Сатып алу-сату шарты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2014 в 00:30, лекция

Краткое описание

1Сатып алу-сату шарты.
2 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты.
3 Тауар жеткізілімі шарты.
4 Келісім шарт жасасу шарты.
5 Энергиямен жабдықтау шарты.
6 Кәсіпорынды сатып алу-сату шарты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

лекции гражданское право особенная часть.doc

— 621.50 Кб (Скачать документ)

Тақырып № 1 Сатып алу-сату шарты

1Сатып алу-сату шарты.

2 Бөлшектеп сатып алу-сату  шарты.

     3 Тауар  жеткізілімі шарты.

     4 Келісім  шарт жасасу шарты.

     5 Энергиямен  жабдықтау шарты.

     6 Кәсіпорынды  сатып алу-сату шарты.

1 Сатып алу-сату  шарты

Сатып алу шарты бойынша бір  тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел  басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып  алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және сол үшін белгілі  бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті. Оған азаматтар және заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субьект ретінде әкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.

Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік  мекеме сатып алушы болған уақытта  мүлік тиісінше олардың шаруашылық жүргізуіне, жедел басқаруына өтеді.

Тауар жеткізілімі, келісімшарт, энергиямен жабдықтау шарттары, бөлшектеп  сатып алу-сату шарты, кәсіпорынды  сату шарты қазір сатып алу-сату шартының түр түрлері болып бағаланады.

Сатып алу-сату консенсуалды шарт болып табылады. Екі жақ барлық елеулі жағдайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап аяқталған (сатып алу-сату шарты жасалған) болып табылады.

а) Сатушының және сатып  алушының құқықтары мен міндеттері:

Сатушының міндеттері. Сатушы сатып алушыға шартпен белгіленген тауарды беруге міндетті. Мұнда негізгі талаптар болып мыналар саналады: тауардың атауы, сапасы (көлемі). Сапа бойынша талаптар шарттардың өздерімен емес, тікелей заңнама нормаларымен анықталуы мүмкін.

Егер сатылатын тауардың  сапасына заң актілерінде белгіленген тәртіпке сәйкес, міндетті  талаптар көзделсе, кәсіпкерлік  қызметті жүзеге асыратын  сатушы сатып алушыға  осы міндетті талаптарға сәйкес  келетін тауар беруге міндетті.

Егер шарт пен тауардың сапасына  көтеріңкі талаптар қойылса, сатушы сатып алушыға соларға сәйкес   тауарды беруге міндетті.

Шартпен гарантиялық  мерзімдері орындалу мүмкін. Бұл мерзімдер  тауарды  әдеттегі немесе  өзге мақсаты  бойынша қолданымды  мүмкін уақыт  кезеңдерін белгілейді.

Сатушының құқығы. Сатушының  құқықтарына зат  қабылдануын  және сатып алу  бағасын  төлеуді талап ету  құқықтары  жатады. 

Сатып  алушының  құқықтары  мен міндеттері. Сатып алушының  негізгі міндеті тауарды  қабылдап алу  және ақысын  төлеуі болып табылады.  Сатып алушының  тауарды қабылдауы, ол жағынан  тауарды беру  және алу үшін  қажетті шараларды  қамтиды. Бірінші кезекте сатып алушы тауарды қабылдап алу үшін  алдын-ала жағдай  жасауы қажет. Тауар тасымалдануға  тиісті  болса,  сатып алушы  жүкті тиеп жіберу үшін  қажетті мәліметтерді сатушыға хабарлауға  міндетті   (егер  тауарды  сатушы жеткізетін  болса).

Сатып алушы шартты бұзып  затты қабылдамаса, сатушыға оның затты  қабылдауын талап етуге, болмаса  шартты  орындаудан  бас тартуына болады

2 Бөлшектеп  сатып алу-сату шарты

Бөлшектеп  сатып алу  –сату шартын жасамақ алдынала  сатушы  сатып  алушыға  тауар  туралы  қажетті және  сенімді  ақпарат беруі керек.  Ақпарат  өзіне міндетті  кезеңдерді  енгізу  қажет:  олар, баға  жөніндегі сенімділігі  және қажетті хабар; алушыны қызықтырған  өнім туралы мәлімет, затты тұтыну  жайлы ереже, оны сақтау және  қауіпсіз пайдаға  асыру тәртібі.

Сатып алушының құқығы мен міндеттері. Сатып алушы сатып алған тауардың  ақысын төлеуге міндетті. Шартқа отыру кезімен ақы төлеу кезі сәкес келген  жағдайда  сатып алушының  жалғыз міндеті  затты қабылдап алу. 

Бөлшектеп сатып алу-сату  шарты бойынша,  сатып алушы  затты  қабылдағанда, оның берілген  тауардың сапасын  тексеру мен  оның жедел  түрде жіберілген  кемшіліктері туралы  хабарлау емес, затты  нақты  қабылдау  бойынша  әрекеттері  (затты қолма-қол алу, накладнойға  қол қою ж.б.) маңызды   болып келеді.  Сатушы бөлшектеп  сатып алу-сату  шарты бойынша  тауардың  сапасы   үшін сөзсіз  жауап береді. 

Сатып алушының  сатып  алған  сапасы  тиісті болып келетін тауарды айырбастап  алуға құқығы бар.  Яғни тауар тек  көркі жағынан,  оның түсі, дизайны т.б. ұнамаса  сатып алушының  тауарды айырбастауға  құқығы бар.   Тауар қолданыста  болмаса,  буып-түюі сақталса,  тауар белгілі сатушыдан  алғанын растайтын  чек  немесе өзге айғақ болса ғана жүргізілуі тиіс. Айырбасқа жатпайтын  тауар түрлері  заңмен бекітіледі. 

Айырбасқа алтын, платин, күмістен  жасалған бұйымдар, төсек  қап, ішкиімдер, шұлықтар, парфюмерия және косметикалық бұйымдар  жатпайды.

Тауарды алмастыру, сатып алу  бағасын  кеміту  және сапасы  лайықсыз тауарды  қайтару кезінде  баға айырмашылығының орнын толтыру. 456-б.

Қолданыста болған делдалдық  сауда дүкендерінен алынған заттар айырбасқа  жатпайды.  Бұлардың қатарына  делдалдық  дүкендерден алынған, бірақ  қолдануда болмаған,  комиссияға қабылданған  кезде анықталмаған   көзге  білінбейтін  кемістіктері бар заттар жатпайды, бірақ  олар сатып алынғаннан 2 күн аспай  айырбасталуы  қажет. Сатып алушы  сатушы да қажетті  тауар  болмаған  жағдайда   оған  тауарды  қайтарып  төлеген орнына осындай  тауар қайта түскенде  тауар алуға құқығы бар.

3 Тауар жеткізілімі шарты

Тауар  жеткізілімі  шарты  бойынша  кәсіпкер  болып  табылатын сатушы  (тауар беруші) сатып алушыға  өзі өндіретін  немесе сатып алатын  тауарларды кәсіпкерлік  қызметке  немесе  жеке өзіне, отбасына, үй ішіне  және сол сияқты  өзге де  пайдалануға байланысты емес өзге мақсаттарға пайдалану   үшін келісілген  мерзімде немесе  мерзімдерде  беруге міндетті.

Тауар жеткізілім шартының  нысаны-жазбаша. Шартты жасау, өзгерту, бұзу немесе оның мерзімін  ұзарту  тараптардың қол қойған  келісім  немесе  хаттар, факстер, телеграммалар, телетөлпрограммалар, радиограммалар арқылы жасалады.

Тауар жеткізілімі  шартының  тараптары  болып кәсіпкерлік  қызметті жүзеге асыратын субъектілер келеді. Сатушы  тауар  беруші  жағында  тауар  жеткізілімі  шартында  ұйымдық-құқықтық  нысанына қарамастан әрбір коммерциялық  заңды тұлғалар  және  заңды тұлға  құрамаған, жеке және  ұжымдық  кәсіпкерлер қатысады.

Мемлекет тауар  жеткізілімі  қатынастарында  сатып алушы  ретінде ғана  қатыса алады.  

Азаматтық  айналымнан  алынбаған  заттар  тауар  жетікізілімі шартының  пәні  болады. Қару-жарақ  және айналымнан  алынған  басқа  мүліктердің  жеткізілуі  азаматтық- құқықтық   тетігімен реттеледі.

Сатушы тауарды  берумен  бірге сатып алушыға  оның  керек-жарақтарын, сондай-ақ соған  қатысты құжаттарды, келісілген  көлемінде  түр-түрі  және  жиынтықтылығына (жиынтығы) сәйкес, бектіліген  сапасына, үшінші тұлғалардың  кез-келген  құқықтарынан  тыс ыдысқа салып  және (немесе) буып-түйіп  беруге міндетті.

Жеткізілетін  өнімнің  саны  жүк тиеу вагондарының, контейнерлердің  орнының санына байланысты  шартта есептелуі мүмкін.

4 Келісім шарт жасасу шарты

Келісім-шарт жасасу шарты бойынша ауыл шаруашылық өнімін өндіруші өзі өсірген  (өндірген) ауыл шаруашылық өнімін-ұқсату немесе сату үшін осындай өнімді сатып алуды жүзеге асыратын Дайындаушы тұлғаға беруге міндеттенеді, ал Дайындаушы оны қабылдауға және ол үшін төлеуге міндеттенеді. Келісім-шарт жасасу шарттың заңнамалық түсінігі ҚР АК 478-бабында берілген.

  Келісім-шарт жасасу шарты, тауар жеткізілім шартындай сипатталады, яғни ауыл шаруашылық өнімін Дайындаушыға кәсіпкерлік қызметінің жүзеге асырылуы негізінде беріледі, сондықтан келісім-шарт жасасу шарты өзінің сипаттамаларымен тауар жеткізілім шартына жақын.

Келісім-шарт жасасу шартының тараптары ретінде,  сатушы (өнім өндіруші) және өнім дайындаушы  (контракт) болып, көбінесе кәсіпкерлер  әрекет етеді. 

Кейбір жағдайларда, келісім-шарт жасасу  қатынастарында  өкілетті органдар  арқылы мемлекетте қатыса алады.

Сатушы ретінде  бәрінен  бұрын шаруа  (қожа) шаруашылығы  немесе  ауыл шаруашылық  кәсіпорын (коммерциялық заңды тұлға) болады,  жеке жағдайларда  сатушы  ретінде коммерциялық емес заңды тұлға, әрекет  етуі мүмкін.

Келісім-шарт жасасу шартының пәні (нысанасы) болып  ауыл шаруашылық  өндірісінің   әр түрлі өнімі  бола алады.  Оның ішінде өсімдіктерді  баптаудың, мал шаруашылығының, аң өсірудің , саңырауқұлақ  өсірудің, балық шаруашылығының  өсірілген, өндірілген  а.ш.-тың өнімдері кіреді.

5 Энергиямен  жабдықтау шарты

Энергиямен жабдықтау  шарты  - көрсетілген  ерекшеліктерді иемденетін  (электр  және жылу  энергиялары) заттарды өткізуді (сатып  алу – сатуды) реттейтін шарт.

Ереже. Энергиямен жабдықтау  шарты бойынша  энергиямен  жабдықтаушы  ұйым абонентте  (тұтынушыға) жалғанған  желі арқылы энергия беруге міндеттенеді,  ал абонент  энергия үшін ақы төлеуге, сондай-ақ  оны тұтынудың шартта  көзделген  режимін сақтауға, өзінің қарауындағы энергетика желілерін  пайдалану қауіпсіздігін  және энергияны  тұтынуға байланысты  пайдаланылатын  аспаптар мен  жабдықтардың  ақаусыздығын  қамтамасыз етуге  міндеттенеді.  (Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексінің 482-бабы).

Энергиямен жабдықтау  –шартының нысанасы. Сатып алу-сату  шартының  нысанасы болып, электр немесе жылы қуаты келеді. Электр энергиясын  өнеркәсіптік тұтынуда энергиямен жабдықтау  шартының нысанасы болып электр қуаты  келеді.

Мемлекеттік реттеуге  монополиялық қызмет субъектілеріне баға белгілеу жатады. Бірқатар жағдайларда электр энергиясын жабдықтаушылар (таратушылар) және өндірушілерге Қазақстан Республикасының “Табиғи монополия туралы” Заңы қолдануы мүмкін. 

  6 Кәсіпорынды сатып алу-сату шарты

Кәсіпорынды сату  шарты  бойынша  сатушы  тұтас алғанда  кәсіпорынды  мүліктік кешен ретінде  сатып  алушының  меншігіне  беруге  міндеттенеді, бұған сатушы  басқа  тұлғаларға беруге  құқығы болмайтын  құқықтар мен міндеттер қосылмайды.

Кәсіпорынды сату  шартының  элементтері.

Кәсіпорынды сатып алу-сату  шартының  тараптары болып,  сатушы және сатып алушы келеді.  Оларға азаматтық-құқықтық қатынастардың  кез келген  субъектілері – жеке және заңды  тұлғалар жатады.

Кәсіпорынды мемлекет мүлкіне  айналдыру жағдайында , мемлекет кәсіпорынды  сатып алушы рөлінде  болуы мүмкін.

Кәсіпорын күрделі зат  болып табылғандықтан, ҚР АК 121-бабында  көрсетілген . Кәсіпорын дегеніміз – жұмыс істеп тұрған өндіріс, немесе  ол кішкентай  жөндеуден, жинақтаудан кейін  және т.б. жұмысқа қосылуы мүмкін болады.

Кәсіпорынды сату шартының мерзімі. Тараптар  шарт арқылы  міндеттерін  орындау  және құқықтарын  жүзеге асыру үшін  кез келген  мерзімдерін  бекітуі мүмкін.

Кәсіпорынды сату шартының нысаны. Кәсіпорынды сату шарты жазбаша түрде жасалуы  тиіс, тіркелген  кезінен бастап  жасалған болып есептеледі. Мемлекеттік тіркеудің  талабын  орындамау  кәсіпорынды сату шартының  жарамсыздығына әкеп соғады. 

Бақылау сұрақтар

1Сатып алу-сату шарты

2 Энергиямен жабдықтау шарты

 

Тақырып № 1 Айырбас шарты. Сыйға тарту шарты

Жоспар

1 Айырбас шартының  ұғымы.

2 Айырбас шартының  элементтері.

3 Тараптардың құқықтары  мен міндеттері.

4 Сыйға тарту шартының  ұғымы, нысаны, элементтері.

5 Сыйға тарту шартының  тараптары.

6 Сыйға тарту шартының  мазмұны.

1 Айырбас шартының ұғымы

 Айырбас шарты бойынша  тараптардың әрқайсысы шаруашылық  жүргізуді, оралымды басқаруды  басқа тараптың меншігіне бір  тауарды екіншісіне айырбасқа  беруге міндеттенеді (бұл ҚР АК 501-бабының тұжырымдамасы).

 Демек, айырбас  шарты бойынша бір тарап өз тауарын өзге (екінші) тараптың тауарына айырбастайды. Тараптардың әрқайсысы бір-біріне тауарды меншікке, шарушылық жүргізуге, оралымды басқаруға беруге міндеттенеді.

Айрбас шарты өзінің заңды табиғатына сәйкес – консенсуалды, өзара және өтеулі (ақылы) шарт болып табылады. Айырбас қатынастарына – бір тауар мен екіншісін айырбастағанда, олардың құны бір біріне сәйкес келмеуіне байланысты тараптардың бірі қосымша ақшалай өтемақы беретін жағдайларда жатады.

 Егер шартта немесе  заңнамада өзгеше көзделмесе айырбас шарты сатып алу-сату шартының ережесіне сәйкес жүргізіледі. Сондықтан, бұл мәміленің нысанына, оны мемелекеттік тіркеу бойынша талаптар сатып алу-сату шарты бойынша қойылатын талаптарға тең болып келеді.

2 Айырбас шартының  элементтері

Шарттың тараптары болып азаматтар, заңды тұлғалар танылады. Айрбас шартының ерекшелігі, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөліністердің осы шарттарды жасасу мүмкіншілігі өте төмен болып келеді.

Айырбас шартының бағасы тараптардың әрқайсысы беретін  мүліктің құнымен анықталады. Жалпы ережеге сәйкес, айырбасталатын мүліктің құны тең деп танылады. Мәміле нотариатты рәсімделетін болса, онда бұл жағдай нотариатта мәміленің жарамдылығы жөнінде белгілі бір күдік тудыруы қажет. Айырбасталатын мүліктің бағасының айырмашылығы аз болса, заттардың құнының теңдігі туралы презумпцияны қолдану керек (ҚР АК 502-бап 1-тармақ). Айырбас шарты бойынша бағасы ақшалай көрсетілмеуі  мүмкін.

   3 Тараптардың құқықтары мен міндеттері

Шартқа сәйкес айырбасталатын тауарлар бір-біріне тең емес деп танылған жағдайда бағасы айырбастауға берілетін тауардың бағасынан кем тауарды беруге міндеттенген тарап, тауар беру міндетін орындауға дейін немесе одан кейін бағадағы айырманы төлеуге тиіс. Тараптар айырбастайтын тауарларды бір мезгілде беруге міндетті.

Айырбас шарты бойынша  тараптардың меншік құқығы (шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқықтары) олардың әрқайсысының шарт бойынша  міндеттемелігі орындалғаннан кейін  пайда болады. Сонымен бірге тауар  өткізу кезінде мүліктің кездейсоқ  бүлінуі немесе жойылуы қаупі туралы мәселе жеке шешілуі мүмкін.

Информация о работе Сатып алу-сату шарты