Мемлекет және құық тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 16:59, курс лекций

Краткое описание

Мемлекет пен құқықты бiр-бiрiнен айыруға болмайды. Олар объективтiк тұрғыдан тығыз байланыста бiрлесiп дамитын ғылым. Бiрақ олар бiр ғылымға жатқанмен, әрқайсысының нақты бағыттар болады.Мемлекет қоғамның саяси-экономикалық құрлысымен шұғылданады, құқық- нормативтiк актлер жүйесiн қалыптастырады.
Осы бiрлестiк пен дербестiк олардың мазмұнын, мақсатын, қызметiнiң әдiс-тәсiлдерiн, функцияларын жан-жақты зерттеуге, жаңартуға, дамытуға мүмкiншiлiктер бередi. Мемлекет пен құқықты тереңiрек зерттеп бiлуге жағдай туады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Lektsia_komplex_IGPZS_1.doc

— 616.50 Кб (Скачать документ)

     Мұрагерлік  құқық : Ортағасырлық Англияда мұрагерлік құқығы екі жолмен пайда болды:  заң бойынша мұрагерлікке ие болу және  өсиет бойынша мұрагерлікке ие болу. Заң бойынша мұраға ие болу майорат қағидасы бойынша бекітілді. Ол дегеніміз жер меншігін тек үлкен баласына беру болды, ал ол болмаған жағдайда жақын туғандардың арасындағы ең жасы үлкенге берілетін болды. Өсиет бойынша мұраға ие болу кейбір жерлерде шек қойылатын болды, ал, заңды мұрагерлерді мұралықтан шеттетуге тиым салынды.

     Қылмыстық құқық: Ортағасырлық Англияда қылмыстың түрі дәстүрлік қылмыстық құқық бойынша барлық қылмыстар үш топқа бөлінді:

-фелония-бұл қылымыс тобы сонау ХІІІ ғас. бастап келе жатқан қылымыс топтары кіреді, атап айтқанда: ауыр жағдайда адам өлтіру, кәдімгідей адам өлтіру, мүлікті ұрлау, тонау және басқа да жойқын әрекет жасау үшін түнде бөтен біреудің үйіне түсу, басқа да жағымсыз әрекет жасау. Фелония қылмысы бойынша өлім жазасына кесілетін болды және мүлкі тәркіленетін болды.

-опасыздық- бұл қылымыс  тобы сонау ХІҮ ғас. бастап келе жатқан ауыр қылымыс тобы болды. Корольдың қасындағы қызметшінің опсасыздық жасағаны үшін аса мемлекетік қылмыс жойқын опасыздық болды, мемлекеттің қаупсіздігіне қарсы әрекет жасау әскери немесе басқа бүлікшілікке шақыру,жаппай бассыздық жасауға ұйымдастыру үгіт-насихат  жүргізу, екі немесе одан да көп адамды ұйымдастырғаны үшін.

-мисдиминор- бұл ұғым бойынша бұрын шағын азаматтық құқық бұзушылық жасаған үшін жазаға тартылған жағдайдағы ұғымды айтады. Бұл қылмыстың тобына кейін келе алааяқтық, жалаған ақша жасау, жалған құжатты жасау, жалған мәліметті беру қылмыстары жататын болды. Мисдиминор қылымысн жасағаны үшін түмеге қамалатын болды немесе айыппұл салынды.

 

 

 

Әдебиеттер:

Н/ә:1,297-313; 2, 228-251.       Қ/ә: 6,278-285.

Бақылау сұрақтары:

1. Феодалдық Германияның мемлекеті қандай кезеңдерден тұрды?

2. Геранияда жоғарғы орталық  мемлекет органы қалай аталды?

3.Англия мемлекеті қандай кезеңдерден  тұрды?

4. Заттық құқықтың қандай түрлері  болды?   

5. Отбасы ққығының ерекшелігі  неден тұрды?                   

 

№ 7 ДӘРIС

Тақырып: Араб Халифатынынң мемлекеті мен құқығы

Сабақтың мақсаты: Араб Халифатынынң мемлекеті мен құқығы

Жоспар:

1.Ежелгі Араб мемлекеттері.

2.Мұхаммед-жалпы араб мемлекеттілігінің негізін қалаушы.

3.Отбасы құқығы. Мұрагерлік құқық, Қылмыстық құқық.

4.Жеке мұрагерлік жер иелік: Мүлік, Икта, Вакуф.

 

                            1. Ежелгі Араб мемлекеттері.

        Араб халиыатының мемлекетi және оның құқығының тарихын оқып үйрену маңызды. Мұсылман құқығының принциптерi бүгiнгi саяси өмiрде кнеңiнен қолданылады. Кейбiр кездерде ислам қағидалары догмаға да айналып кетуi де мүмкiн. Мұсылман құқығы өте кең тарағн және сақтайтын елдерге жататындар: Марокко, Тунис, Сирия, Мавритания, Иран, Пәкiстан, Ирак т.б.жатады.

        Қоғамдық өмiрде  жалғыз ғана реттушi заң ретiнде  шариғатты ұзақ мерзiмге орнықтыруға  бiрнеше себептер ықпал жасады. Шығыс елдерiндегi әлеуметтiк-экономикалық  жағдайларға көптеген ғасырлар бойы исламдiнi жетекшiлiк еттi және оның батыс дiндерден елеулi айырмашылығы болды. Феодализм дәуiрiнен берi қарай ислам дiнi мыңдаған жылдар бойы қоғамдық қозғалысқа мұрындақ болды.

        Айтарлықтай  маңызыд орын алатын жағдайдың  бiрi- мешiт ұзақ бойы дiни орын ретiнде қызмет еттi. Онымен қатар шариғаттың тiркеген әрқашанда адатпен байланыстырған жөн, халықтың күнделiктi тұтынатын ислам қағидалары дiни құқық болып қалыптасқан.

             Арабтар жаулап алу кезiндегi шариғат  шарттары құқық ретiнде Егшипет,Сирия, Мессопотамия, Кавказ бен Орта Азия елдерiнде қабылданған. Адат шариғаттың, шариғат адаттың сақталуына мүмкiндiк туғызып отырған Яғни бiр-бiрiне көмегi тиетiн болды деп айтуға болады.

         Ұзақ уақыт  бойы ақсүйектер мен дiни үкiметi бiр адамның (халифаттың,сұлтанның, әмiрдiң) қолында болып келдi.

         Араб халифатының  пайда болуы. УI-УII ғ.Аравиядағы  әлеуметтiк қатнастар Мұхаммед  нанымының қарсаңында өте күрделi жағдайда болды. Рулық қарым-қатынастарының  арасында (отбасы мүшелерiмен рулық байланыс,кек алу салты, жердi иелену) ру ақсақалдарының бөлiнiп шығу кезеңi жүрiп жатты.

          Орта  ғасырлардағы  шығыс үшiн Араб  халифатында пайда болып, ең  қолайлы бағытта дамыған құқытық  жүй Мұсылман құқығы-“Шариғат”  болып табылды. Шариғат жолы Орта Азияда, Закавказьеде, Шығыста, Батыс және Солтүстiк Африкада, Оңтүстiк және Оңтүстiк-шығыс Азияда қолданылы бастады. Яғни халифат жеткен жерге дейiнгi аралықты қамтыды.

          Мұсылман  құқығы дiн ретiнде феодалдық  қатынастардың дамуына және нығайуына мүмкiндiк туғызды.

          Мұсылман  құқығының әдебиеттегi бағасы әртүрлi сипатта, кейде тiптi қарама-қарсы  мағынада қолданды. Француз ғалымы  Давид Ренге мұсылман құқығың  дүниежүзiлiк құқық жүйесiнде алатын  орнын анықтап бердi. Давид Рене  мыналарды бөлiп көрсеттi: романдық-гераманиялық құқытың отбасы, ортақ немесе роман- германиялық отбасы, социалистiк құқытық отбасы жүйесi, дiни жүйелерi. Дiни жүйелер кезеңiнде үшке бөлiнедi: мүсылмандық, иудаизм және индуизм.

          Мұсылмандық  құқығы мен мемлекеттiң арақатынасының өзiндiк ерекшелiгi бар. Шариғаттың барлық нормалары құран мен суннадан шығады. Олардың құдайдың құдiретiнен тыс болуы және принциптi түрде қоолданылуы мүмкiн емес. Алайда, мемлекет дiн сенiмiнiң негiзi және дiни мiндеттердiң орындалуы, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа нормалар енгiзедi.

              Мұсылман мемлекеттерiнiң заң  шығаратын формальды түпнұсқалары  халифатың алғашқы қалыптасу  кезеңдерiнде ғана қолданды. (УII-УIIғ). Мұсылман құқығының ерекшелiгi-оның  доктриналығы, құқықтанушы беделдi оқымыстылардың еңбектерiнен тұрды. Санкцияландырылған норма арқылы мемлекет өзiнiң рөлiн жанамалай ғана орындап отырған. Бұл әрекет мұсылмандар құқығығның доктриналығымен және өнегелiгiмен тұжырымдалған. Мұсылман құқығында көпшiлiк және жеке құқық нормалары әрқашан тәуелсiз болып келедi. Өзiнiғң еңбегiнде Р.Шарль мынаный айтты: “Мұсылман ойының бағыты- ол қатаң тәртiп пен нақтылық жағдайында ешқашан тәуелдi болмау”,деген.

            Мұсылман құқығы –дiн мен құқытың  сабақтасуының жарқын көрнiсi. Мұсылман құқцығы ғылымның жеке ғана саласы емес, ол  ислам iлiмiнiң бiр ғана жағы. Бұл дiн мынадан тұрады: теологиялық догмалар жиынтығы,мiне,мұсылмандар осы ұғымға сенуi керек: шариғат-адамгершiлiк жолы. Мұсылманқұқығына жалпы сипаттама бере тұра оның шығу көзерiн дей айта кету қажет болады. Сонымен мұсылман құқығынаың шығу көзерi неден тұрады?

             2. Мұхаммед-жалпы араб мемлекеттілігінің негізін қалаушы.

     Жерорта теңізі аумағындағы мемлекеттердің  ішіндегі ең дамыған және қуатты мемлекет ол Араб халифаты болды,пал оның негізін қалаушы Мұхаммед Пайғамбардың атымен тікелей байланысты екені әлемге мәлім. Мұхамммедтің шщығу тегі ол Мекке қаласында дүниеге келді (570-632 ж). Мұхаммедтің еңбек етуі ол көпестік қызметті және керуен басшылық қызметін атқарды. Мұхамммед 40-жасында құдай Алламен кездескен соң діни  уағызын жедел жүргізді және ол өз сөзінде: «Алла бар» одан басқа құдай жоқ» , «ал Мұхаммед оның елшісі» деп әлемге жар салды. Мұхаммед 640 жылы өзінің төңірегіне көптеген хылқтардан қолдау тапқан соң Меккеге оралды. Міне осыдан бастап ислам діні деген дүниеге келді. Ал ислам дініннің көптеген  оқулық құжаттары шыға бастады. Ол туралы мына төменде көрсетлген қасиетті кітаптарды айтуға болады, атап айтқанда:

1).Құран- ислам дiнiнiң бас кiтабы.

2).Сунна- құдайға байланысты  дәстүрлер.

3).Иджмак- мұсылман қоғамының бiртұтас  келiсiмi.

4).Қияс- аналогиялық пiкiрлер.

          Құран  – Алланың соңғы Пайғамбары  Мұхаммедке жiберген қасиеттi  кiтабы. Бiрақ ол құқы кiтабы  немесе кодекс емес.

          Сунна-Пайғамбардың тұрмыс- тiршiлiгi жөнiнде дiни нанымдағыларды қалай басқару керектiгi туралы әңгiмелейдi. Мұсылмандық дәстүр, адаттың жиынтығы. Бұл Мұхаммедтiң қағидаларының бiр тармағы. Бұл салттардың жинағы мұсылман құқығының теориясы болып есептеледi.

         Иджма-докторлардың  өзара келiсiмiнен құралған. Құран да, сунна да барлық сұраққа толық жауап бере алмайды. Ижджма Еуропа салтына жатпайды.

           3. Отбасы құқығы. Мұрагерлік құқық, Қылмыстық құқық.

     Отбасы құқығы: Неке  мәселесі  жөнінде шариғат талабы бойынша –ол, әр мұсылманның діни міндеттілігі болып есептелді. Некеге тұру үшін міндетті түрде екі жақтың келісімі болуы керек сонымен қатар қалыңдықтың да. Қалыңдық үшін некеге тұру келісімін беруге  ата-аналары құқылы болды, сол себептен неке –ол, кезде сауда секілді жасалатын мәміле ретнде болды. Құран ережесі бойынша мұсылман  еркегіне бірден төрт әйелге ие болуға  рұқсат беріледі. Күйеуі әрбір әйеліне мүлікпен, баспанамен, киім-кешекпен өзінің әлеуметтік деңгейіне сай қажеттермен қамтамасыз етуге міндетті болады. Әйел ешқандай  мүліктік айналымдар істеріне араласпады, өз бетінше ешқандай мәміле жасамады, ол тек үй шаруашылығымен және бала тәрбиелеу мәселесімен айналысатын болды. Некен бұзу, ажырасу-ол бірнеше түрден тұрды. Күйеу әйелімен натық себептер бойынша немесе ешқандай себепсіз ажырасуға құқылы болды. Әйел,  сот арқылы нақы орнатылған  қатаң негіздер бойынша ажырасуды талап етуге құқылы болды.

Мұрагерлік құқық: Мұрагерлік құқығында заң бойынша және өсиет бойынша ие болуға құқылы болды.

Заң бойынша мұрагерлікке ие болу кезінде мынадай тәртіп болды: Қайтыс болған адамның оны жерлеуге және басқа да рәсімдеуге шығарылған  шығыстарды төлеу және оның бұрынғы қарыздарын төлеу кере болды. Содан соң қалған мүліктер оның заң бойынша мұрегеріне өтетін болды. Мүлікті бөлу тәртібі былай болды: ең алдымен бірінші ширет бойынша өлген адамның балалары, одан кейін оның інілері, ағалары т.б. Әйелге деген мұрагерлік мүліктің мөлшері еркетен көрі екі есе аз болды. Мұрагелік құқыққа ие болуға мына адмдардың құқытары болмады:

-діннен безгендер; ажырсқан ерлі-зайыптылар; мұраберушіні өлтірген адам немесе өлуіне себеп болған адамдар.

Өсиет бойынша мұрагерлікке ие болудың мынадй ерекше сипаттары болды:

-өсиет, заң бойынша мұрагерлікке  ие болушының пайдасына жасалуы мүмкін

  емес болды;

-өсиет, өсиет қалдырушының жалпы мүлкінің үш бөлігінен аспауы керек

 болды;

-өсиетті  жазар кезінде екі  куәгердің қатысуы міндетті болды.

     Қылмыстық құқық: Мұсылман құқығы бойынша барлық  қылмыстың түрлері үш топқа   жіктелді. Олар мына топтан тұрды:

1-топқа:  Діни негізіне және мемлекетке қарсы бағытталған қылмыстар, оған кіретіндер: біріншіден -ислам дінінен бас тарқандар; бүлікшілік жасағандар, мемлекет билігіне қарсылық  көрсеткендер, ұрлық жасағандар, алкогольдік ішімдіктерін ішкендер, зайыб сенімін бұзғаныдар (ашыналық жасағандар). Осы аталған қылмыс тобы ешқандай құрметтеуге жол берілмеді және бұл қылмыстарды жасағандарға өлім жазасы жиы-жиы қолданылды.

2-топқа: Кейбір жеке тұлғаға қарсы жасалған қылмыстар: Бұл қылмыстарға көбінесе және ненгізінде қанды кек алу, кек алу қағидаты бойынша бағытталған болды. Осы үшін жауапты болды.

3-топқа: Қатаң түрде жазаны талап ету шарты орнатылмаған, құқық бұзушылық фактілері.

      Жазаның қай түрін салу (қолдану), оны тек сот айқындады.

Жазаның мынадай түрлері болды:

-өлім жазасына кесу- (әр түрлі   әлдіс-тәсілдері бойынша);

-денемүшесіне зақым келтіру  және денеге жарақат сау жазасы;

-бас бостандығынан айыру (түрмеге  қамау, үйде тұтқында болу; мешітке 

  отырғызу);

-мүліктік санкциясы (тәркілеу, айыппұл);

-жер аудару және т.б.

Соттық іс жүргізу мақсаты тек айыптау сипатында ғана болды. Сот мына қағидадан тұрды: сот мәжілісі  үзілмеді; сот шешімін тек судя даралық негізде шешім қабылдады; сот отырысы қылмыстық және азаматтық  түріне бөлінбеді.

Қылмыстық істі тек тиісті тұлғаладың талабы бойынша қозғалды, мелмекеттік  оргадар  өздері қозғамады.

Негізгі дәлел ретінде: тараптадың  мойындауы, куәларадың беген жауабы, ант

беру.

 

             4. Жеке мұрагерлік жер иелік: Мүлік, Икта, Вакуф.

     Жеке мұрагерлік жер иелігі  дегеніміз-ол, заңды түрде ие болған мұрагерге қайтыс болған адамның жер аумағы және сол жер аумакғында орналасқан басқа да жылжымалы және жылжымайтын мүліктер өтетін болды. Мүлік-ол, жеке немесе мемлекет  органдарында орнакласқан жылымалы және жылжымайтын мүлікті айтады. Мүлік екі түрде бөлінеді:

1.Жылжымайтын мүліктер:

-құрлыс қондырғылары;

-үйлер, ғимараттар, сарайлар т.б.;

-жерлер, жер аумағы;

-су, орман, қорықтар, таулар.

2-Жылжымалы мүліктер:

-малдар;

-техникалық жабдықтар;

-арба, соқа, тырма, құрал-сайимандар;

-ұй заттары, жиhаздар, киім-кешектер, бағалы тағымдар.

Икта- дегеніміз-ол, соғыс кезінде жаулап алған, басып алған жерлерді немесе жер аумақтарының  бөлігін мемлекеттік қызмет органдарына және әскер құрамына берілетін жер бөлігін айтады. Мысалы, фашистік Германия 1945 жылы тізе бүгуіне байланысты біздің елге  келтірілген зардаптың орнын толтыру үшін «Кингсберг» (қазіргі Калининград) қаласын берді.

Вакуф (вәкф)- дегеніміз- ол, мұсылман қауымында, қайырымдылық жасаушы адам, өзінің жылжымалы мүлкін қайырымдылық көмек ретінде мешітке, мұсылман мектебіне, медіресіге, жетім балалар үйіне тарту ретінде берілген сый-сыйапатты айтады. Вакуфты сыйға берген адм оны басқару құқығын өзінеде сақтауға қалдырды. Вакуфтың пайдасы сол- өйткені ол мемлекеттік салықтан босатылатын болды. Вакуфтың бір бөлігін  мүлік иесі өзіне сақтайтын болды, оны кейіненен өзінің туған- туысқанына беруге құқылы болды.

Информация о работе Мемлекет және құық тарихы