Тарихшы-ұстаздың аудаудағы және айдаудан кейінгі өмірі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 20:40, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Қазақ тарихы ғылымы осы кезге дейін ел шежіресін жазуға үлесін қосқан ғұламаларын әлі түгендей алмай келеді. Ерте замандары былай қойғанда, тіпті кейінгі кеңес дәуіріндегі қазақ тарихын кімдер жазып, қандай еңбектер қалдырды деген сауалға Қазақ тарихнамасы әлі де толық жауап бере алмай отыр. Басқа озық елдердегідей біздің ғылыми тарихнамамыз да ( тарих ғылымының тарихы ) әлі жасалған жоқ, тарихнама пәні университеттердің оқу жоспарында бұрынғы КСРО, дұрысында орыс тарихшыларының тұжырымдамаларымен таныстырумен және қазақ тарихындағы ірі оқиғаларды кімдердің зертттегендігімен ғана шектеледі. Кеңестік кезеңде Қазақстан тарихшыларының Қазақ Совет Энциклопедиясына түгел енбегендігін айтпағанның өзінде, белгілі тарихшыларымыздың өздерінің қазіргі таңда да елімізде қалың қауымға әлі де таныс емес екендігін айта кету қажет.

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................3-9

ЕРМҰХАН БЕКМАХАНОВТЫҢ ТАРИХШЫ-ҒАЛЫМ РЕТІНДЕГІ ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛЫ................................................10-35
Ғалымның шыққан ортасы мен алғашқы ғылыми еңбектері.................................................................................................10-16
Тарихшы-ғалымның «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» еңбегінің тарихи маңызы.............................................17-35

Е.БЕКМАХАНОВ ЕҢБЕКТЕРІ ЖӘНЕ ӨМІР ЖОЛЫНДАҒЫ АУЫР КҮРЕСТЕР...............................................................................36-59
Е.Бекмахановтың еңбектері және ғалымның қуғындалу процесінің басталуы..............................................................................36-46
Тарихшы-ұстаздың аудаудағы және айдаудан кейінгі өмірі.........................................................................................................47-59

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................60-61

СІЛТЕМЕ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................................62-64

Прикрепленные файлы: 1 файл

БЕКМАХАНОВ негізгі бөлім (восстановлен).docx

— 317.83 Кб (Скачать документ)

Сталин өлгеннен кейінгі жылымықта Бекмаханов ісі де қайта қаралып, 1954 жылғы ақпанның 16-ы толық ақталып шықты. Бұған Хрущевтің қабылдауына барып, мән-жайды түсіндірген Панкратова да үлес қосқан еді. 

Сот шешіммен ақталып келгеніне қарамастан Ермұқан Бекмахановтың қоғамға қайта сіңуі оңай болмады. Бірінші хатшы Пантелеймон Пономаренконың араласуынан кейін ғана санатқа іліне бастады. Осындай қиын кезеңдерде Бауыржан Момышұлының Бекмахановқа қалай ашық қолдау көрсеткені «Ермұқан Бекмаханов туралы естеліктер» (А.,2005) [46] кітабында баяндалады. 

Бостандыққа шыққаннан кейін Бекмаханов докторлық диссертациясын қайта қорғауға мәжбүр болды. Әрине, бұрынғы «қателіктер түзетілді». Кейінгі еңбектерінде маркстік-лениндік әдіснамадан қия баспайтын болды. 

Ермұқан Бекмаханов пен қызы Найля Бекмаханованың авторлығымен өңделіп, 1977 жылы он алтыншы рет жарық көрген, 7-8 кластарға арналған «Қазақ ССР тарихы» оқулығында «Кенесары Қасымовтың 1937-1938 жылдардағы феодалдық монархиялық қозғалысы» деп аталатын 29-параграф бір-ақ беттен тұрады. Осы беттегі «Кенесары Қасымовтың қозғалысы реакцияшыл, қазақ ақсүйектерінің феодалдық монархиялық қозғалысы еді. Бұл қозғалыс Қазақстанда ортағасырлық тәртіпті нығайтуға бағытталып, Қазақстанның Россияға қосылуына бөгет жасалды» деген қорытынды (16-б) жоғарыда аталған «Правда» газетіндегі тұжырыммен сөзбе-сөз сәйкес келеді.

2010 жылы Мәскеудегі «ЖЗЛ»  сериясы аясында Бекмаханов туралы  кітап шығарған зерттеуші Медеу  Сәрсеке 1951 жылғы атышулы мақаланы  «Правда» газетінің өз қызметкерлері  ұйымдастырған деген пікір айтады.  
«Қазақстан КП(б) Орталық комитетінің бірінші хатшысы Ж. Шаяхметов оған қол қоюға тиісті адам екен. Бірақ Жұмекең авторлықтан иланымды желеу айтып бас тартқан соң, орталықтағы билік оны жоғарыдағы үшеумен ауыстырған. ...Әрине, неше жыл бойы соңына шам алып түсіп, «домалақ арыз» жолдап, түрліше айтыс-тартыстар да ұйымдастырып, пышағын қайрап жүрген қызғаншақ әріптестері өз ортасындағы жалғыз докторды солтүстіктегі жер түбіне жөнелтуге ерекше белсенділік көрсетіп, әпербақандық танытқаны – бүгінде де зор қынжылыспен мойындайтын ащы шындық!» дейді [47]. 

«Шаяхметов ауторлықтан бас тартты» дегеннің өзінде де оның пленумда жасаған баяндамасының құлашы «Правдадағы» мақаладан әлдеқайда кеңге сермелді [48]. 

       1952 жылы  Бекмаханов істі болып жатқанда  Т.Шойынбаевтың «Кенесары Қасымовтың  реакцияшыл феодалдық-монархиялық  қозғалысын баяндаудағы ұлтшылдық  бұрмалаушылықтарға қарсы» деп  аталатын кітапшасы республикаға  жаппай таратылып, үгіт-насихат жұмыстарында  қолдан түспейтін құралға айналды. 

Ескертер гәп: академик А.М.Панкратова екінші мәрте редактор болған «Қазақ КСР тарихын» саяси қаралауға 1944 жылғыдай батыл түрде қарсы тұра алмаған; мәселенің бұл жолы Қазақстанның өзінен өрбіп, М.А.Сусловтың қолдауымен өршіп әрі өзі бас редактор міндетін қоса атқарған «Правда» газетін пайдалануы, Анна Михайловнаның, Мәскеудегі «Қазақ КСР тарихына» тілеуқор тарихшылардың қолын байлаған. Сірә, сол себепті 1951 жылдың сәуірінде КСРО ҒА Тарих институтының ғылыми кеңесі Е.Бекмахановты кандидаттық, докторлық және профессорлық атақтарынан айырып, «бұрынғы қаулысының қате болғандығын» мойындаған масқара қаулы алып, сол қарарды ВАК төралқасына жөнелтуге мәжбүр болған (академик Н.М.Дружинин ғана: «Мұндай масқара − ғылым тарихында бұрын-соңды болған емес, мен бұған қатыспаймын!» − деп дауыс берерде залдан шығып кеткені ғылыми кеңес хаттамасында жазылған). Қысқасы, аяушылық сезімнен жұрдай идеолог-секретардың тікелей нұсқауымен жүрген тазарту науқанына ешқандай өзгеріс жасай алмайтынын білген қайраткер тарихшы жым-жырт қалған. Күйеуінің тағдырына араша болуды өтініп Халима Адамбекқызы Мәскеуге барғанда, Анна Михайловна: «Ермұханның Кеңес өкіметіне адал тарихшы екеніне өзімдей сенемін, бірақ менің де қолым байлаулы, ал жағдай сәл өзгерсе, сүйікті шәкіртімнің тағдырын жеңілдетуге көмектесемін, қарағым, ақиқатқа сеніміңді жоғалтпа!..» − дегені содан.

Шынында да сөйткен. Тарих ғылымдарының докторы А.П.Кучкин «Мызғымас достық» естелігінде: «Н.С.Хрущевке барып, Ермұханның нақақтан сотталғанын түсіндіріңіз, біз, мәскеулік достары ұжымдық хат жазып, адалдығына кепіл болайық!…» – деп ғылыми жетекшіміз А.М.Панкратоваға ұсыныс жасадық» – деген ойға бірден келісіп, 12 тарихшының қолы қойылған хатты алып, Анна Михайловна 1954 жылдың қаңтарында КОКП ОК бірінші секретары Н.С.Хрущевтің қабылдауына сұранған. КОКП ОК-інің мүшесі, академик А.М.Панкратованы дереу қабылдаған айбынды секретарь есімі мен еңбегі халыққа әйгілі, «КСРО тарихы» оқулығы авторының Қазақстанда жүзеге асқан сорақы оқиғаны мәністеп түсіндірген сөзінен соң Никита Сергеевич КСРО-ның Бас прокуроры Р.Руденкоға телефон шалып, тарихшылар хатына мән бере қарауға нұсқау берген. Бодайбоның 60 градус қақаған аязында жаурап жүрген Ермұхан Бекмаханов Мәскеуге ұшақпен әкелініп, «қылмысынан» ақталып, 1954 жылғы ақпанның 16-сында Бутырка түрмесінен бостандыққа шыққан (Ғылыми атақтары бірақ қайтарылмаған. Амал қанша, бейнетқор тарихшыға докторлық атағын 1958 жылы Мәскеуде қайыра қорғауға тура келген).

Ерінің бостандыққа шыққан күні туралы Халима Адамбекқызы «Жиырма жыл бірге» деп атаған естелік кітабында егжей-тегжейлі баяндаған: «Бутырканың алдында Ерекеңді Анна Михайловнаның автомобилі қарсы алған. Со бетінде өзіне амандаса келген еріме Анна Михайловна бір қалта ақша ұсынады: “Дүкенге барып, үстіңдегі түрменің шоқпытын сыпырып тастап, жаңадан киін. Сенің жер басып жүргеніңді көре алмайтын қас дұшпандарың Алматыда аз емес. Түрмеден жүдеп-жадап қайтқаныңды оларға көрсетпе, қызғаныштан іштері күйгендей ең қымбат киіммен, ағылшынның сәнқой дендиі құсап еліңе шікірейіп бар!..” – деп жүргізушісін қосып, дүкенге жібереді. Ерекең киімді сәнді киінуді ұнататын. Қымбат костюм-шалбар, бірнеше көйлек-көншек алады, әдемі пальто киіп, жаңа малақайын қолына ұстап қайтып келгенде, Анна Михайловна бас-аяғына шола қарап: “Шарф қайда?” − дейді. Ерекең: “Ақшаның жеткені сол болды, кем-кетігін еңбекақымды алған кезде түгендеймін”, – депті. “Жоқ, дүкенге қайта жөнел! Шарф, галстуктер, қосымша киімдер ал. Келіншегің мен балаларыңа базарлық алмасаң – еліңе қайтармаймын!.. – деп тағы да бір бума ақша береді. Мәз-мейрам болған ерім дүкенге қайта жөнеледі. Сол күні кеште хатқа қол қойған 12 тарихшы оның бостандыққа шығуын «Арагви» мейрамханасында тойлаған…»

1954 жылдың көктемінде  Н.С.Хрущевтің «саяси жылымық» жариялағаны мәлім. Соған орай соғыстан бұрын, одан кейін де атышулы 58-баппен «қылмысты» болған қазақстандық шерменделердің тірілері бостандыққа шығып, ел-жұртымен қауышқан.

Тегінде ақиқаттың жолы ұзақ. 1951 жылы тәркіге түскен Е.Бекмахановтың «XX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» кітабы 41 жыл бойы жабық жатып, 1992 жылы ғана қайыра жарияланды, қазақша нұсқасы да сол қарсаңда тұңғыш рет жарық көрді. Алғашқы екі басылымы қолданыстан 1951 жылы шығарылған «Қазақ КСР тарихы», жоғарыда ескерткеніміздей, 2011 жылы, Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі қарсаңында жарық көрді. Бекмаханов ақталғанымен «Кенесары қазақ халқының жендеті және тұншықтырушысы болды. Ол өздерінің төлеңгіттерінен шайка ұйымдастырды» дейтін пікірлерінен Т.Шойынбаев бас тартқан жоқ. Қазақстанның Ресейге қосылуының 225 жылдығына арналған «Қазақ халқының тарихындағы ұлы оқиға» (А.,1957) деп аталатын мақаласында осы сарындағы пікірлерін тағы да қайталады.

Сталиннің жеке басына табыну кезінде етек алған саяси қуғын-сүргін кезінде жеке адам факторы көп рөл атқарды. Кей ғалымдардың жеке бас араздықтары ғылыми еңбектерден саяси қате іздеуге ұрындырды. Ғалымдардың идеология жетегінде кетуі диктаторлық режимнің оң жамбасына сай келді. Сөйтіп, саяси қателік іздеудің соңы – жазықсыз ұстап беруге ұласып, тіпті «ұстап бергендердің» өзі де ұсталып жатты. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Өзінің саналы ғұмырын ғылым жолына арнаған дарынды ғалым, үлкен парасат иесі Ермұқан Бекмаханов небәрі 50 жыл ғана өмір сүрді. Дегенмен, өзінің қамшының сабындай қысқа ғұмырында соншама іс тындырып, Қазақстан тарихына қайталанбас үлес қосып кеткен аса ірі ғалымның теңдессіз еңбегі бүгінде баршамыздың баға жетпес құнды қазынамызға айналып отыр.

Бекмаханов тағылымы жеке басқа табыну дәуіріндегі ғылымда ойлау-зерттеу бостаңдығы болмағанын тарих ғылымы тұмшаланып, өресіз бюрократтардың, күншіл ғалымсымақтардың саяси қолшоқпарына айналып, өз пікірін айтқан авторлар үшін қандай зауал тудырғанын айқын дәлелдейді. 40—50-жылдардағы тарих майданы, әдебиет майданы да тура саяси майданға айналып, талай дарынды ғалымдардың тағдырын трагедияға ұшырат уы, еліміздің объективті тарихын жазуға тұсау болды, қажетсіз сыңаржақ "еңбектерге" жол ашты, халқымыздың ұлттық санасын тұмандандырды.


Өткен ғасырдың қырқыншы жылдарының өзінде-ақ ұлтын сүйген азамат Ермұхан Бекмахановтың отаршылдардың ойранынан аяққа тапталып қалған Кенесары-Наурызбайдың рухын қайта көтеріп, халқының ұлттық сана-сезімін оятуға бағытталған іс-әрекетінің аяғы бүкіл ұлтжанды қазақ атаулыға қарсы бағытталған саяси науқанға әкеліп соқтырды. Бүгінде елінің елдік намысын көтеріп, отаршылдарға қарсы ту көтеріп шыққан ардагер азаматтың есімін білмейтін, оның елі үшін жасаған рухани ерліктерін мақтан тұтпайтын қазақ жоқ. Азаттық жолында Кенесарылар мерт болған ұлттың ұлы армандары бүгінгі күндері салтанат құрып отыр. Оны туған халқы да ардақтап, ұлттық батыры санайды десек, қазір Астананың қақ төрінде, бір кездерде өзі ат ойнатып, отаршылдармен айқасқан Ертістің жағасында Кенесарының зәулім ескерткіші асқақтап тұр.

Жақсы адамның көкірегінде тек ізгілік ұялайтындықтан, кекшілдікке, күншілдікке орын жоқ. Ермұхан Бекмаханов қамаудан шыққан соң кезінде өзінің балағына жармасып, аяғынан шалғандарға кек қайтаруды қаперіне де алған жоқ. Ғылымда өзінің бастаған ісін әрі қарай жалғастырып, қалайда содан бір нәтиже шығаруды ғана мақсат етті. Онысы шынында жемісті болып, аз ғана уақытта бұрынғы атағы, өзінің қолынан тартып алынғанның барлығын қайтарып алды. «Қазақстанның Ресейге қосылуы» деген тақырыпта тағы бір рет докторлық диссертация қорғап, екі мәрте тарих ғылымдарының докторы атанды, 1957 жылы оқулық шығарды. Ғалым әсіресе, өмірінің соңғы жеті жылында жанталаса жұмыс істеді. Ежелгі дәуірден бастап бері қарай жазып келе жатқан тарих оқулығын жалғастырып, «Қазақ КСР тарихының хрестоматиясын»,  «Очерки истории Казахстана ХІХ века» атты оқу құралын, көптеген мақалалар жазып үлгерді. 1962 жылы Бекмаханов Қазақ КСР Ғылым академиясына коореспондент мүше болып сайланды. Қазақстан тарихын барлық ЖОО-на енгізу арманына қол жеткізгеннен кейін бір-екі жылдан соң асыл азамат Ермұхан Бекмаханов 1966 жылы небары 51 жасында ауыр науқастан қайтыс болды. Үлкен жүректі жанның қазасына байланыысты еліміздің түкпір-түкпірінен ондаған телеграммалар, хаттар келген екен. Ерінің архивін, оның ішінде көңіл айту хаттары мен телеграммаларын Жолдасы Халима Адамқызы республикалық академияның орталық архивіне өткізіпті. Сол архивтік қорда Бауыржан Момышұлының азалы адресі де сақтаулы. Оның Бауыржан Момышұлымен қоштасарда айтқан сөзі: «Үлгере алмай кетіп барам, кешіріңіз!» болса керек. Ал осыған халық атынан кешірім сұрап жауап бергендей Баукең былай деп жазыпты: «Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде, деп боздар сорлы қазақ мен өлгенде». Осы сөзімді Қанышқа, Мұхтарға арнап жазып едім. Інім едің – сенімен қоштасып, басыңа қойып тұрмын. Жатқан жерің торқа болсын. Әрқашан да есімдесің, бауырым. Жылаушы Б.Момышұлы».

Тарихшы, қайраткер тұлғаның қайтыс болғанынан бері де міне қырық екі жыл өтіпті. Қазақ тарихының ғылыми іргетасын қалау жолында қуғын-сүргінге ұшыраған  Ермұхан Бекмахановтың өз өмір тарихы да балдай тәтті болған жоқ. Алты жаста әкесінен айрылған жас бала аштық уағында анасы мен қарындасынан да көз жазып қалды. Атадан жалғыз қалған ғалымның бағына тағдыр алты бірдей перзент берді. Әкелерінің көп оқитыны, көп ізденетіні балаларына үлгі болып, тұңғыш қызы әке жолын қуып, тарихшы болса, өзімен аттас Ермұхан атты ұлы талай жылдар қазақ киномотографиясына  қызмет етіп, бүгінде әкесінің артынан бақиға аттаныпты. Бірақ ең бастысы, ұлыдан ұрпақ қалды, ұлт тарихында мәңгі өшпес ізі қалды.

Ұлағатты ұстаз талай-талай талантты жастардың ғылым жолындағы тұсауын кесіп, олардың өсуіне қамқорлық жасаса, одан дәріс алып, ғылыми жетекшілігін көрген сол жас талаптар бұл күнде республика Ғылым академиясыныңы мүшесі, ғылым докторы, профессор дәрежелеріне жетіп, ұстаздарының ғылымдағы өмірін жалғастыруда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СІЛТЕМЕ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Назарбаев Н. Қазақстан жолы, - Астана, 2007-372-б.
  2. Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында (Оқу құралы), Алматы, Санат, 1994. 254 б.
  3. Якунин А. Ф. Революция 1905—1907 гг. в национальных районах России. М., 1949
  4. Вопросы истории, 1951, № 4.
  5. Бекмаханов Е. Б. Национально-освободительное движение в Казахстане в период русской буржуазно-демократической революции // Вестник АН КазССР, 1950, № 4; Соныкі. Рабочее движение в Казахстане в период первой русской революции // Из истории рабочегокласса и революционного движения; Памяти академика А. М. Панкратовой. М., 1958; Дильмухамедов Е. Д. Революционная борьба рабочих горной промышленности Казахстана в период революции 1905—1907 гг. // Вестник АН КазССР, 1950, № 10; Соныкі.Революционное движение горнорабочих Казахстана в начале XX в. (1900-1917). А., 1955.
  6. Примак Н. И. Советская историография первой русской революции 1905-1907 гг. (середина 30-х—60-е годы) // Советская историография классовой борьбы и революционного движения в России. Л., 1967, ч. 2, 39-6.
  7. Қазақ ССР тарихы. А., 1957, 1-т., 481-515-6.
  8. Асылбеков М. X. Железнодорожники Казахстана в первой русской революции (1905—1907 гг.) А., 1965;СапаргалиевГ. Карательная политика царизма в Казахстане (1905-1907гг.), А., 1966;Турсунбаев А. Б. Казахский аул в трех революциях. А., 1967.
  9. Қозыбаев М., Нұрпейісов К. Тағдыры күрделі қайсар талант // Ермұхан Бекмаханов туралы естеліктер. – Алматы., 2005. 288 бет.
  10. Бекмаханов Е.Б.  -  Кенесары Қасымов көтерілісінің бұқаралық туралы  мәселесі // Известия АН Каз ССР, серия историческая, №2. 1946ж.
  11. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. 3 том. Алматы., 2000ж. 344-б.
  12. Жамбылов Д. Тәуелсіздік және саяси Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс. Алматы., 2001ж. 59-б.
  13. Кенесарыұлы С. Кенесары және Сыздық сұлтандар. Алматы., 1992ж. 8 б.
  14. Ахметов Қ. Кенесары хан Ұлытау өңірінде. Астана., 2002ж. 54-б.
  15. Қасымбаев Ж. Кенесары хан. Алматы., 1993ж. 65-б.
  16. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы., 2005ж. 210-б.
  17. Аманжолов Қ.Р. Түркі халықтарының тарихы. 3-том. Алматы., 2005ж. 119-б.
  18. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы., 1995ж. 109-б.
  19. Оразов Р.Е. Азаттық үшін күрескен Кенесары тәуелсіздік кезінде неге сынға алынуы тиіс? // Отан тарихы., №3(59)-2012ж.
  20. Сужиков Б.М. Идеологические контексты и научный подвиг А.М.Панкратовой // Отан тарихы., 2012. №2 (58). стр. 100-103.
  21. Ермухану Бекмаханову – 90 лет (по интервью с дочерью ученого). // Вопросы истории и археологии Западного Казахстана. Орал, 2007, №1. 297-300стр.
  22. Социалистік Қазақстан, 14.12.1947.
  23. Вестник АН КазССР. 1948ж. №3. 36-бет.
  24. Қайсарлық және қасірет // Егемен Қазақстан, 15 ақпан, 2005 ж.
  25. Ермухан Бекмаханов. Казахстан в 20-40 годы ХІХ века, стенограмма, 14-б., А., 2005.
  26. Лениншіл жас», 26.01.1951.
  27. Қазақ әдебиетінің жәйі және міндеттері. // Әдебиет және искусство,1954, №10.
  28. Әдебиет және искусство, 1941, №5.
  29. Социалистік Қазақстан, 22.07. 1951.
  30. Әдебиет және искусство, 1951, №10.
  31. Лениншіл жас, 12.12.1951.
  32. Амангелді А.А. Тәуелсіздік және ұлт саясаты // «Тәуелсіз мемлекет пен азаматтық қоғам құрудағы Қазақстандық тәжірибе: тарих және тағылым» халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Ақтөбе, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты, 2011-472-б. 13-17бб. 
  33. Письма Анны Михайловны Панкратовой.— Вопросы истории, 1988, № 11. с. 54-79.
  34. Бекмаханов Е. Справедливая критика // Вестник Академии Наук Казахской ССР. – 1949. – № 9 (54).
  35. Бекмаханов Е.Б.  -  Кенесары Қасымов көтерілісінің бұқаралық туралы  мәселесі // «Известия АН Каз ССР, серия историческая», № 2. А., 1946.
  36. Өтпелі кезеңдегі тарихи білімнің бағыттары // Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары «Аймақтар тарихы әлемдік тарихи үрдістер контексінде. II Қасымбаев оқулары». – Семей, 2006, 14-16 желтоқсан. – Семей, 2006. – 367-372-бб.
  37. Бекмаханов Е.Б. Кенесары Қасымов көтерілісінің бұқаралық туралы  мәселесі // «Известия АН Каз ССР, серия историческая», №2. А., 1946.
  38. Государство наций: империя и национальное строительство в эпоху Ленина и Сталина. - М: РОССПЭН, 2011. – 336-342 бб.
  39. Сарсеке М. Бекмаханов. - М.: Молодая гвардия; Астана: Фолиант, 2010. – 213 б.
  40. Сонда. 215 б.
  41. Стенограмма дискуссии по книге тов. Бекмаханова. Казахстан в 20-30-е годы ХIХ века: июль 1948 года. - Алма-Ата, машинописный вариант. – 458-464 бб.
  42. Сәрсеке М. Бекмаханов... 227 б.
  43. Сонда. 396-б.
  44. Сонда. 397-б.
  45. Асылбеков М.Х. Есқалиев С.А. 28-б.
  46. Ермұхан Бекмаханов туралы естеліктер. – Воспоминание о Ермухане Бекмаханове – Алматы., 2005. – 288-б.
  47. «Мәскеу. «ЖЗЛ» сериясы, 9-шы кітап», М.Сәрсекемен сұқбат, «Егемен Қазақстан» 29 желтоқсан, 2010 ж.
  48. «Большевик Казахстана», №10, 7-б. қазан, 1951 ж.

Информация о работе Тарихшы-ұстаздың аудаудағы және айдаудан кейінгі өмірі