Тарихшы-ұстаздың аудаудағы және айдаудан кейінгі өмірі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 20:40, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Қазақ тарихы ғылымы осы кезге дейін ел шежіресін жазуға үлесін қосқан ғұламаларын әлі түгендей алмай келеді. Ерте замандары былай қойғанда, тіпті кейінгі кеңес дәуіріндегі қазақ тарихын кімдер жазып, қандай еңбектер қалдырды деген сауалға Қазақ тарихнамасы әлі де толық жауап бере алмай отыр. Басқа озық елдердегідей біздің ғылыми тарихнамамыз да ( тарих ғылымының тарихы ) әлі жасалған жоқ, тарихнама пәні университеттердің оқу жоспарында бұрынғы КСРО, дұрысында орыс тарихшыларының тұжырымдамаларымен таныстырумен және қазақ тарихындағы ірі оқиғаларды кімдердің зертттегендігімен ғана шектеледі. Кеңестік кезеңде Қазақстан тарихшыларының Қазақ Совет Энциклопедиясына түгел енбегендігін айтпағанның өзінде, белгілі тарихшыларымыздың өздерінің қазіргі таңда да елімізде қалың қауымға әлі де таныс емес екендігін айта кету қажет.

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................3-9

ЕРМҰХАН БЕКМАХАНОВТЫҢ ТАРИХШЫ-ҒАЛЫМ РЕТІНДЕГІ ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛЫ................................................10-35
Ғалымның шыққан ортасы мен алғашқы ғылыми еңбектері.................................................................................................10-16
Тарихшы-ғалымның «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» еңбегінің тарихи маңызы.............................................17-35

Е.БЕКМАХАНОВ ЕҢБЕКТЕРІ ЖӘНЕ ӨМІР ЖОЛЫНДАҒЫ АУЫР КҮРЕСТЕР...............................................................................36-59
Е.Бекмахановтың еңбектері және ғалымның қуғындалу процесінің басталуы..............................................................................36-46
Тарихшы-ұстаздың аудаудағы және айдаудан кейінгі өмірі.........................................................................................................47-59

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................60-61

СІЛТЕМЕ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................................62-64

Прикрепленные файлы: 1 файл

БЕКМАХАНОВ негізгі бөлім (восстановлен).docx

— 317.83 Кб (Скачать документ)

Ұлтшылдықты көркем шығарманың тақырыбынан немесе идеясынан ғана емес, оның тілінен де іздеу әрекеті бұдан бұрын да байқалған болатын. Мұқаш Сәрсекеевтің «Әдеби тілдің таза болуы үшін күресейік» [26] атты мақаласында бірсыпыра қазақ қаламгерлері тілді қолдануға байланысты сыналған еді. «Ұлтшылдардың орыс мәдениетінен, әдебиетінен бойларын аулақ ұстап, араб-парсы сөздеріне құлшылық етуі қазақ әдебиетіне көп залалын тигізді… Бірсыпыра ақын-жазушыларымыз әлі күнге дейін термин сөздерден бойларын аулақ ұстап, қайтсе де қазақшалаудың соңында жүр. Олар ескі, көне сөздерге, көбіне араб-парсы сөздеріне көп жармасады» – деп білетін автор Ә.Тәжібаев, А.Тоқмағамбетов, Ғ.Сланов сияқты жазушылардың Россияны «Ресей», Москваны «Мәскеу» деп қазақшалағанын, Ғ.Мұстафиннің философияны «пәлсапа», пианиноны «күйсандық», І.Есенберлин мен Д.Әбіловтің паровозды «отарба», Ғ.Слановтың комендантты «қорғанбек», Ж.Тілековтің барлаушыны «жортарман» деп алуын қолдамайды.

Кенесары туралы, қазақ әдебиетіндегі ұлтшылдыққа, «буржуазиялық бұрмалаушылыққа қарсы күрес» қызып жатқан кез сол жылдың 16-17 қазан күндері Қазақстан К(б)П Орталық комитетінің ҮІІІ пленумы болып, онда оның бірінші хатшысы Ж.Шаяхметов «Республиканың партия ұйымдарында идеологиялық жұмыстың жайы және оны жақсарту шаралары туралы» баяндама жасады. Енді бүкіл соғыстан кейінгі елуінші жылдардың бас кезіндегі республика өмірінің саяси-әлеуметтік жағдайындағы идеологиялық жұмыстардың бағыт-бағдары, сыр-сипаты айқын көрінетін, сол кездегі қазақ зиялыларының (оның ішінде ақын-жазушылар да, әдебиетші ғалымдар да бар), ауыр тағдырларына тікелей қатысы болған, бұл күндерде сарғайған тарихи кұжатқа айналған Ж.Шаяхметовтің баяндамасына көз жіберейік.

Қазақ әдебиетінде, оның ғылымында Кенесары қозғалысына байланысты «ұлтшылдық», «буржуазиялық» бұрмалаушылықтардың орын алуына Қазақ ССР Ғылым академиясының президиумы, оның президенті Қ.Сәтбаев және Қазақстан Жазушылар одағының басшылығы айыпты деп тапты. «Қазақстан Совет Жазушылары одағының президиумы, оның председателі Мұқанов жолдас өз жұмыстарының тиісті дәрежесінде бола алмады. Мұқанов жолдас жазушылар ортасында большевиктік сын мен өзара сынды бастамай отыр. Жазушылар одағының принципі творчестволық сын мен өзара сынның орнына тамыр-таныстық қатынастар, қателер мен кемшіліктерді бүркеу орнаған. Осындай кеселді системаның салдарынан жазушылардың шығармалары талқыланбайды, қазақ әдебиетін дамытудың өмірлік маңызды мәселелері дер кезінде көтерілмейді, деп Жазушылар одағының, оның басшысы С.Мұқановтың басшылық жұмыстарын жоққа шығарды.

Елуінші жылдардың бас кезінде қазақ зиялыларына қарсы жүргізілген саяси науқанда сол кездегі Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Жұмабай Шаяхметовтің рөлі жайында жазушы Ғ.Мұстафин кейіннен: «Шаяхметов жолдасқа жазушылардың тарқамайтын өкпесі бар. Ол кісі халқымыз сүйген жас әдебиетті сүйе білмеді. Егер сүйе білсе, пәлен жыл басшылықта отырғанда, айтарлық бірдеме істей де білер еді. Тұқыртуды ғана білді…

Олар әдебиетті тек әкімшілік жолмен басқаратынын, әдебиеттің теорияларын зерттемейтінін Кенесары мәселесінде тіпті айқын көрсетті. Кенесары жайында халық пікірі ертеден екіұдай болатын. Шаяхметов жолдас газет бетінде Кенесарыны тіпті ұранға қосқан соң, жұртшылық партия пікірі екен деп қалды. Әдебиеттің барлық салаларында Кенесары тіріліп, түрегелді. Қателеспеген әдебиетші кемде-кем. Біреу аз, біреу көп қателесті… Шаяхметов…. ақыры айыпты басқаларға аударып, өзі шілдің бұққанындай бұға қалды» [27], деп жазуында да ащы шындықтың сарғайған сілемдері көрінеді. Соғыстан кейінгі қиын кезде республика басшысы болған (1946-1954) Ж.Шаяхметовтің Сталиндік саясаттың жүргізушісі болғаны да рас. Түрлі қаулы-қарарлар шығарып, жоғарыдан жел беріп отырған Мәскеудің нұсқауларын орындамау сол кезде қалыптасқан саяси ахуалда мүмкін емес. Ол республика басшысы үшін міндетті болатын. Ж.Шаяхметов те өз қызметінің міндеттерін заманына лайықты орындауға тырысты. Өзіне жүктелген қызметті орындау барысында жоғары жақтың қаһарынан қорыққан ол пленумда өзін-өзі сынауға дейін барды.

Кенесарыға қатысты жүргізілген саяси науқанның барысында ең көп «таяқ жеген» ақын Қалижан Бекхожин болды. Ақынның «Батыр Науан» (1940) поэмасын және «Кенесары-Наурызбайдың әдебиеттегі бейнелері» [28] атты мақала жазуы оның шығармашылығының төбесіне қара бұлтты қоюлата түсті. М.Сәрсекеевтің «Қ.Бекхожин шығармаларындағы ұлтшылдық сарын» [29], Т.Исмаилов пен С.Жұмағалиевтің «Қ.Бекхожин шығармаларындағы буржуазияшыл-ұлтшылдық» [30], Мұқаш Сәрсекеевтің «Тағы да Қ.Бекхожиннің творчествосындағы қателіктер» [31] сияқты мақалаларының негізгі сарыны ақын шығармашылығындағы ұлтшылдықты, буржуазияшылдықты дәлелдеу болды.

Кенесарыға байланысты саяси науқанның барысында бар «пәле-жала» Қазақ КСР Ғылым академиясына, оның президенті Қ.Сәтбаевқа да жабылды. Қаныштың «Едіге батыр» жырына алғысөз жазып, алғаш бастырып шығаруы (1927) оны «ұлтшылдар» қатарына бұрын-ақ қосып қойған болатын. Ал Кенесарыға байланысты оны қудалау тіпті асқынып кетті. Қ.Сәтбаевты қуғындаудың апогейі 1952 жылы сәуір айының 15-17-сі күндері болып өткен Ғылым академиясының жалпы жиналысы болды. Оған Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Ж.Шаяхметов қатысып, ұзақ сөз сөйледі. Ол академияның ғылыми жұмыстарында орын алған өрескел идеологиялық «қателіктерге» көбірек тоқталды. Қ.Сәтбаевқа тағылған негізгі кемшіліктер Қазақ ССР Ғылым академиясы президиумының бас ғылыми хатшысы Д.Сокольскийдің баяндамасында сыналды. Оған ғылыми мамандардың жетекшісі ретінде алқа алдында есеп бермейді, ғылым мен өндірістің байланысын әлсіретіп жіберді, кадр таңдаудың сталиндік принциптерін бұзды, академияны іскерлік қабілеті жоқ, саяси жағынан сенімсіз адамдарға толтырды. Сөйтіп, өкімет қаржысын далаға шашты деген айыптар тағылды. Бұл жерде саяси жағынан сенімсіз деп отырғаны Е.Бекмаханов, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, Е.Ділмұхамедов, А.Жұбанов, т.б. болатын. Жиналыс осындай кемшіліктерге жол бергені үшін Қ.Сәтбаевты қызметінен босатты.

Қазақ қаламгерлерінің шығармаларында қаптап кеткен «буржуазиялық бұрмалаушылықтар» үшін Қазақстан Жазушылар одағы, оның президиум председателі С.Мұқанов қатты сынға алынды. Көп ұзамай-ақ жазушылар арасында коммунистік тәрбие жұмыстарын әлсіретіп, олардың советтік шындықты көркем бейнелеуіне дұрыс басшылық жасамай, «буржуазиялық бұрмалаушылықтарға» қарсы күресті өз дәрежесінде жүргізе алмағандығы үшін С.Мұқанов та қызметінен босатылып, оның орнына Жаймұрзин жайғасты. Ақын-жазушы да, сыншы-ғалым да емес, философ Жаймұрзиннің келуі Жазушылар одағындағы идеологиялық тәрбие, әшкерелеу жұмыстарын күшейту мақсатын көздеген болатын.

Соғыстан соңғы сойқанның басты «кейіпкері» Е.Бекмаханов болса, 1951 жылы партиядан шығарылып, университеттегі жұмысынан қуылған соң, оған тіпті Алматы қаласында тұруға да рұқсат берілмегендіктен, ол Алматы облысының Нарынқол, Жамбыл облысының Шу аудандарының мектептерінде тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. Ақыры 1952 жылдың 5 қыркүйегінде Е.Бекмаханов тұтқындалды. Оған мынадай саяси айыптар тағылды: «1952 жылғы 5 қыркүйекте Қазақ ССР Мемлекеттік қауіпсіздігі министрлігі Бекмаханов Ермұханды тұтқындап, оған антисоветтік қызметі үшін айып тақты. КСРО-да орнаған саяси құрылысқа қарсы ниетте болған Бекмаханов Ермұханның өзінің ғылыми қызметкер болған жағдайын пайдаланып, 1942-1952 жылдарда антисоветтік жұмыс жүргізгендігі анықталды. Өзінің «ғылыми» жұмыстарында ол Қазақстанның Россияға қосылуының маңызын буржуазияшыл-ұлтшыл тұрғыдан түсіндірді. Өзінің ұлтшылдық концепциясын негіздеуде Бекмаханов реакцияшыл ақындардың және совет халқының қас жаулары – алашордашылардың деректерін пайдаланды. Онымен бірге өзінің таныстарының арасында антисоветтік үгіт жүргізді…

Бекмаханов совет өкіметіне жау пиғылда болып, 1942-1952 жылдары ұлтшылдық идеяларды насихаттап, антисоветтік үгіт жүргізгені үшін… РСФСР қылмыстық кодексінің 58-статьясының 10-бөлімінің екінші бөлігіне сәйкес айып тағылды».

Қазақтың саналы азаматтарының бәрі түрмеде шірір ме еді, кайтер еді, егерде 1953 жылдың наурызында «халықтардың күн көсемі» И.В.Сталин қайтыс болмағанда. Билік басына келген Н.С.Хрущев И.В.Сталинді «жеке адамға табынушылықпен» айыптап, ол жүргізген саяси қудалаулардың барлығын партияның қателігі деп жариялады. Көп ұзамай Қазақстанның да басшылығы ауысты. Ж.Шаяхметовтің орнына Понамаренко Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы болып келді. Екі адамның оңаша сөйлесуінің өзі күдікті саналып келген Қазақстанда да оң өзгерістер жүре бастады. Нәтижесінде, 1951-52 жылдары сотталып, жер ауып кеткен Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, Қ.Мұхаметханов, Б.Сүлейменовтер түрмеден босап шықты. Б.Кенжебаев, Т.Нұртазин, Ә.Қоңыратбаев, М.Қаратаев сияқты азаматтардың Алматыға оралып, ғылыми-шығармашылық жұмыстармен айналысуына мүмкіндік туды.

Уақытша Мәскеуде бой тасалап жүрген М.Әуезов республика басшылығының арнайы шақыруымен елге оралды. Е.Бекмахановтың да ісі қайта қаралып, 1954 жылы 16 ақпанда ақталып шықты. Ол өзінің бұрын жұмыс істеген университеттегі «Қазақстан тарихы» кафедрасына қайта оралып, ұстаздық, ғылыми жұмыстарын жалғастырды. Қанша ауыр болғанымен де, абақтыдағы азапты жылдар Ерекеңнің сағын сындыра алмады. Ол өзінің бұрынғы ғылыми ізденістерін жалғастырып, 1957 жылы КСРО Ғылым академиясының «Наука» баспасынан «Қазақстанның Россияға қосылуы» (орыс тілінде) атты іргелі еңбегін жариялады… Ғалымның қазақ тарихын зерттеудегі жемісті еңбегі ғалымдар тарапынан жоғары бағаланып, ол 1964 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды. Солай десек те, кезінде Е.Бекмахановтың есімін Одақ ғалымдарына танымал еткен, кейіннен өзін ғана емес, бүкіл қазақ зиялыларын қуғындауға негізгі себептердің бірі болған «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдардағы қазақ тарихы» (1947) атты  еңбегі совет өкіметі жылдарында басылым көрмеді. Тек еліміз егемендігін алғаннан кейін барып, орыс және қазақ тілдерінде жарық көріп, қалың оқырманның рухани игілігіне айналды. Бұған қоса, 1991 жылы тәуелсіздікке қол жеткізу – қазақ ұлтының екі ғасырдан астам Кенесары Қасымов, ХХ ғасыр басындағы Алаш қозғалысы, 1917 жылғы Алаш үкіметі сияқты ұлт-азаттық күрестің маңызды нәтижесі деп нық айтуымызға болады. [32, 16].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Тарихшы-ұстаздың аудаудағы және айдаудан кейінгі өмірі

 

1943 жылы жазда ежелгі дәуірден сол кезге дейінгі кезеңді қамтитын тұңғыш "Қазақ ССР тарихы" Алматыда жарыққа шықты. Кенес республикаларының тұңғыш дербес тарихын жазудың бастамасы болғандықтан және оған соншама беделді ғалымдар күш салғандықтан бұл кітап бірден көзге түсті. Басылым Сталиндік сыйлыққа ұсынылып, сарапшылардың алғашқы сынынан мүдірмей өтті. Бірақ авторлардың қуанышы көп ұзамай, керісінше, бірнеше жылға созылған бітпес дауға, ал Бекмаханов үшін трагедияга ұласты. Сталиндік сыйлық жөніндегі комнтеттің соңғы мәжілісінде КСРО Ғылым академиясьгаың корреспоңдент мүшесі Яковлев «Қазақ ССР тарихы» орыстарға қарсы жазылған, зиянды кітап деген жөнсіз пікір айтып, сарапшыларды шошынтты. Сыйлық берілмейтін болды. Осы саяси қырағы Яковлев кім еді? Оның ойынша, Отан тарихы біртұтас КСРО тарихы, яғни «орыс ұлты тұрғысынан» жазылған тарих болуы тиіс, әр республиканың жеке ұлттық тарихын жасау зиянды, интернационализм принципіне сай келмейді. Бұл негізінен сталиндік тұжырымдамаға сай келетін догмат, қатаң, ұлы державалық шовинистік көзқарас еді. Бірақ сол кездегі идеологиялық, саяси жағдайда «Қазак ССР тарихының» авторлары үшін кауіпсіз де емее екенін кейінгі окиғалар толық дәлелдеді.

Қазақ халқының тарихына субъективті, сыңар езу көзқарас Панкратова бастаған ғалымдар тобын бейжай қалдыра алмады. Тарих майданындагы жағдайды талқылауды Панкратова ВКП(б) Орталык Комитетінің алдына қояды. Ұсыныс қабылданып, 1944 жылы 29.V.— 8.VII аралығында көрнекті кенес тарихшыларының жиналысы өткізіледі, оны ВКП(Б)П ОК хатшысы Щербаков басқарып, жиналысқа тағы екі хатшы Андреев пен Маленков қатысып отырды.

Бірақ ОК шақырған кеңес мақсатқа жеткізбеді, тарихшылар екі үдайы пікірде қалды, ал партия хатшылары жен сөз айтудан бас тартты. Бұған көңіл толмаған Панкратова ОК атына жазған хатында Яковлевтің көзқарасы «Қазақтардың ұлттық сезіміне терең саяу салады» деп көрсетті [33]. Кеңестен кейін Яковлевтің өзі Панкратоваға келіп «Қазақ КСР тарихында» әр жерден 10 беттен артпайтын көлемде өзгеріс жасау қажет. Жалпы кітап жақсы», деп көлгірсуі екі жүзділік пе, әлде шындықты мойыидау ма? Түсіну қиын. Дегенмен кенестегі азшылықтың пікірі баспасөз арқылы елге тарап кетті М. Морозов дегеннін рецензиясы «Большевик» журналында жарияланды (1945, №6). Морозовтың казақ тарихының маманы еместігі ғылыми жұртшылыққа айдан анық. Ол негізінен кеңестегі теріс пікірді жинақтаушы ғана. Ал теріс пікірдің ауыртпалығы алдымен Бекмахановқа түсті. «Қазақ ССР тарихынын» «жағымсыз 10 бетінің» авторы 1943 жылы 28 маусымда Мәскеуде «Қазақтардың Кенесары Қасымұлы басқарған азаттық күресі» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Ал 1946 жылы Бекмаханов докторлық диссертациясын қорғап, оны "Қазақстан XIX ғасырдың 20—40-жылдарында" деген атпен 1947 жылы жарыққа шығарды.

Осыдан соң Кеңесары көтерілісін сынаушылар анықтан-анық  Бекмахановқа ауыз сала бастады. Бұрын «Қазақ КСР тарихына» бағытталған сын пікір Бекмахановтың монографиясына ауысты. Бұл әсіресе жергілікті сыншыларға жеңілдік туғызды. Өйткені бір адамға жабылу «Қазақ  ССР  тарихының»  авторларына, беделді  ғалымдарға, мәскеуліктерге тиісуден гөрі оңайырақ болды.


Оның үстіне 1947 жылы Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінің «Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының өрескел саяси қателері туралы қаулысынан кейін «байшылдар» мен «ұлтшылдарды» әшкерелеу науқаны басталған болатын. Яғни 47-жылы «37-жылдың» исі шыға бастаған.

Ең әуелі ВАК-қа Бекмаханов негізінен Рязановтың жарыққа шықпаған қолжазбасын пайдаланған деген арыз түсті. Бұл істі тексерген академик Дружинин плагиат туралы пікірді толық теріске шығарып дәлелдеп берді [2, 374].

1948 жылы 28 ақпанда КСРО  Ғылым академиясының тарих институтында Бекмахановтың монографиясы талқыланды. Бұған Алматыдан әдейі келген тарих ғылымының кандидаты Айдарова қатынасты. Тарих ғылымының кандидаттары Т. Шойынбаев пен М. Ақынжановтың жазбаша пікірлері оқылды. Қазақстандықтар Кенесары қозғалысы реакцияшыл, феодалдық-моиархиялық ұлтшылдық сипатта деген ортақ пікір айтты. Бұларға Дружинин, Бахрушин, Вяткин, Кучкиндер қарама-қарсы шықты. Пікірталас қорытындысында академик Греков автордың жеке басына тиісу, оны буржуазияшыл-ұлтшыл деп айыптау ғылыми пікірталасқа жат әрекет екендігіне көңіл аударды.

Информация о работе Тарихшы-ұстаздың аудаудағы және айдаудан кейінгі өмірі