Сатып алу-сату шарты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2014 в 00:30, лекция

Краткое описание

1Сатып алу-сату шарты.
2 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты.
3 Тауар жеткізілімі шарты.
4 Келісім шарт жасасу шарты.
5 Энергиямен жабдықтау шарты.
6 Кәсіпорынды сатып алу-сату шарты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

лекции гражданское право особенная часть.doc

— 621.50 Кб (Скачать документ)

3 Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып № 3 Кешендi кәсiпкерлiк лицензия (Франчайзинг)

Мақсаты: Франчайзинг шартының анықтамасын, мазмұнын, элементтерiн, заңи мiнездемесiн ашу.

Жоспар

1 Кешендi кәсiпкерлiк лицензия  шартының ұғымы.

2 Кешендi кәсiпкерлiк лицензия  шартының элементтерi, түрлерi.

3 Шарттың тараптары мен өзге де қатысушылары.

4 Шарт пәнi.

5 Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының мазмұны.

1 Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының ұғымы

        Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының ұғымы, шарты рента, лизинг, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарттарымен қатар жаңа шарттық институттарға жатады.     Франшиздiк келiсiм деп-лицензияр белгiлi бiр iскерлiк операцияларды (бизнестi) лицензиярға тиесiлi атаумен жүргiзуге және оның кәсiпкерлiк қызметiнiң әдiсiн пайдалануға лицензия беретiн шартты түсiнемiз. әдетте франшиздiк келiсiм лицензияға рұқсат етiлген iскерлiк белсендiлiкке лицензияның әрекет ету мерзiмi iшiнде қатал бақылау жасау мүмкiндiгiн бередi.

         Франчайзингке таралған халықаралық-жеке  құқықтық институттардың бiрi  болып табылады. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) шарты Азаматтық кодексте, дәл сол атаумен, 45-тару 896-909-баптардың нормаларымен реттелген.

          Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты  бойынша бiр тарап (кешендi лицензиялар)  екiншi тарапқа (кешендi лицензиатқа) сыйқыға айрықша құқықтар кешеннiң (лицензиялық кешен), соның iшiнде лицензиялардың фирмалық атауын және қорғалатын коммерциялық ақпаратты пайдалану құқығын, сондай-ақ лицензияттық кәсiпкерлiк қызметiнде пайдалану үшiн шартта көзделген айрықша құқықтарды басқа да обьектiлерiн (тауар белгiсiн, қызмет көрсету белгiсiн, патент және т.б.) беруге мiндеттi.

     2 Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының элементтерi, түрлерi    

     Франчайзингтiң  лицензиялық келiсiмдердiң басқа  түрлерiнен ерекшелiгi кешендi кәсiпкерлiк лицензия арқылы айрықша лицензияны беру қамтамасыз етiлетiндiгiнде. Оның тағы бiр ерекшелiгi-ол интелектуалдық меншiктiң жеке обьектiсiне деген құқықтарды беру жөнiнде бекiтiлмейдi, ол лицензиялық кешенге деген құқықтрды берудi бiлдiредi. Франчайзинг шарты қызмет көрсету элементтерi мен күрделенуi мүмкiн. Ол айқын кәсiпкерлiк сипатқа ие.

      Бұл  шарттың мақсаты болып халық  тұтынатын тауарларды (өндiрiстiк)  өндiрудiң құралдарын тарату табылады.

      Осыған  сүйене отырып кешендi кәсiпкерлiк лицензияның (франчайзингтiң) түрлерiн ажыратуға болады. Оларға мыналар жатады:

1)кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг)-жұмыс орны соған  сәйкес лицензиар дайын жұмыс  орнын құрады және оны лицензиялық  кешенмен бiрге лицензиатқа-жеке  кәсiпкерге бередi;

2)кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) кәсiпорын, бұл кезде лицензия кәсiпорын құрады және оны лицензиялық кешенмен бiрге лицензиятқа бередi;

3)конверсиалық кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг), бұл жағдайда тараптар құрылымдық  бөлiмшелердi жеке кәсiпорындарға  қайта құру негiзiнде шарт бекiтедi;

4)көбейтiлген кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг), соның негiзiнде лицензиат бiрнеше кәсiпорындар құрады;

5)өндiрiстiк кешендi кәсiпкерлiк  лицензия (франчайзинг) бұл жағдайда  кешендi лицензиар кешендi лицензиатқа  кешендi лицензиармен немесе оның  келiсiмiмен жеткiзiлетiн шикiзатты материалдарды, техналогияларды және жабдықтарды пайдаланумен өз тауар белгiсiне дараландырудың өзге де құралы мен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өндiруге немесе оларды өндiрiп сатуға деген құқықты бередi;

6)тауарлы кешендi кәсiпкерлiк  лицензия (франчайзинг), бұл орайда кешендi лицензиар кешендi лицензиатқа кешендi лицензиармен берiлетiн не оның келiсiмiмен белгiленетiн маркетинг технологиясын пайдаланумен өз тауар белгiсi бойынша немесе дараландырудың өзге де тауарларды (жұмыстарды қызмет көрсетулердi) сату құқығын бередi. Заңнамамен кешендi кәсiпкерлiк лицензияның (франчайзинг) өзге де түрлерi көзделуi мүмкiн.

          Құрылымы боынша кешендi кәсiпкерлiк  лицензия шарты консенсуалды, екi жақты және ақылы шарт болып  табылады.

          Франчайзинг шарты кәсiпкерлiк болғандықтан жазбаша нысанада жазылуға тиiс.

          Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты  мерзiмдi шарт және мерзiмсiз шарт (оның әрекет ету мерзiмiн көрсетусiз)  ретiнде де бекiтiле алады.

3 Шарттың тараптары мен өзге де қатысушылары

          Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының тараптары болып кешендi лицензиар және кешендi лицензиат табылады. Шарттың екi тарабы да кәсiпкерлер болып табылады.

          Кешендi лицензиар-бұл лицензиялық  кешенге деген айрықша құқықтар  кешенiн беретiн субьект. Бұл құқықтардың көлемi оларды шарт бойынша одан әрi беру үшiн жеткiлiктi болуға тиiс. әдетте, лицензиалар ретiнде интелектуалдық меншiк обьектiлерiне (лицензиялық кешенге) құқықтардың бастапқы иесi болады.

          Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша құқықтарды беру рәсiмi жағынан кәсiпкерлiк қызмет болады және субьект оны жүзеге асыра отырып өзiн кәсiпкер ретiнде көрсететiндiгiн атап өту маңызды. Осыдан франчайзинг шартының басқа шарттардан соның iшiнде, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартынан ерекшелiгi көрiнiс табады. Соңғы шарт, кейбiр жағдайларда өзi арқылы кәсiпкердiң мүмкiн берудi қамтамасыз ете отырып, сонымен бiрге оның кәсiпкерлiк қызметке қатысуының аяқталғандығын (мүмкiн уақытша) бiлдiредi.

4 Шарт пәнi

          Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының пәнi болып лицензиаларға тиесiлi айрықша құқықтар табылады. Интеллектуалдық меншiк обьектiлерiнiң үлгiлiк тiзiмi АҚ-ң 961-бабында келтiрiлген. Лицензиялық кешеннiң негiзгi құрамдас бөлiгi болып азаматтық айналым қатысушыларын және олардың тауарларын жұмыстары мен қызмет көрсетулерiн дараландыру құралдары табылады. Оларға аталған баптың 3-тармағына сәйкес фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер (қызмет көрсету белгiлерi) жатады. Обьективтi себептерге байланысты лицензиялық кешеннiң құрамында тауарлар шығарылатын жерлердiң атауларын (шығатын жерлерiн көрсету) беру бiрқатар жағдайларда орынсыз болады. Егер заңды актiлермен тауарларды (жұмыстарды қызмет көрсетулердi) дараландырудың басқа да құралдары көзделетiн болса, онда олар да лицензиялық кешендердiң құрамына енгiзiлетiн болады.

           Құқықтар кешенiнiң бөлiнбейтiндiгi  туралы талап жоқ. Тараптар  лицензиялық құқықтардың өздерiнiң  көңiлдерiнен шығатын “пакеттерiн”  өз беттерiнше құрастыра алады.  Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының  пәнi болып айрықша тектi тауар (денесiз заттар немесе басқаша айтқанда мүлiктiк құқықтар) табылады деп айта аламыз. Осы мүлiктiк құқықтардың басқаларынан ерекшелiгi-олар оның иесiне кейiннен кiмнен болса да қандай да бiр ақшаны немесе заттарды берудi талап етуге мүмкiндiк бермейдi. Олар өз алдына жеке бiр құндылық болып табылады.

           ҚР АК 896-бабының 2-тармағына сәйкес  лицензиялық кешенмен қатар кәсiпкердiң  (лицензиардың) iскерлiк беделi мен  коммерциялық тәжiрибесi сияқты  интеллектуалдық меншiк сипатына ие емес игiлiктердi беру мүмкiндiгi. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия пәнiнiң аясы берiлуге жатпайтын игiлiктер мен және әрекет етушi заңнамаға сәйкес оларға iскерлiк бедел жатпайтын кәсiпкер құқықтармен шектелуге тиiс. Лицензиялық кешендердi беруге мүмкiндiк бермейтiн обьективтiк фактор болып, лицензиялармен қатар шығармашылық интелектуалдың қызмет нәтижелерiнiң құқық иелерi болып табылатын субьектiлердiң мүдделерiне зиян келтiру мүмкiндiгi табылады.

Әдебиет: 1, 2 ,3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14

Бақылау сүрақтары

1 Лицензиардың мiндеттерi

2 Лицензиаттың мiндеттерi

 

Тақырып № 3 Конкурстық міндеттемелер

Мақсаты: Конкурстық мiндеттемелерiнiң түсiнiгiн ашу, конкурстың тұрлерiн және конкурстық мiндеттемелерiнiң спецификасын қарастыру.

Жоспар

1 Конкурстық міндеттемелер ұғымы және түрлері.

2 Тендер.

3 Аукцион.

4 Лотерея.

1 Конкурстық  міндеттемелер ұғымы

           Конкурстық міндеттемелер бір  жақты іс-әрекеттерден туындайтын  міндеттемелердің тағы бір түрі  болып табылады. Оларды шетелдік  мемлекеттердің жеке құқығында квация келісім шарттық деп атайтын міндеттемелердің белгілері жақын көрініс тапқан.

          Конкурс жария еткен шарттарды  жария еткен тұлға офектолар  жасауды ұсынды және өзіне  ең жақсы жағдайлары бар офектоға  қосылу міндеттемесін алады.

         Делдал мен бастамашының құқықтары мен міндеттері олардың арасындағы шартпен анықталады, ол шарт, өз кезегінде,табиғаты жағынан комиссия немесе тапсырма шарты болады.

         Конкурс ашық болуы мүмкін. Ол  бойынша конкурс бастамашысының  конкурсқа қатысу туралы ұсынысы барлық тілек білдірушілерге арналады. Мұндай баспасөз немесе өзге де бұқаралық ақпарат құралы арқылы хабар жолдаумен жойылады. Конкурсқа қатысуға тілек білдіруші тұлғаларға алдын ала іріктеу жүргізгенде ашық конкурс оған қатысушылардың біліктілігімен байланыстырылуы мүмкін.

          Ашық конкурсқа қарағанда, конкурсқа  қатысуға шақырған ұсыныс конкурс  бастамашысының таңдауы бойынша  тұлғалардың белгілі бір тобына  жалдағанда жабық конкурс жариялануы  мүмкін.

2 Тендер

1.Тендер нысанындағы  конкурстық саудаластық кезінде оның бастамашысы(ұйымдастырушы) өзі ұсынған бастапқы шарттардың негізінле тендер бастамашысы үшін шарттың ең жақсы талаптарын ұсынған тендер қатысушымен шарт жасауға (сатып алушы, сатушы, тапсырысшы, мердігер, жалға беруші, жалға алушы және тағыда басқа ретінде) міндеттенеді.

2.Тендерге қатысушылар,  тендер шарттарында белгіленген  мерзімінің шегінде тендер бастамашысына  немесе оның ұйымдастырушына  тендермен ұйғарған барлық құжаттаманы  қоса бере отырып, өз ұсыныстарын  жазбаша түрде жібереді. Тендердің шарттарында ұсыныстарды желімденген конверттермен және ревиздермен жіберу көзделуі мүмкін.

Ұсыныстарды беру мерзімдерін  бұзу, егер оның бастамашысы мерзімін өткізіп алған тұлғаның тендерге қатысуға жіберілген туралы жазбаша  түрде хабарламасы, мерзімін өткізіп алған тұлғаны тендерге қатысушылардың қатарына шығаруға әкеп соғады.

3.Тендерге қатысушылар  арасынан оның жеңімпазын тандап  тендер бастамасшысы немесе ол  құрған тендер коммисиясы жабық  немесе тендердің шарттары бойынша   ашық тәртіппен жүргізіледі.

4.Егер тендерге қатысушылар  екеуден аз болса немесе тендерге  қатысушылардың ұсыныстарын оның  бастамасшысы тендердің талаптарын  қанағаттандырмайды деп таныса, оның бастамасшысы тендерді өткізілмеген  деп танылуы мүмкін.

5.Тендердің жеңімпазы  мен оның бастамашысы тиісті шарт жасасады. Тендердің бастамашысы жеңімпазбен тиісті шарт жасасудан бас тартқан жағдайда тендердің жеңімпазы оған келтірілген залалдарды өтетіп алуға құқылы.

6.Тендердің шарттарында  тендерге әрбір қатысушының тендер  қорытындылары шығарылғаннан кейін қатысушыларға қайтарылатын кепілдік жарна енгізілуі көзделуі мүмкін.

          Егер тендрге қатысушы тендердің  мерзімі өткенге дейін өз ұсынысынан  бас тартса немесе оны өзгертсе, кепілдік жарна қайтарылмайды.

         Жеңімпаз, тендір жеңімпазының ұсыныстарына жауап беретін жағдайларда тендер бастамашысымен тиісті шарт жасасудан бас тартса, кепілдік жарна жеңімпазға қайтарылмайды.

3 Аукцион

       Аукцион  нысанындағы конкурстық саудаластық  кезінде сатушы аукционның затын  ол үшін неғұрлым жоғары баға ұсынатын аукционға қатысушыға сатуға міндеттенеді.

1.Аукцион сатушы жариялаған  бағаны арттыру немесе кеміту  талаптарымен өткізілуі мүмкін.

2.Бағаны төмендетемін  өткізілетін аукцион шарттарында  заттың сатылуы мүмкін болатын  ең төмен көзделуі мүмкін.

3.Азаматтық айналымнан  шығарылмаған кез келген қозғалатын  немесе қозғалмайтын мүлік, импорттық,  экспорттық және өзге де квоталар  мен лицензияларды қоса алғанда  шарттармен мүліктік құқықтар  аукционның нысаны болуы мүмкін.

4.Аукционға қатысу  туралы ұсыныстар аукцион заты, оның өтетін орны мен уақыты туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.

5.Аукционға қатысуға  тілек білдірген тұлғалар, егер  оны өткізудің шарттарында өзгеше  белгіленбесе, аукцион басталғанға  дейін аукционға қатысуға өтініш  беруге және кепілдік жарнаның белгіленген сомасын енгізуге тиіс.

6.Егер аукционға кемінде  екі қатысушы(сатып алушы) қатысса,  ол өте алады.

7.Егер аукционның затын  оған қатысушылардың бірде-бірінің  сатып алғысы келмесе, бастапқы  баға төмендетілуі немесе аукционның  заты осы аукционнан  алып тасталуы мүмкін.

Информация о работе Сатып алу-сату шарты