XX ғасырдың басындағы қазақ ру-тайпаларының құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 17:31, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысыныц пәні - XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басындағы қазақ ру-тайпаларының құрылымы мен орналасу тарихы Жетісу өнірінің қоғамдық-саяси өміріндегі ерекшеліктерді аңғаруға және бай тарихын тура түсінуге өз септігін тигізе алатын сол тарихи мезгілдегі қалыптасу және даму ерешеліктеріне тарихи талдау жасау болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақ халқы мен мемлекетінің қалыптасу процесін Қазақ жүздерінің тарихынан XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басындағы қазақ ру-тайпаларының құрылымы мен орналасуы териториясының тарихи монографиялар мен анықтамаларды зерттей отырып анықтау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

КІРІСПЕ.docx

— 1.52 Мб (Скачать документ)

        Жазда  басқа қауымдар - Сарыноқайға кетсе  , басқалары – ортақ қолданылатын  Көксай мен Сатылы тоғайларына  барған.

        Сыпатай  руының көпшілігі жазда көктем  мен күзеу ортақ мекендейтін  егістіктерінде мекендеген.

        Қалпе  руы Биже мен Тентек өзендерінің төменгі ағысы мен Баулыбай, Аралқұм , Ақжал , Жаманқұм тоғайлары мен Бестас құмында мекен еткен.

        Ақбиім руының қыстағы егістіктері Алтын- Емелдің оңтүстік -  батысынан Іле өзеніне дейін жеткен.

        Негізі  бұл массалардың қысқы жайылымдары  Шолақ, Бақтияр , Қосқұдық, Көктөбе  , Жартасты  тоғайлары мен Іле  жағалауында орналасқан.

        Көктеу  мен күзеуі ортақ қолданыста  болған , сонымен қатар қыстауға  жақын жерде орналасқан.

        Жазда   қауым Жаңғызағаш , Қоянды , Арасан , Ақжар тоғайларында өткіген. Суармалы  егістіктері Теректі , Шылбыр , Көшен  – тоған , Жидебай тоғайларында  мекендеген.

        Мырза руының  негізінен егістігі шашыраңқы.  Бір бөлігі қыста Қарақой , Бурақой , Дауылбай , Қайрақты тауларында ( Сарыбастау, Кзылауз , Қарашоқы, Шаңғарақ тоғайларында ) Қаратал өзенінің оңтүстігінде (бас жақтарында да) , бір бөлігі – Қаратал өзенінің  солтүстік жағалауында ( Шұладыр, Достарболды , Жусалы тоғайларында) мекен еткен. Кейбір рулар қыста Сарыкөл өзеніде. Жаздықтар  мырза руының ортақ қолданыстағы қыстақтарға жақын жерде Дегерес , Сарыжазық  тоғайларында  т.б орналасты.

        Қарашапан руының қауымы қыстатары әр жақта орналасты :  бірі Кеңарал ( Қараталдың төменінде) , басқалары Көксу өзенінде  ( Шолақ пен Желсаз тоғайында).

        Арықтыным руы Іленің оңтүстік жағалаының төменгі жағында қысқы егітіктері орналасқан. Осы рудың жартысы Жиделі , Көкөзек , Құрөзек тоғайларында , басқасы –Ақсақал мен Бозтөбе тоғайларында мекендеген.  Одан азырақ қауым Есенғожа , Құрлы тоғайлары мен өздеріне жақын қолайлы жерлерде қыстаған.

        Сонымен  қорта айтқанда қыста арықтыным  руынын бір бөлігі байшегір  руымен Балқаш құмдарында  , шөлді   Бақанас   територияларында  қоныстаған.      

        Сансыз  көп күшік руының қысқы жайылымдарына келетін болсақ ,  Іле өзенінің жазық сілемдерінен  Ақдала  , Көкдала , Қорбу , Шұрық тоғайларынан өтіп оңтүстікке қарай Сарыбұлақ , Ортаөзек , Сасық , Тараңғылыхақ , Үшөзек тоғайларынан Биже өзенінің орта ағысына дейінгі жерлерді алып жатыр.

        Ал  азғана бөлшегі Қаратал өзенінің  бойында ,  Найман – Сүйағы , Аулиеағаш , Қосқұрған және т.б  тоғайларында орналасқан.

        Сонымен  қатар осы жерлерде  күшік руы  ХІХ ғасырдың ортасына дейін  көші -қонып жүрген.

        Жазда  жайлауға көп қауымбар Жоңғар  Алатауының бөктеріне көшіп отырған  , негізгі  рулар қыстаққа жақын  жерлерге көшкен. Күзгі және көктемгі  егістіктері Жанбақты , Қарашіңгіл , Көкөзек   және т.б тоғайларын  алып отырды.\\\

        Ол  қаумдар орналасқан жерлерде  Іле , Қаратал , Биже өзендерінен  шығарылған каналдар орналасқан.

        Саны  жағанан көп рудың бірі андас .Негізгі егістігі орналасқан екі нүктесі болған: Қаратал мен Тентек өзендерінің бойымен , Гавриловск ( казіргі Талдықорған ) ауылынан Қаратал ағысынан  Балқаш өзені мен Малайсары және Жалдинар тауларына дейін алып жатыр.  Қыстауға шығудың басы Қараталдың ағысынан  басталып , Аралөткел , Еспайтөлебай ,Жаршиған , Үшмола , Жаңғызтұрған , Ақжол , Тентек , Мақаншы және т.б тоғайларында болды.

        Малайсары  тауындағы андас руының қыстағы  Малайсары жоталарынан Іле өзенінің  жағалауына дейнгі аралық пен  Желдіқара , Құмөзек , Жарлыөзек  , Шүладыр ,Ашудасты , Қарасу және  басқада тоғайларында көші-қонған.

        Андас  руының күзеу мен көктеуге  қысқы қыстақтарынан алыстамаған  ,тек бай , ауқатты малдары бар  беделді қауымдар жазғы тауына (Жоңғар Алатауына) көші- қонған.

        Орақты руы уездің орталығында орналасты. Бір бөлігі Малайсары жоталарында қыстаған , келесі бір бөлігі Жуанқұм мен Жетіжол тоғайларында, Қаратал өзенінің батыс- солтүстігінде орта ағысында , Ақжал тоғайынан Биже өзеніне дейінгі аралықта күшік пен сыпатай руына көршілес  мекен еткен.

        Сиыршы руының қыстаулары Гавриловск (казіргі Талдықорған),  Қарабұлақ, Қаратал, Жанғызағаш ауылдарының төңірегінде, Лобасы мен Ішкеуілмес тауларында болған.

        Бұл  рудың жаздық  жайлаулары негізі  Мыңбұлақ , Балдырған , Қайтас , Қаиынды  таулары мен тоғайлары.

        Қаңлы тайпасының және оның ішіндегі үш руы бірге қысауға Алтын – Емел жоталарында еді.

        Қызыл  – қаңлы руының қыстағы Арқарлы  , Қоғалы , Байжанбастау , Мамырқанбастау , Дөненбайьастау  тоғайларында орналасқан.

        Қапсан  – қаңлы руы  Қарабастау, Қасқажол, Құмалақты, Майбұлақ тоғайларынды  қыстады.

        Бадырақ  – қаңлы руының қыстауы Құрөзек,  Пішенсай, Шүладыр,  Қоянкез, Ұзынбұлақ  ,  Майтөбе ,   Манас  тоғайлары.  Осы рулардың күзеу мен көктем  егістіктері Доланалы, Қосбастау,  Ақмола, Көшен-Құрған  және т.б  тоғайларында , сонымен қатар ,   жазғы  жайылымдары ( Шетенсай ,  Үшбұлақ ,   Қарағайлыбасы  ,   Доланалы  тоғайларында )   осы  териториялар.

        Қапал  уезінің солтүстік –шығысы териториясында  Найман тайпасынын (Орта жүз)  рулары орналасты. Рулардың қыстақтары Үшкөл, Биенқома , Төлубайеншін , Қаракөзбасқан , Қасқалдақ көлдерінің бойында орналасқан. Матай руының үлкен қауымы Сарқан өзеніде (Қосағаш тоғайында), Саинбұлақ тауында орналасты. Тағада бір үлкен тобы Ақсу , Бүйен , Қызылағаш өзендерінің бойында қыстады.

        Басқаларымен  салаыстырғанда аз мөлшердегі  қауымдардың қыстақтары Керейқұл , Иманбұтақтар , Суықбұтақтары , және  т.б таулардың  жоталарында  орналасты. Көктемгі, күзгі негізгі  жайылым алқаптары ортақ қолданыстағы  жерлер болды. Сонымен қатар  жазғы мезгілде да барлық дерлік  осы рудың қауымдары жайлауға  барған.

        Рулардың  егістік жерлері әр жақта болды  негізнен Ақсу ,Бүйен ,Сарқан өзендерінің  және тау суларының жағалауларында  орналасқан еді.

 

2.2 XX ғасырдың басындағы қазақ ру- тайпаларының Верный уезінде орналасуы.

       Қапал уезінің  оңтүстік –батысында , Іленің солтүстік жағалауында Верный уезі орналасқан. Веный уезін Қапал уезі сияақты географиалық орналасу жағдайын екіге бөлуге болады. Яғни оңтүстік- тау бөктері мен таулы аймақ , солтүстік – жазық аймақ . Оңтүстігі Іле Алатауының бөктері солтүстік жақтарында шектескен Жазық аймақта Алатау мен Қиындық тауларынан басталып Балқаш көлі мен Іле өзенінен Моиынқұм ,Тауқұм мен Құрғанқұм барқыт құмдарына дейін жалғасқан.

        Уездің  таулы аймағы  көптеген таулы  өзендердің (Түрген, Иссык, Қаскелен, Құрты мен т.б) територисымен   шектескен.

        Жер  шаруашылғының (суармалы жерлердің)  қазақ тұрғындарына эканомикалық  маңызы зор болды .  1911 жылғы  санақ бойынша 219 – қазақ қауымының  ішінен  8-і , үлесі бойынша- 3,6%-ы  ғана жер шаруашылығымен айналыспаған. Бірақ та ,  әліде мал шаруашылығы  дәстүрлі шаруашылық болып қала  берді.

        Верный  уезінің шаруышылық және кауымдық  жағыдайы XIX ғасырдың аяғы мен  XX ғасырдың басындағы Капал уезі  мен ұқсастықтары көп.

        Қысқы   мал жаю қорының негізі жер  шурайлығына байланысты болды.  Жер қолдануна байланысты жеке  шаруашылық топтасулар , жеке  жер  өндіруге байланысты жекешелендіру  түрі көріне бастаған . Жеке жер  игеру сонымен қатар, жайылымдарын  териториларын дуалмен қоршау  Тайторин мен Қастек болыстарында  жеке қожалықтарға бөліну көрініс  тапқан. Бұл жеке қожалықтарға  бөліну тек  жері шурайлы  шөбі қалын болыстарда мүмкін  болды. Бұндай дуалмен қоршалған  аумақтарда қысқы баспаналар  мен  мал қоралар салынып  , шөп қорлары жиналды. Уездегі  қысқы  жайылым шоғыры жеке  ру  қауымдары қолданды.

        Әсіресе  күзеумен көктемдік мал жайылымдар  әртүрлі формада болды. Кей  кездері  жайылымдары қысқы  мал жайылымдарына жақын орналасқан  қауымдар бірігіп қысқы жайылымдарға  көшкен .

Жайылымды жерлерде егістік  алқаптары орналасқан жағдайда (уездің күн шығыс болыстар) малды рулар  бөлектеніп  егістік алқаптарының жан-жағы мен жайыуға қолайсыз жерде  жайған.

        Рулардың  орналасу сұрағына келер болсақ  Верный уезінде толығымен Ұлы  жүз қазақтарына тән албан  , дулат , шапырышты , ысты , сары  үйсін мен жалаир руларынын  орналасқанын көрсету керек.Уезде  қаңлы тайпасының бірнеше рулары  да орналасты.

 


   1897 жылғы санақ  мәліметтер бойынша уез тұрғындарының саны 151 485 - қазақ , 25 701- ұйғыр , 35 500 – орыс  және т.б. Соған қарағанда уезде қазақ тұрғындары көп болғанын  көруге болады.

       Мысал  ретінде Жетісу обылысына қарасты  тағыда Жаркент пен Лепсі уездеріне  келетін болсақ Жаркен уезінде  1897 жылғы санақ мәліметтер бойынша  уез тұрғындарының саны 81 927 - қазақ , 38 831- ұйғыр ,9 358– орыс  және т.б.

  

       

 

       Ал мысалы  Лепсі уезінде 1897 жылғы санақ  мәліметтер бойынша уез тұрғындарының  саны 151 485 - қазақ , 25 701- ұйғыр , 35 500 – орыс  және т.б. Соған қарағанда уезде қазақ тұрғындары көп болғанын  көруге болады

 

 

        Көшпелі  мал шаруашылығының ерекшелігі - малды жыл бойы жайылымда ұстау  болып табылады. Шаруашылықтың бұл  түрі тұрақты қыстаудың болуын  және малды маусымдық жайылымға  жаюды қажет етеді: көктемгі, жазғы,  күзгі жайылымдар және қыстау. 

        Көшпелі  шаруашылықты жүргізудің мұндай  тәртібі көп ғасырлар бұрын  қазақ халқы қалыптаспай тұрып  орнаған. Алайда, ол этникалық  прцестердің бір бөлігі болғандықтан, тайпаның тарихымен тығыз байланысты  болды. 

                                              ҚОРЫТЫНДЫ

        XIII - XIV ғасырларда Алтын Орданың күйреуінің нәтижесінде қазіргі Қазақстан территориясында Ақ Орда, Моғолстан және басқа да мемлекеттер құрылып, сол мемлекеттерде қазақ халқының құрылуына негіз болған түркі тайпалары мен руларының этникалық түп-төркіні - этногенезі пайда болды.

        Қазақ халқы мен мемлекетінің қалыптасу процесін Қазақ жүздерінің тарихынан бөлмей қарау керек. Бұл үш категория (халық, мемлекет, жүз) тарихи дамудың біртұқтас ағымында бөлінбей, тығыз байланыста болды және "қазақ" этносы туралы сөз болғанда, оларды бір-бірінен бөліп қарамау керек.

       Енді "жүз" ұғымына нақтырақ тоқталсақ. Жүз - (араб тілінен аударғанда бүтіннің бір бөлігі) ірі этно-территориялық бірлестік немесе тайпалар одағы. Қазақтарда үш жүз - бүтіннің үш бөлігі бар - ұлы жүз, Орта жүз,   Кіші жүз. Жүздердің құрылу себебін тайпалардың шаруашылық қызметінің түрлері мен олар өмір сүрген табиғи-географиялық орталарынан іздеу керек .  
         Қазақстанның территориясында көнеден келе жатқан шаруашылықтың басты түрі көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Әрине, Қазақстанда жер өңдеу жұмыстарының да негізі ертеде болған Бірақ, олар шаруашылықтың бұл түрімен айналыса қоймады.   Ал мал шаруашылығына келсек, ол XX ғасырдың басына дейін қазақтардың өмірінде елеулі роль атқарды. 

         Көшпелі мал шаруашылығының ерекшелігі - малды жыл бойы жайылымда ұстау болып табылады. Шаруашылықтың бұл түрі тұрақты қыстаудың болуын және малды маусымдық жайылымға жаюды қажет етеді: көктемгі, жазғы, күзгі жайылымдар және қыстау. 

         Көшпелі шаруашылықты жүргізудің мұндай тәртібі көп ғасырлар бұрын қазақ халқы қалыптаспай тұрып орнаған. Алайда, ол этникалық прцестердің бір бөлігі болғандықтан, тайпаның тарихымен тығыз байланысты болды. Қазақстанның ұлан-байтақ территориясы оның әр аймағында белгілі бір тайпалар шоғырланған табиғи-экономикалық аймақтардың қалыптасуына себеп болды. Міне, қазақ қоғамы мен мемлекетінің даму ерекшелігін түсіну үшін тайпалар туралы қысқаша болса да айту керек. 

         Рулық-тайпалық ұйым - адамдар ұжымының рулар мен тайпаларға бөлінуі - этникалық және әлеуметтік қауымның қоғамдық меншіктің түрі басым болған, адамдардың теңдігі бірдей сақталған, бүкіл рудың ісі жалпының мүддесі болып табылған түрі. Руы жоқ адамның еш құқығы болмаған, ол басқа руға да бөтен болып саналған. 

          Көшпелі өркениеттің өзіне тән ерекшелігі мынада: басқа қоғамдық құрылымға көшу кезеңінде, мысалы, хандық билікке, қауымдастық жалғаса берген, яғни жер мен жайылым бүкіл руға, тайпаға ортақ болып қалды және әр шаруашылықтың өз меншігінде қыстауы болды. Билік иелері хандар, сұлтандар, билер, ру ақсақалдары қауымдастық принципін шебер пайдаланып, өз биліктерін жерге ғана емес, сол жерді пайдаланушыларға да жүргізді. Этникалық қауымдар уақыт өте келе сыртқы белгілерін сақтай отырып, үлкен өзгерістерге ұшырады: Шыңғыс әулетінің билігі, жеке меншік, әлеуметтік теңсіздік - осының барлығы рулық-тайпалық құрылымның бұрынғы ұғымдарына қайшы келді. Сондықтан қоғамды бөлудің ескіше әдісі сақталды. Ауылдық қауымдастықтар туыстық белгісі бойынша (бір атаның ұрпағы), ал олардың жиынтығы (рулар) тайпаға, тайпалар жүзге біріктірілді. Қоғам құрылымының түрлі сатысындағы басты біріктіруші ретінде жайылымды иелену құқы қолданылды. Ерте заманнан Қазақстанда үш аймақ қалыптасты, оларды белгілі бір халық маусымдық жайылымға пайдаланды. Бұл аймақтар қазақтың үш жүзі негізінде бөлінді. Көшпелі шаруашылық малды маусымға қарай жаю тәжірибесін туғызды. Егіншілік пен негізінен Қазақстан териториасының - Қаратау, Ұлытау, Ертіс өзені, Зайсан көлінің маңайында айтарлықтай дамыды. Сырдария, Шу, Арыс, Талас, Іле өзендерінің алқабында суармалы егіншілікпен айналысуға қолайлы болатын.

Информация о работе XX ғасырдың басындағы қазақ ру-тайпаларының құрылымы