Мемлекет және құық тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 16:59, курс лекций

Краткое описание

Мемлекет пен құқықты бiр-бiрiнен айыруға болмайды. Олар объективтiк тұрғыдан тығыз байланыста бiрлесiп дамитын ғылым. Бiрақ олар бiр ғылымға жатқанмен, әрқайсысының нақты бағыттар болады.Мемлекет қоғамның саяси-экономикалық құрлысымен шұғылданады, құқық- нормативтiк актлер жүйесiн қалыптастырады.
Осы бiрлестiк пен дербестiк олардың мазмұнын, мақсатын, қызметiнiң әдiс-тәсiлдерiн, функцияларын жан-жақты зерттеуге, жаңартуға, дамытуға мүмкiншiлiктер бередi. Мемлекет пен құқықты тереңiрек зерттеп бiлуге жағдай туады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Lektsia_komplex_IGPZS_1.doc

— 616.50 Кб (Скачать документ)

 

                                               «Қазан  төңкерісі»

     1917 жылдың 24-қазанда (6-қарашада) большевиктер партиясының ОК және ӘРК Петроградтағы телеграф, почта, түрмені басып алу және юнкерлер әскеріне , уақытша үкімет әскеріне қарсы төтеп беру шаралары әзірленді. Сол күні В.И.Ленин болшевиктер басшыларына А.Ф.Керенскиді құлату керек екендігі туралы телеграммаа жіберді. Ал 25 қазанның (7 қарашаның) таңында  бас көтерушілер вокзал, телеграф,телефон станциясын және басқа да маңызды  объектілерін басып алып өз қолдарына алды. Күндіз ӘРК әскері маринский ғимаратында өтіп жатқан парламентті таратты. Сол күні В.И.Ленин сағат-10-да ӘРК және «Ресей азаматтарына» деген сөзінің жолдауында билік ӘРК өтті деді. Ендігі мәселе «Қысқа сарайды» шабуыл мен алу болды.  В.И.Ленин  ӘРК асықтырғанмен кідіру созылды. Революция шабуылын басқарушы В.А.Антонов-Овсеенко және Г.И. Чудновский қан төгістің көп болуына жол бергісі келмеді. Қысқа сарайды қорғаушы уақытша үкімет әскер  тобы аза бастады, олар уақытша үкімет министрлерін қорғағысы келмеді. Сол күні сағат 19-да бастап Уақытша Үкіметке өз еркімен берілуге талап қойылды. Бірақ бұл талпты  орындаудан олар бас тартты. Сол күні сағат 21-40 та «Аврора» крейсері оқ атқан соң «Ол арнайы белгі болатын» ӘРК әскери шабуылға дереу кірісаті. Революция  отряды қысқы сарайға еніп, екі сағат бойы министрлерді тұтқынға алды. 22-40 сағ. ОАК атынан ІІ Бүкілресейлік Жұмысшылар және Солдаттар депутаты Кеңесінің ІІ-съезі ашылды. Ондаиктер мен меншевиктер партиясы саяси дағдарыстарды бейбіт түрде ретіне келтіру жұмыстарын жүргізу  қабылданды. Сол күні 26-қазанның (8-қарашада) В.И.Лениннің баяндамасынан кейін «Бейбітшілк туралы Декрет» және «Жер туралы Декрет» қабылданды. Съезде құрылтай жиналысқа дейінгі «Халық Комиссарларының Кеңесі деген жұмысшы  және шаруалар үкіметі» құрылды. Осы  қазан революциясы бөльшевиктер партиясының басшылығымен кейінне коммунистук партияға ауысып  1991 жылдың желтоқсан айына дейін СССР мемлекеті болып өмір сүрді.

 

                                        4. 1991 ж. СССР-дің құлауы.

      1917 жылдан бастап 1991 жылға дейін КПСС диктатурасының тоталитарлық жүйені ішінде бүкіл СССР аумағында азамп шеккеендер аз болмады. Оның ішінде 1933, 1937 жылдарды алатын болсақ сталиндік репрессия жылдарының айуандық, қанішерлік азаптары мәңгі есте қалады. Осы жүйенің соңғы кезеңі 1886 ж., желтоқсан оқиғасы нақты дәлел бола алады. Одан кейінгі 1990 ж. Грузиядағы «Шота Руставели» даңғылындағы адм қырғыны, сол жылы балтық жағалауындағы Рига, Вильнюс және Таллин қалаларындағы қызыл армия  окупациясы нақты дәлел бола алады.

Коммунистік партияның жалған догмалық саясаты халықты алдау, арбау  әдісі ұзаққа созылмай 15-одақтас  республикалар бостандық жолын ізеді бейімделді.

      1991 жылдың тамыз айының 18-21 күндері арасындағы Мәскеудегі әскери төңкерісті «ГКЧП» (ТЖМК) СССР-дің вице-президенті Янаев жария етті. Бұл әскери төңкерістің басталуы болды. Мұны дер кезінде сезген Ресейдің  бірінші Президенті Б.Н. Ельцен Ақ Үйдің жанында, халық алданда сөз сөйлеп қарсылық көрсетуге шақырды.

      СССР-дің құлауына мындай себептер негіз болды:

-15 одақтас республикалары соның  ішінде Қазақ ССР жеке өз  алдына егеменді 

   мемлекет болуға толық  жетуі;

-ұлттық намысты қорғау және көтеру болды;

-КПСС диктатурасының және оның жалған, көзбойаушылық саясаты

  іріп-шіріп, бүкіл халық алдында беделін мұлдем жоғалтуы;

- елдің экономикалық дағдарыстан шыға алмауы;

- ақаш құқынынң мүлдем төмендеп  гиперинфляцияға ұшырауы;

-өндіріс эжәне өнеркәсіп орындарынң тоқталуы;

-сырта шығатын рыноқтың жоқтығы.

Саяси жағына.н ең басты себептің болуы мынада болды:

-Украина Президенті Л.М.Кравчук,  Беларусы Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы  С.Шушкевич және Ресей Президенті  Б.Н.Ельцен үшеуі бірігіп Белорусы аумағындағы орман алқабында кездесіп СССР-дің ыдырауы туралы шешім қабылдады сол күніосыв  үш мемлекет Украина, Белорусия және РСФСР өздерін егеменді мелекет деп жприялады. Бұл дегеніміз СССР-мемлекетінің тас төбесі жарылған деп айтуға негіз болды. Осы үш тұлғаның кездесуінің нәтижесінде «Беловежский келісімі» (Беловежское соглашение) деп аталды. Сонымен 1991 жылыдң 8-ші. желтоқсан айында СССР ресми түрде ыдырады.

 Әдебиеттер:

Н/ә: 4, 187-189;  5, 115-118.       Қ/ә: 8,153-163.

Бақылау сұрақтары:

1. Ең алғаш Орыс мемлекеті қай қалады орын тепті?

2. Орыстың ең алғашқы княздары  кім болды?

3. Удельдік княздар деген кімдер, олардың мәртебесі қандай болдды

4. 1905 ж. революцияның кейінгі  зардабы қандай саси зардабы  туындады?

5. Қазан төңкерісін басқарушы  және қозғалушы күштері кімдередн тұрды?

6. СССР одағының құлауына қандай  себептер болды?

 

№ 14 ДӘРIС

Тақырып: ХІХ-ХХ ғасырлардағы Жапония мемлекеті мен құқығының

                                                            дамуы.

Сабақтың мақсаты: ХІХ-ХХ ғасырлардағы Жапония мемлекеті мен

                                     құқығының дамуы туралы оқып  танысу.

Жоспар:

1.Буржуазиялық мемлекеттің пайда болуы.

2.Мейдзи Революциясы.

3.1889 ж. Конституция бойынша конституциялық формадағы Абсолютті

    монархия. (жартылай абсолюттік монархия).

 

                          1. Буржуазиялық мемлекеттің пайда болуы.

      Жапонияда буржуазиялық революцияның пайда  болуына себептер-ол,  әлеуметтік-саясат күштерінің революцияның жасалуы нәтижесінде болды. Революциядан бұрын Жапонияда тек кәсіпкерлік өндірісі, үйдегі және монуфактуралық өндірістері болды. Сол кезде экономикада маңызды роль атқараға буржуазияның сауда-өсімқорлық әрекеті болды.

       Алғашқы әлеуметтік  қозғалыстың сипаты-ол, жапондық  дворяндар арасынан үкіметке қарсылық әрекетін көрсетті. Халықтың негізгі ереулдігіне сегунаттың дәрменсіздігі болды. Олар сырттан келетін басқыншылыққа төтеп бере алмады. 1865 жылы Англия, Франция, АҚШ, Голландия үнемі реттік саясаттық жұмысты жүргізу нәтижесінде Жапониядан сауда шартына келіуге қол жеткізді. Содан Жапония жартылайотарлық мемлекетке айналды. Осы аталған елдердің  бұйыдарын сатып алуға міндетті болды.

      Буржуазиялық мемлектті орнату жолында буржуазиялық экономикалық реформалары жүргізілді, атап айтқанда:

-монаполялық цехтары таратылды-цехтар  және гильдалар, сонмен қатар  оған байланысты сауда және  кәсіпкерлері қысқартылды;

-буржуазиялық еркіндігі жарияланды:  жерді еркін сатып алу- сату, мамандықты  таңдау, тұратын жерді таңдау және т.б.;

-заң алдына барлық сословиелердің формальды түрде тең екендігі туралы

 енгізілді;

-жерге деген жеке меншік құқығы  орнатылды (жер иелері оның  иесі болды);

-жерге деген біртұтас салығы  енгізілді, ол бұрынғы феодалдың  бірнеше рет 

  жинайтын алымды  ауыстырды;

-барлық ішкі кедендер  жабылды.

1872 жылы жалпыға бірдей  білім  беру заңы қабылданды.

Саяси салада  мыналар болды:

-құқыққа қайшы жаслған жасалған  шарттар жойылды;

-армия германияның үлгісі бойынша  қайта қалыптасты, ал флот ангшлияның  үлгісі бойынша;  Самурайлар –офицерлік лауазымға ие болар кезде ерекше көңіл бөлуіне ие болды.

Мемлекеттік басқаруда: княздық билігі жойылды, оның орнына префект болды.

Кейбір салар бойынша министрліктер  құрылды.

 

                                        2. Мейдзи Революциясы.

     1867 ж., қазан айында Жапонияда Мейдзи иси (Мейдзи) революциясы басталды. Бұл революцияның мақсаты, император билігін орнату үшін  сегундық билікті жою болды. Императорды қолдаушылар әскери мобилизациясын жариялады. 1868 жылы императопрдың атынан, қозғалыстар басшысы сегундық үкіметтің құлағаны туралы жария етті. Сегун оған қарсы өзіне сенімді әскерін жіберді , бірақ жеңіліске ұшырады. 1868 жылы сегун тізе  бүкті. Билік импраторды жақтаушылардың княздар мен самурайлардың қолына көшті. Революцияның нәтижесінде феодалдық жүйе жойылып оның орнына орталықтандырылған буржуазиялы-помещик мемлекеті қалыптасты.

 

               3. 1889 ж. Конституция бойынша конституциялық формадағы

                       Абсолютті монархия.(жартылай абсолюттік монархия).

     Жапонияда 1889 жылы Конституция жарияланды. Ол Пруссиялық үлгі бойынша монархия мен жоғарғы төрешілдік аппаратарымен, помещиктермен, ірі буржуазиямен бірігу одағын бекітті.

Император—ол,мемлекет басшысы ретінде кең шеңбердегі құқыққа ие болды. Оның құзыреттік міндетіне мыналар кірді:

-соғысты және бейбіт келісімі  туралы жария етуге құқылы  болды;

-халықаралық келісімдері бекітуге  құқылы болды;

-өзінің қолына барлық билікті  шоғырлай отырып, төтенше жағдайды  енгізуге 

  құқылы болды;

-жоғарғы бас қолбасшы ретінде  әскери құрамдар мен оның басшыларын

  айқындауға құқылы болды;

-мемлекеттік азаматтық басқаруды  жүргізу саласында министрліктің 

  құрамдарын тағайындау, міндеттен  босату, еңбек ақы мөлшерін анықтау, 

  жоғарғы лауазымды тұлғаларды  тағайындау міндеттерін атқарады. Император атқару билік басшысын тағайындады (министр-президентті, ал оның ұсынысы бойынша министрлерді тағайындады).

Әдебиеттер:

Н/ә: 4, 231-239;  5, 115-1124.       Қ/ә: 8,187-195.

Бақылау сұрақтары:

1.Жапонияда буржуазиялық республиканың пайда болуына қандай

   себептер болды?

2. Мейдзи Революцисы кімді қолдады?

3. 1889 ж.Конституция  қандай модель  бойынша қалыптасты?

4. Императрдың мемлекет билігіндегі  құзыреті қандай болды?

5.Атқару билігін кім атқарды?

№ 15 ДӘРIС

Тақырып: ХІХ-ХХ ғасырлардағы Қытай мемлекеттілігі мен

                            құқығының  дамуы

Сабақтың мақсаты: ХІХ-ХХ ғасырлардағы Қытай мемлекеттілігі мен

                                құқығының  дамуы туралы оқып танысу.

Жоспар:

1.Цин империясы.

2.Қытай халық республикасының құрылуы және оның дамуының негізгі

   кезеңдері.

3.Гоминдан.

 

                                               1. Цин империясы.

     1644 жылы Қытайда билік басына манчжуриялық Цин әулеті келді. Цин әулетінің  билік жүргізуі кезінде, ірі манчжуриялық және қытай феодалдарына , қуатты армия  күшімен және  жақсы кең шеңбердегі баланысы бар төрешілдік аппаратарына арқа сүйей отырып, деспотиялық монархия қалыптасты.

Қытай императоры  барлық мемлекет билік тізбектерін өз қолына біріктірді, атап айтқанада:  жоғарғы заң шығарушылық, соттық және әкімшілік билігін. Сонымен қатар ерекше құқығы болды: «Жоғарғы  Аспанға» найзағайға  құрбандық шалуға жіберді. Император-ол  ұрпақтан-ұрпаққа  тақты беретін болды. Бірақ  тірі кезінде өзінің тақ-мұрагерін атауға құқылы болды.

       Император кезінде мемлекеттік  жоғарғы орган: Импертор хатшылығы  және Әскери кеңес болды.

       Жоғарғы атқару билігі: бұрынғыдай алты ведомства арқылы (бұйрқы жазу) арқылы: чиндер, салықтық (қаржылық), рәсімдеу арқылы, әскери, қылмыстық жаза, қоғамдық жұмыстар.

        Сот билігі барлық деңгейлерде әкімшілікпен байланысты болды.

 

 

                      2. Қытай халық республикасының құрылуы және оның

                                               дамуының негізгі кезеңдері.

     Революция дейінгі Қытай мемлекеті жартылайфеодалдық, жартылай-отаршылық мемлекеті болды. Екінші  дүниежүзілік соғыстан кейін Қытай аумағында, азат етілген 160 миллион тұрғындары бар 19 аудан болды. Солтүстік-шығыс ауданын Совет армиясы Жапондық  жаулаушылардан азат еткен соң Манчжурия базасы ерекше роль атқарды. Бұл аумақта Қытай коммунистік партиясы үлкен мемлекеттерді басқару тәжірибесін игере білді. Қытай республиксаың дамуына СССР ерекше көңіл бөлді және әскери көмек көрстеу мен болды. Жапонияның милитаристік бұғаунда болған  Қытай 1945 жылы СССР екі айдың ішінде Жапон әскерлері  талқандалды. Ал одан соң  сол жылы 8 және 10 тамызда АҚШ Жапонияның қаласы Хиросима мен Нагасакиге атам бомбасын тастады. Бұдан соң жапония мүлдем дәрменсіз түрде тізе бүкті. Қытай: 1949 жылдың 1-ші қазанда, Қытай Халық Республикасы деп жария етілді. Оның құрылтай құжаты ретінде Қытай халықтық саяси кеңесінің пленарлық сессиясы болды.

                                               3. Гоминдан.

     Қытайдағы  коммунистік  партия ұйымымен қатар «демократиылфқ партия» деген саяси ұйым  19400 жылдар басында пайда болды. Сол кезед революциялық комитеті Қытай Гоминданы болды. Гоминдан дегеніміз-ол,  ұлттық тәуелсіздік үшін күрес жүргізуші саяси партияның  бір түрін айтады.

Гоминдан-ол,  Қытайдың  жұмысшы-шаруалардың демократиялық партиясы болды. Оның басшысы Чжунго  Чжигундан бодды. Бұл партия әділдікті орнату деп аталды, олар бұрынғы өз елінен кетіп қалып ,қайтып оралған қытай халықтарынан тұрды. Бірақ бұл партиялардың бәрі коммуңнистік партияның жетекшілік етуімен  мемлекеттік жұмысты атқарды.

 

Әдебиеттер:

Н/ә:4, 105-112;  5, 94-105.       Қ/ә: 8,145-149.

Информация о работе Мемлекет және құық тарихы