Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 20:40, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Қазақ тарихы ғылымы осы кезге дейін ел шежіресін жазуға үлесін қосқан ғұламаларын әлі түгендей алмай келеді. Ерте замандары былай қойғанда, тіпті кейінгі кеңес дәуіріндегі қазақ тарихын кімдер жазып, қандай еңбектер қалдырды деген сауалға Қазақ тарихнамасы әлі де толық жауап бере алмай отыр. Басқа озық елдердегідей біздің ғылыми тарихнамамыз да ( тарих ғылымының тарихы ) әлі жасалған жоқ, тарихнама пәні университеттердің оқу жоспарында бұрынғы КСРО, дұрысында орыс тарихшыларының тұжырымдамаларымен таныстырумен және қазақ тарихындағы ірі оқиғаларды кімдердің зертттегендігімен ғана шектеледі. Кеңестік кезеңде Қазақстан тарихшыларының Қазақ Совет Энциклопедиясына түгел енбегендігін айтпағанның өзінде, белгілі тарихшыларымыздың өздерінің қазіргі таңда да елімізде қалың қауымға әлі де таныс емес екендігін айта кету қажет.
КІРІСПЕ..............................................................................................................3-9
ЕРМҰХАН БЕКМАХАНОВТЫҢ ТАРИХШЫ-ҒАЛЫМ РЕТІНДЕГІ ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛЫ................................................10-35
Ғалымның шыққан ортасы мен алғашқы ғылыми еңбектері.................................................................................................10-16
Тарихшы-ғалымның «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» еңбегінің тарихи маңызы.............................................17-35
Е.БЕКМАХАНОВ ЕҢБЕКТЕРІ ЖӘНЕ ӨМІР ЖОЛЫНДАҒЫ АУЫР КҮРЕСТЕР...............................................................................36-59
Е.Бекмахановтың еңбектері және ғалымның қуғындалу процесінің басталуы..............................................................................36-46
Тарихшы-ұстаздың аудаудағы және айдаудан кейінгі өмірі.........................................................................................................47-59
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................60-61
СІЛТЕМЕ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................................62-64
Табын руынан шыққан Буқарбай батыр (Кіші жүз, Сырдария маңы) да Кенесарының сенімді серіктерінің бірі еді. Бұқарбай батырдың өз өмірбаянының қызықты кезеңдері туралы әнгімелері халық арасына кең тарап кеткен. Өзінің бір әңгімесінде қоқандықтардың Күреш деген қазақ ауылына шабуыл жасағаны туралы мынадай әңгіме айтып беріпті: Ауылдың тоналып, адамдардың тұтқынға айдалып кеткендігін естіген Бұқарбай батыр өзінің жасағымен қоқандықтардың соңынан түседі. Ол қоқандықтарды қуып жетіп, малдарын қайтарып, тұтқынға түскендерді босатады. Солардың арасынан Күреш байдың сұлу қызына көзі түседі. Ауылға оралған соң, Бұқарбай батыр Күреш байдан қызын өзіне әйелдікке беруін сұрайды. Күреш: «Қоқандықтар малымды айдап, тонап кетті, сондықтан қызымның қалың малына 47 бас мал бермесең, қызымды саған бере алмаймын»,— дейді. Сонда Бұқарбай батыр: «Менде бірде-бір мал жоқ, ондай қалыңмалды қайдан табамын»,— деп қызға қарапты. Сонда қыз орнынан тұрып, әкесіне қарап: «Егер Бұқарбай бізді қоқандықтардан құтқармағанда, қазір мен қайдағы бір Қоқан бегінің күңі болып жүретін едім. Бұқарбайдың ерлігінің өзі қалыңмалдың құнына татиды. Мен тек осыған күйеуге шығуға серт беремін»,— депті [16].
Бұл оқиға Бұқарбайдың кедей ортадан шыққандығын айтқызбай-ақ, айғақ етіп тұр. Басқа бір фольклор материалдарында Бұқарбайдың ерліктері мен оның халық арасындағы аса беделді болғандығы баяндалады.
Ауыз әдебиетінің шығармаларында басқа да батырлар туралы үзінді мәліметтер бар. Мысалы, Омар Шипиннің ауыз әдебиеті шығармаларының негізінде жазған «Жеті батырдың қысқаша хикаясы» атты шығармасында Құдайменді батыр туралы мындай мәліметтер бар: «Ақсүйек Сандыбав Ерден Құдайменді батырдың қалыңдығын тартып алып, Қара Кеңгір және Ұлытау маңындағы жайылымдарын бермей, оны қуып жібереді. Сонда Құдайменді ауылынан қашып, Кенесарыға барып қосылады».
Кенесарының кейбір батырларының әлеуметтік жағдайы туралы мәліметтер мұрағаттық деректерде де сақталған. Мысалы, бас штабтың поручигі Герн 1845-жылы Кенесары ордасында болып, оның жанындағылардың жалпы кедейлігін, жайылымдарының нашарлығын айта келіп, қосымша Жеке батырдың ауылында 15 не 16 сиыр ғана бар екен деп хабарлайды. Жеке батырдың шын аты — Төлебай, 1838-жылы Ақмолаға шабуыл жасаған кезде көрсеткен ерлігі үшін Кенесары оны «Жеке батыр» деп атап кетіпті. Поручик Герннің Жеке батырдың 15-16 сиыры бар деген хабары оның 5-10 үйден құралған ауылындағы адамдардың қажетін зорға қанағаттандырып отырғандығын көрсетеді.
Екінші бір құжатта «Кенесарының айналасындағылардың ішінде ерекше сеніміне ие болғандар қарапайым қырғыздардан (қазақ) шыққан батырлар: Жеке, Жанайдар, Сүтен және Шоқмар»,— деп атап өтіледі. Міне, қарап отырсақ, Кенесары батырларының бір бөлігі халық бұқарасының арасынан шыққандар екен.
Кенесары қозғалысына қазақ қоғамының әлеуметтік жоғарғы тобының өкілдері — сұлтандар мен ру билеушілері де қатысты. Олардың бір бөлігі көтерілістің басынан өздерінің жасақтарымен Кенесарыға ерді және соңына дейін оған адал болды. Бұлар, негізінен, Кенесарының жақын туыстары еді. Сұлтан Сейілханның түсініктемесіне қарағанда, 1846-жылдың соңына дейін Кенесарымен үнемі бірге жүрген туыстары мыналар: Наурызбай, Ержан Саржанов, Құдайменді, Сейілхан Бегалиев, Ораз Бопинов, Басалқа Тоқтамысов, Кенесарының қайынағасы және т.б.
Бұлардан басқа, Кенесарының жақтастарының арасында патша өкіметіне наразы, 1822-жылғы «Сібір қазақтарының низамы» енгізілгеннен кейін өздерінің бұрынғы еркіндігінен айрылып қалғандар немесе кедейленген сұлтандар болды. Олардың да бір бөлігі Кенесарыны көтерілістің ақырына дейін қолдады.
Патшалыққа наразы сұлтандардың бірі-Сармын Тұрсынханов тергеу барысында көтеріліске қосылу себебі: «Олардың арасынан біреуін де аға сұлтан етіп сайламай, бұл атақты қарапайым биге бергендіктен»,— деп мәлімдеді.
Көтеріліске белсене қатысқан сұлтан Қосан Жолбарысов туралы шекаралық басқарманың шенеунігі Сердюков: «Оның жағдайы нашар және адамдары да жоқ»,— деп хабарлады.
Сұлтандардың екінші бір бөлігі көтеріліске халық бұқарасының қысымымен байлығынан айрылып қалудан және халық арасындағы ықпалын жойып алудан қорқып қосылды. Олардың арасында даланы басқарудың жүйесінде белгілі бір қызмет атқарып жүрген кейбір сұлтандар да бар еді. Сібір шекаралық қазақтарының бастығы полковник Талызиннің 1838-жылғы жазған мәліметінде: «Жыртқышқа Ақмола өкірүгі сұлтандарының көпшілігі қосылып қойған жоқ, сонымен бірге Баянауыл, Қарқаралы және Көкшетау өкірүгтерінің де қосылғаны анық. Басқа барлық сұлтандар сырттай үкіметке адал болып көрінгенімен, олар Кенесарымен жасырын байланыста болды»,— деп жазуы бекер емес. Бұл сұлтандар көтерілістің уақытша серіктері болды. Олар көтерілісшілерді алғашқы сатысында ғана (1837-1838) қолдады. Көтеріліс бірте-бірте қазақ жеріне кеңінен тарала бастаған кезде, көптеген сұлтандар (Маман Абылаев, Қоңырқұлжа Құдаймендин, Күшік Айшуақов, сұлтан Дайыров, Көбеков, т.б.) қозғалысты сатып, жау жағына шығып кетті.
Күшік Айшуақов көтерілісшілер арасында жүріп полковник Талызинге: «Мен дуанға келе алмағаныма кешірім сұраймын. Қазір Кенесарыдан бірте-бірте алшақтап барамыз, біз оны дұшпан деп есептейміз»,— деп жазды.
Сұлтан Дайыров та Талызинге жолдаған хатында өзінің көтерілісшілер арасынан кетуге дайын екендігін хабарлайды. Ол: «Патшаға қарсы шығу және қару көтеру еш уақытта ойымызда жоқ және зиян келтіруді де ойламаймыз, қай жерде болмайын, бар уақытта да патшаға адал қызмет етуге дайынмын»,— деп жазды.
Кенесары көтерілісіне ру ақсүйектері — билер, ірі феодалдар да қатысты, мысалы, Шаң Едігенов, Шорман Күшіков, Мұса Шорманов және т.б. Мұса Шорманов көтеріліске қосылғандықтан ғана өзін тонаудан аман алып қалды. Егер қосылмаған жағдайда ызаланған көтерілісшілер оның бар малын барымталап алатын еді.
Мұса Шорманов өзін ақтау және патшаға адалдығын көрсету үшін орынборлық өкімет орындарына: «Кенесарыға еш уақытта қосылған емеспін және оның күресін қолдаған жоқпын. Ол мені шақырған еді, бірақ мен онан бас тарттым. Сізге белгілі, үнемі Кенесарының қаскөйлігіне қарсы күресіп келдім»,— деп жазды.
Үкімет өзінің жансыздары арқылы ру ақсүйектері және сұлтандармен тұрақты байланыс жасап тұрды. Олардың жері мен байлығын сақтап қалуға уәде бере отыра, Кенесары Қасымовтың «тобырынан» бөлінуге кеңес берді. Көтерілістің шешуші кезеңдерінде олар шынында да көтерілісшілерді тастап, патша үкіметі жағына шығып кетті.
Көтеріліске жеке рулардың басшылары — билердің және ірі феодалдардың қатысуы көтерілістің жалпы дамуына әсер етпей қоймады. Патриархалдық-рулық қатынастардың қалдықтары мен бір орталыққа бағынған мемлекеттің құрылуына мүдделі емес ірі феодалдар мен билердің іс-қимылдары кетеріліске шыққан халықтың күшін біріктіруге елеулі түрде кедергі келтірді. Кенесары оларға қарсы әр түрлі әдіспен қимыл жасады. Кейбір кездерде ру басшыларынсыз-ақ қазақ руларымен байланыс жасап, арасына үндеулер таратып, тікелей жұмыс жасады. Ал кей кездерде ру билерінің өздерін көтеріліске тартуға тырысты. Алайда қазақ руларын олардың басшыларынан бөліп әкету Кенесарының қолынан келмеді. Мысалы, арғынның қошқар руының биі Шеген Мусин 1845-жылға дейін көтеріліске қосылмады. Күреске оның қол астындағы ру тармақтары да қатыспады. Кенесары Шеген Мусиннің туыстары арасындағы беделімен сөзсіз санасты, сондықтан оған қарсы ашық қарулы қақтығысқа бармады.
Шеген Мусиннің және басқа да ру басшыларының беделі мен ықпалы қазақ қоғамындағы патриархалдық-рулық қатынастардың қалдықтарында рулық тұйықтық пен жершілдікке негізделген еді. Осы қалдықтар ру «көсемдерінің» беделі мен билігін мойындаудың алғышарты болды [16].
Дәл осындай пікірді Есет Көтібаровқа байланысты да айтуға болады. Есеттің Кенесары көтерілісінен қол үзуін қалай түсіндіруге болады? Бұның басты себебі: тағы да сол патриархалдық-рулық қатынастың қалдықтарында, рулық тұйықтық пен жершілдікте жатыр. Есет Көтібаров шекті руы тілеуқабақ бөлімінің рубасы бола жүріп, кейбір қазақ сұлтандарына жолдаған хатында өзінің руын «тілеуқабақ халқы» деп атап, өз руының мүддесін жалпы халықтық мүддеден жоғары қояды. Кенесары оның руластарының бұған жасаған шағымдарын уақыт өткендігіне байланысты қараудан бас тартқанда, Есет оған өкпелеп, онымен байланысын үзді. Сонымен бірге, шекті руы мен төртқаралықтардың арасындағы бұрыннан келе жатқан рулық жанжалды да ұмытпау керек. Кенесарының Есетпен достық қатынас орнатуға және көтеріліске шыққан рулардың күшін біріктіруге тырысқан әрекеттерінің бәрі сәтсіз аяқталды.
Қазақстанға тән, қозғалыстың тұйықтығы мен бір жердің шеңберінен аспауы және патриархалдық-рулық қатынастардың үстемдігі Есеттің мінез-құлқына, іс-қимылына да әсер етті. Есеттің ортақ жау — патшалыққа қарсы күресі халық, бұқарасының күресін жеңілдететінін түсінген Кенесары онымен әскери қақтығысқа бара қойған жоқ. Есеттің көтерілістен шет қалуының өзі рулық томаға-тұйықтықтың қаншалықты күшті екендігін және көтеріліске шыққан халықтың бірігуіне кедергі жасағандығын көрсетеді, сонымен бірге, кейбір батырлардың күрес барысында рулық-феодал ақсүйектермен бірігіп кеткенін де көреміз.
Ықпалы аз және әлсіз ру басыларын Кенесары әскери күш қолданып бағындырды [17].
Кенесарының Құдаймендин сұлтанға қарсы жорығы осындай қатынасқа тән шара болды. Осы жорық жөнінде Кенесарыда болған Тасболатов былай деп хабарлайды: «Жақын арада ол Қарқаралы бағытында қозғалып, сол өкірүгтің аға сұлтаны подполковник Құдаймендиннің қалған малын қуып әкетуге және қазақтардың арасында Кенесарыны балағаттағаны үшін және Құдаймендинмен бірге орыс отрядтарына көмектескені үшін сол өкірүгтегі Жамантайдың да жылқысын алуға, ауылын тонауға барады».
Ескерте кететін бір жай, Кенесары осы сияқты феодалдарды өте жақсы білетін және олардың көңіл күйін де түсінетін. Алайда өзінің алдына патшалық Ресейге, Қоқанға және Хиуаға қарсы жалпы майдан құру мақсатын қойғандықтан, ол қандай жолмен болса да көтеріліске қатысушылар санын көбейтуге тырысты. Оған сенімсіз болса да одақтастар аса қажет еді. Егер кейбір сұлтандардың қосылмайтындығына көзі жетсе, оларды қорқытып болса да бейтарап қалдыруға тырысты. Кенесарының назар руының билері —Байтөре мен Қаракүшікке жазған хаты сөзімізді дәлелдейді. Бұл хатта ол: «Менің хан екенімді мойындаңдар, сендермен арамызды суытқым келмейді. Егер бұрынғы іс-әрәкеттеріңе өкінсеңдер, іштеріңдегі ең сыйлы адамдарың маған келсін. Мен сендерге қайрымдылықпен қараймын. Ал егер келмейтін болсаңдар, онда мен, 30 жыл сендерді күтіп жүріп ем, енді 30 жыл бойы ісім сендермен болады. Сендерге өзімнің қызметшім Бабықты жіберемін, оның сөзіне сеніңдер»,— деп қорқытты [17].
Міне, сондықтан да Кенесары көтерілісшілерінің арасынан сол кездегі қазақ қоғамының белгілі султандарынан және ру билерінен бастап, ауылдың кедейі-жалшыларына дейінгі әр түрлі өкілдерін көреміз. Көтерілісшілер құрамының әр түрлілігі ерте болсын, кеш болсын, қозғалыстың бәсеңдеуіне, соңынан оның жеңілуіне де әсер ететіндігі өзінен өзі түсінікті.
Атап өтерлік жайт, ол көтеріліске басқа да ұлт өкілдерінің қатысу мәселесі. Бұл жерде ескере кететін мәселе, қазақтың езілген халық бұқарасы сол кезде де орыс халқының күресіне жанашырлықпен қарады. Бұл әсіресе Пугачев көтерілісі кезінде ерекше байқалды, қазақтар көтеріліске шыққан шаруаларға материалдық көмек қана көрсетіп қойған жоқ, сонымен бірге, өздері де Емельян Пугачевтың туы астына жиналды.
Алайда бұндай жағдайлар аз болған еді. ХІХ-ғ. бірінші жартысында орыс тұрғындарымен қарым-қатынас жасауына біршама алғышарттар жасалған болатын. Ол мына жағдайларға байланысты болған еді.
ХІХ-ғ. 20—30-жылдары патша өкіметі Ресейдің орталық аудандарынан шаруаларды күшпен империяның шет аудандарына көшіре бастады, соның ішінде Қазақстанмен шекаралас жерлерге де. Шаруалар өздерін үйренбеген жерлерге қоныс аударғанға наразы болды және қазақтардың көтерілісіне тілектестікпен қарады. Патша өкіметіне Сібір және Орынбор бөлімдеріне әскери қызметке жаңадан алынғандар да наразы еді.
Көтерілістің алғашқы күндерінен бастап Кенесарыға көтеріліс ауданында тұратын көптеген ұлт өкілдері қосылды. Ортақ жау — патша өкіметіне қарсы қазақтармен бірге, қазақ далаларында өкімет орындарынан қашып жүрген орыстар, татарлар, башқұрттар да қосылды.
Олар Кенесары әскерінде қару-жарақшы, топ басшысы қызметін атқарды. Олардың көтеріліске қатысуы туралы Бас штабтың поручигі Герн: «Кенесарының қасында Сібір және Орынбор гүбірнатырларына бағынышты барлық рулардан қазақтар бар. Олармен бірге, бес орыс, төрт башқұрт және алты татар бар. Олардың кейбіреуі Кенесары армиясына қару-жарақ, оқ-дәрі жасайды»,— деп жазды.
Қару-жарақ шеберлерінің ішінде аталған орыстардан басқа, басшылық қызметте болған қашқын солдаттар да болды. Мысалы, Белешев және Малкин сияқтылар. Малкин туралы қызықты мәліметтерді өзінің құпия хабарында Аюшин былай деп хабарлайды: «Кенесары оны бай қалыңдыққа үйлендіріп, қол астына 40 адам беріп, бастық етті. Олардың бәрін орда маңында ұстайды. Қазір Кенесарының, қасында бірінші жасауыл—Хусни (башқұрт), Кішін (Малкин)— екінші жасауыл деп жүр. Кішін онда балуан ретінде даңқы шығыпты, ал Кенесары оған Батыр-Мұрат деп ат қойыпты».
Үкімет өзінің елшілері және жансыздары арқылы Кенесары әскерінде қызмет ететін қашқын солдаттар туралы мәліметтер жинауға тырысты. Герн бастаған елшілікті Кенесары ордасына жіберер алдында генерал Обручев «Кенесары ауылдарында қашқын орыс азаматтары бар ма, жоқ па, соны білуді», (алып қашпа сөз арқылы белгілі еді), «егер бар болса, онда оларды беруге көндіруді» арнайы тапсырып еді.
Қашқын орыстың біреуі Кенесарының жеке хатшысы болып та қызмет етті. Кенесарыға тұтқынға түскен орыс офицері барон У-р қолға түсісімен Кенесарының хатшысы қазақ шапанын киген, қырынған, белгісіз бір орысқа алып барғанын айтады. Белгісіз орыс барон У-рға қай губерниядан екенін айтудан бас тартқан. Осы қашқын орыс туралы тұтқыннан шыққан орыстар мен патша өкіметінің жансыздары да хабарлаған еді. «Аударма үшін екі адамы бар... бірі—татар, Троискі қаласынан, екіншісі—орыс, өзін орыс офицерімін»,— дейді.
Информация о работе Тарихшы-ұстаздың аудаудағы және айдаудан кейінгі өмірі