Мажеритарлық сайлау жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2012 в 16:20, контрольная работа

Краткое описание

1 бөлiм. Жалпы ережелер
1-тарау. Азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеу
1-бап. Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастар
1. Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдiгiне негiзделген өзге де мүлiктiк қатынастар, сондай-ақ мүлiктiк қатынастарға байланысты мүлiктiк емес жеке қатынастар реттеледi. Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер болып табылады.
2. Мүлiктiк қатынастарға байланысы жоқ мүлiктiк емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледi, өйткенi олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүлiктiк емес жеке қатынастар мәнiнен туындамайды.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған белгiлерге сай келетiн отбасылық, еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөнiндегi қатынастарға азаматтық заңдар бұл қатынастар тиiсiнше отбасылық, еңбек заңдарымен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда қолданылады.

Содержание

1. Момер Ф. Конституционная защита прав и свобод личности. М. Прогресс-Универс., 1993 г.

2. Конституционное право зарубежных стран: Учебное пособие. М., 1997.
3. Иностранное конституционное право. (конституции зарубежных государств). / Под ред. В.В.Маклакова. М., 1996.
4. Конституционное право России. Сборник методических материалов. М., 1999.
5. Ө.Қ.Қопабаев. Шет елдердің конституциялық құқығы. Алматы: «Жеті жарғы», 1998.
6. А.Абельдинов, О.К.Копабаев. Конституционное право зарубежных стран. Алматы: «Жеті жарғы», 1997.
7. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. Том 1. / Под ред. Б.А.Страшуна. М., 1993.
8. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. Том 2. /Под ред. Б.А.Страшуна. М., 1995.
9. Арановский К.В. Государственное право зарубежных стран. М., 1998.
10. Мишин А.А. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. М., 1998.
11. Чиркин В.Е. Конституционное право зарубежных стран. М., 1997.

Прикрепленные файлы: 1 файл

мико.doc

— 969.50 Кб (Скачать документ)

2. Меншiк иесi меншiк құқығын  тоқтатуға әкелiп соқтыратын шешiммен  келiспеген жағдайда оны дау  сот тәртiбiмен шешiлгенге дейiн  жүзеге асыруға болмайды. Дауды  қарау кезiнде меншiк иесiне  келтiрiлген залалдарды өтеудiң  барлық мәселелерi де шешiледi.

3. Осы баптың ережелерi мемлекеттiк органның мүлiк орналасқан тау баурайларын, су айдыны учаскелерiн және басқа учаскелердi алып қою туралы шешiмiне байланысты тиiсiнше қозғалмайтын мүлiкке меншiк құқығы тоқтатылған кезде қолданылады.

256-бап. Күтiмсiз ұсталған мәдени және

тарихи қазыналарды сатып алу 

Заңдарға сәйкес ерекше бағалы әрi мемлекет қорғайтын мәдени және тарихи қазыналарға жатқызылған заттардың  меншiк иесi бұл қазыналарды күтiп  ұстамай, бұл олардың өз мәнiн  жоғалту қатерiн төндiрген реттерде мұндай қазыналарды мемлекет меншiк иесiнен сот шешiмi бойынша сатып алу немесе жария саудаға салып сату арқылы алуы мүмкiн.

Мәдени қазыналар сатып алынған  кезде меншiк иесiне - тараптардың  келiсуiмен, ал дау туған ретте  сот белгiлеген мөлшерде олардың  құны өтеледi. Жария саудаға салып сатқан кезде меншiк иесiне сатудан түскен сома сауданы өткiзу шығындары шегерiлiп берiледi.

257-бап. Меншiк құқығы тоқтатылған 

кезде мүлiктi бағалау 

Меншiк құқығы тоқтатылған кезде  мүлiк оның нарықтық құны негiзге  алына отырып бағаланады.

258-бап. Меншiк иесi емес адамның  заттық 

құқығының тоқтатылуы

Меншiк иесi емес адамның заттық құқықтары осы Кодекстiң 249-257-баптарында белгiленген ережелер бойынша, сондай-ақ заң құжаттарында, заңды тұлғаның жарғысында немесе меншiк иесiнiң мүлiк иесiмен жасасқан шартында белгiленген тәртiп бойынша меншiк иесiнiң шешiмiмен тоқтатылады.

15-тарау. Меншiк құқығы мен  өзге де 

заттық құқықтарды қорғау

259-бап. Меншiк құқығын тану 

Меншiк иесi меншiк құқығын тануды талап етуге құқылы.

260-бап. Меншiк иесiнiң мүлiктi өзгенiң заңсыз

иеленуiнен талап етуi

Меншiк иесi өзгенiң заңсыз иеленген өз мүлкiн талап етуге құқылы.

261-бап. Адал алушыдан мүлiктi талап етiп алдыру 

1. Егер мүлiк оны иелiктен айыруға  құқығы болмаған адамнан тегiн  алынып, алушы мұны бiлмесе және  бiлуге тиiс болмаса (адал алушы), мүлiктi меншiк иесi немесе меншiк  иесi мүлiктi иеленуге берген адам  жоғалтқан, не мұның екеуiнен де ұрланған, не олардың иеленуiнен бұлардың еркiнен тыс өзге жолмен шығып қалған ретте ғана меншiк иесi бұл мүлiктi алушыдан талап етiп алдыруға құқылы.

2. Егер мүлiк оны иелiктен айыруға  құқығы жоқ адамнан тегiн алынса, меншiк иесi барлық ретте мүлiктi талап етiп алдыруға құқылы.

3. Егер мүлiк сот шешiмдерiн  атқару үшiн белгiленген тәртiп  бойынша сатылған болса, осы  баптың 1-тармағында көрсетiлген  негiздер бойынша мүлiктi талап  етiп алдыруға жол берiлмейдi.

Ескерту. 261-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.

262-бап. Ақша мен бағалы қағаздарды  талап етiп 

алдыруды шектеу

Ұсынушыға берiлетiн ақшаны, сондай-ақ бағалы қағаздарды адал иеленушiден  талап етiп алдыруға болмайды.

263-бап. Заттарды заңсыз иеленуден қайтарып

алу кезiнде есеп айырысу 

1. Меншiк иесi осы Кодекстiң  260, 261-баптары негiзiнде мүлiктi талап  ете отырып, арам ниеттi иеленушiден  бүкiл иеленген кезiнде өзi алған  немесе алуға тиiс болған табыстардың  бәрiн қайтаруды немесе өтеудi; адал иеленушiден иеленуiнiң заңсыздығы туралы бiлген немесе бiлуге тиiс болған немесе меншiк иесiнiң мүлiктi қайтару туралы талап қою жөнiндегi хабарламасын алған кезден бастап өзi алған немесе алуға тиiс болған табыстардың бәрiн талап етуге де құқылы. Адал иеленушi өз кезегiнде меншiк иесiнен мүлiктен табыс есептелетiн уақыттан бастап ол мүлiкке жұмсаған қажеттi шығындарды меншiк иесiнiң өтеуiн талап етуге құқылы. Арам ниеттi иеленушi мұндай өтемдi иеленушiнiң талабын сот негiздi деп тапқан реттерде толық немесе iшiнара алуға құқылы.

2. Заңсыз иеленушi өзi жасаған  жақсартуларды, егер олар затқа  зақым келтiрмей бөлуге келсе,  өзiнде қалдыруға құқылы. Егер  жақсартуларды бұлайша бөлу мүмкiн  болмаса, адал иеленушiнiң жақсартуға  жұмсаған шығындарын өтетудi талап етуге құқығы бар, бiрақ ол зат құнының ұлғайтылған мөлшерiнен аспауы керек. Арам ниеттi иеленушiнiң мұндай құқығы жоқ.

264-бап. Меншiк иесi құқықтарын  иеленуден айыруға 

байланысы жоқ бұзылудан қорғау

Меншiк иесi, өз құқықтарының бұзылуы  иелiктен айыруға байланысты болмағанымен, оларды бұзудың қандайын болса да жоюды талап етуге құқылы.

265-бап. Меншiк иесi емес адамның  заттық 

құқықтарын қорғау

Меншiк иесi болмағанымен, шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару, тұрақты  жер пайдалану құқығымен не заң  құжаттарында немесе шартта көзделген өзге де негiзбен мүлiктi иеленушiнiң де осы Кодекстiң 259-264-баптарында көзделген құқықтары болады. Бұл адамның өз иелiгiн меншiк иесiнен де қорғауға құқығы бар.

266-бап. Заңда көзделген негiздер  бойынша меншiк 

иесiнiң құқықтары тоқтатылған кезде оның

мүдделерiн қорғау

Қазақстан Республикасы меншiк құқығын  тоқтататын заң құжаттарын қабылдаған ретте, осы құжаттарды қабылдау нәтижесiнде  меншiк иесiне келтiрiлген залалдарды меншiк иесiне Қазақстан Республикасы толық көлемiнде өтейдi.

267-бап. Меншiк иесiнiң құқықтарын  және басқа заттық 

құқықтарды бұзатын өкiмет, басқару  органдары 

мен лауазымды адамдар құжаттарының

жарамсыздығы 

1. Егер мемлекеттiк басқару органының,  жергiлiктi өкiлдi немесе атқарушы  органның, не лауазымды адамның заңдарға сәйкес келмейтiн қалыпты немесе жеке құжат шығаруы салдарынан меншiк иесiнiң және басқа адамдардың өзiне тиесiлi мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi құқықтары бұзылса, мұндай құжат меншiк иесiнiң немесе құқығы бұзылған адамның талап қоюы бойынша сот тәртiбiмен жарамсыз деп танылады.

2. Нақты iс бойынша сот шешiм  шығарған жағдайда мемлекеттiк  басқару органдарының, жергiлiктi өкiлдi немесе атқарушы органның заң  құжаттарына қайшы келетiн құжаттары  қолданылмайды. 

Аталған құжаттарды шығару салдарынан меншiк иесiне келтiрiлген залал тиiстi өкiмет немесе басқару органының тиiстi бюджет қаражатынан толық көлемiнде өтелуге тиiс.

3 бөлiм. Мiндеттемелiк құқық 

1-бөлiмше. Мiндеттеме туралы жалпы  ережелер 

16-тарау. Мiндеттемелер ұғымы және

олардың пайда болу негiздерi

268-бап. Мiндеттеме ұғымы 

Мiндеттемеге сәйкес бiр адам (борышқор) басқа адамның (несие берушiнiң) пайдасына  мүлiк беру, жұмыс орындау, ақша төлеу  және т.б. сияқты белгiлi бiр әрекеттер  жасауға, не белгiлi бiр әрекет жасаудан тартынуға мiндеттi, ал несие берушi борышқордан өз мiндеттерiн орындауын талап етуге құқылы. Несие берушi борышқордан атқарылғанды қабылдауға мiндеттi.

269-бап. Мiндеттеме тараптары 

1. (алынып тасталды)

2. Мiндеттемеде оның әр тарабы - несие берушi немесе борышқор ретiнде бiр мезгiлде бiрнеше адам қатыса алады. Мұндай реттерде осы Кодексте белгiленген ережелерге сәйкес үлестi, ынтымақты немесе жәрдем берушiлiк мiндеттеме пайда болады (осы Кодекстiң 286-288-баптары).

Борышқор жағынан мiндеттемеге қатысушы адамдардың бiрiне несие берушi қойған талаптардың жарамсыз болуы, сол сияқты мұндай адамға қойылатын талап бойынша талап қою мерзiмiнiң өтiп кетуi несие берушiнiң өзге де осындай адамдарға қоятын талаптарына өздiгiнен әсер етпейдi.

3. Егер мiндеттемеге сәйкес тараптардың әрқайсысы басқа тараптың пайдасына мiндет алса, бұл оның пайдасына жасауға мiндеттi басқа тараптың борышқоры және сонымен бiрге оған талап қоюға құқығы бар оның несие берушiсi болып есептеледi.

Ескерту. 269-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.

270-бап. Мiндеттемеге қатысушылар 

1. Тараптар (борышқор мен несие  берушi) және үшiншi жақ мiндеттемеге  қатысушылар болып табылады.

2. Үшiншi жақ ретiнде мiндеттеме  тараптарының бiреуiне мiндеттемелер немесе өзге де құқық қатынастары арқылы байланысты жақтар қатысады.

3. Мiндеттеме үшiншi жақ үшiн мiндеттер  туғызбайды. Заңдарда немесе тараптардың  келiсiмiнде көзделген реттерде  мiндеттеме үшiншi жақтар үшiн мiндеттеменiң  бiр немесе екi тарапына да қатысты құқықтар туғызуы мүмкiн.

271-бап. Мiндеттеменiң пайда болу  негiздерi

Мiндеттемелер осы Кодекстiң 7-бабында  көрсетiлген шарттан, зиян келтiруден  немесе өзге де негiздерден пайда  болады.

17-тарау. Мiндеттеменi орындау 

272-бап. Мiндеттеменi тиiсiнше орындау

Мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен  заң талаптарына сәйкес тиiсiнше  орындалуға тиiс, ал мұндай шарттар  мен талаптар болмаған жағдайда - iскерлiк  қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиiс.

273-бап. Мiндеттеменi орындаудан  бiржақты 

бас тартуға жол берiлмеуi

Заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде мiндеттеменi орындаудан бiржақты бас тартуға және оның шарттарын  бiржақты өзгертуге жол берiлмейдi.

274-бап. Мiндеттеменi бөлшектеп орындау

Егер мiндеттеме шарттарында, заңдарда өзгеше белгiленбесе немесе iскерлiк  қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан  немесе мiндеттеме мәнiнен өзгеше туындамаса, несие берушi мiндеттеменi бөлшектеп  орындауды қабылдамауға құқылы.

275-бап. Мiндеттеменi тиiстi адамның орындауы

Егер тараптардың келiсiмiнде  өзгеше көзделмесе және iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан немесе мiндеттеме мәнiнен өзгеше туындамаса, борышқор мiндеттеменi орындау кезiнде  несие берушiнiң өзi немесе бұған ол уәкiлдiк берген адам орындауға қабылдайтын нәрсенi талап етуге құқылы және мұндай талап жасалмауының зардабын тартуға тәуекел етедi.

276-бап. Мiндеттеменi үшiншi жақтың  орындауы 

1. Егер заңдарда немесе шартта  көзделсе, сол сияқты үшiншi жақ  тиiстi шарт арқылы тараптардың бiрiмен байланысты болса, мiндеттеменi орындау түгелдей немесе бөлшектеп үшiншi жаққа жүктелуi мүмкiн.

2. Егер заңдардан, мiндеттеме  шарттарынан немесе оның мәнiнен  борышқордың мiндеттеменi жеке  өзi орындау мiндетi туындамаса, несие  берушi борышқор үшiн үшiншi жақ ұсынған орындау iсiн қабылдауға мiндеттi.

3. Несие берушiнiң борышқор мүлкiнен  ақы өндiрiп алуы салдарынан  өзiнiң бұл мүлiкке құқығынан  (иелену, пайдалану, кепiлге салу  құқығы және басқа құқықтары)  айрылу қаупi төнген үшiншi жақ несие берушiнiң талабын борышқордың келiсiмiнсiз өз есебiнен қанағаттандыра алады. Бұл ретте мiндеттеме бойынша несие берушiнiң құқығы үшiншi жаққа көшедi және осы Кодекстiң талапқа көну туралы ережелерi (осы Кодекстiң 339-347-баптары) қолданылады.

277-бап. Мiндеттеменi орындау мерзiмi 

1. Егер мiндеттемеде ол орындалатын  күн немесе ол орындалуға тиiстi уақыт кезеңi көзделсе немесе  анықтауға мүмкiндiк берсе, мiндеттеме  сол күнi немесе тиiсiнше сол  кезең iшiнде кез келген уақытта  орындалуға тиiс. 

2. Мiндеттемеде ол орындалатын мерзiм көзделмесе және бұл мерзiмдi анықтауға мүмкiндiк беретiн шарттар болмаса, ол мiндеттеме пайда болғаннан кейiн ақылға қонымды мерзiмде орындалуға тиiс.

Ақылға қонымды мерзiмде орындалмаған, сол сияқты орындалу мерзiмi талап етiлетiн кезбен белгiленген мiндеттеменi, егер заңдардан, мiндеттеме шарттарынан, iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан немесе мiндеттеме мәнiнен басқа мерзiмде орындау мiндетi туындамаса, борышқор несие берушi оның орындалуын талап еткен күннен бастап жетi күн мерзiмде орындауға мiндеттi.

278-бап. Мiндеттеменi бiрқалыпты  орындау жөнiндегi

талаптар 

Ұзақ мерзiмде орындалатын болып  есептелген мiндеттемелер, егер заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе, не мiндеттеме мәнiнен немесе iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан туындамаса, бiрқалыпты, мiндеттеменiң осы түрi үшiн ақылға қонымды кезеңдерде (күн, онкүндiк, ай, тоқсан және т.б.) орындалуға тиiс.

279-бап. Мiндеттеменi мерзiмiнен  бұрын орындау 

1. Егер заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе және оның мәнiнен туындамаса, борышқор мiндеттеменi мерзiмiне дейiн орындауға құқылы.

2. Кәсiпкерлiк қызметке байланысты  мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын  орындауға мiндеттеменi мерзiмiне  дейiн орындау мүмкiндiгi заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында көзделген, не iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан немесе мiндеттеменiң мәнiн туындаған реттерде ғана жол берiледi.

280-бап. Мiндеттеменiң орындалу  барысы туралы ақпарат 

Заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында борышқордың несие берушiге мiндеттеменiң орындалу барысы туралы хабарлап отыру мiндетi көзделуi мүмкiн.

281-бап. Мiндеттеме орындалатын  жер 

Егер мiндеттеме орындалатын жер  заңдарда немесе оның шарттарында белгiленбесе  немесе мiндеттеме мәнiнен немесе iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан көрiнбесе, ол:

1) мiндеттеме бойынша қозғалмайтын  мүлiктi беру - мүлiк орналасқан жерде; 

2) мiндеттеме бойынша тауарды  немесе өзге де мүлiктi тасымалдауды  пайдалана отырып беру - мүлiктi несие  берушiге жеткiзу үшiн оны бiрiншi тасымалдаушыға тапсыратын жерде;

3) егер бұл жер мiндеттеме  пайда болған кезде несие берушiге  белгiлi болса, кәсiпкердiң басқа  мiндеттемелерi бойынша тауар  немесе өзге де мүлiктi беру - мүлiк  дайындалған немесе сақталатын  жерде; 

4) ақшалай мiндеттеме бойынша - несие берушiнiң мiндеттеме пайда болған кездегi тұрғылықты жерiнде, ал егер несие берушi заңды тұлға болса - мiндеттеме пайда болған кезде оның болған жерiнде; егер несие берушi мiндеттеменiң орындалу кезiнде тұрғылықты жерiн немесе тұрған жерiн өзгертiп, бұл туралы борышқорға хабарласа - орындалатын жердiң өзгертiлуiне байланысты барлық шығындарды соның есебiне жатқыза отырып, оның жаңа тұрғылықты жерiнде немесе тұрған жерiнде;

5) басқа да барлық мiндеттемелер  бойынша - борышқордың тұрғылықты жерiнде, ал егер борышқор заңды тұлға болса - оның орналасқан жерiнде орындалуға тиiс.

Ескерту. 281-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.

282-бап. Ақшалай мiндеттеме 

1. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы аумағындағы ақшалай мiндеттемелер теңгемен жүргiзiлуге тиiс (осы Кодекстiң 127-бабы).

Информация о работе Мажеритарлық сайлау жүйесі