Мажеритарлық сайлау жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2012 в 16:20, контрольная работа

Краткое описание

1 бөлiм. Жалпы ережелер
1-тарау. Азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеу
1-бап. Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастар
1. Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдiгiне негiзделген өзге де мүлiктiк қатынастар, сондай-ақ мүлiктiк қатынастарға байланысты мүлiктiк емес жеке қатынастар реттеледi. Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер болып табылады.
2. Мүлiктiк қатынастарға байланысы жоқ мүлiктiк емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледi, өйткенi олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүлiктiк емес жеке қатынастар мәнiнен туындамайды.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған белгiлерге сай келетiн отбасылық, еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөнiндегi қатынастарға азаматтық заңдар бұл қатынастар тиiсiнше отбасылық, еңбек заңдарымен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда қолданылады.

Содержание

1. Момер Ф. Конституционная защита прав и свобод личности. М. Прогресс-Универс., 1993 г.

2. Конституционное право зарубежных стран: Учебное пособие. М., 1997.
3. Иностранное конституционное право. (конституции зарубежных государств). / Под ред. В.В.Маклакова. М., 1996.
4. Конституционное право России. Сборник методических материалов. М., 1999.
5. Ө.Қ.Қопабаев. Шет елдердің конституциялық құқығы. Алматы: «Жеті жарғы», 1998.
6. А.Абельдинов, О.К.Копабаев. Конституционное право зарубежных стран. Алматы: «Жеті жарғы», 1997.
7. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. Том 1. / Под ред. Б.А.Страшуна. М., 1993.
8. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. Том 2. /Под ред. Б.А.Страшуна. М., 1995.
9. Арановский К.В. Государственное право зарубежных стран. М., 1998.
10. Мишин А.А. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. М., 1998.
11. Чиркин В.Е. Конституционное право зарубежных стран. М., 1997.

Прикрепленные файлы: 1 файл

мико.doc

— 969.50 Кб (Скачать документ)

Ескерту. 82-бап жаңа редакцияда - Қазақстан  Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.

83-бап. Қатысушының жауапкершiлiгi шектеулi

серiктестiктегi үлесiнен ақы өндiрiп  алу 

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке  қатысушының өз борыштарын өтеу үшiн  мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда несие  берушiлер борышқор-қатысушының  үлесiн белгiленген тәртiп бойынша бөлiп берудi талап етуi мүмкiн.

Ескерту. 83-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.

5. Қосымша жауапкершiлiгi бар  серiктестiк 

84-бап. Қосымша жауапкершiлiгi  бар серiктестiк 

туралы негiзгi ережелер

1. Қатысушылары серiктестiк мiндеттемелерi бойынша өздерiнiң жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретiн, ал бұл сомалар жеткiлiксiз болған жағдайда өздерiне тиесiлi мүлiкпен оған өздерi еселенген мөлшерде енгiзген салымдар арқылы жауап беретiн серiктестiк қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк деп танылады.

2. Қатысушылар жауапкершiлiгiнiң  шектi мөлшерi жарғыда көзделедi.

Қатысушылардың бiрi банкрот болған жағдайда оның серiктестiк мiндеттемелерi жөнiндегi жауапкершiлiгi, егер құрылтай құжаттарында жауапкершiлiктi бөлудiң өзгеше тәртiбi көзделмесе, қалған қатысушылар арасында олардың салымдарына қарай бөлiнедi.

3. Қосымша жауапкершiлiгi бар  серiктестiкке, осы бапта өзгеше  көзделмегендiктен, осы Кодекстiң  жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк  туралы ережелерi қолданылады.

Ескерту. 84-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154, 1998.04.22. N 221 Заңдарымен.

3. Акционерлiк қоғам 

85-бап. Акционерлiк қоғам ұғымы 

1. Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру  үшiн қаражат тарту мақсатында  акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам болып танылады. Акционерлiк қоғамның акционерлерi осы заң актiлерiнде көзделгеннен басқа жағдайларда оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және өзiне тиесiлi акциялар құнының шегiнде қоғамның қызметiне байланысты шығындар тәуекелiн көтередi.

2. Акционерлiк қоғамның өз қатысушыларының  мүлкiнен оқшауланған мүлкi болады, өз мiндеттемелерi бойынша өз  мүлкi шегiнде жауапты болады және  өз қатысушыларының мiндеттемелерi  бойынша жауап бермейдi.

Корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорларының акционерлерi аталған қорлардың мiндеттемелерi бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгiленген тәртiп пен жағдайларда ортақтасып жауап бередi.

3. Қоғамның барлық акцияларын  бiр акционер сатып алған жағдайда  акционерлiк қоғам бiр адамнан құрылуы немесе бiр адамнан тұруы мүмкiн, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе.

4. Акционерлiк қоғамның құқықтық  ережелерi, акционерлердiң құқықтары  мен мiндеттерi осы Кодекске, заң  құжаттарына сәйкес белгiленедi. Мемлекеттiк кәсiпорындарды жекешелендiру жолымен құрылған немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың құқықтық жағдайының ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен айқындалады.

5. Заңдарда көзделген жағдайларда,  акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкiн.

Ескерту. 85-баптың 2-тармағы 3 абзацпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N 134-I, өзгерту енгiзiлдi - 1997.07.11. N 154, 1998.03.02. N 211, 2003.10.13. N 486 Заңдарымен.

86-бап. 

Ескерту. 86-бап алып тасталды - Қазақстан  Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен.

87-бап. Акционерлiк қоғамның құрылтай  құжаттары 

1. Құрылтай шарты (жалғыз құрылтайшының  шешiмi) мен жарғы акционерлiк қоғамның  құрылтай құжаттары болып табылады.

Акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттарында осы Кодекспен және Қазақстан  Республикасының өзге де заң актiлерiмен  айқындалған мәлiметтер болуға тиiс.

Акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттары  нотариаттық куәландырылуға жатады.

2. Құрылтай шартының күшi (жалғыз құрылтайшының шешiмi) жарияланған акциялар шығарылымы мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап тоқтатылады.

3. Акционерлiк қоғамның жарғысын  бекiту тәртiбi Қазақстан Республикасының  заң актiлерiмен белгiленедi.

Ескерту. 87-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154, өзгерту енгiзiлдi - 1998.03.02. N 211, 1998.07.10. N 282, 2003.05.16. N 416 Заңдарымен.

88-бап. Акционерлiк қоғамның жарғылық  капиталы 

Акционерлiк қоғамның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi және оны қалыптастыру тәртiбi, сондай-ақ оны ұлғайту тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен айқындалады.

Ескерту. 88-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154, 1998.07.10. N 282, 2003.05.16. N 416, 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

89-бап. 

90-бап. 

Ескерту. 89, 90-баптар алып тасталды - Қазақстан  Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен.

91-бап. Бағалы қағаздарды шығару  және орналастыру 

1. Акционерлiк қоғам шығаратын бағалы қағаздардың түрлерi заң актiлерiнде белгiленедi.

Акционерлiк қоғамның тек атаулы акциялар шығаруға құқығы бар.

2. Жарияланған акциялар шығарылымын  мемлекеттiк тiркеу және оларды  орналастыру Қазақстан Республикасының  заң актiлерiне сәйкес айқындалады.

3. Акционерлiк қоғам мүлiк кепiлiмен  қамтамасыз етiлген, үшiншi тұлғалардың  кепiлдiктерiмен қамтамасыз етiлген, бөлiнген активтермен қамтамасыз  етiлген облигациялар, қамтамасыз  етiлмеген облигациялар шығаруға  құқылы. Акционерлiк қоғам купондық және дисконттық облигациялар шығаруға құқылы. Облигациялар шығарудың шарттары мен тәртiбi бағалы қағаздар рыногы туралы заңдармен белгiленедi.

4. Бағалы қағаздар бойынша табысты  төлеудiң нысаны, тәсiлi және тәртiбi  акционерлiк қоғамның жарғысымен немесе бағалы қағаздар шығарылымы проспектiсiмен заң актiлерiнде көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып белгiленедi.

5. Акционерлiк қоғам қоғамның  мынадай акциялары бойынша: 

1) өз капиталының терiс мөлшерi кезiнде немесе, егер қоғамның  өз капиталының мөлшерi дивидендтердi оның акциялары бойынша төлеу нәтижесiнде терiс болса;

2) егер ол Қазақстан Республикасының  банкроттық туралы заңдарына  сәйкес төлем қабiлетсiздiгi немесе  дәрменсiздiк белгiлерiне сәйкес  келсе не аталған белгiлер қоғамда  дивидендтердi оның акциялары бойынша төлеу нәтижесiнде пайда болса дивидендтер төлеуге құқылы емес.

Қазақстан Республикасының заң  актiлерiмен акционерлiк қоғамдарға акциялар бойынша дивидендтер төлеуге  тыйым салатын өзге де негiздер көзделуi мүмкiн.

6. Акционерлiк қоғам заңдарда белгiленген тәртiппен туынды бағалы қағаздар, опциондар мен айырбасталатын бағалы қағаздар шығаруға құқылы.

Ескерту. 91-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154, 1998.03.02. N 211, 1998.07.10. N 282, 2003.05.16. N 416, 2006.02.20. N 127 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

92-бап. Акционерлiк қоғамды басқару 

1. Акционерлiк қоғамның жоғары  органы оның акционерлерiнiң жалпы  жиналысы болып табылады.

2. Акционерлердiң жалпы жиналысының  айрықша құзыретi заң актiлерiмен белгiленедi.

3. Акционерлердiң жалпы жиналысының  айрықша құзыретiне жатқызылған  мәселелердi шешудi акционерлiк қоғамның  өзге органдарына беруге болмайды.

4. Акционерлiк қоғамда директорлар  кеңесi құрылады, осы Кодексте, заң актiлерiнде және акционерлiк қоғамның жарғысында акционерлердiң жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелердi шешудi қоспағанда, ол қоғамның қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Осы Кодексте, заң актiлерiнде және акционерлiк қоғамның жарғысында директорлар кеңесiнiң айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелердi акционерлiк қоғамның атқарушы органының шешуiне беруге болмайды.

Қазақстан Республикасының заң  актiлерiмен белгiленген жағдайларда, бiр акционерi бар акционерлiк  қоғамда қоғамның жарғысымен директорлар кеңесiн құрмай-ақ акционерлiк қоғамды басқару мүмкiндiгi көзделуi мүмкiн.

5. Акционерлiк қоғамның атқарушы  органы алқалық (басқарма) немесе  жеке дара (директор, бас директор, президент) болуы мүмкiн. Ол  акционерлiк қоғам қызметiне күнделiктi басшылықты жүзеге асырады және директорлар кеңесi мен акционерлердiң жалпы жиналысына есеп бередi.

Қоғам басқа да органдарының заңдармен  немесе құрылтай құжаттарымен белгiленген ерекше құзыретiне кiрмейтiн барлық мәселелердi шешу акционерлiк қоғамның атқарушы органының құзыретiне жатады.

6. Акционерлердiң жалпы жиналысының  акционерлiк қоғамның жылдық қаржы  есебiн тексеру комиссиясының  (тексерушiнiң) қорытындысынсыз бекiтуге  құқығы жоқ. 

Акционерлiк қоғамда заң актiлерiне сәйкес өзге де органдар құрылуы мүмкiн.

7. Акционерлiк қоғам органдарының  құзыретi, сондай-ақ олардың шешiм  қабылдау және қоғам атынан  әрекет жасау тәртiбi осы Кодекске, заңдарға және құрылтай құжаттарына  сәйкес белгiленедi.

8.

Ескерту. 92-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154, 1998.03.02. N 211, 1998.07.10. N 282, 2003.05.16. N 416 Заңдарымен.

93-бап. Акционерлiк қоғамды қайта  құру және тарату 

1. Акционерлiк қоғам акционерлер  жиналысының шешiмi бойынша қайта  құрылуы немесе таратылуы мүмкiн.  Акционерлiк қоғамды қайта құрудың және таратудың өзге негiздерi мен тәртiбi осы Кодекспен және өзге де заң құжаттарымен белгiленедi.

2. Акционерлiк қоғам шаруашылық  серiктестiгi немесе өндiрiстiк  кооператив болып қайта құрылуға  құқылы.

Ескерту. 93-баптың 2-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1996.07.15. N 30 Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - 2003.05.16. N 416 Заңымен.

IV. Еншiлес және тәуелдi акционерлiк  қоғам 

94-бап. Еншiлес ұйым 

1. Жарғылық капиталының басым  бөлiгiн басқа заңды тұлға қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзгедей түрде) негiзгi ұйым осы ұйымның қабылдайтын шешiмдерiн айқындай алатын заңды тұлға еншiлес ұйым болып табылады.

2. Еншiлес ұйым өзiнiң негiзгi ұйымының  борыштары бойынша жауап бермейдi.

Еншiлес ұйыммен жасасқан шарт бойынша (не өзгедей түрде) оған мiндеттi нұсқаулар беруге құқылы негiзгi ұйым онымен осындай нұсқауларды орындау үшiн жасалған мәмiлелер бойынша еншiлес ұйыммен бiрге субсидиарлық жауапты болады.

Негiзгi ұйымның кiнәсiнен еншiлес  ұйым банкрот болған жағдайда негiзгi ұйым оның борыштары бойынша субсидиарлық жауапты болады.

3. Егер заң актiлерiнде өзгеше  белгiленбесе, еншiлес ұйымның  қатысушылары негiзгi ұйымнан оның  кiнәсiнен еншiлес ұйымға келтiрiлген  зиянды өтеудi талап етуге құқылы.

4. Еншiлес ұйымдар ережелерiнiң  осы бапта көзделмеген ерекшелiктерi заң актiлерiмен айқындалады. 

Ескерту. 94-бап жаңа редакцияда - Қазақстан  Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен, өзгерту  енгiзiлдi - 2003.05.16. N 416 Заңымен.

95-бап. Тәуелдi акционерлiк қоғам

1. Егер акционерлiк қоғамның  дауыс берушi акцияларының жиырма  проценттен астамы, басқа (қатысушы, басымырақ) заңды тұлғанiкi болса,  ол тәуелдi қоғам деп танылады.

2. Басымырақ (қатысушы) заңды тұлға  тәуелдi акционерлiк қоғам акцияларының тиiстi бөлiгiн сатып алғаны туралы мәлiметтi заң құжаттарында көзделген тәртiп бойынша дереу жариялауға мiндеттi.

3. Егер заң актiлерiнде өзгеше  көзделмесе, акционерлiк қоғамдардың  бiр-бiрiнiң жарғылық капиталдарында  өзара қатысуы әрбiр жарғылық  капиталдың жиырма бес процентiнен аспауға тиiс. Бiр-бiрiнiң жарғылық капиталына өзара қатысатын акционерлiк қоғамдар басқа қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысында жиырма бес проценттен артық дауысты пайдалана алмайды.

4. Бiр-бiрiнiң жарғылық капиталына  тәуелдi және өзара қатысатын акционерлiк қоғамдардың осы бапта көзделмеген жағдайының ерекшелiктерi заң актiлерiмен айқындалады.

Ескерту. 95-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154, 1998.07.10. N 282, 2003.05.16. N 416 Заңдарымен.

V. Өндiрiстiк кооператив

96-бап. Өндiрiстiк кооператив туралы 

жалпы ережелер

1. Азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк  қызмет үшiн мүшелiк негiзде  олардың өз еңбегiмен қатысуына  және өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң  мүлiктiк жарналарын бiрiктiруiне  негiзделген ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив деп танылады.

2. Кооператив мүшелерi екеуден  кем болмауға тиiс. 

3. Өндiрiстiк кооперативтiң мүшелерi  кооператив мiндеттемелерi бойынша  Өндiрiстiк кооператив туралы заңда  көзделген мөлшер мен тәртiп  бойынша қосымша (жәрдем беру) жауапты болады.

4. Өндiрiстiк кооперативтiң және  оның мүшелерiнiң құқықтық жағдайы  осы Кодекске, заң құжаттарына  сәйкес белгiленедi.

Ескерту. 96-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.

97-бап. Өндiрiстiк кооперативтiң жарғысы

Өндiрiстiк кооперативтiң жарғысында осы Кодекстiң 41-бабының 5-тармағында көрсетiлген мәлiметтерден басқа  кооператив мүшелерi жарнасының мөлшерi туралы; кооператив мүшелерiнiң құрамы мен жарна қосу тәртiбi және олардың  жарналарды енгiзу жөнiндегi мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы; кооператив қызметiне оның мүшелерiнiң еңбекпен қатысу сипаты мен тәртiбi және олардың жеке еңбекпен қатысуы жөнiндегi мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы; кооперативтiң таза табысын бөлу тәртiбi туралы; кооперативтi басқару органдарының құрамы мен құзыретi және олардың шешiмдер қабылдау, соның iшiнде шешiмi бiрауыздан немесе бiлiктi көпшiлiк дауыспен қабылданатын мәселелер жөнiндегi шешiмдер қабылдау тәртiбi туралы ережелер болуға тиiс.

Ескерту. 97-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154, 1998.03.02. N 211 Заңдарымен.

98-бап. Өндiрiстiк кооперативтiң  мүлкi

1. Өндiрiстiк кооперативтiң меншiгiндегi мүлiк, егер кооперативтiң жарғысында  өзгеше көзделмесе, оның мүшелерiнiң пайларына олардың жарналарына барабар бөлiнедi.

2. Кооператив таза табысы оның  мүшелерi арасында, егер кооператив  жарғысында өзгеше тәртiп көзделмесе, олардың еңбекке қатысуына сәйкес  бөлiнедi.

3. Өндiрiстiк кооператив таратылған немесе кооператив мүшесi одан шыққан жағдайда кооператив мүшесiнiң өз пайын бөлiп алуға құқығы бар.

Ескерту. 98-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154, 1998.03.02. N 211 Заңдарымен.

99-бап. Өндiрiстiк кооперативтi  басқару

Информация о работе Мажеритарлық сайлау жүйесі