Сатып алу-сату шарты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2014 в 00:30, лекция

Краткое описание

1Сатып алу-сату шарты.
2 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты.
3 Тауар жеткізілімі шарты.
4 Келісім шарт жасасу шарты.
5 Энергиямен жабдықтау шарты.
6 Кәсіпорынды сатып алу-сату шарты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

лекции гражданское право особенная часть.doc

— 621.50 Кб (Скачать документ)

8.Егер аукцион шарттарында  өзгеше белгіленбесе ең жоғарғы  баға ұсынған аукционға қатысушымен  оған аукционның затыосы аукционнан  алып тасталуы мүмкін.

9.Егер сатып  алушы осы баптың 9-тармағында  көзделген шартты жасасудан бас тартса, бұл аукционға қатысушылардың қатарынын шығарылады, оған кепілдік жарна қайтарылмайды, ал сатып алушы сатып алудан бас тартқан аукционның заты қайтадан саудаластыққа қойылуы мүмкін.

10.Аукционға қатысқан, бірақ онда ештене сатып алмаған  тұлғаларға кепілдік жарнаның сомасы қайтарылады.   

          Аукционның қандайда болмасын  затын сатып алған тұлғаға  кепілдік жарнасының сомасы төленген  сатып алу бағасының есебіне  есептеледі.

4 Лотерея

             Сыйақыға жария уәде беруге  лотореялар, тотализаторлар және өзге де ойындар жатады. Бұл конкурстық міндеттеме субъектілік құраммен ерекшеленеді. Лотереялардың, тотализаторлардың, ойындардың ұйымдастырушылары болып уәкілетті органдар (немесе олардың өкілдері) арқылы мемлекет немесе әкімшілік аумақтық  бөлініс, не уәкілетті мемлекеттік органдар лотереялар, тотализаторлар мен тәуекелге негізделген басқа да ойындар өткізуге лицензия алған субъектілер табылады.

            ҚР АК 913-бабында сөз болып отырған  лотереялар тотализаторлар немесе  өзге де ойындар тәуекелге негізделген. Оларға қатысу жөніндегі ұсыныс әр уақытта адамдардың белгісіз тобына арналады.

            Аталған баптың 1-тармағына лотереялық  билет, түбіртек немесе өзге  құжат берумен рәсімделетін және  ойынға қатысушы лотереялық билеттің  құнын немесе ойынға қатысудың өзге төлемін төлеген кезден бастап жасалған боп танылатын шарт туралы айтылған.

           Мұндай шарттың болуы конкурстық  міндеттеменің пайда болуының  тек бір ғана алғышарты болып  табылады. Шарт ойынға қатысу  үшін қатысушының төлем енгізуіне және оны ойынға қатысуға ойындардың ұйымдастырушысымен жіберуге қатысты тараптардың құқықтары мен міндеттерін бекітеді.

           Ойындарды ұйымдастырудан туындайтын  міндеттеменің өзі ойынның қатысушысы  сол бір немесе өзге ойын  бойынша ұтыскер критерийлеріне  сай келген жағдайда ғана туындайды.

             Ұйымдастырушы міндеттемесінің  мәнісі мынада: лотерея, тотализатор  немесе өзге де ойындар өткізу  шарттарына сәйкес ұтыскер болып  танылатын адамдарға ұйымдастырушылар  ойындарды өткізудің шарттарында көзделген мөлшер мен нысанда ақшалай немесе заттай ұтысты төлеуге тиіс. Ұтысты төлеу мерзімдері ойындардың шарттарымен анықталуға тиіс. Егер мерзім көрсетілмесе ұтыс ойындардың нәтижелері шыққан кезден бастап он күннен кешіктірілмей төленуге тиіс.

           Егер ойындардың ұйымдастырушысы ұтысты төлеу жөніндегі өз міндетін орындамайтын болса, онда оларды ұтып алған қатысушы оған ұтысты төлеуді, сондай-ақ өзіне келтірілген залалдарды өтеуді талап етуге құқылы. Әрекет етуші заңнамада ойындар мен бас тартудан туындайтын талаптардың пайда болу мүмкіндігі танылады. Бірақ оларды осы құқықтық терминнің толық мағынасында міндеттемелер деп атауға да болмайды.   Осы «міндеттемеден» туындайтын талаптар сот тарапынан қорғалуға жатпайды және соған орай, оларды орындау «борышқордың» еркіне қалдырылады.

Әдебиет: 1, 2 ,3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14

Бақылау сұрақтары

1 Конкурстық мiндеттеменiң  мазмұны

2 Сыйақыға жария уәде  беру

3 Тендер, аукцион

 

Тақырып № 3 Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер

Мақсаты: Залал келтiру салдарынан туындайтын мiндеттер дiң мазмұнын, түсiнiгiн қарастыру.

Жоспар

1 Зиян келтірудегі  туындайтын міндеттемелердің түсінігі  мен маңызы.

2 Зиян келтіруден туындайтын  міндеттемелердің пайда болу  шарттары.

3 Зиян келтірудің жекелеген  жағдайлары үшін туындайтын жауапкершілік.

4 Адамның өмірі мен  денсаулығына келтірілген зиян  үшін және моральдық зиян келтіргені  үшін жауапкершілік.

1 Зиян келтіруден  туындайтын міндеттемелердің түсінігі  мен маңызы 

           Зиян келтіру өндіріс аясында  орын алады, ол автокөліктер мен басқа да көлік құралдарының иелерімен, қауіпті заттармен, жануарлармен, тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатудан, лауазымды тұлғалармен мемлекеттік билік пен басқару органдарының заңсыз іс-әрекеттерімен және т.б. келтіріледі.

          Субъектілердің іс-әрекеттері зиян  келтіре отырып, бірқатар жағдайларда,  құқыққа қайшы сипатқа да ие  болады. Оларды жасаған тұлғаға  азаматтық-құқықтық жауапкершілік  жүктелуге мүмкін болатын белгілерге  сәйкес болған кезде азаматтық-құқықбұзушылық, яғни деликтілік сипатқа ие болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда олар азаматтық –құқықтық жауапкершіліктің негіздемесі ретінде бағаланады.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік  – заңдық (құқықтық) жауапкершіліктің бір түрі болып табылады.Оған да заңдық жауапкершіліктің белгілері тән.

     Олар:

  1. Мемлекеттік мәжбүрлеумен ажырағысыз байланыс;
  2. Іс-жүзіндегі негіздеме – құқықбұзушылық болуы;
  3. Құқықбұзушы тәртібінің мемлекеттік және қоғамдық айыптаумен байланысы.

          Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің басқа да заңдық (құқықтық)  жауапкершіліктерден тағы бір ерекшелігі ол туралы нормалар оны жүзеге асырудың ерікті тәртібінде жоққа шығармайды. Соған орай азаматтық-құқықтық жауапкершілікті азаматтық құқық теориясында жасалып қойған құқықбұзушылықтар үшін жауап беру қажеттілігі ретінде анықтайды.

          Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен  деликт жасаған құқықбұзушыға  әсер ету шарасы болып табылады.Зиян  келтіргені үшін (шарттан тыс,  деликтілік) жауапкершілік аясында  негізгі санкция болып келтірілген  зиянды өндіріп алу табылады. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің жеке сипаттылығының тағы бір қыры – азаматтық-құқықтық жауапкершілік лекциялары жәбірленушінің өз пайдасына қолданылады, ал жария – құқықтық жауапкершілікті қолдану санкцияларды салыстырмай-ақ біреудің пайдасына (мысалы, бас бостандығынан айыру) не мемлекет пайдасына(мүлікті конфискациялау, әкімшілік айыппұл) қолдануға алып келеді.

             Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме  – бұл зиян келтірушінің немесе  заңнамада аталған өзге де  тұлғаның келтірілген зиянды толық көлемде өтеу міндетін қамтыған, жеке немесе заңды тұлғалардың (мемлекеттік немесе әкімшілік-аумақтық бөліністің) заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне құқыққа қайшы іс-әрекеттерімен (әрекетсіздікпен) мүліктік және мүліктік емес зиян келтіру салдарынан тікелей заңнама нұсқауларынан туындайтын міндеттеме.

           Міндеттеме субъектісі болып кредитор (жәбірленуші) және борышқор (зиян келтіруші немесе оның әрекеті үшін заң бойынша жауапты өзге де тұлға) табылады. Жәбірленуші ретінде кез келген жеке және заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөліністер бола алады. Объективті түрде, өмірі мен денсаулығына зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша кредиторлар ретінде, егер сөз регрестік міндеттемелер туралы болып отырмаса, жеке тұлғалардан басқа өзге субъектілер бола алмайды. Борышқорлар ретінде кез келген субъектілер болып табылады.

            Зиян келтіру салдарынан туындайтын  міндеттеме бір жақты міндеттеме  болып табылады.

2 Зиян келтіруден  туындайтын міндеттемелердің пайда  болу шарттары

           Зиян келтіргені үшін жауапкершіліктің  жалпы негіздері (шарттары) болып  мыналар табылады:

  1. Құқыққа қайшы іс-әрекет (әрекетсіздік);
  2. Зиянның болуы;
  3. Тұлғаның іс-әрекеті (әрекетсіздігі) мен туындаған қайшы салдардың (зиянның) арасындағы себепті байланыс;
  4. Кінә.

            Зиян – бұл белгілі бір көлемде  және заңмен көзделген тәсілдер  мен оның салдарын жоюды немесе  өтеуді талап ету құқығын белгілі  бір тұлғаларға берілетін, материалдық  немесе материалдық емес игіліктерді кемітуден көрініс тапқан құқық бұзушылықтың жағымсыз салдары (азаматтық құқықта ол сондай-ақ құқық бұзушылық элементі).

            Зиян азаматтық құқықта мүліктік  және мүліктік емес деп бөлінеді.

     Себепті  байланыс –бұл азаматтық құқық  бұзушылықтын элементі және обьективті  категория.Себепті байланыс екі түрлі маңызға ие:

  1. Жауапкершілікті сол бір немесе өзге тұлғаға жүктеу мүмкіндігі туралы қорытынды жасау ;
  2. Себеп сал байланысы зиянды өтеу шектерін белгілеуге мүмкіндік беретін объективті критерийі болып табылады.

     Азаматтық  құқық бұзушылық құрамының соңғы  элементі – кінә. Азаматтық құқықтық  жауапкершілік жүктелген кезде  жәбірленген тараптық кінәлігі  ескеріледі. Егер жәбірленушінің  өзінің өрескел абайсыздығы зиянның  пайда болуына немесе ұлғаюына  себеп болса, жәбірленуші мен зиян келтіруші кінәсінің дәрежесіне қарай өтеу мөлшері азайтылуға тиіс.

      Азаматтың  өмірі мен денсаулығына зиян  келтірілген жағдайда зиянды  өтеуден толық бас тартуға  жол берілмейді.

     Азаматтық  құқық бұзушылықтың құрамы тек үш элементтен ғана құралады. Олар:

Құқыққа қайшы іс-әрекет (әрекетсіздік) зиян; Іс-әрекетпен туындаған  зиян арасындағы себеп сәл байланысы.

3 Зиян келтірудің  жекелеген жағдайлары үшін туындайтын  жаупкершілік

     Зиян келтірудің жекелеген жағдайлары үшін туындайтын жауапкершілік туындайтын жағдайлардың бірі болып өзінің еңбек (қызметтік, лауазымдық) міндеттерін атқару кезінде жұмыскермен келтірілген зиянды өтеу кезіндегі міндеттеме табылады.

      Зиянды  өтеу міндеті жүктелуі мүмкін  болатын субеъктілер болып азаматтар мен еңбек құқықтық қатынастарына түсе алатын кез келген тұлғалар табылады. Оған кез келген заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер жатады.

       Зиян  еңбек шартының шарттары мен  немесе заңнамамен жұмыс уақыты  ретінде анықталған кез келген  уақытта келірілуі мүмкін. Ол мерзімінен тыс жұмыс жасағанда, демалыс және жұмыс күндері жұмыс істеген кезде келтірілуі мүмкін.

       Шаруашылық  серіктестіктер, акционерлік қоғамдар  мен өндірістік кооперативтер  өздерінің қатысушылары серіктестіктің  акционерлік қоғамның немесе кооперативтің кәсіпкерлік өндірістік немесе өзге де қызметін жүзеге асыруы кезінде соңғылары келтірген зиянды өтейді.

       Зиян  мемлекеттік басқару органының  иелігіндегі қаражат есебінен  өтелуге тиіс. Қаражаттың жетіспеушілігі  орын алған кезде зиян мемлекеттік қазына есебінен субсидиарлық тәртіпте өтелетін болады. Егер азамат жала жасаса оған келтіріген зиян өтелуге жатпайды.

      Азаматтық-құқықтық  жауапкершілікті сақтандырған кезде  сақтандыру жағдайы туындағанда  жауапкершіліктің негізгі субъектісі болып сақтандырушы табылады. Егер сақтандыру сомасы (тиесілі сақтандыру төлемі) жеткіліксіз болса, онда жауапкершілікке тікелей зиян келтірушінің өзі де тартылуы мүмкін. Ерікті немесе міндетті түрде сақтандыру тәртібі мен өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырған заңды немесе азамат келтірілген зиянды толық өтеу үшін сақтандыру сомасы жеткіліксіз болған жағдайда сақтандыру сомасы мен залалдың нақты мөлшерінің арасындағы айырманы төлейді.

           14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жауапкеріліктің дербес субъектілері болып табылмайды. Олармен келтірілген зиян үшін ата-аналар (асырап алушылар), қамқоршылар, егер зиян олардың кінәсімен болмағанын дәлелдемесе жауап береді. Аталған субъектілерден басқа, жас балалардың іс-әрекеттері үшін оларды асырауға емес, ал оларға қадағалау жасасуға міндетті мекемелер (тәрбие, емдеу немесе басқалары) жауап беруі мүмкін.

            14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке  толмағандар өздері келтірілген  зиян үшін жалпы негіздер үшін  дербес жауап береді.

           Сотпен әрекетке қабілетсіз деп  танылған тұлғалар өздері келтірілген  зиян үшін дербес жауапкершілікке  тартылмайды. Әрекетке қабілетсіз  деп танылған азамат келтірген  зиянды егер олар зиян өздерінің   кінәсінен болмағанын дәлелдемесе,  оның қорғаншысы немесе оны қадағалауды (психиатриялық мекеме жүзеге асыруға міндетті ұйым өтейді.

            Тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) кемшілігінен туындаған зиян, егер  ол тауардың ( жұмыстың, қызмет көрсетудің) жарамдылығының (қызметтің) белгіленген мерзімдері ішінде келтірілсе, өтелуге, ал жарамдылық мерзімі белгіленбесе – тауар өндірілген күннен бастап 10 жыл ішінде өтелуге тиіс.

            Аталған мерзімдерден тыс мына  жағдайларда зиян өтелуге жатады:

а) егер заң актілерінің  талаптары бұзыла отырып жарамдылық мерзімі белгіленбесе;

б) егер сатып алушы  жарамдылық мерзімі өткеннен кейін  қажетті іс-әрекеттер жасау туралы және аталған іс-әрекеттерді орындамаған  жағдайда мүмкін болатын зардаптар  туралы ескертілмесе.

Информация о работе Сатып алу-сату шарты