Мажеритарлық сайлау жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2012 в 16:20, контрольная работа

Краткое описание

1 бөлiм. Жалпы ережелер
1-тарау. Азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеу
1-бап. Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастар
1. Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдiгiне негiзделген өзге де мүлiктiк қатынастар, сондай-ақ мүлiктiк қатынастарға байланысты мүлiктiк емес жеке қатынастар реттеледi. Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер болып табылады.
2. Мүлiктiк қатынастарға байланысы жоқ мүлiктiк емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледi, өйткенi олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүлiктiк емес жеке қатынастар мәнiнен туындамайды.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған белгiлерге сай келетiн отбасылық, еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөнiндегi қатынастарға азаматтық заңдар бұл қатынастар тиiсiнше отбасылық, еңбек заңдарымен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда қолданылады.

Содержание

1. Момер Ф. Конституционная защита прав и свобод личности. М. Прогресс-Универс., 1993 г.

2. Конституционное право зарубежных стран: Учебное пособие. М., 1997.
3. Иностранное конституционное право. (конституции зарубежных государств). / Под ред. В.В.Маклакова. М., 1996.
4. Конституционное право России. Сборник методических материалов. М., 1999.
5. Ө.Қ.Қопабаев. Шет елдердің конституциялық құқығы. Алматы: «Жеті жарғы», 1998.
6. А.Абельдинов, О.К.Копабаев. Конституционное право зарубежных стран. Алматы: «Жеті жарғы», 1997.
7. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. Том 1. / Под ред. Б.А.Страшуна. М., 1993.
8. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. Том 2. /Под ред. Б.А.Страшуна. М., 1995.
9. Арановский К.В. Государственное право зарубежных стран. М., 1998.
10. Мишин А.А. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. М., 1998.
11. Чиркин В.Е. Конституционное право зарубежных стран. М., 1997.

Прикрепленные файлы: 1 файл

мико.doc

— 969.50 Кб (Скачать документ)

8. Жарамсыз мәмiле заңдық салдарға  әкелiп соқтырмайды, бұған мәмiленiң  жарамсыздығына байланысты және ол жасалған кезден бастап жарамсыз мәмiлелер кiрмейдi.

9. Мәмiленi жарамсыз деп тани  отырып, сот нақты мән-жайларды  ескеру арқылы оның одан әрi орындалуына тыйым салумен шектелуге  құқылы.

158-бап. Мазмұны заң талаптарына  сәйкес 

келмейтiн мәмiленiң жарамсыздығы

1. Мазмұны заң талаптарына сәйкес  келмейтiн, сондай-ақ құқықтық  тәртiп негiздерiне немесе адамгершiлiкке  көрiнеу қайшы келетiн мақсатпен  жасалған мәмiле жарамсыз болады.

2. Заң талаптарын, заңды тұлғаның  жарғысын не оның органдарының құзыретiн бұзатын мәмiленi қасақана жасасқан адамның, егер мұндай талап пайдакүнемдiк себептерден немесе жауапкершiлiктен жалтару ниетiнен туындаса, мәмiленi жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы жоқ.

3. Егер мәмiлеге қатысушылардың  бiрi оны мiндеттемесiн орындаудан немесе үшiншi жақ не мемлекет алдындағы жауапкершiлiктен жалтару ниетiмен жасаған ретте, ал мәмiленiң басқа қатысушысы бұл ниет туралы бiлген болса немесе бiлуге тиiс болса, мүдделi жақ (мемлекет) мәмiленi жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.

159-бап. Мәмiлелер жарамсыздығының  негiздерi

1. Қажеттi лицензия алмай, не  лицензияның қолданылу күшiнiң  мерзiмi бiткеннен кейiн жасалған  мәмiле жарамсыз болады.

2. Терiс пиғылды бәсеке мақсатын  көздейтiн немесе iскерлiк әдеп  талаптарын бұзатын мәмiле жарамсыз болады.

3. Осы Кодекстiң 23-бабында көзделген  мәмiлелердi қоспағанда, он төрт жасқа  толмаған адам жасаған мәмiле  жарамсыз болады.

4. Он төрт жасқа толған кәмелетке  толмаған баланың ата-анасының (асырап  алушыларының) немесе қамқоршыларының келiсiмiнсiз жасаған мәмiлесiн, заң бойынша оның өзi дербес жасауға құқығы бар мәмiлелердi қоспағанда, сот ата-анасының (асырап алушыларының) немесе қамқоршысының талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.

5. Есуастық немесе ақыл-есi кем  болуы салдарынан әрекет қабiлеттiгi жоқ деп танылған адам жасасқан мәмiле жарамсыз болады. Кейiннен әрекет қабiлеттiгi жоқ деп танылған азамат жасасқан мәмiле (осы Кодекстiң 26-бабы), егер мәмiленi жасау кезiнiң өзiнде-ақ бұл азаматтың психикалық шатасу жағдайында болғаны дәлелденсе, оның қорғаншысының талабы бойынша сот мәмiленi жарамсыз деп тануы мүмкiн.

6. Сот әрекет қабiлеттiлiгiн шектеген  адам жасасқан мәмiленi сот  оның қамқоршысының талап етуi  бойынша жарамсыз деп тануы  мүмкiн. 

7. Әрекет қабiлеттiлiгi болғанымен, мәмiле жасаған кезде өз әрекеттерiнiң мәнiн түсiне алмайтын немесе өзiнiң не iстегенiн бiлмейтiн жағдайда болған азамат жасасқан мәмiленi сот сол азаматтың талабы бойынша, ал егер тiрi кезiнде талап етуге азаматтың мүмкiндiгi болмаса, азамат қайтыс болғаннан кейiн басқа мүдделi адамдардың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.

8. Елеулi мәнi бар жаңылысу  салдарынан жасалған мәмiленi  сот жаңылысу әсерiмен әрекет  еткен тараптың талабы бойынша  жарамсыз деп тануы мүмкiн.  Мәмiленiң табиғатына, ұқсастығына  немесе оны өз мақсатына пайдалану мүмкiндiгiн айтарлықтай төмендететiн мәнiнiң сапасына қатысты жаңылысудың елеулi мәнi болады. Дәлелдердегi жаңылысу кейiнге қалдыру немесе күшiн жою шарты ретiнде, мәмiленiң мазмұнына осындай дәлелдi енгiзген кезде ғана мәмiле жарамсыздығының негiзi бола алады (осы Кодекстiң 150-бабы).

Егер жаңылысу мәмiлеге қатысушының  өрескел бейқамдығының салдары  болса, не оны кәсiпкерлiк тәуекел  билеген болса, сот нақты жағдайларды  және мәмiлеге қатысушы екiншi жақтың мүдделерiн  ескере отырып, мәмiленi жарамсыз деп тану туралы талаптан бас тартуға құқылы.

9. Алдау, зорлық, қорқыту ықпалымен  жасалған мәмiленi, сондай-ақ басқа  тарап пайдаланған жағдайларға  қарағанда адам өзi үшiн мүлде  тиiмсiз ауыр мән-жайлардың салдарынан  жасауға мәжбүр болған мәмiленi (кiрiптарлық мәмiле) сот жәбiрленушiнiң талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.

10. Бiр тарап өкiлiнiң екiншi тараппен  зұлымдық ниетте келiсуi нәтижесiнде  жасалған мәмiленi сот жәбiрленушi тараптың талабы бойынша жарамсыз  деп тануы мүмкiн. Жәбiрленушi тарап шеккен залалды жәрдем беру тәртiбiмен өтеу (осы Кодекстiң 9-бабының 4-тармағы) терiс пиғылды өкiлге жүктелуi мүмкiн.

11. Заңды тұлғаның осы Кодексте, өзге де заң актiлерiнде немесе  құрылтай құжаттарында нақты  шектелген қызмет мақсаттарына қайшы келетiн етiп жасаған, не оның органының жарғылық құзыретiн бұза отырып жасаған мәмiлесi, егер мәмiледегi басқа тараптың мұндай жолсыздықтар туралы бiлгенi немесе күнiлгерi бiлуге тиiс болғаны дәлелденсе, заңды тұлғаның мүлiк иесiнiң қуынымы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкiн.

12. Осы баптың 3, 5-тармақтарында  көзделген мәмiлелер жас балалардың  немесе әрекет қабiлеттiлiгi жоқ  адамдардың ата-анасының, асырап  алушыларының немесе қорғаншыларының  талабы бойынша, егер олар аталған  адамдардың пайдасына жасалған болса, сот шешiмiмен жарамды деп танылуы мүмкiн.

Ескерту. 159-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.

160-бап. Жалған немесе қулықпен  жасалған 

мәмiлелер 

1. Заңдық салдар туғызу ниетiн  көздемей, тек көз алдау үшiн ғана жасалған жалған мәмiле жарамсыз болады.

2. Егер мәмiле екiншi бiр мәмiленi (қулықпен) бүркемелеу мақсатымен  жасалса, тараптар шын мәнiнде  ойлаған мәмiлеге қатысты ережелер  қолданылады. 

161-бап.  Мәмiленiң бiр бөлiгi жарамсыздығының 

салдары

Егер  мәмiленi оның жарамсыз бөлiгiн енгiзбей-ақ жасауға болар едi деп ойлау  мүмкiн болса, мәмiленiң бiр бөлiгiнiң  жарамсыздығы оның басқа бөлiктерiнiң  жарамсыз болуына әкелiп соқтырмайды.

162-бап.  Жарамсыз мәмiлелер бойынша талап  қою 

мерзiмдерi

1. (алып тасталды)

2. Осы Кодекстiң 159-бабының 9 және 10-тармақтарында көзделген негiздер  бойынша мәмiленiң жарамсыздығына  байланысты даулар бойынша талап  қою мерзiмi қорлық немесе қорқыту  ықпалымен мәмiле жасалып, сол  зорлық немесе қорқыту тоқтатылған  күннен бастап не талап қоюшы мәмiленi жарамсыз деп тануға негiз болып табылатын өзге де мән-жайларды бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен бастап бiр жыл болады.

Ескерту. 162-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан  Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.

5-тарау. Өкiлдiк және сенiмхат

163-бап.  Өкiлдiк 

1. Басқа адамның (өкiлдiк берушiнiң)  атынан бiр адамның (өкiлдiң)  сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне  не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген  өкiлеттiгi күшiмен жасаған мәмiлесi  өкiлдiк берушiнiң азаматтық құқықтары  мен мiндеттерiн тiкелей туғызады, өзгертедi және тоқтатады.

Өкiлеттiк  өкiлдiң (бөлшек сауда жүйесiндегi сатушы, кассир және т.б.) әрекет жасаған жағдайынан да көрiнуi мүмкiн.

2. Өкiл жасаған мәмiле бойынша  тiкелей өкiлдiк берушiде құқықтар  мен мiндеттер пайда болады.

3. Өкiл жеке өзiне қатысты да, сонымен бiрге өзi өкiлi болып  табылатын басқа адамға қатысты  да өкiлдiк берушiнiң атынан  мәмiлелер жасай алмайды. 

4. Басқалардың мүдделерi үшiн болса  да өз атынан әрекет ететiн  адамдар (коммерциялық делдалдар,  мұрагерлiк кезiнде өсиеттi орындау тапсырылған адамдар және т.б.), сондай-ақ болашақта жасалуы мүмкiн мәмiлелерге қатысты келiссөз жүргiзуге уәкiлдiк берiлген адамдар өкiлдер болмайды.

5. Сипаты жөнiнен тек жеке өзi ғана жасауға болатын мәмiленi, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген реттердегi басқа да мәмiлелердi өкiл арқылы жасауға жол берiлмейдi.

164-бап.  Әрекет қабiлеттiгi жоқ адамдар  үшiн 

өкiлдiк 

Әрекет  қабiлеттiгi жоқ азаматтардың атынан мәмiлелердi олардың заңды өкiлдерi - ата-анасы (асырап алушылары) мен қорғаншылары жасайды.

165-бап.  Өкiлеттiгi жоқ өкiлдiк 

Мәмiле жасауға уәкiлдiк берiлмеген адамның  басқа адам атынан немесе өкiлеттiгiн  асыра пайдаланып жасаған мәмiлесi өкiлдiк берушi осы мәмiленi кейiннен мақұлдаған ретте ғана ол үшiн азаматтық  құқықтар мен мiндеттердi туғызады, өзгертедi және тоқтатады.

Өкiлдiк  берушiнiң кейiннен мақұлдауы мәмiленi оның жасалған кезiнен бастап жарамды  етедi.

166-бап.  Коммерциялық өкiлдiк 

1. Кәсiпкерлер шарт жасасқан кезде  олардың атынан үнемi және дербес  өкiлдiк етушi адам (коммерциялық өкiл) өкiлдiң өкiлеттiгi көрсетiлетiн жазбаша шарт негiзiнде, ал ол көрсетiлмеген жағдайда - сенiмхат негiзiнде де әрекет жасайды.

2. Коммерциялық өкiл сонымен бiр  мезгiлде өзiнiң қатысуымен жасалатын  шарттың түрлi тараптарының мүдделерiн бiлдiре алады. Бұл орайда ол өзiне берiлген тапсырмаларды кәдiмгi кәсiпкердiң ыждағаттылығымен орындауға мiндеттi.

3. Коммерциялық өкiл келiсiлген  сыйақыны және өзi тапсырмаларды  орындаған кезде жұмсаған шығындарын, егер өздерiнiң арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, шарт тараптарынан тең мөлшерде төлеудi талап етуге құқылы.

4. Коммерциялық өкiл өзiне белгiлi  болған сауда мәмiлелерi туралы  мәлiметтердi өзiне берiлген тапсырманы орындағаннан кейiн де құпия сақтауға мiндеттi.

5. Кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген  салаларындағы коммерциялық өкiлдiктiң  ерекшелiктерi заңмен белгiленедi.

167-бап. Сенiмхат 

1. Бiр адамның (сенiм бiлдiрушiнiң)  өз атынан өкiлдiк ету үшiн  екiншi адамға (сенiм бiлдiрген) берген жазбаша уәкiлдiгi сенiмхат деп танылады.

2. Мүлiкке билiк жасауға және  нотариаттың куәландыруын талап  ететiн мәмiлелер жасауға берiлетiн  сенiмхатты, егер заң құжаттарында  өзгеше белгiленбесе, нотариат  куәландыруға тиiс. 

3. Нотариат куәландырған сенiмхаттарға:

1) госпитальдарда, санаторийлер мен  басқа әскери-емдеу мекемелерiнде  емделiп жатқан әскери қызметшiлердiң  және өзге де адамдардың осы  госпитальдардың, санаторийлер мен  басқа әскери-емдеу мекемелерiнiң  бастықтары, медицина бөлiмi жөнiндегi орынбасарлары, аға және кезекшi дәрiгерлерi куәландырған сенiмхаттар;

2) мемлекеттiк нотариалдық кеңселер  мен басқа да нотариалдық әрекет  жасайтын органдары жоқ әскери  бөлiмдер, құрамалар, мекемелер және  әскери-оқу орындары орналасқан  мекендердегi осы бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң, оқу орындарының командирлерi (бастықтары) куәландырған әскери қызметшiлердiң сенiмхаттары, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшiлердiң, олардың отбасы мүшелерi мен әскери қызметшiлер отбасы мүшелерiнiң сенiмхаттары;

3) бас бостандығынан айыру орындарындағы  адамдардың бас бостандығынан  айыру орындарының бастықтары  куәландырған сенiмхаттары;

4) халықты әлеуметтiк қорғау  мекемелерiндегi кәмелетке толған  әрекет қабiлеттiгi бар азаматтардың  осы мекеменiң немесе тиiстi халықты әлеуметтiк қорғау органдарының басшысы куәландырған сенiмхаттары теңестiрiледi.

4. Хат-хабар, соның iшiнде ақша  және сәлемдеме алуға, жалақы  және азаматтар мен заңды тұлғалардан  өзге де төлемдер алуға сенiмхатты  сенiм бiлдiрушi тұратын қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi аппараты, ол жұмыс iстейтiн немесе оқитын ұйым, тұрғылықты жерi бойынша тұрғын үй пайдалану ұйымы, ол емделiп жатқан тұрақты емдеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi, сондай-ақ әскери қызметшiлерге сенiмхат берiлгенде тиiстi әскери бөлiмдердiң командованиесi куәландыруы мүмкiн. Құжат жiберудi байланыс қызметкерi жүзеге асырған кезде телеграф арқылы, сондай-ақ байланыстың басқа да түрлерi арқылы жiберiлетiн сенiмхатты байланыс органдары куәландырады.

5. Үшiншi жақтар сенiм бiлдiрiлген  адамға сенiм бiлдiрушi факсимилелiк  және өзге де байланыстар бойынша,  ресми байланыс органдарының  қатысуынсыз жолдаған өздерiне  қатысты әрекеттер жасау үшiн  берiлген сенiмхатты түпнұсқа  деп санауға құқылы.

6. Заңды тұлға атынан сенiмхат  оның басшысы немесе бұған  оның құрылтай құжаттарымен уәкiлдiк  берiлген өзге де адамның қолы  қойылып берiледi және сол ұйымның  мөрiмен бекiтiледi.

7. Ақша және басқа бағалы мүлiктi алуға немесе беруге мемлекеттiк  органның, коммерциялық ұйым мен коммерциялық емес ұйымның атынан берiлетiн сенiмхатқа сол ұйымның бас (аға) бухгалтерi де қол қоюға тиiс.

8. Банкiде операциялар жасауға  берiлетiн сенiмхатты және сауда  саласында мәмiле жасауға берiлетiн  сенiмхатты беру тәртiбi мен  нысаны арнайы ережелермен белгiленуi мүмкiн.

Ескерту. 167-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

168-бап. Сенiмхат мерзiмi 

1. Сенiмхат үш жылдан аспайтын  мерзiмге берiлуi мүмкiн. Егер сенiмхатта неғұрлым ұзақ мерзiм көрсетiлсе, ол үш жыл бойы, ал егер қолдану мерзiмi көрсетiлмесе, берiлген күннен бастап бiр жыл бойы жарамды болады.

2. Берiлген күнi көрсетiлмеген  сенiмхат жарамсыз болады.

169-бап. Сенiм ауысуы 

1. Сенiм бiлдiрiлген адам өзiне уәкiлдiк берiлген әрекеттi өзi жасауға тиiс. Алған сенiмхат бойынша сенiм ауыстыруға уәкiлдiк берiлген не сенiм бiлдiрушiнiң мүдделерiн қорғауға мәжбүр болған ретте ғана ол осы әрекеттердi жасау сенiмiн басқа адамға аудара алады.

2. Сенiм бiлдiрiлген адамның өз  өкiлеттiгiн басқа адамға беруi жөнiндегi сенiмхатты, осы Кодекстiң  167-бабының 4-тармағында көзделгеннен  басқа реттерде, нотариат куәландыруға  тиiс. 

3. Сенiм ауыстыру жөнiнде берiлген  сенiмхаттың қолданылу мерзiмi  ол негiзге алынып берiлген алғашқы сенiмхаттың қолданылу мерзiмiнен аспауы керек.

4. Өз өкiлеттiгiн басқа бiреуге  берген сенiм бiлдiрiлген адам  бұл жөнiнде сенiм бiлдiрушiнi  дереу хабардар етуге және  оған әлгi адам туралы, оның  тұрғылықты жерi туралы қажеттi мәлiметтердi хабарлауға тиiс. Бұл мiндеттiң орындалмауынан, сенiм бiлдiрiлген адамға нақ өз әрекеттерi үшiн жауапкершiлiк жүктелетiнi сияқты, өз өкiлеттiгiн берген адамның әрекеттерi үшiн де жауапкершiлiк жүктеледi.

170-бап. Сенiмхаттың тоқтатылуы 

1. Сенiмхаттың қолданылуы:

1) сенiмхат мерзiмiнiң өтуi;

2) сенiмхатта көзделген әрекеттердiң  жүзеге асуы;

3) сенiмхатты берушi адамның оның  күшiн жоюы;

4) сенiмхат берiлген адамның одан  бас тартуы;

5) өз атынан сенiмхат берген  заңды тұлғаның тоқтатылуы;

6) атына сенiмхат берiлген заңды тұлғаның таратылуы;

Информация о работе Мажеритарлық сайлау жүйесі