Сатып алу-сату шарты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2014 в 00:30, лекция

Краткое описание

1Сатып алу-сату шарты.
2 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты.
3 Тауар жеткізілімі шарты.
4 Келісім шарт жасасу шарты.
5 Энергиямен жабдықтау шарты.
6 Кәсіпорынды сатып алу-сату шарты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

лекции гражданское право особенная часть.doc

— 621.50 Кб (Скачать документ)

4 Меншік иесінің  және оның отбасы мүшелерінің  қатысуымен болатын тұрғын үй  құқықтық қатынастары

Қазақстан Республикасының  тұрғын үй заңнамасы тұрғын үй жөніндегі  меншік категорияларын тікелей тұрғын үй құқықтық қатынастарына жатқызған, өйткені олар тікелей «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР заңында реттелген.

Тұрғын үй құқығы тұрғысынан алып қарағанда, меншік иесінің пайдалану  құқығын өзіне тиесілі үйде жеке өзі (отбасымен бірге) тұру құқығы ретінде  қарастыру маңызды иелері және олардың отбасы мүшелері табылатын, ерекше тұрғын үй құқықтық қатынастары пайда болады.

Меншік құқығы негізінде  тиесілі тұрғын үйді меншік иесінің  оны жалға беру жолымен басқаруы да тұрғын үй-жайды пайдалану бойынша  тұрғын үй құқықтық қатынастарына алып келеді.

Меншік иесімен қатар, тұрғын үйді, онымен бірдей негізде, тұрғын үйге қоныстанған оның отбасы мүшелері де пайдалана алады. Оларды қоныстандыру кезінде тұрғын үй тек олардың  тұруы үшін арналғаны және пайдаланудың өзге құқықтары шектелгендігі ескертілуі мүмкін. Меншік иесі отбасының мүшелері деп үнемі бірге тұратын ерлі-зайыптылар мен олардың балалары танылады. Ерлі-зайыптылардың ата-аналары, сондай-ақ өздерінің отбасы бар және меншік иесімен үнемі бірге тұратын балалары өзара келісім бойынша ғана меншік иесі отбасының мүшелері танылуы мүмкін. Еңбекке жарамсыз асырауындағылар, егер олар меншік иесімен үнемі бірге тұрса, меншік иесі отбасының мүшелері деп таныла алады.

Меншік иесіндегі тұрғын үйді алып қою жөніндегі тұрғын үй қатынастарының тоқтатылуымен бірге олар меншік иесі отбасының мүшелерінде де жаңа басқа да тұрғындарда тоқтатылады. Бұл орайда, тұрғын үйді орналасқан жер учаскесімен бірге мемлекеттік қажеттіліктер үшін алып қойған (сатып алған) кезде, отбасы мүшелері тұрғын үйден шығарылады және бұрынғы тұрғын үйдің өтемі ретінде алынған тұрғын үйде тұру құқығына ие болады. Бұрынғы тұрғын үйде тұратын басқа адамдар басқа тұрғын үй-жай берілмей шығарылады.

Меншік иесінің еркі бойынша (сату, сыйға тарту) тұрғын үйді меншіктену құқығы тоқтатылған жағдайда, егер тұрғын үйді сатып алушымен жасалған шарт бойынша өзгеше көзделмесе, меншік иесінің отбасы мүшелері меншік иесі отбасының бұрынғы мүшелері және уақытша тұрғындар басқа тұрғын үй-жай берілмей шығарылады. Егер тұрғын үйге меншік құқығын осылайша тоқтату кәмлетке толмаған балалардың тұрғын үй құқықтарына қатысты болса, онда тұрғын үйді иеліктен айыруға қорғаншылық пен қамқоршылық органдарының келісімі талап етіледі.

Бақылау сұрақтары 

1 Тұрғын үй құқықтық  қатынастары

2Жекелеген тұрғын  үй қатынастары

 

 

 

 

 

 

Тақырып № 2 Мүлікті  тегін пайдалану (ссуда)

Жоспар

1 Мүлікті тегін пайдаланудың  түсінігі

2 Мүлікті тегін пайдаланудың  мазмұны және жауапкершілігі

1 Мүлікті тегін  пайдаланудың түсінігі

Азаматтық кодексінің 604-бабына сәйкес мүлікті тегін пайдалану шарты несие шарты бойынша бір тарап несие беруші, екінші тарапқа несие алушыға мүлікті тегін уақытша пайдалануға беріледі. Ал, соңғысы мулікті қалыпты тозуын ескере отырып қандай күйде алса, содай күйде немесе шартта ескертіолген күйде қайтаруға міндеттенеді.

Заңды мінездемесі:

  • Екі жақты
  • Өзара
  • Нақты
  • Шарт
  • Ақысыз

      Қатысушылары: Несие беруші, алушы.

Пәні:  Мүлікті тегін пайдаланудың шарты ретін жылжитында, жылжымайтында заттар бола алады. Мүлікті жалға алу шартындағыдай несие шартының пәні болып жеке белгілі бір тұтынылмайтын заттар табылады.

Мерзімі: Қатысушылардың келісімі бойынша анықталады. Коммерциялық ұйымның, мүлікті ұйымдардың құрылтайшысы, қатысушысы, басшысы оның басқару және органдардың мүшелері болып табылатын тұлғаларға тегін беруге құқығы жоқ..

2 Мүлікті тегін  пайдаланудың мазмұны мен жауапкершілігі

Шарттың мазмұны  – несие берушінің міндеттері және несие алушының құқықтары.

- Затты мүлікті тегін  пайдалану шарт талаптарына және  мақсаттарына сай қалпына беруге.

- Заттың барлық керек  жарақтарымен және оған құжаттармен беруге міндетті.

Егер мұндай керек  жарақтар мен құжаттар берілмесе, алайда оларсыз мүлікті мақсаты бойынша  пайдалану мүмкін балмаса, не оны  пайдалану несие алушы үшін едәуір дәрежеде құны жойылса соңғы сондай керек жарақтар мен құжаттар беруді немесе шартты бұзуды және өзіне келтірілген нақты зиянды өтеуге талап етуге құқылы.

- Мүлікті тегін пайдалануға  берген несие беруші, мүлікті  беру кезінде қасақана немесе  өрескел абайсыздықтан айтпай  қалған осы мүлікті кемшіліктері  үшін, егер бұл орайда нақты зиян келсе жауапты болады.

- Несие алушының талаптары  туралы немесе оны мүліктің  кемшіліктерін несие берушінің  есебінен жою ниеті туралы  хабарландыратын несие беруші  арқылы затты тиісті күйдегі  соған ұқсас басқа затпен дереу  ауыстыра алады.

- Несие беруші мүліктің шарт жасаған кезде өзі айтқан кемшіліктері үшін  немесе несие алушыға алдын ала белгілі болған не несие алушы шарт жасаған кезде немесе затты берген кезде мүлікті қараған немесе оның дұрыстығын тексерген уақытта кемшіліктері үшін жауап бермейді.

- Мүлікті тегін пайдалануға  беру бұл мүлікке 3-тұлғаның  құқықтарын өзгертуге немесе  тоқтатуға негіз болмайды. Тегін  пайдалану шартын жасаған кезде  несие беруші, несие алушыға бұл  мүлікке барлық құқықтары туралы  ескертуге міндетті. Бұл міндетті орындамау несие алушыға шартты бұзуға және өзі шеккен нақты зиянды өтеуді талап ету құқығын береді.

Несие алушының міндеттері мен несие берушінің құқықтары:

-  Несие алушы тегін  пайдалануға алған мүлікті, егер  тегін пайдалану шартында өзгеше  көзделмесе ағымдағы және күрделі жөндеуді дұрыс күйінде ұстап тұтуға және ұстап тұту жөніндегі барлық шығындарды өтеуге міндетті.

-  Егер мүлік оны  несие алушы тегін пайдалану  шартына немесе мүліктің мақсатына  сай пайдаланбағандықтан жойылса   немесе бүлінсе не оны несие берушінің келісімінсіз берсе, ол тегін пайдалануға алған мүліктің кездейсоқ бүліну қалпын өз мойнына алады.

Егер несие алушы  нақты мән жайларды ескере отырып өз мүлкін құрбан етіп мүліктін жойылуына  не бүлінуіне жол бермеуі мүмкін болып, бірақ өз мүлкін сақтап қалуды жөн көрсе, ол мүліктің кездейсоқ жойылынуын немесе бүліну қаупінде мойнына алады. Егер несие алушының немесе бұл мүлік несие берушінің келісімімен қолына тиген адамның зиянды қасақана не өрескел бейқамдықпен келтіргенін дәлелдей алмаса мүлікті пайдалану салдарынан үшінші тұлға келтірілген зиян үшін несие беруші жауап береді.

Шартты мерзімнен бұрын  бұзу.

Несие беруші тегін пайдалану шартын мерзімінен бұрын бұзуды несие алушы:

-  Мүлікті шартқа  немесе мақсатына сәйкес пайдаланбаған-  Мүлікті дұрыс күйінде сақтау немесе оны ұстап тұту жөніндегі міндеттерін орындамаған.

-  Мүліктің жай күйін  елеулі түрде нашарлатқан.

-  Несие берушінің  келісімінсіз мүлікті берген  жағдайда талап етуге құқылы.

Несие алушы:

         -  Мүлікті қалыпты пайдалануды  мүмкін етпейтін немесе ауырлататын кемшіліктерін тапқан кезде олардың бар екені туралы шарт жасасу кезінде білмеген және білуі мүмкін болмаса.

    -  Егер мүлік  ал жауап бермейтін мән жайларға  байланысты пайдалануға жарамсыз  күйде болса.

     -  Несие  беруші мүлікті беруіне оның керек жарақтармен оған қатысты құжаттарды беру міндетін орындамаса тегін пайдалану шартын мерзімінен бұрын бұзуды талап етуге құқылы.

          Шарттан бас тарту:

      Талаптардың  әр қайсысы мерзімі көрсетілмей  жасалған тегін пайдалану шартынан, егер шартта хабарлардың өзге мерзімі көзделмесе бұл туралы басқа тарапқа бір ай ішінде хабарлап кез келген  уақытта бас тартуға құқылы. Егер шартта өзгеше көзделмесе несие алушы мерзімін көрсетіп жасалған шартпен жалпы тәртіппен кез келген уақытта бас тартуға құқылы.

Әдебиет

Бақылау сұрақтары  

1 Тұрғын үй құқықтық  қатынастары

2 Мүлікті тегін пайдаланудың  мазмұны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып № 2 Мердігерлік шарты

Мақсаты

Жоспар

1 Мердігерлік  шартының түсінігі.

2 Мердігерлік  шартының элементтері.

3 Тараптардың  құқықтары мен міндеттері.

4 Мердігерлік  шартының жекелеген түрлері.

5 Мердігерлік  шарт бұзғаны үшін жауаптылық

          1 Мердігерлік шартының түсінігі

Мердігерлік шарты бойынша бір  тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде оның нәтижесін тапсырысшыға өткізуге міндетті, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндетті.

         Мердігерлік шарты консенсуалды ақылы және өзара шарт. Жұмысты орындау үшін белгілі уақыт керек, сондықтан мердігерлік шарт бойынша шарт жасалу кезі және оның орындалу кезі сәйкес келмеуі мүмкін

2 Мердігерлік шартының  элементтері

     Мердігерлік шартының тараптары болып мердігер және тапсырысшы болып табылады.

Тапсырысшы  – екінші тарапқа – мердігерге шарт бойынша келісілген белгілі  бір жұмысты орындауға тапсыратын тұлға. Тапсырысшы ретінде азаматтық-құқықтық қатынастарының кез келген тұлғасы  бола алады. Мердігерлік шарттарда мемлекеттің қатысу ерекшеліктері жеке заң актілерімен белгіленген, мысалы, ҚР-ның Көлік және коммуникация министрлігінің 18.01.1998ж. №123-бұрығымен бекітілген, жол жұмыстры жайындағы конкурстарды (мердігерлік саудалар) ұйымдастыру және өткізу тәртібінің ережелері.

       Мердігер – шарт бойынша белгілі  жұмысты орындауға міндеттенетін  тұлға, көбінесе кәсіпкерлік қызметінің  субъектісі, жеке тұлға немесе  жеке кәсіпкер, коммерциялық заңды  тұлға. Бір ретті негізде мердігерлік жұмысты кез келген әрекет қабілеттілігі бар жеке тұлға атқара алады. Кейбір жағдайларда, “Лицензиялау туралы” 17.04.95 ж. ҚР заңына сәйкес, мердігерлердің қызметі лицензиялануы тиіс.

       Бүкіл жұмыстың мөлшерін орындауға  алғашқы шарт жасаған және  басқа тұлғаларды тартқан тұлға  бас мердігер деп аталады (ҚР АК-нің 619-б. 1-тармағы). Тартылған тұлға (тұлғалар) қосалқы мердігер болып табылады. Алғашқы мердігер оның алдында тапсырысшы болады.

       Мердігерлік шартының нысанасы  – бұл мердігер мен орындаған  жұмыстың нәтижесі. мердігерліктің нәтижесі әрқашан олармен жұмыс жүргізілетін белгілі заттармен, материалдармен байланысты, оларда өзінің бейнеленуін табады. Мысалы, бұл мүліктің құнын көбейтетін күрделі жөндеу, тек заттың тиісті халін қалпына келтіретін ағымды жөндеу болуы мүмкін. Сол сияқты кейбір өзге жұмыстар да мысалы, көгал алаңдарды қию,киімдерді химиялық тазалау, мүліктің тиісті күйін қалыпқа келтіруге және оны күтіп ұстауға бағытталған.

        Шарттың бағасы орындалған жұмыстың  құнына сәйкес келуі керек.  Баға әр кезде ақша сомасымен белгілененді, бірақ төлеудің нысандары әртүрлі болуы мүмкін. Мердігерлік шартында орындалатын жұмыстың бағасы немесе оны анықтау тәсілдері көрсетіледі. Шартта мұндай нұсқаулар болмаған және тараптар баға туралы келісімге келмеген жағдайда бағаны, әдетте осыған ұқсас жұмыстарға қолданылатын бағаларды негізге алу арқылы сот белгілейді.

         3 Тараптардың құқықтары мен міндеттері.

Мердігердің міндеттері:

-  Мердігер жұмысты  өз материалдарымен, күштерімен  және құралдарымен 

орындауға міндетті;

-  Материалдар мен жабдықтардың кездейсоқ жойылуы немесе кездейсоқ бүліну

қаупін көтеруге;

-  Заттың жарамдығы   немесе мықтылығына қауіп төндіретін  немесе жұмыстың   

мерзімінде аяқталуына кедергі келтіретін, оған байланысты емес барлық жағдайлар туралы тез  арада тапсырушыға хабарлауға міндеттенеді.

Мердігердің құқықтары:

- Тапсырушы тапсырмасын  орындау амалдарын өз еркімен  анықтауға;

- Мердігердің нақты шығыны жұмыстың бағасын анықтауда есепке алынған     

мөлшерден аз болған жағдайда жұмыс ақысын шарттың айқындалған баға бойынша

төлеуін талап етуге  құқылы.

Тапсырысшының міндеттері:

-  Осы шарттың тоқталуы салдарынан болған шығындарды түгел жұмысқа белгіленген баға мен орындалған жұмысқа төленген бағаның бөлігі шегіндегі аралық баға төлемінде өтеуге;

- Мердігердің қатысуымен жасалған затты тәртіппен және мерзімде тексеруге, қабылдауға, ал осы шарттың нәтижесін нашарлаған ауытқулар немесе жұмысындағы өзге кемшіліктер туралы тез арада мердігерге хабарлауға міндеттенеді.

Тапсырысшының құқықтары:

-  Оған  жұмыс нәтижесі берілгенге дейінгі кез-келген уақытта шарттың орындалуынан бас тартуға;

- Мердігердің ісіне  араласпастан ол орындайтын жұмыс  барысы мен сапасын барлық  уақытта тексеруге;

- Егер мердігер осы шартты орындауға мерзімінде кіріспеген жағдайда осы шарттың орындалуынан бас тартуға және шығынды өтеуді талап етуге;

- Мердігер де кемшіліктерді  жою үшін қисынды мерзім белгілеуге  және мердігер белгіленген мерзім  ішінде бұл талапты орындамаған  жағдайда осы шарттан бас тартуға  немесе жұмысты жөндеуді мердігердің  есебінен басқа тұлғаларға таапсыруға, сонымен қатар жұмыс барысында оның лайықты түрде орындалмайтындығы белгілі болған жағдайда шығындардың өтелуін талап етуге құқылы.

Информация о работе Сатып алу-сату шарты