Мажеритарлық сайлау жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2012 в 16:20, контрольная работа

Краткое описание

1 бөлiм. Жалпы ережелер
1-тарау. Азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеу
1-бап. Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастар
1. Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдiгiне негiзделген өзге де мүлiктiк қатынастар, сондай-ақ мүлiктiк қатынастарға байланысты мүлiктiк емес жеке қатынастар реттеледi. Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер болып табылады.
2. Мүлiктiк қатынастарға байланысы жоқ мүлiктiк емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледi, өйткенi олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүлiктiк емес жеке қатынастар мәнiнен туындамайды.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған белгiлерге сай келетiн отбасылық, еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөнiндегi қатынастарға азаматтық заңдар бұл қатынастар тиiсiнше отбасылық, еңбек заңдарымен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда қолданылады.

Содержание

1. Момер Ф. Конституционная защита прав и свобод личности. М. Прогресс-Универс., 1993 г.

2. Конституционное право зарубежных стран: Учебное пособие. М., 1997.
3. Иностранное конституционное право. (конституции зарубежных государств). / Под ред. В.В.Маклакова. М., 1996.
4. Конституционное право России. Сборник методических материалов. М., 1999.
5. Ө.Қ.Қопабаев. Шет елдердің конституциялық құқығы. Алматы: «Жеті жарғы», 1998.
6. А.Абельдинов, О.К.Копабаев. Конституционное право зарубежных стран. Алматы: «Жеті жарғы», 1997.
7. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. Том 1. / Под ред. Б.А.Страшуна. М., 1993.
8. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. Том 2. /Под ред. Б.А.Страшуна. М., 1995.
9. Арановский К.В. Государственное право зарубежных стран. М., 1998.
10. Мишин А.А. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. М., 1998.
11. Чиркин В.Е. Конституционное право зарубежных стран. М., 1997.

Прикрепленные файлы: 1 файл

мико.doc

— 969.50 Кб (Скачать документ)

7) сенiмхат берген адамның қайтыс  болуы, оның әрекет қабiлеттiгi  жоқ, әрекет қабiлеттiгi шектеулi  немесе хабар-ошарсыз кеттi деп  танылуы; 

8) сенiмхат берiлген азаматтың  қайтыс болуы, оның әрекет қабiлеттiгi жоқ, әрекет қабiлеттiгi шектеулi немесе хабар-ошарсыз кеттi деп танылуы салдарынан тоқтатылады.

2. Сенiмхатты берген адам сенiмхаттың  немесе сенiм ауысуының күшiн  кез келген уақытта жоя алады,  ал сенiмхат берiлген адам одан  бас тарта алады. Бұл құқықтан бас тарту туралы келiсiм жарамсыз болады.

171-бап. Сенiмхаттың тоқтатылу  салдары 

1. Сенiмхат берушi сенiмхаттың  күшiн жойғандығы туралы (осы Кодекстiң  170-бабы) сенiмхат берiлген адамға, сондай-ақ сенiмхат берiлгендердiң  алдында өкiлдiк ету үшiн өзiне белгiлi үшiншi жаққа хабарлауға мiндеттi. Сенiмхат осы Кодекстiң 170-бабының 5 және 7-тармақтарында көрсетiлген негiздерге сүйенiп тоқтатылған реттерде дәл сондай мiндет сенiмхат берушi адамның құқықты мирасқорларына да жүктеледi.

2. Сенiмхат берiлген адамға сенiмхаттың тоқтатылғанын бiлгенге дейiн немесе бiлуге тиiс болған кезге дейiн оның жасаған әрекеттерi нәтижесiнде пайда болған құқықтар мен мiндеттер сенiмхатты берген адам және оның құқықты мирасқорлары үшiн үшiншi жақтарға қатысты күшiн сақтайды. Егер үшiншi жақ сенiмхаттың тоқтатылғанын бiлсе немесе бiлуге тиiс болса бұл ереже қолданылмайды.

3. Сенiмхат берiлген адам немесе  оның құқықты мирасқоры сенiмхат  тоқтатылысымен оны дереу қайтаруға  тиiс. 

4. Сенiмхаттың тоқтатылуына байланысты  осы сенiмхат бойынша басқа адамға өкiлеттiк беру де (сенiм ауысуы) күшiн жояды.

6-тарау. Мерзiмдердi есептеу 

172-бап. Мерзiм белгiлеу 

1. Заңдармен, мәмiлемен белгiленген  не сот тағайындайтын мерзiм  күнтiзбелiк күнмен немесе сөзсiз  болуға тиiстi оқиға көрсетiлiп  белгiленедi.

2. Мерзiм жылдармен, айлармен, апталармен, күндермен немесе сағаттармен  есептелетiн уақыт кезеңi ретiнде  де белгiленуi мүмкiн. 

173-бап. Уақыт кезеңiмен белгiленетiн  мерзiмнiң басталуы 

Уақыт кезеңiмен белгiленетiн мерзiмнiң  өтуi күнтiзбелiк күннен немесе мерзiмнiң басталуы белгiленген оқиға болғаннан кейiнгi келесi күннен басталады.

174-бап. Уақыт кезеңiмен белгiленетiн  мерзiмнiң 

аяқталуы 

1. Жылдармен есептелетiн мерзiм  - мерзiмнiң соңғы жылының тиiстi айы мен күнiнде бiтедi.

Жарты жылмен есептелетiн мерзiмге айлармен есептелетiн мерзiмнiң ережелерi қолданылады.

2. Жыл тоқсандарымен есептелетiн  мерзiмге айлармен есептелетiн  мерзiмнiң ережелерi қолданылады.  Бұл орайда бiр тоқсан үш  айға тең деп есептеледi, ал  тоқсандарды есептеу жыл басынан  бастап жүргiзiледi.

3. Айлармен есептелетiн мерзiм  - мерзiмнiң соңғы айының тиiстi күнiнде бiтедi.

Жарты аймен белгiленетiн мерзiм  күндермен есептелетiн мерзiм  ретiнде қаралады да, он бес күнге  тең болып есептеледi.

Егер айлармен есептелетiн мерзiмнiң  аяқталуы тиiстi күн саны жоқ айға тура келсе, мерзiм сол айдың соңғы күнiнде бiтедi.

4. Апталармен есептелетiн мерзiм  - мерзiмнiң соңғы аптасының тиiстi күнiнде бiтедi.

175-бап. Мерзiмнiң жұмыс iстемейтiн  күнде аяқталуы 

Егер мерзiмнiң соңғы күнi жұмыс iстемейтiн күнге тура келсе, содан кейiнгi ең таяу жұмыс күнi мерзiмнiң аяқталған күнi болып саналады.

176-бап. Мерзiмнiң соңғы күнiнде  әрекет жасау 

тәртiбi

1. Егер мерзiм қандай да бiр  әрекет жасауға белгiленген болса,  ол әрекет мерзiмнiң соңғы күнiндегi сағат жиырма төртке дейiн орындалуы мүмкiн.

Алайда, егер бұл әрекет ұйымда жасалуға тиiс болса, онда мерзiм осы ұйымда белгiленген ережелер бойынша тиiстi операциялар тоқтатылған сағатта  бiтедi.

2. Мерзiмнiң соңғы күнiндегi сағат  жиырма төртке дейiн почтаға,  телеграфқа немесе өзге де  байланыс мекемесiне тапсырылған  жазбаша мәлiмдемелер мен хабарламалар  мерзiмiнде жасалған болып саналады.

7-тарау. Талап мерзiмi 

177-бап. Талап қою ұғымы 

1. Талаптың ескiруi - адам құқығының немесе заңмен қорғалатын мүдденiң бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкiн болатын уақыт кезеңi.

2. Талап қою мерзiмдерi және оларды  есептеу тәртiбi заңмен көзделедi және оларды тараптардың келiсуiмен  өзгертуге болмайды.

178-бап. Талап қою мерзiмдерi

1. Талап қоюдың жалпы мерзiмi  үш жыл болып белгiленедi.

2. Талаптардың жекелеген түрлерi үшiн заң құжаттарымен талап  қоюдың жалпы мерзiммен салыстырғанда  қысқартылған немесе неғұрлым  ұзақ арнаулы мерзiмдерi белгiленуi мүмкiн.

3. Осы Кодекстiң 177, 179-186-баптарының  ережелерi, егер заң құжаттарында  өзгеше көзделмесе, талап қоюдың  арнаулы мерзiмдерiне де қолданылады. 

179-бап. Талап қоюдың қолданылуы 

1. Талап қою мерзiмiнiң өтiп  кетуiне қарамастан бұзылған құқықты  қорғау туралы талапты сот өз қарауына алады.

2. Талап мерзiмiн сот шешiм  шығарғанға дейiн дауда тарап  жасаған мәлiмдеме бойынша ғана  сот қолданады. 

3. Талап қойғанға дейiн талап  қою мерзiмiнiң өтiп кетуi соттың  талаптан бас тарту туралы  шешiм шығаруына негiз болады.

Басты талап бойынша талап қою  мерзiмiнiң бiтуiне байланысты қосымша  талаптар (айыптарды өндiрiп алу, кепiлдiк берушiнiң жауапкершiлiгi және т.б. туралы) бойынша да талап  қою мерзiмi бiтедi.

180-бап. Талап қою мерзiмiнiң  өтуi 

1. Талап қою мерзiмiнiң өтуi адам құқық бұзушылық туралы бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен басталады. Оларды бұл ережеден айыру осы Кодекспен және өзге де заң құжаттарымен белгiленедi.

2. Белгiленген орындау мерзiмiне  байланысты мiндеттемелер бойынша  талап қою мерзiмiнiң өтуi орындалу мерзiмi аяқталғаннан кейiн басталады.

3. Орындалу мерзiмi белгiленбеген  не талап ету кезiмен белгiленген  мiндеттемелер бойынша талап қою  мерзiмiнiң өтуi мiндеттеменi орындау  туралы талап қойылған кезден  басталады, ал егер борышқорға  сондай талаптарды орындау үшiн жеңiлдiк мерзiмi берiлсе, талап мерзiмiн есептеу аталған мерзiм аяқталғаннан кейiн басталады (осы Кодекстiң 277-бабының 2-тармағы).

4. Регрестiк мiндеттемелер бойынша  талап мерзiмiнiң өтуi негiзгi мiндеттеменi  орындау кезiнен басталады.

181-бап. Мiндеттемедегi адамдар  өзгерген кездегi

талап қою мерзiмi

Мiндеттемедегi адамдардың өзгеруi талап  қою мерзiмi мен оны есептеу  тәртiбiн өзгертуге әкелiп соқтырмайды.

182-бап. Талап қою мерзiмiнiң  өтуiн тоқтата тұру 

1. Талап қою мерзiмiнiң өтуi:

1) егер талап қоюға төтенше  және бұл жағдайда болмай қоймайтын  оқиға (бой бермейтiн күш) кедергi жасаса;

2) мiндеттемелердiң бұл түрiн  орындау Қазақстан Республикасы  Президентiнiң жариялауымен кейiнге  қалдырылуына байланысты (мораторий):

3) егер талапкер немесе жауапкер  соғыс жағдайына көшiрiлген әскери  бөлiмшелер құрамында болса; 

4) егер әрекет қабiлеттiгi жоқ  адамның заңды өкiлi болмаса; 

5) тиiстi қатынасты реттейтiн заңдардың  қолданылуын тоқтатуға байланысты  тоқтатыла тұрады.

Азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша талап қою мерзiмiнiң өтуi азаматтың зейнетақы төлемдерiн тағайындау және/немесе жүзеге асыру туралы немесе жәрдемақы тағайындау туралы тиiстi ұйымдарға жолдануына байланысты зейнетақы төлемдерi тағайындалғанға және/немесе жүзеге асырылғанға немесе жәрдемақы тағайындалғанға не зейнетақы төлемдерiн тағайындаудан және/немесе жүзеге асырудан немесе жәрдемақы тағайындаудан бас тартылғанға дейiн тоқтатыла тұрады.

2. Талап қою мерзiмiнiң өтуi, егер осы бапта көрсетiлген мән-жайлар талап мерзiмiнiң соңғы алты айы iшiнде пайда болса немесе бұрынғысынша қала берсе тоқтатыла тұрады, ал егер бұл мерзiм алты айдан аспаса - талап мерзiмiнiң өтуi кезiнде тоқтатыла тұрады.

3. Тоқтата тұруға әкелiп соқтырған мән-жайлар тоқтатылған күннен бастап талап қою мерзiмiнiң өтуi одан әрi жалғасады. Бұл орайда мерзiмнiң қалған бөлiгi алты айға дейiн, ал егер талап қою мерзiмi алты айдан аспаса - талап мерзiмiне дейiн ұзартылады.

Ескерту. 182-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N 134-I Заңымен.

183-бап. Талап қою мерзiмiнiң  өтуiндегi үзiлiс 

1. Талап қою мерзiмiнiң өтуi  белгiленген тәртiппен талап қою,  сондай-ақ мiндеткер адамның борышты  немесе өзге мiндеттердi мойындағандығын дәлелдейтiн әрекеттер жасауы арқылы үзiледi.

2. Үзiлiстен кейiн талап қою  мерзiмiнiң өтуi қайтадан басталады;  үзiлiске дейiн өткен уақыт жаңа  мерзiмге есептелмейдi.

184-бап. Талапты қараусыз қалдырған  ретте талап 

қою мерзiмiнiң өтуi

1. Егер талапты сот қараусыз қалдырса, талап қойылғанға дейiн басталған талап қою мерзiмi жалпы тәртiппен одан әрi жалғаса бередi.

2. Егер сот қылмыстық iсте  қойылған талапты қараусыз қалдырса, талап қоюға дейiн басталған  талап қою мерзiмiнiң өтуi талапты  қараусыз қалдырған үкiм заңды күшiне енгiзiлгенге дейiн тоқтатыла тұрады. Мерзiмi тоқтатыла тұрған кездегi уақыт талап қою мерзiмiне есептелмейдi. Бұл орайда, егер мерзiмнiң қалған бөлiгi алты айдан аз болса, ол алты айға дейiн ұзартылады.

185-бап. Талап қою мерзiмiн қалпына келтiру

1. Ерекше жағдайларда, талапкердiң  жеке басына байланысты мән-жайлар (ауыр науқас, дәрменсiз халде  болу, сауатсыздық және т.б.) бойынша  талап қою мерзiмi өтiп кетуiнiң  себебiн сот орынды деп таныған  кезде, азаматтың бұзылған құқығы  қорғалуға тиiс. Талап қою мерзiмiнiң өтiп кету себептерi орынды болып, егер ол талап мерзiмiнiң соңғы алты ай iшiнде орын алған болса, ал егер бұл мерзiм алты айға тең немесе алты айдан аз болса - талап мерзiмiнiң өтуi кезiнде танылады.

2. Белгiлi бiр iс бойынша сот шешiмiн орындаудан бас тартылуына байланысты заң құжаттарына сәйкес талапкердiң тап сол iс бойынша жаңа талап қою құқығы пайда болған ретте талап қою мерзiмi қалпына келтiрiледi және қайтадан өте бастайды.

186-бап. Талап қою мерзiмi бiткеннен  кейiн

мiндеттердi атқару

Талап қою мерзiмi бiткеннен кейiн  мiндетiн атқарған борышқордың немесе өзге мiндеттi адамның тiптi сол мiндеттi атқарған кезiнде талап мерзiмiнiң  өтiп кеткенiн бiлмесе де, аталған  адамның өзi атқарған нәрсесiн қайтаруды  талап етуге құқығы жоқ.

187-бап. Талап қою қолданылмайтын  талаптар 

Талап қою:

1) заң құжаттарында көзделгеннен  басқа реттерде материалдық емес  игiлiктер мен мүлiктiк емес  өзiндiк құқықтарды қорғау туралы  талаптарға;

2) салымшылардың банкiге банктiк  салымдарды беру туралы талаптарына;

3) азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына  келтiрiлген зиянның орнын толтыру  туралы талаптарға қолданылмайды.  Алайда, талап қою мерзiмi өтiп  кеткеннен кейiн қойылған талаптар  талап қойыла бастаған соң  үш жылдан асырмай қанағаттандырылады;

4) егер меншiк иесiнiң немесе  өзге заң иеленушiнiң өз құқығының  кез келген бұзылуы иелiктен  айыруға байланысты болмаса (осы  Кодекстiң 264, 265-баптары), олардың  осы құқық бұзушылықты жою  туралы талабына;

5) заң құжаттарында белгiленген  реттерде басқа талаптарға да қолданылмайды.

Ескерту. 187-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен.

II бөлiм. Меншiк құқығы және  өзге де заттық құқықтар

8-тарау. Меншiк құқығы. Жалпы  ережелер 

188-бап. Меншiк құқығы ұғымы  және оның мазмұны

1. Меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң  заң құжаттары арқылы танылатын  және қорғалатын өзiне тиесiлi  мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану  және оған билiк ету құқығы.

Меншiк құқығы мәмiле жасалған кезде  болған барлық жүктемелерiмен басқа  адамға берiледi.

2. Меншiк иесiнiң өз мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету  құқығы болады.

Иелену құқығы дегенiмiз мүлiктi iс жүзiнде иеленудi жүзеге асыруды  заң жүзiнде қамтамасыз ету.

Пайдалану құқығы дегенiмiз мүлiктен оның пайдалы табиғи қасиеттерiн  алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзiнде қамтамасыз етiлуi. Пайда кiрiс, өсiм, жемiс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкiн.

Билiк ету құқығы дегенiмiз мүлiктiң  заң жүзiндегi тағдырын белгiлеудiң  заңмен қамтамасыз етiлуi.

3. Меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның iшiнде бұл мүлiктi басқа адамдардың меншiгiне берiп, иелiгiнен шығаруға, өзi меншiк иесi болып қала отырып, оларға мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi өз өкiлеттiгiн тапсыруға, мүлiктi кепiлге беруге және оған басқа да әдiстермен ауыртпалық түсiруге, оларға өзгеше түрде билiк етуге құқылы.

4. Меншiк иесiнiң өз өкiлеттiгiн  жүзеге асыруы басқа тұлғалар  мен мемлекеттiң құқықтарын және  заңмен қорғалатын мүдделерiн бұзбауға тиiс. Құқықтар мен заңды мүдделердi бұзушылық басқа нысандарымен қатар, меншiк иесiнiң өзiнiң монополиялық және өзге де басымдық жағдайын пайдаланып қиянат жасауынан көрiнуi мүмкiн.

Меншiк иесi өз құқықтарын жүзеге асырған  кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтiрiлуi мүмкiн зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға мiндеттi.

5. Меншiк құқығының мерзiмi шексiз.  Мүлiкке меншiк құқығы осы Кодексте  көзделген негiздер бойынша ғана  ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкiн. 

6. Заң құжаттарында көзделген реттерде, жағдайлар мен шектерде меншiк иесi өз мүлкiн басқа адамдардың шектеулi түрде пайдалануына жол беруге мiндеттi.

Ескерту. 188-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.

189-бап. Мүлiктi күтiп ұстау ауыртпалығы

1. Меншiк иесi, егер заң құжаттарында  немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзiне тиесiлi мүлiктi күтiп ұстау  ауыртпалығын көтередi және бiржақты  тәртiппен мұндай ауыртпалықты  үшiншi жаққа ауыстыра алмайды. 

2. Егер мүлiк заңды түрде үшiншi жақтарда болса, олардың бөтен адамның мүлкiн күтiп ұстауға жұмсаған шығындарын, егер шартта өзгеше көзделмесе, меншiк иесi өтеуге тиiс.

Информация о работе Мажеритарлық сайлау жүйесі