Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 17:31, дипломная работа
Диплом жұмысыныц пәні - XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басындағы қазақ ру-тайпаларының құрылымы мен орналасу тарихы Жетісу өнірінің қоғамдық-саяси өміріндегі ерекшеліктерді аңғаруға және бай тарихын тура түсінуге өз септігін тигізе алатын сол тарихи мезгілдегі қалыптасу және даму ерешеліктеріне тарихи талдау жасау болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақ халқы мен мемлекетінің қалыптасу процесін Қазақ жүздерінің тарихынан XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басындағы қазақ ру-тайпаларының құрылымы мен орналасуы териториясының тарихи монографиялар мен анықтамаларды зерттей отырып анықтау.
Сондай-ақ, Жетісу тарихына байланысты мәселелер XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында көптеген патша офицерлері мен орыс шенеуніктерінің еңбектерінде көрініс тапты. Бұл ретте Н.А. Аристов [26], П.И. Пашино [27], Д.И. Романовский [28], А.Ф. Костенко [29], М.А. Терентьев [30], А. Иванов [31], И. Белявский [32] сияқты зерттеушілерді атауға болады.
Олардың
еңбектерінде қолданылған
Мысалы: М.А. Терентьев өз еңбегінде Жетісу өлкесіндегі орыстардың отаршылдық жүйесіне тоқтала келіп, жергілікті әскери-әкімшіліктің әлі де болса да қазактардың тұрмысына дұрыс көңіл бөлмей келе жатқанын, өлкенің байырғы халықтарына қатысты "жұмсақ" саясат үстанып отырғанын сынап жазады.
Патша өкіметінің Жетісу
Сонымен
қатар, Жетісу өңіріндегі
Әсіресе, Түркістан генерал-
Жетісу өлкесінде Ресей империясының енгізген әскери-әкімшілік басқару реформалары патша өкіметінің қабылдаған заңдық қүжаттарында, сонымен қатар бұл заңдық қүжаттарға түсінік берген Н.И. Крафт [39], Г. Израцов [40] , Г. Загражский [41] және тағы басқа авторлардың еңбектерінде қарастырылған. Аталған авторлар Жетісу өлкесіндегі патшалық әкімшілік орындарының жергілікті халықты европалық өркениетпен "байланыстырушы көпір" қызметін атқаратындығын дәлелдеуге тырысқан. Сол себептен де олар өлкедегі көшшпелілердің дәстүрлі сот жүйесін, яғни билер сотының жаңа жағдайда да өміршеңдік танытуын "тағылықтың сарқыншықтары" ретінде бағалады.
Жетісу өңіріндегі патша өкіметінің отарлық билік орындарының қызметі М.П. Румянцев, К.К. Пален, О.А. Шкапский, Т. Седельников сияқты шенеуніктердің еңбектерінде көрініс тапқан [42]. Мәселен П.П. Румянцев пен К.К Пален патша өкіметінің арнайы тапсырмасымен Түркістан өлкесін зерттеп, ол жөнінде орталық билік орындарына нақтылы үсыныстар берген. Осыған орай олар өз еңбектерінде отарлық билік орындарының қызметін жетілдіре түсу мақсатында, жүйенің кейбір «осал түстарын» сынға алған. Бұл ретте О.А. Шкапский мен Т. Седельниковтың еңбектеріндегі үстаным демократиялық мазмүнымен көз тартады. Олар қоныс аудару мекемелері шенеуніктерінің жергілікті халық иелігіндегі құнарлы жерлерді тартып алып жатқанына орыс билік орындарының ешқандай да қарсылық танытпай отырғандығын ашық та батыл сынға алады.
Жалпы алғанда революцияға дейін шыққан еңбектердің басым бөлігі патшалық Ресейдің өлкеде жүргізген отаршылдық саясатын ақтау түрғысынан, ұлы державалық ұстанымда жазылды.
Ресей
империясының қазақ
Әлихан Бөкейханов болса теңдік пен үлттық тэуелсіздіктің төте жолы деп өркениетті елдердің озық мәдениетінен үлгі алу, сөйтіп халықтың өмірлік жаңа сапаға көтеру, ұлттың сана-сезімін оятуды үлт-азаттық қозғалыстың жаңа старатегиялық бағыты етіп алды: Ол қарусыз бейбіт халықты қорлап, ата-мекен жерін баса көктеп билеп, табиғи байлықтарын сұраусыз емін-еркін игеруін патшалық биліктің қиянаты ретінде қарастырды. Ендігі уақыта жылап-сықтау емес, жага жыртысып өз қүқы үшін күресу қазақ еліне сын екенін айты. Ол: "Әр заманның өз рәсім, өз салты бар. Адам баласының қүл кезіндегі салтында өз құқы үшін талас-тартысқа түсу болмайды. Хұқы үшін таласып-тартысу орында жылау болады. Бүл-бір жол.....Жазылған закон жүзінде адам баласы құрдас. Біздің замандағы салт: әркім хүқына таласу, хүқына тартысу болды. Жылау салты артта қалды. Ендігі рәсім хүқы үшін жылау емес, хұқын талас-тартыспен қорғау. Міне бұл-екінші жол» [44].
М.
Дулатов өзінің жер мәселесіне
арнаған мақаласында "қазақ
жері патша мүлкі саналып, сол
себепті миллиондап жерсіз
Алайда мұндай ұстаным көп үзамай-ақ кеңестік тарихнамада түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Атап көрсететін болсақ 30-жылдардағы Ресейге қосылу тоқырыбына жазылған зерттеулерде "шексіз жауыздық" тұжырымдамасы жарыққа шықты. Зерттеушілер Ресей империясының Қазақстанды жаулап илганын, оның отарлық саясатын және бүкіл саясаттың кері зардаптарын атап биса көрсетті. Дегенмен, бұл ұстанымдағы еңбектер әлі де болса толық зерттелмеген. Қорыта айтар болсақ бүл көзқарасты ашық білдіруге, сол жылдардағы әсіре таптық қағидалар әсер еткен болса керек.
Патша өкіметінің отарлық
Мұндай қорытындыға П.Г. Галузо да келеді. Ол Ресей мен Қазақстан серіктестігінің тең құқылы еместігін атап көрсетіп, империяның өзге өлкелерді "қосып алуға" өте мүдделі болғанын атап өтеді. П.Г. Галузо отарлық билікті "түземдіктерді билеу аппараты" жэне "орыстың әскери - шенеуніктік апараты" деп екіге бөліп қарастырып, отаршыл империя теоретиктерінің агресияшыл пиғылға бейбіт тон жамылдырып, өркениетті сипат беруге иеліктен тырысқанын түсіндіріп, отарлық саясат шет аймақтарға зор қасірет алып келді деген пікірге тоқтайды. "Отар Түркістан" деген кітабында ол былай деп жазды: "Патшалық Ресей әскерлерінің қазақ даласына қарай ендеп кіруі XVIII ғасырдың I жартысында-ақ басталған болатын. Орыс әскерлері елге ентелей әрі толассыз дерлік сүғына түсті, алайда былайша айтқанда, біраз жалтақтай отырып жылжыды..." Өйткені, Орта Азияға байланысты алысты көздейтін агрессиялық жоспарын іске асыруға келгенде, Ресей өзінің халықаралық ортада беделінен айрылып қалудан қаймықты.
Отарлық билік жүйесінің қазақ даласына енгізілуінің аяғы зор қасіреттерге ұшыратқанын С. Асфендияров та өз еңбегінде жазған болатын.
40-жылдардың басында, қазақ
Осы бағытта жазылған М.В. Нечкинаның [50] , А.В. Якуниннің [51] мақалалары 1951 жылы "Вопросы истории" журналында жарық көріп , онда "Ресей империясының отарлық саясатына қарамастан, орыс емес халықтардың Ресейге қосылуы прогрессивті құбылыс болды" деген тоқтамға келеді. Мүндай пікірді Қазақстандық А. Ибраев та [52] өзінің ғылыми еңбегіне өзек етеді. Жалпы алғанда бүл ғалымдар патшалық Ресейдің жүргізген үлы державалық і иясаты қазақ халқына қайғы-қасірет емес, қайта керісінше олардың Ресейдің "қамқорлығы" арқылы өздерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеріп, тек қана жағымды даму жолына түсуіне көмектесті деген қорытындыға келді.
Маркстік-лениндік
методологияға сүйенген
Қазақ
даласындағы патша
1990 жылдардың басында қазақ елінің Ресей империясының қол астына өту мәселесінің тарихнамасында екі түрлі көзқарас қалыптасады: тек қана жаулап алу және бастапқы бодандықты ерікті түрде қабылдау, одан соң әскери күштің көмегімен қосып алу. Ресей империясының Жетісу өлкесін отарлаудағы басқару және табиғи байлығын игеру мақсатында іске асырылған шараларын талдауда М.Қ. Қойгелдиевтің "Жетісудағы Ресей билігі" атты монографиялық зерттеуі кеңестік тарихнаманың тұжырымдарын қайталамайды. Жарты ғасыр мерзімге созылған патшалық билік Жетісу өңіріне, оның халқының өміріне қандай жаңалықтар алып келді, монографиялық зерттеудің сарыны осы тақырып ауқымында өрбиді. "Түпкі стратегиялық мақсаты Орталық Азияны вчіне қарату болған Ресейдің бұл бағыттағы әрекеті , -дейді профессор М.Қ. Қойгелдиев – әрине , тек Жетісу арқылы ғана өріс алатын еді. Ал бұл кезде Жетісуды жара ағатын Іле өзенінің шығыс жақ бетінде қытайлықтардың ықпалы байқалса , батыс бетін Қоқан хандығы билеп төстеді. Жетісу үшін талас барысында бұл екі мемлекеттің де мүмкіндіктерін жақсы түсінген Ресей үкіметі, түптеп келгенде мәселенің толық шешімін табуы жергілікті халықтың көңіл-күйіне тәуелді екендігін дәл бағалай білді. Оның үстіне бұдан бұрын қазақ халқының Кіші және Орта жүз бөліктерін өзіне қаратып үлгірген орыс әкімшілігінің қазақ билеуші топтарымен өз мүддесі түрғысынан жұмыс жүргізу тәжірибесі жеткілікті болатын" [61].
Отарлаудың
ащы шындығы К. Нүрпейісовтың
еңбегінде жан-жақты
Н. Мұқаметқанұлы
өз еңбегінде XIX ғасырдың екінші
жартысындағы қытайдағы
Информация о работе XX ғасырдың басындағы қазақ ру-тайпаларының құрылымы