Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2014 в 00:30, лекция
1Сатып алу-сату шарты.
2 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты.
3 Тауар жеткізілімі шарты.
4 Келісім шарт жасасу шарты.
5 Энергиямен жабдықтау шарты.
6 Кәсіпорынды сатып алу-сату шарты.
Затты қабылдау.
Қабылдау кезінде
Затты тексерусіз қабылдаған
тапсырысшы тұрмыстық кәдімгі қабылдау
жолымен жоюға болатын
Тапсырысшы мен мердігер арасында зат кемшіліктері немесе олардың себептері туралы талас туғызылса тараптардың кез-келгенінің талабы бойынша экспертизия жасалуы керек. Экспертизия бойынша мердігердің осы шартты бұзуы немесе мердігердің әрекеттерімен байқалған кемшіліктері арасындағы себепті байланыс анықталмаған жағдайда есептелмеген экспертизия жүргізу шығындарын экспертизияны талап еткен тарап, ал егер ол тараптардың келісімімен жасалса онда екі тарап тең болып көтереді. Тапсырысшы затты қабылдаудан тартылған жағдайда осы шартқа сәл жұмыс нәтижесі тапсырысшыға берілуі керек күннен 1 ай өткеннен кейін және тапсырысшыға одан кейін екі рет хабарлаған жағдайда мердігер жұмыс нәтижесін сатуға, ал алынған суммадан мердігерге тиісті барлық төлемдерді алып тастағанда тапсырысшының атынан ҚР АК 291-бабынды көзделген тәртіп бойынша депозитке салуға құқылы. Егер тапсырысшының орындалған жұмысты қабылдаудан тартынуы жұмыстың берілуі мерзімнің кешіктірілуіне әкелсе, жасалған заттың кездейсоқ жойылу қаупі заттың берілу керек сәтінен тапсырысшыға көшеді.
4 Мердігерлік шартының жекелеген түрлері
Мердігерлік
шартының түрлі сипаттамасына мыналар
кіреді: 1) тұрмыстық мердігерлік; 2)
құрылыс мердігерлігі; 3) жобалау
немесе іздестіру жұмыстарына
5 Мердігерлік шарт бұзғаны үшін жауаптылық
Мердігерлік шарт бойынша жауапкершілік өзінің міндеттерін орындамаған немесе тиісті орындамаған шарт тараптарының біреуінің кінәлі жүріс тұрысының салдары болып келеді. Егер мердігерлік шартындағы міндеттемелердің кәсіпкерлік сипаты болса немесе осы шартта арнайы көзделсе, тарап шарт бойынша міндеттемесін тиесілі орындамауы үшін оған кінәсіз жауапкершілік жүктеледі. Жауапкершіліктің мөлшері азаматтық заңнамамен немесе шартпен белгіленеді, әдетте зиянды өтеу міндетін атқарады. Осыған орай, АК-те жұмысты сапасыз орындауы үшін мердігердің жауапкершілігі көзделген (635-б.), оның нормалары мердігер – бұзушыға жауапкершілік туралы жалпы нормалармен жүктелетін қолайсыз нәтижелермен бірге тапсырысшыға өзінің құқықтарын арнайы тәртіпте қалпына келтіру мүмкіншілігін береді.
Кейбір жағдайларда, жұмысты
орындау жоғарланған қауіп-
Шартты бұзғаны үшін мердігерді жауапкершілікке тартудың тәжірибелік мүмкіншілігі талап қою мерзімін сақтауға байланысты болып келеді. Мердігерлік шарттан талаптарға талап қоюдың жалпы – үш жылдық мерзімдері тарайды.
Әдебиет: 1, 2 ,3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14
Бақылау сұрақтары
1 Мердігерлік шартының жекелеген түрлері
2 Мердігерлік шарт бұзғаны үшін жауаптылық
1 Қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелер ұғымы.
2 Өтемелі қызмет көрсету туралы шарттың мазмұны.
1 Қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелер ұғымы
Өтемелі қызмет көрсету Азаматтық кодексте 33-тараудың нормаларымен реттеледі. Құқықтық қатынастардың бұл түріне, егер олар Азаматтық кодекстің нормаларына, өтемелі қызмет көрсету туралы арнайы нормаларға, сондай-ақ өтемелі қызмет көрсетудің ерешеліктеріне қайшы келмесе, мердігерлік және тұрмыстық мердігерлік туралы жалпы нормалар да қолданыла алады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекстің 683-бабының 2-тармағына сәйкес өтемелі қызмет көрсетуер ежелеріне байланыс қызметін, медициналық, мал дәрігерлік, аудиторлық, консультациялық, ақпараттық қызмет көрсетуге оқыту бойынша көрсететілетін қызметтерге, туристік қызмет көрсетуге және басқа да шарттарға қолданылады. Мысалы, әр түрлі заң қызметін көрсету, жеке нотариустардың қызметі және т.с.с. дамып келеді. өтемелі қызмет көрсету шарты бір субъектімен, жанарма агентігімен, өз тауарларын, жұмыстарын немесе қызметтерін өткізуді қалайтын басқа субъектінің пайдасы үшін жүзеге асырылатын жарнама қызметіне де себепші болады.
Өтемелі қызмет көрсету шарты бойынша орындаушы тапсырысшының тапсырмасы бойынша қызмет көрсетуге (белгілі бір іс-әрекет жасауға немесе белгілі бір қызметті жүзеге асыруға) міндеттенеді, ал тапсырысша бұл қызмет көрсетуге ақы төлеуге міндеттеледі.
Өтемелi қызмет көрсету шарты оның субъектілеріне, бағасына қарай жазбаша нысанда бекітілуге тиіс, не ауызша нысанда бекітілуі мүмкін.
Бұл шартты реттейтін нормалардың мағынасына байқағанымыздай, шарттың мәнді жағдайлары болып оның пәні мен бағасы туралы жағдайлар табылады.
2 Өтемелі қызмет көрсету туралы шарттың мазмұны
Атқарушының тапсырысшының тапсырмасына, яғни шарт жағдайларына сәйкес қызмет көрсетуге міндетті. Сондай-ақ қызмет мазмұны заңнамамен, анықталуы қалыптасқан жағдайдан, іскерлік айналым әдетінен туындауы мүмкін. әдетте атқарушы қызметі өзі көрсетуге міндетті. Яғни, мұнда мердігерлік шарты бойынша (субмердігерлік қатынастарға қатысты) сияқты, қызмет көрсетуді басқа тұлғаға қайта тапсыру мүмкіндігі туралы жалпы сипаттағы нормалар жоқ. өтемелі қызмет көрсету туралы шартта атқарушының қызмет көрсетуіді басқа тұлғаға жүктеу туралы құқығы көзделуі мүмкін.
Өтемелі қызмет көрсетуді реттеуде атқарушының қызмет көрсетуден бір жақты түрде бас тарту құқығын шектейтін норманың аса зор маңызы бар. Заңнама тараптардың нақты жай күйін, олардың құқықтық мүдделерін ескереді. өйткені қызмет көрсету кезінде, бір жағынан, әдетте кәсіпкерлік қызметтің субъектісі немесе кәсіби субъект шығады, ал екінші жағында, тұтынушы тұрады, сондықтан оның құқықтарын қамтамасыз ету қажеттілігі болады. ҚР Азаматтық кодексінің 686-бабының 2-тармағында сәйкес атқарушы, тапсырысшының кінәсінен болған жағдайларда қоспағанда, өтемелі қызмет көрсету шарты бойынша міндеттемелерді орындаудан тапсырысшыға шартты бұзудан келтірілген залалды толық өтегенде ғана бас тартуға құқылы.
Өтемелі қызмет көрсету шарты бойынша, мердігерлік шартында көзделетіндей атқарушының нәтижені тапсырысшыға тапсыру міндеті және тапсырысшының оны сондай күйде қабылдап алу міндетін белгілейді.
Тапсырысшы атқарушының қызметіне, өтемелі қызмет көрсету шартында көзделген мерзімдер мен тәртіпте, ақы төлеуге міндетті. Ақы төлеу нысанның тәсілі мен тәртібінің жолдары көп болуы мүмкін. Мәселен, қызмет көрсету шарты бойынша алдын ала қаржыландыру, аванстық төлемдер және т.б. жүргізу жоққа шығарылмайды.
Жалпы ереже бойынша тапсырысшы көрсетілген (нақты жүзеге асырылған) қызметтерге ақы төлеуге міндетті.
Өтемелі қызмет көрсету шартын тапсырысшының кінәсінен орындау мүмкін болмаған жағдайда, егер заң актілерінде немесе шарттың өзінде өзгеше көзделмесе, көрсетілген қызметке ақы толық көлемінде төленуге жатады.
Орындаудың мүмкін болмауы тараптардың ешқайсысы жауап бермейтін мән жайлар бойынша туындаған жағдайда, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе,.тапсырысшы атқарушыға оның іс жүзінде шыққан шығындарын өтейді.
Бақылау сұрақтары
1 Мердігерлік шарт бұзғаны үшін жауаптылық
2 Жобалау-сметалық құжаттама
Тақырып № 2 Тасымалдау
Мақсаты: Тасымалдау шартының анықтамасын мазмұнын, элементтерiн, заңи мiнездемесiн ашу.
Жоспар
1 Тасымалдау шарты туралы жалпы ережелер.
2 Тасымалдың элементтері.
3 Тасымалдау шартының сипаттамасы.
4 Тараптардың құқықтары.
5 Жүктерді тасымалдағаны үшін есе айырысу тәртібі.
1 Тасымалдау шарты туралы жалпы ережелер
Көлік – бұл жоғары дәрежелі техногендікпен, техникалық жабдықталумен,
қоғам мен мемлекеттің тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызбен сипатталатын салаларының бірі. Сол себепті тасымалдау қатынастары дәстүрлі түрде
көлік құқығы аясында қарастырылады.
Қазіргі уақытта көлікте мемлекеттік басқару мынандай міндеттемелерді шешуге бағытталған:
- көлік аясындағы Қазақстан
Республикасының мүдделерін
- көлік аясындағы
- меншік нысанына қарамастан
көліктің барлық түрлерінің
- көліктің барлық түрлерін дамыт
- кадрларды оқыту мен дайындауға;
- көлік қызмаеттерін
тұтынушылардың құқықтарының
-болжамдарды жасауға
және тасымалдауға деген
- Қазақстан Республикасы
көлік кешені қызметінің
Мемлекет, осыған сүйене отырып, тасымалдау шарттарын бекіту үшін ұйымдастырушылық алғы шарттар мен көлік инфрақұрлымын құратын болады және басқа шаралар да жүзеге асырады. Халыққа көліктік қызмет көрсету бойынша вокзалдар, порттар, кемежайлар, аэропорттар, жаяу жүріс көпірлері мен тоннелдер, жолаушылар платформалары мен өзге де объектілер құрлысын жүргізу оны жеке кәсіпкерлер та- рапынан қаржыландырумен жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Мемлекеттің әр түрлі аймақтарына, елді мекендердің ішінде, мемлекет аумағынан тыс жерлерге жүктер мен адамдарды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету тасымалдау шартының көмегімен болады.
Көлік шарттарының түрлері:
а) жүкті тасымалдау шарты;
б) жолаушыны (және қол жүгін) тасымалдау шарты;
в) кеме жалдау (чартер) шарты;
г) тасымалды ұйымдастыру туралы шарттар;
д) көлік ұйымдары арасындағы шарттар;
е) жалпы
байланыстағы көлікпен
ж) көлік экспедициясы шарты;
Жүктерді,жолаушы мен теңдеме жүкті тасымалдау шартының негізінде жүзеге асырылады.
Тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жүкті немесе жолаушыны (теңдеме жүкті) белгіленген мекенге жеткізуге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші немесе шартта көзделген басқа да тұлға, жолаушы көрсетілген көлік қызметі үшін ақы төлеуге міндеттенеді.
Көлік түрлері:
Қазақстан Республикасының көлігі – бұл оның аумағында тіркелген темір жол, автомобиль, теңіз, әуе, қалалық электрлік көліктер. Көліктің аталған түрлері Қазақстан Республикасының көлік жүйесін құрайды.
2. 3 Тасымалдың элементтері
Тасымалдаудың элементтері.
Тасымалдау шартының пәні.
Тасымалдау шартының пәні тасымалдаушы көрсететін қызмет.
Тасымалдау ақысы.
Жүктерді жолаушылар мен көтерме жүкті тасымалдағаны үшін тараптардың келісімімен белгіленетін тасымалдау ақысы төленеді. Автомобиль, әуе, су көліктерімен тасымалдау кезінде еркін шарттық баға қолданылады. Қазақстан Республикасының «Темір жолы көлігі туралы» Заңының 12-бабына сәйкес тасымалдаушының қызметіне бағалар, соның ішінде тариф (тасымалдау ақысы) тасымалдаушы- мен белгіленеді. Заңнамаға сәйкес бұл бағалар реттеленіп тұрады.
4 Тараптардың құқықтары
Тараптардың құқықтары мен міндеттері.
Жүктерді тасымалдау шартын орындау кезінде тасымалдаушы тиісті жүкті тасымалдау үшін жарамды күйдегі көлік құралын беруге міндетті. Жалпы талаптар жүктің саны мен атауына, оның салмағына, салынатын ыдысымен буып түюін анықтауға таралады. Арнайы талаптар тасымалдауға қабылданатын жүктің ерекше сипатымен және қайсыбір талаптар қойылатын көлік түріне байланысты.
Тасымалдаушы жүк жөнелтушіні көлік құралының дайын екендігі туралы алдын ала ескертеді.
Жылжымалы составтың жарамдылығын анықтау және коммерциялық мағынада тиісті жүкті тасымалдауға дайындауды жүзеге асыру:
- вагондар- жүк жөнелтушімен,
егер тиеу оның немесе темір
жолдың құралдарымен жүзеге