Мемлекет және құық тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 16:59, курс лекций

Краткое описание

Мемлекет пен құқықты бiр-бiрiнен айыруға болмайды. Олар объективтiк тұрғыдан тығыз байланыста бiрлесiп дамитын ғылым. Бiрақ олар бiр ғылымға жатқанмен, әрқайсысының нақты бағыттар болады.Мемлекет қоғамның саяси-экономикалық құрлысымен шұғылданады, құқық- нормативтiк актлер жүйесiн қалыптастырады.
Осы бiрлестiк пен дербестiк олардың мазмұнын, мақсатын, қызметiнiң әдiс-тәсiлдерiн, функцияларын жан-жақты зерттеуге, жаңартуға, дамытуға мүмкiншiлiктер бередi. Мемлекет пен құқықты тереңiрек зерттеп бiлуге жағдай туады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Lektsia_komplex_IGPZS_1.doc

— 616.50 Кб (Скачать документ)

          Өзiнiң  мәнi мен маңызына байланысты  Рим құқығы қазiргi заңгерге өте  керектi нәрсе болып тұр. Оны  оқып түсiну заң тәжiрибесiнде  де, дәл айтқанда заң шығару  жұмысымен айналысатындарға да  маңызды. Өйткенi қазiрiг кезеңде  амзамат құқығы мен қылмыс құқығының талаптары туралы ондағы жауапкершiлiктiң, мүлiктiк жауапкершiлiктiң, жазаның салу ережесi туралы осы рим құқығында ең алғаш рет айтылған.

          Сонымен Рим құқығының маңызы:

1.Барлық құқы саласының негiзiн  қалаушы;

2.Азаматтық қатынастар арасын реттеудегi негiзiн қалаушы;

3.Мемлекет пен жеке тұлғалардың  арасындағы қатынасты реттедiң  негiзiн қалаушы;

4.Қылмысты жасағаны үшiн тиiстi жазаны салудың негiзiн қалаушы;

5.Борышқордың борышты орындау  немесе оны орындамағаны үшiн  жауапкершiлiктiң негiзiн қалаушы;

6.Жанұялық қатынасты реттеудегi  мәсғленiң негiзiн қалаушы;

7.Мiндеттемелер мен келiсiм-шартты  орындаудағы мәселенi шешудiң  негiзiн қалаушы;       

Рим жеке құқығының  негiзгi сипаттары:

  Бiрiншiден, құлиеленушiнiң жерге деген толық иелiгiн және құлдары өз

 қалауы бойынша үнемi жұмысқа  салуға, емiн еркiн зат ретiнде  пайдалануға

 және көпестердiң өз тауарларымен  емiн-еркiн, шексiз түрде өз меншiгiн

 пайдалануға берiлген құқық  болып табылады.

  Екiншiден, ол келiсiм-шарт институты. Б.э.д. 1ғасырда Римде сауданың жоғарғы деңгейiне дамудың нәтижесiнде көпестер сауда-саттықты iске асырған кезде және оған дейiн келiсiм-шарттың жасалмастан бұрын жан-жақты ескерiеп, егжей тегжейiне дейiн мұқият байқап содан соң келiсiм-шартты бекiтуге екi жақтың шешiмiн бекiтудi,сонымен қатар шарттың түкпiлiктi екенiн және борышқор шартты орынждамаған жайғдайда оған аяусыз шара қолдануын талап етедi. Яғни борышқор өзiнiң берген шартын орындамаса ол жан-ақты қудалануға алынатын болады.

Жеке құқытың көпшілік құқытан шектей білу: 

      Рим азамат құқығы-ол тек жеке құқығының мәiселесi деп айтылмады. Рим республика кезеңiнде азамат құқығындағы тарих бойынша цивильдiк және халық құқығы қатар дами бастады. Цивильдiк және халық құқығы деп аталатын болды.

      Сонымен қатар Рим азамат құқығы мына түрден тұратын болды:

-цивильдiк құқық;

-көпшiлiк құқық;

-жеке құқық. 

     Мiне осы аталған  құқықтар әр  түрiге бөлiндi. Әрбiр  құқық өз сипаттарынан тұрды.  Осыны жеке талқылайтын боласмыз.

        Көпшiлiк құқық дегенiмiз –ол, билiктiк қатынастарды және

келiсiм-шарттарды орындаудың мазмұнынан тұратын болды. Осыған байланысты жеке тұлғаның шарты өзгерiлуi мүмкiн емес болды. Мысалы: Мемлекеттiк деңгейде келiсiм-шарт жасау. Соғыстан кейiн бiтiм  шартын жасау. т.б.

        Жеке құқық дегенiмiз-ол: екi жақтың тең болуы негiзiнде мүлiктiк

 қатынастарды реттеумен қатар  және оған қатысушы субъектiлердiң  жағдайлары мен мiндеттерi өзгерiлуi мүмкiн екенiн айтады.

        Мысалы: екi адам  бiр бiрiне қанрызға ақша беруi немесе сауда жасауы.

      Цивильдiк құқық дегенiмiз-ол,ежелгi римнiң ұлттық құқығы, ол тек                                                                                                                                                     

Рим азаматтарына таратылатын болды.Соныдқтан да бұл құқық квириттiк құқық деп аталды.

       Квирит дегенiмiз-ол Ежелгi Римнiң еркiн тұрғындарын айтады.ius civil-ол дегенiмiз халық жиналысынан шығатын, ал кейiннен сенаттан шығатын болды. Ендiгi мәселе ол преторо құқығы туралы түсiнiк беретiн боламыз.

      Претор құқығы дегенiмiз-ол, сол кездегi қоғамдық қатынастырда адамның хал-жағдайын жақсартуын және реттеуге келмейтiн мәселенi претор өзiнiң құқықтық нормасымен ретiне келтiрен фактлердi айтады.

Бұл туралы римнiң заңгерi Папиан халық  құқығы деген ат қойды.

(ius gtntium).

Рим құқығының тарихи жүйесi:

     Рим құқығының тарихи жүйесі-ол, құқытың тарихи кезедерінен тұрады. Ал тарихи кезеңдер сол кезегі әрбір дәуір кезеңдерінен тұатынын айтады. Рим құқығының тарихи кезеңдерi:

1.Ежелгi кезең.(б.э.д. У-ғас. Ортасынан бастап III ғас.дейiн )болды.

2.Класиикалық кезеңi.(б.э.д. III ғас  бастап, б.э. III ғас. аяғына дейiн)  болды.

3.Классикалық кезеңiнен кейiнгi дәуiр кезеңi. (IУ-УI ғас.).

         Осы атаған  кезеңдерде құлиеленушiлiк қоғамы  және мемлекеттiк бытыраңқылықтың нәтижесiнде пайда болды. Рим құқығының дамуы  осы кезеңдерде бәсеңдеп экономикалық және саяси дағдарыстарға тап болды.

        Рим құқығы  бiрте –бiрте қоғамдық қатынастардың  нығайуына байланысты жаңа феодалдық  қатаынастарды реттейтiн болды.

        Сонымен рим  құқы,ғының әрбiр тарихи кезеңдерi үнемi өзгерiстерге тап болатын  болды. Оның себебi күнделiктi қоғамдық  қатынкастардың өзгеруiне байланысты  болды. Қоғамдық қатынастардың  өзгеру себебi ол күнделiктi адамдар  қоғамының өмiр сүруi және адамның сана сезiмiнiң нығайуы нәтижесiнде мемлекеттiк билiк те өзгерiн болды. Сондықтан әрбiр билiк өзгерiстерi мемлекеттiң кезеңiне де бөлiнетiн болады. 

         Ендiгi бiр  қозғалатын мәселе ол Рим құқығының  рецепциясы туралы айтытын боламыз.      

Рим құқығының рецепциясы:

        ХI ғас.аяғында Италияда ежелгi мәдениетке ерекше көңiл бөлiнетiн болды. Оның себебi Юстиниан кодексiне заң мамандарыерекше көңiл бөлдi.

        Яғни Юстиниан  кодексi заңгерлердi бiраз ойыландыратындай  көңiл аударды. Сол кезде Рим құқығының дамуына католик шiркеулерi де қолдау көрсеттi. Осы рим құқығы сол кездегi Европадағы саяси дағдарыстарын ретiне келтiруге пайдасы тидi деуге болады. Бұл туралы Ф.Энгельс өзiнiң :”Происхождение семи, частной собственности и государства” деген еңбегiнде мынаны айтқан болатын. “Рим құқығы-ол, ең нағыз қйын –қйын сандардан өткен, халықтың өмiрi мен тәжрибелiк түрде дәлелденген, қоғамдық қатынастардың ретiне келтiрушi” деген.Бұл құқық сол кезеңде Рим қауымында ақша мен тауар айналымдарын ретiне келтьiрушi және экономикалық қарым-қатынастарын нығайту жолдарына ерекше зор қызмет көрсеттi. Құқытың нәтижесi мемлекеттегi қоғамдық қатынастарын экономика мен саясатты реттеуге ерекше үлес қосты деуге болды.

Әдебиеттер:

Н/ә:1,221--233; 2, 178-189.                           Қ/ә: 6,254-267. 

Бақылау сұрақтары:

1.Рим  мемлекеті қалай пайда болды  және ол туралы қандай аңыз  бар?

2. Сервия Туллии қандай реформагы  жұргізді?

3. Принципаттың және Домингаттың  мағынасы неде?

4. Преторлық құұқыиы қалай түсінесіз?

5.Квирит құықы деп аталу себебі  неден тұрады?

 

№ 5 ДӘРIС

Тақырып: Франк мемлекеті мен құқығы. Францияның феодалды

                         мемлекеті мен құқығы.

Сабақтың мақсаты: Франк мемлекеті мен құқығы. Францияның феодалды

                                      мемлекеті мен құқығы туралы оқып танысу.

Жоспар:

1.Мемлекеттіліктің пайда болуы.

2.Меровингштер мен Каролингтер әулеттері.

3.Салистік шындық. 

4.Франция мемлекеттілігндегі негізгі даму кезеңдері.

5.Француз құқығы:некелік, отбасылық , мұрагерлік, қылмыстық.

         

                              1.Мемлекеттіліктің пайда болуы.

     Франк мемлекеттігінің  пайда болуына нәтижелі себеп  болған- ол, Меровингтер әулетінен  шыққан кароль Хлодвигтің (481-511 ж.ж.) Галияны жаулап алуы  ең басты  себеп болды. Рейн өзенінің орта ағысынан бастап Приенейге дейінгі жер аумақатрды өзіне қаратан билеуші кароль Хлодвиг болды. Хлодвинг өз бетінше заң шығаруға және өзінің талабын қоюға, салық салуға және алуға толық құқтарға ие болады. Хлодвитің тұсында Салистік шындығы қалыптастырылы. Франктің мемлекеттігі жедел түрде қалыптаса бастады.

     Франк мемлекеттік  тарихында екі кезеңіне бөлінеді, әрбір кезеңдер пватшалық әулеттеріне  байланысты болды, атап айтқанда:

1- кезеңде: Ү ғас. соңынан ҮІІ ғас. Меровингтер монархиясы биледі;

2- кезеңде:  ҮІІІ ғас. ІХ ғас. Каролингтер монархиясы биледі.

 

                        2.Меровингштер мен Каролингтер әулеттері.

     Меровингтер әулеттері Франк мемлекетін 457 жылдан бастап 751 жылдарға дейін патшалық билігін жүргізді. Осы  патшылық билік кезеңінде феодалдық қатынастары туындай бастады. Ү-ҮІ ғас. арасында қауымдық, руылық байланыстар сақталды, франктер арасындағы қатынастар аса дамыған жоқ, бай-шонжарлардың әлеуметтік деңгейлері жоғары болды. Хлодвигтік әскер и жорық жасау нітижесінде  біраз әлеуметтік  деңгейлер өзгерілді ол бірақ әскер басшыларына пайда сына тиді. Меровингтер тұсында Майордам деген лауазым пайда болды. Майордамның міндетіне сарайлық  басқардың міндеті артылды. Карольдық биліктің бәсеңдеуіне байланысты Майордам  мемлекеттегі нақты және шынайы  мемлекет билігі соған көшті және мемлекет басшлығы соған көшті. ҮІІ-ҮІІІ ғас. кезеңінде Майордам лауазымы ұрпақтан-ұрпаққа  берілетін болды. Бұл дегеніміз Каролингтер әулетінің билігінің басталуына жол салды.

     Карольдық және империялық билігінен  Каролингтер әулетері Меровингтер әулеттерін 751 жылы ауыстырып, сонымен Х ғас. билігі тоқтатылды.Карольдық билігі Каролингтер өтудің нәтидесінде Карл Мартелге көптеген жетістіктер әкелді. Карл Мартель Франк мемлекетіндегі 715-741 ж. Майордом лауазымын атқарды.  Ол корольдық саяси бірлігін орнатып және билікті өз қолына шоғырландырып, жоғарғы билікке ие болды.

     Мемлекеттік орталық  билікті жеңілдеті үшін және  карольдық  әскери күшті нығайту  үшін бұрынғыдай  жерді үйлестіруге тиым салды. Жер толық карольдық (мемлекет) меншігіне көшті.                                 

      Майордом Карл Мартелл (715-741 ж) өзiнiң реформасын iшкi келеңсiз жайларды жоюынан бастады. Ол өзiнiң саяси қарсыластарының жерлерiн тәрклей бастады және шiркеу жерлерiне шек қоятын болды. Ол Корольдық құқытың мына бiр жағдайын пайдалана бiлдi- ол дегенiмiз корольдың өзi шiркеудiң жоғарғы дәрежедегi лауазымды мiндетiн атқаруға құқылы болды. Яғни шiреку оған бағынысты болды деген мағанамен тең деуге болады.  Осы әдiстердiң нәтижесiнде пайда болған жер бөлiктерi  жаңадан пайда болған бесендiлер қоғамына берiлетiн болды. Яғни осы жерлер өмiрлi болатын болды. Бұндай жердi ұстаған иелiктi- “бенефиций деп атады” латыннан аударғанда  қайырымдылықтан берiлген деп аталды. Яғни жердi корольдан сол адам алады егер ол корольға қызмет етсе және өзiмен бiрге әскер қолын алып келетiн болса.

Бенефицарилықтар жердi тәуелдi адамдармен бiрге алды. Ол адамдар қожасына обюрок төлейтiн болды немесе баошина  жұмысны iстейтiн болды. Осы аталған жерге ие болу әдiстерi iрi жер иелерi мен кiшi феодалдар арасында мынадай қатынастар қалыптасатын болды- сюзеренитета- васслитета яғни қатынастар iрi феодал мен кiшi феодал арасындағы. IХ ғасырдың аяқ кезiнде iрi бенефенцарилер жер меншiгiн ұрпақтан- ұрпаққа беруге деген шешiмдi шығуына  жетедi. Осы кезеңде бенефенцаридiң орнына iрi феодалдар келедi. Ал iрi феодалдар  өзiнiң аумағынад саяси билiк иесi болып табылатын болды.

 

                                   3. Салистік шындық. 

    Франктер тайпаларында мемлекетік қалыптасу мәселесімен қатар құқықтық қалыптасу да жүргіп жатты. Ежелгі герман айпаларынынң құқытық дәстүрлерін жазба түрде свақтау үшін «варварлар құқығы» жазылды, оған кіретіндер: Салистік, Рипуарскаялық, Бургундскилік, Аллеманскаялық және т.б. болды.

Салистік шындық (Салистік заңдар)-ол,ҮІ ғас басында кароль Хлодвигтің соңғы өмірі кезінде қалыптсақан, германдықтардың ежелгі дәуірден жазылып келген дәстүрлік құқықтар жинағы болды. Ол деңгелік титулдарға (тарауларға) бөлінді. Салистік  шындық-ол, казуистік сипаттардан тұрады, онда абстарктілік  ұғымдар  жоқ, онда тек құқықыт әрекеттер туралы, актілер, формальдықтан айырмашылығы болды. Онда  әр кезеңдегі архейстік сот өндірістерін көрсетеді. Салистік шындықтың мазмұнындағы құұқық бұзушылық жөнінде негізгі жаза-ол, айыппұл салу болып табылды. Салистік  шындығының жазу бетінде ҮІ ғас. басынан бастап Франктердің қоғамдық құрлысының бастамасы туралы  ұғымдарды береді.

Міндеттеме қатынастығы бойынша Салистік шындығында  тауарлық-ақаша қатынастарының  төмен екендігі көрсетледі. Жеке меншіктің төмен екендігі айтылады. Онда мына мәмілелер айтылады:  сатып алу, саты; қарыз, несире,  жалдау;  айырбастау; сыйға тарту.  Міндеттемені орындамағаны үшін немесе кешіккені үшін мүліктік жауапқа тартылатын болды. Қарызды талап ету-ол, қатаң орнатылған нысанда жүргізілді.

Неке-жанұялық қатынастарында Салистік шындығында   жалпы сипаттама беріледі. Некені бекіту-ол, күйеужігіт қалыңдықты сатып алу нысанында жүргізілді. Ал қалыңдықты өзіне әйел қылып  алу үшін,  алып қашу әрекетіне айыппұл салу арқылы жазаланады.

Некеге тұруға қарсы мындай негіздер болды:

-егер ол , сол кезде  некелікте  тұратын болса;

-тұлға, заңсыздық деп жарияланса;

-қандық жақын туысқандығы болса;

-адам еріксіз жағдайда болса.

Некені бұзу туралы айтылмаған. Әйелдің жағдай, бұрынғы өтен матиархалдық құрлыстары бойынша анықталды.

Информация о работе Мемлекет және құық тарихы