Мемлекет және құық тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 16:59, курс лекций

Краткое описание

Мемлекет пен құқықты бiр-бiрiнен айыруға болмайды. Олар объективтiк тұрғыдан тығыз байланыста бiрлесiп дамитын ғылым. Бiрақ олар бiр ғылымға жатқанмен, әрқайсысының нақты бағыттар болады.Мемлекет қоғамның саяси-экономикалық құрлысымен шұғылданады, құқық- нормативтiк актлер жүйесiн қалыптастырады.
Осы бiрлестiк пен дербестiк олардың мазмұнын, мақсатын, қызметiнiң әдiс-тәсiлдерiн, функцияларын жан-жақты зерттеуге, жаңартуға, дамытуға мүмкiншiлiктер бередi. Мемлекет пен құқықты тереңiрек зерттеп бiлуге жағдай туады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Lektsia_komplex_IGPZS_1.doc

— 616.50 Кб (Скачать документ)

-жеке бастың (жекелік);

-мемлекеттік (қоғамдық иелігі);

-қауымдық (коммуналдық).

       Напалеон кодексінде меншік құқығынан басқа, өзге де заттық құқықтар туралы айтылған, атап айтқанда: бөтен біреудің мүлкіне құқылы болу (узуфрукт, бөтен біреудің үйінде тұру, сервитут, кепілпұл құқығы) иелік ету, затты ұстау.

      Осы кодексте  мәміле жасау кезде адамдар арасындағы артықшылықтарды, руылық арасындағы айырмашылықтарды ескеруге тиым салды Жылжымайтын мүліктерді айырбас жасауға рұқсат берді.

     Наполеон кодексіне сәйкес «шарт» дегеніміз-ол, келісім болып табылады,екі немесе бірнеше адамдар арасында  өзара келісу арқылы жасалатын мәмілені айтады, шарттың пәні-ол, міндеттеменің пәні болады.

Шарттық қатынастарда жасалатын қағидалар мынадан тұрады:

- тараптадың міндеттемені қабылдай  отырып келісімге келуі;

-шарттың жойылмастық қағидасы.

   Осы кодексте шарттың мынадай түрлерін көрсетеді:

-сыйға тарту шарты;

-айырбастау шарты;

-сатып алу, сату шарты;

-жалдау шарты.

       Наполеон кодексінде  неке туралы мәселе қарастырылған:  «неке»- ол, шарт ретінде жасалатын мәміленің бір түрі деп аталады. Некеге тұру үшін мына шарттарды орындау қажет болады:

-ерлі-зайыпталардың өзара келісімі  болуы керек (кәдімгі кез-келген  шарт секілді-  тараптардың өзара  келісім беру қағидасы негізінде);

-некелік жастың болуы (еркектер-18 жасқа, ал әйелдер-15 жастқа келуі  керек);

-басқа некелікте  тұрмауы керек;

-некеге тұру жасына келмегендер  үшін ата-аналарының келісімі  болуы керек (жігіт-25 жасқа, қыз-21 жасқа дейінгі);

-туысқандық байланыста болатындарға  некеге тұруға тиым салынды.

Некелік қатынаста  күйеу үнемі қамқорлық, қолдау және қамыту  жасайтын болды, ал әйел тек күйеуіне бағынышты болды. Мұрагерлік құқығы: заң бойынша және өсиет бойынша. Өсиет бойынша мұрегерлік  көлемі шектелді. Егерде өлген адамнан бір бала қалса, онда өсиет алған адам тек жаты мүлкіне ие болуға құқылы, ал екі бала қалса, онда ол тек 4/1 бөлігіне ие болды. Ал егер балалары болмаған жағдайда онда өсиет алушы мұра қалдырушының тек ¾ бөлігіне ие болды. Заң бойынша мұрагерлік құқыққа ие болуға  12-аталық туыстық байланысқа дейінгі туыстары құқылы болды. 1917 жылы бұл туыстық шеңбері 6-атаға дейін қысқартылды.

 

              3. Екінші республика және оның заңнамада  және 1848 ж.

                                    Конституцияда  рәсімделуі.

       1814-1847 жылға дейінгі аралықта, Францияда монархияны қайта  келтіру әрекеттерінің  нәтижесі экономикалық , сауда-өндірістік және қаржылық дағдарыстарына әкеліп соқтырды.  1848 жылдың қысында Париж тұрғындары қарулы көтеріліске шықты. Көтеріліс жасауға негізгі  итерме-себеп болған-ол,  бейбіт халықтарды демонстрация шеруіне шыққаны үшін  оқтың астына алды, халықтың талабы елдегі  экономикалық жағдайды  жақсарту болды. Көтерілісшілер астананың негізгі стратегиялық объетілерін өз қолдарына алды. Кророль Луи-Филип тақтан бас тартты. Уақытша  үкімет либерелдық-демократиялық  оппозициялар  құрамынан қалыптасып, 1848 жылыдң 25-ақпанда Франция «Республика» деп жария етілді.

Мындай декреттер жарияланды:

-тікелей жалпыхалықтық уақытша  сайлау құқығын енгізу туралы - тек 

 еркетерге;

-еңбекке деген  құқықты бекіту  туралы;

- еңбекті ұйымдастыру кепілдігі туралы- барлығын еңбекпен қамтамасыз ету, Парижде жұмыс күніндегі уақытты бір сағатқа қысқарту. 1848 жылдың көктемінде Құрылтай жиналысына сайлау өткізілді, бұл жиналыста конституцияны қабылдау мәселесі қаойылды. Жиналғандардың  көбісі ірі буржуазия тарапынан,жер иелері, генерелдар және жоғарға діни қауымынан болды.

     1848 жылғы Конституция мемлекеттік құрлыстың мынадай қағидаларын орнықтырды:

-республикалық нысанда басқаруды;

-билік тізбегінің бөлінуі;

-өкілеттік құқығын.

     Жоғарғы заңшығару билігіне Ұлттық жиналыс болды.

Бұл ұйымға ерекше құқық берілді ,атап айтқанда: заңды қабылдау,бюджетті қабылдау, соғыс және бейбіт келісу мәселесін, сауда  шарттарын бекіту және т.б. Ұлттық жиналыстың депутаттары 3-жылға сайланды.

     Жоғарғы атқару биліктің басшысы болып Президент жарияланды. Президентке: армия, полиция, әкімшілік аппаратары тікелей бағынды. Президент парламенттен тәуелсіз боды, ол 4-жылға бүкіл халып болып тікелей сайланды. Президент кең шеңбердегі өкілдік құқығына ие болды:

-заңжобасына өзгерістер мен толықтыру енгізуге;

-бас тарту туралы ветоны қоюға;

-кешірімділік  жасауға және  т.б.

Сонымен қатар Президент  әскери қолбасшыларды және басқа да жоғарғы  лауазымды тұлғаларды тағайындауға және одан босатуға құылы боды. Президент  екінші мерзімге сайлануға және Ұлттық жиналысты таратуға құқығы болмады. Конституцияда «Мемлекеттік Кеңес» органын бекіту мәселесін көрсеткен. Мемлекеттік Кеңес Ұлттық жиналыстың шешімімен 6-жылға тағайындалды. Оның міндеті әкімшіліктің жұмысына бақылау жүргізу болды.

Әдебиеттер:

Н/ә:2, 255-262;  3, 132-139.       Қ/ә: 7,177-182.

Бақылау сұрақтары:

1. Француз революциясының  болу ына қандай негіздер болды?

2. Революция  қандай маңызды  құжатты қабылдады?

3. Напалеон кодексінің ерекшелігі неден тұрды?

4. Екінші республиканың прайда болуына қандай себептер болды?

5.Заң шығару органы қалай  аталды және депутаттар мерзімі  қандай?

 

 

№ 12 ДӘРIС

Тақырып: ХІХ-ХХ ғасыр-да Германияда мемлекет және құқықтың

                                                       дамуы.

Сабақтың мақсаты: ХІХ-ХХ ғасыр-да Германияда мемлекет және құқықтың

                                                       дамуы туралы оқып танысу.

Жоспар:

1.Герман одағының құрылуы.

2.1896 (1900)ж. азаматтық кодекс, оның өзгеруі мен толықтырулары.

3.1933-1945 ерекше заңдар.

4.Нацист терроры.

5.Германияның соғыстан кейінгі қылмыстық процессі.

  

                                 1. Герман одағының құрылуы.

     1814 жылы Германдық одақы қалыптасты, оның құрамына 34 мемлекеттер кірді, олар: корольдықтан, княздықтан, герцогствадан және төрт еркін қалалар: Франкфурт, Гамбург, Бремен және Любектен тұрды.

 Германдық одақ-ол, біріккен халықаралық мемлекеттері болды. Осы одақ құрамына кірген мемлекттер өздерінің тәуелсіздігін сақтады. Одақтың ішіндегі шынайы басшылық етудің рөлі Австрияға жатты. Одақтың ішіндегі нақты орталық билік орган «Сейм» болды. Оның  ішінде, одақ құрамында тұрған әр мемлекеттің үкімет өкілдерінен тұрды. Сеймнің  шешімі тек бірауздан қолдаған жағдайды талап етті. Сол себептен оның жұмыс істеуіне дағдарыс келтірді.

Германияның біріктіру  күшіне өз рөлін көрсетуге Автрияның орнына Пруссия өміткер етті. Сол себептен 1818 жылы Пруссия кеден заңын қабылдап, Пруссия корольдық шеңберіндегі барлық кеден шекараларын жойып, барлық аумақтармен өзара емін-еркін жүріп-тұруды, сауда жүргізуді жария етті. 1819 жылы Вена конференциясында германдық одақ өкілдіктерінің алдында Пруссия өзінің  кедендік заңын барлық  одаққа тарату туралы сөз сөйледі. Бұл ұсынысқа кейбіреулері қарсы болды, бірақ германдық одақтың кейбір үкіметтерімен келсімге келіп Пруссия өзінің мақсатна жетті. Оның  нәтидесінде 1834 жылы  Германдық мемлекеттердің Кедендік оджағы құрылды, оған 20-ма мүше- мемлекет одағы кірді, оған жетекшілік етуші Пруссия болды. Австрия  Кеден одағын «Одақтың  сейміне» бағындырмақ әрекетін жасады, бірақ Пруссия оған тосқаул жасап жол бермеді. 1847 ж. Кеден одағының конференциясында «Жалпыгермандық вексельдік жарғысы» қабылданды. Оның қабылдануы Пруссияның көзқарасын бекітті. 1857 жылы Одақ сеймінде «Сауда кодексінің» екі жобасы бірі Пруссия екінші Австриянікі ұсынылды. Заңшығарушылар  Пруссия жобасын қолдап, оның өте  қысқаша, нақты, дәл екендігін айқындай келе, қабылдады.

 

                            2.1896 (1900) ж. азаматтық кодекс, оның

                                       өзгеруі мен толықтырулары.

     Германияның осы аталған кодекстің  алдында болған заң жынағы мынадан тұрады: ХІІІ ғ. дейінгі кезеңде Германия құқықтары жазылмаған әдеттегідей дәстүрлік құқықтан тұрды, ол тек адам ойында қалды. Жеке меншікті пайда болуы нәтижесінде: Саксаондық зерцало-судя Эйке фон Репковтың; Швабтық зерцало- атаусыз келісімі туралы айтылды. Бірінші азаматтық кодекс-ол, Бавария корольдығының 1756 жылы қалыптасқан Азамат кодексі болды.

     Германдық азаматтық жинағы 1896 жылы рейхстагта қабылданып, ал, 1900 ж.1-қаңтарда іске қосылды. Азаматтық құқықтық қатанстар субъектісі реінде, осы заң жинағы жеке және заңды тұлғаларды таныды. Жеке тұлғалардың құқытық қабілеттігі заң бойынша тепе-теңдік қағидасы бойынша негізделген. Кәмелеттік жас 21-жастан болды. Ал 7-ден 21-ге дейінгі жастағы адамның әрекет қабілеттігіне, заң жинағы әр-түрлі шектеулерді қойды. Германдық азамттық жинағы заңды тұлғалардың екі түрін айтады, атап айтқанда:

-ферейндер (ферейны)- (қоғам, одақ), одақ құрамындағы мүшелердің әр қайсысыынң құқығы мен міндеттері  орнатылған. Бұндай одақта шаруашылық  жұмысы өнімдерді алу немесе  ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу туралы айтады. Мысалы: Өндіріс-шаруашылығы: ААҚ, АҚ, Холдинг компаниясы; Шаруашылық емес одаққа жататындар: «Өнертақыштар ұйымы, Кримнология одағы, Тарихшылар одағы, Жазушылар одағы т.б.».

-мекемелер- олар жеке тұлғалардың іс-әрекет жасауы нәтижесінде өзінің көздеген мақсатын  орындау болып табылады. Мысалы: шағын кәсіпорындар, мекемелер, шаруашылық қожалығы, ЖШС т.б.

Азаматтық  жинақ, заңды тұлғалардың  құқытық  қабілеттігінің мазмұнын анықтамайды. Ол, сол қалыптасу фактісінен шығатын болады.

      Өзгерістер мен толықтыру енгізілуі:

1.ГАЖ (ГГУ): кәмелелетке келетін  жас 21-ден есептелсе, ал 1974 жылдан

   бастап 18 жастан  есептелді.

2.Жанұялық құқыта 1946 жылдан бастап  некелік шарттар қөабылданды.

3.Жұмысшы міндеттемені орныдамаған  жұмыс берушіден, жұмыс кезінде 

  келтірген зардап орнын толтыруды  талап етуге құқылы болды.(1948ж)

 

 

 

                                3.1933-1945 ерекше заңдар.

     Германияда фашизмнің келуіне негізі себеп болған-ол, бірінші дүнежүзілік соғыстың аяқталуна байланысты, ұлттық ағымдағы милитаристік реакцияның бір түрі ретінде болды. 1921 жылы фашистік  ұйымның негізі ретінде «Ұлттық-социалистік жұмысшы партиясы (НСРП)» қалыптасты. Оның  басшылық жүргізу рәсімі шексіз билікке ие болу және оны қолдануға , көсемдік «фюрер» билік жүргізді.  Оның негізгі мақсаты: фашистік идеологиясын тарату, демократиялық және антифашистік қозғалысты басып-жаншу үшін арнайы террорлық апарттарын дайындау және ең маңызыды мақсаты билікті басып алу болды. 1923 жылы фашистер  билікті өз қолына алу үшін  төңкеріс әрекетін жасамақ болады, бірақ сәтсіз аяқталады. 1925 ж. «Рейхстаг үшін шайқас» бұл мақсаты сол кездегі  өмірге риза емес жұмышыларды үгіттеу, жұмыссыздықты жою, шаруалардың ауыл шаруашылық  өнімдерінің бағасын көтеру, ұсақ судагерлеге- ірі  дүкендерді жою т.б. 1928 жылы фашистердің тактикасы алға басты, олар  рейхстагта-12 орынға ие болды. Ал 1932 жылы фашистер партиясы көп мандатқа ие болып, рехстагта басқа партиядан  көп орынға ие болды. 1933 жылы 30- қаңтарда, Гинденбургтың өкімі бойынша Гитлер Рейхсканцлер міндетіне ие болды. Осы кезден бастап Рейхстаг тек формальды түрде сақталды.

     Фашистік Германия бірінші күннен бастап буржуазиялық-демократиялық бостандықты жойды. Осы мақсатқа байланысты төтенше декреттер  шығарыла бастады, атап айтқанда:

-жек тұлғалыққа, сөзге, баспаға,  жиналысқа деген еркіндіктері  түгел жойылды;

-полицияларға шексіз құқықтар  берілді;

-партиялар оның ішінде, әсіресе  коммунистер партиясың, содан  соң басқа да партиялардың, сонмен  қатар буржуазиялық партиялардың  болуына тиым салынды.

 Сүруге және қызмет жасауға  тек  ұлттық-социалистік жұмысы  партииясы ғана  қүұқылы болды.  Мемленкетте тек бір жүйелі парития орнатылды. НСРП- патшалық билік секілді өзінің билігін жүргізді.

 

                                                   4. Нацист терроры.

1934 ж.,2-тамызда Гинденбург өлген  соң Гитлер үш лауазымға ие  болды: партия фюрері, атқару  биліктің басшысы және мелекет басшыс болды. Гимлер- партия басшысы болып барлық паолицияны өзіне бағындырды, ал Геринг- фюрердің орынбасары, әуе флотының министрі болды. 1933 жылы Пруссияның ұсынысымен «Geheimestaatspolizei» (Гестапо), бұл органға барлық  полиция органы бірікті ал кейіннен қаупсіздік полиция органы болды.

СС-күзету отряда болды; СД-жандармерия  және арнайы тәртіптік қызметі болды. Бұның  бәрі рейсфюрер Грмлерге бағынды. СС-отрядтары түнгі  «Ұзын пышақ  түні» террорлық опрациясын жүргізді. Олар шабуыл отрядтарының басшыларын өлтірді. Соғыс кезінде СС-отряда концларелерді күетті. Сонымен қатар террорлық соттар болды: 1937 ж. Лейпциг процесі онда Георги Димитровты соттады, бірақ  оны босатуға мәжбүр болды. 1944 жылы  Шпандау түрмесінде Эрнст Телман өлім жазасына кесілді. 1939ж., 1-қыркүйекте Польшаны басып алды ,бұл 2-ші дүнежүзілік соғыстың бастамасы болды. Сол жылдары шығыс Еуропа елдерін Болгария, Румыния, Венгия, Чехословакия, Югославия және Францияны басып алды. Ал 1941ж., 22-маусымда СССР-ге шабуыл жасап Ұлы Отан соғысы басталды. 1945 ж.,9-мамырда Фашистік Гнрмания  тас-талқан болып тізе бүкті, СССР толық жеңіске жетті.

 

                      5. Германияның соғыстан кейінгі қылмыстық процессі.

      1945 жылыдң жазында Потсдам конференциясында СССР-И.В.Сталин, АҚШ-Г.Труман, Англиядан-У.Черчиль келісім жасау арқылы,    басып алынған Германия аумағына  уақытша оккупациялық режимді орнату туралы шешім қабылданды, ол 27-шілденен бастап орнатылды. Сонымен қатар Германияның қауптік жасау әрекеттерін жою үшін  бірнеше іс-шаралар жүргізілді:

1.германия қарулы күштерін тегіс  тарату; герман армиясының бас  штабын 

   жою;

Информация о работе Мемлекет және құық тарихы