Сатып алу-сату шарты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2014 в 00:30, лекция

Краткое описание

1Сатып алу-сату шарты.
2 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты.
3 Тауар жеткізілімі шарты.
4 Келісім шарт жасасу шарты.
5 Энергиямен жабдықтау шарты.
6 Кәсіпорынды сатып алу-сату шарты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

лекции гражданское право особенная часть.doc

— 621.50 Кб (Скачать документ)

         Сақтандыру объектісі жеке және  заңды тұлғалардың мүддесі болып есептеледі.        Сақтанушының құқыққа қайшы мүдделері сақтандыру объектісі бола алмайды, оларды сақтандыру артынан сақтандыру шартын жарамсыз екендігіне әкеп соғады.

         Сақтандыру шартының заңды объектісі  болып қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін сақтандырушының жүріс тұрысы есептеледі.

         Сақтандыру шартының мазмұны.

         Сақтандыру шарты көбіне нақты  шарт болғандықтан, оның мазмұнын  талдауды сақтанушының міндетінен  және оған қарама-қарсы болып  келетін сақтандырушының құқығынан бастау керек. Ең басында сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру сыйақысын төлеуге міндетті.

         Сақтандыру сыйлық ақысы әдетте  біруақытылы төлемді. Шартта сақтандыру  сыйлық ақысын бөліп-бөліп төлеу  көзделуі мүмкін.

         Сақтандыру шартымен орнатылған мерзімде сақтандырушы сақтандыру жарналарын алмаған жағдайда сақтандыру жарнасын төлеу қажеттілігі жөнінде сақтанушыға хабардар беруге міндетті.

         Хабарландырудың ішіне кіреді:

1)  сақтандыру жарнасын (сақтандыру сыйлық ақысын кейінге қалдыру мерзімі) төлеу мерзімі;

2)  сақтандыру жарнасын  төлеудің мерзімін асырып алу  үшін өсім мөлшері;

3)  сақтандыру сыйлық  ақысы кейінге қалдыру мерзімі  ішінде сақтандыру жарнасын төлемеу  жағдайларында сақтандырушының  бір жақты тәртіппен шартты  тоқтату құқығы.

         Сақтандырушы сақтандыру құпиясын  сақтауға міндетті.

         Сақтандыру құпиясына сақтандыру  анықтайтын сомасының мөлшерін, сатып алу сомасын және төленген  сақтандыру сыйлық ақысын сақтанушыға  сақтандырылушыға немесе пайда  алушыға байланысты сақтандыру шартының басқа да жағдайлары кіреді.

       Сақтандыру  объектісі бір шарт бойынша  бірнеше сақтандырушымен сақтандырылуы  мүмкін. Мұндай сақтандыру – ортақ  сақтандыру деп аталады. Ортақ  сақтандыру шартында келісілген  үлесте әр сақтандырушының жеке міндеті мен құқығы белгіленеді.

       Сақтандыру  шартының тағы бір ерекше түрі  – қайта сақтандыру.

       Қайта  сақтандыру жағдайлары қайта  сақтандырушы және қайта сақтанушы  жасасқан шартқа сәйкес анықталады.

       Қайта  сақтандыру шарты да қайта сақтандырушылар тарапынан қатысушылардың көптілігіне де жол береді. Тиісті қайта сақтандыру жүзеге асыру үшін олар бірлескен қызмет туралы шарттар негізінде жәй серіктестіктерге біріге алады.

       Сақтандыру  шартының жарамсыздығы.

       Сақтандыру шарттары жарамсыз болып табылады, егер сақтандыру кез-келген жағдаймен байланысты болса, егер ондай жағдайда мәміленің субъектілік құрамының мазмұнының нысанының, ондағы еріктің ақауы болса, басқаша айтқанда, сақтандыру шартына азаматтық құқықтағы мәміленің жарамсыздығы туралы жалпы ережелер бүтіндей және толығымен таратылады.

        Сақтандыру шартының заңнамада  арнайы бөлініп шығарылатын негіздеріне  мыналар жатады.:

  1. шартты жасау сөтінде сақтандыру объектісінің болмауы;
  2. сақтандыру объектілері ретінде құқыққа қайшы мүдделерінің қарастырылуы;
  3. сақтандыру объектісі болып заңды күшіне енген сот шешіміне сәйкес тәркіленуге жататын мүлік, немесе қылмыстық жолмен табылған, әлде қылмыс құралы болған мүлік келсе;
  4. сақтандыратын жағдай ретінде пайда болуының ықтималдық және кездейсоқтық сипаты жоқ, шартың күшінде болу кезеңінде ол болмай қоймайтын объективтік оқиға қарастырылса және бұл туралы талаптар немесе ең болмағанда сақтандырушы алдын-ала білсе;
  5. сақтанушы шартты жасағанда заңсыз пайда болу мақсатын көздесе, сол сияқты сақтандыру шартын сақтандыратын жағдай орын алған соң жасаса;
  6. кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты сақтандырушы тұлғаның мүддесінде немесе пайдасына жасалса;
  7. шарт бойынша жауапкершілікті сақтандыруда сақтандырушыдан бөлек, басқа тұлғаның жауапкершілігінің тәуекелдігі сақтандырылса;
  8. сақтандырылушының келісімен алу міндетті болып табылған кезде оның келісімінің болмағаны;
  9. шарттың жазбаша нысанын сақтамау.

Әдебиет: 1, 2 ,3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14

Бақылау сұрақтары

1 Сақтандыру нысандары

2 Жеке және мүлiктiк  сақтандыру

3 Сақтандыру шартының  жарамсыздығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып № 3 Тапсырма. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау. Комиссия

Мақсаты: Комисся шартының анықтамасын мазмұнын, элементтерiн, заңи мiнездемесiн ашу.

Жоспар

1 Тапсырма шартының  түсінігі.

2 Тапсырма шартының  элементтері.

3 Тапсырма шартының  мазмұны.

4 Басқаның мүддесіне  тапсырмасыз іс-әрекет жасау туралы  жалпы ережелер.

5 Мазмұны мен жауапкершілігі.

6 Комиссия шартының  түсінігі мен элементтері.

Тапсырма шартының түсінігі

Тапсырма шарты бойынша  бір тарап (сенім білдірілген  өкіл) екінші тараптың (сенім білдірушінің) атынан және соның есебінен белгілі  бір заңды іс-әрекет жасауға міндеттенеді.

         Бұл шарт азаматтық құқықта  әмбебап маңызға ие. Ол белгілі бір субъект өзіне қажетті әрекеттерді жеке өзе емес, басқа тұлғалардың қызметіне жүгінетін өте көп өмірлік жағдайларды реттеу үшін бейімделген.

         Тапсырма кәсіпкерлік қызмет  субъектілері болып табылмайтын  жеке тұлғалар арасында бірқатар  заңды іс-әрекеттер атқаруға мүмкіндік береді.

2 Тапсырма  шартының элементтері

Тапсырма өкілдікпен қатар қызмет көрсету бойынша  міндетті туындата алады.  Тапсырманың  қызмет көрсетумен ара қатынастылығын әсіресе заңдық қызмет көрсету бойынша, соның ішінде сотта сенім білдірушінің құқықтары мен мүдделеріне өкілдік етумен байланысты қызмет көрсетуді мысалынан жақсы көруге болады.

       Тапсырмамен  қызмет көрсету элементтері өзара  әртүрлі ара қатыста болады. Кейбір  жағдайларды тапсырма қызмет  көрсетулерден басым болады. Тапсырма дәстүрлі түрде сенім білдірілетін шарт ретінде қарастырылған. Құқықтарды иеленушінің өз атынан құқықтар мен міндеттерді алуды басқа тұлғаға сеніп беруге тәуекел етуі өзінің негізгі бөлігінде осы тұлғаға білдірілген жоғары дәрежедегі сеніммен байланысты. Дәл осы сенім тапсырма негізі болып табылады. Тапсырма қатынастарына заңды тұлғалар қатысқан кезде сенім туралы сөз қозғалмайды. Тапсырма механизмі тек өзінің сыртқы көрінісі бойынша ғана әрекет етеді.

        Заңды тұлғалар арасында кәсіпкерлік  тапсырма шарттарын бекіту кезінде бүтіндей және толығынан кәсіпкерлік қауіптерді (тәуекелдерді) есепке алу орын алатын болады.

         Ақылы тапсырма шартында да  сенім маңызды болады. Тапсырма  өзінің бастапқы түрінде жеке  сенім білдірушілік сипатқа ие. Ол құқықтық аспектіде көрінбегенмен, дәл сол туысқандық фактісі, жақын достық қатынастар және басқа да соған ұқсас қатынастар сенім негізі болып табылады.

          Жеке сенімге қарағанда, кәсіпкерлік  айналымға басымды түрде тәуекелге  негізделген сенім орын алады.  Егер бір тұлға сенім білдірілген өкілге және сенімде, ал екіншісі – басымды түрде тәуекелге негізділген сенімде болса, онда мәміле жасаудың кейбір жағдайларында бұл тараптардың біріне залал келтіруі мүмкін (сірә сенімі тәуекелге негізделген тұлғаға) және сол себаптен тапсырманың осы екі түрінің бір уақытта орын алуына жол берілмейді деп танылуға тиіс.

          Тапсырма шарты жазбаша нысанда  жасалауға тиіс. Тапсырма шарты  жалпы ереже бойынша ақысыз  болып табылады.

          Тапсырма шартының тараптары болып сенім білдіруші және сенім білдірілген өкіл табылады. Тапсырма шартына 14 жастан 18 жасқа дейінге ішінара әрекет қабілеттілігі бар азаматтардың қатысуы жоққа шығарылмайды. Тапсырма шартының мәні болып материалдық емес қызмет көрсетілер табылады.  Шар пәні анықталатын сенім білдірушінің нұсқаулары нақты заңды және жүзеге асырыла алатын болуға тиіс.

3 Тапсырма  шартының мазмұны

        Сенім білдіруші нұсқаулар берумен  қатар, сенім білдірілген өкілді  тапсырманы орындау үшін қажетті  қаражат пен де қамтамасыз етуге міндетті.

       Сенім  білдірілген өкіл сенім білдірушінің  нұсқауларынан тек ерекше жағдайларда  ғана шалыс кетуге құқылы. Сенім  білдірілген өкіл өзіне берілген  тапсырманы өзі орындауға міндетті.  Орындау сенімін басқа адамға  ауыстырған бойда сенім білдірілген өкіл бұл туралы сенім білдірушіге, дереу хабарлауға міндетті. Сенім білдіруші, шартта мұндай орынбасардан бас тартуға құқылы.

       Кезек  күттірмейтін жағдайларда орындау  сенімін басқа адамға ауыстырған  кезде борышқор міндеттемені  орындауды үшінші тұлғаға жүктейтін тура сол ережелер қолданылады.

       Тапсырманы  орындаған соң сенім білдірілген  өкіл мерзімі аяқталмаған сенім  хатты кешіктірмей сенім білдірушіге  қайтаруға міндетті. Сенім білдірілген  өкіл тапсырманы орындағаны туралы  түпкілікті есеп беруге міндетті.

        Тапсырма шартын тоқтату. Тапсырма  шарты кез келген тараптың  еркі бойынша тоқтатылуы мүмкін, сенім білдіруші кез келген  уақытта тапсырманы тоқтата алады.  Тапсырма шартын тоқтату үшін  тіпті тараптардың қайсыбірін  хабар ошарсыз кетті деп тану да жеткілікті.

       Сенім  білдіруші – заңды тұлғаны  қайта құру тапсырма шарты  бойынша оның құқықтары   мен  міндеттерінің қайта құрылған  заңды тұлғаға немесе сенім  білдірушінің қосылуы орын алған  заңды тұлғаға өтуіне алып  келеді.

        Сенім білдіруші қисынды мерзім ішінде өзінің шарттан бас тартатындығы туралы хабарлай алады. Егер бұл орын алмаса, онда сенім білдірілген өкілді құқықтары мен міндеттері қайта құрылған заңды тұлғаның құқық мирасқорына (заңды тұлғаға) ауысады (тапсырма шарты әрекет етуін жалғастыратын болады).  

4 Басқаның  мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет  жасау туралы жалпы ережелер

         Субъектілердің келісімі емес, біржақты  іс-әрекеттердің міндеттемелері  қарастырылады. 

         Біржақты іс-әрекеттерге біржақты  мәлімелер құқықтық іс-әрекеттер жатады. АК 855-бабы.

         Мүдделі тұлғаның тапсырмасынсыз, өзге де нұсқауынсыз және алдын  ала уәде берілген келісімінсіз  оның жеке басына және мүлкіне  зиян келтірілуін болдырмау, оның  міндеттемесін орындау және оның  өзге де заңға қарсы емес мүдделері (басқаның мүддесі үшін іс-әрекет жасау) мақсатындағы іс-әрекеттер істің мән жайлары бойынша қажетті қамқорлықпен және сақтылықпен, мүдделі тұлғаның айқын олжасына және пайдасына және іс жүзіндегі және ықтимал ниеттеріне сүйініп жасалуы тиіс.

         Басқаның істерін тапсырмасыз  жүргізетін субъектіні гестор  деп атайды. Басқаның мүддесіне  тапсырмасыз іс-әрекетті кез келген  тұлға тіпті кездейсоқ субъект  жасай алады. Заңды мінездемесі:  біржақты, нақты, консесуалдық бола  алады.

         Шарттың нысаны: ауызша.

        Шарттан тыс (іс-әрекеттерді мақұлдамау, іс-әрекеттерді мақұлдау).

        Басқаның мүддесіне іс-әрекет  жасайтын тұлға алғашқы мүмкіндік  туған жағдайда мүдделі тұлғаға  бұл туралы хабарлауға міндетті.

        Жасалған іс-әрекеттер туралы хабарлар ішінде жасалған іс-әрекеттерді мақұлдағаны туралы және мақұлдамайтындығы туралы шешуге міндетті.

          Алайда егер шешімді күту мүдделі  тұлға үшін елеулі залал келтіруі  мүмкін болса гестор жауапты  күтпестен мүдделі тұлғаның пайдасы үшін қосымша іс-әрекеттерді де жасай алады.

          Егер мүдделі тұлғамен берілген  жауапта гестордің іс-әрекеті  мақұлданбаса және жауап берілмесе  және жағдайға қарай оны мақұлдау  ретінде бағалауға болмайтын  болса , онда гестор өзінің  одан арғы іс-әркекттерін тоқтатуға тиіс болады. АК-856 бабы.

5 Мазмұны мен жауапкершілігі 

           Қатерге ұшыраған адамның өміріне  төнген қауіпті жою мақсатындағы  іс-қимылға осы адамның еркіне  қарсы жол беріледі. Сондай-ақ  тұлға беруді асыру жөніндегі  міндеті бар тұлғаның тапсырмасынсыз және оның еркіне қарсы орындай алады.

Мысалы гестор өмірлік  асыраудағы адамның ауыр жағдайын, дұрыс тамақтанбауын, суық күндері  жылы киімнің жоқтығын көріп оған аяушылық білдіргендіктен тамағын, қажетті киімін беретін болса, артынан гестор өмірлік асырауда ұстауға міндетті болған тұлғаға тиісті талаптармен жүгіне алады. АК 858-бап.

          Басқаның мүддесіне іс-әрекеттер  жасаған адам мүддесіне іс-әрекеттер  жасалған адамға есеп беруге  міндетті.

          Басқаның мүддесіне әрекет еткен тұлғаға залалдарды өтеуді қамтиды. Мысалы нақты залалды атап айтқанда, егер мүдделі тұлғаның мүлкін құтқару нәтижесінде гестордың денсаулығына зиян келтірілсе, гестордың емделуіне кеткен шығындар жатқызылатын болады.

         Мүдделі тұлға өзі мақұлдамаған Гестордың өз іс-әрекеттерінен туындаған залалдарды өтеуге міндетті емес. КРАК 859 баб-1-тармағында 2-бөлігі гесторға төленетін сыйақының жоғарғы шегін шектеген. Алайда басқа тұлғаның мүлкіне залал келтіруді болдырмау жағдайында өтеу мөлшері мүліктің құнынан аспауы тиіс.

Информация о работе Сатып алу-сату шарты