Мажеритарлық сайлау жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2012 в 16:20, контрольная работа

Краткое описание

1 бөлiм. Жалпы ережелер
1-тарау. Азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеу
1-бап. Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастар
1. Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдiгiне негiзделген өзге де мүлiктiк қатынастар, сондай-ақ мүлiктiк қатынастарға байланысты мүлiктiк емес жеке қатынастар реттеледi. Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер болып табылады.
2. Мүлiктiк қатынастарға байланысы жоқ мүлiктiк емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледi, өйткенi олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүлiктiк емес жеке қатынастар мәнiнен туындамайды.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған белгiлерге сай келетiн отбасылық, еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөнiндегi қатынастарға азаматтық заңдар бұл қатынастар тиiсiнше отбасылық, еңбек заңдарымен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда қолданылады.

Содержание

1. Момер Ф. Конституционная защита прав и свобод личности. М. Прогресс-Универс., 1993 г.

2. Конституционное право зарубежных стран: Учебное пособие. М., 1997.
3. Иностранное конституционное право. (конституции зарубежных государств). / Под ред. В.В.Маклакова. М., 1996.
4. Конституционное право России. Сборник методических материалов. М., 1999.
5. Ө.Қ.Қопабаев. Шет елдердің конституциялық құқығы. Алматы: «Жеті жарғы», 1998.
6. А.Абельдинов, О.К.Копабаев. Конституционное право зарубежных стран. Алматы: «Жеті жарғы», 1997.
7. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. Том 1. / Под ред. Б.А.Страшуна. М., 1993.
8. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. Том 2. /Под ред. Б.А.Страшуна. М., 1995.
9. Арановский К.В. Государственное право зарубежных стран. М., 1998.
10. Мишин А.А. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. М., 1998.
11. Чиркин В.Е. Конституционное право зарубежных стран. М., 1997.

Прикрепленные файлы: 1 файл

мико.doc

— 969.50 Кб (Скачать документ)

Затты күтiмсiз және заңсыз ұстаған  адамға мүлiктi күтiп ұстауға жұмсаған шығындары өтелмейдi (осы Кодекстiң 263-бабы).

190-бап. Мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе

кездейсоқ бүлiну қаупi

1. Иелiктен айырылған заттардың  кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ  бүлiну қаупi, егер заң құжаттарында  немесе шартта өзгеше белгiленбесе,  сатып алушыда меншiк құқығы  пайда болумен бiр мезгiлде  соған көшедi.

2. Егер иелiктен айырушы адам  заттарды беру мерзiмiнiң өткiзiлiп  жiберiлуiне кiнәлi болса немесе  сатып алушы оларды қабылдау  мерзiмiнiң өткiзiлiп жiберiлуiне  кiнәлi болса, кездейсоқ жойылу  немесе кездейсоқ бүлiну қаупi мерзiмiн өткiзiп жiберген тарап көтередi.

191-бап. Жеке меншiк ұғымы және  оның түрлерi

1. Жеке меншiк азаматтардың және  мемлекеттiк емес заңды тұлғалар  мен олардың бiрлестiктерiнiң меншiгi  ретiнде көрiнедi.

2. Заң құжаттарына сәйкес азаматтарға  немесе заңды тұлғаларға тиесiлi  бола алмайтын жекелеген мүлiк түрлерiнен басқа кез келген мүлiк жеке меншiкте болуы мүмкiн.

Жеке меншiкте болатын мүлiктiң  саны мен құны шектелмейдi.

Ескерту. 191-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.

192-бап. Мемлекеттiк меншiк құқығы

1. Мемлекеттiк меншiк республикалық  және коммуналдық меншiк түрiнде  көрiнедi.

2. Республикалық меншiк мемлекеттiк  қазынадан және заң құжаттарына  сәйкес мемлекеттiк республикалық  заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген  мүлiктен тұрады.

Республикалық бюджеттiң қаражаты, алтын валюта қоры және алмас қоры, мемлекеттiк меншiктiң осы Кодекстiң 193-бабында аталған объектiлерi және мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп  берiлмеген өзге де мемлекеттiк мүлiк  Қазақстан Республикасының мемлекеттiк  қазынасын құрайды.

3. Коммуналдық меншiк жергiлiктi қазынадан және заң құжаттарына  сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға  бекiтiлiп берiлген мүлiктен тұрады.

Жергiлiктi бюджет қаражаты және мемлекеттiк  заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген өзге де коммуналдық мүлiк жергiлiктi қазынаны құрайды.

4. Мемлекеттiк меншiктегi мүлiк мемлекеттiк  заңды тұлғаларға шаруашылық  жүргiзу немесе оралымды басқару  құқығымен бекiтiлiп берiлуi мүмкiн. 

5. Жекелеген мемлекеттiк мекемелердiң  иелiгiндегi мемлекеттiк мүлiктiң құқықтық режимiнiң ерекшелiктерi заң актiлерiмен белгiленедi.

6. Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк  меншiктiң бiр түрiнен екiншiсiне  беру Қазақстан Республикасының  Yкiметi белгiлейтiн тәртiппен жүзеге  асырылады. 

Мүлiктi жеке меншiктен мемлекеттiк  меншiкке ерiктi және өтеусiз беру Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.

Ескерту. 192-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211, 1999.11.04. N 472, 2001.03.02. N 162, 2002.05.21. N 323, 2005.05.18. N 50 Заңдарымен.

193-бап. Жерге және басқа да  табиғи ресурстарға меншiк 

Жер, оның қойнауы, су, өсiмдiк және жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттiк меншiкте  болады. Жер заң актiлерiнде белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте болуы да мүмкiн.

Ескерту. 193-бап жаңа редакцияда - Қазақстан  Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.

194-бап. Тұрғын үйге меншiк  құқығы мен өзге де 

заттық құқықтар

Тұрғын үйге меншiк құқығы мен  өзге де заттық құқықтарды жүзеге асыру  ерекшелiктерi тұрғын үй заңдарымен реттеледi.

195-бап. Меншiк иесi болып табылмайтын 

адамдардың заттық құқықтары 

1. Меншiк құқығымен қатар заттық  құқықтарға:

1) жердi пайдалану құқығы;

2) шаруашылық жүргiзу құқығы;

3) оралымды басқару құқығы;

4) осы Кодексте немесе өзге заң актiлерiнде көзделген басқа да заттық құқықтар.

2. Заттық құқықтарға, егер заңдарда  өзгеше көзделмесе немесе осы  заттық құқықтың табиғатына қайшы  келмесе, меншiк құқығы туралы  нормалар қолданылады. 

Ескерту. 195-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.

9-тарау. Шаруашылық жүргiзу құқығы 

196-бап. Мемлекеттiк кәсiпорынның  шаруашылық 

жүргiзу құқығы

Шаруашылық жүргiзу құқығы мүлiктi мемлекеттен меншiк иесi ретiнде  алған және бұл мүлiктi иелену, пайдалану  және оған билiк ету құқықтарын осы Кодекспен және өзге де заң құжаттарымен белгiленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорынның заттық құқығы болып табылады.

197-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығының  объектiсi 

Шаруашылық жүргiзу құқығының объектiсi, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, кез келген мүлiк бола алады.

198-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығына  ие болу 

және тоқтату 

1. Мүлiктi құрылып үлгiрген мемлекеттiк  кәсiпорынға бекiту туралы меншiк  иесi шешiм қабылдаған мүлiкке  қатысты шаруашылық жүргiзу құқығы, егер заңдарда немесе меншiк иесiнiң шешiмiнде өзгеше белгiленбесе, бұл кәсiпорында мүлiктi кәсiпорынның дербес балансына бекiткен кезде пайда болады.

2. Шаруашылық жүргiзудегi мүлiктi пайдаланудың жемiстерi, өнiмi мен  кiрiсi, сондай-ақ кәсiпорын шарттар  немесе өзге де негiздер бойынша алған мүлiк меншiк құқығын алуға арналған заңдарда белгiленген тәртiп бойынша кәсiпорынның шаруашылық жүргiзуiне келiп түседi.

3. Мүлiкке шаруашылық жүргiзу  құқығы меншiк құқығын тоқтатуға  арналған заңдарда көзделген  негiздер мен тәртiп бойынша, сондай-ақ меншiк иесiнiң шешiмiмен кәсiпорыннан мүлiк заңды жолмен қайтарып алынған реттерде тоқтатылады.

199-бап. Меншiк иесiнiң шаруашылық  жүргiзудегi 

мүлiкке қатысты құқығы

Шаруашылық жүргiзудегi мүлiктiң  меншiк иесi заң құжаттарына сәйкес кәсiпорын құру, оның қызметiнiң мәнi мен мақсаттарын белгiлеу, оны қайта құру мен тарату мәселелерiн шешедi, кәсiпорынға тиесiлi мүлiктiң өз мақсатында пайдаланылуы мен сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады.

Меншiк иесi өзi құрған кәсiпорынның шаруашылық жүргiзуiндегi мүлiктi пайдаланудан келтiрiлген таза табыстың бiр бөлiгiн алуға құқылы.

Ескерту. 199-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен.

200-бап. Мемлекеттiк кәсiпорынның  мүлiктiк 

құқықтарын жүзеге асыру ережелерi

1. Қызметiн шаруашылық жүргiзу  құқығында жүзеге асыратын мемлекеттiк  кәсiпорынның, егер заң актiлерiнде  өзгеше көзделмесе меншiк иесiнiң  немесе ол уәкiлдiк берген мемлекеттiк  органның жазбаша келiсiмiнсiз: 

1) өзiне тиесiлi үйлердi, құрылыстарды, жабдықты және кәсiпорынның басқа да негiзгi құралдарын иелiктен айыруға немесе өзгеше әдiспен билiк етуге (осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда), ұзақ мерзiмдi (үш жылдан астам) жалға беруге, уақытша тегiн пайдалануға беруге;

2) филиалдар, өкiлдiктер және еншiлес кәсiпорындар құруға, жеке кәсiпкерлермен бiрге кәсiпорындар мен бiрлескен өндiрiстер құруға, олардың өзiнiң өндiрiстiк және ақша капиталын сатуға;

2-1) оған тиесiлi акцияларға (осы  бапта көзделген жағдайларды  қоспағанда), сондай-ақ дебиторлық берешекке билiк етуге;

3) заемдар беруге;

4) үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi  бойынша кепiлдеме немесе кепiлдiк  беру.

2. Мемлекеттiк кәсiпорын, егер  заңдарда өзгеше көзделмесе, негiзгi құралдарға жатпайтын, өзiне шаруашылық  жүргiзу құқығымен бекiтiлiп берiлген мүлiкке дербес билiк етедi.

Шаруашылық жүргiзу құқығындағы  мемлекеттiк кәсiпорынның мемлекеттiк  кәсiпорынның негiзгi құралдарына жататын  мүлiкке қатысты, сондай-ақ оған тиесiлi акцияларды сатуға және сыйға беру мәмiлелерiн жасасуға құқығы жоқ.

Ескерту. 200-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154, 1998.03.02. N 211, 2002.05.21. N 323 Заңдарымен.

201-бап. Мемлекеттiк кәсiпорындар  қатысатын 

қатынастарға меншiк құқығы туралы

ережелердiң қолданылуы

Мемлекеттiк кәсiпорындар қатысатын мүлiктiк қатынастарға егер осы Кодекстен және өзге заң құжаттарынан өзгеше туындамаса, осы Кодекстiң меншiк құқығы туралы ережелерi қолданылады.

10-тарау. Оралымды басқару құқығы 

202-бап. Оралымды басқару құқығы  ұғымы мен 

оның мазмұны

Оралымды басқару құқығы меншiк  иесiнiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын  мемлекеттiк мекеменiң, меншiк иесiнен  мүлiк алушы және өз қызметiнiң  мақсатына, меншiк иесiнiң тапсырмаларына және мүлiктiң мақсатына сәйкес заң  құжаттарымен белгiленген шекте сол мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырушы қазыналық кәсiпорындардың заттық құқығы болып табылады.

Ескерту. 202-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211, 1998.12.16. N 320 Заңдарымен.

203-бап. Оралымды басқару құқығына ие болу және тоқтату

Оралымды басқару құқығына ие болу мен тоқтату, егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, осы Кодекстiң 13 және 14-тарауларында көзделген ережелер мен тәртiп  бойынша жүзеге асырылады.

204-бап. Оралымды басқаруға берiлген мүлiктi

меншiктенушiнiң құқығы

1. Оралымды басқарудағы мүлiктi меншiктенушi заң құжаттарына сәйкес  мемлекеттiк мекеме немесе қазыналық  кәсiпорын құру, оның қызметiнiң  мәнi мен мақсаттарын белгiлеу  мәселелерiн шешедi, мемлекеттiк мекеменiң  немесе қазыналық кәсiпорынның заң жүзiндегi тағдырын, оның қызметiнiң мазмұнын белгiлеуге құқығы бар.

2. Меншiк иесi мемлекеттiк мекеменiң  немесе қазыналық кәсiпорынның  меншiк иесi берген мүлiктi тиiмдi пайдалануы мен сақтауына бақылау  жасауды жүзеге асырады. 

3. Мемлекеттiк мекеменi бiрнеше  меншiк иесi құрған жағдайда, олардың  арасындағы қатынастар мен меншiк  иелерiнiң өз мүлкiне билiк жүргiзу  құқықтары құрылтай шартымен  немесе сол сияқты келiсiммен  белгiленедi.

Ескерту. 204-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.12.16. N 320 Заңымен.

205-бап. Меншiк иесiнiң оралымды  басқаруға 

берiлген мүлiктi қайтарып алу және

қайта бөлу құқығы

Мемлекеттiк мекемеге немесе қазыналық  кәсiпорынға бекiтiлiп берiлген мүлiктi меншiктенушi, егер заң құжаттарында өзгеше белгiленбесе, ол мүлiктi қайтарып алуға, не өзi құрған басқа заңды тұлғалар арасында өз қалауы бойынша қайта бөлуге құқылы.

Ескерту. 205-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.12.16. N 320 Заңымен.

206-бап. Мемлекеттiк мекеменiң немесе қазыналық

кәсiпорынның мүлкiне билiк ету 

1. Мемлекеттiк мекеменiң, егер  заң актiсiнде өзгеше белгiленбесе,  өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi және оған смета бойынша бөлiнген  қаражат есебiнен сатып алынған  мүлiктi өз бетiмен иелiктен айыруға  немесе өзгеше әдiспен оған билiк етуге құқығы жоқ.

2. Қазыналық кәсiпорын өзiне бекiтiлiп  берiлген мүлiктi, сол мүлiктiң меншiк  иесiнiң жазбаша келiсiмiмен ғана  иелiктен айыруға немесе оған  өзгеше әдiспен билiк етуге,  сондай-ақ дебиторлық берешектi, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, беруге және есептен шығаруға құқылы.

Қазыналық кәсiпорын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, өзi өндiрген өнiмдi дербес сатады.

Қазыналық кәсiпорынның табыстарын бөлу тәртiбiн оның мүлкiн меншiктенушi белгiлейдi.

3. Қазыналық кәсiпорынның өзiнiң  негiзгi құралдарына жататын мүлiктi сатуға және оған қатысты сыйға  беру мәмiлелерiн жасасуға құқығы  жоқ. 

Ескерту. 206-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.12.16. N 320, 2001.03.02. N 162, 2002.05.21. N 323 Заңдарымен.

207-бап. Қазыналық кәсiпорынның, мекеменiң және 

мемлекеттiк мекеменiң борыштары  бойынша 

құрылтайшының жауаптылығы 

1. Қазыналық кәсiпорын өзiнiң  мiндеттемелерi бойынша өз билiгiндегi ақшамен жауап бередi.

Қазыналық кәсiпорынның ақшалай қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда, оның мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы орган субсидиарлық жауаптылықта болады.

Шарттық мiндеттемелер бойынша  жауапкершiлiк мемлекеттiк кәсiпорын  туралы заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен туындайды.

2. Мекеме мен мемлекеттiк мекеменiң  жауапкершiлiгi осы Кодекстiң 44-бабының  1-тармағында көзделген тәртiппен  туындайды. 

Ескерту. 207-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154, 1998.03.02. N 211, 1998.12.16. N 320 Заңдарымен.

208-бап. Мекеменi меншiктену құқығының  ауысуы 

Мекеменi меншiктену құқығы басқа  адамға ауысқан кезде бұл мекеме өзiне тиесiлi мүлiкке оралымды билiк  жүргiзу құқығын сақтап қалады.

11-тарау. Ортақ меншiк 

209-бап. Ортақ меншiк ұғымы мен оның

пайда болу негiздерi

1. Екi немесе бiрнеше адамның  меншiгiндегi мүлiк оларға ортақ  меншiк құқығымен тиесiлi болады.

2. Мүлiк меншiк иелерiнiң әрқайсысының  меншiк құқығындағы үлестерi белгiлене  отырып (үлестiк меншiк) немесе ондай үлестер белгiленбей (бiрлескен меншiк) ортақ меншiкте болуы мүмкiн.

3. Мүлiкке ортақ меншiк үлестiк  меншiк болып табылады, бұған мүлiкке  ортақ меншiк құру заңда көзделген  реттер қосылмайды.

4. Ортақ меншiк екi немесе бiрнеше  адамның меншiгiне мүлiк түскен кезде пайда болады, оны өзiнiң мақсаты өзгертiлмейiнше бөлуге болмайды (бөлiнбейтiн заттар), өйткенi ол заңға сәйкес бөлiнуге жатпайды.

Бөлiнетiн мүлiкке ортақ меншiк  заң құжаттарында немесе шартта көзделген  реттерде пайда болады.

5. Бiрлескен меншiкке қатысушылардың келiсiмi бойынша, ал келiсiмге қол жетпеген жағдайда - сот шешiмi бойынша ортақ меншiкке осы адамдардың үлестi меншiгi белгiленуi мүмкiн.

6. Жылжымайтын мүлiкке меншiк  кондоминиум нысанында пайда  болуы мүмкiн, бұл жағдайда  жылжымайтын мүлiктiң жекелеген бөлiктерi азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың дара (бөлек) меншiгiнде болады, ал жылжымайтын мүлiктiң бөлек меншiкте емес бөлiктерi ортақ үлестiк меншiк құқығымен жылжымайтын мүлiк бөлiктерiнiң иелерiне тиесiлi болады.

Әрбiр меншiк иесiнiң ортақ мүлiктегi үлесi оның жылжымайтын мүлiктiң өзiне тиесiлi бөлiгiне бөлек меншiгiнен ажырағысыз.

Әрбiр меншiк иесiнiң ортақ  мүлiктегi үлесiнiң мөлшерi мен оны  ұстауға арналған шығындарға қатысу дәрежесi, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жылжымайтын мүлiктiң дара (бөлек) меншiктегi бөлiктерiнiң мөлшерiне байланысты болады.

Информация о работе Мажеритарлық сайлау жүйесі