Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 20:40, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Қазақ тарихы ғылымы осы кезге дейін ел шежіресін жазуға үлесін қосқан ғұламаларын әлі түгендей алмай келеді. Ерте замандары былай қойғанда, тіпті кейінгі кеңес дәуіріндегі қазақ тарихын кімдер жазып, қандай еңбектер қалдырды деген сауалға Қазақ тарихнамасы әлі де толық жауап бере алмай отыр. Басқа озық елдердегідей біздің ғылыми тарихнамамыз да ( тарих ғылымының тарихы ) әлі жасалған жоқ, тарихнама пәні университеттердің оқу жоспарында бұрынғы КСРО, дұрысында орыс тарихшыларының тұжырымдамаларымен таныстырумен және қазақ тарихындағы ірі оқиғаларды кімдердің зертттегендігімен ғана шектеледі. Кеңестік кезеңде Қазақстан тарихшыларының Қазақ Совет Энциклопедиясына түгел енбегендігін айтпағанның өзінде, белгілі тарихшыларымыздың өздерінің қазіргі таңда да елімізде қалың қауымға әлі де таныс емес екендігін айта кету қажет.
КІРІСПЕ..............................................................................................................3-9
ЕРМҰХАН БЕКМАХАНОВТЫҢ ТАРИХШЫ-ҒАЛЫМ РЕТІНДЕГІ ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛЫ................................................10-35
Ғалымның шыққан ортасы мен алғашқы ғылыми еңбектері.................................................................................................10-16
Тарихшы-ғалымның «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» еңбегінің тарихи маңызы.............................................17-35
Е.БЕКМАХАНОВ ЕҢБЕКТЕРІ ЖӘНЕ ӨМІР ЖОЛЫНДАҒЫ АУЫР КҮРЕСТЕР...............................................................................36-59
Е.Бекмахановтың еңбектері және ғалымның қуғындалу процесінің басталуы..............................................................................36-46
Тарихшы-ұстаздың аудаудағы және айдаудан кейінгі өмірі.........................................................................................................47-59
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................60-61
СІЛТЕМЕ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................................62-64
Осы оқиғаға байланысты зауряд хорунжий Жанғабыл Төлегенов Орынбор Шекара комиссиясына жолдаған хабарында былай деп жазды: «Россияның бодандығына адал боламыз деген антымызға сай және патшамыздың жау-ларынан кек алу үшін біз қас дұшпандарымыздың 95 адамын өлтірдік». Кенесарыға Байтабын батырдың өлімі өте қатты батты. Омар Шипин өзінің «Жеті батырдың оқиғасында» сол кезеңде Наурызбаймен бірге болған жасауыл Төлегеннің әңгімесін келтіреді. Кенесары Байтабынның өлгенін естіген соң, өзінің барлық сарбаздарымен бірге 3 тәулік бойы аза тұтады. Төртінші күні батырдың бейітіне ескерткіш орнаттырды. Осы ескерткіш әлі күнге дейін сақталғам. Ескерткіш орнатылған жер «Байтабын доңызы», ал көз жумған жері «Байтабын соры» деп аталады.
Болған оқиғадан кейін Кенесары Жалпақ бастаған өзінің өкілдерін арғын руының басшысы Шеген Мусинге жұмсап, онан жаппастықтармен жоғарыда аталған оқиғаға байланысты бітімге келу үшін араға түсуін және «оған Наурызбайдың өзі кінәлі ме әлде жаппастықтар кінәлі ме, сол туралы мәлімет жеткізуіне» өтініш жасады [12].
Сөйте отырып, жаппас руының билерінен есе қайыру үшін Кенесары зауряд хорунжий Жанғабыл мен басқа да қырғынды ұйымдастырушылардың ауылдарына шабуыл жасады. Наурызбайдың жасауылдарының қырғынына себепкер болған Жанғабылдың, Алтыбайдың, сұлтан Омаровтың, ауыл иесі Мырзабек Құлмановтың, Ниман Алтыбаевтың біраз малдарын тартып алды. Кейбір кездерде жаппас руының ауылдарына шабуыл жасау барысында Кенесары, елшілерінің өліміне кінәлі болмаса да, бейбіт ауылдарға шектен тыс қатыгездік жасады.
Алайда жаппас руының дені, Наурызбайдың жасауылдарының өліміне қатысы жоқтары, көтерілісшілерді белсене қолдауын тоқтатқан жоқ. Бұған Наурызбайдың жасауылдарына қастандық, ұйымдастырушылардың бірі — жаппас Елемес Сұлтабаевтың билеуші-сұлтан Ахмет Жантөринге берген куәлігі дәлел: «Сұлтан Кенесары Қасымов маған және зауряд хорунжий Жанғабыл Төлегеновке өткен жылғы Кенесарының жақтастарын өлтіргеніміз үшін өштесуде, ол бізге- шабуыл жасамасын деп, ауылдарымызбен Сібір шебіне қарай жылжыдық. Бірақ руластарымыздан 120 ауыл Торғайға қарап бөлініп кетті, біздің қанша бөлінбеуге шақырғанымызға қарамастан, олар Кенесарыдан бас тартпаймыз, себебі, біз оның жақтастарын өлтіруге қатысқан жоқпыз деп жауап берді»,-деп көрсетеді.
Кенесары ешқашан жаппастықтарды өзінің саяси дұшпаны санамаған. Жанжалды тоқтату мақсатында ол 1845 жылы жаппас руына өзінің өкілін бітімге келу үшін келіссөз жасауға жіберді. Оп: «Үш адамға - Байтабын, Қанай және белгісіз тағы бір азамат үшін құн төлеуді, сонымен бірге олардың мінген аттары мен қындарындағы қылышын қайтарса, онда ол жаппас руына ешқандай кек сақтамай, біткен іске салауат дейміз», - деді [13].
Екі жақты езгіге – солтүстік-батыста патша өкіметінің отаршылық езгісіне, оңтүстікте ортаазиялық хандықтардың езгісіне және сұлтандар мен билердің патриархалдық-феодалдық қанауына ұшыраған қазақ халқының бұқарасы Кенесарының соңынан ерді, оның жеңісі әбден титығы шыққан, адам төзгісіз ауыр тұрмысты жеңілдетеді деп ойлады. Қазақтар көтерілісшілерге қосылу себебін «зорлық пен зомбылықтың шактен шығуы» деп түсіндірді. Мысалы, Сарым болысының азаматы Жаңғұты Бумантаев Ақтау комендантына берген түсініктемесінде былай деп көрсетті: «Кенесарыдан қорыққандықтан емес, татарлар мен қарқаралылық орыстардың тықсыруынан қырға ішкерілей ендік, алыстағанда іздегеніміз тек тыныштық еді». Дәл осындай жауапты Ақтау комендантына Соқыр би мен Базар старшын да берді: «Біздің қырға кетуіміздің бірден-бір себебі—Құдайменді сұлтан мен татар Бегіштің жәбірлеуі».
Кенесары көтеріліске қатысқандарға тек жер беруді уәде еткен жоқ, сонымен бірге, ауқатты, бай өмір сүресіңдер деп те уәде берді. Бұны Кенесары жақтастары берген түсініктемеден де көруге болады. Орынбор Шекара комиссиясындағылар олардан «неге Кенесарыға қосылдыңдар?» деп сұрағанда, олардың көпшілігінің жауабы біреу болды: «Кенесары бізге байлықпен өмір сүргіземін деп уәде берді». Бағаналы руынан шыққан Тұрлыбек Темағынов тергеу барысында: «Мен Кенесарыға байлық табу үшін қосылдым»,— деп жауап берді.
Кенесарынның екінші бір жақтасы, Кенесарының жүзбасысы болған Тайман Мейірманов былай деді: «Кенесарыға қосылған себебім, оның Ордада атағы шықты және кімде-кім оның тобына қосылса, ол бай болады»,— депті, сондықтан өзінің отбасымен, туған-туыстарымен Кенесарыға көшіп барды.
Сонымен бірге, Кенесарының патша үкіметі тартып алған қазак, жерлерін қайтаруды және салынған бекіністерді жоюды, алым жинау мен әр түрлі салық салуды тоқтатуды талап етуі және бұрын қазақтарға тиесілі болған жерлерді қайтару үшін Қоқан мен Хиуа хандықтарымен күресуі — қазақ халқының өмірлік мүдделеріне сай еді. Кенесары: «Қазіргі бастықтар... жерді кесіп-пішіп, қамал салып, халықты мазалауда»,— деп жазды. Мұны билеуші-сұлтан Ахмет Жантөрин де атап өтті, ол: «Кенесары сұлтан далаға бекіністердің салынуына қатты наразы және барлық қырғыздарға (қазақтарға — ауд.) «бастықтар қазақтардың ең жақсы жерлерін тартып алып жатыр» деп жар салды»,— деп жазды.
Кенесары қазақ жерлерінің тартып алынуына күйініп қана қойған жоқ, атамекенді кері қайтару үшін де халықты батыл күреске шақырды. «Ата-бабамызға тиесілі жерге салынған бекіністерді талқандап, өртеп жіберемін»,— деп өкіметке сес көрсетті.
Қоқан ханымен тынымсыз күрес жүргізе отырып, Кенесары олардың шеңгеліндегі Ұлы жүздің жерлерін қайтаруды мақсат етті. Орынбор шекара комиссиясының торағасы осыған байланысты Азиялық департаментке: «Оның Қоқан жерлерін басып алуға тырысуының түпкі мақсаты — сол жерді қазақтарға бөліп беру»,— деп жазды.
Кенесары қазақтарға салық салуға да үзілді-кесілді қарсы шықты. І-Николайға жазған хатында ол: «Біздің халықтан жасақ жинай бастады және оларға жан-жақтан қысым көрсетіп, шеттетіп жатыр, бұл біздің халық үшін үлкен қасірет»,— деп мәлімдеді. Генерал Горчаковқа жолдаған екінші бір хатта: «Қазақ халқына баж салыгын салдыңыздар, демек, бұл бізге қысым жасағандарыңыз, алым-салық төлеп сіздердің қол астарыңызда тұру тіптен мүмкін емес»,— деп жазды.
Кенесары «ежелгі тәуелсіздікті қалпына-келтіреміз», яғни «тәуелсіз Қазақ мемлекетін құрамыз» деген ұранмен күрес жүргізді. Халық бұқарасының жанына жақын талаптар қазақ кедейлерінің де, жалшылардың да, жатақтар мен егіншілердің де мүддесін қозғағандықтан, олардың да күреске белсене қатысуы табиғи еді.
Көтеріліске қатысқан жалшылар туралы Кенесарының ордасында болған көптеген орыс шенеуніктері әңгімелейді. Екатерина станицасы маңында көтерілісшілердің қолына тускен А.Иванов кейін тұтқыннан оралған соң болған тергеуде: «Кенесарының қол астында 1500 жас өспірімдер мен бақташылар бар»,— деп көрсетті [14].
Кенесары ордасына арнайы барған патша тыңшысы Мыңбай Тұяқов: «Кенесарының кедейлігі мен қарусыз екендігін көрдім. Олар зорығып өлген жылқының етін жейді әрі киім киістері де жұтаң. Олар әдеттегі байғұстар сияқты өмір сүреді»,— деп хабарлады.
Сонымен бірге Мейер де: «Кенесары туының астына, негізінен, үй-жайсыз ержүрек жігіттер жиналды»,— деп көрсеткен болатын. Байғұстар мен жатақтардың көтеріліске қатысуы туралы қазақтың халық әндерінде де айтылады.
Көтеріліске егіншілер де белсене қатысты. Мұрағат деректерінде Сырдария бойын мекендеген шекті, кішкене шекті және төртқара рулары егіншілерінің көтеріліске қатысқаны туралы айтылады. Сонымен бірге көтеріліске Торғай және Ырғыз өзендерінің аңғарын мекендеген егінші қазақтар да қатысқан. Ал Торғай мен Ырғыз өлкесі осы қозғалыстың орталығы болғаны белгілі.
Полковник Бизановқа берген түсініктемесінде Кенесарының ағасы Әбілғазы: «Менімен бірге ұсталған қазақтар Кенесарының қол астында жүргенімен, негізінен, олар кедейліктің кесірінен егіншілердің ішіне күн көру үшін сіңген жарпы-жақыбайлар»,— деп мәлімдеді.
Өзінің түсініктемесінде Шерман Асатов: «Кенесарының жақтастарынан басқа, оның қасында 300-ден астам үй төленгіттер бар, олар қысы-жазы бірдей солармен бірге көшіп-қонып жүреді. Орта және Кіші орданың әр түрлі руларынан құралған төлеңгіттермен қоса, олардың қатарында қарауыл, атығайлар, уақтар, керейлер де бар»,— деп хабарлады .
Соғыс жағдайында төленгіттер Кенесары үшін әскери күш ретінде керек болғаны түсінікті. Сондықтан да көтеріліске қосылған төленгіттер, негізінен, әскери жасақшының қызметін атқарғаны кездейсоқ нәрсе емес. Тіпті, көтеріліске қосылған кейбір жеке қазақ рулары өздерін Кенесары төленгіттеріміз деп атады. Бұның өзі, уақытша болса да, төленгіттердің әскери күш ретінде беделінің өскендігін көрсетеді. Алайда төленгіттіктің уақытша қайта өрлеуі жалпы әлеуметтік дамудың ағымын тоқтата алмады, олардың бір кездегі әскери жасақ ретіндегі қызметі әлсіреп, бірте-бірте феодалға басыбайлы адамдардың тобына айналып бара жатты. Мұны көтеріліске қатыспаған Кенесарының өз туыстарындағы, мысалы, Шыңғыс Уәлихановтың, Абылаевтардың, Рүстемнің және басқалардың қол астындағы төленгіттердің жағдайынан-ақ көруге болады. Осы сұлтандар төленгіттерді басыбайлы адамдарға айналдыру үшін өкімет орындарымен үздіксіз хат жазысумен болды. Дәл осындай жағдай көтеріліске қатыспаған барлық сұлтандардың төленгіттеріне де ортақ еді.
Кенесары әскерінің ішінде қазақтың үш жүзінен аса беделді, аты жұртқа әйгілі батырлары болады. Шұбыртпалы руынан шыққан Ағыбай (Орта жүз — Қарқаралы), сүйіндік Жанайдар батыр (Орта жүз — Баянауыл), қыпшақ (Орта жүз — Торғай) Иман Дулатов (Амангелді батырдың атасы), табын Жоламан Тіленшиев (Кіші жүз — Сырдария), дулат Бұғыбай (Ұлы жүз—Жетісу), атығай Аңғал батыр (Орта жүз — Көкшетау), қыпшақ Басығара батыр (Орта жүз — Ақмола), арғын Жеке батыр (Орта жүз), дулаттан шыққан Жәуке, Сұраншы, Бәйсейіт батырлар сияқты үзеңгілес жолдастары болды.
Кенесары батырларының әлеуметтік құрамы біркелкі емес еді. Қара халықтан шыққан (Ағыбай, Бұқарбай, Жеке батыр, т.б.) батырлармен қатар, Кенесары батырларының арасында ақсүйектерден шыққан аты әйгілі сұлтан Наурызбай, табын руының биі Жоламан Тіленшиев те болды. Орынбор Шекара комиссиясының төрағасы генерал Генстің айтуынша, Жоламанның 800 жылқысы, 2 мың қойы және 50 түйесі болған.
Аталған батырлардың барлығы Кенесарыны көтерілістің соңына дейін қолдады. Осылардың әрқайсысы туралы көптеген өлең, аңыз, әңгімелер бар. Кейбір батырлар өздерінің естеліктерін қалдырған. Сонымен бірге, мұрағат құжаттарында, көтерілістің соңына дейін қатыспаған батырлардың да есімі сақталған. Бұл көрініс Кенесарының Орталық Қазақстанның сайын даласынан Ұлы жүздің жеріне қоныс аударған кезінде байқалады. Мысалы, Кенесарыны Ұлы жүздің Тәуік, Сыпатай және т.б. батырлары қолдамады. Мұрағат материалдарында кейбір батырлардың көтеріліске қатысудан бас тартуының себебі туралы мәлімет кездеспегендіктен, оның толық мән-жайын түсіндірудің реті келмеді. Айта кететін бір жай, сыртқы жаудың қауіп-қатерінен сескенген олар өздерінің әр түрлі әлеуметтік ортадан шыққанына қарамастан, белгілі бір уақытқа дейін бірлесіп қимыл жасады. Алайда көтерілістің соңына қарай, батырлардың әр түрлі әлеуметтік тегі қозғалыстың түпкі нәтижесіне әсер етпей қоймады. Батырлардың әлеуметтік құрамы туралы мәліметтерді біз, негізінен, ауыз әдебиетінің материалдарынан алып отырмыз. Мұрағат деректері тек қана батырлардың әскери қимылдарын сипаттаумен ғана шектеледі, ал олардың жеке бастары туралы мәліметтер үзік-үзік қана кездеседі [15].
Кенесары және оның серіктері жөнінде фольклор материалдарының құндылығы сонда, олардың көпшілігі ХІХ-ғ. аяғы мен ХХ-ғасырдың басында Кенесары батырларының, жеке көтерілістің басқа да қатысушыларының өз аузынан жазып алынғандықтан, олардың бағасы арта түседі. Кейбір мәліметтерді сол уақиғаларды көзімен көрген адамдар жазып қалдырған. 1890-жылы Т. Титаковтың Кенесарының батырлары Шынбай Мыңбаев пен Бектеміровтен жазып алған естелігі ерекше қызықты. Олардың айтуы бойынша, Ағыбайдың әкесі Олжабай шұбыртпалы руынан шыққан, ол өзінің бауырлары Манабай, Танабай, Мыңбаймен (олардың ағайындарын қосып санағанда 62 үй болған) бірге көтеріліске алғашқы күнінен бастап қатысқан. Олар Кенесары әскері қатарында шайқасты. Мысалы, Танабай Кенесары қолбасшыларының бірі және көтерілісшілердің арасында беделді болды. Олжабайдың өзі де батыр кісі еді.
Ағыбайдың шешесі Ақмола облысында көшіп-қонған тарақты руының қызы екен. Әкесі қайтыс болған соң, 13 жасар Ағыбай шешесімен қалды. Олардың бар байлығы тек «бір түйе, бір ат қана» болды. Басқа малдары болмады. Кейде тіске басар ештеңе табылмай қалғанда, Ағыбайдың шешесі жиі-жиі бай кершілерінен май, сүт және басқа қажетті нәрселерді рұқсатсыз алып отырыпты. Тым шектен шығып бара жатқан соң, бірде Кенесарының әкесі Қасым батырдың шешесінен оның бұл әдетін тоқтатуды және кершілерді мазалауды қоюын талап етіпті.
Ағыбай Саржан мен Есенгелдінің және Ержанның 1836-жылы Ташкент құсбегісіне барған елшілігіне де қатысты. Кенесарының көтерілісіне ол қатал өмір мектебінен өткен, есейген батыр болып қосылды. Ағыбай Кенесарының құрдасы әрі бірінші әскери кеңесшісі болды. Кенесары оны еш уақытта өз атымен атамай, әзілдеп «Көсе» деп атап, өте жақсы көріп, қатты сыйлапты. Ағыбайды көзі көргендер оның сыртқы түрін -былай деп суреттейді: «Ағыбай — иегінің айналасында ғана өскен сирек сақалды (қазақтар мұндай кісілерді «көсе» деп атайды), ұзын бойлы, кең иықты, шүңірек көз адам еді. Оның қолдары ұзын болғандықтан, сүйікті қаруы тоғыз түйінді, сырғалармен әшекейленген найза болды. Ол құлан терісінен жасаған мықты қайыс белбеуінде ілулі тұратын еді. Арқасында дөңгелек қалқаны, жанында күнге шағылысқан қылышы мен қысқа қайқы семсері болды».
Көтерілісшілердің Ағыбайға деген ерекше құрметі туралы Кенесарының өз әйелдерінің бірімен әңгімесінен байқауға болады. Бірде ханым Кенесарыдан: «Сіз әскеріңіздегі кейбір адамдарға мыңбасы, бесжүзбасы деген атақтар беріп жатырсыз, неге сіз «Көсеге» атақ бермейсіз?»— деп сұрапты. Сонда оған Кенесары: «Егер әскерімнің алдыңғы легі ұрысқа «Абылай!» деп ұрандап кіріссе, ал олардың соңынан ергендері «Ағыбайлап» соғысқа кіріседі. Міне, сондықтан да мен оған әскери атақ берген жоқпын»,— деп жауап беріпті.
Ағыбай көтерілістің соңына дейін Кенесарыға деген адалдығынан айныған жоқ. Кенесары қаза тапқан соң, Ағыбай шұбыртпалы руымен қазіргі Ақмола облысының территориясына қоныс аударып, 83 жасында Қайрақты деген жерде қайтыс болды. ХІХ-ғасырдың екінші жартысында шығарылған «Ағыбай батыр» қисасы оның ерлік жолына арналған.
Кенесарының екінші бір атақты батыры —Амангелдінің атасы, қыпшақ руынан шыққан Иман батыр еді. Ол 1780-жылы бұрынғы Торғай уезінің Дулаттың Қызыл жары деген жерде туған. Иманның әкесі Дулат орта дәулетті адам болыпты. Иман көтеріліске 1839-жылы қосылды. Есіл өзені жағасындағы Көкалажар қамалын Кенесары - әскері қоршауға алғанда, гарнизондағылар көтерілісшілерді жақындатпай, ұзақ атысады. Сонда Иман батыр кішігірім тобымен байқатпай барып, қамалдың сыртынан соққы беріп, оған басып кіреді. Шайқас аяқталған соң, Кенесары сарбаздарын жинап, Иманның ерлігіне таңданғанын айтып: «Менің қасымда жолбарыстай қайратты, түлкідей айлалы Аякеңнің болғанына өте ризамын»,— дейді. Сонан кейін Кенесары құрметінің белгісі ретінде батырды «Аяке» деп атап кетіпті. Иман, жасы үлкен адам ретінде, Кенесарының әскери кеңесінің мүшесі болды.
Информация о работе Тарихшы-ұстаздың аудаудағы және айдаудан кейінгі өмірі