Мемлекет және құық тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 16:59, курс лекций

Краткое описание

Мемлекет пен құқықты бiр-бiрiнен айыруға болмайды. Олар объективтiк тұрғыдан тығыз байланыста бiрлесiп дамитын ғылым. Бiрақ олар бiр ғылымға жатқанмен, әрқайсысының нақты бағыттар болады.Мемлекет қоғамның саяси-экономикалық құрлысымен шұғылданады, құқық- нормативтiк актлер жүйесiн қалыптастырады.
Осы бiрлестiк пен дербестiк олардың мазмұнын, мақсатын, қызметiнiң әдiс-тәсiлдерiн, функцияларын жан-жақты зерттеуге, жаңартуға, дамытуға мүмкiншiлiктер бередi. Мемлекет пен құқықты тереңiрек зерттеп бiлуге жағдай туады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Lektsia_komplex_IGPZS_1.doc

— 616.50 Кб (Скачать документ)

-жекенің (тұлғаның) заттары- оған барлық заттар кіретін болды.

Англияда барлық мүлік құқықтары меншік құқығының бір түрі ретінде қаралды. Мүліктердің ішінен мындай түрлері бөлінді:

-жылыжымайтын мүлікті жалгерлікке  алудағы заттық құқығы;

-сервитуттар, сонымен қатар  жекелер;

-сенім артылған меншіктер;

-заттық құқықты қамтамасыз ету.

Англияда шарттық құқытың сипаттығы мынадан тұрды:

-тараптардың өздерінің нақты  құқықтарын анықтай білуі және  тараптардың өз міндеттерін анықтай  білуі;

- борышқордан алған міндетін толық және жан-жақты дұрыс орындалуын талап ету құқығы.

 

                                           4. Отбасы құқығы

     Англияның  жанұя құқығы мынадай болды: Көп  уақыттай бойы некеге тұру рәсімі шіркеу нысаны бойынша жүргізілді, ал азаматтық  некеге тұру тек 1836 жылдан бастап рұқсат берілді. Неке нысаны, болашақ зайыптылардың таңдауы бойынша айқындалды. Зайыптыладың жеке қатынастыры күйеуді басшылық етумен негізделді. Жанұя мүліктерімен басқару және басқа да мәмілелік істерін жүргізу күйеу құқылы болды. Әйел тек өзінің нақты мүліктерін басқаруға және күнделікті істерді жүргізуге құқылы болды. Тек 1882 жылы, заң бойынша тұрмысқа шыққан әйел, өзінің тиесілі мүлкімен еркін, өз бетінше айналысуға және шешуге толық құқылы болды. Ажырасу тек 1857 жылы танылды.

21- жасқа дейінгі қыз  және ер балалар  ата-анасының қоластындағы билігінде болды. Шешесі, ата-аналық билікті тек әкесі болмаған жағдайда ғана  жүргізуге құқылы болды. Некеден тыс пайда болған балалар танылатын болды, тек ерекше жағдайларда және парламент актісі бойынша. 1908 жылы заң бойынша өз бабаларына қатыгездік және дөрекілік көрсеткені үшін ата-аналадың жауапкершілігі орнатылды.

   

Әдебиеттер:

Н/ә:2, 233-251;  3, 110-116.       Қ/ә: 7,151-158.

Бақылау сұрақтары:

1. Англиядағы буржуазиялық  революцияның ерекшелігі неде?

2. Парламенттің рөлі қандай болды?

3. Республика болып жарияланудың  себебі неде?

4. Стюарт монархиясын қайта келтірудің себебі неден тұрды?

5.Англияда заттық құқытың қандай  түрлері болды және қалай аталды?

 

№ 10 ДӘРIС

Тақырып: АҚШ мемлекеті мен құқығының дамуы.

Сабақтың мақсаты: АҚШ мемлекеті мен құқығының дамуы туралы

                                    оқып танысу.

Жоспар:

1. Штаттардағы  республикалық басқару формасынынң бекітілуі мен

    тәуелсіздік үшін соғыс.

2. 1787 ж.(1789) Конституция.

3. Ф.Д.Рузвельттің мемлекеттік реформалары.

 

               1. Штаттардағы республикалық басқару формасының

                                 бекітілуі мен тәуелсіздік үшін соғыс.

     ХҮІІ бас кезінде Солттүстік америка аумағында англия отаршыдығының коныстанушылары пайда болды, ол сол кезде «Жаңа Англия» деп аталды.(1643)

1765 жылы Нью-Йоркте болған Конгресте қабылданған «Адам құқығының бірінші декларациясы» құжатында американдық отаршылыдқтары туралы мына мәселе жарияланды: «Барлық тәуелсіз халықтардың және ағылшындардың айрылмас құқықтарын сақту  үшін, салық салыну мүмкін емес, ол тек халықтардың өз еркімен, сый ретінде берілуі мүмкін» деген. (В.Графский. М, 2003, 435С).

     1776 жылдың 4-ші шілдеде Үшінші Континентальдық конгресс жаңа резолюциясын қабылдап  онда революциялық сипатындағы «Тәуелсіздік  декларациясын» қабылдады.

   Тәуелсіздік декларациясында мына мәселелер көрсетлді:

- декларацияда американың метропльдаң мемлекеттік тәуелділігін жоюын

  жариялады;

- тәуелсіз Америка Құрама Штаттарының  қалыптасуы туралы жарияланды;

-балық адамдар тең, олар өздерінің ақыл-ойын еркін пайдалануға және бөлінбес құқығына толық ие, оған кіретін: өмірі, еркіндік, бақытты болуға ынталығы;

-адам бағытты болу үшін және  оның мұң-мұқтаджықтан, ауыртпалықтан  қорғау үшін, қажетті деген жағдайларды  жасау үшін, Үкімет жұмыс істеу керек, ал егер ондай үкімет халық қамына мән бермесе онда ол үкіметті тарату немесе жою керек.

     Ағылшын (метрополиямен)  соғысу уақыты жақындаған сайын  шатттардың бірігуі аса қажет  болды. Өйткені сырттан келе  жатқан жауға бірлесіп соққы беру  қажет болды. Сондықтан 1781 жылында өткен Конгересте әр шаттың өкілдерінің қатысуымен «Конфедереация баптары» деген құжат қабылданды.

Осы аталған құжатта 13 шаттар «Өмірлік одақ» деп бірігу  арқылы, конфедерекация былай аталды: «Америка Құрама Штаты» деп жарияланды. Әрбір 13 штат өзінің  тәуелсіздігін сақтады. Штаттар өздеріне міндеттеме алды: бір-бірінің ішкі істеріне кіріспейтіндігі туралы және бірі-біріне көмек көрсету туралы айтылды. Штаттың тұрғындар емін-еркін бір-бірімен сауда-саттық жасауға, араласуға, емін-еркін келуге, кетуге құқылы болды. АҚШ жалпыға бірдей ортақ істерін жүргізу үшін Конгрес қалыптасты. Бұл конгреске әрбір штаттан делегациялар жіберілетін болды. Делегация саны 2-7 дамнан сайлау арқылы өткізілетін болды. Конгресте әрбір штат тек бір дауысқа ие болды.

     АҚШ толық тәуелсіздігін 1783 жылы Ұлыбритания   мойындап , Версаль

бейбіт келісіміне қол қойды.

 

                           2. 1787 ж.(1789) Конституция.

     АҚШ Конституцясы 1787 жылы қабылданып, ол сол кезден бастап қазәргі күнге дейін жұмыс істеп келеді. Содан бері  осы конституцияға тек 27 өзгерістер  ғана енгізілді. 1787 жылғы Конституция. Жапай халық қозғалысы барлық жағынан айқындалып, ол тек ортақ өкiметтiң әлсiздiгiн ғана емес, сондай-ақ оған төнген қауiптi де көрсеттi.

1787ж Конституция штаттағы  одақты күшейтiп, тиiмдi федералдық үкiметтi құруға тиiс деген.

Конвентке қатысушылардың қарастырған  барлық проблемалары үлкен дискуссияның тақырыбы болып табылды.

Азаматтардың бостандығы мен құқығы жөнiнде дербес бөлiм жоқ болғанмен, кейбiр конституциялық кепiлдiктер белгiленген заңның қарсы күшiн тоқтату және жазасыз сот, қылмыстық iстегi машықтанған соттың кепiлдiгi, мемлекетке опасыздық  жасау туралы түсiнiкке шек қойылды.

Мемлекеттiк лауазымға қояр алдында  оның дiнмен байланысына, сенiмiне тыйым салынды.

       Конституция АҚШ-тың  барлық аумағында буржуазиялық- демократиялық құрлысты бекiттi. Халық атынан ресми түрде дворянның  лауазымы мен атағы өзгертiлдi, состовиелiк жеңiлдiктер жойылып,  өкiлдiк басқарма принциптерiн  дәйектi түрде жүргiздi, билiктiң тепе-теңдiгiмен бөлiнуi, шататтың бұлжымас одағы тиiмдi федералдық заң шаруашылығымен қамтамасыз етiлдi.

       Конституция билік  тізбектерін айқындады, атап айтқанда:

1.Заңшығарушылық билігі-ол.., парламент- Конгресс болды, ол екі палатадан тұрды: а) Сенат палатасы –ол, 6 жылыға сайланды, әр 2-кі жылда үшінші  мерзімге жаңартылып тұрды; Сенат төрағасы вице-президент болды;

б) Өкілдіктер палатасы- депутаттары 2-кі жылға сайланатын болды. Осы палатаның төрағасы спикер деп аталады.

2.Атқарушылық билігі-ол, АҚШ атару биліктің міндеті президентке жүктелген,   президент –ел басы және Үкімет басшысы болып табылады. АҚШ Президенті   4-жылға сайланады.

3.Сот билігі-ол, АҚШ сот билігі Жоғарғы сотқа жүктелген. Сот билігінің құрамы мынадан тұрады:  федералдық сот; штаттың соттары; жергілікті соттар. Федералдық сотты Жоғарғы сот  басшылық етеді, оның құрамында: аудандық және округтік (апеляциялық) соттардан тұрады. Барлық федерелдық соттың судьяларын сенат палатасының келісімімен президент тағайындайды.

Кейбір маңызыд істер жөнінде алқалы сот- присяжныйлары  енгізілген.

 

 

                    3. Ф.Д.Рузвельттің мемлекеттік реформалары.

     Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында АҚШ экономикалық  жағдайы дүниежүзілік деңгеде салыстырғанда әлдеқайда  жоғары болды. Бірақ 1929-1933 жылдарда каписталистік мемлекеттерде  экономикалық дағдарыстың пйада болуының нәтижесінде АҚШ- да осы дағдарыстырға тап болды.

Оның нәтижесі мынадай зардапқа келтірді:

-өндіріс көлемдерінің қысқатылуы- АҚШ өнеркәсіп өндірісі 56% дейін төмендеді;

-қаржы жүйесі нашарлады- ұлттық  кірістер 48% дейін қысқартылды;

-өндірістік, сауда және қаржы  фирмалары банкротқа және тапшылыққы ұшырады- 40% банктер банкротқа тап болды;

-жаппай жұмыссыздық пайда болды- 17 миллион адм жұмыссыз болды.  Мемлекетте осындай  дағдарыстың нәтижесі  таптар арасындағы қайшылықтар пайда болып, жұмысшылар табының ереулдік минтингке баскөтеру әрекеттері жиы-жиы болып  жатты. Президент  Г.Гувердің үкіметі монополияны қолдауға бірнеше әрекеттер жасап көрді бірақ ештеңе өнбеді. 1932 жылы келесі банкроттық әрекет ішкі саясатқа келіп тірелді. Оның нәтижесі кезекті президенттік сайлау кезінде демократтар партиясының кандидаты Ф.Д.Рузвельт жеңіске жетті. Ф.Д.Рузвельт өзінің жаңа бағдарламасымен ашық жариялады. Осы дағдарыстан шығу үшін «Жаңа курс» деген бағдаралмасын ұсынды. Бұл бағдаралама мерзімі-1933-1938 аралығна арналып, экономикалық маңызы бар мына ұсыныстарды жасау қажет болды:

-Банк қызметі туралы заңды  қабылдау;

-Бағалы қағаздардың орлымы туралы  Заңын  қабылдау;

-Өндірісті қалпына келтіру туралы заңды қабылдау;

-Ауылшаруашылыған ретке келтіру  Заңды қабылдау;

-Еңбектік қатынастар туралы Заңды қабылдау; (Вагнер заңын).

-Жұмыссыздарға әлеуметтік қаупсіздендіру  және көмек беру туралы Заңды

  қабылдау;

-Әділетті негізде жұмысшылар күшін жалдау туралы Заңды қабылдау.

 

Әдебиеттер:

Н/ә:2, 233-251;  3, 110-116.       Қ/ә: 7,151-158.

Бақылау сұрақтары:

1. АҚШ Тәуелсiздiгi үшiн күрес  кiмдерге қарсы жүргiзiлдi?

2. АҚШ штаттардың құқытық мәртебесi қандай болды?

3. “Жаңа курстың” негiзiн қалаушы кiм болды?

4. Ең алғаш кезінде АҚШ неше штаттан тұрды және мәртебесі қандай болды?

5. АҚШ-тың егемендігін Ұлыбритания  қай жылы ресми нысанда   таныды?

 

 

 

 

 

 

 

№ 11 ДӘРIС

Тақырып: Францияның мемлекет және құқығының дамуы.

Сабақтың мақсаты: Францияның мемлекет және құқығының дамуы туралы

                                       оқып танысу.

Жоспар:

1.Ұлы Француз революциясы және оның мемлекеттік-құқықтық маңызы.

2.Франциядағы азаматтық кодекс.

3.Екінші республика және оның  заңамада және 1848 ж. Конституцияда

    рәсімделуі.

 

                 1. Ұлы Француз революциясы және оның мемлекеттік-

                                               құқықтық маңызы.

     Францияда абсолюттік- феодалдық құрлысына шешуші күйретте соққы берген ол, Ұлы Француз революциясы болды (1789-1794 жж.). Бұл революциясының әлеуметтік- саяси мақсаты-ол, конституциялық тәртіпті орнату және жаңа демократиялық қағидадан тұратын мемлекеттік билікті ұйымдастыру болды. Осы ХҮІІІ ғас. Француз революциясы, бүкіл әлем  аумағында, жаңа саяси-ой толғаудың, жаңа мемлекет  құрастыру жолдарын, болашақта өмірдің жақсарту жолдар бар екендігі туралы үміт әкелді және жаңадан күш-жігер тудырды.

     1789-1794 ж.Революция   әрекеті заңды түрде пайда  болған  әлеуметтік-саяси сілкінісі  болды. Үзақ  уақт бойы үнемі дағдарыс құрсауынан шықпай клеген және болашақты көксеген халыққа жол ашылды. Революцияның болуына мындай себептер болды:

- мемлекет билігі жалпы халықтың  мүддесіне ешқандай көңіл бөлмеді;

-ортағасырдағы артықшылығы бар  сословие құрамдарын қорғады;

-жерге деген құқықтары бар   дворяндардың мүддесін  қорғады;

-цехтық құрлысты қолдады;

-сауда монополиясын орнатты  және т.б.

     1789 ж.,26-тамызда Революциялық бағдарламасының «Адам және азаматтың құқығы» деген құжат қабылданды. Декларацияда демократиялық халықтың егемендігі туралы билікті орнату қажет екендігі айтылды. Адамның табиғи құқығы ешқашанда айрылмауы керек және  билік тізбегінің бөліну қағидасы айтылған. Декларацияның 1-ші бабында: «Адамдар турады және еркін тең құқыта болып қалуы керек» деген. Адамның табиғи және айрылмас құқығы туралы Декларацияның 2-ші бабында жарияланған, атап айтқанда:

-бостандығы; мүлкі;  қаупсіздігі;  үстемдікке қарсылық көрсету. Декларацияның 4,7,9,10 және 11-баптарында  бостандық-ол дегеніміз бәрінде жасауға  болдады тек басқа біреуге зиян келтірмеу арқылы, еркіндік ар-намсты сақтау, өз еркімен дінге табынушылық, сөйлеу және баспасөз. 9-бапта: айыпкердің кінәсіздік презумциясы айтылған.  Қылмыс жасағаны үшін ұсталған, күдікті адмам және айыпкер заңды  негізде дәлелденбейінше кінәсіз деп есептеледі.  Осы аталған декларацияның негізінде Құрылтай жиналысы  конституцияны қалыптастыру жұмысына кірісті.

 

                                 2.Франциядағы азаматтық кодекс.

     Францияның азаматтық кодексі 1804 жылы, ал кейіннен 1807 жылдан  бастап Напалеон кодексі деп аталды. Бұл кодексте азаматтық құқықтың субъектісі ретінде тек жеке тұлғаларды таныды. Құқықтық көлемі жағынан салыстырғанда заңдылық қағидасының тепе-теңдікті сақтады. Жеке меншік құқық баптарының мазмұны революциялық заңдары көрстелді және рим құқығынан да алынды. Кодексте құқытың субъектісіне байланысты меншіктер мына түрлерге бөлінді:

Информация о работе Мемлекет және құық тарихы