Тарихшы-ұстаздың аудаудағы және айдаудан кейінгі өмірі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 20:40, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Қазақ тарихы ғылымы осы кезге дейін ел шежіресін жазуға үлесін қосқан ғұламаларын әлі түгендей алмай келеді. Ерте замандары былай қойғанда, тіпті кейінгі кеңес дәуіріндегі қазақ тарихын кімдер жазып, қандай еңбектер қалдырды деген сауалға Қазақ тарихнамасы әлі де толық жауап бере алмай отыр. Басқа озық елдердегідей біздің ғылыми тарихнамамыз да ( тарих ғылымының тарихы ) әлі жасалған жоқ, тарихнама пәні университеттердің оқу жоспарында бұрынғы КСРО, дұрысында орыс тарихшыларының тұжырымдамаларымен таныстырумен және қазақ тарихындағы ірі оқиғаларды кімдердің зертттегендігімен ғана шектеледі. Кеңестік кезеңде Қазақстан тарихшыларының Қазақ Совет Энциклопедиясына түгел енбегендігін айтпағанның өзінде, белгілі тарихшыларымыздың өздерінің қазіргі таңда да елімізде қалың қауымға әлі де таныс емес екендігін айта кету қажет.

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................3-9

ЕРМҰХАН БЕКМАХАНОВТЫҢ ТАРИХШЫ-ҒАЛЫМ РЕТІНДЕГІ ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛЫ................................................10-35
Ғалымның шыққан ортасы мен алғашқы ғылыми еңбектері.................................................................................................10-16
Тарихшы-ғалымның «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» еңбегінің тарихи маңызы.............................................17-35

Е.БЕКМАХАНОВ ЕҢБЕКТЕРІ ЖӘНЕ ӨМІР ЖОЛЫНДАҒЫ АУЫР КҮРЕСТЕР...............................................................................36-59
Е.Бекмахановтың еңбектері және ғалымның қуғындалу процесінің басталуы..............................................................................36-46
Тарихшы-ұстаздың аудаудағы және айдаудан кейінгі өмірі.........................................................................................................47-59

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................60-61

СІЛТЕМЕ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................................62-64

Прикрепленные файлы: 1 файл

БЕКМАХАНОВ негізгі бөлім (восстановлен).docx

— 317.83 Кб (Скачать документ)

Кейбір қашқын орыс солдаттары қатардағы жауынгер ретінде Кенесарының әр түрлі жорықтарына қатысты. Жаппастықтардан зекет жинау кезінде, Наурызбай бастаған 200 жігіттің ішінде, оның жеке көмекшісі Николай Губин де болды. Жаппастықтар қастандық жасағанда Губин Наурызбаймен бірге оның қасында еді, алайда атына мінуге үлгермей, тұтқынға түсіп қалды. Кейіннен ол Орынбор шекара  өкіметіне  берілді.

Кенесары қолға түскен орыс тұтқындарды қалуға үгіттеп, жақсы қалыңдық беруге уәде беретін болды, Кенесарыда тұтқында болған Федоров П. тергеуде: «Кенесары бірнеше рет христиан дінінен бас тартуға үгіттеп, қыздардың ең жақсысына үйленуді ұсынды, алайда мен онан әр түрлі уәж айтып, бас тарттым»,— деп жауап берді.

Кенесары ортаазиялық хандар мен дінбасылары барынша насихаттауға тырысқан кәпірлерге қарсы қасиетті соғыс — «Ғазауат» үндеуін ұстанған жоқ. Әдетте Қоқан немесе Хиуа хандары өздерінің басқыншылық соғыстарын «Ғазауат» үндеуімен бүркемелеуге тырысатын. Бұндай жағдай Саржан Қасымов көтерілісі кезінде де болды, қоқан ханы қазақ жерлерін басып алуды көздеп, Саржанды орыстарға қарсы Қасиетті соғысқа және мұсылмандарды бірігуге шақырды. Бұл сөзсіз реакциялық үндеу еді. Ал Кенесары болса, өзіне қашқан әр түрлі халықтардың өкілдерін құшақ жайып қарсы алды. Әрқайсысының білімі мен тәжірибесіне қарай, әр түрлі қызметті сеніп тапсырды. Кенесарының әскерінде көптеген башқұрттар мен татарлар болды. Олардың күреске қатысуы туралы Орынбор шекара комиссиясының төрағасы, генерал Генс: «Оларда көптеген башқұрттар мен Татарлар бар, маңызды  істерді  күтуге  болады».

Башқұрттар әдетте қару жасауға өте шебер келеді, кейбір мәліметтерге қарағанда, олар Кенесарыға зеңбірек құюға да тырысқан. Мысалы, өзінің жансыздарының мәліметтеріне сүйене отырып, сұлтан Ахмет Жантөрин Орынбор шекара комиссиясына жолдағай құпия хабарында былай деп жазды: «Қазіргі кезде Кенесары оның екі башқұрты зеңбірек құюға кірісті деп қазақтардың арасына сөз таратуда, оларға көмекке он адам беріп, оларды Ақкөл көлі жағасында жұмыс істеуге қалдырыпты, пайдаланатын заттарынан тек көмір ғана белгілі, оларға сексеуіл ағашын   күйдірген  бірнеше  арба  көмір  апарып  беріпті».

Басқа халық өкілдерінің көтеріліске қатысуының маңызы мен дәрежесін анықтау өте қиын. Алайда олар күреске ұйымшылдық сипат беруге көмектесіп, көтерілісшілерді әскери   іске үйретті.

Сонымен бірге, Кенесары ордасында қарақпалпақтар, түрікмендер, қырғыздар мен өзбектер де болды. Олардың арасында ерекше көзге түскені-Самарқанд пен Бұхарада білім алған өзбек Сайдақ қожа Османов еді. Елшілік келісімдерде және де хандықты басқаруда ол Кенесарының ең сенімді көмекшісіне айналды. Кейіннен Сайдақ қожа Османов тұтқынға алынды. Үкіметтің ресми документтерінде ол  туралы былай деп жазылды:   «Османов өзінің ақылымен, сөзге шешендігімен ерекшеленеді. Кенесарының басты көмекшілерінің бірі, оны көп жағдайда зекет жинауға ж«не ордалықтарды Кенесары жағына тартуға пайдаланды. Қолға түскен кезде онан әр түрлі бұйрықтар мен ордалықтарға арналған үндеулер   табылды».

Кенесары көтерілісінің құрамы, міне, осындай болды. Халық бұқарасының өздеріне жақын да түсінікті мақсаттар үшін, ең бастысы-жоғалтқан жайылымдары үшін күреске кеңінен тартылуы - көтерілістің аумақтылығын қамтамасыз еткені даусыз. Халықтың қолдауының нәтижесінде ғана көтеріліс 10 жылдай уақытқа созыла алды. Екінші бір даусыз нәрсе, ол көтерілістегі басшылық рөл халық бұқарасында емес, Қазақстандағы патриархалдық-рулық бытыраңқылықты жоюға тырысқан орта феодалдық топтардың қолында болғаны. Көтерілістің барысымен және Кенесарының саяси шараларымен танысқанымызда, біздің оған көзіміз жетеді. Әзірге, көтерілісте қоғамдык, күштердің бұлай орналасуы заңдылық екенін атап өтуге болады, себебі, Кенесарының ұлт азаттық қозғалысы феодализм жағдайында патриархалдық-рулық тұрмыс қалдықтары кезінде күшті дамыған еді. Халық бұқарасы Қазақстандағы патриархалдық-феодалдық қоғамдық қатынас пен рулық тұрмыстың билігі кезінде өзінің феодалды билеуші тобының билігінен  және  ықпалынан  шыға  алмады [18].

1847  жылы  Кенесары  қырғыздар  жеріне  басып  кірді. Бұл  күресте  Кенесарының көздеген  негізгі  мақсаты- қазақтар  мен  Алатау  қырғыздарының  ортақ  жауы  Қоқан   үстемдігіне  және  Қоқан  бектерінің  сенімді  одақтастары  қырғыз  манаптарына  қарсы  күресу  еді. Сондықтан  ол  қырғыздарға  қарсы  жорықты  Қоқан  жағына  шығып   кеткен  манаптар  сатқындығына  жауап  ретінде  қарады . Бірақ  осының  өзінде  ол күрестің  феодалдық  әдістерін  қолданып,  үлкен  қателік  жіберді. Оның  жазалаушы  шаралары  манаптардан  гөрі  қырғыз  халқына  қатты  батты. Ол  бүтіндей  ауылдарды  өртеп,  әйелдерді  де  балаларды  да  аямады. Бірақ  қатыгездік  екі  жақтан  да  болды. Қырғыз  манаптары  өкіметке  жазған  хаттарында:

«Кенесарының  сансыз  көп  жақтастарын  өлтіргенін, көтерілісшілерді  аяусыз  азаптағандарын  және  Кенесары  мен  оның  серіктерін  қинап  өлтіргендерін» мақтанып  жазды. Феодалдық  дәуірге  тән  қатыгездік  көтерілісшілердің  де  күрес  әдістерінен  орын  алған. Кенесары  да,  әлбетте,  өз  дәірінің  шеңберінен  аса  алмады.

      Феодалдық қоғам жағдайындағы ұлт-азаттық соғыстар туралы Энгельс былай деп жазған: «...халық соғысында көтеріліске шыққан ұлт қолданған әдістерді соғысты дұрыс жүргізудің жалпы жұрт мойындаған ережелерін салыстырмай немесе қандай да бір басқа ойша жасалған өлшем бойынша қарамай, тек қана көтеріліске шыққан халықтың өркениеттіліктің қай сатысына жеткеніне қарап бағалау керек».

     Кенесарының қатыгездігін оның шыққан ортасы мен, сол ортаның салт-санасының оның идеологиясына және күрес әдісіне әсер етуімен түсіндіруге болады. Алайда, дәл осы феодалдық күрес әдістері Ормон мен Жантайдың қырғыз халқын Кенесарыға қарсы күреске жұмылдыруына көмектесті. Кенесарының Қырғыстанда манаптардың феодал жасақтары мен емес, халықтың қарсылығына тап болып күресуіне тура келген, оның түбіне жеткен де нақ осы жәйт.

     Кенесарының қырғыздармен шайқасының тағдыры қырғыздар жеңісімен аяқталатыны алдын ала белгілі еді. Біріншіден, патша  отрядтарының басшылары манаптар мен әскери қимыл жоспарын кеңесіп  отырды. Генерал-майор Вишневскийге рапортында жасауыл Нюхалов былай  деп жазды: «Мен аса белгілі билерге – Бұғы руының биі Борамбай  Бекмұратовқа және Әжібай Сералинге, Сарыбағыш биі Ормон Ниязбековке, Солты руының биі Жаңғараш Есқожинге хат жолдап, сендердің де, орыс үкіметінің  де жауы Кенесарының көзін құртайық деп шақырдым.

      Екіншіден,  қазақ  сұлтаны  Рүстем  және  Сыпатай  би Кенесары  қозғалысына  тоналудан  қорқып  қосылған  адамдар  еді.  Шайқас  болардың  алдындағы  түнде  олар  Кенесары  жасақтарынан  қашып  кетті. Ол  туралы  Мәдбек  Бекқожаев  былай  дейді: «Сыпатай  мен  Рүстем  төре  түнде  өз  әскерлерін  бөліп  алып,  Шу  өзенінің  арғы  жағына  өтіп, «Мықан  суына» жеткен  соң  өткел  іздеп,  таң  атқанша  жүрді. Осы  кезде  оларды  қырғыз  әскері  байқап  қалып,  шабуыл  жасады. Артта  жау,  алда  өткел  бермес  батпақ  су,  міне, осындай  жағдайда  қазақтар  қырылып,  бір  бөлігі  қолға  түсті».

       Сыпатай  мен  Рүстем  көрсеткен  қызмет  ұмыт  қалған  жоқ. Кейіннен қырғыздары  шекара  манап  Жантай  Қарабеков  Сібір  бастығынан  сұлтан  Рүстемді  наградтауды  сұрай  отырып,  былай  деп  жазды: «Рүстем  сұлтан  мен  Сыпатай  Әлібеков  би  әскерлерін  алып,  кетіп  қалды  да  менің  Кенесарыны  жеңуіме  жағдай  жасалды».

     Үшіншіден, Қоқан  бектері  өз  әскерлерін  Ормон  манаптың  қарамағына  бергенді. Жағдайдың  үмітсіз  екендігін  түсінген  Кенесары  әскери  кеңес  шақырып, қоршаудан  шығу  жолдарын  қарастырды. Наурызбай  Кенесарыға мынадай  ұсыныс  жасады: «Маған  Тама  руының  Құрман  батыр  және  Ағыбай    батыр  бастаған , ұрысқа  жарамды  200  жігіт  беріңіз,  мен  сол жігіттермен  қырғыздар  шебіне  шабуыл  жасап,  бұзып  өтемін»  деді. Бұл  ұсынысты  барлығы  қолдағаны  мен,  Кенесары  келіспеді. «Егер  біз  бұзып  өтсек, онда  тоқтамай  қашамыз. Кімнің  аты  жүйрік  болса,  сол  құтылады. Ал  халықтың  басым  көпшілігі  қырылып  қалады. Егер  мен, әскер  басшысы  бола  тұра  қашып  кетсем,  онда  мен  бұдан  былай  халыққа  хан  бола  алмаймын».

      Кенесары  өзін  өлтірер  алдында,  иін  тірескен  халық  жиналып      тұрған  сол  бір  шақта   өлеңдетіп  қоя  берді.  Өлеңінде  өз  елінің   еркіндігі  мен   тәуелсіздігі   жолында  өзі  жүргізген   аса  ауыр  күрестің  бүкіл   өткен  жолын  баяндады,  Сарыарқаның   кең  даласын,  шайқаста  қаза   тапқан  серіктерін  еске  алды.  Кенесары  өлтірілер  алдындағы   соңғы  сәт  былай  суреттелген: «Кенесары  жиналған  жұртқа, алыстағы  тауларға,  күн  шуағы  төгілген  биік  аспанға,  онан  соң  жан-жағына  қарап  алып,  ән  бастады. Ән  ұзақ  айтылып,  жиналғандар  ұйып  тыңдады. Ән сөздері тыңдаушының  бойын билеп, жүрегін баурап, қатты  толқытқан. Ол  өзінің  өлеңінде  туып-өскен  кең  даласында,  кіндік  кескен  ауылында  өткен  бар  өмірін  есіне  алған  еді».  Кенесары  өлімі  оның  серіктері  үшін,  әскери  достары  үшін  ауыр  соққы  болды. Кенесарының  өлімі  туралы  хабар  жетісі  мен  Орынбор  Шекара  Комиссиясы жан-жаққа  жарлық  жіберіп,  онда «Орынбордың  қарауындағы  қырғыздарға:  біздің  бәріміздің  ортақ  жауымыз  өлді   деп  хабарлады».

      Батыс  Сібір  генерал-губернаторы  Горчаков  осы  соғыста  көзге  түскен  қырғыз  манаптарын  түгел  өзіне  шақыруға   шешім  қабылдады  және  оларды  ордендермен    наградтауға    ұсынды.  Кейіннен  бұл  шаралар   жүзеге  асырылды.  Кенесарыны  өлтірген  Горчаковқа арнаулы  хат  жолдады,  онда  былай  делінген: «Құрметті  қырғыз  Қалығұл  Әлібековке!  Бүлікші  Кенесары  Қасымовтың  ісінде  көрсеткен  ерлігіңізбен  қызметіңіз  үшін,  өзіме  император  тақсыр  берген  билікке  сай,  Сізге  Георгиев  лентасына  түйреп  мойынға  тағатын  күміс  медаль  жіберіп  отырмын. Сіздің осы  жоғары  сыйлықты   дұрыс бағалайтыныңызға  және өзіңіздің қасиетті императорға  берілгендігіңізбен   үкіметтің  сенімін   ақтайды   деп  сенемін».

      Соңғы  шайқаста, Сібір  қырғыздарының  шекара   бастығы  Вишневскийдің   мәліметіне  қарағанда,  Ормон  манаптың   қолынан   Кенесарының   інісі  Наурызбай,  оның  екі  баласы  және  басқа  да  15  сұлтан  қаза  тапқан.  Сонымен  бірге  көптеген  қатардағы  қазақтар  өлтірілген,  мыңға  жуық  адам  тұтқындалған. Қырғыз  манаптары  Ормон  мен  Жантай  өздерінің  риза  болғанының  және  достығының  белгісі  ретінде,  өлтірілген  қазақтардың  бастарын  Қоқан  ханына  сыйлыққа жіберді.  Бұл  ттуралы  капитан  Рыльцовқа   берген  жауабында  бір   керуенбасы  былайша  еске  түсіреді: «Мен  Ташкентте  тастай  тағы  қырғыздардың  басшыларға  сыйлыққа  жіберген  Кенесары  адамдарының екі  арбаға   тиелген  бастарын  өз  көзіммен  көрдім.  Бастарды  ұзын  сырққа  іліп,  Ташкен  базарына  тізіп  қойған. Жергілікті  басшылар   бұл  іске  риза  болып,  тастай  тағы  қырғыздарға  сыйлықтар  берді.

   Өкімет қырғыз манаптарының Кенесары көтерілісін  басуда  көрсеткен  көмегін жоғары  бағалады. Осы  туралы генерал-иайор  Гасфорд  өзінің  Сыртқы  істер министрлігін  басқарушы Л.Г.Сенявинге  жазған  хатында  Ормон  Ниязбековтың  қызметін  бағалай  отырып,  былай  депті: «Оның  осы  істе  септігі  тимесе,  Кенесарыны  өлтірмесе, онда  біздің  ісіміз   ол  кезде  бізге  тиімсіздеу  басқаша  сипат  алары  сөзсіз  еді».

      Кенесары  Қасымовтың   көтерілісінің  біршама  қайшылықтары,  анықталмаған  мән-жайлары  бар:  бір  жағынан,  Қоқан  хандығымен  соғыс,  ал  екінші  жағынан,  бауырлар  қырғыздармен   қантөгісу    соғысы,  тағы  бір  жағы,  өзін  қолдаудан  бас   тартқан  қазақ   руларына  мейірімсіздігі. Шұрайлы  қоныс, шүйгін  жайлым  үшін  дәстүрлі  күрес  бұл жолы  да  қазақ  руларының   қасиетті  мақсат  жолында - әкімшілік –отарлаушылық  жаңа  тәртіптің  енгізілуіне   қарамастан, саяси  оқшаулығын   сақтап  келе   жатқан,   кең-байтақ  аймақтардың   мемлекеттік  тәуелсіздігін  қалпына  келтіру  жолында   бірігуіне  кедергі  жасады;  тағдырлы  стратегиялық  мақсаттардан     тар  өрісті  рулық  мүдделердің  басым  болуы дәстүрлі  аристократияняң  Орталық  Азияның   оңтүстік-шығыс  шектерінде  Англия  мен  Ресей  мүдделерінің   барған  сайын  ашық   қақтығысуы   жағдайларында   солтүстік  көршінің  әскери-саяси  қысымы  алдында  осалдық   көрсетуін  тереңдете   түсті.

     Ресейдің  Оралдан  арғы  шет  аймақтарындағы  аса  ірі  халық  көтерілісі  жеңіліс табының мән-жайларын айтқанда, Қазақстанның геосаяси   орналасуының  ерекшелігін  ескермеуге  болмайды: Хиуаның  да, Бұқара әмірлігінің де Кенесарымен ынтымақтастық жасауында мұсылмандық  факторы  да  елеулі  рол  атқарғаны  мен,  олар  Кенесарыны   өздерін  Ресей  тарапынан  жасалатын  болашақтағы  қауіптен  қорғау  дәрежесінде  ғана  қолдады; бірақ  хан  өз  қаруының  өткір  жүзін   Қоқанға  қарсы  бағыттасымен-ақ бұрынғы  қолдау  біртіндеп  бәсеңдей  берді; Ресейге  қарсы  да,  Қоқанға қарсы да  күресі  қазақ  ханының   түзеуге  келмес  қатесіне  айналды.

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Е. БЕКМАХАНОВ ЕҢБЕКТЕРІ ЖӘНЕ ӨМІР ЖОЛЫНДАҒЫ АУЫР КҮРЕСТЕР
    1. Е. Бекмахановтың еңбектері және ғалымның қуғындалу процесінің басталуы

 

   60 жыл бұрын Қазақстан коммунистік партиясы «ұлтшылдық вирусының тамырына балта шабу» жөнінде қаулы қабылдады. Көп ұзамай қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымының докторы Ермұқан Бекмаханов 25 жылға сотталды.

        1944 жылы басталып, 1952 жылы Ермұқан Бекмахановтың 25 жылға сотталуымен аяқталған даудың басы «Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі» деген ғылыми тұжырым еді. Қазіргі тарих ғылымында орныққан бұл тұжырымды әуел баста көтерген ғалым сегіз жыл әуре-сарсаңға түсіп, ақыры бір жарым жылын ГУЛАГ абақтысында өткізді.   Бекмахановтың саналы ғұмырының он екі жылдық сергелдеңіне кейбір отандық тарихшылар да «үлес» қосты. Республика басшылығы «ұлтшыл» Бекмахановты қатаң айыптай отырып, осынау «ұлтшылдықты жөргегінде тұншықтырмаған» сол кезде Қаныш Сәтбаев басқарған Қазақ ССР Ғылым академиясын аяусыз сынады.. Соның нәтижесінде Бекмаханов қана емес, басқа да ұлтшылдар «табыла қалып», қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуші Есмағамбет Ысмайылов, Қажым Жұмалиев, т.б. ғалымдар да сотталды. Ал Қаныш Сәтбаев Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. Қамауға алу туралы сөз бола бастағанда КГБ офицерлерінің бірінің астыртын жанашырлық ескертуінен кейін Мұхтар Әуезов те табан астында Мәскеуге ұшып кетті. 

Кенесарының есімі патшалы Ресей кезінде де, кеңес өкіметі жылдарында да жабық тақырып болып келді. Себебі, Кенесары қолына кару алып, қарсы күрескен патша отаршыларының саясаты жаңа дәуірде сыртқы формасы өзгергенімен де мазмұн-мәні жаңаша социал-империялық сипатта жалғасын тапты. Өйткені, «біртұтас совет халқының» күшімен коммунизм кұруды көздеген компартияға ұлт-азаттықты аңсаған Кенесарылар рухы аса кауіпті еді. Кеңес өкіметі жылдарында жүзеге асқан халықтың ұлттық санасын өшіру мақсатымен ойлап шығарылған небір «ғылыми теориялар», идеологиялық жұмыстар өз «жемісін» бермей қойған жоқ, жүзге жуық ел тілінен айырылып, ұлттық болмысын жоғалтып, ассимилияцияға түсіп, «совет халқына» айналып кетті. Әупіріммен қазақ халқы мұндай күйден әрең-әрең аман қалды десек, аман сақтап қалған – кезінде Кенесарылар ту ғып көтерген қазақтың өміршең ұлттық рухы-тұғын.

Информация о работе Тарихшы-ұстаздың аудаудағы және айдаудан кейінгі өмірі