Сатып алу-сату шарты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2014 в 00:30, лекция

Краткое описание

1Сатып алу-сату шарты.
2 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты.
3 Тауар жеткізілімі шарты.
4 Келісім шарт жасасу шарты.
5 Энергиямен жабдықтау шарты.
6 Кәсіпорынды сатып алу-сату шарты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

лекции гражданское право особенная часть.doc

— 621.50 Кб (Скачать документ)

 Заңды мінездемесі

-нақты шарт 

-екі жақты

-бұқаралық

4 Банк салымы

       Банк  салымы шарты бойынша бір тарап  /банк/ екінші тараптан /салымшыдан/ ақша /салым/ алуға, олар бойынша  банктік салым шартында көзделген  мөлшерде ж/е салымның осы түрі үшін заң актілерінде ж/е шартта көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша салымды қайтаруға міндеттенеді.

      Банк  салымдарының түрлері:

1.талап етілмелі салым;

2.мерзімді салым;

3.шартты салым.

      Талап  етілмелі салым -салымшының бірінші  талап етуі бойынша толық немесе ішінара қайтарылуға тиіс.

     Мерзімді  салым белгілі бір мерзімге  салынады.

     Шартты  салым банк салымы шартында  белгіленген мән-жайлар болғанға  дейін салынады.

             Заңды мінездемесі

-нақты шарт

-бір жақты

-ақылы

-бұқаралық

           Салымшының талап етуі бойынша  белгілі бір үшінші тұлғаның  атына ресімделуі мүмкін,яғни  бұл шарт үшінші жақтың пайдасына  жасалатын шарт АК391б көрсетілген.

          АК 760 б.  банк салымы шарты бойынша сыйақы.

Банк салымшыға банк салымы шартында белгіленетін мөлшерде салым сомасына сыйақы төлейді.

         Егер банк салымы шартында өзгеше көзделмесе, банктің салым бойынша сыйақының мөлшерін біржақты тәртіппен өзгертуге құқығы жоқ.

          Банк салымы шарт бойынша банк сыйақыны банк салымы шартында белгіленген тәртіппен ж/е мөлшерде төлейді.

          Егер  банк салымы шартында  өзгеше көзделмесе, банк салымы  бойынша сыйақы салымшыға оның  талап етуі бойынша әр тоқсан  аяқталғаннан кейін салым сомасынан  бөлек төленеді, ал бұл мерзімде  талап етілмеген сыйақының сомасы салымның  сыйақы төленетін сомасын арттырады.   

        Салымды  қайтару кезінде салымшыға  сол кездегі оған тиістілі  барлық сыйақы төленеді.

        Талап етілмелі салым бойынша  өзіне тиістілі сыйақыны  салым  сомасынан бөлек алуға құқылы.

        Сыйақы салымды қайтару үшін  көздемеген мерзімдерде ж/е нысанда  төленеді     /АК765-б./

     Салымды  толық қайтару кезінде салымшыға  сол кездегі өзіне тиесілі  барлық сыйақы төленеді.

5 Банк салымдарын қайтару

         Банк  салымды немесе оның бiр бөлiгiн салымшының  алғашқы талап етуi бойынша:

  1. талап  етілмелі салымдар бойынша- салымшы талаптарының келіп түсуі бойынша;
  2. мерзімді салымдар бойынша-банк салымы шартында көзделген мерзімнің басталуы бойынша;
  3. шартты салымды бойынша-банк салымы шарты басталуымен салымның қайтарылуын байланыстыратын мән-жайлар болған кезде беруге міндетті.

1.Салымшының мерзімді  салымды мерзімінен бұрын қайтарып  алуға құқығы бар.

Бұл ретте банк салымды  немесе оның бір бөлігін салымшының талабы келіп түскен кезден бастап бес күннен кешіктірмей беруге міндетті.

2.Шартты салымдар бойынша  салымшының банк салымы шарты  салымның қайтарылуын байланыстыратын   мән-жайлар басталғанға дейін  салымды қайтарып алуға құқығы  бар. Бұл ретте банк салымы  немесе оның бір бөлігін осы баптың 2-тармағында көзделген мерзімде беруге міндетті.

3.Салымшының мерзімді  салымды мерзімінен бұрын алу  құқығынан бас тартуы туралы  банк салымы шартының, сондай-ақ  шартты салымның ережелері   көзделген  талаптар басталғанға  дейін  жарамсыз болып табылады.

4.Шетел валютасымен  енгізілген салым, егер заң  актілерінде, банк салымы  шартында  немесе  тараптардың  қосымша  келісімінде  өзгеше көзделмесе, нақ сондай валютамен қайтарылуға  тиіс.

5.Банк салымшының  салымды немесе оның бір бөлігін   қайтару туралы табылатын  осы баптың 2-3- тармақтарында  көзделген  мерзімде  орындамаған жағдайда  сыйақыны төлеу банк салымы шартында көзделген талаптарда жалғастырылады.

Әдебиет: 1, 2 ,3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14

Бақылау сұрақтары

1 Банктiк шот шарты

2 Банк салымдарының түрлерi

3 Банк салымдарын қайтару

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып № 3 Сақтау  шарты

Мақсаты: Сақтау шартының анықтамасын мазмұнын, элементтерiн, заңи мiнездемесiн ашу.

Жоспар

1 Сақтау шартының түсінігі, түрлері және элементтері. 

2 Сақтау шартының нысаны.

3 Сақтау шартының мерзімі. 

4 Сақтау шартының субъектілері ( тараптары).

1 Сақтау шартының  түсінігі, түрлері және элементтері

          Сақтау шарты бойынша бір тарап (сақтаушы) оған екінші тараптың (жүк берушінің) берген затын сақтауға және бұл затты сақталған күйінде қайтаруға міндеттенеді (ҚР АК-нің 768-б. 1-т.).

        Қазіргі қоғамда сақтау бойынша қатынастардың кеңінен таралуын толық түсінуге болады. Азамат өз үйінен шығып, қоғамдық орындарға барғанда-ақ заттарды сақтауға беру қажеттілігі жиі туындайды. Мұндай жағдайларда азамат үшін шарт еркіндігі, біз бұған мән бермесек те, елеулі түрде шектеледі. Білім беру, дәрігерлік, өзге де мекемелерде, ұйымдарда, театрлар мен т.б. жерлерде сырт киімді гардеробқа өткізу талабы белгіленуі мүмкін. Дүкендерде (сауда кәсіпорындарда) сөмкелерді, қол сандықтарды, кейстер мен өзге де ұқсас заттарды сақтауға өткізуді талап ете алады.

        Сақтау қажеттілігі заңдардың талаптарына сәйкес туындайтын жағдайлар да орын алады. Мысалы: арестке алынған мүлікті, мұраға қалдырылған мүлікті, кеден қоймаларындағы мүлікті және т.б. сақтау жүзеге асырылады.

        Сақтау бойынша міндеттеменің туындауы әртүрлі себептермен жетеленуі мүмкін және ол тек сақтау шартына ғана байланысты туындамайды. Алайда сақтау шарты басқа да барлық жағдайларда осындай міндеттеменің туындауының негізі болып табылады.         Сақтаушы тұлға мен заттарды сақтауға берген тұлғаның құқықтары мен міндеттері шартқа сәйкес сақтау туралы ережелермен анықталады.

       Сақтау бойынша қатынастардың төрт негізгі құрылымын ажыратады (М.И.Брагинский). Біріншісі ретінде, шарт үлгісі аталады. Ол бүтіндей және толығымен заңды анықтама аясына сай келеді. Бұл құрылымға деген қажеттілік немесе мұқтаждық сақтау қызметі дербес сипатқа ие болғанда туындайды.       Екінші құрылым болып сақтау бойынша міндеттеменің біртұтас күрделі шартқа енуі табылады. Сонымен бірге мұндай шарт сақтаусыз әрекет ету мүмкіндігіне ие болмауға тиіс. Мұндай шарттың мысалына тасымалдау шарты жатады.

        Бірінші құрылым (яғни жалпы тізім бойынша үшінші) кезінде сақтау шарттағы тараптың негізгі міндеттемесіне қызмет көрсетеді. Яғни оның өзі қосымша болып табылады.  Мәселен, сақтау бойынша қосымша міндеттеме тараптардың келісімімен көлік экспедициясы, мердігерлік комиссия, тапсырыс шарттарында көзделуі мүмкін.

        Төртінші құрылым сақтау бойынша міндеттеменің басқа міндеттемелермен қатар орын алуын  (басымды немесе кем дегенде теңдей тәртіпте) көздейтін болады. Сақтаушы өзіне экспедициялық қызмет көрсету бойынша, жүк беруші пайдасына қосымша мердігерлік жұмыстар атқару және т.б. міндеттерді қабылдауы мүмкін.

        Сақтау шартының қарым-қатынасы туралы осы мәселені баяндауда А.П.Сергеева мен Ю.К.Толстойдың редакторлығымен шыққан азаматтық құқық оқулығының авторлары қомақты үлес қосты. Атап өткендей, сақтаудың жалға алу мен ссудадан ерекшелігі – сақтаушының мүліктің сақталуын оны пайдалану құқықтарын иеленбей қамтамасыз етуге тиіс екенінде. Ал жалға алушы мен несие беруші мүлікті пайдалану құқығын иеленеді. Яғни екі жағдайда да мүлікті уақытша иелікке берудің мақсаттары әр түрлі.

        Субъектілік қатарындағы айырмашылықтарға, мазмұнындағы кейбір ерекшеліктер мен нормативтік бекітілуіне байланысты сақтау шартының мынадай түрлері ажыратылады:

1.заттарды ломбардта  сақтау;

2.құндылықтарды банкте  сақтау;

3.көлік ұйымдарының  сақтау камераларында сақтау;

4.ұйымдардың киім ілгіштерінде сақтау;

5.қонақ үйде сақтау;

6.даулы заттарды сақтау  – секвестр.

Сақтау шарты: реалды, консенсуалды, ақысыз және біржақты болып  келеді.

2 Сақтау шартының  нысаны

     Сақтау шарты ауызша және жай жазбаша нысанда да бекітілуі мүмкін. Жазбаша нысаны өз бетінше толтыру жолымен немесе заңнамамен көзделген жағдайларда, сақтау құжатының барлық талап етілетін реквизиттерін сақтау жолымен жасалады.

        Егер сақтауға алынған заттар сақтаушы жүк берушіге сақтау қолхатын, түбіртек, куәлік, сақтаушы қол қойған өзге де құжаттар беру жолымен куәландылырған болса, шарттың жазбаша нысаны сақталған болып есептеледі.

       Заттарды төтенше жағдайлар кезінде сақтауға өткізу, шарттың жазбаша нысаны болмаған жағдайда сақтауға өткізілген заттардың құнына қарамастан куәгерлік айғақтар бойынша дәлелденуі мүмкін.

3 Сақтау шартының  мерзімі

         Сақтауды реттейтін Азаматтық Кодекстің нормаларының мағынасына сәйкес сақтау шарты қысқа мерзімді ретінде бекітілуі мүмкін. Қысқа мерзімді шарт басқа да бір мекеменің жұмыс тәртібіне бағдарланатын киім ілгіштің жұмыс тәртібінің ұзақтығы бойынша анықталуы мүмкін. Зат көлік ұйымдарының сақтау камераларына өткізілгенде сақтау мерзімі сақтаудың тиісті ережелерімен анықталады және бірінше тәуліктен аспайды. Тек есте сақтайтын, мерзімді шарт бойынша сақтаушы мерзімнің аяқталу сәтіне затты қайтарудың барлық жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті. Талап етілмелі шарттың бекіту сақтаушының да құқықтық жағдайын өзгертеді.

4 Сақтау шартының  субъектілері

   Сақтау шартының қолданылу аяларын қосымша сипаттау оның субъектілік қатарын  айқындау мақсатында беріліп отыр.

   Аса көп жағдайларда сақтаушылар ретінде де, жүк берушілер ретінде де, азаматтар шыға алады (тұрмыстық сақтау). Кейде шартты азаматтармен жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлға ретіндегі ұйымдастырушылық құқықтық нысандағы кәсіпкерлер, ломбардтар, банктер бекітеді. Бұл сақтау шартының тұтынушылық сипатын қамтамасыз етеді. Заңмен көзделген жағдайларда, кәсіби сақтаушылар жекелеген заттарды сақтауға лицензия алуға тиіс.

       Коммерциялық болып табылмайтын заңды тұлғалар сақтау қатынастарына тек сыртқы киімді, сөмкелерді, қол шатырлары, бас киімдерді және т.б. орналастыру үшін ғана түседі.

      Сондай-ақ сақтау шартының екі жағынан да жеке кәсіпкерлікті де, заңды тұлға түріндегі ұйымдастырушылық кәсіпкерлікті де, жүзеге асыратын кәсіпкерлер шыға алады.

Әдебиет: 1, 2 ,3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14

Бақылау сұрақтары

1 Сақтау шартының түсінігі, түрлері және элементтері 

2 Сақтау шартының нысаны,мерзiмi 

3 Сақтаушының жауаптылық  мөлшерi

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып № 3 Сақтандыру

Мақсаты: Сақтандыру шартының анықтамасын мазмұнын, элементтерiн, заңи мiнездемесiн ашу. Сақтаушы, сақтанушы, сақтау соммасы, сақтандыру төлемi, ануитенттiк сақтандыру терминдерiн жаттап алу.

Жоспар

1 Сақтандыру туралы  жалпы ережелер.

2 Сақтандыру шарты.

    1 Сақтандыру туралы жалпы ережелер

     Қазіргі  жағдайда сақтандыру – бұл  өмірдің әртүрлі салаларында  барынша жиі болатын жағдайлардың  теріс әсерінен заңды тұлғалар  мен азаматтардың мүдделерін  қорғау әдістерінің бірі.

      Адамдар  жиі өрттерден, су тасқыны,  сел және осылар сияқты т.б. жағдайлар нәтижесінде өздерінің қозғалмайтын және қозғалатын мүліктерін қайрылу мүмкіндігінен сақтануды қалайды.

     2 Сақтандыру шарттары

    Сақтандыру  шарты бойынша бір тарап (сақтанушы)  сақтандыру сыйлық ақысын төлеуге  міндеттенеді, ал екінші тарап сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгіленген сома шегінде өзінің пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді.

   Сақтандыру шартының  нысаны.

   Сақтандыру шарты  жағдайларына қарамастан жазбаша нысанда жасалуы керек. Сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның сақтандыру шартын рәсімдейтін құжаттар арасында таңдауға мүмкіншілік береді.

     Сақтандыру  шартының элементтері.

     Сақтандыру  шартының тараптары сақтандырушы  мен сақтанушы болып табылады. Сақтандырушы сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға шартта айқындалған соманың шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті тұлға. Мүлікті сақтандыру шартын жасасқан сақтанушы қайтыс болған жағдайда сақтанушының құқықтары мен міндеттері мұрагерлік тәртібі мен осы мүлікті қабылдаған адамға ауысады. Сонымен, сақтанушы тарапынан универсалдық құқықтық мирасқорлық сақтандыру шартының шеңберінде жалпы ережелер бойынша жүзеге асады.

         Шарт бойынша сақтандыру төлемін  алу құқығы егер сақтандырылған  адам оны алудан бас тартса, сақтандырылған адамнан сақтанушыға  ауысуы мүмкін.

         Сақтандыру объектісі.

Информация о работе Сатып алу-сату шарты