Тарихшы-ұстаздың аудаудағы және айдаудан кейінгі өмірі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 20:40, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Қазақ тарихы ғылымы осы кезге дейін ел шежіресін жазуға үлесін қосқан ғұламаларын әлі түгендей алмай келеді. Ерте замандары былай қойғанда, тіпті кейінгі кеңес дәуіріндегі қазақ тарихын кімдер жазып, қандай еңбектер қалдырды деген сауалға Қазақ тарихнамасы әлі де толық жауап бере алмай отыр. Басқа озық елдердегідей біздің ғылыми тарихнамамыз да ( тарих ғылымының тарихы ) әлі жасалған жоқ, тарихнама пәні университеттердің оқу жоспарында бұрынғы КСРО, дұрысында орыс тарихшыларының тұжырымдамаларымен таныстырумен және қазақ тарихындағы ірі оқиғаларды кімдердің зертттегендігімен ғана шектеледі. Кеңестік кезеңде Қазақстан тарихшыларының Қазақ Совет Энциклопедиясына түгел енбегендігін айтпағанның өзінде, белгілі тарихшыларымыздың өздерінің қазіргі таңда да елімізде қалың қауымға әлі де таныс емес екендігін айта кету қажет.

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................3-9

ЕРМҰХАН БЕКМАХАНОВТЫҢ ТАРИХШЫ-ҒАЛЫМ РЕТІНДЕГІ ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛЫ................................................10-35
Ғалымның шыққан ортасы мен алғашқы ғылыми еңбектері.................................................................................................10-16
Тарихшы-ғалымның «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» еңбегінің тарихи маңызы.............................................17-35

Е.БЕКМАХАНОВ ЕҢБЕКТЕРІ ЖӘНЕ ӨМІР ЖОЛЫНДАҒЫ АУЫР КҮРЕСТЕР...............................................................................36-59
Е.Бекмахановтың еңбектері және ғалымның қуғындалу процесінің басталуы..............................................................................36-46
Тарихшы-ұстаздың аудаудағы және айдаудан кейінгі өмірі.........................................................................................................47-59

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................60-61

СІЛТЕМЕ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................................62-64

Прикрепленные файлы: 1 файл

БЕКМАХАНОВ негізгі бөлім (восстановлен).docx

— 317.83 Кб (Скачать документ)

        Жинақталған деректі материал бір кәсіп, жеке облыс немесе қала еңбекшілерінің революциялық қозғалысын зерттеуге бағытталған нақты зерттеулерді тереңдете түсуге мүмкіндік берді. Е.Бекмаханов, Е.Ділмұхамедов, Б.Сүлейменов, Г.Ф.Дахшлейгер және басқалар еңбектерінде тарихи-революциялық тақырыптың талдануы өлкедегі революциялық қозғалыс пен ұлт-азаттық қозғалысының ерекше белгілерін тереңірек танып-білуге мүмкіндік берді [5]. Олар большевиктік партияның аграрлық мәселе жөніндегі идеяларын насихаттаған социал-демократиялық топтардың қазақ еңбекшілеріне көрсеткен көмегін жазды. Е. Бекмаханов Қазақстандағы XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысының тарихын патша өкіметінің қоныстандыру саясатымен тығыз байланыста алып қарады. 1905—1907 жылдардағы құжаттарды жариялау жөнінде зор жұмыс жүргізілді. Бұл жұмыстың негізгі бөлігі «Ресейдегі 1905—1907 жылдардағы революция. Құжаттар мен материалдар» деген мерекелік серияда көрініс тапты [6]. «Қазақ ССР тарихында» 1905-1907 жылдардағы революцияны қорытушы очерк берілді [7]. М. Асылбековтің, Ғ. Сапарғалиевтің, Ә. Тұрсынбаевтың монографиялары бірінші буржуазиялық-демократиялық революция туралы әдебиет болды [8].

Мәселенің деректік көзі: Аталған тақырыптың деректік көздеріне документтер мен естеліктер, хаттар мен жазбалар, баспасөз құралдары, яғни, газет журналдар, интернет материалдары жатады.

Әдіснамалық және теориялық негіздері: Әдістемелік және теориялық принциптерді дипломдық жұмысты жазу барысында пайдалануым нәтижелі болды деп айтуға болады. Тарихи кезең ішінде қалыптасқан, әрі пайда болған және жазылған ғылыми зерттеулерді жұмысты жазу барысында алдымызға жолкөрсеткіш ретінде алдым. Сонымен қатар жұмыста такырыбыма байланысты деректер мен әдебиеттерді нақты тарихи және тарихнамалық талдауға негізделген проблемалық-хронологиялық зерттеу әдісі де пайдаланылды.

Зерттеу әдістері: Дипломдық жұмыс тақырыбын зерттеу әдістерінде тақырыпты салыстыра отырып талдау, кеңестік және тәуелсіздік алған кезеңдерде жарық көрген ғылыми еңбектердің айырмашылығы мен ерекшеліктерін ашып көрсету, оқиғаларға тарихи зерделілік, тарихи жұмыстар мен еңбектерге тарихи шолу тарапынан қарау секілді әдістер мен тәсілдер қолданылды.

Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы:  Бекмахан Сүлейменов еңбектерінің сан қырлы бағыттарда мен әртүрлі қызықты тақырыптарда жазылғандығын тарихшы қауымы алдында дәлелдеп, зерттеп шығу бұл жұмысқа үлкен маңыз беретіндігі түсінікті. Аталған жұмысымызға байланысты деректер мен жанама түрде қатысы бар естеліктер жинақтарының бар екендігіні айтпағанда, осы уақытқа дейін нақты ешқандай еңбектің шықпағандығын ескере отырсақ, бұл жұмысымыздың ғылыми құндылығы одан әрі еселеп арта түседі деп айтар ем.

Практикалық базасы: біздің зерттеу жұмысымыз бойынша «Жастар ғылым жолында-2013» атты ғылым апталығының барысында ұйымдастырылған студенттердің ғылыми-теориялық конференциясында баяндама жасалынды. «Отан тарихы және тарихи пәндер» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы тақырыбымызға байланысты өдерінің қосымша мәліметтерді қайдан алу қажеттігі мен қандай кемшіліктері бар екендігі жөнінде ақыл-кеңестері мен тарихи ой-пікірлерін қосты. Дипломдық жұмысымыздың одан әрі жазылуы барысында кафедра оқытушылары мен бітіруші студенттеріміздің айтқан ескертулері мен ұсыныстары ескеріле отырып, жұмыс одан әрі жетілідріле түсті.

Диплом жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыстың құрылымы негізінен екі тарау. Тақырыптың өзектілігін ашу мақсатында осы аталған негізгі тараулардың құрамында, жалпы саны төрт тарауша құрылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ЕРМҰХАН БЕКМАХАНОВТЫҢ ТАРИХШЫ-ҒАЛЫМ РЕТІНДЕГІ ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛЫ
    1. Ғалымның шыққан ортасы мен алғашқы ғылыми еңбектері

 

Ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҒА-ның корреспонденттік-мүшесі Ермұхан Бекмаханов 1915 жылы ақпанның 15 жұлдызында Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Ата-анадан жастайынан айырылған ол 1932 жылы Баянауылдағы орталау мектепті бітірген соң Семейдегі жоғары оқу орындарына түсуге даярлайтын бір жылдық курсты тамамдады. 1937 жылы Ресейдің Воронеж қаласындағы педагогикалық институтын бітіргеннен кейін Қазақ КСР халық ағарту комиссариатының жанындағы ғылыми-зерттеу институтында еңбек еткен. 1940 жылдан 1941 жылдың ноябріне дейін ВКП (б) Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебінде оқыды. Отан соғысы жылдарында Республиканың халық ағарту комиссариатының басқарма бастығы болған. Сонымен қатар Алматының жоғарғы оқу орындарында ұстаздық қызмет атқарған. 1946-1947 жылдарда Қазақ КСР Ғылым академиясында жаңадан құрылған Тарих, археология және этнография институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, 1947 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін, яғни 1966 жылғы мамырдың алтысына дейін Қазақ мемлекеттік университетінде өзі ұйымдастырған Қазақстан тарихы кафедрасын басқарды. Студент кезінен ғылыми жұмысқа бейімділігін танытқан Е.Бекмаханов 30-жылдардың екінші жартысынан бастап республика тарихының сан салалы мәселелерін жүйелі түрде зерттеу зерттеу ісімен шұғылданды. Ұлы Отан соғысы басталғанда, Москвадан Алматыға келген көптеген ғалымдармен, атап айтқанда, Анна Михайловна Панкратова бастаған көрнекті совет тарихшыларымен бірлесе жұмыс істеп солардан тәлім алуы жас қазақ ғалымы зерттеулерінің аясы кеңіп, мазмұнынынң тереңдей түсуіне игі ықпал жасады. Е.Бекмаханов 1943 жылы орталықтан келген ғалымдардың жан-жақты көмегімен жарық көрген Қазақ ССР тарихының алғашқы біртомдық басылымының белсенді авторларының бірі болды. А.М.Панкратова, М.Н.Дружинин сияқты ғұламалар Е.Бекмахановқа салиқалы ақыл-кеңестерін беріп, оның ғылыми творчествосына басты мақсат-бағдарларын нақтылауға жәрдемдесті. Советтік дәуірде өсіп-шыққан алғашқы профессионал қазақ тарихшыларының бірі болған Е.Бекмұханов еңбектерінің ғылыми өрісі кең, ал ол қалам тартқан тақырыптар сан қырлылығымен ерекшеленеді. Асылы, ол Қазақстанның Ұлы Октябрь революциясына дейінгі және советтік дәуірі кезеңінің көптеген мәселелерін зерттеген әмбебап тарихшы. Оның ғылыми мұрасын негізгі үш салаға бөліп қарастыруға болады. 1. Қазақстанның ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы тарихына арналған еңбектері. 2. Қазақ ССР тарихының оқулықтары мен оқу құралдары педагогикалық проблемалары бойнша зерттеулері. 3. Республикада маркстік-лениндік дүниетанымды нығайтуға бағытталған, халықтың тарихи санасын көтеруге қызмет ететін, еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беруге арналған ғылыми-публицистикалық шығармалары [9, 104-105].

Е.Бекмахановтың ғылыми мұрасы оның тақырыптарының алуан түрлі болуымен, тарихи мәселелерді кең қамтуымен және оларды байыпты шешуімен ерекшеленді. Оның еңбегінің бастысы 1947 жылы Алматыда орыс тілінде жарық көрген "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" атты монографиясы болды. Осы тақырыпта 1946 жылы Мәскеуде тарих мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғаған. Асыра сілтеу, бурмалау жөне күдікшілдік бел алған осы тұста бұл еңбекке пікір айтушылардың кейбіреулері оны Кенесары Қасымов бастаған қозғалыстың тарихын ақтау тұрғысынан көрсеткен еңбек деп бағалап, оны буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дөріптеуші деген саяси кінәға ұшыратты.

Е.Бекмаханов еңбегіне байланысты пікірталастар 1947 жылдың екінші жартысында күшейе түсті. Ермахан Бекмаханов бірақ айтқанынан қайтпады. Халқы үшін жан аямай күрескен Кенесары Қасымовтың батыр екенін дәлелдеген, оның кітабын да, өзін де қызыл империя аямай жазалады. 1947- 1950 жылдарда Е.Бекмахановтың күйі өте ауыр болды, күн өткен сайын оған тиген моральдық соққының салмағы арта берді. 1951 жылы университеттегі жұмысынан қуылып, партия қатарынан шығарылды. Ол біраз уақыт Алматы облысы, Нарынқол ауданында мектепте тарих пәнінен сабақ берді, көп кешікпей Жамбыл облысы, Шу ауданындағы Новотроицк селосындағы мектепке мүғалім болып орналасты. Осы жерде 1952 жылы 5 қыркүйекте тұтқындалды. Екі айға жуық тергеу жүмыстары жүргізіліп, 1952 жылдың 3 қарашасында № 699 іс бойынша Е. Бекмахановты айыптау қорытындысы дайын болды. Жоғарыдағы айыптау негізінде 1952 жылы 2 желтоқсан күні Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Қылмысты істер жөніндегі коллегиясының үкімімен Е. Бекмаханов 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, ГУЛАГ-тың алыстағы лагерінің біріне айдалды. Ол кісінің лагерьден тиісті органдарға жазған көптеген арыздарының нәтижесінде, академик, қоғам қайраткері Анна Михайловна Панкратова сияқты қайырымды адамдардың көмегінің арқасында Берия атылғаннан кейін Е. Бекмахановтың ісі қайта қаралып, 1954 жылы 16 ақпанда оның ісі жабылып, өзі ақталып шықты.

ГУЛАГ-тың лагеріндегі адам төзгісіз азапты күндерді басынан кешкеніне қарамастан, қайсар ғалым, артына халықтың игілігіне айналған мол ғылыми мұраларын қалдырды. Өзі ұсталып кеткенге дейін бастап қойған «Қазақстанның Ресейге қосылуы» атты еңбегін аяқтау ісімен айналысты. Бұл еңбегі А.М.Панкратованың баға жетпес көмегінің арқасында Мәскеудегі «Наука» баспасынан 30 баспа табақ көлемінде 1957 жылы жарық көрді. Е.Бекмаханов өзінің жемісті еңбегіне сай ғылым мен қоғамдағы орнын қайтадан алды. Оған университеттегі өзі ұйымдастырған кафедрасы қайтарылып берілді. 1964 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының мүше- корреспонденті болып сайланды. Өмірінің соңғы он жылында өнімді еңбек етіп, терең мазмұнды ғылыми шығармалар жазды, орта мектептер үшін Қазақ КСР тарихының оқулығын жазды. Бірнеше жас ғалымдарды даярлауда ат салысты. Шәкірттері бүгінде Республика Ғылым академиясының мүшесі, ғылым докторы, профессор дәрежелеріне жетіп, ұстаздарының ғылыми өмірін жалғастыруда. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Е. Бекмахановтың басты еңбегі — «XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» ақталып, орыс жөне қазақ тілдеріндегі нұсқалары «Қазақ университеті» (қазіргі «Санат») баспасынан жарық көрді [2]. Ермахан Бекмаханов жөнінде Халық қаһарманы, академик Шапық Шөкин былайша еске алған: «Ұлтымыздың аса көрнекті тарихшысы Ермахан Бекмаханов уақыт бедеріне бағынбаған, шыншыл ғалым болатын. Ол докторлығын екі рет қорғады. Еңбегінің нашарлығынан емес, тыйым салынған Кенесары тақырыбына жазылғандықтан. 1947 жылы Қазан төңкерісінің 30 жылдығына байланысты Одақтық Академия бойынша үлкен салтанатты кеңес өтуі керек болатын. КСРО ҒА-ның басшысы Вавилов Сәтбаевқа телефон соғып, Қазақстан тарапынан баяндама жасайтын адамды айтуды сұрайды. Қаныш Бекмахановты ұсынады. Жиналыста қағазсыз сөйлеген жас баяндамашыға ғалымдар таң-тамаша болады».

Қазақ тарих ғылымы осы кезге дейін ел шежіресін жазуға үлес қосқан ғұламаларын әлі түгендей алмай келеді. Ерте замандарды былай қойғанда, тіпті кейінгі кеңес дәуіріндегі қазақ тарихын кімдер жазып, қандай еңбектер қалдырды деген сауалға Қазақстан тарихнамасы толық жауап бере алмай отыр. Басқа озық елдердегідей біздің ғылыми тарихнамамыз да (тарих ғылымынын тарихы) әлі жасалған жоқ. Тарихнама пәні университеттердің оқу жоспарында бұрынғы КСРО, дұрысында орыс, тарихшыларының тұжырымдамаларын таныстырумен шектеледі. Тіпті Қазақстан тарихшылары Қазақ Совет Энциклопедиясына да түгел енбеген. Мұның басты себебі, сталиндік әпербақан саясатқа сай қазақ ұлттық инттеллигенциясынын «ұлтшылдық» желеуімен қудалануы, іс жүзінде орыстың шовинизмінің үстемдік етуі. Ол заманда «ұлы орыс халқына» бойсұнған «кіші халықтар» өз тарихын тек жалған интернационалистік, орыс халқының оларды біріктіріп басын қосып, компартияның басшылығы арқасында 
социалистік прогреске жеткізгені тұрғысынан ғана пайымдауға міндетті болды. Осылайша тарих ғылымы "халықтар достығын" көлгірси дәріптеуші идеологиялыққұралға айналып  келгендей  болды.

Идеологиялық шеңберден шыққандар өз ішімізде ешбір ғылыми дәлелдеусіз-ақ партия-кеңес алпауыттарының қаулысымен, немесе демократиялық заңды жолмен, яғни кеңес сотының бір жақты шешімі арқылы буржуазияшыл ұлтшыл ретінде қудаланып, жазаланып отырды. Қатаң партия бақылауы кенес халкының әділ де, шын ғылыми тарихын жасауға жол бермей келді. Көптеген тарихшылар, әсіресе КОКП тарихын зерттеуші партияның ең сенімді тарихшылары (олардың жазғандары тіпті ерекше   "саяси партиялық   ғылымға"   жатқызылды)  іс жүзінде еріксіз де, ерікті де кеңес тарихын бұрмалап келді. Сөйте тұра олар шетелдердегі (КСРО мен достас социалистік елдерден басқа) өз әріптестерін біздің тарихымыздағы бұрмалаушылар, антикоммунистер қатарына жатқызды [2, 371].

Міне, ақыл-ойды тұншықтырған идеологиялық темір құрсаудан босанған, сөйтіп тәуелсіздік алған халқымыз егемен елдің тарихын да жазу міндетінің алдында тұр. Қазақстан тарихшылары халқымызға және бізді танып-білгісі келетін басқа халыктарға енді бұрынғыдай «саяси ботқа» емес, дәм-тұзы татымды ғылыми еңбектер беруге борыштар. Бірақ бұл тез уакыттың ішінде біте қояр іс емес. Біз бұл жұмысты жаңа ізденістерден бастауымыз абзал. Бірақ казіргі экономикалық қиыншылықтар тұсында, оның үстіне Қазақстанға қатысты мұрағат қорлары басқа елдерде болғандықтан көлемді, тың тарихи еңбектер жазу қиындай түсуде.

Сонымен бірге кезінде қудаланып, жабық қоймаларға қамалып, жұрт пайдалана алмаған, тіпті көзі жоғалуға айналған құнды еңбектер де, аты атаусыз кеткен, жазықсыз жалаға ұшыраған көрнекті зерттеушілеріміз де бар. Осындай еңбектер мен олардың авторларын елге таныстыру да қазіргі дәуірдің таяудағы игілікті ісі болса керек.

Оқушы қауымға ұсынылып отырған осы кітап сталинизмнің құрбаны болған, тұңғыш кеңес тарихшыларының бірі әрі бірегейі, кеңес тарих ғылымында доктор атағына алғаш ие болған азаматымыз профессор, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Ермұхан Бекмахановтың ең басты еңбегі.

Бұл кітаптың кеңес тарихнамасындағы орнын басқа ешбір туындымен салыстыруға болмайды десек бұл сөзіміз шындықтың шенберінен шықпайды. Сонымен бірге бұл шығарма өзінің заманындағы ресми сталиндік көзқарасқа кереғар келгендіктен жас тарихшының тағдырына үлкен кесел келтіргенін де жасырмауға тиістіміз. Бұл жағдай кезінде казақ тарих ғылымының дамуына идеологиялық шідердін мықты болғандығын дәлелдесе, саяси пайдакүнемдікке (конъюнктураға) ғылыми адалдықты қарсы қойған автордың батылдығын да көрсетеді. Бекмаханов - объективті ғылыми шындықтың жағындағы зерттеуші. Оның есімі осынысымен биік тұғырға шығып, ел есінде сақталып, шет елдерде де жоғары беделге ие болған. Бекмаханов жайлы жылы пікір айтқан академиктер Греков, Панкратова, Дружининдер кеңес тарих ғылымын жасаушы, Бекмахановты қолдаушы және өз пікірлерін ешуақытта да өзгертпеген, тіпті ең жоғарғы партия басшылары алдында да жасырмаған ұлы тұлғалар еді.

Ермұхан Бекмаханов қазақ тарих ғылымының, халқымыздың мақтанышы. Бірақ өкінішке карай, оның бұл басты еңбегі 50-жылдардың басында қаралы тізімге ілінді де, сталиндік-империялық бұғаудың үзіле бастауы да оның жарықка шығуына жол ашпады. Бұған себеп тарих ғылымы Бекмаханов тұжырымдамасының деңгейінен төмен тұрды. XIX ғасырдың 20—40-жылдары, оның ішінде Кенесары Қасымұлы бастаған халық көтерілісі отаршылдарға қарсы Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы ұйымдастырған көтерілістерден кейінгі үш жүзді қамтыған ең көлемді бас көтеру болғандығың оның азаттық үшін болған ұлы аттаныс екенін тарихшылар іштей мойындаса да ашық айтуға батылы жетпеді. Осындай жігерсіздік, отарлық тұжырымдаманың (қазақтарды азат еткен ұлы Қазан төңкерісі, ұлы орыс халқы), жалған интернационализмнің (ұлы орыс халқы Ресейдің барлық халыктарын біріктірді) сананы жайлаған уыты Бекмаханов жазған шындықты тануға бөгет болып келді [10].

1992 жылы "Қазак университеті" ("Санат") баспасы абыройлы іс жасап, Бекмахановтың аталмыш монографиясын қайтадан басып шығарды. Бұл енбектің бірінші басылымы тарих ғылымының докторы, проф. М. П. Вяткиннің редакциясымен 1947 жылы (Алматы, Қазақ біріккен мемлекеттік баспасы) жарық көрген болатын. 2-басылымда ешбір өзгерту жасалмаған, тек жағрафиялық және адам атауларының көрсеткіші алынып тасталған. Бұл басылым халық арасында жылы ілтипатқа ие болғандықтан баспа кітап тұңғыш рет қазақ тілінде жарияланып отыр.

Информация о работе Тарихшы-ұстаздың аудаудағы және айдаудан кейінгі өмірі