Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 16:59, курс лекций
Мемлекет пен құқықты бiр-бiрiнен айыруға болмайды. Олар объективтiк тұрғыдан тығыз байланыста бiрлесiп дамитын ғылым. Бiрақ олар бiр ғылымға жатқанмен, әрқайсысының нақты бағыттар болады.Мемлекет қоғамның саяси-экономикалық құрлысымен шұғылданады, құқық- нормативтiк актлер жүйесiн қалыптастырады.
Осы бiрлестiк пен дербестiк олардың мазмұнын, мақсатын, қызметiнiң әдiс-тәсiлдерiн, функцияларын жан-жақты зерттеуге, жаңартуға, дамытуға мүмкiншiлiктер бередi. Мемлекет пен құқықты тереңiрек зерттеп бiлуге жағдай туады.
Әдебиеттер:
Н/ә:2, 211-213; 3, 78-84. Қ/ә: 7,89-95.
Бақылау сұрақтары:
1.Араб елі қалай және қандай жағдайда пайда болды?
2. Мұхаммет Пайғамбардың Ислам дінін ашудағы еңбегі қандай?
3. Халифат дегені кімдер және оның билігі қандай?
4. «Икта» деген сөз қандай мағынаны білдіреді?
5. «Вакуф» деген сөз қандай мағынаны білдіреді?
№ 8 ДӘРIС
Тақырып: Қытайдың феодалды мемлекеті мен құқығы. Жапонияның
феодалды мемлекеті мен құқығы.
Сабақтың мақсаты: Қытайдың феодалды мемлекеті мен құқығы.
Жоспар:
1. Қытайдағы ортағасырлық мемлекеттіліктің қалыптасуы мен оның
дамуының негізгі кезеңдері.
2.Тан династиясының кодексі (653ж), (963 ж).
3. Ру-тайпалық құрлыстың ыдырауы және мемлекеттің
пайда болуы.
4. «Тайхоре» заң жинағы (702-718).
1. Қытайдағы ортағасырлық мемлекеттіліктің қалыптасуы мен
оның дамуының негізгі кезеңдері.
Б.э.1-ші ғасырларында Қытайдың толық федолдық таптық қатынастың орнатылғаны бекітілді.Оған дәлел ретінде федролдың жерег деген иелігі түкпілікті орнығып, толық иегер екендігі байқалды. Сол кезеңде Қытайда үш патшалық (Вэй, Шу және У) үнемі, өзара күес жүргізудің нәтижесінде ІІІ ғас. тоқталып, елдер қысқа мерзімге дейін бірігіп, Батыс Цзинь әулеті билдігінің қол астына көшті. Бірақ бұл империяны 316 жылдың соңында Солтүстік Қытайға баса көктеп кіргеген көшпенді халықтары жойып жіберді. Қытайдың оңтүстігінде Цзинь әулеті өз патшалықын қалыптастырып, кейіннен Шығыстық Цзинь (317-420 ж) деген атқа ие болды. Ал Қытайдың солтүстігінде ІҮ ғас таман сяньбилер тайпалары өз үсмтемдігін орнатып, оның басшылық және үстемдік етуші Тоба Вэй әулеттер билік басына келді. ІҮ –ғас. соңына дейін оңтүстік және солтүстік патшалық аралығанда соғыс қақтығыстары болып тұрды, одан әрі патшалық ішінде де өзаралық қақтығастар болды.
ІҮ ғас екінші жартысында әскериқолбасшы Ян Цзянь Суй әулетінің негізін қалаушы 589 жылы Солтүстік және Оңтүстік Қытайды біріктірді. Осы аталған әулеттің өкілдері біртұтас державаны орнатуға бар ынталарын салды. Суй әулетінің билігінің нәтижесінде ұзаққа созылған соғыстар, сонымен қатар Қытай аумағында құрлыс жұмыстары қызу жүріп жаты кандалар, сарайлар және басқа да құрлыс объектілері салына бастады. Осындай іс-әрекеттер нәтижесінде шығымдар да көп болды. Оның нәтижесі халықтың бас көтеруіне әкеліп соқтырған соң 618 жылғы халық көтерілісінің нәтижесі билік басына Тан әуелеті келді.
2.Тан династиясының кодексі (653ж), (963 ж).
Ортағасырылық Қытай мемлекетінің ерекше және жалпыға бірдей заңшығарушылық мәселесі, паташлық биліктегі әулеттердің заң жинағынан тұрды. 1647 жылы манчжуриялық бай-шонжарладың және судьялардың ықпалымен кодекс құрастыралды, бұл кодексте көбіне Мин әулетінің шығармашылығынан алынған болды. Бірақ бұл орын таппады. Кейін келе нағыз талқыланған және тәжірибелік тексеруден өткен және ортағасырдың алғашқы кезеңінен бастап ретке келтірілген Тан әулетінің заңы (618-907 ж.) болды.
Тандық кодексі («Тан люй шу и»). Бірінші және ірі көлемді заң жинағы ретінде Тандық қылымыс кодексі болды. Бұл кодексте комментариялық түсінігі берілді. Осы аталған колдекс ол тек практикаға ғана колайлы емес сонымен қатар әрбір қылымыс фактісіне нақты түсініктеме берілді. Тан кодексін құрастыру жұмысы 653 жылы аяқталды , ал оның жариялануы 737 жасалды. Тан кодексінде өзінің ата-аналарыңа, бірінші және екінші сатыдағы туған-туысқандарына сыртынан құпия, арыз-шағым беруге тиым салады. Тан кодексі мына құрлымнан тұрады: 502- бап 30-тараудан (цзюаннан) тұрды, ол, 12-тақыптарға бөлінді. Әрбір тақаратар мына мәселелерді реттеді:
1.Жазаның мөлшері және заңды қолданудың қағидалары;
2.Тиым салынға жерді күзету;
3.Шенеуниктің лауазумдық
4.Үйшруашылығы және неке қию мәселесі;
5. Мемлекеттік атқора және бидай сақтау қоймасы;
6. Әкімшіліктің өз бетінше іс-
7. Тонау және ұрылық;
8. Төбелес және ауыртпалық;
9.Алааяқтық және жалғандық;
10. Заңдылықты орнатудағы әр-түрлі жазалау шаралары;
11. Ұстау және қашу;
12. Соттық өндірістер және
Ежелгі Қытайда «Хань» тұсында моральдық жағынан ұятқа келтіру жазаның бірі «Жеңіл таяқпен ұру» деген. Ол жеңіл таяқ бамбук болды. Оның мақсаты: «Ұру-ол , жаза ретінде және ақылға келтіретін іс-әрекетті айтады» деген. Тан таяғы итмұрын шыбығынан даярланды.
3. Ру-тайпалық құрлыстың ыдырауы және
ІІІ-ші ғас. Жапонияда алғашқы қауымдық құрлыстың ыдрау кезеңі басталып, оның нәтижесі таптық қоғамға өтіп, мемлекеттің пайда болуына әкелді. (О.А.Жидкова.1988,320С.). Рулардың ішінде мүлік-теңсіздік, қырықсы-қақтығыстар, аристократтар, рулық ақ сүйектері пайда болудың нәтижесінде бытыраңқылыққа әкелді. Құлдық жұмыс күштері кеңінен таралып, ол ақсүйектердің тұрмыс жағдайын нығайтты.
ІҮ ғас. Жапонияда тайпалық одағы қалыптасты, ал Ү ғас. тайпа одағының көсемі Ямато елдің көп жерін өзінің қол астына біріктірді. Жақсы және құнарлы жер аумақтары рулық аристокартиялары өздерін алып қойды.
Жапонияда таптық
қоғамның және мемлекеттің
4. «Тайхоре» заң жинағы (702-718).
701 жылы император Момму тұсында «Тайхо рицуре» деген жаңа кодексін құрастыру бастады. Бұл кодекс екі бөлімнен тұрды. Шынында бұл екі кодекстен түрды, ол былай аталды: 1. «Тайхо рe»; 2. «Тайхо рицу». Осы айтлған әрбір әріп-сөз мынадай түсініктеме береді: термин «ре»-ол, жалпы мемлекеттік құрлысы, конституциялық және әкімшілік маңыздағы мағынасын білдіреді. Ал келесі «рицу»-ол, жазалау туралы және соттық шешім туралы айтылды. (Толстогузов А.А. «Очерки истории Японии ҮІІ-ҮІҮ в.,М.,1995»).
«Тайхо ре» заң жинағында: 30-заңды түрде орнатылған талаптардың реттелу ережесі туралы айтылған, атап айтқанда:
-кең шеңберде салық және
-лауазымды тұлғалардың
- қоғамдық қатынастардағы жалпы
тәртіпті сақтау туралы
-мемлекет басшысының және халықтың қоғамдық міндетті әділ түрде сақтауды
және жүзеге асыру туралы айтылады;
-дәстүрлік әдет-ғұрыпты,
айтылады.
«Тайхо рицу» заң жинағында: басқарушылық және соттық мәселесі жөнніде ерекше көңіл бөлінген. Қылмыстың түрі жіне оған қолданатын жазаның түрі туралы айтылған. Мемлекеттік құпияны жария еткені үшін каторгаға жіберілді.
Жеткізген хабардың маңызы өте аз болса немесе тікелей қатысы болмай тек жанама болса, онда сол хабаршыға жаза ретінде 60 таяқ-дүре соғылатын болды. Шенеуниктер қызметке ешқандай себепсіз келмегені үшін дүре соғылатын болды, ал әрбір күнге-20 дүре соғылды, мыслы: 5 күн х 20=100 дүре.
Егерде шенеуник мемлекет басшысына петицияны немесе құжатты жазған кезде қателік жібергені үшін 50-дүре соғылатын болды. Тиым салынған әдебиеттерді оқығаны үшін қатаң жазаға тартылатын
болды. Оның ішінде: (Астраномия туралы,
әскери өнер туралы, ауладағы 7-ті күндік
күнтізбе туралы, балгерлік туралы) оқығаны
үшін.(В.Г.Графский.М.2003.,
Әдебиеттер:
Н/ә:2, 225-248; 3, 95-101. Қ/ә: 7,114-117.
Бақылау сұрақтары:
1.Қытайда таптық қатынастар қай кезде орнатылды?
2.Тан әулетінің билікке
3. Жапонияда «Тайпалық одақтың»
құрылуына қандай себептер
4. «Тайка реформасының» ерекшелігі неден тұрды?
№ 9 ДӘРIС
Тақырып: Ұлыбритания мемлекеті мен құқығының дамуы.
Сабақтың мақсаты: Ұлыбритания мемлекеті мен құқығының дамуы туралы
Жоспар:
1.Буржуазиялық мемлекеттіліктің қалыптасуы.
2.Стюарттарды қайта келтіру кезеңіндегі монархия.
3.Заттық қатынастардың құқықтық реттелуі.
4. Отбасы құқығы
1.Буржуазиялық мемлекеттіліктің қалыптасуы.
Англядағы буржуазиялық төңкерiстiң салдары. 1628 ж “Құқытық жайлы петиция”. Ағылышын буржуазиялық төңкерiсiнiң негiзгi кезеңдерi мен ерекшелiктерi. 1640 жылғы Англиядағы буржуазиялық төңкерiс бүкiл дүнежүзiлiк тарихқа әсерiн тигiзiп, халық өмiрiн жоғары нысандағы қоғамдық саяси ұйымға келтiрдi. Англияның төңкерiсi буржуазиялық төңкерiске жатады. Бұл жағдайда өнекәсiптiң ауыстырылуы және басқа үстем таптар билiктi өз қолына алды . Ағылшын буржуазиялық төңкерiсiнiң дамуына байланысты көп ерекшелiктерi болды. Төңкерiс кезiнде Англияның мемлекеттiк құрлысы аяқталмаған шексiз феодалдық монархияға жатқан. Корольдiң билiгi шексiз болса да, ол парламенттi таратқан жоқ. Англияның жергiлiктк өзiн-өзi басқару органдары демократиялық принцитерiн сақтаған болатын және қуатты төрелiк сот өзiнiң қызметтерiн тоқтатпады.
Төңкерiстiң алдында Англияның әлеуметтiк жағдайы өте қызық болды. Олардың дворяндар топтары екiге бөлiндi. Бұндай жағдайда басқа да Еуропа мемлекеттерiнде де болды. Мысалы, Францияда дворяндар ескi және жаңа дворяндар болып екiге бөлiндi. Бiрақ Англядағы жағдайлар ерекше қалыптасты. Олар ақсүйектерге жатпайтын, дворян атағын сатып алушы адамдар болды. Сондықтан олар жерлерiн таза пайдаланғаннан басқа, өнеркәсiппен немесе саудамен де айналысты. Ескi ақсүйек дворяндар қой бағып жүр деп оларға күлетiн болды. Олардың ең пайдалы қызметтерiн жүнмен байланысты болды, олар өздерiнiң шаруаларына бостандық берiп, босаған жерiне қой бағатын. Қойдың жүнiнен бүкiл дүние жүзiне белгiлi шұғаны шығаратын. Сондықтан,бұл тап корольдi жақтаса да, олардың мүдделерiн өнеркәсiптiң дамуына байланысты екенi түсiнiктi. 1640 жылы күзде корольдiң де , мемлекеттiң де жағдайлары нашарлады.Феодалдық абсолюттiк құрлыс терең де саяси қайшылыққа әкелдi. Корольдiң жағдайы ауырлай түстi. 1640 жылы 3-қарашада ол парламенттi мәжiлiсiне шақырды. Бұл парламент Ұзақ деген атқа ие болып, Англиядағы төңкерiсте буржуазияның органы ретiнде үлкен роль атқарды, Парламент 1653 жылға дейiн үзiлiссiз қызмет жасады. Ол кейбiр жоғарғы корольдiң уәзiрлерiн жазалау, төтенше соттарды жою, жұрағаттық етушiлердi жауапкершiлiкке тарту туралы да корольге талап қойды. Парламент халықтың тiрегiне сезiне отырып, феодалдық- абсолюттiк құрлысқа шабуылға шықты. Кейiннен корольдi жақын көрушi-лорд Страффорд, архиепископ Лорд және басқа да корольдiк абсолютизмнiң белсендi мүшелерi тұтқындалды. Парламент корольдiң әлсiздiгiн пайдаланып, өмiрбойы сайланатын сотты енгiздi.
1641жылдцың аяғында парламент корольге Ұлы ремонстрацияны бердi. Парламент бұл заңды соғысып қабылдады, дегенмен король оны қабылдаған жоқ. Бұдан кейiн парламент корольге 19 баптан тұратын ұсыныс енгiздi. Бұл талаптарда корольдiң билiгiн шектеу туралы айтылған болатын. Бiрақ король бұған да көңiл аударған жоқ. Ал 1642 жылы король мен парламенттiң арасында ашық шиеленiс басталды. Король өзi бұрыннан келе жатқан әдеттердi бұзып, парламенке оппозицияның өкiлдерi қамауға келдi. Бiрақ олар тығылып ұстатқан жоқ.
2. Стюарттарды қайта келтіру кезеңіндегі монархия.
Англядағы буржуазиялық революцияның нәтижесіде индепендент өкілдігінің жеке билігі буржуазияның жоғарғы басшыларының талабна сай келмеді. Оның себебі буржуазия-дворяндардың және джентерилердің қарсыластары корольдық билігі емес, ол төменнен көтерілген жұмысшы мен шаруалар қозғалыстары болды. Протекторат Оливер Кромвельдің өлімі буржуазия қоғамының ойларын іске асыруға тездетті. 1653 жылы Кромвель өлген соң оның баласы билік жүргізді. Бірақ Парламент құрылтайлық билігін жариялап 1660 жылы бұрынғы жазаланған король Карл-1 баласы Карл-ІІ (1630-1685 ж) таққа отырды. Сол кезеңде Англияда екі партия пайда болды, олар: тори және виги. Тори партиясы король мүддесінің өкілдігін көрсетті, ал екінші –виги-ол, буржуазияны және орта дворяндықтарды біріктірді. Парламентте тори билік-белсенділігін көрсетті. 1679 жылы Парламентте Виги партиясы көп орынға ие болып, онда мынадай заң қабылдады: «Теңіз сыртында қамауда ұстамауды ескерту және бодандықтардың бостандығын жақсарту туралы АКТ» деп аталды. (Харбес корпус актісі-1679ж.). Бұд актіде король шенуниктері, виги партиясынының Парламент мүшесінің өкілдерін қудалаудан және қолсұпаушылқтан қорғау туралы айтылды. Осы заңда тұтқынға,қамауға алынған адамды бір тәулік ішінде сотқа алып келуге міндетті болды және оның ұсталу себебін анықтау, заңды ма әлде заңсыз ба екендігін анықтауды талап етті. Қамауға алынған адамды кепіл пұл төлеу арқылы босату туралы шешілді. Егерде осы аталған заң талабын орындамаған жағддайда лауазымды тұлғалар және суьдя айыппұл 500 фунт стерлинг төлеуге және қызметтен босатылатын болды. Кейін келе осы аталған Акт мемлекеттің маңызды конституциялық құжаты болды.
3. Заттық қатынастардың құқықтық реттелуі.
ХҮІІ-ХІХ ғас.Англияда азаматтық құқығында жылжымалы және жылжитын мүлік деп бөлінбеді, ол, орта ғасыран бері былайша аталатын болып және бөлінетін болды:
-шынайы заттар (мүліктер)-оған кіретіндер: жер, өсімдіктер, ғимвараттар және жер аумағына, жерге байланысты мүліктьердің заңдылығын анықтайтын құжаттар болды;