Сатып алу-сату шарты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2014 в 00:30, лекция

Краткое описание

1Сатып алу-сату шарты.
2 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты.
3 Тауар жеткізілімі шарты.
4 Келісім шарт жасасу шарты.
5 Энергиямен жабдықтау шарты.
6 Кәсіпорынды сатып алу-сату шарты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

лекции гражданское право особенная часть.doc

— 621.50 Кб (Скачать документ)

Банктік заем шартының ерекшеліктері.

  1. Заем беруші ақша нысанда заем беруге ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы бар банк немесе өзгеде заңды тұлға болады.
  2. Шарттың нысанасы алдағы уақытта берілуі мүмкін ақша болып табылады. Соңғы жағдайларда шарт егер осы шартта өзгеше көзге ілінсе оның жасалған кезінен бастап күшіне енеді деп есептеледі.
  3. Шарт жазбаша түрде көзделуі тиіс.
  4. Жазбаша түрде сақтамау банк заемы шартының жарамсыздығына әкеп соғады.

Заемды мемлекеттік  банктер берген немесе ол мемлекеттің  ақша қорларының есебінен жағдайда заем берушінің тәртібімен шарттары заң актілерімен реттелуі мүмкін бұл жағдайда заем беру, заем берушінің міндеті болып табылады, ал оның жасасқан шарты аталған заң актілерінде және өкілетті органдардың актілерінде белгіленген, ол үшін міндетті ережелерге сәйкес болуға тиіс. 

Әдебиет: 1, 2 ,3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14

Бақылау сұрақтары  

1 Заем шартының ұғымы

2 Заем шартын даулау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып № 2 Ақшалай  талапты беріп қаржыландыру

Мақсаты: Факторинг шартының анықтамасын мазмұнын, элементтерiн, заңи мiнездемесiн ашу.

Жоспар

1 Ақшалай талапты беріп  қаржыландыру шартының ұғымы.

2 Шарттың элементтері.

3 Шарттың мазмұны.

1 Ақшалай талапты  беріп қаржыландыру шартының  ұғымы  

Ақшалай талапты беріп  қаржыландыру (факторинг) шарты бойынша  бір тарап, қаржы агенті (фактор) ақшаны басқа тараптың, клиенттің билігіне береді немесе беруге міндеттенеді, ал клиент қаржы агентіне клиенттің ( несие берушінің) осы үшінші тұлғамен (борышқормен) қатынастарынан туындайтын өзінің ақшалай талабын қаржы агентіне береді немесе беруге міндеттенеді.

Егер ақшалай  талапты беріп қаржыландыру шартымен өзгеше көзделмесе талаптарды беру туралы жалпы ережелер (339-348 баптар) қолданылады.

Заңды мінездемесі:

-  нақты және консенсуалды;

-  ақылы;

-  өзара.

Егер ақшалай талапты беріп қаржыландыру шартында өзгеше көзделмесе қаржы агентінің ақшалай талапты кейін беруіне жол берілмейді, Борышқорға ақшалай талабын клиент қаржы агентіне, сонымен бірге клиентің қаржы агенті алдындағы міндетін атқаруын қамтамасыз ету мақсатында да беруі мүмкін.

2 Шарттың элементтері

Субъектісі:

-  Фактор қаржы агент;

-  Клиент;

-  Борышқор – шартта  тарап болмайды. Фактор – жеке  және дара тұлғалар бола алады.  Оларда уақытша дербес ақша  қорлары бар. Фактор банк болады.

Шарттың пәні борышқорға арналған ақшалай талабы. АК-нің 731- бабы бойынша ақшалай талаптың нысанасы бола алатын екі түрі қарастырылған:

Төлем мерзімі толған ақшалай талап (қойылып келген талап) та, болашақта туындайтын ақша алу  құқығы да қаржы беру нысанасы болуы  мүмкін. Беру нысанасы болып табылатын ақша талабы клиенттің қаржы агентімен жасасқан шартында қолданылып келген ақшалай талапты шарт жасалған кезде, ал келешектегі талапты – ол туындаған кезден кешіктірмей бірыңғайландыруға мүмкіндік беретіндей болып белгіленуі тиіс.

АК-нің 732-бабына сәйкес егер шартта өзгеше көзделмесе беру нысанасы болып табылатын ақшалай талаптың жарамсыздығы үшін қаржы агентінің алдында клиент жауапты болады. Егер клиент ақшалай талапты беру құқығына ие болса және осы талапты беру кезінде борышқордың ол талапты орындамауға құқығы болатын мән-жайлар, оған белгісіз болса беру нысанасы болып табылатын ақшалай талап жарамды деп танылады.    Шарттың мерзімі тараптардың келісімі бойынша және борышқормен ақша талапты беру

кезімен байланысты.

          Шарттың бағасы клиентті қаржыландыру қызмет көрсеткені үшін ақы.

Шарттың бағасы:

-  фактордың ақша  қорларды пайдалану үшін сый  ақы;

-  қызмет көрсеткені  үшін комиссиялық сый ақы. 

Шарттың бағасы нақты  ақша суммасы мен процентпен анықталады.

3 Шарттың мазмұны

  Фактордың құқықтары мен міндеттері:

- консенсуалдық шартта  қаржыландыруға міндетті аумақты  шартында қаржыландырады;

- фактор климент үшін  бухгалтерлік есеп жүргізуі және  берудің нысанасы болып табылатын  ақшалай талаптарға қатысты құжаттар  ұсынуды;

-  өзге де қаржылық қызметті көрсетуге құқылы.

   Клиенттің құқықтары мен міндеттері:

-  борышқорға талабы  бар деген құжаттарды факторға  беруге міндетті;

-  ақшалай талаптың  жарамсыздығы үшін жауапты болады;

- егер қаржыландыру  жарамсыздық ақшалай талабы негізінде  асырылса, сонда фактор берген ақша суммасын клиенттен алуға құқығы бар – айналымды факторинг.

-  егер клиент пен  қаржы агентінің арасындағы шартта  өзгеше көзделмесе клиент қаржы  агенті оны орындайды. Ұсынған  жағдайда беру нысаны болып  табылатын борышқордың орындалмағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауап бермейді (735-б.)

    Борышқордың құқықтары мен міндеттері:

- борышқор қаржы агентіне, ол клиенттен немесе қаржы  агентінен ақшалай талаптың аталған  қаржы агентіне берілгендігі  туралы жазбаша хабарлама алған жағдайда төлем жүргізуге міндетті. Хабарламада орындауға жататын ақшалай талап нақты белгілеуге және төлем жүргізуі тиіс қаржы агенті көрсетілуі тиіс.

-  борышқордың өтініші  бойынша қаржы агенті қисынды  борышқорға ақшалай талаптың  қаржы агентіне шығындарды берілгеніне дәлелдеме ұсынуға мндетті. Егер қаржы агенті бұл міндетті орындамаса борышқор клиенттің алдындағы өз міндеттемесін орындау бойынша оған аталған талап бойынша төлем жүргізуге құқылы.

- борышқордың қаржы  агенті алдында ақшалай талаптың  орындауы осы баптың ережелеріне сәйкес борышқорды клиентінің алдындағы тиісті міндеттемелерінен босатады.

- қаржы агенті борышқорға  төлем жүргізуді талап еткен  жағдайда борышқор осы кодекстің  770-бабына сәйкес тараптардың  қаржы агентіне берілгені туралы  жазбаша хабарламаны өзі алған уақытта борышқорда болған клиентпен арадағы шартқа көзделген өзінің ақшалай талаптарын есепке алуға құқылы.

Егер клиент борышқор алдында міндеттері бар екені  туралы оған хабарламаса қаржы агенті есепке алудан бас тартуға құқылы.

Әдебиет: 1, 2 ,3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14

Бақылау сұрақтары

1 Ақшалай талапты беріп  қаржыландыру шартының ұғым

2 Борышқордың қарсы  талаптары

 

Тақырып № 3  Банктік қызмет көрсету шарты

Мқсаты: Банктік қызмет көрсету шартының анықтамасын мазмұнын, элементтерiн, заңи мiнездемесiн ашу.

Жоспар

1 Банктік қызмет көрсету  шартының жалпы ережелері 

2 Банктік шот шарты;

3 Ақша аудару шарты;

4 Банк салымы шарты;

5 Банк салымдарын қайтару.

1 Банктін қызмет  көрсету шартынын жалпы ережелері

Банктік қызмет көрсету шарты бойынша бір тарап /банк/ екінші тараптың /клиенттің/ тапсырмасы бойынша банктік қызмет көрсетуге,  ал клиент, егер шартта өзгеше көзделмесе, осы көрсетілген қызметке ақы төлеуге міндеттенеді. /739-бап АК/

Банктік қызмет көрсету  шартының  түрлері:

1.банктік шот шарты

2.ақша аудару шарты

3.банк салымы шарты

4.заңдарды немесе тараптардың  келісімінде көзделген өзге де  шарт түрлері болып бөлінеді.

5.банк клиенттің өз  ақшасына кедергісіз иелік жасау  құқығына кепілдік бере отырып, шотта бар ақшаны пайдалана алады.

АК 740-бап. Банктегі ақшаларға  билік етуге шектеулерді қояды.

Заңды тұлғалар мен азаматтардың банктегі ақшаларына тек соттар, тергеу органдары ж/е атқарушылық іс жүргізу істері бойынша қылмыстық  ж/е азаматтық ж/е азаматтық  істер туралы заңдарда белгіленген тәртіппен ж/е негіздерде тыйым сала алады. 

Заңды тұлғалар мен азаматтардың банктердегі ақшаларына тыйым салу мерзімі тиісті істерді жүргізу  ж/е азаматтық іс жүргізу заңдарында белгіленген мерзімдерден аспауға  тиіс. Тергеу органдары мен анықтау органдарының клиенттік ақшасына тыйым салу туралы шешімдеріне заң актілерінде белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасалуы мүмкін АК 741-бап клиенттің келісімінсіз ақшаны алып қоюды анықтайды.

Заңды тұлғалар мен азаматтардың банктердегі ақшаларын олардың  келісімінсіз алып қою тек :

-соттың заңды күшіне  енген үкімнің немесе шешімнің,

-сот бұйрығының негізінде,

-ҚР салық кодексінде  көзделген жағдайларда ғана жүргізілуі  мүмкін.

АК клиенттің ақшасын  алу кезектілігін реттейді.

Егер клиенттің банктегі ақшасы клиентке қойылған кезекті талапты қанағаттандыру үшін жеткізіліксіз болған жағдайда банк сомасы аталған талапты қанағаттандыруға жеткілікті, клиенттің пайдасына түсетін ақшаны жинақтайды. Клиентке бірнеше талап қойылған жағдайда, банк клиенттің ақшасын мынадай кезектілік бойынша алуды жүргізеді:

1.бірінші кезекте  адам өмірі мен денсаулығына  келтірілген зиянды өтеу туралы  талаптарды, сондай-ақ алименттерді  өтеу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды  көздейтін атқарушы құжаттар  бойынша ақша  алу жүзеге асырылады, 

2.екінші кезекте еңбек  шарты бойынша, оның ішінде  келісім-шарт бойынша жұмыс істейтін  адамдармен демалыс жәрдемақылары  мен еңбекақы төлеу бойынша,  авторлық шарт жөніндегі сыйақы  төлеу  бойынша есеп айырысу  үшін ақша алуды көздейтін  атқарушы құжаттар бойынша ақша алу жүргізіледі.   

3.үшінші кезекте клиенттің   бюджет алдындағы міндеттемелері  бойынша ақша алу жүргізіледі:

4.төртінші кезекте  басқа да ақшалай талаптарын  қанағаттандыру көзделген атқарушы  құжаттар бойынша ақша алу  жүргізіледі:

5.-ші кезекте клиентке қойылған басқа да талаптарды қанағаттандыру үшін күнтізбелік кезектілік тәртібімен ақша алу жүргізіледі.

Клиент болып табылатын  заңды тұлға тараған кезде  кредит берушілердің талабын қанағаттандыру АК 51-бабында көзделген кезектілік   жүргізіледі.

АК 745-бап. Банк құпия туралы ережелерді анықтайды.

Банк құпиясын жария  етпеуге банк кепілдік береді.

2 Банктік шот

Банктік шот шарты  бойынша бір тарап /банк/ екінші тараптың /клиенттің/ пайдасына түсетін ақшаны қабылдауға, клиенттің клиентке немесе үшінші тұлғаларға ақшаның тиісті сомаларын аудару /беру/ туралы өкімдерін орындауға ж/е банктік шот шартында көзделген басқа да қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.

Заң мінездемесі:

Бұқаралық, екі жақты  – жеке тұлға , заңды тұлға

Тараптар келіскен шарттар  бойынша банкте шот ашу жолымен клиентке немесе ол көрсеткен адамға банктік шот шарты жасалады. Сол уақытта клиентке клиенттің бірыңғайландырылған дербес коды беріледі.

Заңды тұлғалар мен азаматтар  қызмет көрсету банктерін өз бетінше  таңдайды ж/е олар банктік шот шартын бір банкпен де, бірнеше банкпен де жасауға құқылы./747б.,2т. АК РК/

Шарттың мерзімі- егер заң  актілерінде немесе тараптар келісімінде  өзгеше белгіленбесе, банктік шот  шарты мерзімсіз болып табылады.

Шарттың нысаны /АК 748б/

Банктік шот шартының жазбаша түрін сақтамау осы шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.

Шарттың мазмұны /АК 750б/

Банктік шот шартына  сәйкес банк:

1.клиент талап еткен  кезде ақшаның болуын қамтамасыз  етуге;

2.клиенттің пайдасына  түскен ақшаны қабылдауға;

3.клиенттің үшінші  тұлғалардың пайдасына ақша аудару туралы өкімін орындауға;

4.үшінші тұлғалардың,  егер бұл банктік шот шартында  көзделсе, клиенттің ақшасын алып  қою туралы өкімдерін орындауға;

5.банктік шот шартында  белгіленген тәртіп бойынша клиенттен  қолма-қол 

ақша алуды ж/е оған беруді жүзеге асыруға;

6.клиенттің талап етуі  бойынша клиенттің банктегі ақша  сомасы ж/е  жүргізілген операциялар  туралы ақпараты шартта көзделген  тәртіппен беруге;

7.клиентке шартта, заңдарда  ж/е банктік тәжірибеде қолданылатын  іскерлік айналым дағдыларында көзделген өзге де банктік қызмет көрсетуге міндетті.

  Шарттың бағасы/751б/

Банктегі ақшаны пайдаланған  үшін банк шартта белгіленетін мөлшер мен тәртіп бойынша сыйақы төлейді.

Банктік шот шартын бұзу.

  Банктік шот шарты егер заңда өзгеше көзделмесе, клиенттің өтініші бойынша кез келген  уақытта бұзылады.

3 Ақша аудару  туралы шарт

Ақша аудару туралы шарт бойынша бір тарап /банк/  екінші тараптың /клиенттің/ тапсырмасы бойынша  клиентке бірыңғайландырылған дербес код бермей-ақ үшінші тұлғаға ақша аударуға міндетті./754б/

Информация о работе Сатып алу-сату шарты