Мемлекет және құық тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 16:59, курс лекций

Краткое описание

Мемлекет пен құқықты бiр-бiрiнен айыруға болмайды. Олар объективтiк тұрғыдан тығыз байланыста бiрлесiп дамитын ғылым. Бiрақ олар бiр ғылымға жатқанмен, әрқайсысының нақты бағыттар болады.Мемлекет қоғамның саяси-экономикалық құрлысымен шұғылданады, құқық- нормативтiк актлер жүйесiн қалыптастырады.
Осы бiрлестiк пен дербестiк олардың мазмұнын, мақсатын, қызметiнiң әдiс-тәсiлдерiн, функцияларын жан-жақты зерттеуге, жаңартуға, дамытуға мүмкiншiлiктер бередi. Мемлекет пен құқықты тереңiрек зерттеп бiлуге жағдай туады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Lektsia_komplex_IGPZS_1.doc

— 616.50 Кб (Скачать документ)

2.Вавилон патшалығы қай патшаның  кезінде нығайды?

3. Хаммурапи патшаның заң жинағы  неден тұрды?

4. Талион қағидасы дегеніміз  не?

 

 

 

№ 3 ДӘРIС

Тақырып: Ежелгі Үндістан мемлекеті мен құқығы. Ежелгі

                    Қытайдың мемлекті мен құқығы

Сабақтың мақсаты: Ежелгі Үндістан мемлекеті мен құқығы. Ежелгі

                                     Қытайдың мемлекті мен құқығымен оқып танысу.

Жоспар:

1.Мемлекеттің пайда болуы.

2.Варно-касталық бөлім.

3.Ману заңдары.

4.Қытай Мемлекеттің пайда болуы.

5.Құқық қайнары.

 

                         1. Мемлекеттің пайда болуы.

    Бұдан шамамен төрт мың жылдар бұрын Ежелгі дүниедегі өмірдің пайда болуының біріне -ол, алыстағы Үнді шалғайы болды. Осы аталған аумақтың саяси бірлесікке байланысты бұдан б.э.д.үш мың жыл бұрын Хараппа және Моженджо-Даро деген ірі қалалар астанасы болды. Бұл қалалар өндіріс, өнеркәсіп орталығы болды. Б.э.д. екімың жылықта рулық қауымының ыдырау нәтижесінде тұрғында бытаруға шалдықты. Хараптқ  даму өмірі үнді-арий таймларының келуімен аяқталды.

         Б.э.д.бiрiншi мыңжылдықта Ежелгi Үндiстанда  бiр- бiрiмен бәсекелес көптеген тайпалар мен мелекеттер тiршiлiк еттi. Ал б.э.д.3 ғ. Үндi патшалықтары түгелге жуық Ашок  өкiметiнiң қоластына бiрiктi. Гималай тауы мен мұхиттың арасында Үндiстан мемлекетi орналасты. Үндiстан азияныңоңтүстiгiнде орналасты. Ол батыс жағынан да, шығыс жағынан да, оңтүстiгiнен де Үндi мұхитына ұласады.Солтүстiк шекарасы- дүниенiң шоқтығы саналатын Гималай таулары болды.

    Жылдың көп уақыты  Үндiстанда ауа райы өте ыстық  болып тұрады. Гималай таулары  солтүстiктен соққан суық желдi өткiзбейдi. Жел оңтүстiктен соғып, мұхиттан жаңбырлы бұлттарды айдап әкелгенде оларға тосқауыл болып, ұстап қалады. Сондықтан жылдың екi айында, шiлде мен тамызда, Үндiстанда жаңбыр шелектеп құйып тұрады. Өзендер арнасынан асып, тасып жатады.Ал жылдың басқа айларында жаңбыр сирек жауады.Үндiстанның iрi өзендерi жоқ, жерi қуаң болып келетiн аймақтары да бар.

    Үндiстанның ең суы  мол, арналы өзендерi-Үндi мен  Ганг. Олар Гиммалай тауларынан бастау алды. Осы өзендердiң бойын ежелгi кезден-ақ үндiлер жайлаған.Олар өзендердi табиғаттың өмiр беретiн сыйы деп ұғынды.

     Үндiлердiң ұғымында, аң- құстар мен жәндiктер адам сияқты ойлайды, сезедi, өз-ара тiлдеседi деп ұғынды. Бiреу өле қалса, шын мәнiнде ол өмiр сүруiн тоқтатпайды.Басқа бiр тiрi ағзаға айналып, сыртқы бейнесiн ғана өзгертедi. Адам өлгеннен кейiн жануар болып қайта туады. Ал жануарлар жарық дүниеге адам болып келедi.

                         2. Варно-касталық бөлім.

        Кастыға бөлу дегенiмiз-ол ежелгi дәуiрден келе жатқан адамдар табын әр тапқа бөлу болып табылады, осы кастыға бөлу әлi күнге дейiн сақталып келедi.

Кастыға бөліндің нтижесінде халқытың қоғамда алатын орындарының әлеуметтік  деңгейлері анықталды. Кастылер варнадан тұрды. Варна құрамы мына топтарға бөлінді:

-брахмандарға-(діни уағыздаушы тұлғалар, абыздар);

-кшатрилер- (әскери-жауынгер, билеушілер);

-вайшилер- (жеригерушілер,диханшылар, кәсіпкерлер);

-шудралар- (жалшылар) бірақ құлға жатпайды.

Варна деген сөз-ол, (цвет) боя түрі, яғни адам терісінің түрі-түсі жөніндегі мағынаны білдіреді. Арий тайпалары- аққұба, сары шашты болды, ал үнді тайпалар-қара тектес,қара шаты  нәсілді болды.

Ману заңы бойынша, брахмандар, кшатрилер, және вайшилер екірет туғандарға жатады, ал шудралар-ол, тек біррет туғандарға жатады деген.

Некеге тұру тек бір варна деңгейінде туған бала,ол нағыз таза некедекн болып есептелді. Ал әр варнадан болса ол таза неке болмайды деген.

                                               3. Ману заңдары.

     Ману заңы (Манусмрити- Ману деп есте қалған, Манавадхармашастра- драмаға Манудың орнатуы). Ману заңы- ол, діни-моральдық  жағынан қалыптасқан жинағынан тұрады және ол өлең сөздің айтуымен сол кездегі атақты данышпан  жартылай құдай деп атлаған Манудың еңбегімен жасалды.(В.Г.Графский.М-2003,97). Маныу заңының құрамы мен мазмұны жирма тараудан  және 2685-баптан тұрады. Баптар ҮІІІ және ІХ тарауларда көрсетлген. Қалған тараулары касталық және варналық бөлу тәртіптері туралы айтылған.

Мнау заңы бойынша меншіктік құқықтың пайда болу әдістері мынадан тұрды:

-мұрагерлік; сыйға тарту арқылы ие болу немесе тауып алу арқылы ие болу;

-сатып алу;  жауалап алу (басып  алу); өсімқорлық;  жұмысты орындағыны  үшін; қайырымдылықты алу; иеліктің  ескіруінен (10 жыл болса).

Ману заңындағы міндеттеме құқығы:

Бұл заңда келісімдердің мынадай  түрлері болды:

-қарызға алу (беру) шарты;

-жұмыс  күшін жалдау шарты;

-жерді жалгерлікке алу шарты;

-сату және сатып алу шарты;

-сыйға тарту шарты.

Ману заңы бойынша неке құқығы-ол, мүліктік мәмілелер жасау арқылы жүзеге асырылды, атап айтқанда: күйеу жігіт қалыңдықты сатып алу арқылы жасалды, оның  нәтижесінде әйел  еркетің жеке меншігі болып есептелді.Жанұия иесі  күйеу бролды. Ману заң әйелдің күйеуәіне бағыеуын талап етті,  күйеу құдай деп есептелді, егер күйеу шектент шықса да оныкі дұрыс болды. Қыз бала үнемі  бағынышты болды, бала кезінде әкесіне ал тұрмысқа шыққанда күйеуіне. Әйел ашыналық жасағаны үшін қата жазаға тартылды, ең аяға өлімге кесілетін болды.

 

                         4. Қытай Мемлекеттің пайда болуы.

     Ежелгі  Қытайдың тарихи дәуірі төрт кезеңге бөлінеді, әрбір кезең  нақты паташалық ұрпақтың биілік жүргізуіне байланысты болады.

     Қытай тарихы мынадай дәуiрлерге бөлiнедi:

1.Шань (Инь)- б.э.д. ХҮIII-ХIІ ғас.

2.Чжоу дәуiрi- б.э.д.ХIІ-III ғас.(221 ж.)

3.Цинь дәуiрi- б.э.д. 221-207 ж.

4.Хань дәуiрi- б.э.д. III ғ.- б.э.III ғ.(б.э.д.206- б.э. 220 ж.)

Осы аталған тарихи кезеңдерде  әр алуан құқытық дәстүрлер мен  табиғи құқықтар, салт-дәстүрлер мен  әдет-ғұрыптар қоғамдық қатынастарында қолданылады. Мемлекеттік  қалыптасудың ерекшелігі сол- өйткені алғашқы қауымдық құрлыстан таптық қоғамға көшу кезінде бір халықтың  екінші бір халықтың әсеріне амалсыздан көнуге тура келді. Өйткені алғашқы қауымдық құрлыстағы адамдар қорғамы ұстемдік етудің  жолымен жүруге, көнуге бейімделмеген. Соныдқтан осындай  халыққа билікті жүргізу үшін арнайы мемлекеттік аппарат қалыптасты.

     Шань ұрпағының патшалығы кейінгі дәуірде Инь,- деп аталды. Бұл кезде мемлекет пен қоғам құлйеленушілікке айналды. Құлдар жекенің және мемлекеттің меншігі болды. Инь кезіндегі үстемтаптар  абыздардан, бектерден, зайырлы аристократтардан тұрды. Аристократтардың  мәртебелері олардың жер көлемінен, құлдардың санына қарай, патшаға жақындығына, қызметтік лауазымына қарай анықталды. Тұрғындардың  көбісі  еркіндікте жүрген адамдар қауымынан тұрды. Жер мемлекеттің меншігі болып есептелді және ол патшаныкі болып саналды.  Барлық жерлер екі дәрежеге бөлінді:

1.Жалпыға  ортақ жер аумағы-ол, барлық қауым бірігіп өңделетін болды. Ал одан түскен өнімдер старостаға  түсетін болды, ал содан соң  патшаға жіберілетін болды;

2.Жекенің жер аумағы-ол, жеке тұлғаның пайдалануында болды, бірақ, сол жер аумағын ұстаушының жеке тиесілі меншігі болмады.

     Құлдың  пайда болудың негізгі шығу  көздері мынадан тұрды:

-соғыста тұтқынға  түскендерден;

-қарызды өтеу үшін құлдыққа сатып жіберу;

-кейбір қылмысты жасағаны  үшін құлдыққа айналдыру;

-тәуелді адамдардан  тарту ретінде адамды құлдыққа  алу.

Шань дәуiрiнде төтенше әскери басшысын -“ВАН” деп аталды.

Екiншi мыңжылдықтан кейiн  “ВАН” патша титулы болы, ол жоғарғы абыз қызметiн атқарды.

Шань (Инь) кезіндегі  мемлекеттік құрлыс:

Бұл кезеңде рулық- туысқандық әскери демократиялық сипаттары сақталды. Кейін келе барлық биліктің патша көшуі (Ванға) анық байқалды. Ескіліктен келе жатқан тайпа көсемдері жеке даралық билігін жүргізді. Бұл көсемдер өздерін Аспан баласы және құдайдың жіберуі деп есептелді. Жоғарғы лауазымды шенеуниктерін тек патша өзінің туысқандарынан  тағайындады. Төменгі ұсақ қызметшілерге мамандалған шенеуниктер болды, оған: жазғыш, салық жинаушылар, судьялар және т.б. Ежелгі Қытайда мемлекеттік лауазым негізгі үш дәрежеге бөлінді:

1.Жоғарғы азаматтық  шенеуник;

2.Әскери шенеуник;

3. Кеңесшілер, жорамалдаушылар (болжаушылар).

Б.э.д. 1076 жылы Чжоу тайпалары Инь армиясына күйрете соққы беріп жеңіске жетті. Оның нәтижесінде Шань (Инь) мемлекеті құлап Чжоу патшалығы орнады.

Шань (Инь) тұсындағы  мемлекеттiк  аппарат:

     Жергiлiктi басқару-ол, жергiлiктi көсемдер “Чжуху” деп аталды, олар

8-рангiге (дәрежеге) бөлiндi. Бұл дегенiмiз қазiргi заманға сай   болыс, старшина, әкiмдер.т.б. теңеледi.

     Әскер- Шань  кезеңiнде тұрақты әскер болмады, жергiлiкетi билiктi атқарушы “Чжуху”-дың қоластында 3000, 5000, 6000 сарбаздан тұратын жасақтар болды. Әскер құрамы:  жаяау, атты әскерден тұрды.

     Сот. Жоғарғы Сот- ванның өзi, сот әкiмшiлiктен бөлiнбедi, оның қарамағында чжухау қызметi болды.

     Жоғарғы  дәрежедегi қызметшiлер мынадан  тұрды:

1.Жазғыш;

2.Қазынашы;

3.Салтанатты жұмыстарын  ұйымдастырушы, атқарушы қызметтерi  болды. Патша жанындағы ақсүйектер кеңесiне ру ақсүйектерiнiң өкiлдерi мен ұлы көсемдердiң ұрпақтары кiрдi. Бал ашатын жазу болды ,ол “Үлкендер кiшiлер кеңесi” деп аталды. Патша ұрпағы елдiң жоғарғы қызметтерiне иелiк ететiн үлкен қауым болды. Патша аң аулауды басқару, әскербасшысы және шiркеубасы қызметтерiн атқарды. Патша армияға сүйенетiн болды. Қытай армиясы әрдайым жаяу, атты және арбалы әскерге бөлiнетiн болды, сарбаздар өте қарапайым қынап, қылыш, балта сияқты қарулармен қаруланды.

      Ежелгі Қытайда Чжоу ұрпағының жүргізген билігі б.э.д. ХІІ ғ. бастап, б.э.д. 221 ж. дейінгі кезеңі  үш негізгі дәуірге бөлінді:

Батыс Чжоу кезеңі- б.э.д. 1122-742 ж.;

Шығыс Чжоу кезеңі- б.э.д. 770-403 ж.;

Чжаньго кезеңі («өз ара соғысушы жеті патшалық құрамынан»)- б.э.д. 403-221ж.

     Батыс Чжоу кезеңінде- (б.э.д. 1122-742 ж) құлиеленушілік мемлекеті нығайды, оның құрлымы күрделі болды. Қоғамда өндіріс аса жоғары дами бастады, құлдар саны көбейді, ірі  жериелігі жедел дамыды. Жоғарғы билік патшалық мұрагере (ванға) берілді.Чжоу кезінде орталықтандырылған мемлекеттік билігі орнатылмады. Ван билігі тек астаналық аймағында орналасқан жерде ғана жүргізілді. Ал қалған жер аумағы княздықтарға бөлінді, оны княздар (чжухоу) өз билігін жүргізді. Чжухоу-ол жергілікті князь деп аталды. Мемлекеттік аппаратты басқарушы-ол, ванның жақыны болды, ол лауазым «Сян» деп аталды. Ванның ең жақын көмекшісі болды. Чжоу кезінде сарайлық басқару жүйесі жұмыс істеді. Оның қызметшісі  сонымен қатар лауазымды тұлға болды. Оның қарауында көптеген шенуниктер болды. Ең жоғарғы шенеуник «ДАФУ» деп аталды, ол үш класқа бөлінді: аға, ортаншы, кіші.

     Шығыс Чжоу кезеңі- б.э.д. 770-403 ж.-экономикалық және саяси өмір кезеңі мына өзгерістер бойынша сипатталды:

-сауда және кәсіпкерліктің  дамуы нәтижесінде, қоғам өмірінде  көпестердің рөлі жоғарлай түсті;

-рулық аристократиялық  мұрадан қалғарн жер аумағы  құлдырай түсті. Оның жер аумағы  мемлекеттік қызметтегі беделді  тұлғаларға берілді;

-құлиелнушінің жерге  деген жеке меншік иелігі нығая  түсті.

Чжаньго кезеңі («өз ара соғысушы жеті патшалық құрамынан»)-

б.э.д. 403-221ж- жегеге деген  иелік одан әрі ірілей түсті. Оның бір себебі қауымдардың жерін тартып алу нәтижесінде жүзеге асырылды.

     Бұл дәуiрде  қоғамда өнеркәсiп орындары жұмыс  iстей бастады. Атап айтқанда:

Сарай жұмыстарына мына қызметтер жататын болды:

1.Арбаны даярлау;

2.Атты жегуге  даярлау;

3.Жұмыс  iстейтiн малдарды  ұстау және оны күтiмшiлiк   жұмысын  атқару.

Өнеркәсiп орындарына жататындар:

1.Құрлыс жұмыстары;

2.Тоқыма кәсiбi;

3.Мыс өндiру;

4.Темiр өндiру;

5.Жер игеруi;

6.Қолөнершiлер кәсiбi;

7.Сауда-саттық кәсiбi.

Құлдар ұйымы-ол,  Шань патшалығында құлдар тек ұжымдық меншiк ретiнде болды, ал, Чжоу патшалығында құлдар жеке меншiк заты болды.

Чжоу кезеңiндегi Қытайдың мемлекеттiк құрлысы:

     Бұл кезеңде  Қытайда билiк төрешiлдiк негiзiнде аппараттар құрылды.

Патша  аясында мемлекеттiк  басқару саласында жоғарғы қызмет iстейтiн ақсүйек шенеуниктерiнiң  үлкен тобы пайда болды. Мемлекет басында патшадан кейiн оның ең жақын  көмекшiсi болды. Көмекшiнiң қызметтiк  мiндетi аса кең аумақта болды. Жердi  игеру жұмысы жөнiнде 3-адамнан тұратын алқалы ұйым болды оның құрамына жұмысты басқарушы мен сарбаздары болды. Сарбаздар бастығы-ол, елдiң ең басты қолбасшысы яғни министр мiндетiн атқарды. Үшiншi қызметшi адамы-ол, қоғамдық жұмыстарға жетекшiлiк жасап, мемлекеттi сумен қамтамасыз ететiн және жер қорын басқарады. Кейiннен басқа қызметкерлер пайда болды: олар өз қолына патша сарайы мен басқару жұмыстарын алып, сот iсiн және дiнге табынуды ұйымдастырды.

Цинь мемлекеті:  (б.э.д. 221-207 ж.)

     Б.э.д. III-ғасырда Қытай мемлекетi қайтадан  күштi мемлекетке айналды, Цинь әулетiнiң мемлекеттiк билiгi орнатылды. Цин паташаның билiгi кезiнде дүниедегi ғажайытың бiрi аталған “Ұлы Қытай қорғаны” жұмыстары басталды.

Информация о работе Мемлекет және құық тарихы