Тарихшы-ұстаздың аудаудағы және айдаудан кейінгі өмірі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 20:40, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Қазақ тарихы ғылымы осы кезге дейін ел шежіресін жазуға үлесін қосқан ғұламаларын әлі түгендей алмай келеді. Ерте замандары былай қойғанда, тіпті кейінгі кеңес дәуіріндегі қазақ тарихын кімдер жазып, қандай еңбектер қалдырды деген сауалға Қазақ тарихнамасы әлі де толық жауап бере алмай отыр. Басқа озық елдердегідей біздің ғылыми тарихнамамыз да ( тарих ғылымының тарихы ) әлі жасалған жоқ, тарихнама пәні университеттердің оқу жоспарында бұрынғы КСРО, дұрысында орыс тарихшыларының тұжырымдамаларымен таныстырумен және қазақ тарихындағы ірі оқиғаларды кімдердің зертттегендігімен ғана шектеледі. Кеңестік кезеңде Қазақстан тарихшыларының Қазақ Совет Энциклопедиясына түгел енбегендігін айтпағанның өзінде, белгілі тарихшыларымыздың өздерінің қазіргі таңда да елімізде қалың қауымға әлі де таныс емес екендігін айта кету қажет.

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................3-9

ЕРМҰХАН БЕКМАХАНОВТЫҢ ТАРИХШЫ-ҒАЛЫМ РЕТІНДЕГІ ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛЫ................................................10-35
Ғалымның шыққан ортасы мен алғашқы ғылыми еңбектері.................................................................................................10-16
Тарихшы-ғалымның «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» еңбегінің тарихи маңызы.............................................17-35

Е.БЕКМАХАНОВ ЕҢБЕКТЕРІ ЖӘНЕ ӨМІР ЖОЛЫНДАҒЫ АУЫР КҮРЕСТЕР...............................................................................36-59
Е.Бекмахановтың еңбектері және ғалымның қуғындалу процесінің басталуы..............................................................................36-46
Тарихшы-ұстаздың аудаудағы және айдаудан кейінгі өмірі.........................................................................................................47-59

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................60-61

СІЛТЕМЕ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................................62-64

Прикрепленные файлы: 1 файл

БЕКМАХАНОВ негізгі бөлім (восстановлен).docx

— 317.83 Кб (Скачать документ)

Бұрынғы басылымдарда оның авторы жайлы көбіне айтылмайтын. Әрине, тарихи зерттеуді оның заманынан және оны жүргізген авторынан ажыратуға болмайды. Сондықтан да  тұлғалы ғалымды оқушы жастарға толығырақ таныстыру әділетті де, әрі тарихнамалық мәні бар деп білеміз. Сонымен бірге егемен елдің жастары өткеннен тағлым алып, тарихи зерттеудің ауыр жолымен танысып, әр кезде де таланттың жауы дарынсыздық, іштарлық-көреалмаушылық екенін де естерінде ұстағаны артық болмас деген ойдамыз.

Ермұхан 1915 жылы қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында №10 ауылда Жасыбай деген жерде кедей шаруа Бекмахан Бөгейұлының шаңырағында дүниеге келеді. Кедейлер табына жататын бұл отбасы Абылай ханның ұрпағы екені, ал Ермұхан Абылайдан тараған 7-буын екені соңғы кезде ғана ашық айтыла бастады. Әкесі Зында Шорманов деген байдың жалшылығында жүріп, 1921 жылы Ермұхан 6 жасқа келгенде дүние салады. Анасы Бәпіш отбасының ауыртпалығын бір өзі көтеріп, үш баласының қамқоршысы болады. Ерекеңнің өз қолымен жазылған өмірбаянында шешем колхозшы, 1932 жылы қайтыс болды дегеннен басқа сыр ашпаған. Шындығында оның анасы мен қарындасы ашаршылықта өліп, денесі қайда калғаны да белгісіз.

Ермұхан тек ағасы Діншенің қолдауымен ғана мектепте білім алады. Дінше де 1931 жылы, тым ерте, қайтыс болады. Ермұхан  Баянауылда жеті жылдық мектепті тәмәмдағаннан кейін 1932 жылы Семейде жоғарғы оқу орнына даярлайтын 1 жылдық курсты оқып шығады. 1933 жылы Қазақ АКСР Оку-ағарту халық коммиссариатынын жолдамасымен Воронеж қаласындағы мемлекеттік педагогикалық инситутқа қабылданып, 1937 жылы тарих факультетін бітіреді. Бекмахановтың педагогтық қызметі Алматыдағы №28 мектепте, 1937 жылы Алматыдағы педагогика ғылым-зерттеу институтында (қазір Ы. Алтынсарин атындағы қазақтың білім проблемалары институты) басталып, 1939—1940 жылдары осы институттың директоры болады. Оған коса ҚазПИ-дің аспирантурасын тәмамдап, 1940-1941 жылдары БКП (б) Орталық Комитеті жанындағы жогарғы партия мектебінде оқып, оны жедел бітіріп шығады (Бекмаханов 1939 жылы партия қатарына өткен). Ұлы Отан соғысы жылдары жас тарихшы өзінің білімін толықтырумен қоса тікелей ғылыми-зерттеу жұмысымен де толассыз айналысады, әр түрлі оқу орындарында да дәріс береді (ҚазПИ, Оқытушылардың білімін жетілдіру институты, 1947 жылдан өмірінің соңына дейін — ҚазМУ). Бұдан әрі Бекмахановтың өмір тарихы былайша өрбиді:  1941 —1942 жылдары ҚазКСР оқу халық комиссариатында мектептер басқармасының бастығы, 1942-1944 жылдары - Қаз(б)КП Орталык Комитетінің лекторы, 1943—1948 жылдары ҚазКСР ҒА-ның тарих, археология және этнография институтында (қазір Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнография институты) аға ғылыми қызметкер, біраз уақыт институт директоры С. Юшковтың орынбасары болып жұмыстар атқарады.

Бекмахановтың алғашқы ғылыми ізденістері педагогика саласымен байланысты болады. Мысалы, қазақ мектептері үшін түңғыш ерте дүние тарихы мен КСРО халықтары тарихы бойынша методикалық кұрал жасауға ат салысады. Ол еңбектері 1938—1939 жылдары «Халық мұғалімі» (қазіргі "Қазақстан мектебі") журналында жарияланады. Ал тарих ғылымына белсенді аяқ басуы соғыс кезеңімен ұштасады да, ол әрекетінің жемісті бас-талып, бірден үлкен арнаға ұласуына өзіне білгір ұстаз, камқор жетекші болған КСРО Ғылым академиясынын академигі (ол кезде корреспондент мүше) белгілі тарихшы Анна Михайловна Панкратовамен кездесуі әсер етті.  1941 жылдың күзінде Мәскеу түбіндегі қауіпті жағдайға байланысты Алматыға Ресейдің ірі тарихшыларының бір тобы эвакуацияланады. Қай кезде де іскер, тыннмсыз Панкратова оларды әр қалаға бөлшектемей, астанада қалдырып, соғыс талабына сай ғылыми жұмысқа пайдалануды ұсынады. Іздегенге — сұраған дегендей, бұл идеяның басықасында сол кезде Оку халық комиссариатында істейтін Бекмаханов жүреді. Осылайша құрылған Ресей және Қазакстан ғалымдарының үлкен шоғыры ең әуелі мектеп окытушылары үшін соғыс жағдайында тарих пәнін оқыту методикасын тез арада жасап шығарады.

Әдістемелік құрал дереу баспаға беріліп, тіпті Өзбекстанда да жарық көреді. Бұдан кейін орыс тарихшылары мен жергілікті ғалымдардың үлкен шоғыры бірлесіп, ерте дүниеден бастап сол кезге шейінгі қыры да, сыры да мол казақ тарихының бір томдығын жазу ісіне кіріседі. Бұл оңай жұмыс еместі. Орыс ғалымдарының көбі қазақ тарихын бұрын жете білмейтін. Оларға Алматы мұрағаттарының қоймалары кеңінен ашылып, ал Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында арнайы ғылыми оқу залы ұйымдастырылады. Қонақтар қазақ халқының өмірімен де тікелей танысып, мұражай, театрларға барып, зиялы қауыммен де өзара байланыста болады. Сонымен бірге олардың арасында Ресей халықтары тарихының тұжырымдамаларын терең түсінетін КСРО Ғылым академиясы тарих институтының директоры, академик Греков (ол Ташкентте турған), Панкратова, Дружишиндер болса, сол кезде-ақ  Қазақстан тарихын зерттеп, Қазақстан тарихы очеркінің, Сырым Датұлы туралы монографияның авторы Ленинградтық профессор Вяткин, археолог Бернштам, Лурье, тарихшылар Кучхин, Зутис, Якумин, Миллер, Баевскийлер бар еді. Қазақ Ғылым академиясынан да белгілі ғалымдар, жазушылар кірді. Олар Әуезов, Марғұлан, Мүсірепов, Мүқанов, Исмайлов, Кенжебаев, Покровский, Тимофеевтер болатын. Осылардың ішінде ең жасы да, бірақ көзге түсер іс аткарғаны да Бекмаханов бодды. Кітапты радакциялауға жоғарыда есімдері аталғандардан басқа академик Мещанинов, Малов, Сауранбаевтар қатынасга. Жауапты редакторлыққа А. Панкрзтова және сол кездегі тәріп бойынша республика партия Орталық Комитетінің идеология жөніндегі хатшысы Мұхамеджан Әбдіхалықов тағайыңдалды. «Қазақ ССР тарихын» дайындау да үлкен дау туғызған мәселе 1837—1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлының көтерілісіне байланысты болды. Авторлар ұжымының талкысында Е.Бекмахановтың көзқарасы қолдау тауып, сол тарауды жазу оған тапсырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Тарихшы-ғалымның «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» еңбегінің тарихи маңызы

 

Е. Бекмаханов XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өмірі туралы зерттеу жазды. Кітаптың басым бөлігі Кенесары Қасымов басшылық еткен азаттық қозғалысына арналған. Мұнда көтерілістің қозғаушы күштері, оның Орта жүзде құлаш жаюы, Кенесарының қазақ мемлекеттілігін нығайту жөніндегі іс-шаралары, Қоқанға қарсы күресі, оның бұл күреске қырғыздарды тартпақ болған әрекеттері, сондай-ақ Кенесары мен оның жақындарының қырғыз билеушілері қолынан қаза табуы айқындалады. Қорытындысында автор Қазақстандағы 20-40-жылдардағы оқиғаларды жинақтап, олардың жалпы Орта Азиядағы қазақ халқының содан кейінгі тағдырына жасаған ықпалын анықтап берді (1992 жылы Е. Бекмахановтың кітабы екінші рет басылып шықты). XX ғасырдың 50-жылдарының аяғы — 60-жылдарының басында Кенесары Қасымовтың көтерілісіне көзқарас түбегейлі теріс бағытта болды. Тұтас алғанда, көтеріліс феодалдық-монархиялық деп танылды, ал зерттеу авторы ұлтшыл деп айыпталып, қуғынға түсті.

Жалпы алғанда атақты тарихшы-ғалымымыз қуғындалуға түскен тарихи еңбектің жалпы мазмұны төмендегідей болатын:

Қазақтардың ХVІІ-ХVШ-ғасырларда болған ірі көтерілістерінен Кенесары көтерілісінің ерекшелігі—оған үш жүздің бұқара халқы қатысты. Жұртшылық бір мезгілде бас қосып, қауымдаса атой салмағанына және қозғалыстың бір жерде күшейіп, екінші жерде бәсеңдеп отыруына қарамастан, Кенесары көтерілісі алғашқы жылдары-ақ кең қанат  жайып,  жалпы  халықтық қозғалысқа  айналды.

Кейбір рулардың көтерілісшілерден бөлініп кетуін және олардың орнын басқалардың басуын (әр жылдарда), ең бірінші: Кенесарының бір жүздің жерінен екінші жүздің қонысына орын ауыстыруымен және көтеріліс аймағының үнемі өзгеріп отыруымен түсіндіруге болады. Кенесары соңынан барлық рулар ілесе алмады, көпшілігі өздері көшіп-қонатын мекендерінде қалуға мәжбүр болды, сондықтан да олар көтерілістен кейде уақытша, кейде мүлде тыс қалып қойды. Бірақ бұған қарап біз олар Кенесарыдан толық қол үзіп, көтерілістің қонысын бүтіндей тастап кетті дей аламыз ба? Керісінше, оларға өзінің сенімді серіктері ретінде қарап, арқа сүйеген Кенесарыға деген іш тартуы бәсеңсіген  жоқ.

Белгілі рулардың, мәселен, адай, жаппас және арғынның бір бөлігі Кенесары көтерілісіне қатысқан жоқ. Адайлар жер шалғайлығынан әрі патшалық өзгінің ықпалын аз көргендіктен қатыспаса, Шеген Мусиннің қол астындағы арғын руының бір бөлігі мен зауряд хорунжий Жанғабыл Төлегеновтың қарамағындағы жаппас руының кей бөліктері көтеріліске қарсы болған ел басыларының ықпалынан шыға алмады. Ал кейбіреулері белгілі бір себептерге байланысты көтеріліске  қатысуға тәуекел  етпеді.

Біз қарастырған ресми мәліметтерде қазақ руларының ішкі бөліністерінің бір-бірімен араласып, шатасып кеткенін еске аламыз.  Қазақтың бөлінуін,  оның ішкі жіктелуін кез - келген біле бермейді, оны тек зерделі адамдар ғана жадында сақтай алған. Ендеше, бұл мәселеден хабардар болмаған патша шенеуніктерінің және басқа да адамдардың ақпарларында қате мәліметтердің кездесуі табиғи нәрсе.

Қазақ руларының қозғалыс ағысына біртіндеп-біртіндеп араласқанын байқауға болады. Көтеріліске қатысушылардың саны 1843-45-жылдары көбейе түскен. Өйткені бұл кездері қозғалыс өзінің шырқау шегіне жетті. Дәл осы кезеңде қозғалыс Қазақстанның қазіргі жерінің денін тұтастай қамтыған еді. Мәліметтер бойынша, Кенесарыны белсене қолдағандар: қыпшақ, төртқара, жағалбайлы, табын, тама, шөмекей, бағаналы, шекті, алшын, керей, жаппас, арғын  рулары  еді. Аталған қазақ руларының барлығы патшалық Ресейге күреске шыққан жоқ. Шөмекей және табын сияқты рулар қазақ даласының қиян шетінде өмір сүргендіктен, олардын Россиямен   мүдделері  қайшы   келе  қоймаған   болатын. Бұл рулар Сырдария, Қуаңдария өзендері бойында және Қызылқұмда жаз жайлап, қыс қыстап жүрген. Олар Хиуа және Қоқан хандықтарымен шекаралас қоныстанды. Шөмекейліктер мен шомішті табындар Қоқан және Хиуа бектерінің ауыр езгісін бастарынан кешіріп жатты. Сондықтан да осы қазақ рулары ортаазиялық хандықтардың езгісінен құтылу үшін Кенесары көтерілісіне қосылды. Дәл осындай нәрсені Ұлы жүз руларына (дулат, жалайыр) байланысты да айтуға болады. Көтеріліс орталығы Ұлы жүз иелігіне ауысқанда бұл қазақ руларының Кенесарыға қосылуы — олардың патша отаршылдарының езгісіне емес, ол Қоқан бектерінің  қанауына көрсеткен  қарсылығы еді.

Кейбір зарттеушілер арғын және жаппас руларының Кенесары көтерілісіне қатысуын жоққа шығарады. Мысалы, М.И.Стеблин-Каменская: «Шеген Мусин бастаған арғын руы Кенесарыға қосылған жоқ, сондықтан 1845-жылы көтерілісшілердің қатарында арғын руы қатыспаған деуге негіз бар», - деп қорытынды жасайды. Алайда істің мәні мынада: «Арғын»— рудың жалпы атауы, ал бұл рудың құрамында Қазақстанның барлық аймағында орналасқан қарпық, темеш, қаракесек, атығай, қарауыл сияқты тармақтары бар еді.. Аталған ру тармақтары көтеріліске белсене атсалысты. Шындығында, тек би Шегем Мусиннің қол астындағы арғын руының бір бөлігі ғана 1845-жылға дейін көтеріліске қосылмады. Бірақ арғын руының ата мекенінің ортасынан ойып патша бекіністерінің салынуына байланысты    арғындардың бұл тобы да Кенесарының көтерілісіне қосылды. Ал арғын руының рубасысы Шеген Мусин өкімет алдында беделді болғанымен, оның келісімінсіз арғын руының жеріне бекініс салуға рұқсат бергені үшін енді билеуші сұлтандарға қарсы өштік пиғыл көрсете   бастады.

Ол 1845-жылы Ахмет Жантөринге былай деп жазды: «Сіз маған алтын алқа бердіңіз. Мойныма таққан соң мен қызға, әйелге айналдым, ал барқыт шапан киіп жас жігітке айналдым.. Алтын, күміс ақша алдым. Менің жерімде дала сұлтаны Ахмет бекініс салып, орыстан әскер берді. Не істеуім керек? Мен Ахметке ризамын. Тек қана басымызға шаш қойып, мұртымызды баспай, аузымызға салбыратып жіберу ғана қалды. Оны да істейміз әлі! Бәздің дініміз бір, тіліміз бір. Сіз осындай іс жасауға жол бердіңіз. Мен дәрменсізбін. Сіздің патшадан рақым сұраймын деген уәдеңізге біз сеніп қалған едік, бірақ мынадай күтпеген оқиға болды және неден болғанын білмеймін. Менің ойымша, сен сұлтандықтан, ал мен би болудан бас тартуымыз керек. Мынадай мақал бар: «Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады». Біздің кепеміз келісетін емес, сондықтан мен өзімді би, сені сұлтан деп ойламаймын. Мен: Ахмет ақылдасатын болар, ойымызды ортаға салармыз деп ойлағанмын. Бірақ бұлай болмады, сондықтан мен өзіммен  өзім  ақылдастым.  Неліктен  бұлай?  Білмеймін».

Жаппас руына байланысты да осыны айтуға болады. Жаппас руының белгілі бөлігі (қалқаман) 1838, 1843 жылдары көтеріліске қатынасып, Кенесарыны қолдады. Кенесарыны тек зауряд хорунжий Жанғабыл Төлегенов пен Алтыбай Көбековтің қол астындағы жаппас руының қазақтары ғана қолдамады, олардың ауылын Кенесары 1845 жылы талан-таражға ұшыратты. Осы деректің негізінде өкіметтің ресми хабарламаларында жаппас руының көтеріліске қатысуы жоққа шығарылып, Кенесарыны жаппас руының бітіспес жауы ретінде көрсетеді. Бұндай ойдың негізсіз екендігіне деректерге  жүгінсек анық көз жеткізе  аламыз.

Кенесарының жаппас руын шабуыма 1844 жылы осы жаппас руынан зекет жинауға Наурызбайды 100 жасауылымен жіберуі себепші етті. Бұл кезде жаппас руының Алтыбай мен Жанғабыл бастаған қазақтары патшалық Ресеймен тығыз байланыста болып, Қоқан хандығымен де сыбайласа араласты. Жаппастықтар Наурызбай мен оның жасауылдарын иіліп қарсы алып, өздерінен тиісті зекетті жинап беруге уәде  етіп, кешке   қонақасы беріп, ауыл-ауылға бөліп қондырды. Түн ортасы ауып, жасауылдар ұйқыға кеткенде, зауряд хорунжий Жанғабыл өзінің сыбайластарын жиып, Наурызбай мен оның жасауылдарын өлтіруге уәделесті. Жанғабыл өзінің ойға алған ісін сәтті аяқтау үшін әрі жақтастарын жігерлендіру мақсатында өзінің соңынан бүлікшілерді жоюға күшті орыс отряды келе жатыр деп хабар таратты, ал кімде-кім көтерілісшілерге қарсы шығудан бас тартса, қатаң жауапк,а тартылады деп үрейлендірді. Сондықтан да Жанғабыл кездестірген қандай да болмасын жаппастық оның сөзіне еріп, бүлікшілерге қарсы көтерілді және олардың қолға түскенін қырып-жоя бастады [11].

Жанғабыл жасауылдарды өлтіріп, Наурызбайдың қосына жақындаған кезде, қастандык, туралы хабарланған ол, өзінің бірнеше  серіктерімен жасырынып  үлгерген еді. Наурызбайдың жүз жасауылының 95-і қаза тапты, олардың ішінде Кенесарының сүйікті батыры Байтабын да бар еді, ол ұзақ атысып, қатты қарсылық көрсетті, ең соңында оны батпаққа тықсырып, қоршауға алған кезде оққа ұшты.

Информация о работе Тарихшы-ұстаздың аудаудағы және айдаудан кейінгі өмірі