Мажеритарлық сайлау жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2012 в 16:20, контрольная работа

Краткое описание

1 бөлiм. Жалпы ережелер
1-тарау. Азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеу
1-бап. Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастар
1. Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдiгiне негiзделген өзге де мүлiктiк қатынастар, сондай-ақ мүлiктiк қатынастарға байланысты мүлiктiк емес жеке қатынастар реттеледi. Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер болып табылады.
2. Мүлiктiк қатынастарға байланысы жоқ мүлiктiк емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледi, өйткенi олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүлiктiк емес жеке қатынастар мәнiнен туындамайды.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған белгiлерге сай келетiн отбасылық, еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөнiндегi қатынастарға азаматтық заңдар бұл қатынастар тиiсiнше отбасылық, еңбек заңдарымен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда қолданылады.

Содержание

1. Момер Ф. Конституционная защита прав и свобод личности. М. Прогресс-Универс., 1993 г.

2. Конституционное право зарубежных стран: Учебное пособие. М., 1997.
3. Иностранное конституционное право. (конституции зарубежных государств). / Под ред. В.В.Маклакова. М., 1996.
4. Конституционное право России. Сборник методических материалов. М., 1999.
5. Ө.Қ.Қопабаев. Шет елдердің конституциялық құқығы. Алматы: «Жеті жарғы», 1998.
6. А.Абельдинов, О.К.Копабаев. Конституционное право зарубежных стран. Алматы: «Жеті жарғы», 1997.
7. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. Том 1. / Под ред. Б.А.Страшуна. М., 1993.
8. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. Том 2. /Под ред. Б.А.Страшуна. М., 1995.
9. Арановский К.В. Государственное право зарубежных стран. М., 1998.
10. Мишин А.А. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. М., 1998.
11. Чиркин В.Е. Конституционное право зарубежных стран. М., 1997.

Прикрепленные файлы: 1 файл

мико.doc

— 969.50 Кб (Скачать документ)

123-бап. Жемiстер, азық-түлiк және  табыстар 

Мүлiктердi пайдалану нәтижесiнде  алынған түсiм (жемiстер, өнiмдер, табыстар), егер заңдарда немесе бұл мүлiктi пайдалану туралы шартта өзгеше көзделмесе, осы мүлiктi заңды негiзде пайдаланушы адамға тиесiлi болады.

124-бап. Жануарлар 

Заңдарда өзгеше белгiленбегендiктен, жануарларға заттар туралы жалпы  ережелер қолданылады.

125-бап. Интеллектуалдық меншiк

1. Осы Кодексте және өзге де  заң актiлерiнде белгiленген реттер  мен тәртiп бойынша азаматтың  немесе заңды тұлғаның шығармашылық  интеллектуалдық қызметтiң нәтижелерiне  және оларға теңестiрiлген заңды  тұлғаны дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өзi орындайтын жұмысының немесе қызметiнiң өнiмдерiне (фирмалық атау, тауар белгiсi, қызмет көрсету белгiсi және т.б.) ерекше құқығы танылады.

2. Шығармашылық интеллектуалдық  қызметтiң нәтижелерi мен ерекше  құқықтардың (интеллектуалдық меншiктiң) объектiсi болуы мүмкiн даралану құралдарын пайдалануды үшiншi жақтар құқық иеленушiнiң келiсiмiмен ғана жүзеге асырылады.

Ескерту. 125-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.

126-бап. Қызметтiк және коммерциялық құпия

1. Үшiншi жаққа белгiсiз болуына  байланысты ақпараттың нақты  немесе потенциалды коммерциялық  құны болып, онымен заңды негiзде  еркiн танысуға болмайтын және  ақпаратты иеленушi оның құпиялылығын  сақтауға шара қолданатын ретте,  қызметтiк немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат азаматтық заңдармен қорғалады.

2. Мұндай ақпаратты заңсыз әдiстермен  алған адамдар сондай-ақ еңбек  шартына қарамастан қызметшiлер  немесе азаматтық-құқықтық шартқа  қарамастан контрагенттер қызметтiк  немесе коммерциялық құпияны жария етсе, келтiрiлген залалдың орнын толтыруға мiндеттi.

127-бап. Ақша (валюта)

1. Қазақстан Республикасының ақша  бөлiнiсi теңге болып табылады.

2. Теңге Қазақстан Республикасының  бүкiл аумағында өз құны бойынша  қабылдануға мiндеттi заңды төлем құралы болып табылады.

3. Қазақстан Республикасы аумағында  төлемдер қолма қол төлеп және  қолма қол төлемей есеп айырысу  түрiнде жүзеге асырылады. 

4. Қазақстан Республикасы аумағында  шетел валютасымен есеп айырысудың  реттерi, тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.

128-бап. Валюталық қазыналар 

1. Валюталық қазыналар деп танылатын  мүлiк түрлерi және олар арқылы  мәмiлелер жасау тәртiбi заң  құжаттарында белгiленедi.

2. Валюталық қазыналарға меншiк  құқығы Қазақстан Республикасында жалпы негiздерде қорғалады.

Параграф 2. Бағалы қағаздар

129-бап. Бағалы қағаздар 

1. Бағалы қағаз - мүлiктiк құқықты  куәландыратын белгiлi бiр жазбалар  мен басқа да белгiлердiң жиынтығы.

2. Бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар және бағалы қағаздардың осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен айқындалған өзге де түрлерi жатады.

3. Бағалы қағаздар шығарылым  нысаны бойынша: 

1) құжатты және құжатсыз;

2) эмиссиялық және эмиссиялық  емес;

3) атаулы, ұсынбалы және ордерлiк бағалы қағаздар болып бөлiнедi.

Құжатты бағалы қағаздар - құжатты  нысанда (бағалы қағаздың мазмұнын арнаулы  техникалық құралдарды пайдаланбай-ақ тiкелей оқу мүмкiндiгi болатын  қағаз немесе өзге материалдық жеткiзушi) шығарылған бағалы қағаздар.

Құжатсыз бағалы қағаздар - құжатсыз нысанда (электрондық жазбалар жиынтығы түрiнде) шығарылған бағалы қағаздар.

Эмиссиялық бағалы қағаздар - бiр  шығарылым шегiнде осы шығарылым  үшiн бiрдей жағдай негiзiнде орналастырылатын және айналымда болатын, бiртектi белгiлерi мен реквизиттерi бар бағалы қағаздар.

Эмиссиялық емес бағалы қағаздар - осы тармақтың төртiншi бөлiгiнде  көрсетiлген белгiлерге сәйкес келмейтiн  бағалы қағаздар.

Атаулы бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.

Ұсынбалы бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың бағалы қағазды ұсынушыға  тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.

Ордерлiк бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға, ал оларға осы құқықтар осы Кодекстiң 132-бабының 3-тармағында көзделген тәртiппен берiлген жағдайда, басқа тұлғаға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.

4. Осы Кодекспен және Қазақстан  Республикасының өзге де заң  актiлерiмен бағалы қағаздардың  белгiлi бiр түрiн қайсыбiр нысанда  шығару мүмкiндiгiне жол берiлмеуi мүмкiн.

Ескерту. 129-бап жаңа редакцияда - Қазақстан  Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен.

130-бап. Бағалы қағазға құқықтарды  растау 

1. Бағалы қағаздың өзi құжатты  бағалы қағазға құқықты растау  болып табылады. Құжатты бағалы қағаздар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысына сақтауға берiлген жағдайда, оның есебiн жүргiзу мақсатында осы кәсiби қатысушы ашқан шоттан алынған үзiндi көшiрме оған берiлген лицензияға сәйкес уәкiлеттiнiң осы бағалы қағазды осылай сақтауға құқығын растау болып табылады. Құжатты бағалы қағаз бен аталған шоттан берiлген үзiндi көшiрменiң арасында алшақтық болған кезде үзiндi көшiрмеге басымдық берiледi.

2. Бағалы қағаздар рыногының  өзiне берiлген лицензияға сәйкес  бағалы қағаздармен жасалған  мәмiлелердi тiркеуге уәкiлеттi кәсiби қатысушысындағы бағалы қағаздың есебiн жүргiзу мақсатында ашылған шоттан үзiндi көшiрме құжатсыз бағалы қағазға құқықты растау болып табылады.

3. Бағалы қағаздар рыногының  кәсiби қатысушыларының бағалы  қағаздардың есебiн жүргiзуге арналған шоттарды ашу және жүргiзу тәртiбi, сондай-ақ осындай шоттардан берiлетiн үзiндi көшiрменiң мазмұны мен ресiмделуiне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.

Ескерту. 130-бап жаңа редакцияда - Қазақстан  Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен.

131-бап. Бағалы қағазға қойылатын  талаптар 

1. Бағалы қағаздармен куәландырылатын  құқықтардың түрлерi, бағалы қағаздардың  мiндеттi реквизиттерi, бағалы қағаз  нысанына талаптар және басқа  да қажеттi талаптар заң құжаттарымен немесе соларда белгiленген тәртiп бойынша белгiленедi.

2. Бағалы қағаздың мiндеттi реквизиттерi  болмауы немесе бағалы қағаздың  ол үшiн белгiленген нысанға  сәйкес келмеуi оның жарамсыз  болуына әкелiп соқтырады. 

132-бап. Бағалы қағаз бойынша  құқықтар беру

1. Ұсынушыға бағалы қағазбен  куәландырылған құқықты басқа  адамға беру үшiн бағалы қағазды  сол адамға тапсыру жеткiлiктi.

2. Атаулы бағалы қағазбен куәландырылған  құқықтар талапты (цессияны) жеңiлдету  үшiн белгiленген тәртiп бойынша  берiледi. Бағалы қағаз бойынша құқық берушi адам осы Кодекстiң 347-бабына сәйкес бұл талапты орындау үшiн емес, тиiстi талаптың жарамсыздығы үшiн жауапты болады. Атаулы бағалы қағаз бойынша құқықтарды басқа адамға берген кезде берiлетiн қағаз жойылады, ал оның жаңа иесiне басқа бағалы қағаз берiледi.

2-1. Эмиссиялық бағалы қағаздар  бойынша құқықтар беру және  солар бойынша құқықтарды растау  ерекшелiгi Қазақстан Республикасының  заң актiлерiмен айқындалады. 

3. Ордерлiк бағалы қағаз бойынша  құқықтар бұл қағазға берiлгенiн  жазу - индоссамент арқылы берiледi. Ордерлiк бағалы қағаз бойынша құқық берушi адам (индоссант), жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, құқықтың болуы үшiн ғана емес, оның жүзеге асырылуы үшiн де жауапты болады.

Бағалы қағазда жасалған индоссамент  бағалы қағазбен куәландырылған барлық құқықтарды бағалы қағаз бойынша  құқықтар берiлетiн адамға - (индоссантқа) немесе соның бұйрығына ауыстырады. Индоссамент бланкiлiк болуы мүмкiн (орындауға тиiс адам көрсетiлмейдi).

Бағалы қағазбен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру, бұл құқықтарды индоссантқа  бермей-ақ (сену индоссаментi) индоссаментке  тапсырумен ғана шектелуi мүмкiн. Бұл  жағдайда индоссант өкiл ретiнде  әрекет жасайды.

Ескерту. 132-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен, 2003.05.16. N 416 Заңымен, 2003.06.03. N 426 Заңымен.

133-бап. Бағалы қағаз бойынша  орындау 

1. Бағалы қағазды берген адам  және оны индоссиялаған барлық  адамдар, жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, оның заңды иесiнiң алдында бiрге жауап бередi. Бағалы қағаздың заңды иесiнiң сондай қағазбен куәландырылған мiндеттемесiн бағалы қағаз бойынша мiндеттенгендердiң арасынан бiр немесе бiрнеше адамның орындауы туралы талабын қанағаттандырған ретте олар бағалы қағаз бойынша өздерiнен бұрын мiндеттенген өзге адамдарға керi талап қою (регресс) құқығына ие болады.

2. Мiндеттеменiң негiзi болмауын  не оның жарамсыздығын сылтауратып бағалы қағазбен куәландырылған мiндеттеменi орындаудан бас тартуға жол берiлмейдi.

3. Бағалы қағаздың жалғандығын  немесе жасандылығын байқаған  бағалы қағаз иесi өзiне қағазды  берген адамға, бағалы қағазбен  куәландырылған мiндеттеменi лайықты орындау туралы және залалдардың орнын толтыру туралы талап қоюға құқылы.

4. Заңсыз иеленушiнiң қолындағы  бағалы қағаз бойынша құқықтар  жүзеге асырылмауға тиiс. 

Ескерту. 133-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 426 Заңымен.

134-бап. Бағалы қағазды қалпына  келтiру 

Жоғалған бағалы қағаз бойынша  және ордерлiк бағалы қағаз бойынша  ұсынушы құқығын қалпына келтiрудi iс жүргiзу заңдарында көзделген  тәртiппен сот жүргiзедi.

135-бап. 

Ескерту. 135-бап алып тасталды - Қазақстан  Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен.

136-бап. Облигация 

1. Облигация - шығару кезiнде  айналыс мерзiмi алдын ала белгiленген, оны шығару шарттарына сәйкес  облигацияны шығарған тұлғадан  ол бойынша сыйақы алу және  оның айналыс мерзiмiнiң аяқталуы  бойынша облигацияның ақшалай немесе өзге де мүлiктiк балама түрдегi нақты құнын алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз.

2. Облигациялар тек атаулы эмиссиялық  бағалы қағаздар ретiнде шығарылады.

3. Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, коммерциялық ұйымдар облигациялар шығаруға құқылы.

4. Облигациялардың түрлерi және  оларды шығару тәртiбi Қазақстан  Республикасының заңдарымен белгiленедi.

Ескерту. 136-бап жаңа редакцияда - 1998.07.10. N 282 Заңымен, 2003.05.16. N 416, өзгерту енгiзiлдi - 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

137-бап. 

138-бап. 

Ескерту. 137, 138-баптар алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен.

139-бап. Акция 

1. Акция - акционерлiк қоғам шығаратын және акционерлiк қоғамды басқаруға қатысуға, ол бойынша дивиденд және акционерлiк қоғам таратылған жағдайда оның мүлкiнiң бiр бөлiгiн алуға құқықтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз.

2. Акциялар тек атаулы эмиссиялық  бағалы қағаздар ретiнде шығарылады.

3. Акциялардың түрлерi Қазақстан  Республикасының заң актiлерiмен  белгiленедi.

Акцияларды шығару тәртiбi Қазақстан  Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарымен белгiленедi.

4. Акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық  нысанында құрылған коммерциялық  емес ұйымдар өз акциялары  бойынша дивидендтер төлеудi жүзеге  асырмайды. 

5. Қазақстан Республикасының заң  актiлерiнде өзiнiң әрекетiмен немесе  әрекетсiздiгiмен акционерлiк қоғамның  мүддесiн бұзған акционерден акцияларды  сот шешiмi бойынша сатып алу  мүмкiндiгi көзделуi мүмкiн. 

Банктерде және банк операцияларының  жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген тәртiппен есептелетiн меншiктi капиталдың тepic мөлшерi болған жағдайда, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алудың мүмкiндiгi мен негiздемесi көзделуi мүмкiн.

Ескерту. 139-бап жаңа редакцияда - 2003.05.16. N 416 Заңымен, 139-бапқа өзгерту енгiзiлдi - 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

140-бап. 

Ескерту. 140-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен.

Параграф 3. Мүлiктiк емес өзiндiк  құқықтар

141-бап. Мүлiктiк емес өзiндiк  құқықтарды қорғау 

1. Мүлiктiк емес өзiндiк құқықтары  бұзылған адамның, осы Кодекстiң  9-бабында көзделген шаралардан  басқа, осы Кодекстiң ережелерi бойынша моральдық зардаптарын өтетуге құқығы бар.

2. Мүлiктiк емес өзiндiк құқықтардың  қорғалуын азаматтық iс жүргiзу  заңдарында көзделген тәртiп бойынша  сот жүзеге асырады. 

3. Егер осы Кодексте өзгеше  көзделмесе құқық бұзған адамның  кiнәсiне қарамастан, мүлiктiк емес өзiндiк құқықтар қорғалуға тиiс. Қорғау туралы талап қойған адам өзiнiң мүлiктiк емес өзiндiк құқығының бұзылуын нақты дәлелдеуге тиiс.

4. Мүлiктiк емес өзiндiк құқығы  бұзылған адам өз таңдауы бойынша  оны бұзушыдан бұзылу зардаптарын жоюды немесе бұзушының есебiнен өз бетiнше қажеттi әрекеттер жасауды не олардың орындалуын үшiншi жаққа тапсыруды талап етуi мүмкiн.

Ескерту. 141-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.

142-бап. Мүлiктiк құқықтармен байланысты мүлiктiк

емес өзiндiк құқықтар

Мүлiктiк емес өзiндiк және мүлiктiк  құқықтар бiр мезгiлде бұзылған жағдайда мүлiктiк емес өзiндiк құқықтардың  бұзылғандығы үшiн жәбiрленушiге тиесiлi өтем ескерiле отырып, мүлiктiк зиянның  орнын толтыру мөлшерi ұлғаяды.

143-бап. Ар-намысты, қадiр-қасиеттi  және iскерлiк 

беделдi қорғау

1. Азамат немесе заңды тұлға  өзiнiң ар-намысына, қадiр-қасиетiне  немесе iскерлiк беделiне кiр келтiретiн  мағлұматтарды, егер ондай мағлұматтарды  таратушы адам олардың шындыққа сай екендiгiн дәлелдей алмаса, сот арқылы терiске шығаруды талап етуге құқылы.

2. Егер азаматтың немесе заңды  тұлғаның ар-намысына, қадiр-қасиетiне  немесе iскерлiк беделiне кiр келтiретiн  мағлұматтар бұқаралық ақпарат  құралдары арқылы таратылған  болса, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында тегiн терiске шығарылуға тиiс.

Информация о работе Мажеритарлық сайлау жүйесі