XX ғасырдың басындағы қазақ ру-тайпаларының құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 17:31, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысыныц пәні - XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басындағы қазақ ру-тайпаларының құрылымы мен орналасу тарихы Жетісу өнірінің қоғамдық-саяси өміріндегі ерекшеліктерді аңғаруға және бай тарихын тура түсінуге өз септігін тигізе алатын сол тарихи мезгілдегі қалыптасу және даму ерешеліктеріне тарихи талдау жасау болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақ халқы мен мемлекетінің қалыптасу процесін Қазақ жүздерінің тарихынан XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басындағы қазақ ру-тайпаларының құрылымы мен орналасуы териториясының тарихи монографиялар мен анықтамаларды зерттей отырып анықтау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

КІРІСПЕ.docx

— 1.52 Мб (Скачать документ)

       Қазақ  халқының ата-бабасынан бері руларға,  тайпаларға және жүздерге бөлініп  өмір сүргенін зерттеуге тыйым  салынған. Сол тақырыппен айналысқан  зерттеушілерге «ұлтшыл» айдарын  таққан. Солай болса да, осы қиыншылықтарға  қарамастан, қазақ халқының келіп  шығуын, рулары мен тайпаларын  зерттеуші ғалымдар болған. Олардың  қатары онша көп емес: М.Б. Ақынжанов,  С. Аманжолов және т.б.

      М.Б. Ақынжанов қазақ халқының этногенезімен айналысқан ғалым. 1954 жылдың 30 қаңтар мен 6 ақпан күндері арасында Ташкент қаласында «Научная сессия, посвященной истории Средней Азии и Казахстана в дооктябрьской период» атты ғылыми жиналыс болды. Осы мәжілісте          М.Б. Ақынжанов қазақ халқының этногенезі туралы сөз сөйлеп, өзінің ғылыми тұжырымына тоқтала келіп, оған қарсы шыққан В.Ф. Шахматов пен И. Толыбековтерді сынай келіп, олардың қазақтардың егіншілік және мал шаруашылық меншіктерінің бір-бірімен байланысы жоқ дегенін бекерге шығарды[17]. «Термины «қыстау» и «күзеу» появляются в арабских и китайских источниках VІІ-VІІІ вв. н.э. Если мы согласимся видеть в «қыстау» частную форму владения землей, то можем приблизительно определить время появления частной формы землевладения в VІІІ-ІХ вв., что совпадает со временем возникновения феодализма в Казахстане»[18].

       Қазақ халқының тұрмысында «қыстау» мен «жаздау» (жайлау) және «күздеу» терминдері (атаулары) ерте замандарда болған. Олардың VІІ-VІІІ ғасырларда келіп шықты деудің қисыны келіңкіремейді. Орталық Азияны мекендеген түріктердің, солардың бір бөлігі қазақтардың жылдың төрт мезгіліне арналған қоныстары, ежелден осылай аталып келген. Отырықшылық қолайлы жерде егін еккен, мал ұстаған және мал өсіретін аймақтардағы қоныстарын: жаздау, жайлау, күздеу, қыстау деп, жылдың мерзімдерінің атымен атаған. Осы аймақтар антикалық дәуірде басталып, ол бүгінге дейін мәнін жоймаған. Себебі, өздерінің жайлаған жерінің шөбін үнемдеп пайдаланған.

       М.Б.Ақынжанов қазақ халқының табиғи-географиялық, саяси, экономикалық және мәдени жақтарының негізінде «Қазақтың тегі атты» кітабын ана тілінде жариялады.  Оның көлемі 162 бет болса да, Кеңес Үкіметі жылдарында өз халқының этногенезисіне қалам тарту батырлықтың нышаны екенін мойындауымыз қажет. Өйткені қазақтың рулары мен тайпаларына және жүзге бөлінулеріне тоқталмайынша, бұл мәселені зерттеу мүмкін емес. Өйткені ежелден қазақтар ру, тайпа және жүздерге бөлініп қоныстанған. Міне, М.Б. Ақынжановтың қазақ халқының шығу тегі туралы жазылған еңбегіне коммунистік көзбен қарап, бірқанша гуманитарлық ғылымның уәкілдерінің сынына түсіп, авторға «ұлтшыл» айдарын таққан. Олардың ішінде өзімізден шыққан «қызыл» тарихшыларда болған. Сондықтан да, Кеңес Үкіметі жылдарында жарық көрген бес томдық «Қазақ ССР тарихында», кейінгі «Қазақстан тарихында» М.Б. Ақынжановтың жазған ғылыми еңбектері ескерілмей қалғаны кездейсоқ жағдай дей алмаймыз. Оның айыбы қазақ халқының ру, тайпа және жүздерге бөліну тарихын жазғандықтан болса және оның еңбектері ана тілінде жарияланған.  Тарихымызды жазушылардың көпшілігі орыс тілінде жазатын әдетке айналып, қазақ тілінде жазылған еңбектерге немқұрайды қараған. Орыс тілінде шыққан деректерді әлі күнге дейін жалықпай, бірінен-бірі көшіріп жазып келе жатыр. Бұл әлі күнге жалғасуда. Қазіргі кезде бұл жағдай бара-бара түзелетін шығар деген үміттеміз. Өйткені «Қазақ тарихы» қазақ халқы үшін жазылады. Алдымен осы халықтың тарихына тиісті ғылыми еңбектер сол ұлттың тілінде жазылып, ел арасына кең таралуы тиіс. Содан кейін жарық көрген тарихи еңбектер қажеттігіне байланысты шет елдердің тіліне аударылуы керек. Қазіргі кезде үкіметіміз де, халқымыз да осы пікірді қолдай бастады.

       Осындай  жағдайда белгілі ғалым, шығыстанушы  С.Аманжолов зерттелмей келе жатқан  қазақ тілінің диалектологиясы  мен тарихын зерттеп, 1948 жылы докторлық  диссертация қорғап, филология ғылымдырының  докторы дәрежесін алды. Бұл жұмысты  жан-жақты бірнеше  жыл зерттеп, 1959 жылы «Вопросы диалектологии  и истории казахского языка»  атты құнды монографияны жарыққа  шығарды. Көлемі - 451 бет. Кітаптың  алдыңғы сөзінде автор: «В основу  данной книги легла докторская  диссертация автора, защищенная  в 1948 году. После этого она автором  несколько раз перерабатывалась  и дополнялась (1949-1950 гг., 1951-1953 гг., 1954-1955 гг., наконец , в 1956-57 гг.)»[18,6-б.].

   Еңбектің нәтижесінде   өте құнды ғылыми еңбекті дүниеге  әкелген. Бұл монография тек  қазақ тілінің тарихына ғана  емес, оның азаматтық тарихына  және қазақ халқының келіп  шығу тегіне байланысты деректерге  бай. Еңбектің үшінші «К истории  образования языка казахской  народности» тарауында жүздердің  тарихына шолу жасап, өзінің  көзқарасын білдірген: «Теперь  перед нами встали вопросы:  что означает само слово «жуз»,  когда и чем вызвано такое  деление у казахов? Однако по  этим вопросам наши историки  опять-таки либо молчат, либо придерживаются  взглядов старых востоковедов, хотя  они и не выдерживают критики».

      Ғалымның  бұл айтқанынан ашық-айқын байқалып  тұрғандай, қазақ халқының тарихын  зерттеушілер бұл өзекті мәселелер  жөнінде айтарлықтай ешнәрсе  істемей, тек Ұлы Қазан төңкерісіне  дейінгі ғалымдардың айтқандарын  қайталаумен шектелген. Біздің  тарихшылардың бұл мәселеге немғұрайды  қарауларының себептеріне жоғарыда  тоқталғанбыз.

      Сондай  жағдайға қарамастан С. Аманжолов  өзінің зерттеу жұмысында «жүздер»  мәселесіне тоқталмай кете алмаған.  Себебі, қазақтардың алуан түрлі  тұрмыстары ру, тайпалық және  жүздерге бөлініп өмір сүруімен  тығыз байланыста қарағанын былайша  жазған: «Мне кажется, что выяснение  вопроса происхождения или образования  жузов в истории казахов является  весьма важной, неотделимой частью  вопроса этногенеза. Не уяснив  себе эту проблему, невозможно  решить вопрос об образовании  казахской народности и ее  единого языка. Эти вопросы  тесно связаны с образованием  местных территориальных диалектов,  ибо такое деление надо рассматривать  и как обособление более мощной  единицы - союза племен, и как  прочный союз родственных племен, весьма близких по языку» [18,106-б.] .

      Ғұламаның  осындай ғылыми тұжырымына бірнеше  қазақ тілшілері мен тарихшылары  қарсы шығып, коммунистік идеологияның  бағдарламасына сүйеніп, С. Аманжоловқа  «ұлтшыл, рушыл» деген айдар  тағып, оның ғылыми-творчестволық  еңбегіне айтарлықтай тосқауыл  жасағанына тарих куә. Шынайы  ғалым өзінің зерттеу жұмысын  жалғастырып, қазақ тілін және  тарихын зерттеуге үлкен үлесін  қосып, қазақ жүздерінің келіп  шығуын қолындағы деректерге сүйеніп, VІІ-ХІ ғасырлар еншісіне жатқызып, олардың осы аймақта тайпалық одақ құрып, өздерін-өздері қорғаған деген тұжырымға келген.

      Жоғарыдағы  тоқталған М.Б. Ақынжанов, С.  Аманжоловтардан басқа қазақ  жүздерінің пайда болуы туралы  ешкім қалам тартпады. Тек, жалпылама  жүздерді атаумен шектеліп келді: 1941 жылы жарық көрген «Очерки  по истории Казахской ССР», 1943 және 1949 жылдары басылған: «История  Казахской ССР» кітаптарында  жүздердің ХVІ-ғасырда келіп шыққанын  қайталаумен шектелген[19]. Бұл тарихи  кітаптарда қазақ жүздерінің  шығуын қазақ хандарының саяси  бөлшектенуімен және феодалдық  жер иеленушілердің келіп шығуынан  деген тұжырымға келген. Бірақ  бұл пікірлер ғылыми тұрғыдан  дәлелденбеген, қисыны келіңкіремейтін  пікірлер деп қараймыз. Сөйтіп, жүз  мәселесі осылай шешуін таппай  қала берді.

      Өткен ғасырдың 70-жылдарында жарық көрген «Қазақ  Совет энциклопедиясында» жүздер  туралы: «Жүз ХV-ХVІ ғасырларда  Қазақстан жерінде қалыптасқан  ру-тайпалық бірлестіктер... Қазақстанның  табиғи ерекшеліктеріне, онда  ежелгі заманнан бері мекендейтін  көшпелі тайпалар мен рулардың  шаруашылық және саяси жағдайларына  байланысты «үш жүз» деп аталатын  бірлестіктер пайда болды»[20]. Келтірілген  үзіндіде жүздердің келіп шығу  уақыты нақты айтылғанмен, оған  этникалық мән беріп, қазақтың  рулары мен тайпаларының саяси-шаруашылық  табиғи ерекшеліктерінің бірлестігі  нәтижесінде келіп шыққаны баяндалады. Нәтижесінде, қазақтың жүзге бөліну  тарихын зерттеу дағдарысқа ұшырады.  Тарихшы Т. Сұлтанов: «Бізде жүздердің  қашан және қалай құрылғаны  туралы нақты мәліметтер жоқ.  Шығыстың азын-аулақ деректерінде  қазақтар туралы ешнәрсе айтылмайды»[21]. Ғалымның қазақтың жүздерге бөліну  проблемасына шешілмейтіндей қарауы  кездейсоқ емес. Өйткені автор  мәселенің шынайы зерттелмей, тарихи  бұлақтардың ізделмей жатқанын  ескермеген. Оған қоса, автордың  қазақ тілінде жарық көрген  деректерді есепке алмағаны аңғарылады. Қазақтардың жүзге бөліну мәселесі  осылай шешімін таппай қала  берді.

      Сөйтіп, Кеңес  Үкіметі тұсында жарық көрген  ғылыми еңбектерде де бұл мәселе  «жол жөнекей» қаралып, ыждаһатты  зерттелмегенін білеміз. Себебі, бұл мәселе бойынша айтарлықтай  жаңа деректер жеткіліксіз болған. Оның үстіне, коммунистік идеология  рулардың, тайпалар мен жүздердің  шығу тарихын зерттеу ісіне  «қырғи қабақ» танытқанын жоғарыда  айтқанбыз. Сол кезеңдегі идеология  мұндай этникалық бөлшектенуді  зерттеу Кеңес Одағы халықтарының  «бірлігіне кері әсер етеді»  деген жалған пікірге сүйенген. Әсіресе, бұндай керітартпа пікірлерді  елбасқарушы шенеуніктер құрал  ретінде пайдаланды. Олардың «жүзге  бөлінгеннің жүзі құрысын» сияқты  сөздері қазақ халқының жүздерге  бөліну тарихын, рулар мен тайпаларды  ғылыми тұрғыдан зерттеу ісіне  балта шапқанмен тең болды.

      1990 жылы  Кеңес Одағы ыдырап, оның құрамындағы  Қазақ КСР-і өз алдына тәуелсіз  Қазақстан Республикасы болып  құрылғаннан кейін, коммунистік  идеологиялық құрсау құлады. Қазақ  халқының тарихында да жаңа  көзқарастар пайда болды. Бұл егемендігіміздің арқасы. Егемендік дегеніміз - қызыл сөз емес, ол құны жоқ асыл ұғым. Ол қазақ халқының ғасырлар бойы жүргізген азаттық күресінің жемісі. Оны әрбір саналы қазақ түсініп, елін, халқын өркениетті күшті елге айналдыруға атсалысуы тиіс. Осындай жағдайда халқымыздың шынайы тарихын жазуға мүмкіндіктер туды. Кеңес үкіметі тұсында, соңғы уақытта жарық көрген еңбектерді сараптап, толықтырып, ой елегінен өткізіп, қазақтардың жүздерге бөлініп мекендеуін шынайы ғылыми деректерге сүйеніп жазуымыз керек.

   Бұрын жарық көруі  қиынға соғатын деректер жарыққа  шыға бастады. Жүздер тарихы  «Қазақ шежіресі хақында»[22] атты  еңбек те және бес томдық  «Қазақ ССР тарихы» 1996-2000 жылдардан  бастап «Қазақстан тарихында» (бұрынғы  Қазақ ССР тарихының 1, 3 - томдары)  азын-аулақ өңделіп, жарық көрді.  Оның ІІ томында: «Қазақ жүздері.  Этникалық аумақ» деген арнайы  тақырып берілген. Мұнда жүздер  тарихына біршама кең тоқталуға  тырысқаны байқалып, оған мынандай  анықтама берген: «Кез келген  этноәлеуметтік организмнің (ЭӘО)  өз аумағы шегінде экономикалық  байланыстардың белгілі бір қауымдастығы  болады. Қазақ халқы мен оның  этникалық аумағының құрылу, қалыптасу  дәуіріндегі белгілі бір шаруашылық-мәдени  үлгі (ШМҮ), этносаяси процестер негізінде  қалыптасқан ірі этноаумақтық  тайпалар бірлестіктері (немесе  одақтары) - жүздер этноәлеуметтік  организмнің жоғары санаттарының  бірі болды. Қазақтар тарихындағы  мұндай бірлестіктер - Ұлы жүз,  Орта жүз, Кіші жүз»[23].

      Бүгінгі таңда патшалық Ресейдің Жетісу өлкесіндегі отаршылдық саясатына қатысты зерттеулер біршама бар болғанымен, оның әскери - әкімшілік орындарының қызметіне көп көңіл бөлінбеген. Оның басты себебі әскери - әкімшілік мекемелерін құрал ретінде пайдаланған патша өкіметі өзінің империялық саясатының "көлеңкелі" тустарын көпшілікке жария етпеуге тырысып бақты. Отарлау барысын баяндайтын еңбектер революцияға дейінгі кезеңдерде жарық көрді. Қазақ елінің Ресей империясының қол астына өтуінің тарихнамасы өзінің даму барысында ұзақ және күрделі жолдардан өтті. Соған қарамастан, осы күрделі Мәселеге қызығушылық пен ықылас таныту Қазақстан азаттық алғаннан бері күшейе түсті.

Революцияға дейінгі деректік материалдардың қүндылығы әлі де болса өз маңызын жоя қоймаған. Көптеген фактілерді түрлі ұстанымдағы  көзқарастарды молынан берулерінде  еді. Бұл ретте әсіресе Ресей  саяхатшыларынан қалған мұраның  орны ерекше. Себебі қазақ даласының  Ресейдің қүрамына енуі, оның откен  тарихын зерттеп, табиғи ресурстары мен өндіргіш күштерін анықтауды қажет етті. Әсіресе, 1861 жылғы реформадан кейінгі Ресейдің әлеуметтік-экономикалық дамуы тез қарқынмен алға басып, жаңа рыноктық қатынаста тез және сеніммен күш алып, жедел дамып келе жатқан өнеркәсібі мен саудасы үшін барған сайын арзан шикізат көздерін талап ете бастады.

       Сондықтан  күн тәртібіне отарлық шет  аймақтардың байлықтарын игеру,  олардың ресурстарын анықтау  жэне түбегейлі зерттеу мәселелері қойылды. Бұл істе орыс географиялық қоғамына едәуір міндет жүктелді. Патша өкіметі XIX ғасырдың II жартысында көптеген жергілікті өлкетану қоғамдарының алдарына Қазақстан саясаты ұлттық шет аймақтарға ғылыми экспедицияларды жарақтандырып, бұл өлкелерге қатысты географиялық, статистикалық, геологиялық этнографиялық жэне басқа материалдар жинақтап, оларды өндеп, тиесілі мекемелерге тарату міндеттерін қойды.Олар өз еңбектерінде өлкеге жағрапиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар XIX ғасырдың I жартысында орын алған саяси жэне әлеуметтік-экономикалық өміріне жалпылама түрде сипаттама береді. Мәселен, сол ғасырдың 50 жылдарының аяғынан бастап-ақ өлкеде ғылыми және әскери мақсаттармен П.П. Семенов-Тянь-Шаньский, Ш.Ш. Уәлиханов, А. Голубев, М. Венюков, Н. Северцов, А.И. Макшеев және тағы басқалары зерттеу жұмыстарын жүргізді [24, 60 б.].

       Ал, М.Венюков  болса керісінше Ресейдің отаршылдық  саясатын "орыстардың ұлы өркениеттік  миссиясы" ретінде бағалап, патша  өкіметінің шет аймақтардағы  отарлық билік жүйесін нығайта  түсуіне байланысты өз ұсыныстарын  білдірген [25].

Информация о работе XX ғасырдың басындағы қазақ ру-тайпаларының құрылымы