Мемлекет және құық тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 16:59, курс лекций

Краткое описание

Мемлекет пен құқықты бiр-бiрiнен айыруға болмайды. Олар объективтiк тұрғыдан тығыз байланыста бiрлесiп дамитын ғылым. Бiрақ олар бiр ғылымға жатқанмен, әрқайсысының нақты бағыттар болады.Мемлекет қоғамның саяси-экономикалық құрлысымен шұғылданады, құқық- нормативтiк актлер жүйесiн қалыптастырады.
Осы бiрлестiк пен дербестiк олардың мазмұнын, мақсатын, қызметiнiң әдiс-тәсiлдерiн, функцияларын жан-жақты зерттеуге, жаңартуға, дамытуға мүмкiншiлiктер бередi. Мемлекет пен құқықты тереңiрек зерттеп бiлуге жағдай туады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Lektsia_komplex_IGPZS_1.doc

— 616.50 Кб (Скачать документ)

   Мемлекет және құқық теориясы  заң ғылымының барлық саласынынң объективтiк даму заңдылықтарын, бiр- бiрiмен байланысын зерттеп, жалпылама тұжырымдар жасап отырады. Бұл тұжырымдарды салалық ғылымдар пайдаланып отырады. Ал жалпы теория салалық ғылымдардың жетiстiктерiн пайдаланып, жалпы заң ғылымының негiзiн дамытып отырады.

   Сонымен,жалпы құқық тарихы  барлық заң ғылымының слаларының  негiзiн қалаушы, құрушы, дамытушы  жетекшi ғылым болып табылады.

   Қоғамдағы адам қоғамынынң  дамуы нәтижесiнде ғылыми процестiң  өзгеруi ол үнемi жаңалықтардың келiп  түсуi нәтижесiнде пайда болады.

     Қазiргi заманда елiмiз  нарықты экономикаға көшiп жатқанда  Қазақстан мемлекетi заң ғылымынынң  бағыты да, функциясы да күрт  өзгерiп отырады.

     Оның себебi бiздiң  мемлекетiмiз бұрынғы жоспарлау  экономикасынан, нарықтық экономикаға көшiп отырғанымыз бәрiмiзге мәлiм.Ал нарықтық экономика дегенiмiз-ол дүниежүзiлiк экономикамен тығыз байланысты болады. Сондықтан да болар әрбiр мемлекет өз тауарларын, бұйымдарын жоғарғы сапалы түрде жасап шығару оның саұранысы мол болуы ең басты мәселе болып табылады.

  Адам қоғамынынң тарихын,  даму процесiн, мазмұнын, болашағын  зерттейтiн пәндердi қоғамдық  ғылым деп атайды. Олар қоғамды   жан- жақты ғылыми  зерттеу  тұрғысынан зор үлес қосады.

  Осы айтылған мән-жайдың iшiнде  мемлекет және жалпы құқық тарих пәнi  кеңiрек көңiл болады.

   Әр ғылым табиғаттың және  қоғамның объективтiк даму процесiн  өз тұрғысынан зерттеп, ғылыми  тұжырымдар жасап отырады. Мысалы  мемлекет пен құқық қоғамдық  барлық қарым-қатынастарды реттеп, басқарып, заңдылықты, тәртiптi жақсартып, демократияны дамытып, қоғамның сапалы саяси- экономикалық, мәдени- әлеуметтiк дамуын қамтамасыз етедi.

   Қоғамдық ғылымдардың, оның iшiнде заң ғылымының адамзаттың  бiрлестiгiн дағдарысқа ұшыратпай,  прогрестiк жолмен дамытуда үлесi мол және баға жетпейтiн маңызды күш деуге болады.

 

Әдебиеттер: 

Н/ә:1,211-215; 2, 114-116.    Қ/ә: 6,214-218. 

Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекет неліктен пайда болдды?

2. Құқық неліктен пайда болды?

3. Мемлекет пен құқытың арасындағы  байланыс неден тұрады?

4.Мемлекеттің пайда болу дәуірі неше кезеңдерден тұрады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 2 ДӘРIС

Тақырып: Ежелгі Мысырдың мемлекеті мен құқығы.

                    Шумер-Вавилондық өркениеттің мемлекеті мен құқығы

Сабақтың мақсаты: Ежелгі Мысырдың мемлекеті мен құқығы.

                               Шумер-Вавилондық өркениеттің мемлекеті мен құқығы

                                туралы оқып танысу.

Жоспар:

1.Мемлекеттіліктің пайда болуы.

2.Мемлекеттің жоғарғы органдары: фараон, уәзір,орталық мекемелер.

3.Мессопатамия мемлекетінің пайда болуы.

4.Құқық қайнарлары.

5.Хаммурапи заңдары.

 

                                  1. Мемлекеттіліктің пайда болуы.

     Б.э.д.Ү-ші мыңдық жылдар  шамасында, рулық қауымның бытырауы  нәтижесiнде,бай, шонжаралардың   өзгелерден бөлiнуi, көсемдер мен  құл иеленушiлiктiң пайда болуы нәтижесiнде Египетте мемлекеттi құрлыс пайда бола бастады. Сол кезеңдегi ежелгi Египетте адамдар қоғамы бiрнеше “номдар”қоғамы пайда болды. Кейiннен осы айтылған “номдар” 1У мыңжылдықта бiрiгiп ең  басында екi патшалықтан тұрыды , оны Жоғарғы және Төменгi Египет деп атады. Кейiн бiраз уақыт өткен соң, яғни 1У мыңжылдықтың соңында бiр орталық мемлекет болып құрылды. Бүған негiзгi себеп болушы қоғамның таптарға бөлiнуi себеп болды.

        Осы жоғарыда  айтылған екi патшалық мемлекет: Жоғарғы және Төменгi мемлекеттiң пайда болу. Сол кездегi Ерте патшалық кезеңi деп аталды,яғни: ХХХ-ХХУ111 б.э.д ғасырларында фараон Нармер (Менестiң) күң көрсетiп зорлығымен осы екi патшалық бiрiктiрiлдi. Бұл туралы ертедегi сазға,тасқа жасалған суреттерде көрсетiлген.

        Египеттiң  гографиалық орнын алатын болсақ  ол Нiл өзенiнiң үш бұрышында  орналасқан. Тақтайшадағы сурет  Жоғарғы Египеттiң патшасы Төменгi Египет патшасының басын шауып  алып келе жатқаны көрсетiлген.

        Бұл дегенiмiз  фараон Нармердiң өзiнiң нөекрлерiмен жеңiмпаз ретiнде көрсетiледi.

         Ендiгi мәселе  ежелгi Египет мемлекетiнiң кезеңдерi туралы айту керек.

1 кезең: Ерте патшалық кезеңi: ол б.э.д 3110-2800 ж.,яғни Жоғарғы және Төменгi Египеттiң бiрiшуiнен кейiн пайда болды. Бұл дегенiмiз яғни ерекше сипаттылығы-ол бiр мемлекеттiк болып шоғырлануы, қалыптасукы болды.

2 кезең: Ежелгi және Ескiлiктi патшалық ол : б.э.д.2800-2550 ж. Бұл кезеңнiң ерекшелiгi орталықтандырылған Египет пайда болды. Осы кезеңде пирамиданы салу құрлыстары басталды.

       Жалпы мемлекеттiк  пайда болудың негiзгi екi кезеңi  болды.

       Ендiгi өткелi кезеңдер туралы айту қажет болады.

        Өткелi кезеңдер мына кезеңдерден тұрды:

1-өткелi кезең ( б.э.д. шамамен  2160-2134 ж.) болды. Бұл кезеңде Египет  бiрнеше номдар мен кiшiгiрiм мемлекеттерге бөлiнiп, бiр-бiрiне жаушылық жасады. Осы жаугершiлiктiң нәтижесiнде Фивының басшылары жеңiске жетiп бiрiккен Египет Фивының қол астынада бағынышты болады.

2-жәй кезең ретiнде Орта патшалығы  ( б.э.д.шамамен 2050-1700 ж) кезiiнде Египетте  Фивының қол- астымен халықтың одан әрi  ынтымақтастығы нығая түседi.

3-өткелi кезеңi (б.э.д.1700-1530 ж.). Мемлекет  бiрлiгi бөлшектенiп, бытыраңқылыққа  ұшырайды.Яғни кiшiгiрiм мемлекеттерге  бөлiнiп кетедi, ал жер аумақтарын гиксов тайпалары жаулап алады.

4-кезеңде-Жаңа патшалық кезеңi  деп аталады- ол ( б.э.д.2575-1087 ж). Бұл  кезеңде Египет аумағында   халықтардың бiрiгу ынтымақтастығы  қайта  өрлеп, Египет билiгiн  ХУ111 фараондар (перғауындар) ұрпақтары  билiк жүргiзетiн болады.(Жалпы  фараондардың ұрпағы отыздан тұрды).                                                                                                                                  

      Осы фараон (перғауындар)  ұрпағының мемлекеттiк басшылық  жасау нәтижесiнде Египет  iрi  империяға айналады.

       Ежелгi Египет мамлекетi осындай кезеңдерден тұратын болды.                        

1.Ежелгi Египет мемлекетi бұрынғы  өте ертеде пайда болған мемлекеттiң  бiрi болып табылады.

2.Ежелгi Египет мемлекетiнiң кезеңдерiнде  – мемлекеттiң қандай күйде болғанын және қалай қалпына келгенi туралы айтылады.

 

             2. Мемлекеттің жоғарғы органдары: фараон, уәзір,

                                          орталық мекемелер.

     Ежелгі Мысыр (Египет) мемлекеттік билігі бұрыншы шығыс мемлекет билігінің деспотиясына ұқсастығы болды. Мемлекеттік билікті жүргізушы орталықтандырылған төрешілідік аппартары болды. Бұл аппарттарға Фараон (Перғауын) билік жүргізу кезінде осы аппаратқа сүйнетін болды. Фараон-ол, «Күн құдайының баласы» деген айдар берілді. Сол  дәуірлерде Фараондардың құрметіне  пирамидалар салына бастады. Фараонның тағы түкптілікті  орнығуына-ол, әскери күшке жіне абыздар басшыларынынң мүддесін қорғау нәтижесіне байланысты болды. Фараоннның  бірінші көмекшісі Джати болды. Ол қаланың абызы  және патша сарайының басшысы болды. Ежелгі Мысырда- фараондардың ХҮІІІ әулетінде «азан тыңдаушылары» деген ерекше адамдар тобы болды. Осы аталған адамдар мемлекеттік билікті жүргізу үшін бақылау және қадағалай міндеттерін атқаратын болды.

     Ежелгі Египетте (Мысырда) тұрақты армия болмады. Аримя құрамы ерікті қараппайы  адамдардан тұрды. Мамандалған  офицерлер болмады. Әскери басшылық міндетін фараон өзі немесе соның  тағайындаумен жіберілген адам атқарды. Полиция қызметін армия жауынгерлері атқарды. Жаңа патша кезеңінде арнайы полиция отрядтары пайда болды. Олар астананы, каналдарды, азық қоймасын, храмдарды күзетті. Мемлекеттік орган ретінде «Ақ үйлердің» қызметшілері  болды. Олар азық түлікті сақтау және оны қайта қалпына келтіру және  ауыл шаруашылық тағамдарын үйлестіру мәселесімен айналысты. Сонымен қатар келесі мемлекет органы ретінде «Патша байлығы» деген орган ол салық жинау мәселесімен айналысатын  орган болды. Сот органдарында Ежелгі дәуірде әкімшіліктен бөлінбеді. Сот органы өзін-өзі басқару арқылы қауымдық ұйымнан құрылды. Сот ол кездерде жер және су мәселесі жөніндегі дау-жанжаолды реттейтін болды. Патшалық сотты Фараон өзі басшылық жасап жүргізді.

 

             3. Месопотамия мемлекетінің пайда болуы.

     Ежелгі Месопотамия мемлекеттеріне Ежелгі Шумер және Ежелгі Вавилонды айтуға болады. Азия аумағынынң қосөзен аралығында б.э.д. ІІІ мың жылдықтың басында Тигр мен Евфрат өзен аралығында алғашқы мемлекеттер пайда бола бастады. Қоғамдық және мемлекеттік құрлыс жағынан осы аталған қала-мемлекеттер рулық-туысқандық ұйымдарын  көпке дейін сақтап келді. Шумер мемлекеті деп аталуы ол сол кезедгі шумер халқының аталуына байланысты болды. Сол кездегі барлық аумақатарды шумердің солтүстіктегі тұргындары аккадалықтар басып алып Шумер-Аккадалық  патшалығын құрды.

     Б.э.д.2000 жылдық шамасында аралығында көшпенді-аморей тайпалары Қосөзен басып алып Шумер-Аккадалық   жеңіп сол жерге қоныстанды. Осы көшпенділердің бекеттік тұрағы ретінде Вавилон болды. Вавилонның  нығайуына оның географиялық жағынан аса қолайлы болды, оны дамуына Хаммурапи б.э.д.(1792--1750) патшаның тұсында да  жақасы жағдай болды. Сол кезеңдегі Қосөзен аумағының біраз жерін алып жатқан Вавилон үлкен патшалықтың астанасы болды. Хаммурапи патша өлген соң Ескі-Вавилон патшалығы (Вавилония) көршілес шапқыншылықтарға тап болып, ең ақыры б.э.д. 1595 жылы хеттар мен касситер шапынынан күл-талқан болып жойылды.

  

                                       4. Құқық қайнарлары.

     Ежелгі Вавилон құқығының қайнар көзі-ол, Хаммурапи патшалық билдігінің нәтижесінде пайда болды.(М.Н.Прудников.,23б). Хаммурапи патшаның заңдары базальттық қара тас бағанға ойылып жазылған. Онда патшаның бейнесі көрестілген, құдай «Шамаштың» алдына патша иіліп тағызым етіп тұрғаны көрсетілген. Құдай Шамаш патшаға заң жинағын ұстатып тұр. Бұл заң жинағы құдай заңы деп аталды. Хаммурапи патшаның заңдар парағы үш бөлімнен тұрды: Бірінші бөлімде: кіріспеден тұрады. Ал одан соң заңның баптары, ал соңыгда қортындыдан тұрады. Жалпы заң жинағының құрамы 282- баптан тұрады. Осы заң жинағының (кодекстің) тарихи шығу көзі: шумерлік соттық жинағы, ескілікті дәстүрлік құқықтар, жаңа заңнамалар болды.

 

                                         5. Хаммурапи заңдары.

     Хаппурапи заң  жинағының басталуы әдеттегідей «егерде» деген сөзден басталатын болып ал кейіннен оның нақты істеген ісі, қылықы айтылып соңында қаортыныды ретінде нақты жаза айтылатын болды.

     Хаммурапи патшаны  тұсында жерге деген  меншіктің  ең жоғарғы деңгейлік мәртебесіне  дейін дамыды. Сол себептен Вавилонда жерге деген меншік иелігі мына түрлерге бөлінді: Патшалық;  Храмдық;  Қауымдық;  Жекелік.

Патшалық пен храмдық шаруашылықтарды  патша өзі басқаратын болды. Жеке меншік мүліктерінінң дамуы нәтижесінде  қауымдық жерлер аумағы  кішірейе бастады. Сол себептен қауымдастар жерді сатуға және жалға беруге еркіндік берілді. Ірі жер иелері  өз жерелерін өңдегуге құлдарды ұстады. Әскери қызметтегі жауынгерлеге Патшадан жер  бөлігі берілді. Оның себебі әскери қызметті атқару үшін. 

     Хаммурапи заңнамаларындағы шарттары:

-жалгерлік; мүліктік жалдау;  жекелік жалдау;  қарызға алу;  сатып алу-сату;

-сақтау;  серіктестік; айырбастау; тапсырыс.

    Некелік мәселесі:

Некеге тұру рәсімі-ол, болашақтағы қалыңдықтың әкесі мен күйеу жігіттің арасында жазбаша түрде қол  қою арқылы, тек бекітілген келісім  негізінде ғана жүзеге асырылатын болды. Жанұя иесі күйеу болды. Күйеугек шыққан әйел кейбір құқықтарға ие болды: өз заттарына ие болуға, берілген жасауға ие болуға оны сақтауға, ажырасуға, күйеуінен кейін балаларымен бірге күйеуінің мүлкіне мұрагерлік етуге. Жанұяда әкелік билік кең болды:  ол баласын сатуға, жалға беруге  және өзінің қарызы үшін  кепілдікке беруге құқылы болды. Егер бала теріс зұлымдық қылық жасағаны үшін тілін кесуге  құқылы болды.

    Мұрагерлік мәселесі:

Мұрагерлік  құқықта  өсиет бойынша мұраға ие болды заң танытын болды.

Заң бойынша мұрагерлік құқыққа  ие болу мына тәртіп бойынша жүзеге асырылды. Мұрагер  ретінде мыналар бола алды:

-балалар; асырап алған балалар  (Хаммурапи патша –баланы асырап  алуға рұқсат берген); немерелері;  күңкеден туған балалар, егер әкесі өзінің баласы деп таныған болса. Егер баласы қылымыс жасамаған болса, онда әкесі өз баласын мұрагерліктен айыруға құқығы болмады.

     Хаммурапи патшаның заң жинағында қылмыстың  үш түрі көрсетлген:

1. Жеке тұлғаға қарсы қылмыс;

2. Мүліктік қылмыс;

3. Жанұяға қарсы қылмыс.

     Жазаның түрлері:

Жазаның мақсаты-ол, кек алу, сазайын  тарттыру деп аталды. Сол себептен  жаза мына түрге бөлінді.

Жазаның негізгі түрлері мынадан  тұрды:

-өлім жазасына кесу-ол, әр түрлі тәсілден тұрды: отқа жағу;  суға батыру; найза ұшына отырғызу;

-денеге жарақат салу жазасы-  қолын шауып тастау; саусағын, тілін  кесіп тастау;

-айыппұлш салу; тұратын  жерден  кетіру (елден қуу).

Солнымен қатар «Талион қағидасы» болды. Бұл жаза салудың ең қатаң қағидасы болды. Қандай теріс қылық жасаса сол қылықты  соған жасау. Егер ол адам  өлтірсе оны да өлтіру керек болды. Осы аталған қағидаға ұқсас біздің қазақ елінде де  болды, атап айтқанда: «қанға қан, жанға жан»; шешен халқында «қанды кек» ұқрпақтан ұрпаққа  жеткізу.

 

Әдебиеттер: 

Н/ә:1,211-215; 2, 114-116.                           Қ/ә: 6,214-218. 

Бақылау сұрақтары:

1.Месопотамия  мемлекетіне қандай  патшалықтар кірді?

Информация о работе Мемлекет және құық тарихы