Мажеритарлық сайлау жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2012 в 16:20, контрольная работа

Краткое описание

1 бөлiм. Жалпы ережелер
1-тарау. Азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеу
1-бап. Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастар
1. Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдiгiне негiзделген өзге де мүлiктiк қатынастар, сондай-ақ мүлiктiк қатынастарға байланысты мүлiктiк емес жеке қатынастар реттеледi. Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер болып табылады.
2. Мүлiктiк қатынастарға байланысы жоқ мүлiктiк емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледi, өйткенi олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүлiктiк емес жеке қатынастар мәнiнен туындамайды.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған белгiлерге сай келетiн отбасылық, еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөнiндегi қатынастарға азаматтық заңдар бұл қатынастар тиiсiнше отбасылық, еңбек заңдарымен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда қолданылады.

Содержание

1. Момер Ф. Конституционная защита прав и свобод личности. М. Прогресс-Универс., 1993 г.

2. Конституционное право зарубежных стран: Учебное пособие. М., 1997.
3. Иностранное конституционное право. (конституции зарубежных государств). / Под ред. В.В.Маклакова. М., 1996.
4. Конституционное право России. Сборник методических материалов. М., 1999.
5. Ө.Қ.Қопабаев. Шет елдердің конституциялық құқығы. Алматы: «Жеті жарғы», 1998.
6. А.Абельдинов, О.К.Копабаев. Конституционное право зарубежных стран. Алматы: «Жеті жарғы», 1997.
7. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. Том 1. / Под ред. Б.А.Страшуна. М., 1993.
8. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. Том 2. /Под ред. Б.А.Страшуна. М., 1995.
9. Арановский К.В. Государственное право зарубежных стран. М., 1998.
10. Мишин А.А. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. М., 1998.
11. Чиркин В.Е. Конституционное право зарубежных стран. М., 1997.

Прикрепленные файлы: 1 файл

мико.doc

— 969.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы аумағындағы  мiндеттемелерi бойынша есеп айырысуды  жүзеге асырған кезде шетел валютасын, сондай-ақ шетел валютасы түрiндегi төлем құжаттарын пайдалануға Қазақстан Республикасының заң құжаттарында көзделген реттер мен жағдайларда немесе соларда белгiленген тәртiп бойынша жол берiледi.

Төлемдер мен есеп айырысуларды жүзеге асырудың тәртiбi мен жолдары Қазақстан Республикасының банк заңдарымен белгiленедi және оларды тараптар тиiстi шартта айқындайды.

2. Ақшалай мiндеттеменi орындау  үшiн жеткiлiксiз төленген төлемнiң  сомасы тараптардың өзге келiсiмi  болмаған жағдайда ең алдымен  несие берушiнiң орындау жөнiндегi шығындарын, сонан соң айыпақы мен сыйақыны (мүдденi), ал қалған бөлiгiнде - борыштың негiзгi сомасын өтейдi.

3. Ұзақ мерзiмдi мiндеттемелерде  тараптар келiскен шарттарда төлемдi индекстеу көзделуi мүмкiн. 

Ескерту. 282-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154, 1999.07.16. N 436, 2001.12.24. N 276 (2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

283-бап. Азаматты асырау үшiн төленетiн соманың

арттырылуы 

Ақшалай мiндеттеме бойынша азаматты асырауға тiкелей төленетiн сома (өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру үшiн, өмiр  бойы асырау шарты бойынша және басқалары) ең төменгi жалақының ресми түрде өсуiне қарай арттырылып отырады.

284-бап. Өзара мiндеттердiң орындалуы 

1. Егер заңдардан, iскерлiк қызмет  өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан,  мiндеттеме шарттарынан немесе  оның мәнiнен өзгеше туындамайтын  болса, тараптар өзара мiндеттердi бiр мезгiлде орындауға тиiс.

2. Тараптардың бiрiнiң мiндеттеменi  орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы  өзара мiндеттердi орындау және  қарсы талаптарды қанағаттандыру  кезiнде, егер заң құжаттарында  немесе мiндеттеме шарттарында  өзгеше белгiленбесе, екiншi тарапты өз мiндеттерiн орындаудан босатады.

285-бап. Балама мiндеттеменiң орындалуы 

Екi немесе бiрнеше әрекеттiң бiрiн  жасауға мiндеттi борышқорға, егер заңдардан  немесе мiндеттеменiң шарттарынан  өзгеше туындамаса, таңдау құқығы берiледi.

286-бап. Бiрнеше несие берушi немесе бiрнеше

борышқор қатысатын мiндеттеменiң 

орындалуы

Егер мiндеттемеге бiрнеше несие  берушi немесе бiрнеше борышқор қатысса (адамдар көп болған мiндеттеме), несие берушiлердiң әрқайсысы  мiндеттеменi орындауды талап етуге  құқылы, ал борышқорлардың әрқайсысы заңдардан немесе мiндеттеме шарттарынан өзгеше туындамайтындықтан, басқалармен тең үлестi орындауға мiндеттi (үлестi мiндеттеме).

287-бап. Ортақтасқан мiндеттеменiң  орындалуы 

1. Несие берушiлердiң әрқайсысы  мiндеттеменi толық атқаруды  талап етуге құқылы, ал борышқорлардың әрқайсысы орындауға мiндеттi болуына сәйкес көп жақтар қатысатын мiндеттеме ортақтасқан мiндеттеме деп танылады.

Егер бұл шартта көзделмесе немесе заң құжаттарында белгiленбесе, соның iшiнде мiндеттеменiң мәнi бөлiнбейтiн кезде ортақтасқан мiндеттеме немесе ортақтасқан талап пайда болады.

2. Кәсiпкерлiк қызметпен байланысты  мiндеттеме бойынша бiрнеше борышқордың  мiндеттерi, сол сияқты мұндай  мiндеттемелердегi бiрнеше несие  берушiнiң талаптары, егер заңдарда  немесе мiндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе, ортақтасқан мiндет болып табылады.

3. Борышқорлар ортақтасып мiндеттi  болған жағдайда несие берушi  барлық борышқорлардан да, жеке-жеке  алғанда олардың кез келгенiн  де, оның үстiне борышты түгелдей  де, бөлшектеп те орындауды талап етуге құқылы. Ортақтас борышқорлардың бiрiнен толық қанағаттанбаған несие берушi алынбағанды ортақтас борышқорлардың қалғандарынан талап етуге құқылы.

Ортақтас борышқорлар мiндеттеме толық орындалғанға дейiн мiндеттi болып қала бередi.

Борышқорлардың бiрiншi ортақтастық мiндеттi толық орындауы қалған борышқорларды несие берушi үшiн орындаудан босатады.

4. Талаптар ортақ болған жағдайда  ортақтас несие берушiлердiң кез-келгенi борышқорға толық көлемiнде талап  қоюға құқылы.

Ортақтас несие берушiлердiң бiреуiне мiндеттеменi толық орындау борышқорды өзге несие берушiлерге оны орындаудан босатады.

5. Ортақтасқан мiндет болған  ретте борышқордың несие берушiнiң  талаптарына қарсы басқа борышқорлардың  осы борышқор қатыспайтын несие  берушiге осындай қатынастарына негiзделген қарсылық бiлдiруге құқығы жоқ.

Талаптар ортақ болған жағдайда борышқордың ортақтас несие берушiлердiң  бiреуiнiң талабына қарсы осы несие  берушi қатыспайтын борышқордың  басқа ортақтас несие берушiмен  осындай қатынастарына негiзделген қарсылық бiлдiруiне құқығы жоқ.

288-бап. Субсидиялық мiндеттеменi  орындау 

Негiзгi борышқор несие берушiнiң  мiндеттеменi орындау туралы талабын  қанағаттандырмаған жағдайда бұл талап  орындалмаған бөлiгiнде басқа борышқорға (субсидиялық борышқорға) мәлiмдеуi мүмкiн екендiгi заң құжаттарында немесе несие берушi мен борышқордың арасындағы мiндеттеме ережелерiнде көзделуi мүмкiн.

289-бап. Регрестiк талаптар 

1. Басқа адамның мiндеттемесiн  орындаған борышқор орындалған  мiндеттеме мөлшерiнде сол адамға  керi талап (регресс) қоюға құқылы.

Үшiншi адамның әрекеттерi салдарынан мiндеттеменi орындамаған борышқор осы адамнан залалдарын талап  етуге құқылы.

2. Ортақтасқан мiндеттеменi орындаған  борышқор қалған борышқорлардың  әрқайсысына оның өзiне тиесiлi  үлесiн шегерiп, тең үлеспен керi талап қоюға құқылы.

Борышқорлардың бiреуi ортақтасқан  мiндеттi орындаған борышқорға төлемегенi осы борышқорға және қалған борышқорларға  тең үлесте түседi.

Осы тармақтың ережелерi борышқорлардың бiреуiнiң қарсы талабы есептеле отырып, тиiсiнше ортақтасқан мiндеттемелердi тоқтату кезiнде қолданылады.

3. Борышқордың орындағанын қабылдаған  ортақтас несие берушi басқа  несие берушiлерге, егер олардың  арасындағы қатынастардан өзгеше  туындамаса, оларға тиесiлi үлестерiн  өтеуге мiндеттi.

290-бап. Мiндеттеменiң орындалғанын куәландыру

1. Мiндеттеменiң орындалғанын қабылдай  отырып, несие берушi борышқордың  талап етуi бойынша оның толық  немесе бiр бөлiгi орындалғаны  жөнiнде оған қолхат беруге  мiндеттi.

Егер борышқор мiндеттеменi куәландыру үшiн несие берушiге борыш құжатын берсе, несие берушi оның орындалғанын қабылдай отырып, құжатты борышқорға қайтаруға тиiс. Қайтарып беру мүмкiн болмаған жағдайда ол мұны өзi беретiн қолхатта көрсетуге мiндеттi.

Қолхат борышқорға қайтарылған  борыш құжатындағы жазумен алмастырылуы мүмкiн.

2. Борышқорда борыш құжатының  болуы, өзгеше дәлелденгенге дейiн  мiндеттеменiң тоқтатылғанын куәландырады.

3. Несие берушi мiндеттеменiң  орындалғаны туралы қолхат беруден,  борыш құжатын қайтарудан немесе  оны қайтарудың мүмкiн еместiгiн қолхатта атап көрсетуден бас тартқан жағдайда борышқор оны орындауды кiдiрте тұруға құқылы. Бұл ретте несие берушi мерзiмiн өткiзiп алушы деп есептеледi.

291-бап. Борышты депозитке төлеу  арқылы 

мiндеттеменi орындау 

1. Егер борышқор:

1) несие берушiнiң немесе орындалған iстi қабылдауға өзi уәкiлдiк берген адамның мiндеттеме орындалуға тиiстi жерде болмауы;

2) несие берушiнiң әрекет қабiлетсiздiгi  және оның өкiлiнiң болмауы; 

3) мiндеттеме бойынша, атап айтқанда, бұл мәселе жөнiнде несие берушi мен басқа адамдар арасындағы дауға байланысты несие берушiнiң кiм екенi жайында анық айқындық болмауы;

4) несие берушiнiң орындалған iстi қабылдаудан жалтаруы немесе  оның тарапынан өзге мерзiмiн  өткiзiп алушылық салдарынан борышқор  мiндеттеменi орындай алмаса, борышқор мiндеттемелерiн орындау үшiн өзiнен алынатын ақшаны депозит шарттарында, ал бағалы қағаздарды - нотариустың атына сақтау шарттарында, ал заң құжаттарымен белгiленген жағдайларда соттың атына орналастыруға құқылы.

2. Ақша сомасын немесе бағалы қағаздарды депозит шарттарында салу немесе нотариустың немесе соттың атына сақтау мiндеттеменiң орындалғаны болып есептеледi.

Ақша немесе бағалы қағаздар атына  салынған нотариус немесе сот бұл  туралы несие берушiлерге хабарлайды.

Ескерту. 291-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154, 1998.03.02. N 211 Заңдарымен.

18-тарау. Мiндеттеменiң орындалуын  қамтамасыз ету 

Параграф 1. Жалпы ережелер

292-бап. Мiндеттеменiң орындалуын  қамтамасыз ету 

әдiстерi

1. Мiндеттеменi орындау, заңдарда немесе шартта көзделген айып төлету, кепiл, борышқордың мүлкiн алып қалу, аманат, кепiлдiк, кепiлпұл және басқа да әдiстер арқылы қамтамасыз етiлуi мүмкiн.

Бағалы қағаздар бойынша мiндеттемелердiң  орындалуын қамтамасыз ету тәсiлдерi Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi реттейтiн заң актiлерiнде белгiленедi.

2. Мiндеттеменi қамтамасыз ету  туралы келiсiмнiң жарамсыздығы  бұл мiндеттеменiң (негiзгi мiндеттеменiң)  жарамсыздығына әкелiп соқтырмайды. 

3. Негiзгi мiндеттеменiң жарамсыздығы оны қамтамасыз ететiн мiндеттеменi жарамсыз етедi.

Ескерту. 292-бапқа өзгерту енгiзiлдi - 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Параграф 2. Айып төлеу 

293-бап. Айып төлеу ұғымы 

Борышқор мiндеттемесiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте, атап айтқанда, орындау мерзiмiн өткiзiп алған ретте несие берушiге төлеуге мiндеттi, заңдармен немесе шартпен белгiленген ақша сомасы айып төлеу (айыппұл, өсiм) деп танылады. Айып төлеу туралы талап бойынша несие берушi оған келтiрiлген залалдарды дәлелдеуге мiндеттi емес.

Ескерту. 293-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.

294-бап. Айып төлеу туралы келiсiмнiң  нысаны 

Айып төлеу туралы келiсiм, негiзгi мiндеттеменiң нысанына қарамастан, жазбаша түрде жасалуға тиiс.

Жазбаша нысанның сақталмауы айып төлеу  туралы келiсiмнiң жарамсыздығына әкелiп  соқтырады.

295-бап. Заңды айып төлеу 

1. Несие берушi тараптардың келiсiмiнде  айып төлеу мiндетi көзделген-көзделмегенiне  қарамастан, заңдарда белгiленген айып төлеудi (заңды айып төлеудi) талап етуге құқылы.

2. Егер заңдарда тыйым салынбаса,  тараптардың келiсiмiмен заңды  айып төлеу мөлшерi көбейтiлуi мүмкiн. 

296-бап. Айып төлеу мөлшерi

Айып төлеу мөлшерi нақты ақша сомасында немесе орындалмаған не тиiсiнше орындалмаған мiндеттеме сомасына шаққандағы процентпен белгiленедi.

297-бап. Айып төлеу мөлшерiн  азайту 

Егер төленуге тиiстi айып (айыппұл, өсiм) несие берушiнiң шеккен залалдарымен салыстырғанда тым көп болса, сот борышқордың мiндеттеменi орындау дәрежесiн және борышқор мен несие берушiнiң назар аударуға лайықты мүдделерiн ескере отырып, айып төлеу мөлшерiн (айыппұлды, өсiмдi) азайтуға құқылы.

298-бап. Айып төлеудi өндiрiп алу  негiздерi

Мiндеттеменi бұзғаны үшiн борышқор жауапқа тартылатын жағдай болған кезде мiндеттеменiң орындалмағаны немесе тиiсiнше орындалмағаны үшiн айып өндiрiп алынады (осы Кодекстiң 359-бабы).

Параграф 3. Кепiл 

299-бап. Кепiл ұғымы 

1. Мiндеттемеге сәйкес несие  берушiнiң (кепiл ұстаушының) борышқор кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған ретте кепiлге салынған мүлiк құнынан осы Кодексте белгiленген алып тасталатындарды қоспай, осы мүлiк тиесiлi адамның (кепiл берушiнiң) басқа несие берушiлердiң алдында артықшылықпен қанағаттандырылуға құқығы бар мiндеттеменi атқаруының осындай әдiсi кепiл деп танылады.

Кепiл ұстаушының кепiлге салынған мүлiк, кiмнiң пайдасына сақтандырылғанына  қарамастан, оның жоғалғаны немесе бүлiнгенi үшiн, егер жоғалу немесе бүлiну кепiл ұстаушы жауап беретiн  себептер бойынша болмаса, сақтандыру өтемiнен сол бұрынғы негiзде қанағаттандырылуға құқығы бар.

2. Кәсiпорындар, үйлер, ғимараттар, пәтерлер, жер учаскелерiне және  басқа қозғалмайтын мүлiкке құқықтар (ипотека) кепiлi қозғалмайтын  мүлiк ипотекасы туралы Қазақстан Республикасы Заңымен реттеледi. Ипотека туралы Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше ережелер белгiленбеген реттерде ипотекаға осы Кодекстегi кепiл туралы жалпы ережелер қолданылады.

3. Мемлекеттiк тiркеуге жататын  әуе және теңiз кемелерiнiң, iшкi суда жүзетiн кемелердiң, "өзен-теңiзде" жүзетiн кемелердiң кепiлi (кемелер ипотекасы) Қазақстан Республикасының арнайы заң актiлерiмен реттеледi. Осы Кодекстегi кепiл туралы жалпы ережелер Қазақстан Республикасының арнайы заң актiлерiнде өзге ережелер көзделмеген жағдайда кемелер ипотекасына қолданылады.

Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi талаптар жасалып жатқан теңiз кемелерiне, iшкi суда жүзетiн кемелерге, "өзен-теңiзде" жүзетiн кемелерге де қолданылады.

Ескерту. 299-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211, 2002.01.17. N 285 Заңдарымен.

300-бап. Кепiлдiң пайда болу  негiздерi

1. Кепiл шартқа сәйкес пайда  болады. Кепiл заң құжаттарының  негiзiнде, егер заң құжаттарында  қандай мүлiк және қандай мiндеттеменiң  орындалуын қамтамасыз ету үшiн кепiлде жатқан деп танылатыны көзделсе, оларды көрсетiлген мiндеттемелердiң пайда болуы кезiнде де туындайды.

2. Осы Кодекстiң шартқа сәйкес  пайда болатын кепiл туралы  ережелерi, егер заң құжаттарында  өзгеше көзделмесе, тиiсiнше заң  құжаттары негiзiнде пайда болған кепiлге сәйкес қолданылады.

301-бап. Кепiл мәнi 

1. Кез-келген мүлiк, соның iшiнде  айналымнан алып тасталған заттар (осы Кодекстiң 116-бабының 2-тармағы), несие берушiнiң жеке басымен  тығыз байланысты талаптар, атап  айтқанда алименттер, өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы талаптар және заң құжаттарымен оларды басқа тұлғаға беруге тыйым салынған өзге құқықтар, заттар мен мүлiктiк құқықтар (талаптар) кепiл мәнi бола алады.

Информация о работе Мажеритарлық сайлау жүйесі