Тарихшы-ұстаздың аудаудағы және айдаудан кейінгі өмірі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 20:40, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Қазақ тарихы ғылымы осы кезге дейін ел шежіресін жазуға үлесін қосқан ғұламаларын әлі түгендей алмай келеді. Ерте замандары былай қойғанда, тіпті кейінгі кеңес дәуіріндегі қазақ тарихын кімдер жазып, қандай еңбектер қалдырды деген сауалға Қазақ тарихнамасы әлі де толық жауап бере алмай отыр. Басқа озық елдердегідей біздің ғылыми тарихнамамыз да ( тарих ғылымының тарихы ) әлі жасалған жоқ, тарихнама пәні университеттердің оқу жоспарында бұрынғы КСРО, дұрысында орыс тарихшыларының тұжырымдамаларымен таныстырумен және қазақ тарихындағы ірі оқиғаларды кімдердің зертттегендігімен ғана шектеледі. Кеңестік кезеңде Қазақстан тарихшыларының Қазақ Совет Энциклопедиясына түгел енбегендігін айтпағанның өзінде, белгілі тарихшыларымыздың өздерінің қазіргі таңда да елімізде қалың қауымға әлі де таныс емес екендігін айта кету қажет.

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................3-9

ЕРМҰХАН БЕКМАХАНОВТЫҢ ТАРИХШЫ-ҒАЛЫМ РЕТІНДЕГІ ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛЫ................................................10-35
Ғалымның шыққан ортасы мен алғашқы ғылыми еңбектері.................................................................................................10-16
Тарихшы-ғалымның «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» еңбегінің тарихи маңызы.............................................17-35

Е.БЕКМАХАНОВ ЕҢБЕКТЕРІ ЖӘНЕ ӨМІР ЖОЛЫНДАҒЫ АУЫР КҮРЕСТЕР...............................................................................36-59
Е.Бекмахановтың еңбектері және ғалымның қуғындалу процесінің басталуы..............................................................................36-46
Тарихшы-ұстаздың аудаудағы және айдаудан кейінгі өмірі.........................................................................................................47-59

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................60-61

СІЛТЕМЕ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................................62-64

Прикрепленные файлы: 1 файл

БЕКМАХАНОВ негізгі бөлім (восстановлен).docx

— 317.83 Кб (Скачать документ)

Қанша күшті болғанымен де совет өкіметі қазақтың ұлт-азаттық күреске толы тарихын өшіре алмады. Ресми түрде жабық болғанымен жүректерде жазылып қалған Кенесары туралы аңыз-жырлар неше ұрпақтардың ұлттық сана-сезімдерін оятып, рухани жағынан байыта түсті. XIX ғасырда туған көптеген жыр-дастандарды былай қойғанның өзінде кеңестік кезеңде де Кенесары туралы бірнеше еңбектер жарық көрді. Солардың ішінде М.Әуезовтің «Хан Кене» (1934) пьесасын, Е.Бекмахановтың «XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» (1947) атты монографиясын, І.Есенберлиннің «Қаһар» романын ерекше атауға болады.

Соғысқа дейінгі дәуірде КСРО-ны мекендеген халықтардың барлығында дерлік ұлттық батырлар болмады. Ол, әрине, жоқтықтан емес. Ұлттық батырлардың болуы совет өкіметінің ұлттарды мәңгүрттендіріп, бағынышты етіп ұстау саясатына қайшы келгендіктен де ресми түрде олардың барлығы да ескішіл, кертартпа деп жарияланды. Осындай саясаттың салдарынан қазақтың бай ауыз әдебиеті, оның ішінде, әсіресе батырлар жыры түгелге жуық халыққа зиянды деп танылды. Елуінші жылдардың соңына дейін «Қамбар батыр» жырынан басқалары түгелдей дерлік реакцияшыл саналып келді. Орыс отаршыларына қарсы күрескен Кенесары түгілі, эпостық жырлардың күйінің өзінен-ақ сол кездегі әдебиет, мәдениет, ғылым саласындағы идеологиялық саяси ұстанымды толық аңғаруға болады.

Өткеннің, ұлттық атаулының барлығын сыпырып тастап, алдымен социализм, соңынан коммунизм құрамыз деп, халықты жылтыр сөзбен жылытып, семіртіп жатқан кезде Ұлы Отан соғысы басталып кетті. Жауды жеңу үшін советтік патриотизм туралы құрғақ сөздердің аздық ететіндігі байқалды. Қиын-қыстау кездерде халықтың рухын көтеретін ұлы күш ұлт батырларының ел қорғаудағы ерліктерін үлгі ету қолға алынды. Осындай мақсатпен бұрындары «жабық» болып келген ұлттық батырлар тақырыбы жедел қолға алынып, насихаттала бастады. Қазақ жауынгерлеріне Алпамыс, Қобыланды сияқты батырлардың ел қорғау жолындағы ерліктері үлгі етілді. Міне, осындай кезде қазақтың ұлттық батыры ретінде орыс отаршылдарына қарсы күресте ерен ерліктер жасап, жанқиярлық істер атқарған Кенесары Қасымұлының есімі де жарқ етіп шыға келді.

Отан соғысы басталғанда, бір топ орыс тарихшылары Алматыға қоныс аударып, еңбек етті. 1943 жылы жарық көрген «Қазақ ССР тарихын» жазысуға белгілі орыс ғалымдары Греков, Дружинин, Кучкин, Бернштам, Панкратова, Вяткин атсалысты [19, 55-57]. Оның редакциясын М.Әбдіқалықов пен А.Панкратова басқарды. М.Әбдіқалықов сол кездегі Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің идеология жөніндегі хатшысы да, ал А.Панкратова КСРО Ғылым академиясы Тарих институтының жетекші ғылыми кызметкері, ғылым докторы (1951 жылдан академик) белгілі ғалым болатын. Авторлар ұжымының құрамындағы М.Әуезов, С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев тарихтың түрлі тарауларын жазысты. Осы кітаптың Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыс туралы тарауын жазған Воронеж педагогика институты жоғары партия мектебінде оқып келген жас тарихшы, ғалым Ермұхан Бекмаханов еді.

«Қазақ ССР тарихы» шығысымен-ақ ұлт республикаларының тарихын тұңғыш зерделеген елеулі еңбек ретінде одақтық ғылымда жылы қабылданып, бірден Сталиндік сыйлыққа ұсынылды. Бірақ шовинистік рухтағы профессор А.Яковлев бастаған бірсыпыра тарихшы ғалымдар қарсы шығып, кітап сыйлыққа ілінбей қалады. Бұған наразы болған А.Панкратова партияның Орталық комитетіне хат жазып, еңбекті қайта талқылау үшін жетекші ғалымдардың кеңесін шақыруды ұсынады. Бұл жиын 1944 жылдың мамыр-шілде айларында бірнеше күнге созылды. Кеңестің жұмысына сол кездегі жетекші тарихшылардың көпшілігі қатысқан. Жиынды ВКП(б) Орталық комитетінің хатшысы А.Щербаков жүргізіп, талқылауға А.Жданов пен Г.Маленков қатысып отырады.

Талқылаудың барысында екіұдай пікір бой көрсетті. А.Панкратова, Б.Греков, Н.Державин сияқты ғалымдар «Қазақ ССР тарихын» дұрыс зерделенген маңызды еңбек деп бағалады. Панкратова «Қазақ ССР тарихы» тарихын көбі орыстарға қарсы деп айтқанына қарамастан, белсенді позиция ұстады. Осы еңбектің 1949 жылы шыққан екінші басылымында да Бекмаханов жазған Кенесары қозғалысы жөніндегі бөлім сақталып қала берді. Қазақстан тарапының сол кездегі кемшілігінің қатарына қазақ зиялыларының партия бағытымен жүргендігі, және сол ойларын кейіннен дәлелдей алмаулары өздеріне соққы болып тиді. Бекмахановты жамандаған Серғали Толыбеков кейіннен «жылымық» кезеңде «халықтар достастығын» тым әсірелеп жібергені секілді ойлары үшін қатаң түрде сынға ұшырады. Ол Айдарова, Сүлейменов және Шойынбаевтармен бірге «Қазақ КСР тарихы» еңбегінің 3-ші басылымын дайындау жөнінде тапсырма алғанымен, олардың жұмыстар 1952 жылы тоқтатылып тасталды. Бек Сүлейменов 1905 жылы революция барысындағы қазақ көсемдерін тым әіре мақтағандығы үшін сотталса, «Правда» газетінде жауапты орында отырған Шойынбаев 1960 жылы Н.Г.Аполлова және Н.М.Дружининнен көшіріп жазып, плагиаттықпен айналысты деген айыппен айыпталды және барлық қызметінен айырылды [20, 103]. Ал А.Яковлев, С.Бушуев бастаған тарихшылар бұл еңбек орысқа қарсы жазылған кітап, өйткені, мұнда Кенесары қозғалысы сияқты ұлт-азаттық күрескері дәріптеледі деп айыптады [21, 298]. Бүкіл идеологиялық жұмыстарда қырағылық танытып жүрген А.Жданов, Г.Маленков, А.Щербаковтар да соңғы пікірдің жағында кетті. Сөйтіп, «Қазақ ССР тарихына» лайықты бағасын аламыз деп жүргенде, керісінше, «орысқа қарсы» деген үлкен саяси айыптаудың шетін шығарып алады. Бұл кез соғыстан кейінгі идеологиялық қысымның қызуы қайтадан көтеріліп келе жатқан тұс еді. Мұның алдында қазақтың өткендегі батырлары, эпостық жырлары туралы бірсыпыра зерттеу, насихаттық мақалалары жарияланып келсе, енді сап тыйылғандай болды. Мұның өзі жеңетін жауды жеңдік, енді ұлттық рухты оятатын батырлардың, өткеннің эпостық жырларының керегі жоқ дегенді аңғартатын. Өйткені, олар әр түрлі ұлттарды күшпен бағындырып отырған совет өкіметінің идеологиялық ұстанымдарына қайшы келе бастаған еді. Соғыс кезінде бар күш-жігер фашизмді жеңуге бағытталып, ұлттық тарихты, мәдениетті, әдебиетті зерттеуге, дамытуға көңіл бөліп, сол арқылы қиын-қыстау кезде жанқиярлықпен тіршілік кешіп жатқан халықтың еңсесін көтеріп келсе, ендігі жағдайда идеологиялық жұмыстардың алдына жаңа міндеттер қойыла бастады.

1946 жылы күзде Е.Бекмаханов Мәскеуде  КСРО Ғылым академиясының Тарих  институтында докторлық диссертациясын қорғайды. Келесі жылы «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» атты негізінен Кенесары көтерілісіне арналған монографиялық зерттеуі жарық көреді. Сөйтіп, Е.Бекмахановтың алғашында 1943 жылы шыққан «Қазақ ССР тарихына» Кенесары қозғалысы туралы тарау жазуы, осы кітапты талқылау барысында негізгі сындар ұлт-азаттық қозғалыстарға байланысты айтылғанына қарамастан, бұл тақырыпты әрі қарай тереңдете зерттеп, алдымен докторлық диссертация қорғап, Мәскеу ғалымдарына тарихи шындықты ғылыми тұрғыдан танытуы, соңынан зерттеулерінің нәтижелерін жеке кітап етіп бастырып шығаруы халқымыздың ұлттық сана-сезімін оятуда тарихи маңызы бар іс болды.

Қазақ зиялыларының ішіндегі ұлтшылдарды, буржуазиялық идеологияның ықпалындағыларды «әшкерелеу» қарқын ала бастағанда, Е.Бекмахановтың «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» атты кітабының басылып шығуы жанып жатқан отқа май құйып жібергендей болды. Ұлтшылдарды қай жерден тауып қалар екенбіз деп тіміскілеп жүрген әсіре саясатшылар үшін бұл жерден жеті қоян тапқандай «олжа» еді. Жалған белсенділер жеңді түріп, алақанға түкіріп шыға келді.

Солай бола тұра, бұл кітап шыға салысымен оған рецензия жазған тарих ғылымының кандидаты Ә.Жиреншиннің еңбекті «Қазақстан тарихының күрделі мәселелерінің біріне арналған бұл кітап — аса бағалы және пайдалы еңбек», «бұл кітап Қазақстанның XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы тарихын маркстік-лениндік ғылыми методология негізінде зерттеудің бастамасы болып табылады» [22] деп бағалағаны сол кездің саяси ахуалы жағдайында күтпеген ерлік еді. Ол Е.Бекмахановтың қазақ тарихының аса бір күрделі кезеңі туралы құнды еңбек жазғанын ғылыми тұрғыдан дәйектей келіп, Кенесары қозғалысы хақында да автордың концепциясын қолдайтындығын «Кенесарының саяси талаптары жағынан алғанда да оның көтерілісі прогресшілдік қозғалыс болды. Қазақ хандығын орнатып, Кенесары әкімшілік, сот, жер, финанс, әскер жөнінде реформалар жасады, бұл реформалардың прогресшілдік маңызы болды» деп білдіреді.

Көп күттірмей-ақ «Лениншіл жас» газетінің (31.01.1948ж) бетінде М.Ақынжанов пен Т.Шойынбаевтың «Саяси қате, ғылыми құнсыз кітап» атты мақаласы жарқ ете қалады. Тарих ғылымдарының кандидаттары Е.Бекмахановтың кітабын бастан-аяқ қаралайды. Партия қаулыларын басшылыққа ала отырып жазылған рецензияның негізгі бағыты Кенесары қозғалысын феодалдық-монархиялық сипатта, яғни күні өткен хандық құрылысты қалпына келтіру екендігін дәлелдеу болған. «Бекмаханов Кенесарыны еңбекші халықтың қорғаны, ұлт батыры деп мадақтаған буржуазияшыл ұлтшылдарды большевикше әшкерелеудің орнына, біле тұрса да кітабында буржуазияшыл ұлтшылдардың сол сандырағын тура қайталады»; «Кенесары халық мүддесі үшін жанын қиған, халықтың қорғаушысы болған деп, автор нағыз идеалистікке ұрынды»; «Кенесары патшалық Ресейге қарсы күрес ашумен өзінің хандық мүддесін қорғап қалмақ болды. Бұл үшін ол халықтың отаршыл саясатқа наразылығын пайдаланып, ол наразылықты патшалық Ресейге қарсы жұмсамақ болды», «Азат еткенде олар Қазақстанды басқаруды хандар мен сұлтандардың қолына беріп, қазақ халқын соларға бағыныруды көздеді. Міне, феодальдық-монархиялық ұлтшылдықтың бір түрі», «Кенесары Қасымовты соншама дәріптеп, оның қанаушы озбырлығын терең талдауды жадынан шығарған. Сөйтіп, Кенесарының хандық мүддесін қорғауын бұқараның мүддесін қорғауы деп білген. Осының салдарынан Кенесары бұқараның мүддесін корғаған халық қамқоршысы болып шыға келген»; «Кенесары ханды «халық батыры», «бұқараның көсемі» деген дәрежеге дейін жеткізгісі келеді. Бұл еңбектің басынан аяғына дейін Кенесары хан дәріптеліп, оның батырлығы асыра мақталады» дей келіп, «Егер Кенесары дегеніне жетіп, хандығы дәуірлесе, Қазақстан Ресейдің озат экономикасы мен мәдениетінің дамыған ықпалынан сырт қалып, томаға-тұйық тоңазыған болар еді… Қазақстанға шығыстағы күшті феодалдық мемлекеттердің басып алу қаупі де төнген болар еді… «Қазақстан осы мемлекеттердің бірінің жемі болып құрып кетуі ықтимал еді» – деп, негізгі ойларын бір түйіндеп тастайды. Авторлардың «Кенесары хандығы нағыз кемеліне келген мемлекет болып еді деуі Бекмахановтың аңғалдығы, саяси қате. Қазақстанда тәуелсіз мемлекет – қазақтың Советтік Социалистік республикасы тұңғыш рет ұлы Октябрь социалистік революциясы арқасында ғана құрылды» деулерін шындыққа каншалықты жақын екенін шын тәуелсіздіктің дәмін татып отырған бүгінгі көзі ашық азаматтардың өздері-ақ айырады деген ойдамыз.

Аталған кітаптағы тарауды әрі қарай жетілдіріп, іргелі ғылыми еңбекке айналдырған Бекмаханов 1943 жылдың 28 маусымында кандидаттық диссертациясын қорғады. Бір жылдан соң «Қызыл Ту» орденімен марапатталды. 1946 жылы күзде «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» деп аталатын монографиясын аяқтап, КСРО ҒА ғылыми кеңесіне ұсынды. Сөйтіп қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымының докторы 1947 жылы аталған еңбегін жеке монография етіп шығарды. Осы сәттен бастап «тұңғыш доктордың» жолына түрлі тосқауылдар қойылып, «кітапта идеялық қате кеткен», «басқа ғалымның еңбегінен көшірілген» деген қисынсыз айып тағыла бастады. 

Бекмахановтың еңбегіне байланысты кереғар пікірлерден кейін 1948 жылдың 28 ақпанында КСРО ҒА тарих институты бұл кітапты мәскеулік мүйізі қарағайдай ғалымдардың талқылауына қайта салды. Ең әуелі қазақстандық тарихшылар Т.Шойынбаев пен М.Ақынжановтың арнайы жіберген айыптау пікірлері оқылды. 

Содан соң Қазақстаннан барған тарихшы ғалым Х.Айдароваға сөз берілді. «Бекмаханов алдына қойған міндетті орындай алмады, әдіснамалық тұрғыдан елеулі қателіктерге ұрынды, сөйтіп көтеріліске де, Кенесары Қасымовтың өзіне де мүлде дұрыс баға бермеді. Оның себебі автордың буржуазиялық және буржуазиялық-ұлтшылдық тұжырымдаманың шылауында кеткенінде, ал марксизм-ленинизм классиктерінің еңбектерінен берілген үзінділерді көз алдау үшін ғана қолданды. «Материал жетіспеді немесе автор бұл кезеңді жете зерттемеді» деуге негіз жоқ» деген ауыр айыптаудан бастаған Айдарова «Бекмаханов барлығын әдейі, қасақана жазып отыр» деп көсілді [23]. 

«1943 жылдан 1947 жылға дейінгі аралықта БКП (б) ОК-нің Башқұртстандағы, Татарстан мен Украинадағы, «Звезда» және «Ленинград» журналдарындағы идеологиялық мәселелер жөнінде аса маңызды шешімдер шықты, сондай-ақ Қазақстан КП (б) ОК-нің «Қазақ ССР тарихының» екінші басылымы туралы, «Қазақ ССР ҒА тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрскел қателіктер туралы» шешімдері, Жданов жолдастың осы мәселе бойынша айтқан сөзі, Ленин мен Сталиннің еңбектері ескерілмеді» деген Айдарованың пікірі Бекмаханов еңбегін жоққа шығарған ғалымдардың (әсіресе, қазақстандық ғалымдардың) негізгі желеуі қайда жатқанын анық көрсетіп берді. 

Ғылыми журналдың бас-аяғы жиырма екі бетін алып жатқан Мәскеудегі талқылау стенограммасынан Мәскеу ғалымдары қазақ әріптестерінің пікірлерін қостамағанын аңғару қиын емес. Айдаровадан кейін сөйлеген сегіз ғалым кемшілік деген жайларды атап өткенімен, Бекмаханов еңбегін егжей-тегжейлі талдап, аса жоғары бағалады. Андрей Кучкин «бар нәрсені жоқ деп отырған Шойынбаев пен Ақынжановтың пікірлеріне қайран қалып отырмын» десе (41-б), Николай Дружинин «сыншылар әуелі өз сындарына сынмен қарап алғаны жөн» деген кеңес берді (49-б). Тарихшы ғалым М.Рожкова «Е.Бекмахановтың еңбегі өзі қарастырған кезең бойынша аса құнды еңбек болып табылады, өйткені онда шаруашылық мәселелері, таптық қатынастар, таптық күрестер мен оған байланысты азаттық күрес кешенді түрде зерттелген» деген баға берді (50-б.). 

Талқылау соңында сөз алған Бекмаханов «еңбегінде таптық күрес те, феодалдық қанау да айтылғанын, маркстік-лениндік әдіснамадан ауытқымағанын» дәлелдеп шыққан. 

КСРО ҒА тарих институтының пәтуасынан кейін Бекмахановтың алдынан даңғыл жол ашылуы керек еді. Алайда қазақстандық тарихшылар мәскеулік ғалымдардың пікірін місе тұтпады. Сол жылы 14-19 шілде аралығында Бекмахановтың аталған кітабы Қазақ КСР ҒА тарих, археология және этнография институтында тағы да бес күн бойы талқыланды.  
        Осы талқылаудың стенограммасы туралы академик Кеңес Нұрпейіс: «Машинкаға басылған көлемі 550 беттік қолжазба ... осы кітапқа байланысты Е.Бекмахановқа аса ауыр саяси айыптар тағуда ерекше белсенділік көрсеткен саяси «қырағы» айғайшылар жөнінде мәлімет берсе, екінші жағынан, Ерекеңнің басты кітабына әділ баға беріп, оның авторын саяси айыптардан қорғап қалуға атсалысқан, тарихи шындықтарға адал жекелеген тарихшы ғалымдар туралы мәліметтерге толы екен» деп жазды [24].

Алматыда өткен талқылауда Т.Шойынбаев, Х.Айдарова, М. Ақынжановтардың Мәскеудегі пікірлері сол күйі қайталанды, оған С.Толыбеков, А. Нұрқанов, Ф.Жизиевский, Б.Сүлейменовтер (соңғысы қуғын-сүргінге ұшырап, Е.Бекмахановпен бірге бір түрменің қиындығын көріп, 25 жылға сотталды) қосылып, кітапты іске алғысыз етті. «Кенесарының патшалық Ресеймен күресін қазақтың буржуазияшыл ұлтшылдары Қазақстанда хан билігін қайта орнатуға пайдаланбақ болды; буржуазияшыл ұлтшылдарды большевикше әшкерелеудің орнына Бекмаханов олардың еңбектеріндегі ой-пікірлерді сол күйі қайталады; буржуазияшыл-ұлтшыл «Алаш» партиясының жетекшісі Ә.Бөкейхановты дәріптеді» (25, 14] деген сарындағы толып жатқан айыптауларға А.Нүсіпбеков бастаған ғалымдар тойтарыс беруге тырысты. 

Қырқыншы жылдардың соңы, елуінші жылдардың басына қарай Сталиннің жеке басына табынушылыққа байланысты күшейе түскен идеологиялық күрес жағдайында Кенесары туралы айтыстың аяғы саяси сипат ала бастады. Мәскеуде, Алматыда өткен ғылыми пікіралысуларда өз мақсаттарына жете алмаған кейбір тарихшы ғалымдар қалыптасып келе жаткан саяси ахуалды өз ниеттерін жүзеге асыру үшін пайдаланып қалудың кезі келгендігін сезініп, іске кірісті.

«Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын» атты атышулы мақаланың «Правда» газетінде (26.XII.1950) шығуы осы теріс пиғылды ойды жүзеге асырғандай да болды. ВК(б)П Орталық комитетінің органы «Правда» газетіне олай еді, былай еді деп ешқандай түсініктеме беруге, пікір айтуға, талқылауға болмайтын, оның жазғаны тек партияның сөзі, пікірі ретінде жүзеге асырылатын. Ал партиялық газеттің атын, беделін пайдаланып мақала жазғандар Т.Шойынбаев, Х.Айдарова, А.Якунин болатын. Алғашқы екеуі Е.Бекмахановтың еңбегі, Кенесары қозғалысы жайлы теріс пікірлерімен республика жұртшылығына белгілі, Мәскеуде, Алматыда өткен ғылыми талқылауларда пікірлерін өткізе алмай, жеңіліс тапқан, баспасөз бетінде кітапты ғайбаттап мақала жазған тарихшы ғалымдар еді. Ал Т.Шойынбаевтың Е.Бекмахановтың шәкірті, аспиранты болғандығын айта кеткен де артық болмас.

Информация о работе Тарихшы-ұстаздың аудаудағы және айдаудан кейінгі өмірі