Сатып алу-сату шарты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2014 в 00:30, лекция

Краткое описание

1Сатып алу-сату шарты.
2 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты.
3 Тауар жеткізілімі шарты.
4 Келісім шарт жасасу шарты.
5 Энергиямен жабдықтау шарты.
6 Кәсіпорынды сатып алу-сату шарты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

лекции гражданское право особенная часть.doc

— 621.50 Кб (Скачать документ)

          Гестордың қажетті шығындары  мен өзге де нақты залалын  мөлшеріне қарамастан мүдделі  тұлғаның өтемі гестордың іс-әрекеті  мен құтқарылған, мүліктің құнынан  аспайтын мөлшерде төленуге міндетті.

         Егер гестордың іс-әрекетінің салдарынан мүдделі тұлға пайда (кіріс) тапса онда ол гестордың залалдарын өтеумен қатар оған сыйақы да төлеуге міндетті. Оның мөлшері мүдделі тұлғаның пайдасына сүйене отырып анықталады. КРАК 860 бабы.

Мысалы адам өміріне  оның қандай да бір ауруының асқынуына байланысты жол бойына қауіп төнген кезде оның қасындағы жол серігі оған көмектесіп, ауруын жеңілдету мақсатында оның тамыр ішіне дәрі еңгізуі мүмкін. Дәрінің әсер ету эффектісінің білмегендіктен ол ауру адамның жағдайын ушықтырып жіберуі де мүмкін. Осындай мүмкіндікті ескере отырып, 863-бап басқаның мүддесіне жасалған іс-әрекеттермен келтірілген заңды өтеу туралы норманы қамтыған. Басқаның мүддесіне жасалған іс-әрекеттер мен келтірілген зиян мүліктік зиянды және мүліктік емес залалды өтеудің жалпы ережелері бойынша өтеледі.

           Егер тұлға басқаның мүддесіне  іс-әрекет жасай отырып, өз әрекеттерімен  басқа тұлғаны негізсіз байытса,  онда соңғысы негізсіз баю  міндеттемесі бойынша бірінші  тұлға (басқаның мүддесіне іс-әрекет  жасаған) алдында міндетті болады . АК862-бап.

6 Комиссия  шартының түсінігі мен элементтері

Комиссия шарты бойынша  бір тарап (комиссионер) екінші тараптың (комитент) тапсыруы бойынша сыйақы үшін комитент есебінен өз атынан бір  немесе бірнеше мәмле жасауға  міндеттенеді. Комиссия шарты да материалдық емес қызмет көрсетулерді туындататын шарттарға жатады. Комиссиялық қатынастар жаңа шектерде анықталады. Мысалы: еркін қоғамға өтуімізге орай шығармашылық кәсіп (суретшілер, халықтық кәсіп мамандары, скульпторлар және т.б.) адамдары белсенділік таныта түсті. Жеке сурет салондары, өнер салондары, халықтық кәсіп заттарын сататын дүкендер пайда болды.

Мұнда комиссия қатынастары  толыққанды қолданылуға ие болады. Меншік иесі затты бағалауға ғана жүгініп, оны өз бетінше сату туралы шешім қабылдауы мүмкін.

Комиссия шарты комиссионер  шартты орындауға байланысты комитентке затты сақтау бойынша қызмет көрсетуге  тиіс болатын қатынастарды бекітуге мүмкіндік береді.

Комиссия шарттары бағалы қағаздардың табиғи ресурстардың-мұнай, газ, көмір және т.б. айналымы кезінде қолданыла алады.

Комиссияның заңдық құрылымы тапсырмамен өтелмелі қызмет көрсету  сияқты аралас азаматтық құқықтық институттар  мен ортақ белгілерге ие. Өтелмелі қызмет көрсету кезінде атқарушы өз бетінше әрекет етеді, оның көрсететін қызметі сырттай орын алады, ал коммиссия қызметі «комитент еркінің жалғасы» сияқты болып табылады. Комиссиялық сауда кезінде жекелеген  тауарлардың, соның ішінде азаматтық қаруды көркемдік және тарихи құндылығы бар бұйымдарды және т.б. сату тәртібін реттейтін заңнама нормаларын сақтау талап етіледі.

Комиссия шартының тараптары  – комиссионер және комитент деп  аталады. Мүддесіне комиссия шарты  бекітілетін жеке немесе заңды тұлға  комитент болып табылады.

Комиссионер болып, әдетте, кәсіпкерлік қызмет субъектісі жеке немесе заңды тұлға табылады. Комиссия шартының пәні болып азаматтық айналымның барлық спектріндегі делдалдық қызметтер табылады. Комиссия пәніне комиссионердің тек мәміленің өзін ғана емес, сондай–ақ оны жасауға  қажетті іс–шараларды да жүзеге асыру кіре алады.

Комиссионер бірінші  кезекте, комиссия шарты арналып  бекітілген мәмілелерді жасауға  міндетті. Комиссионер мәмілелерді  жасай отырып, комитентің нұсқауларын  басшылыққа алуға комитент үшін тиімді болатын сол бір немесе өзге жағдайларды  ұстануға міндетті.

ҚР АК 871-бап комиссионердің мәмілені комитент мүдделері үшін жасайтындығы айқын көрінілген норманы көздеген. Комиссия шартын үшінші тұлғалармен орнатылатын заттық құқықтық қатынастар мен міндеттемелік құқықтық қатынастар нақты белгіленетін шарт болып табылады. Заттық құқықтық қатынастардың қатысушысы болып комитент табылады.

7 Комиссия  шарты бойынша жауапкершілік

Комиссионер мәміле бойынша  алынғанды комитентке беруге міндетті. Мүлікті комитентпен келіскен бағадан  төмен сатқан комиссионер комитентке айырманы өтеуге міндетті. Комиссионер өзіндегі комитент алдында жауап береді. Ол жалпы ереже бойынша комитенттің мүліктік құқықтарының бұзылуына алып келетін үшінші тұлғалардың әрекеттері үшін жауап бермейді.

Әдебиет: 1, 2 ,3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14

Бақылау сүрақтары

1 Сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң  мiндеттерi

2 Қосалқы комиссия

 

 

 

Тақырып № 3 Мүлікті  сенімгерлікпен басқару

Мақсаты: Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартының анықтамасын мазмұнын, элементтерiн, заңи мiнездемесiн ашу.

Жоспар

1 Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының жалпы ережелері.

2 Мүлікті сенімгерлікпен  басқару шартының түсінігі мен  элементтері.

3 Мүлікті сенімгерлікпен  басқару шартының мазмұны.

1 Мүлікті сенімгерлікпен  басқарудың жалпы ережелері

Мүлікті сенімгерлікпен басқаруды белгілеу кезінде сенімгер басқарушы, егер шартта немесе заң актілерінде өзгеше көзделмесе, өзінің иеленуіне, пайдалануына және билік етуіне берілген мүлікті пайда алушының мүддесі үшін өз атынан басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді.

         Мүлікті сенімгерлікпен басқару:

  1. мәміле (атап айтқанда, шарт бойынша, өсиетті орындаушы (сенімгерлікпен басқарушы) тағайындалған өсиет бойынша);
  2. сот шешімдері (банкроттық, әрекетке қабілетсіз, хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болды деп жарияланған азаматтың мүлкіне қорғаншылық белгілеген кезде және заң актілерінде көзделген басқа жағдайлар);
  3. әкімшілік акт (кәмелетке толмаған, қайтыс болған адамның мүлкіне қорғаншылық белгілеген; кәсіпкер мемлекеттік қызметке кірген кезде және заң актілерінде көзделген басқа жағдайлар) негізінде пайда болады (белгіленеді).

2 Мүлікті сенімгерлікпен  басқару шартының түсінігі мен  элементтері

         Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша бір тарап (сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы) екінші тарапқа (сенімгер басқарушыға) мүлікті сенімгерлікпен басқаруға береді, ал екінші тарап құрылтайшы атаған тұлғаның (пайда алушының) мүдделері үшін осы мүлікті басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді.

         Егер ҚР-ның заң актілерінде немесе көрсетілген шартта өзгеше белгіленбесе, мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының қолданылу кезеңінде сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы сенімгерлікпен басқарылатын мүлікке қатысты қандай да болсын іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы емес.

         Сенімгерлікпен басқару шартында:

  1. мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының нысаны және мерзімі;
  2. сенімгерлікпен басқаруға берілетін мүліктің құрамы;
  3. пайда алушы туралы нұсқау;
  4. сенімгер басқарушының есеп беру мерзімдері мен нысаны;

5)  мүлікті сенімгерлікпен  басқару шарты тоқтатылған жағдайда  сеніп тапсырылған мүлікті алатын  адамды көрсету көзделуге тиіс.

       Заңды мінездемесі:

  1. Нақты.
  2. Ақылы, егер заңда немесе шартта өзгеше көзделмесе сенімгер басқарушы ақысыз қызметтерді жүзеге асырады.
  3. Ақылы – өзара, ақысыз – бір жақты.

        Шарттың тараптары:

       1.Сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы (несие беруші, ол мүліктің меншік иесі). АК 884-бабына сәйкес өзге де заттық құқық субъектісі немесе мүлікті сенімгерлікпен

басқаруға беруге уәкілетті  құзыретті орган құрылтайшы бола алады.

       2.Сенімдік басқарушы. Ол кез келген адам бола алады.

       3.Пайда алушы. Сенімгер басқарушы болып табылмайтын кез келген адам, сондай-ақ мемлекет немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс бола алады.

       Сенімгер басқарушы мүлікті сенімгерлікпен басқаруды жеке өзі жүзеге асырады. Сенімгер басқарушы өзіне сеніп берілген мүлікті басқару үшін қажетті іс-әрекетті жасауды, егер ол бұған мүлікті сенімгерлікпен басқаруды құру туралы акт арқылы уәкілетті болса не бұған пайда алушының мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты мән-жайлар себепті мәжбүр болса және бұл орайда құрылтайшының нұсқауларын сұрауға мүмкіндігі болмаса басқа адамға тапсырма болады. Бұл орайда сенімгер басқарушы өзі таңдап алған сенім білдірушінің іс-әрекеті үшін өзі жасағандай жауап береді.

         Сенімгер басқарушы сенімнің ауысуы туралы алғашқы мүмкіндік туысымен құрылтайшыға хабарлауға міндетті. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе бұл жағдайда құрылтайшы сенімгер басқарушыға бұрын жасалған шығындарын өтеп, ал егер сенімгерлікпен басқару кәсіпкерлік қызмет болса шеккен залалдары да өтеу мүлікті сенімгерлікпен басқаруды тоқтату туралы мәлімдеуге құқылы.

          Мүлікті сенімгерлікпен басқару объектілері.

         Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, ақшаны, бағалы қағаздарды және мүліктік құқықтарды қоса алғанда, кез келген мүлік сенімгерлікпен басқару объектісі бола алады.

Шарттың объектісі –  келешекте пайда болатын заттар бола алады. 

          Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының нысаны.

      Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты жазбаша нысанда жасалады. Қозғалмайтын мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты, қозғалмайтын мүлікті иеліктен айыру туралы шарт үшін көзделген нысан мен тәртіп бойынша жасалады. Шарт нысанын сақтамау немесе қозғалмайтын  мүлікке арналған шартың тіркелімнің болмауы оның жарамсыздығына әкеп соғады.

3 Сенімгерлікпен басқару шартының мазмұны

          Сенімгер басқарушының құқықтары мен міндеттері.

        1.Сенімгер басқарушының мүлікті  дұрыс басқару мақсатында сеніп  тапсырылған мүлікпен меншік  иесі жасай алатын кез келген  іс-әрекетті жүргізуге құқығы  бар. 

        Сеніп берілген мүлікке сенімгер  басқарушының құқығы заң актілерімен,  шартпен немесе мүлікті сенімгерлікпен  басқару пайда болған негізге  алынған өзге де актімен шектелуі  мүмкін.

        Сенімгер басқару қозғалмайтын  мүлікті иеліктен айыру мен  кепілге салуды, сенімгерлікпен басқаруды белгілеу туралы актіде ол тікелей көрсетілген жағдайда ғана жасауға құқылы.

         2.Сенімгер басқарушының мүлікті  сенімгерлікпен басқару кезінде  өзі жасаған қажетті шығындарды  құрылтайшының (пайда алушының) есебінен, не сеніп тапсырылған мүліктің есебінен, не сеніп тапсырылған мүліктің есебінен, не сеніп тапсырылған мүлікті пайдаланудан түскен кірістің есебінен өтетіп алуға құқығы бар.

         Егер мүлікті сенімгерлікпен  басқаруды белгілеу туралы актіде  көзделсе, сенімгер басқарушының сыйақы алуға құқығы бар.

         3.Сенімгер басқарушының басқа  біреудің заңсыз иеленуінен өзіне  сеніп тапсырылған мүлікті қайтарып  алуға, сондай-ақ оның басқару  құқығын бұзушылықты жоюды, бұл  құқық бұзушылық иеленуді бұзумен  байланысты болмаса да, талап етуге құқығы бар.

          4.Сенімгер басқарушы құрылтайшыға  және пайда алушыға, мүлікті  сенімгерлікпен басқару шартында  белгіленген мерзім мен тәртіп  бойынша өз қызметі туралы  есеп береді. Құрылтайшының және  пайда алушының талап етуі  бойынша сенімгер басқарушының қызметі туралы есеп өзге жағдайда да дереу берілуге тиіс.

          5.Сенімгер басқарушының өзі үшін  белгіленген шектеулерді бұза  отырып жасаған мәмілесі, егер  мұндай мәмілеге қатысушы үшінші  тұлға ондай шектеулерді білмесе  және білуге тиіс болмаса, жарамды деп танылады. Бұл жағдайда сенімгер басқарушы құрылтайшы алдында шартқа және заң актілеріне сәйкес жауап береді.

           Сенімгер басқарушы өзіне берілген  құқықты асыра пайдаланып немесе  өзі үшін белгіленген шектеулерді  бұзып жасаған мәміле бойынша міндеттемені сенімгер басқарушы өз мүлкі есебінен мойнына алады.

          Мүлікті сенімгерлікпен басқару  шартының тоқтатылуы.

          Мүлікті сенімгерлікпен басқару  шарты міндеттемелерді тоқтатудың  жалпы негіздерімен қатар:

Сенімгер басқарушы-азамат қайтыс болғанда, оны өлді деп жарияланғанда, оны әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі, хабар-ошарсыз кеткен деп танығанда; заңды тұлға-сенімгер басқарушы таратылғанда;

Сенім білдірілген мүлікті  басқаруды жеке жүзеге асыру сенімгерлікпен басқарушы үшін мүмкін болмауына байланысты сенімгер басқарушы немесе құрылтайшы бас тартқанда;

Сенімгер басқарушыға  залалдар және шартта көзделсе, сыйақы төленген жағдайда құрылтайшы шартты орындаудан бас тартқанда;

Егер шартта көзделсе, кепіл ауыртпалығымен берілген мүлікті сыйақы бере отырып басқаруға беру туралы сенімгер басқарушыға хабарланбаған жағдайға орай ол бас тартқанда тоқтатылады.

          Сеніп тапсырылған мүлікке меншік  құқығының ауысуы мүлікті сенімгерлікпен  басқаруды тоқтатпайды.

         Сенімгерлікпен басқару шарты  тоқтатылған кезде сеніп тапсырылған  мүлік шартта көрсетілген тұлғаға  сенімгерлікпен басқаруға беріледі.

         Құрылтайшы банкрот болған кезде  мүлікті сенімгерлікпен басқару  тоқтатылады және сеніп тапсырылған мүлік конкурстық массаға беріледі. Жеке адам-құрылтайшы қайтыс болған жағдайда сеніп тапсырылған мүлік мұрагерлік массасына келіп түседі.

          Егер заң актілерінде немесе  шартта өзге мерзім көзделмесе, тараптардың бірінің бастамашылығы  бойынша шарт тоқтатылған кезде екінші тарап кемінде үш ай бұрын хабардар етілуі тиіс.

Әдебиет: 1, 2 ,3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14

Бақылау сұрақтары

1 Мүлiктi сенiмгерлiкпен  басқару субъектiлерi

2 Мүлiктi сенiмгерлiкпен  басқару объектiлерi

Информация о работе Сатып алу-сату шарты