелевтің жоғарыда көрсетілген кемшіліктеріне ұрынады.

        Ұлы  жүздің рулық құрамы туралы  ХІХ ғасырдың аяғына тән архив  қазынасы да бар. «Үлкен Орданың  қырғыздары (қазақтары), — дейді  ол құжатта, — түгел өздері  Үйсін деп аталады. Олар төмендегідей  болып бес руға бөлінеді: 1. Дулат, 2. Албан, 3. Жалайыр, 4. Шапырашты, 5. Суан».  Оған қоса, бұл құжатта кішігірім  рулар мен тайпалар туралы  мәліметтер келтіріледі. Жоғарыда  аталған рулар Ұлы жүздің құрамына  енсе де, олар толық емес. Олардың  ішінде Қаңлы, Сіргелі, Шанышқылы,  Ысты, Ошақты мен Сарыүйсіндер  мүлде жоқ.

Информация о работе XX ғасырдың басындағы қазақ ру-тайпаларының құрылымы