Тарихшы-ұстаздың аудаудағы және айдаудан кейінгі өмірі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 20:40, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Қазақ тарихы ғылымы осы кезге дейін ел шежіресін жазуға үлесін қосқан ғұламаларын әлі түгендей алмай келеді. Ерте замандары былай қойғанда, тіпті кейінгі кеңес дәуіріндегі қазақ тарихын кімдер жазып, қандай еңбектер қалдырды деген сауалға Қазақ тарихнамасы әлі де толық жауап бере алмай отыр. Басқа озық елдердегідей біздің ғылыми тарихнамамыз да ( тарих ғылымының тарихы ) әлі жасалған жоқ, тарихнама пәні университеттердің оқу жоспарында бұрынғы КСРО, дұрысында орыс тарихшыларының тұжырымдамаларымен таныстырумен және қазақ тарихындағы ірі оқиғаларды кімдердің зертттегендігімен ғана шектеледі. Кеңестік кезеңде Қазақстан тарихшыларының Қазақ Совет Энциклопедиясына түгел енбегендігін айтпағанның өзінде, белгілі тарихшыларымыздың өздерінің қазіргі таңда да елімізде қалың қауымға әлі де таныс емес екендігін айта кету қажет.

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................3-9

ЕРМҰХАН БЕКМАХАНОВТЫҢ ТАРИХШЫ-ҒАЛЫМ РЕТІНДЕГІ ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛЫ................................................10-35
Ғалымның шыққан ортасы мен алғашқы ғылыми еңбектері.................................................................................................10-16
Тарихшы-ғалымның «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» еңбегінің тарихи маңызы.............................................17-35

Е.БЕКМАХАНОВ ЕҢБЕКТЕРІ ЖӘНЕ ӨМІР ЖОЛЫНДАҒЫ АУЫР КҮРЕСТЕР...............................................................................36-59
Е.Бекмахановтың еңбектері және ғалымның қуғындалу процесінің басталуы..............................................................................36-46
Тарихшы-ұстаздың аудаудағы және айдаудан кейінгі өмірі.........................................................................................................47-59

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................60-61

СІЛТЕМЕ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................................62-64

Прикрепленные файлы: 1 файл

БЕКМАХАНОВ негізгі бөлім (восстановлен).docx

— 317.83 Кб (Скачать документ)

Өкінішке қарай, Мәскеудегі дискуссия да шындыққа, ортақ пікірге жеткізбеді. Жанжал күшейе түсті. Осының дәлелі 1948 жылы шілдеде Қазақ КСР Ғылым академиясында Бекмахановтың кітабына арналған бес күндік дискуссияның материалдары. Мұнда кітапты сынаушылар тарапынан өте қатал пікір мен ұсыныстар болғаны көңіл аударады. Мысалы: «Бекмахановтың кітабы мазмұны жағынан негізсіз, буржуазияшыл ұлтшылдық сарындағы идеясыз еңбек. Сондықтан оны пайдаланудан дереу шығарып тастау қажет». Немесе: «Еңбек ғылыми жағынан шатасқан, идеялық жағынан зиянды», «Кітапты Мәскеуде қолдаған жолдастар Бекмахановтың... ұлтшылдық ауытқуын заңдандырып отыр». Сонымен «ұлтшылдар» қатарына мәскеулік ғалымдар да өтіп кетті.

         20—40-жылдардағы Қазакстан жөніндегі  қарсы пікірлердің тепе-теңдігін бұзуға «Правда» газеті көмекке келді. 1950 жылы 26 желтоқсанда бұл газет Шойынбаев, Айдарова және Якуниннің «Қазақстан тарихы мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан баяндайық» деген қатал сын мақаласын жариялады.

         Бекмахановтың жұмыстары қарсыластарын ел алдында партия Орталық Комитеті атынан қолдау болып қабылданды. Өйткені «Правданың» сөзі — партияның сөзі. Газет қаншама белгілі ғалымдарға карсы осы үш тарихшыны қолдағаны бізге түсініксіз.

Кеңес қоғамының тарихындағы «Халықтар достығы» ұраны ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде күш алды. Халықтың социализмге деген шексіз сенімінен өсіп шыққан осы ұран, алдамшы саясаттың нәтижесі болса да, соғыс басталғанда кеңес адамдарының негізгі денін көзсіз ерлікке бастады. Тарихшы Е. Бекмаханов та кеңес азаматы ретінде осы сенім жетегінде қала отырып, қазақ тарихының ұлттық сипат алуын қайта жандандырған талантты ғалым еді. Ол «Халықтар достығы» ұранын пайдаланып, ХІХ ғасырдың 20-40 жж. Қазақ тарихының күмәнді жақтарын күлден аршып алудың тамаша үлгісін көрсете алды. Бірақ соғыстың соңына қарай белең алған ұлы орыстық шовинизм саясаты ұлттық тарихи білімдік ой түрткінің бәрін кеңестік идеологияның құрсауында ұстады. Тарихшы Ә. Тәкеновтың сөзімен айтсақ, «Ол заманда «ұлы орыс халқына бойсұнған кіші халықтар» өз тарихын оларды біріктіріп, басын қосып, компартияның басшылығы арқасында социалистік прогреске жеткізгені тұрғысынан ғана пайымдауға міндетті болды». Ендеше, Е. Бекмаховтың 1950 жылдары жазықсыз жазалануы да «Ұлы» орыстық шовинизм көріністеріне мән бермеген кеңестік саясаттың салдары еді.

Е. Бекмаховты сынау оның К. Қасымұлы бастаған көтерілістің ұлт азаттық сипатын ашуымен ғана емес, қазақстан тарихының кезеңдерге бөлуімен де байланысты болатын. Ол оны былай бөлген еді:

    1. 1) туыстық кезеңге дейінгі; 2) туыстық кезең; 3) феодалдыққа дейінгі кезең; 4) Қарлұқ кезеңі. Бұған сын айтқан А. Якуниннің пікірі бойынша, бұндай бөліс ғылыми жағынан дәлелденбеген, әрі кеңестік құрылыс тарихы кезеңдерге кірмей қалған. Е. Бекмаханов кеңестік саясат күштеуімен «Справедливая критика» деген мақала жазып, осы «қатесін» мойындауға мәжбүрлендірілген еді. [34, 108-109]. Бұл – кеңестік құрылыстың тарих ғылымының жүйелі жолға түсуіне жол салуымен бірге, оның ұлттық сипатын тежеуге тырысқан саясатының көрінісі болатын.

Бұдан кейін қазақ «ұлтшылдарына» қарсы майдан жеңіске жете әперді. Е. Бекмаханов 1951 жылы 15 мамырда «ірі саяси қателіктер үшін» ҚазМУ-ден КСРО тарихы кафедрасының профессорлығынан шығарылды, партия қатарынан да шығарылды. Бір қызығы Бекмаханов 1948 жылы Қазақ КСР тарихы кафедрасының меңгерушісі болды, ал, 1949 жылы 30 тамызда КСРО тарихы кафедрасының профессоры атағын алды. Жоғарыда айтылған аласапыран жағдайда Қазақ КСР тарихы кафедрасы жабылып, ол тек 1958 жылы 21 мамырдағы КСРО жоғары оқу орындары министрінің бұйрығымен сол жылғы 1- қыркүйекте, яғни Бекмаханов айдаудан қайтқан соң ашылады. Қазақстандағы тұңғыш Қазақ тарихы кафедрасының  ашылуы  де Бекмахановтың тағдырымен байланысты болғаны.  Бекмахановқа бұдан кейін ҰҚК-дегілер де «көңіл» аударып, әсіресе, Б.Сакенов «іс» қозғайды. Бекмаханов бір кездері Алматы облысы, Нарынкөл  ауданындағы  мектепте тарих пәнінен сабақ берді, кешікпей Жамбыл облысы, Шу ауданындағы Новотройцк селсосындағы мектепте мұғалім болып жүргенде 1952 жылы 5 қыркүйекте тұтқындалды. Оған РКФСР қылмыс кодексінің (Қазақ КСР емес) 58-бабының 10-тармағы; 2-бөлімінде көрсетілген айыпқа сәйкес «Кеңес өкіметіне  қарсы  пікірде болып, 1942-1951 жылдар аралығында ұлтшылдық идеяларды уағыздап, антисоветтік   үгіт   жүргізгені   үшін» айып   тағылды. 1952 жылы 4 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Соты Бекмахановты 25 жылға соттап кулак лагеріне айдады [35].

Бекмаханов тағылымы жеке басқа табыну дәуіріндегі ғылымда ойлау-зерттеу бостаңдығы болмағанын тарих ғылымы тұмшаланып, өресіз бюрократтардың, күншіл ғалымсымақтардың саяси колшоқпарына айналып, өз пікірін айтқан авторлар үшін қандай зауал тудырғанын айқын дәлелдейді. 40—50-жылдардағы тарих майданы, әдебиет майданы да тура саяси майданға айналып, талай дарынды ғалымдардың тағдырын трагедияга ұшырат ты, еліміздің объективті тарихын жазуға тұсау болды, қажетсіз сыңаржақ «еңбектерге» жол ашты, халқымыздың ұлттық санасын тұмандандырды. Соның сазайын қазір де тартып отырмыз.


    Бекмахановтың  ісі шын ғалымдар арасында  үлкен адамгершілік те барын көрсетті. Бекмахановтын жазықсыз екенін, 1950 жылға дейін оның көзқарасын Казақстан компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Ж. Шаяхметовтың өзі қолдап, Кенесарыны халыққа рух беретін саяси ұранға айналдырғаны көпшілікке мәлім. Бірақ кейін ол да өз пікірлестерін корғамады, ОК бюросында Бекмахановты партиядан шығару туралы ұсынысты өзі енгізіпті. Оның есесіне Бекмахановтың көзқарасы бәрімізге ортақ көзқарас, сондықтан оны ғана айыптау әділетсіздік деп, адалдықтын ала жібін аттамаған мәскеулік тарихшылар болды. Солардың ұйғаруымен Панкратова Н. С. Хрущевқа кіріп, Бекмахановты босатуды сұраған, оның бала-шағасына да көмектесіп тұрған.

Заман өзгере бастады. 1953 жылы 16 қазанда КСРО Бас Прокуроры Бекмахановты ақтады. Тарихшының өмірі бұдан кейін де тез өзгере қоймады. Ол 1954 жылы 1 кыркүйекте ҚазМУ-ге қайта, бірақ аға оқытушы болып қана орналасты. Отбасы жеке үй жалдап тұрып жатты. Ғалым мұндай ыңғайсыздыққа да шамданбай, бар күшін ғылыми ізденуге жұмсады. 1957 жылы Мәскеуде «Ғылым» баспасы оның көлемді жаңа монографиясын («Присоединение Казахстана к России») жарыққа шығарды. Осыдан кейін оның докторлық дәрежесі мен профессорлық атағы қайтарылды.

1959 жылдың 3 қазанында КОКП  Орталық Комитеті мен КСРО  министерлер Кеңесінің «Мектептерде  тарихты оқытудағы кейбір өзгерістер  туралы» қаулысы қабылданып, одақтас  республикалардың тарихын оқып-үйрену  мәселесін қарап шешуге көңіл  бөлінді. 1960 жылы 16 мамырда республиканың  Министрлер Кеңесі «Қазақ КСР  тарихы бойынша 7-8 және 9-10 кластарға  арналған оқулықтар жазуға бәйге  жариялау туралы» қаулы қабылдады. Алайда бәйге жүзеге аспай, Республика  оқу министрлігі профессор Е. Бекмахановқа «Қазақ КСР тарихы»  бойынша 7-8 кластарға арналған элементарлық  курсты және 9-10 кластар үшін жүйелі  курстар жазуды тапсырды. Ресейге  қосылудың пайдалы жағын басыңқы  көрсеткен осы оқулықтар баспадан  дер кезінде басылып шықты [36].

1958-1966 жылдар ғалымның  өміріндегі тыныш, әрі жемісті  жылдар болды. Бұл оған бұйырған  соңғы жеті жыл екен. Мұнда кафедра жанынан аспирантура ашу, мектеп оқулықтарын шығару, жоғарғы оқу орнына оқулық даярлау, арнаулы ғылыми кеңес ашу, тың тақырыптарда ғылыми зерттеулер жүргізу, одақтық ғылыми кеңестер мен конференцияларға қатынасу. Бекмаханов бірнеше ғылыми жинақтарға редактор, «Қазақ КСР тарихының хрестоматиясын», Жоғарғы оқу орындарында оқылатын Қазақ КСР тарихы оқулығының проспектісін, «Очерки истории Казахстана XIX века» атты оқу құралын, көптеген мақалалар жазып үлгерді. Бекмахановтың кафедрасы сол аз уақытта 20-дан аса ғылым кандидаттарын шығарды, көптеген талапты жастарға ғылымға жол ашты. 1962 жылы Бекмаханов Қазақ КСР Ғылым ака-демиясына корреспондент мүше болып сайланды. Сол кезде Ерекеңнің Қазақстан тарихын барлық жоғары оқу орындарына енгізу ойында болатын. Ол идея сонғы бір-екі жылда ғана іске асты [37].

Асыл азамат Ермұхан Бекмаханов 1966 жылы 6 мамырда 51 жасқа қараған шағында ауыр науқастан дүниеден өтті. Оның Бауыржан Момышұлымен қоштасарда айтқан соңғы сөзі: «Үлгере алмай кетіп барам, кешіріңіз!» болса керек. Ал осыған халық атынан кешірім сұрап, жауап бергендей Баукең былай деп жазыпты: «Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде, деп боздар сорлы қазақ мен өлгенде». Осы сөзімді Қанышқа, Мұхтарға т. б. арнап жазып едім. Інім едің-сенімен қоштасып, басыңа қойып тұрмын. Жатқан жерің торқа болсын. Әркашан да есімдесің, бауырым. Жылаушы Б. Момышұлы. 1966ж. Алматы». Біздің жұбанышымыз Ерекеңнің мектебі мен асыл идеяларының, танымы мол еңбектерінің жастарға мұра болғаны!

Е.Б. Бекмаханов сұлтандар, билер, қожалар мен молдалар, байлар, тархандар, батырлар санаттары жөніндегі әлеуметтік өзгерістердің серпінін зерттеді. Бұл орайда, автордың анықтағанындай, соңғы екі санат (тархандар мен батырлар) XIX ғасырдың орта шеніне қарай өзінің экономикалық ықпалын жоғалтып, іс жүзінде өздерінің жеке әлеуметтік топ ретінде өмір сүруін тоқтатқан. Бай шаруашылығының мәніне өз көзқарастарын қорғай келіп, автор ғалымдармен екі бағыт бойынша айтысты: бір жағынан, С. Толыбековтің, С. Зимановтың байлардың XIX ғасырдан көп бұрын болғаны туралы пайымдауларына қарсы шығып, бұл көзқарасты сынаржақ деп санады; екінші жағынан, Е. Федоров пен А. Якуниннің Қазақстан экономикасындағы капиталистік қатынастарды асыра бағалап, бай шаруашылығында кедейленген ауылдастарының тегін еңбегін «туыстық көмек» түрімен пайдалану фактілерін елемеген қағидаларына қарсы шықты. Е. Бекмаханов қазақ ауылында патриархаттық-рулық тұрмыс сарқыншақтары сақталып, феодалдық өндіріс әдісі үстемдік еткенін дәлелдеді.

1954 жылы Сібірде қамаудан келгеннен кейін Бегежан Сүлейменов өмірінің соңына дейін Қазақ КСР ҒА Тарих, археология және этнография Институтында істеді, негізінен революцияға дейінгі Қазақстан тарихы бөлімін басқарды. Жекеше тұрған күрделі мәселе – 1940 ж. басында – Мәскеу мен Қазақстанда, әсіресе Алматыда, тарихшы және әдебиетшілер қауымында орын алып, өрлеп, шектен шыққан айтыс – тартысқа Бегежан Сүлейменовтың қатысуы туралы. Бұл айтыс – тартыс Сталиндік сыйлықтың иегері, тарих ғылымының докторы, профессор М.П. Вяткиннің редакциясымен шыққан Е. Бекмахановтың монографиясында («Казахстан в 20-40 годы ХIХ века», Алма-Ата, 1947) зерттелген Кенесары Қасымов бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы туралы болды. Дегенмен айтыс, пікірталас өткір жүргеніменен, сыңаржақ болып, «буржуазиялық ұлтшылдарды әшкерелеу» бағытында өрістеп, орасан үлкен айтыс-тартысқа әкелді, оның салдары ғылыми қауымды үлкен қайғы-қасіретке соқтырды.

Бұл пікірталастардың басталуы 1943 жылы Алматыда жарық көрген «Қазақ ССР тарихы. Ерте заманнан осы күнге дейін» деген күрделі еңбекке байланысты болды. Бұл еңбекті соғыс жылдарында Мәскеу мен Ленинградтан келген тарихшылар (А.М. Панкратова, М.П. Вяткин, Н.М. Дружинин, Я.Я. Зутис, А.П. Кучкин және т.б.) мен қазақ оқымыстылары дайындаған-ды. Еңбек Сталиндік сыйлыққа ұсынылған кезде, дау-дамай шығып, пікірталас кеңи түсті. КСРО Ғылым академиясы корреспондент-мүшесі А.И. Яковлев, докторлар А.В. Ефимов, С.К. Бушуев және тағы басқа орыс тарихшылары осы еңбектің Ермұхан Бекмаханов жазған «Кенесары Қасымов басқарған ұлт азаттық көтерілісі (1837-1947 жж.)» бөлімін негізделмеген сынға салды. Олар Ресей империясының Орта Азия мен Қазақстандағы отарлау саясаты мен жаулап алуын ақтап, оны қорғану, заңды және прогрессивті түрде жүрген, - дей санады. «Қазақ ССР тарихы» авторларын Ресей империясының саясатына ғана емес, орыс халқына да қарсы, - деп кінәлады. БКП (б) ОК Үгіт-насихат (Агитпроп) жетекшісі Александров: бұл еңбек орысқа қарсы, қазақтар тарихтан тыс қалған еді, оны тарихи халықтардың қатарына тек Ресей ғана қосқаны есепке алынбаған, - деп санады [38, 336-342]. Мәскеудегі орыс тарихшыларының шағын тобы тарапынан берілген, БКП (б) ОК Үгіт-насихат бөлімі қолдаған үрдіс Қазақстанда жекелеген әріптестер арасында да қолдау тапты, олардың ішінде Бегежан Сүлейменов те бар болатын. Ол Е. Бекмахановтың «Казахстан в 20-40-годы ХХ века» кітабы бойынша, Қазақ КСР Ғылым Академиясында 1948 ж. шілде айында өткізілген пікірталаста айрықша қатаң сөйледі. Бұл пікірталастың машинкаға басылған стенограммасында Б. Сүлейменовтің 19 шілдедегі сөйлеген сөзі 40 бетке жетті (425-465). М. Сәрсекенің «Бекмаханов» атты кітабында (Москва: Молодая гвардия; Астана: Фолиант, 2010) «мәжілістің бесінші күні мінбеге Тарих институтының ХІХ ғ. бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Бегежан (Бек) Сүлейменов көтерілді. Ол туралы мәскеулік жоғарғы оқу орнының түлегі, сол кезеңде бұл әдеттен тыс басымдық деген сыбыстар тарайтын. Жалпы алғанда, Бек Сүлейменұлы құдай жаратқан нағыз тарихшы, әр нәрсенің ақ-қарасын біледі және әрқашанда шешімді сөз айта алады деп саналатын (тек айтқысы келе ме?)» [39, 213]. Сол аталған М. Сәрсеке Б.Сүлейменовтың баяндамасын талдай келе, оның өзінше дәлелділігін, бірізділігін, пікірталасқа қатысушыларға зор ықпалын мойындауға мәжбүр болады: «Б. Сүлейменовтың сыни алған беті одан сайын үдей түсті. Ол ендігі жарты сағат бойы әріптесін тек фактілермен ғана ұрды. Залда толық тыныштық орнады. Ал мінбеден сөз тасқындары төгіліп жатты. Кейбіреулер белгілі әрі құрметті тарихшы өзінің кіші әріптесін осылайша тұқырту үшін сонша запыран жинағаны ма, - деп те ойлай бастады» [40, 258]. Өзінің бір сағаттық сөзін Бегежан Сүлейменов жеті қорытындымен аяқтады, оларды біз қысқаша ұсынамыз. «Бірінші – көтеріліс сипаты отарлауға қарсы... Екінші – Кенесары Қасымов бастаған көтеріліс стихиялы болып табылады. Үшінші – Кенесары Қасымов өз кезеңінің ірі, біршама дарынды, ақылды тұлғаларының бірі. Оны ешкім де тарихтан сызып тастайын деген емес. Төртінші – автор Кенесары Қасымов бастаған қазақтар көтерілісін орыс экспансиясына, орыс езгісіне қарсы күрес ретінде ұсынып, үлкен қателіктер жібереді. Бесінші – автор Кенесары қозғалысында «крепостнойлық шаруалар», - қатысты деп бекер санайды... Алтыншы – автордың Кенесары барымта институтын, феодалдық бытыраңқылықты жоюға ұмтылды деген пікірімен келісуге мүлдем болмайды. Қозғалыстың бүкіл тарихы барымтаға, бейбіт қазақ руларын қырып жоюға толы (Жаппас, Шекті, Арғын және т.б. рулар), бұл туралы автордың өзі де жеткілікті мысал келтіреді. Жетінші – автор Кенесарыда қалыптаса бастаған мемлекет болды деп есептейді. Іс жүзінде онда мұндай мемлекет болған жоқ және болуы мүмкін емес... Автор Кенесарының қырғыздарға қарсы басқыншылық әрекеттерін бекерге ақтайды». Бегежан Сүлейменов өз сөзін: «осылайша, біз Бекмаханов кітабындағы әрекетсіздікке және қазақ халқы тарихының бұрмалануына қарсы шығамыз, ол іс жүзінде ізгі ниетті емес, ал идеологиялық жағынан – негізсіз. Біз авторға төтесінен сұрақ қоямыз – оның өзінің қате көзқарастарыан бас тартуға және өз қателіктерін мойындауға батылдығы жетер ме екен...» [41, 458-464]. Бүгінгі тарихшыларда Б. Сүлейменовтың сөзінің негізгі қорытындыларын қайта сараптауға мүмкіндік бар, бірақ біз, өз тарапымыздан, Е. Бекмахановтың ең қатаң әрі тұрақты сыншыларының бірі болған Б. Сүлейменов, оның тым өткірлігіне қарамастан, Кенесары қозғалысын реакциялық, феодалдық-монархиялық емес, керісінше отарлауға қарсы, стихиялық деп санады, ал Кенесарының өзіне қосылмаған қазақ руларына қарсы әрекеттерін дұрыс емес, оның қырғыздарға қарсы соғысы – негізсіз әрі қате, - деп есептеді. Сондықтан да біз жоғарыда айтылғандарды еске ала отырып, Б. Сүлейменовті ешқандай да, М. Сәрсекенің пікірінше, Е. Бекмахановтың кітабын «топас және ұятсыз қаралаған» Т. Шойынбаев, С.Е. Толыбеков, Х.Г. Айдарова, М.В. Жизневский, А. Нұрқанов, М.Б. Ақынжанов және т.б. тобына жатқызуға болмайды, - деп есептейміз [42, 227]. Бұған қоса, 1948 ж. 19 шілдедегі пікірталаста Б. Сүлейменовтың тұлғасы мен сөйлеген сөзі туралы М. Сәрсекенің не жазғанын еске алсақ, ол өзінің осы пікірімен өзіне өзі қарама-қайшылық білдіреді. Дара тұлға – Бегежан Сүлейменов бұл мәселеде де айрықша тұрды, өзінің ерекше орны болды. Сонымен қатар Бегежан Сүлейменов жоғарыда көрсетілген ғалымдардың көпшілігімен дүрдараз, тіпті дұшпандық қарым-қатынаста болатын. «Топас» және «ұятсыз» санатына қазақ көшпелі қоғамының ірі зерттеушісі болған С.Е.Толыбековты да жатқызуға болмайды. Осыған байланысты, «Қазақстан тарихы мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыда қарастыру үшін» мақаласынан кейін (Правда, 1950 ж. 26 желтоқсан), сонымен қоса буржуазиялық ұлтшылдарды «әшкерелеу» науқаны Қазақстанда кеңінен етек алған соң, Бегежан Сүлейменов аса күрделі және ауыр жағдайларға душар болды. Кенесары Қасымұлы қозғалысы бойынша 1940-жж. созылып келе жатқан пікір-таластардың қаншалықты қатаң қуғын-сүргіндер әкелуі мүмкін екенін сезген ол өз ұстанымдарын өзгерте бастайды. Қазақ КСР Жоғарғы соты коллегиясы 1952 ж. 17 шілдедегі қаулысында: «Егер 1948 жылы Бегежан Сүлейменов Кенесары Қасымовтың феодалдық-монархиялық көтерілісін ұлтшылдық түрінде бағаласа, 1951-1952 жж. Қазақ КСР Ғылым Академиясындағы ғылыми талқылаулар барысында ол ашық түрде қарама-қарсы көзқарасты қабылдады», - деп көрсетілген [43, 396]. Бұдан бөлек ол қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовты, ірі абайтанушылар Ә.М. Жиреншин мен Қ.М. Мұхамедхановты белсенді түрде қорғады. Атап айтқанда, 1951 жылы 7 сәуірде Қазақ КСР ҒА Тарих, археология және этнография институты мен Тіл және әдебиет институтының Біріккен Ғылыми кеңесінде, Қ. Жұмалиевтің М. Әуезовке жасаған айыптауларына жауап ретінде, ол: «Абайтану мәселелерінде Мұхтар Әуезов жаңалық енгізуші болып табылады және өзінің соңғы туындыларында маркстік ұстанымда тұр. М. Әуезовтың үлкен еңбегі сол, ол берік позицияға көтерілді және біз ол туралы соңғы жұмыстары бойынша шешім шығаруымыз қажет», - деп атап өтті [44, 397].

Айрықша атап өтуіміз қажет, 1940-жж. соңы – 1950-жж. басындағы Қазақстан ғалымдарын қудалау оқшау құбылыс болған жоқ. Бұл Кеңес Одағы Компартиясының өзгерген ұлттық саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл кезде пролетарлық интернационализм идеялары орнына ұлыдержавалық-шовинистік көзқарастар келді, орыс халқы мадақталып, ол «Ұлы Руське», Кеңес Одағының басқа тең халықтары арасында басты халыққа айналды, Иван Грозный, Петр І, Екатерина ІІ басқа да орыс патшалары, сонымен қатар Александр Невский, Дмитрий Донской, Александр Суворов, Михаил Кутузов және Ресейдің басқа да қолбасшылары мен әскербасылары дәріптелді. Кавказ, Татарстан, Башқұртстан және басқа да жаулап алынған және езгіге түскен халықтардың царизмге, оның отарлық саясатына және самодержавиені жақтаған жергілікті қанаушыларға қарсы ұлт-азаттық сипаттағы бас көтерулері қайта қаралды, ал осы бағыттағы ғалымдар қудалауға ұшырады: Сталиндік сыйлық алған Шәміл туралы монографияның авторы – әзірбайжан тарихшысы Гейдар Гусейнов асылып өлді, ал татар және башқұрт ғалымдары Едіге үшін жапа шекті. 1952 ж. жазында саяси репрессиялардың аяусыз тетігі іске қосылып, оған тек тарихшылар Б. Сүлейменов, Е. Бекмаханов және басқалары ғана емес, Қазақ ССР Ғылым академиясы Президенті Қ.И. Сәтбаев, жазушы-ғалымдар Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Е. Ысмаилов, Қ. Жұмалиев және басқалары да душар болды. 1952 ж. 17 шілдеде ҰҚК Б. Сүлейменовты, ал 5 қыркүйекте – Е. Бекмахановты тұтқындады [45, 28-б]. Жазушы Медеу Сәрсеке: «...олардың көптеген қызметтестерінің пікірінше, екі тарихшы да бір біріне сай келетін. Екеуі де дарынды, білімдері ұшан-теңіз, қазақ және орыс тілдерін тамаша меңгерген және өз білімдері жағынан өз әріптестерінен оқ бойы алда тұрды... Олар үнемі айтысатын. Олардың бірбеткейліктерінің нәтижесі аянышты болды. Екеуі де лагерьге айдалды, тағдырдың тәлкегімен бір қазаннан ботқа жеп, қос қабатты нардағы ағаш тақтайларда қатар жатты. Әлбетте айтысуды доғарды, өзара айыптаулар тиылды. Демек ақылдары кірді» [16].

Осы жерде сауал туындайды: бұл қалайша, Е. Бекмахановты «әшкереледі», бірақ Б. Сүлейменовты одан ерте тұтқындап, соңынан босатты. Қазақстанның екі аса ірі кеңестік тарихшыларының тағдырларындағы осы айтарлықтай факт анағұрлым байсалды және арнайы зерттеулерді қажет етеді, - деп ойлаймын. Біз өз тарапымыздан, Б. Сүлейменовтың 1951-1952 жж. әшкерелеушілерге, соның ішінде Ж. Шаяхметов басқарған Қазақстан Компартиясының ОК басшылығына қарсы әрекеттері мен сөйлеген сөздері мұнда басты роль атқарды, - деп есептейміз – Е. Бекмахановпен есеп айырысу үшін, бірінші кезекте оларға Б. Сүлейменовты қоғамнан оқшаулау қажет болды. Сібір лагерлерінде Қазақстанның екі аса ірі тарихшысы татуласты, бір-бірін қолдап жүрді. Ерік-күші мықты Бегежан ағаға өзінің адал жары – Лидия Александровна Ваганованың қайғылы қазасына (Ғалымның жары этаппен Новосибирскіден өтіп бара жатқан күйеуімен тілдесуге күзетшілердің рұқсат бермегені үшін, поезд астына түсіп қаза тапқан еді.) қарамастан, жұмсақ мінезді әрі өкпе дімкәсі бар Ермахан Бекмахановты өз қамқорлығына алуына тура келді. Осы туралы олар босанып шыққаннан соң да көпке дейін айтып жүрді. Кейіннен, бостандықта олар ғылыми салада тығыз істес болды, жиі кездесіп тұрды. Е. Бекмаханов Б. Сүлейменовтың докторлық диссертациясы оппоненттерінің бірі болды.

Информация о работе Тарихшы-ұстаздың аудаудағы және айдаудан кейінгі өмірі