Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2014 в 00:30, лекция
1Сатып алу-сату шарты.
2 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты.
3 Тауар жеткізілімі шарты.
4 Келісім шарт жасасу шарты.
5 Энергиямен жабдықтау шарты.
6 Кәсіпорынды сатып алу-сату шарты.
- контейнерлер, цистерналар мен бункерлік жартылай вагондар- жүк жөнелтушімен. Темір жол кіріс жолға тиелген вагондарды өткізу кезінде жүктердің белгілі бір түрін тиеуге олардың техникалық жарамдылығын қосарланған операциялар тәртібімен анықтайды.
5 Жүктерді
тасымалдағаны үшін есе
Жүктерді тасымалдау контейнерлермен де жүзеге асырылады. Контейнерлерде тасымалдауға тиым салынатын жүктердің тізімі жүктерді тасымалдау ережелерімен белгіленеді.
Контейнерлер әмбебеп және арнайы болып бөлінеді. Әмбебап контейнерлерінде әртүрлі жүктерді тасымалдауға болады. Тасымалдауға берілетін жеке жүк орының салмағы 120 кг-нан аспауға тиіс. Бұл шектеу үй заттарына таралмайды. Жүктерді тасымалдау шартының тараптары (ең алдымен, жүк жөнелтуші, өйткені контейнерлерге тиеу соның күшімен жүзеге асырылады) контейнерлердің неге арналғанын ескеруге тиіс.
Жүктерді тасымалдауға
беру кезінде темір жол
Пломбылау жүк жөнелтушімен жүзеге асырылатына қарамастан, жүк жөнелтушілерді пломбаларымен плоамбылау қысқыштарымен бекіту құрылғыларымен, оларды шешу құрылғыларымен, плашкалармен, вагондар мен контейнерлерді пломбылау үшін сым темірлермен жабдықтауды ақы үшін темір жол жүзеге асырады.
Бақылау сүрақтары
1 Жүктi тасымалдау шарты
2 Жүкке билiк ету құқығы
1Көлік экспедициясы шартының ұғымы және нысаны.
2Тараптардың құқықтары мен міндеттері.
1 Көлік экспедициясы шарты
Көлік экспедициясы шарты өз алдына жеке және тек қана көліктік көмекші шарт болып табылады. Осыдан оның латын сөзінен туындайтын –expeditio- жөнелту деген атауы шығады. Әрекет етуші Азаматтық кодексте көлік экспедициясы шартының аталған рөлі ескерілген және оны реттеуге жеке 15 тарау арналған (708-714-баптар). Көлік экспедициясы шарты қайсы бір тұлғаның атына жөнелтетін немесе келіп жатқан жүктердің саны едәуір мөлшерге жеткенде және тасымалдауды рәсімдеумен байланысты операцияларды өз бетінше орындау жүк жөнелтіуші үшін қиындық келтіретін және экономикалық тұрғыдан анықталмайтын бола бастағанда ең қолайлы деп есептеледі.
Көлік экспедициясы шарты бойынша бір тарап (экспедиттер) сыяқы үшін басқа тараптың (клиенттің жүк жөнелтушінің немесе алушының) есебінен жүкті тасмалдауға байланысты экспедиция шартына белгіленген қызмет көрсетулерді орындауға немесе орындауды ұйымдастыруға, оның ішінде клиенттің атынан немесе өз атынан жүкті тасмалдауға шартын жасауға міндетті.
Көлік экспедициясы шарты – консенсуалды, екі жақты және ақылы шарт. Көлік экспедиция шартының субьектілері қатысушылар болып табылады, бір жағынан – экспедитор және екінші жағынан клиент табылады.
Көлік экспедициясы шарты бойынша тұлғаның клиент болу мүмкіндігін (қабілеттігін) шектеудің басқа бір ықтилмал жолы оның азаматтық құқтықтық қатынастардың субъектісі ретіндегі ерекше жағдайына негізделетін болады. Мысалы бұл жерде көлік экспедицисының қызметтерін пайдалану мүмкіндігін тасымалдау шарттарын бекітуге белгілі бір сметалық қаражаттар бөліну мүмкін болатын мемлекеттік мекемелер туралы сөз болып отыр. Көлік экспедициясы шартын клиент ретінде бекітуге басқа да объективті жағдайлардың кедергі келтіру мүмкін екендігі жоққа шығарылмайды.
Шартқа экспедиторлар ретінде қатысу туралы айтқанда, біз оларға кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің қатысатындығын есте ұстаймыз. Қазақстан Республикасынның қызметтері жүзеге асырған кезде тасмалдаушы лецензия алуға міндетті. Аталған заңда көліктік экспедициялық қызметі лецензиялау туралы нақты тұжырымның жеткіліксіз екендігі туралы айта кеткен жөн.
Экспедитор қызмет көрсетуге жекелеген мамандандырылған ұйымдарды (мамандарды) қатыстыруы мүмкін. Бірақ одан олар көлік экспедициялық қатынастардың қатысушылары бола қоймайды, шарт бойынша міндеттемелер экспедитордың өзіне жүктеледі. Қатыстырылған тұлғалар экспедитормен бекіткен өз алдында дербес шарттардың қатысушылары болып табылады.
Көлік экспедициясы шартының пәні болып тасмалдауларды ұйымдастыруға (қамтамасыз етуге) қатысты қызметтер табылады. Бұл қызметтер, бір уақытта, іс жүзіндегі және заңдық сипатқа ие болады.
Көлік экспедициясы шартының заңды анықтамасында айтылған қызметтерді негізгі деп атауға болады, өйткені ҚР АК-ң 708-бабында 1-тармағының 2-бөлігінде экспедитордың қосымша қызметтерді көрсету мүмкіндігі туралы айтылған. Біздің ойымызша қызметтерді осылайша бөлу тәжірбиелік маңызға ие екендігін бірден айта кеткен жөн.
2 Тараптардың құқықтарымен міндеттері
Кез келген өзге шарттық
міндеттемеге сәйкес сияқты борышқор,
осы тұстағы экспедитор, экспедициялық
қызмет көрсетулер бойынша өзіне
жүктелген міндеттемелерді
Құқықтар мен міндеттерді қарастырғанда көлік экспедициясына қатысты Азаматтық кодексте сілтемелік реттеудің қолданылатына сүйене отырып, олардың кеңінен талқылауы мүмкін екенін ескерген жөн. Мәселен, егер экспедитор тасылмалдау шартын клиенттің атына бекітетін болса онда 35-тарау нормаларымен реттелмеген бөлігінде олардың арасына сенім берушімен сенімдерді шоқты құқықтар мен міндеттер туындайды. Ал, экспедитор тасымалдау шартын өз ойынан бекітетін жағдайларда, оның клиентпен түсетін қатынастарына, 35-тармақпен реттелмеген бөлігінде, комиссия шарты туралы нормалар қолдынылады.
Экспедитор тасмалдау шартын клиенттік нұсқауларына сәйкес бекітуге тиіс. Жүк жөнелтушінің мүддесін тарифтер деңгейін және жеткізу мерзімдерін ескере отырып, жөнелтушінің жүгін көліктің қай түрімен тасмалдауды өзі белгілей алады.
Экспедитор тасылмалдау шартын тиісті түрде бекіте алу үшін жүк жөнлтуші экспедиторға жүктің қасиеттері, оны тасылмалдау жағдайлары туралы құжаттар мен өзге де ақпаратты, сондай-ақ экспедитордың өз міндеттерін орындауына қажет өзге де ақпаратты беруге міндетті.
Экспедитор жүк жөнелтішуге ақпараттың анықталған кемшіліктері туралы хабарлауға, ал ақпарат толық болмаған жағдайда, жүк жөнелтушіден қосымша деректерді сұрауға тиіс.
Егер жүк жөнелтуші қажетті ақпаратты бермесе экспедитордың осындай ақпарат берілгенге дейін өзінің тиісті міндеттрін атқаруға кіріспеуге құқылы.
Егер экспедиция шартынан экспедитордың өз міндеттерін жеке өзінің атқару міндеті туындамаса, экспедитор өз міндеттерін орындауға басқа тұлғаларды тартуға құқылы. Міндеттеменің орындалуын үшінші тұлғаға жүктеу экспедиторы шартының орындалуы үшін клиенттің алдындағы жауптылықтан босатпайды.
Бірқатар басқа азаматтық-құқықтық шарттардағы несие берушілер сияқты экспедиторлар да ұстап қалу құқығын пайдаланады ол көлік экспедициясы шарты бойынша шартпен және заңмен қамтамасыз етілетін экспедитордың жүкті тек оның экспециялық қызмет көрсетулері үшін алуы тиіс сыйақының төленбеуіне байланысты ғана ұстап қалу құқығымен шектеледі (ҚР АК 712-б). Осы айтылған сөз – экспедитор клиенті өзінің алдындағы міндеттемені орындауға мәжбүрлеу үшін мүлікті ұстап қалуға тиісті (құқылы) емес дегенді білдіреді. Ұстап қалуды борышқор мүлкінен өндіріп алумен шатастырмаған жөн.
Көлік экспедициясы шартының әрбір тарабы бұл туралы басқа тарапқа қисынды мерзімде ескерте отырып, шарттан (оны орындаудан) бас тартуға құқылы. Шартты орындаудан біржақты бас тартқан тарап осы кезде екінші тарапқа шарттық бұзылуын келтірілген залаларды өтеуге міндетті.
Әдебиет: 1, 2 ,3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14
Бақылау сұрақтары
Тақырып № 2 Заем шарты
Мақсаты: Заем шартының анықтамасын мазмұнын, элементтерiн, заңи мiнездемесiн ашу.
Жоспар
1 Заем шартының ұғымы.
2 Заем шартының элементтерi.
3 Заем шартының түрлерi.
1 Заем шартының ұғымы
Заем шарты бойынша бір тарап заем беруші басқа тарапқа заемшылардың меншігіне шаруашылық жүргізуіне оралымды басқаруына ақша немесе тектік белгілеріне айқындалатын заттарды береді. Ал осы кодекс немесе шарттар көзделген жағдайларда осыларды беруге міндеттенеді. Заемшы заем берушіге дәл осындай ақша сомасын немесе осы тектегі және саладағы заттардың тек мөлшерін уақытша қайтаруға міндетті.
Заңды мінездемесі
1.Бір жақты – нақты шарт
2.Екі жақты – консенсуалдық
3.Өз ара.
4.Ақылы
2 Заем шартының элементтері
Тараптары:
Заем берушi- меншігінде уақытша дербес ақша қорлар немесе тектік белгілерінен айқындалған заттары бар тұлға.
Заем алушы. Жеке және заңды тұлға бола алады. Заңды тұлғалар мен азаматтарға кәсіпкерлік қызмет ретінде азаматтардың заем түрінде ақша тартуға тиым салады және мұндай шарттар олар жасалған кезден бастап жарамсыз деп танылады. Бұл тиым салу заемшылар депозиттер қабылдауға ҚР-ның Ұлттық Банкі лицензиясы бар банктер болған жағдайда сондай-ақ шығынды заңдарда белгіленген тәртіппен тіркелген бағалы қағаздарға ақшаны айырбасқа жағдайларында қолданылады. Заем беруші жеке және заңды тұлға бола алады, оларға кәсіпкерлік қызмет ретінде ақша беруге рұқсат беріледі.
Заем шартының пәні. Ақша немесе талап болады. Ақша нышанда ұлттық және шетел валютасы бола алады. Шетел валютасын заемға беру заң талаптпрына сәйкес болу керек. Тауар нысанда тектік белгіленген айқындалған заттарда ғана бола алады. Заемға берілетін заттар айналымды болу керек.
Заемның нысаны. Заем шарттары. Азаматтық кодекс 151-152 баптарының ережелеріне сәйкес нысанды жасалуға тиіс. Заем шарты заемның облигациясы, қолхаты немесе оған заем берушінің белгілі бір сомасының немесе заттың бір мөлшерін бергендігін куәландыратын өзгеде құжат болатын жағдайда тиісті жазбаша нысанды жасалды деп таниды. Орындалуы тектік белгісімен айқындалатын заттарды беруге байланысты шартта заем тараптарының келісімі бойынша аванс алдын-ала ақы төлеу тауарларға мерзімін ұзартып және бөліп төлеу түрінде беру көзделуі мүмкін.
Шарттың мерзімі тараптардың келісімі бойынша анықталады егер шартта мерзім көрсетілмесе шарттың пәні заемшы заем берушінің талап қойғаннан кейін 30 күннің ішінде қайталанады. Егер сый ақы төлеу туралы шарты болмаса заемшы заем берушінің шартта белгіленген мерзіміне дейін заемшы заем берушінің рұқсатынан немесе бұл туралы шартта көзделсе заемды қайтарады. Егер сый ақы туралы шартта көзделмесе заем нысанын пайдаланған үшін заемшы шартта белгіленген мөлшерде заем берушіге сый ақы төлейді. Егер сый ақы төлеу мерзімі мен тәртібі шартта белгіленбесе ол ай сайын төленеді. Егер заемшы заем нысанын мерзімінде қайтармаса сый ақы заем нысанасын пайдаланған кезінде төленеді.
Заемның міндеттері.
- Заем нысанасы
шартта көзделген мерзімде
- Егер шартта көзделмесе сый ақы төлеу.
- Шарт заемның заем нысанасын белгілі бір мақсатқа пайдалану шартымен жасалған жағдайда заем берушінің заем нысанасы пайдаланушының жүзеге асыруға құқығы бар, ал заемшы заем берушінің осындай бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
- Заем нысаны қайтару және сый ақы төлеу жөніндегі міндеттерді орындау Азаматтық Кодексте көзделген әдістермен қамтамасыз етілуі мүмкін, бұл жағдайда заемшы егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе заем берушіге заемның қамтамасыз етілуге бақылауға мүмкіндік беруге міндетті.
- Сатып алу –
сату мүлікті жалға алу немесе
өзге негіздігі мәлімелерден
пайда болған кез- келген
- Заемшы заем берушіге
өзінің заем нысанасын іс
- Заемшы заем берушінің
шартта белгіленген мерзіміне
дейін заем берушіні бұл
3 Заем шартының түрлері
Заем шартының түрлері.
- Банктік заем
- Мемлекеттік заем
Мемлекеттік заем шарты бойынша заемшы мемлекеттік, заем беруші азамат және заңды тұлға бола алады. Мемлекеттік заемдар ерікті болып табылады. Мемлекеттік заем шарты заем берушінің шығарылған мемлекеттік облигацияларды сондайақ заем берушінің заемшыдан одан қарызға берілген ақшаны немесе заем талаптарына байланысты өзгеде мүлікті баламалы белгілермен сый ақыны немесе өзгеде мүліктік құқықтарды осы заемда айналымға шығару шартында көзделген мерзімде алу құқығын куәләндыратын басқада мемлекеттік бағалы қағаздарды алу жолымен жасайды. Мемлекеттік заем шартынан туындайтын өз міндеттері бойынша заемшы тиісті қазынадан мүлкінен жауап береді. ҚР мемлекеттік заем қатынастарына қатысу ерекшеліктері заң актілерімен белгіленуі мүмкін. Банктік заем шарты бойынша заем беруші заемшыға қарызға ақша беруге міндеттенеді. Банктік заем шартына АК 728 бабында көзделген ерекшкліктермен қоса заем шарттарына қатысты ережелер қолданылады.