Тарихшы-ұстаздың аудаудағы және айдаудан кейінгі өмірі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 20:40, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Қазақ тарихы ғылымы осы кезге дейін ел шежіресін жазуға үлесін қосқан ғұламаларын әлі түгендей алмай келеді. Ерте замандары былай қойғанда, тіпті кейінгі кеңес дәуіріндегі қазақ тарихын кімдер жазып, қандай еңбектер қалдырды деген сауалға Қазақ тарихнамасы әлі де толық жауап бере алмай отыр. Басқа озық елдердегідей біздің ғылыми тарихнамамыз да ( тарих ғылымының тарихы ) әлі жасалған жоқ, тарихнама пәні университеттердің оқу жоспарында бұрынғы КСРО, дұрысында орыс тарихшыларының тұжырымдамаларымен таныстырумен және қазақ тарихындағы ірі оқиғаларды кімдердің зертттегендігімен ғана шектеледі. Кеңестік кезеңде Қазақстан тарихшыларының Қазақ Совет Энциклопедиясына түгел енбегендігін айтпағанның өзінде, белгілі тарихшыларымыздың өздерінің қазіргі таңда да елімізде қалың қауымға әлі де таныс емес екендігін айта кету қажет.

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................3-9

ЕРМҰХАН БЕКМАХАНОВТЫҢ ТАРИХШЫ-ҒАЛЫМ РЕТІНДЕГІ ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛЫ................................................10-35
Ғалымның шыққан ортасы мен алғашқы ғылыми еңбектері.................................................................................................10-16
Тарихшы-ғалымның «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» еңбегінің тарихи маңызы.............................................17-35

Е.БЕКМАХАНОВ ЕҢБЕКТЕРІ ЖӘНЕ ӨМІР ЖОЛЫНДАҒЫ АУЫР КҮРЕСТЕР...............................................................................36-59
Е.Бекмахановтың еңбектері және ғалымның қуғындалу процесінің басталуы..............................................................................36-46
Тарихшы-ұстаздың аудаудағы және айдаудан кейінгі өмірі.........................................................................................................47-59

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................60-61

СІЛТЕМЕ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................................62-64

Прикрепленные файлы: 1 файл

БЕКМАХАНОВ негізгі бөлім (восстановлен).docx

— 317.83 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ..............................................................................................................3-9

 

  1. ЕРМҰХАН БЕКМАХАНОВТЫҢ ТАРИХШЫ-ҒАЛЫМ РЕТІНДЕГІ ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛЫ................................................10-35
    1. Ғалымның шыққан ортасы мен алғашқы ғылыми еңбектері.................................................................................................10-16
    2. Тарихшы-ғалымның «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» еңбегінің тарихи маңызы.............................................17-35

 

  1. Е.БЕКМАХАНОВ ЕҢБЕКТЕРІ ЖӘНЕ ӨМІР ЖОЛЫНДАҒЫ АУЫР КҮРЕСТЕР...............................................................................36-59
    1. Е.Бекмахановтың еңбектері және ғалымның қуғындалу процесінің басталуы..............................................................................36-46
    2. Тарихшы-ұстаздың аудаудағы және айдаудан кейінгі өмірі.........................................................................................................47-59

 

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................60-61

 

СІЛТЕМЕ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................................62-64

 

ҚОСЫМШАЛАР...........................................................................................65-69

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі: Қазақ тарихы ғылымы осы кезге дейін ел шежіресін жазуға үлесін қосқан ғұламаларын әлі түгендей алмай келеді. Ерте замандары былай қойғанда, тіпті кейінгі кеңес дәуіріндегі қазақ тарихын кімдер жазып, қандай еңбектер қалдырды деген сауалға Қазақ тарихнамасы әлі де толық жауап бере алмай отыр. Басқа озық елдердегідей біздің ғылыми тарихнамамыз да ( тарих ғылымының тарихы ) әлі жасалған жоқ, тарихнама пәні университеттердің оқу жоспарында бұрынғы КСРО, дұрысында орыс тарихшыларының тұжырымдамаларымен таныстырумен және қазақ тарихындағы ірі оқиғаларды кімдердің зертттегендігімен ғана шектеледі. Кеңестік кезеңде Қазақстан тарихшыларының Қазақ Совет Энциклопедиясына түгел енбегендігін айтпағанның өзінде, белгілі тарихшыларымыздың өздерінің қазіргі таңда да елімізде қалың қауымға әлі де таныс емес екендігін айта кету қажет. Бұл турасында ҚР-сы Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Күшті және гүлденген мемлекет болу және тұрақты дамуға қол жеткізу үшін біз интеллектуалдық элитаға, жоғары технологияға, еліміздің ғылыми әлеуетіне сүйенуіміз қажет. Тек өзінің интеллектуальдық әлеуетінің арқасында ғана ел әлемдегі өзінің лайықты орнын ала алады», - елдегі ғалымдар мен ойшылдарды, зиялы қауым өкілдеріне қолдау білдіруге шақырған болатын [1, 368].

Мұның басты себебі, Сталиндік әпербақан саясатқа сай қазақ ұлттық интеллигенциясының ұлтшылдық желеуімен қудаланылуы, іс жүзінде орыстық шовинизмнің үстемдік етуі. Ал осы идеологиялық шеңберден шыққандар өз ішімізде ешбір ғылыми дәлелдеусіз-ақ партия-кеңес алпауыттарының қаулысымен немесе демократиялық заңды жолмен, яғни кеңес сотының бір жақты шешімі арқылы буржуазияшыл ұлтшыл ретінде қудаланып, жазаланып отырады. Сонымен бірге кезінде қудаланып, жабық қоймаларға қамалып, жұрт пайдалана алмаған тіпті көзі жоғалуға айналған құнды еңбектер де аты атаусыз кеткен, жазықсыз жалаға ұшыраған көрнекті зерттеушілеріміз де бар. Осындай еңбектер мен олардың авторларын елге таныстыру да қазіргі дәуірдің таяудағы игілікті ісі болса керек. Осы жазып және қорғауға ұсынылып отырған дипломдық жұмысымыз сталинизмнің құрбаны болған, тұңғыш кеңес тарихшыларының, бірі әрі бірегейі, кеңес тарих ғылымында доктор атағына алғаш ие болған азаматымыз профессор, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Ермұхан Бекмахановтың тарихшы-ғалым ретіндегі өмір жолы мен ең басты ғылыми еңбектерін зерттеуге арналып отыр.

          Ермұхан 1915 жылы қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында №10 ауылда Жасыбай деген жерде кедей шаруа Бекмахан Бөгенұлының шаңырағында дүниеге келеді. Кедейлер табына жататын бұл отбасы Абылай ханның ұрпағы екені, ал Ермұхан Абылайдан тараған 7- буын екені соңғы кезде ғана ашық-анық айтыла бастады. Әкесі Шорманов деген байдың жалшылығында жүріп, 1921 жылы Ермұхан 6 жасқа келгенде дүние салады. Анасы Бәпіш және отбасының ауыртпалығы Ерекеңнің өз қолымен жазылған өмірбаянында «шешем колхозшы 1932 жылы қайтыс болды» дегеннен басқа сыр ашпаған.

Кеңес Одағындағы әміршіл-әкімшіл жүйе қырқыншы жылдардың соңы мен елуінші жылдардың басында өзінің шарықтау шегіне жетті. Елде Сталиннің жеке басына табыну белең алды. Интеллигенцияға қатысты еркін ойды қудалайтын саяси қуғын-сүргіннің үшінші кезеңі басталды. Ахмет Жұбанов,  Қажым Жұмалиев, Бек Сүлейменов т.б. зиялы қауым өкілдері де қуғын-сүргінге ұшырады. Көрнекті ғалымдар Қаныш Сәтпаев, Мұхтар Әуезовтер қудалауға ұшырап, Қазақстаннан кетіп қалуға мәжбүр болды. Ленинград пен Мәскеуде «Ленинградтық іс», «дәрігерлер ісі», «қолдан жасалып» жатқан кезде, Қазақстанда «Бекмаханов ісі» пайда болды.

Ермұхан Бекмаханов қазақ тарих ғылымының, халқымыздың мақтанышы, бірақ өкінішке қарай, оның бұл басты еңбегінің 50-жылдардың басында қаралы тізімге ілінуі, сталиндік-империялық бұғаудың үзіле бастауы да оның жарықка шығуына жол ашпауы дипломдық жұмыстың тақырыбы және XIX ғасырдың 20—40-жылдары, оның ішінде Кенесары Қасымұлы бастаған халық көтерілісі отаршылдарға қарсы Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы ұйымдастырған көтерілістерден кейінгі үш жүзді қамтыған ең көлемді бас көтеру болғандығын оның азаттық үшін болған ұлы аттаныс екенін тарихшылар іштей мойындаса да ашық айтуға батылының жетпеуі, жігерсіздік, отарлық тұжырымдаманың жалған интернационализмнің сананы жайлаған уыты Бекмаханов жазған шындықты тануға бөгет болып келуі  себепті бұл тақырып өте өзекті және маңызды болып есептеледі. 

Зерттеу мақсаты: «Ермахан Бекмаханов – тарихшы-ғалым ретінде» тақырыбындағы дипломдық жобамызды жазу барысында біз төмендегі мақсаттарды көрсете аламыз:

  • Ғалымның өмір жолы мен тарихшы ретінде қалыптасуына жол ашқан адамдарды және қалыптасқан ортасының ықпалын көрсету;
  • Е. Бекмахановтың алғашқы ғылыми ізденістерінің педагогика саласымен байланысты болуы, мысалы, қазақ мектептері үшін түңғыш ерте дүние тарихы мен КСРО халықтары тарихы бойынша әдістемелік кұрал жасауға ат салысқаны, ол еңбектерінің 1938—1939 жылдары "Халық мұғалімі" (қазіргі "Қазақстан мектебі") журналында жариялануын тарихшылар назарын іліктіру;
  • Ермахан Бекмаханов және оның еңбектерінің тарихи маңыздылығын, жазылу ерекшеліктері мен заманасындағы саяси биліктің наразылығын туғызған тарихи түйіндерді паш ету.

Зерттеу міндеттері: Дипломдық жұмысты жазу барысында Е.Бекмахановтың шығармашылық жұмыстарын тереңірек зерделеп, тұжырымдап, кезеңдік ерекшелігіне мән бере отырып жинақтап жазу. Дипломдық жұмыс  тақырыбына  қатысты  жоғарғы  оқу  орындарына арналған оқулықтармен шектелмей тікелей деректерге мән беру  қажеттілігін  түсініп,  қазақ тарихын  түптеп зерттеген Е. Бекмахановтың шығармашылық жұмыстары мен еңбектерінен оқу–ағарту ісіне қатысты мағлұматтармен  жұмысты  толықтыру.

Зерттеу нысаны: ХХ ғасырдағы қазақ тарихын зерттеу кезінде өзінің ерекше пікірлері және бастамаларымен есімі ғылыми қауымға танылған, қазақтан шыққан ең алғашқы ғылым докторы Ермұхан Бекмахановтың өмір жолы мен ғылыми мұрасы аталған дипломдық жұмыстың нысаны болып есептеледі.

Зерттеу пәні: Кеңестік кезеңдегі, яғни, ХХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы тарих ғылымын жазу деңгейі мен зерттелуі және жалпы тарихнамалық мәселелер зерттеу пәні ретінде қарастырылды.

Зерттеу болжамы: Қазақ халқын саяси, экономикалық, демографиялық, рухани-моральдық және т.б. жағынан өте төмен жағдайға түсіруді көздеген кеңес үкіметінің қылышынан қан тамған сталиндік кезеңінің оқиғаларын баяндауға бағытталған. Аталған тақырыбыз болашақта жаңа бір арнайы ғылыми жұмыстардың бастамасы болуға лайық деген пікірдемін.

Мәселенің зерттелу деңгейі: Бекмахановтың алғашқы ғылыми ізденістері педагогика саласымен байланысты болды, мысалы, қазақ мектептері үшін ерте дүние тарихы мен КСРО халықтары тарихы бойынша тұңғыш әдістемелік кұрал жасауға ат салысты және ол еңбектерінің бірсыпырасының 1938-1939 жылдары «Халық мұғалімі» (қазіргі «Қазақстан мектебі») журналында жариялануы болып табылады. Сонымен қатар, ғалымның тарих ғылымына белсенді аяқ басуының соғыс кезеңімен ұштасуы, ол әрекетінің жемісті басталып, бірден үлкен арнаға ұласуына өзіне білгір ұстаз, камқор жетекші болған КСРО Ғылым академиясынын академигі (ол кезде корреспондент мүше) белгілі тарихшы Анна Михайловна Панкратовамен кездесуі мен әсері,  1941 жылдың күзінде Мәскеу түбіндегі қауіпті жағдайға байланысты Алматыға Ресейдің ірі тарихшыларының бір тобы эвакуациялануы, қай кезде де іскер, тынымсыз Панкратова оларды әр қалаға бөлшектемей, астанада қалдырып, соғыс талабына сай ғылыми жұмысқа пайдалануды ұсынуы, іздегенге  сұраған дегендей, бұл идеяның басы қасында сол кезде Оку халық комиссариатында істейтін Бекмахановтың жүруі, осылайша құрылған Ресей және Қазакстан ғалымдарының үлкен шоғыры ең әуелі мектеп окытушылары үшін соғыс жағдайында тарих пәнін оқыту әдістемесін тез арада жасап шығаруы осы осы дипломдық жұмысымыздың зерттеу тарихнамасының басы болып табылады.

Сонымен қатар, Е. Бекмаханов XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өмірі туралы зерттеу жазды [2]. Кітаптың басым бөлігі Кенесары Қасымов басшылық еткен азаттық қозғалысына арналған. Мұнда көтерілістің қозғаушы күштері, оның Орта жүзде құлаш жаюы, Кенесарының қазақ мемлекеттілігін нығайту жөніндегі іс-шаралары, Қоқанға қарсы күресі, оның бұл күреске қырғыздарды тартпақ болған әрекеттері, сондай-ақ Кенесары мен оның жақындарының қырғыз билеушілері қолынан қаза табуы айқындалады. Қорытындысында автор Қазақстандағы ХІХ ғасырдың 20-40-жылдарындағы оқиғаларды жинақтап, олардың жалпы Орта Азиядағы қазақ халқының содан кейінгі тағдырына жасаған ықпалын анықтап берді (1992 жылы Е. Бекмахановтың аталған кітабы екінші рет басылып шықты). XX ғасырдың 50-жылдарының аяғы-60-жылдарының басында Кенесары Қасымовтың көтерілісіне көзқарас түбегейлі теріс бағытта болды. Тұтас алғанда, көтеріліс феодалдық-монархиялық деп танылды, ал зерттеу авторы ұлтшыл деп айыпталып, қуғынға түсті. Көтеріліске ғылыми ден қоюшылық 90-жылдарда қайтадан жаңарды. 1990 жылғы 27—28 шілдеде Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институты мен «Вопросы истории» журналының редакциялық алқасы «Отаршылдық жағдайындағы ұлттық қозғалыстар (Қазақстан, Орта Азия, Солтүстік Кавказ) проблемасы бойынша ұйымдастырған Бүкілодақтық «Дөңгелек үстел» нысаналы түрде өткізілді. Ғалымдар халық бұқарасының азаттық күресінің көп жақты объективті көрінісін жасауға және қоғамдық санада орын алып отырған таптаурын ескі сенімдерді жоюға, сондай-ақ зерттеу объектілеріне де, оның тарихнамасы мен деректеметану проблемаларына да жана методологиялық көзқарастар іздестіруге шақырды. Ұсыныстарда «Ауызша айтылатын және фольклорлық материалдарды тарту арқылы XVIII—XX ғасырдың басында Қазақстанда, Орта Азияда, Солтүстік Кавказда, Еділ бойында болған ұлттық қозғалыстарды жан-жақты сипаттайтын құжаттар мен материалдарды анықтау, жинау және басып шығару», сондай-ақ С. Асфендияров, Е. Бекмаханов еңбектеріне жаңсақ берілген бағаны қайтадан ой елегінен өткізіп, олардың Қазақстандағы ұлттық қозғалыстарға арналған еңбектерін қайта шығару көзделді.

Е.Б. Бекмаханов сұлтандар, билер, қожалар мен молдалар, байлар, тархандар, батырлар санаттары жөніндегі әлеуметтік өзгерістердің серпінін зерттеді. Бұл орайда, автордың анықтағанындай, соңғы екі санат (тархандар мен батырлар) XIX ғасырдың орта шеніне қарай өзінің экономикалық ықпалын жоғалтып, іс жүзінде өздерінің жеке әлеуметтік топ ретінде өмір сүруін тоқтатқан.

Бай шаруашылығының мәніне өз көзқарастарын қорғай келіп, автор ғалымдармен екі бағыт бойынша айтысты: бір жағынан, С. Толыбековтің, С. Зимановтың байлардың XIX ғасырдан көп бұрын болғаны туралы пайымдауларына қарсы шығып, бұл көзқарасты сынаржақ деп санады; екінші жағынан, Е. Федоров пен А. Якуниннің Қазақстан экономикасындағы капиталистік қатынастарды асыра бағалап, бай шаруашылығында кедейленген ауылдастарының тегін еңбегін «туыстық көмек» түрімен пайдалану фактілерін елемеген қағидаларына қарсы шықты. Е. Бекмаханов қазақ ауылында патриархаттық-рулық тұрмыс сарқыншақтары сақталып, феодалдық өндіріс әдісі үстемдік еткенін дәлелдеді.

1992 жылы Ақтөбе қаласында  ғылыми-теориялық конференция өткізіліп, оның «XVII-XX ғасырлардағы Қазақстандағы  ұлт-азаттық қозғалыс — біртұтас  тарихи үрдіс: проблемалар, ізденістер, шешімдер» деген материалдары  жарық көрді. Конференцияның айрықша  белгісі қазақтардың тәуелсіздік  жолындағы күресінін аз зерттелген  проблемаларын көрсету және қазақ  халқының азаттық күресінін тарихын  зерттеу методологиясы мен тарихнамасы  мәселелеріне жоғары деңгейде  көңіл аудару болды. Бұл жылдарда  жарық көрген әдебиеттерде империяның  отаршылдық саясаты: орыстандыру, христиан  дініне кіргізу, әскери және шаруалар  арқылы отарлау зерделенеді. Жоңғарларға  және орыс отаршылдығына қарсы  ұлт-азаттық соғыстардың тарихы  тәуелсіздік алғаннан кейін тұтас  он жылдықтың өзекті тақырыбына  айналды. Отаршылдықтың және тоталитаризм  идеологиясы үстемдігі кезеңіндегі  ұзақ уақыт бойы үнсіздіктен  кейін объективті баға беруге, қайтадан ой елегінен өткізуге  мүмкіндік туды. 260 жыл бойы тәуелсіздік  жолында, ұлттық мемлекеттілікті  қалпына келтіру жолында үздіксіз  халықтық соғыс жүргізіліп келгені  расталды. Мың-мыңдаған батырлар  туған Отанының бостандығы мен  тәуелсіздігі үшін өз өмірлерін  құрбан етті. Кеңестік тарихнамада  шет аймақ халықтарының әрбір  ұлт-азаттық бой көрсетуі бір-біріне  тәуелсіз алынып, аймақтық мемлекет  ішіндегі құбылыс ретінде қасаң  таптық тұрғыда қарастырылды. Жоңғарларға  қарсы азаттық соғыстары да  сол сияқты назардан тыс қалды. Тәуелсіз мемлекеттің халқы тәуелсіздік  жолындағы күрестің негізгі кезеңдерін  бірінші рет жалпы халықтық  ауқымда атап өтті. 1990 жылдың жазында Абылай ханның 280 жылдығына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференция болып өтті. Ол Бұқар жыраудың 300 жылдығына, Бөгенбай батырға, Қабанбай батырға, Шақшақ Жәнібек Тарханға, қазақ халқының үш ұлы биі - Төле биге, Қазыбек биге, Әйтеке биге, үш жүз қазақтарының Ордабасында бірігуіне арналған конференциялар тізбегін бастап берді. 1992—1998 жылдарда Кенесары ханның, Исатай мен Махамбеттің, Ағыбай батырдың, Жәуке батырдың, Қарасай батырдың және басқаларының мерейтойлары жалпы ұлттық ауқымда атап өтілді. Кеңестік кезеңде әдебиеттің басым көпшілігі өлкедегі XX ғасырдың басындағы революциялық қозғалыстың тарихы бойынша жинақталды. 1905—1907 жылдардағы революциялық оқиғаларды соғыс алдындағы жылдарда зерттеудің қорытындылары Ұлы Отан соғысы жылдарында шыққан бір томдық «Қазақ ССР тарихында» жарияланды, оның бір тарауында революция, столыпиндік реакция және жаңа революциялық өрлеу кезеңін көрсететін материал баяндалды. Қазақстан мен Орта Азиядағы 1905—1907 жылдардағы революция проблемаларын зерттеуге Мәскеу мен Ленинградтың жетекші ғылыми мекемелері тартылды [3].  «Вопросы истории» журналының «Орта Азия халықтары тарихының кейбір мәселелері туралы» бас мақаласында [4]. Ресейдің шет аймақтарындағы 1905—1907 жылдардағы оқиғаларды жазудағы екі ұштылық туралы айтылды. Олардың бірі орыстың революцияшыл жұмысшылары мен жергілікті ұлттар бұқарасының арасындағы бейне бір тіл айырмашылығы мен тұрмыс ерекшеліктері туғызған «бөліп тұратын қабырға» туралы теорияны жүргізу, екіншісі революциялық оқиғаларды Ресейдің ең басты өнеркәсіп орталықтары жұмысшыларының қозғалысын басып озған сияқты етіп әсірелеу болатын.

Информация о работе Тарихшы-ұстаздың аудаудағы және айдаудан кейінгі өмірі