Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 17:31, дипломная работа
Диплом жұмысыныц пәні - XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басындағы қазақ ру-тайпаларының құрылымы мен орналасу тарихы Жетісу өнірінің қоғамдық-саяси өміріндегі ерекшеліктерді аңғаруға және бай тарихын тура түсінуге өз септігін тигізе алатын сол тарихи мезгілдегі қалыптасу және даму ерешеліктеріне тарихи талдау жасау болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақ халқы мен мемлекетінің қалыптасу процесін Қазақ жүздерінің тарихынан XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басындағы қазақ ру-тайпаларының құрылымы мен орналасуы териториясының тарихи монографиялар мен анықтамаларды зерттей отырып анықтау.
Ә.Марғұланның Қабарда мен Балқарларды «қазақ» деп атайды деуінің мәнісі осында. ХІІІ ғасырдағы моңғол жорығы Дешті Қыпшақтың батысындағы Қазақяны да шайқап өтті.
Бай
ұлы құрамындағы беріш руы
атауының ізін де зерттеушілер
ескі тарихтан тарқатады. М.
Тынышбайұлы оның бір сілемін
Сібірдегі шүлім өзенінің сол
жақ саласы - беріштен, сол маңдағы
берішкөлден, Симбирск
Бай ұлы сөзінің
мағынасы шежірелерде «байдың ұлдары,
ұрпақтары» деген ұғымда түсіндіріліп
жатады. Ал осы сөздің тарихи деректердегі сілемін
тағы да қалың түрік жұрттарының бір ата-мекені
Алтай айналасынан ұшырастырар едік. «Таң
әулеті мәліметтерінің жинағы» атты көне
қытай дерекнамасының дәйектеріне қарағанда,
түрік тілдес көшпелі жұрттар қауымдастығы
теле (төлес) тайпалар бірлестігіне кіретін
он бес елдің бірі бәйегу деп аталыпты.
Ол қытай жазбаларында бәйгу, бәгу, бәйегу
түрлерінде де кездеседі. Профессор Н.Кюнердің
анықтауынша, бәйегулер ҮІІ ғасырда қазыргі
моңғол жерінің теріскейі мен Байқал маңын
мекендеген. Дерекнамада бұл «мемлекеттің 10000
жауінгері, 60000 тұрғыны бар, бәрі де бай»
екені айтылады. Теле бірлестігіне енетін
он бес елдің қуаттыларының бірі сеянто
тайпасы қыпшақтардың қытай деректерінде
көрініс берген бұрынғы атауы дейтін пікір
бар (Кляшторный) . Бәйгу, бәйірку тайпасы
да кейіннен қыпшақтар секілді күшейіп,
сегіз-байырқу, тоғыз байырқу деген тармақтарға
бөлініп кетті. Теле бірлестігіндегі тайпалар
арасында байырқу елінің беделі үлкен
болғандығын еске алсақ, кей тайпалар
өздерін оған теліп «бәйегуміз», «бәйгуміз»
деп айтуынан, ол келе-келе «бай ұлына»
айналып кетуі де ғажап емес.
Осы орайда әлгі
он бес тайпаның бірі әдие деп аталатындығы
да көңіл аудартады. Қытай деректері бойынша,
ҮІІ ғасырда Онон өзені бойын жайлаған
осы көшпелі жұрттың атауынан бүгінгі
адай руының аты елес бергендей болар
еді. Ғылыми деректерде адай атауының
шығуы туралы басқалай топшылаулар да
бар. Солардың арасында оны ж.с.д. ІІ ғасырда
өмір сүрген көне «дай» тайпасының жұрнағы
болуы керек деген пікірлер көбірек айтылады.
Кейіннен дайлардың ұрпақтары қаңлылардың,
содан соң оғыздардың құрамына да енген.
Оғыздар «дайлар» мекендеген маңғыстау
түбегін арал ретінде ұғынып, осы «ада» (арал) тұрғындарын
«адай» (аралдықтар) деп атапты, делінеді.
Оғыз мемлекеті дәуірлеп тұрған ІХ-Х ғасырларда
оның құрамына түрікмендер мен адайлар
қатар енген еді. ХІ ғасырда адайлар болашақ
қазақ руларын ұйыстырған қыпшақ бірлестігінің
құрамына енеді. Осы кезде олар жем, ойыл,
сағыз бойын жайлайда. Адайлар кейіннен
Алтын Орданың, одан соң Ноғай ұлысының
құрамына енеді.
Ноғайлы дәуірінің жырлары кіші жүз өңірінде ерекше мол сақталған. Олардың арасында қазақ пен ноғайдың айырылуына арналған қаря сөздер де бар. Ноғай ұлысы ішінде өткен үздік-создық шайқастар, оның бір бөлігінің ресейге тәуелді болуы ақырында елдің ыдырауына әкеп соқты. М.Тынышбайұлы ноғай ұлысы құрамындағы алшындардың бір тобы 16 - ғасырдың екінші жартысының өзінде қазақтарға келіп қосылды, ал 1600 -жылдары едіге би тұқымы Орманбет би өлген соң алшындардың соңғы елеулі тобының да қазақтарға ауа көшуінің нәтижесінде қазақ-ноғайдың айырылысуы түгел аяқталған еді, деп жазады.
Кіші
жүз ішіндегі ноғай-қазақ руы
да сол ноғай ұлысы заманында
қоян-қолтық боп сіңісіп
бай ұлы құрамындағы рулардың бірі масқар
туралы тарихи деректерді байыптағанда,
батыс Моңғолияда мекендейтін түрік тектес хотон
жұртына енетін жеті атаның бірі масқар
аталатындығы назарға ілігер еді. Осы атаның
хотоннан бөлініп, батысқа қоныс аударуы,
араласа-құраласа жүріп, қазақ халқының
құрамына енуі әбден мүмкін. Сондай-ақ
масқардың бір атасы қырықсадақ аталады.
Ал дәл осындай ата қарақалпақтың кәндеклі
руының құрамында, өзбектерде кездеседі.
Қазақтың шанышқылы руы балық атасының
да қырықсадақ тармағы бар.Таз руы атауының да
бір сілемі Алтай төңірегінен ұшырасады.
Енисей өзенінің бір саласы - Таз. Осы төңіректегі
«орман халықтарының» бірі ертеде тас
аталыпты («Моңғолдың құпия шежіресі»)
. Бір замандарда солармен қатар мекендеген
қырғыздың Сарыбағыш руының бір атасы
таздар аталады. Таз - тыба, башқұрт елдерінің
құрамында да кездеседі. Таз - ұлы жүздің
жалайыр, ысты, албан орта жүздің ашамайлы
керейінің де бір атасы. Кіші жүздің таз
руы құрамындағы абдал тармағының атауы,
оны сонау ІҮ-Ү ғасырларда кіндік Азия
жерінде мемлекет құрған тайпалар бірлестігі
эфталидтер (ақ хұндар) дәуіріне де сабақтастырғандай
болар еді. Ғылымда эфталидтер түрікменнің
шаудыр руына енетін абдал тайпасының
арғы тегі ретінде танитын пікір бар екенін
ескерсек, таз құрамындағы Абдалдың түбі
де эфталидтардан тармақталады, деген
топшылаудың қисыны келеді.
Қызылқұрт руының көсеу таңбалы
болуы, оны ұлы жүздің көсеу таңбалы ысты
руындағы қызылқұрт атасымен байланысы
барын байқатқандай болады, дейді ғалымдар
В.Востров пен М.Мұқанов. Жалпы қазақ рулары
таңбаларының бірдей шығуы кездейсоқтықтан
гөрі, сабақтастыққа көбірек жуысады.
Осы тұрғыдан алғанда, ілгері замандарда
бұл аттас екі рудың бір-бірімен ішек-қарын
араластырған туыстық жағдайы болуы да
ғажап емес. Сондай-ақ қырғыздың сарұ тайпасында
да қызылқұрт руы бар.Алаша руы туралы тарихи
деректер шамалы. Н.Аристов оны Саян-Алтай
төңірегін мекендеген ежелгі Динлин жұртымен
қатысы бар болса керек деп топшылайды.
Түрікмендердің сарық бірлестігіне енетін
бес атасының бірі алаша аталады. Оны Қырым
татарлары құрамынан да кездестіреміз.
Кіші жүздің жеті ру бірлестігіне енетін рулардың шығу тегі туралы шежірелік сарындар да бекәріс ұрпақтары - ағалы-інілі арғымақ пен алау есімдерінен бастау алып жатады. Әуелі арғымақтан телеу туған екен дейді. Ол рамаданды өзіне еншілес қылып алады. Жәугершілік, шапқыншылық көп сол заманда алау батырға да әр жылдарда басқа жақтардан садыр, надыр, қылуар, садбан деген балалар (жігіттер) келіп паналап, оның баласы әлшінмен еншілес атанады. Кейіннен Садырден - тама, табын, Надырдан - кердері, қылуардан - керейт туады. Садбаннан қарақатыс (жауырыншы) , одан - мілде, одан - елеу мырза туады. осы елеуден он екі ата жағалбайлы тарайды.
Шежірелер
әрі қарай алшын Құдяр деген
баласын кешірек көреді де, ол
ерке, сотқар болып өскен екен
деп жалғастырады. сондықтан да
ел оған Құдяр тентек деген
ат қояды. Құдяр кейіннен
Қазақ руларының тарихына қатысты ғылыми зерттеулерде жеті ру Тәуке хан кезінде осы атпен топтасқан қауымдастық деп түсіндіріледі. Деректерге зейін жіберер болсақ, жеті ру бірлестігіне енетін елдердің де түп-тегі көне замандарға кететінін байқар едік. Халық аңыздарында жеті рудың үлкені боп есептелетін телеу атауына ұқсас бірлестік атын біз тағы да сонау Алтай айналасынан ұшырастырамыз. Көне қытай жазбаларында Ү ғасырдан бастап қазыргі Моңғол жерін мекендеген түрік тілдес көшпелі жұрттар теле (төлес) елі деп аталатыны айтылады. с.Кляшторныйдің жазуынша, теле тайпаларының біраз бөлігі ҮІ ғасырға дейін-ақ қара теңіз бен Кавказдың теріскейіне қоныс аударған. Теленің бір сілемі қырғызға да жеткен. Олардағы шеклік бірлестігінің бір тармағы төлес деп аталады. Тыба халқының құрамында да теле руы бар.
Кердерінің әуелгі тарихын ғалымдар ж.с.д. ІІ ғасырында ғұндардың жойқын шабуылына ұшыраған юечжи елінен тарқатуға бейіл танытады. Көне қытай жазбалары бойынша, бұрын шығыс еренқабарға төңірегін қоныс еткен юечжилердің (оны қытайда тұратын қазақ оқымыстылары «иүзлер» деп аударады) көп бөлігі сол үркіншіліктен Амудария алабына дейін ауады. Олар қытай дерекнамасында ұлы юечжилер (иүзлер), ал көшіп кете алмай атақонысында қалғандар кіші юечжилер (иүзлер) деп аталған. Амудария жаққа жеткен юечжилерді Еуропа тарихшылары кидәрит-күңдер деген атпен таниды. Сол кидәриттерден кердері атауы туындаған. Ғылыми деректер Х ғасырда Арал теңізінің кердері аталғанын, Амударияның екі бетінде сол аттас қала болғанын да алға тартады.
Кереит елінің тарихы көне жазба ескерткіштерде ҮІІ ғасырдан аты
белгілі онон , керулен
, арғұн өзендерінің аумағын
Тамаға ұқсас атауды «Рәшид-ад-дин» жылнамасынан
кездестіреміз. шежіреші қырғыздармен
қоңсылас жайлаған жәуінгер тұма халқы
туралы айтады. Бұл жұрт Шыңғыс ханға бірнеше
рет қарсы көтерілген. Сол үшін оларды
моңғолдар аяусыз жазалаған. Тамалар башқұрттардың,
ноғайлардың қырғыздардың құрамында жеке
ру түрінде кездеседі.
Табын елі атауының да әуелгі іздерін алтай айналасынан ұшырастырғандай болар едік. Сол маңайда табын тауы, табун өзені секілді атаулар бар. Табын - башқұрт халқы құрамындағы ірі рулардың бірі. Зерттеушілер табын тайпасы батыс қазақстан өңірін моңғол жорығына дейін де жайлаған сыңайлы дегенді айтады. Ғалым С.Руденконың зерттеуінше, моңғол жорығы басталмай тұрып-ақ башқұрттар он екі арыс елге бөлінген, оның бірі - табын болған. Табын таңбаларына сәйкес, негізінен шөмішті, тарақты, көсеулі болып бөлінеді. бұл жерде мәселе, «тарақ» таңбасына қатысты. Ұлы жүздің жалайыры мен орта жүздің тарақтысы да тарақ таңбалы. Олардың екеуі де өз жүздерінің «ноқта ағалары». Қазақ шежірешілері кіші жүздің «ноқта ағасы» деп бір таңбасы тарақ боп келетін таманы айтады. Ал тарақ таңбалы жеке руы бар табын сол таманың інісі ретінде сипатталады. Зерттеушілер арасында табын құрамында ұлы жүзден қосылған аталар болуы керек деген пікір де бар (В.Востров, М.Мұқанов). Ол осы ру құрамындағы бозым тармағы. Оның да, албан құрамындағы бозымның да шөміш таңбалы болуы бір кездерде осы атаның ұлы жүз тарапынан келіп қосылғанын меңзегендей болады - дейді ғалымдар. Осындай пікір рамадан руына да қатысты айтылады. Рамаданның шөміш таңбасы дулат руларына өте ұқсас. Бір замандарда дулаттың кей аталарының алдеқандай жағдайлармен кіші жүз құрамына енуі ғажап емес және бұған рамаданның ұраны -«дулат» екенін де қосыңыз.
Жағалбайлы
атауының түп-төркінінде шежірешілеріміз
айтатындай, жағал және байлы деген екі
батыр болған екен дегеннен гөрі, «жағал»,
«төбел», «ала» (ат) мағынасына саятын топшылау
иланымдылау көрінеді. Мұның бір жағы
ғылыми айналыста бар «хела» (ала ат) елінің
атауына да үндесер еді.
2.XIX ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басындағы қазақ ру- тайпаларының Жетісу териториясындағы орналасуы.
Қазақ ру- тайпаларының
орналасуы сұрақтары олардың
құрылымын зерттеумен тығыз
Қазақтарда
үш жүз - бүтіннің үш бөлігі
бар - ұлы жүз, Орта жүз,
Кіші жүз . Жүздердің құрылу себебін тайпалардың
шаруашылық қызметінің түрлері мен олар
өмір сүрген табиғи-географиялық орталарынан
іздеу керек .
Қазақстанның
территориясында көнеден келе жатқан
шаруашылықтың басты түрі көшпелі және
жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды.
Әрине, Қазақстанда жер өңдеу жұмыстарының
да негізі ертеде болған Бірақ, олар шаруашылықтың
бұл түрімен айналыса қоймады. Ал
мал шаруашылығына келсек, ол XX ғасырдың
басына дейін қазақтардың өмірінде елеулі роль атқарды.
Көшпелі мал шаруашылығының ерекшелігі - малды жыл бойы жайылымда ұстау болып табылады. Шаруашылықтың бұл түрі тұрақты қыстаудың болуын және малды маусымдық жайылымға жаюды қажет етеді: көктемгі, жазғы, күзгі жайылымдар және қыстау.
Көшпелі
шаруашылықты жүргізудің
Рулық-тайпалық
ұйым - адамдар ұжымының рулар
мен тайпаларға бөлінуі - этникалық
және әлеуметтік қауымның
Көшпелі
өркениеттің өзіне тән
Информация о работе XX ғасырдың басындағы қазақ ру-тайпаларының құрылымы