Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2014 в 00:30, лекция
1Сатып алу-сату шарты.
2 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты.
3 Тауар жеткізілімі шарты.
4 Келісім шарт жасасу шарты.
5 Энергиямен жабдықтау шарты.
6 Кәсіпорынды сатып алу-сату шарты.
4 Сыйға тарту шартының ұғымы, нысаны, элементтері
Сыйға тарту шарты бойынша бір тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншігіне затты немесе өзіне немесе үшінші адамға мүліктік құқықты (талапты) тегін береді немесе беруге міндеттенеді, не оны өзінің немесе үшінші тұлғаның алдындағы мүліктік міндеттен босатады немесе босатуға міндеттенеді.
Қайтарымсыздылық – сыйға тарту шартының ең негізгі белгісі болып табылады. Затты немесе құқықты қарсы беру не қарсы міндеттеме болған кезде шарт сыйға тарту шарты деп танылмайды. Сыйға тарту шарты – мүлікке билік жүргізудің заңды амалы. Сыйға тарту шарты мерзімсіз болып табылады.
Қолданыстағы (күшіндегі) азаматтық заңнамаға сәйкес сыйға тарту шарты реалды немесе консенсуалды шарт болуы мүмкін. Мүлік шартты жасау сәтінде берілетін болса, онда сыйға тарту шарты реалды болып келеді. Ал басқа жағдайда, егер мүлік болашақта берілетін болса, (шартта осыған қатысты талап бекітілсе) онда ол консенсуалды болып табылады.
Сыйға тарту шартының
нысаны. Сыйға тарту шартының азаматтық
айналымдағы ерекшеліктеріне
Алдағы уақытта сыйға тартуға уәде беру – консенсуалды шарт болып табылады және әрқашан жазбаша түрде жасалады. Осы шарттың заң талап ететін жай жазбаша нысанының сақталмауы оның жарамсыздығына әкеп соғады (ҚР АК 508- бабы 2 тармағы).
Сыйға тарту шартының элементтері. Сыйға тарту шартының пәні болып зат және мүліктік құқықтар болып табылады (ҚР АК 506 бабы 2 тармағы). Нақты сыйға тарту затын көрсетпей – ақ өзінің барлық мүлкін сыйға тартуға уәде беру жарамсыз болады. Бұл жағдайда сыйға тарту пәні болмайды.
5 Сыйға тарту шартының тараптары
Сыйға тарту шартының тараптары сый беруші мен сый алушы болып азаматтық құқықтың барлық субъектілері келуі мүмкін. Жеке тұлғалар, заңды тұлғалар (ұйымдастырушылық-құқықтық нысанасына қарамастан), мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер болады.
Сый беруші болып мемлекет немесе әкімшілік-аумақтық уәкілдік берген орган арқылы шартта қатысады. Сый беруші болып әрекет қабілеттілігі бар азамат әрекет ете алады.
Сыйға тарту мүмкіндігі мынандай жағдайлармен шектелген:
Егер мүлік заңды тұлғаның жедел басқару (шаруашылық жүргізу) құқығында болса, оны тек меншік иесінің келісімімен сыйға тартуға болады. ҚР АК 220-бабына сәйкес, сыйға тартушы бірлескен меншіктің қатысушысы болса, онда сыйға тартуға бірлескен меншікке қатысушылардың барлығының келісімімен ғана жол беріледі.
Қозғалмайтын мүлікті сыйға тарту шарты:
Сый беруші заңды тұлға болған және сыйдың құны заң актілерінде белгіленген он айлық есептік көрсеткіштен асатын;
Шартта алдағы уақытта сыйға тартуға уәде етілген жағдайларда жазбаша жасалуы керек.
Қозғалмайтын мүлікті сыйға тарту шарты мемлекеттік тіркелуі керек.
6 Сыйға тарту шартының мазмұны
Сыйға тартушының құқықтары мен міндеттері. Сыйды беру оны сый алушыға беру оған қатысты белгілерді (кілті және с.с.) беру немесе затқа құқықты растайтын құжаттарды ұсыну арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Оны сыйға тартушы барлық міндеттерден босатылған деп санауға болмайды. Егер заттың керек жарағы болса, онда сый тартушы оны беруге міндетті болып табылады. Мүлікті берген уақытта сыйға тартушы оған қоса тиісті құжаттарды да беру керек. Өйткені мүлік ( бірінші кезекте заттар) сый алушыға қайтарымсыз беріледі.
Мына жағдайларда сыйға тартушы іс жүзінде жасалған сыйға тартудың күшін жоя алады:
1 Егер сыйға алушы
сыйға тартушының өміріне,
2 Егер сый алушының сыйға тартушы үшін үлкен мүліктік емес құндылық болып саналатын сыйланған затты ұстауы оның бір-жола жойылу қаупін тудырса.
Сыйға тартудың нысанасы болып бағалы қағазбен расталатын мүліктік құқық келсе, бағалы қағаз ұсынушыға болса, сыйға тарту оны беру арқылы жүзеге асырылады. Бағалы қағаз ордерлік болса, онда оның берілуі туралы жазу (индоссамент) жасалуы тиіс және ол іс жүзінде берілуі керек. Құжатсыз бағалы қағазды сыйға тарту құқықтық сыйға алушыға жататыны туралы тиісті жазуды арнайы тізімде реестірде жасау арқылы жүзеге асырылады.
Цессия (үшінші тұлғаға қатысты мүліктік құқықты беру) жағдайында сыйға беруші талап ету құқығын беруге қатысты барлық ережелерді орындауы керек (ҚР АК 339-343, 345-346 баптары
Сый алушы құқықтары мен міндеттері. Сый алушының сыйды алуға құқығы бар. Егер сыйға тарту шартының нысанасы белгілі бір зат болса және сый беруші өз мүддесін орындамаса, сый алушы оны беруді талап ете алады. Егер заттар тектік болса, немесе сыйға тартудың нысанасы болып мүліктік құқық келсе, ол келтірілген залалдың орнын толтыруды талап етуге құқылы. Егер сый алушы сыйды алуға келіспесе, ол сый берілген уақытқа дейін одан бас тартуға құқылы.
Егер қайырымдылыққа берілген мүлікті қайырымдылық беруші көрсеткен мақсатта қолдану мүмкін болмаса, оны өзге мақсатта қолдануға тек қайырымдылық берушінің келісімімен жол беріледі. Егер қайырымдылық беруші азамат қайтыс болса, заңды тұлға таратылса, онда мүлікті қайырымдылық шарты бойынша өзге мақсатта қолдану сот келісімімен жүргізіледі. Мүлікті мақсатты пайдалану талабы мемлекет жайларды (бөлмелерді) шағын кәсіпкерлік субъектісінің меншігіне тегін бергенде де болуы мүмкін.Шағын кәсіпкерлік субъектісі, объектісі үш жыл көлемінде өндірістік мақсатта пайдалануға тиіс.
Сыйға тарту жойылса және сыйға тартылған зат бүтін, аман болып тұрса, онда сый алушы оны қайтаруға міндетті (ҚР АК 512 бабының 5 тармағы).
Сыйға тарту шарты бойынша жауапкершілік. Сыйға тартушы сый беруге уәде берген кезде оны орындамағаны немесе тиісінше оны орындамағаны үшін жауапты болады. Егер сыйға тарту жазбаша жазылған болса, сый алушы сыйды алудан бас тартса, онда ол сый берушіге келтірілген нақты нұқсанды өтеуі керек.
Егер зиян сый алушының өміріне, денсаулығына сыйға тартылған заттың кемістіктерімен келтірілсе, деликтілік жауапкершілік туралы нормалар қолданымды болып келеді ( ҚР АК 47-бабының 3-тармағы). Сыйға тартушының жауапкершілігі сый алушыға зиян келтірілуде оның кінәсі болған жағдайда орын алады.
Сыйға тарту шартының тоқталуы. Сый тартуды жоюдың мағынасы сыйға тартудың заңды күші, сый берушінің еркімен байланысты тоқтатылады, яғни сыйға тарту заңды факт ретінде толық жойылады. Сыйға тартуды жою тек сый берушінің талабы бойынша ғана жүргізілмейді. Егер сый алушы сый берушіні өмірінен айырса, онда сыйды жою құқығы оның мұрагерлерінде болады. Сыйға тартуды даулау үшін ол кәсіпкерлік қызметпен байланысты қаражаттар есебінен оны банкрот деп жарияланғаннан бір жыл бұрын жасалуы қажет.
Әдебиет: 1, 2 ,3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14
Бақылау сұрақтары
1 Сыйға тарту шартының тараптары
2 Сыйға тарту шартының мазмұны
Тақырыбы № 1 Рента және өмір бойы асырауда ұстау
Жоспар
1 Рента және өмір бойы асырауда ұстау шарттарының жалпы ережелері.
2 Тұрақты рента шарты.
3 Ғұмырлық рента шарты.
4 Өмір бойы асырауда ұстау шарты.
1 Рента және өмір бойы асырауда ұстау шарттарының жалпы ережелері
Рента шарты бойынша бір тарап
(рента алушы) екінші тараптың
(рента төлеушіге) меншігіне
Рента шарты мүлікті иеліктен
шығаруға арналған шарттардың
бірі. Мүлік рента төлеуші меншігіне
өтеді және бір уақтылы
Рента шарты бойынша мүлік едәуір көп көлемдерде берілуі мүмкін. Сол сияқты рентаны тек жеке қажеттер үшін қолдану да жоққа шығарылмайды.
Егер мүлікте ерекше қасиеттер болса, онда меншік иесі өзіне еш қиындықсыз оны сата да алады. Сату бағасында мүлік иесі болашақта алынуы мүмкін ренталық төлемдерді де ескере алады. Сөйтіп меншік иесі табысты бір рет ғана болса да бірақ аса қауіпсіз (тәуекелсіз) таба алады. Мәміле екі жақты болып келетін жағдайда оның мақсаты күрделі (екі қырлы) болып келеді. Рента төлеушісі үшін рента шарты бойынша негізі қажетті нәтиже бұл арқылы немесе ақысыз негізде ренталық табысты келтіру мүмкін мүлікті алу. Осы себептен ( табыс келтіру қабілетіне байланысты )ол мүліктің құны едәуір болып келеді.
Рента шартының түрлері ҚР заңнамасымен рента шартының үш түрі көзделген: 1) тұрақты рента шарты; 2)ғұмырлық рента шарты ; 3) өмір бойы асырауда ұстау шарты.Жалпы нормалар шартының аталған үш түріне де бірдей қатысты болып табылады. Бұлардың әрқайсысының ерекшеліктері бар. Олар төлемдерін (асырудың) нысанында, оның ең төмен мөлшерінде, мерзімдерінде көрініс табады. Сол сияқты олардың субъектілік қатары, олар-дағы құқықтық мирасқорлық және рентаны сатып алу құқығы, мүліктің кездейсоқ бүлінуінің немесе жойылуының ренталық қатынастарға әсері және
басқасы ерекшеленеді.
Рента шартын жүктеудің негіздері осымен шектелмейді. Тұрақты рента
және ғұмырлық рента шарттары мүлік рента төлеушіге ақыға немесе тегін берілетініне, мүлік қозғалатын ба әлде қозғалмайтын ба, соған байланысты бөлінуі (жіктелуі ) мүмкін.
2 Тұрақты рента шарты
Шарттың элементтері. Тұрақты рента тараптары болып рента алушы және рента төлеуші болып табылады. Тұрақты рента алушылары болып азамат-тар және коммерциялық емес ұйымдар келеді. Азаматтар ренталық қатынастарды тұрақты рента алушысы болып үш жағдайда келе алады: а) егер олар мүлік иегері болса және мүлік олармен рентаға берілсе; ә) тұрақты рентаны алушы мұрагерлік салдарынан құқықтық мирасқор болса; б) тұрақты рента азаматтар пайдасына басқа бір тұлғамен шарт арқылы қарастырылса, яғни үшінші тұлға пайдасына жасалған шарт орын алса.
Баға. Тұрақты рента
шартына қатысты рента
нарық жағдайында баға қалыптастыру тетігі дайын.
Қалай болса да (қиындылықтарға қарамастан) бекітілген сан тұрақты рентаның мөлшері тараптар үшін міндетті болып келеді. Мерзімді (ұзаққа созылатын) төлемдер болғасын рента инфляциядан қорғалу шарасы ретінде оны индекстеуді талап етеді. Шартпен өзгешелік қарастырылмаса, төленетін рентаның мөлшері заңнама бекіткен айлық есептеу көрсеткіштің өзгеруіне пропорционалды өзгерді.
Тұрақты рентаның төлеуші сатып алу бағасы дегеніміз бұл, оны төлеген жағдайда, алушы алдындағы міндеттемесінен босатылатын ақшалай сома.
Мерзім. Тұрақты рента
мерзімсіз төленеді, яғни оны төлеу
міндеті өз бетімен тоқтатылуы мүмкін
емес. Сондықтан құқықтық мән міндеттемені
орындау мерзіміне беріледі, олар
болса төлемдердің
Мазмұны. Кейбір жағдайларда