Мажеритарлық сайлау жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2012 в 16:20, контрольная работа

Краткое описание

1 бөлiм. Жалпы ережелер
1-тарау. Азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеу
1-бап. Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастар
1. Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдiгiне негiзделген өзге де мүлiктiк қатынастар, сондай-ақ мүлiктiк қатынастарға байланысты мүлiктiк емес жеке қатынастар реттеледi. Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер болып табылады.
2. Мүлiктiк қатынастарға байланысы жоқ мүлiктiк емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледi, өйткенi олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүлiктiк емес жеке қатынастар мәнiнен туындамайды.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған белгiлерге сай келетiн отбасылық, еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөнiндегi қатынастарға азаматтық заңдар бұл қатынастар тиiсiнше отбасылық, еңбек заңдарымен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда қолданылады.

Содержание

1. Момер Ф. Конституционная защита прав и свобод личности. М. Прогресс-Универс., 1993 г.

2. Конституционное право зарубежных стран: Учебное пособие. М., 1997.
3. Иностранное конституционное право. (конституции зарубежных государств). / Под ред. В.В.Маклакова. М., 1996.
4. Конституционное право России. Сборник методических материалов. М., 1999.
5. Ө.Қ.Қопабаев. Шет елдердің конституциялық құқығы. Алматы: «Жеті жарғы», 1998.
6. А.Абельдинов, О.К.Копабаев. Конституционное право зарубежных стран. Алматы: «Жеті жарғы», 1997.
7. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. Том 1. / Под ред. Б.А.Страшуна. М., 1993.
8. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. Том 2. /Под ред. Б.А.Страшуна. М., 1995.
9. Арановский К.В. Государственное право зарубежных стран. М., 1998.
10. Мишин А.А. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. М., 1998.
11. Чиркин В.Е. Конституционное право зарубежных стран. М., 1997.

Прикрепленные файлы: 1 файл

мико.doc

— 969.50 Кб (Скачать документ)

4. Мүлкiне өз құрылтайшылары (қатысушылары) мүлiктiк құқықтарын сақтамайтын  заңды тұлғаларға қоғамдық бiрлестiктер, қоғамдық қорлар және дiни бiрлестiктер  жатады.

Ескерту. 36-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен.

37-бап. Заңды тұлғаның органдары 

1. Заңды тұлға заң құжаттары  мен құрылтай құжаттарына сәйкес  жұмыс iстейтiн өз органдары  арқылы ғана азаматтық құқықтарға  ие болып, өзiне мiндеттер қабылдайды.

2. Заңды тұлға органдарының түрлерi, тағайындалу немесе сайлану тәртiбi  және олардың өкiлеттiгi заңдар  мен құрылтай құжаттарында белгiленедi.

Ескерту. 37-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.

38-бап. Заңды тұлғаның атауы

1. Заңды тұлғаның оны басқа  заңды тұлғалардан айыруға мүмкiндiк  беретiн өз атауы болады.

Заңды тұлғаның атауы оның қалай  аталатынын және ұйымдық-құқықтық нысанын  көрсетудi қамтиды. Ол заңдарда көзделген  қосымша мағлұматты қамтуы мүмкiн.

Заңды тұлғаның атауы оның құрылтай құжаттарында көрсетiледi.

Заңды тұлғаның атауында заң талаптарына  немесе қоғамдық мораль қалыптарына  қайшы келетiн аттарды, егер жеке адамдардың есiмдерi қатысушылардың есiмдерiне сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардың есiмiн пайдалануға олардан (олардың мұрагерлерiнен) рұқсат алмаса, олардың есiмдерiн пайдалануға жол берiлмейдi.

2. Коммерциялық ұйым болып табылатын  заңды тұлғаның атауы заңды  тұлға тiркелгеннен кейiн оның  фирмалық атауы болып табылады. Заңды тұлға белгiлi бiр фирмалық атауымен заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi.

Заңды тұлғаның фирмалық атауды тек  қана өзi пайдалануға құқығы бар. Бөтен  бiр фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға фирмалық атаудың құқық  иесiнiң талап етуi бойынша мұндай атауды пайдалануды тоқтатуға және келтiрiлген залалдың орнын толтыруға мiндеттi.

Заңды тұлғаның фирмалық атауды пайдалануға  байланысты құқықтары мен мiндеттерi заңдарда белгiленедi.

3. (3-тармақ алынып тасталды - 2001.12.24. N 276 Заңымен)

4. Мемлекеттiк органдар болып  табылмайтын заңды тұлғалардың  фирмалық атауларында, қызмет  көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында, Қазақстан Республикасының заң  актiлерiнде, Президентi мен Үкiметi  актiлерiнде белгiленген Қазақстан  Республикасы мемлекеттiк органдарының ресми атауларына сiлтемелердi пайдалануға тыйым салынады.

Ескерту. 38-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.07.15. N 30 Заңымен, 1998.03.02. N 211, 1999.07.16. N 440, 2001.12.24. N 276 Заңдарымен.

39-бап. Заңды тұлғаның тұрған жерi

1. Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс  iстейтiн органы тұрған жер  оның тұрған жерi болып танылады.

2. Заңды тұлғаның тұрған жерi  оның құрылтай құжаттарында почталық  толық мекен-жайы жазылып, көрсетiледi.

3. Үшiншi тұлғалармен қарым-қатынаста заңды тұлға өзiнiң нақты мекен-жайының бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген мекен-жайға сәйкес келмейтiнiне сiлтеме жасауға құқығы жоқ. Бұл орайда үшiншi тұлғалар заңды тұлғаға мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген мекен-жайына да, нақты мекен-жайына да почталық және өзге де хат-хабарлар жiберуге құқылы.

Ескерту. 39-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан  Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.

40-бап.  Заңды тұлғаның құрылтайшылары 

1. Заңды тұлғаны бiр немесе бiрнеше  құрылтайшы құруы мүмкiн. 

2. Мүлiктi меншiктенушiлер не олар уәкiлдiк берген органдар немесе жақтар, ал заң құжаттарында арнайы көзделген реттерде өзге де заңды тұлғалар заңды тұлғаның құрылтайшылары бола алады. Бұл орайда, мүлiктi шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығымен иеленетiн заңды тұлғалар меншiк иесiнiң немесе ол уәкiлдiк берген органның келiсiмiмен басқа заңды тұлғалардың құрылтайшылары бола алады.

3. Заңды тұлғаның құрылтайшылары, Қазақстан Республикасының заң  актiлерiнде көзделген жағдайларды  қоспағанда, осы заңды тұлғаның құрылтайшылары болып табылмайтын оның басқа қатысушыларынан қандай да бiр артықшылықтарға ие бола алмайды.

Ескерту. 3-тармақпен толықтырылды - Қазақстан  Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен.

41-бап.  Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары 

1. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, заңды тұлға өз қызметiн жарғысы және құрылтай шарты негiзiнде, немесе eгep заңды тұлғаны бiр тұлға құрған болса, жарғысы және заңды тұлға құру туралы жазбаша түрде ресiмделген шешiмi (жалғыз құрылтайшының шешiмi) негiзiнде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда, коммерциялық ұйым болып табылмайтын заңды тұлға ұйымдардың осы түрi жөнiндегi жалпы ережелер негiзiнде iс-әрекет жасай алады.

Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлға өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметi мазмұнын белгiлейтiн үлгi жарғының негiзiнде жүзеге асыра алады.

2. Заңды тұлғаның құрылтай шарты  жасалады, ал жарғысын құрылтайшылары  бекiтедi. Егер коммерциялық ұйымның құрылтайшысы бiр адам болса, құрылтай шарты жасалмайды.

3. Коммерциялық емес ұйым мен  мемлекеттiк кәсiпорынның құрылтай  құжаттарында заңды тұлға қызметiнiң  мәнi мен мақсаты белгiленуге  тиiс. 

Шаруашылық  серiктестiгi, акционерлiк қоғамы мен  өндiрiстiк кооперативтiң құрылтай құжаттарында олардың қызметiнiң мәнi мен мақсаттары көзделуi мүмкiн.

4. Құрылтай шартында тараптар (құрылтайшылар)  заңды тұлға құруға мiндеттенедi, оны құру жөнiндегi бiрлескен қызмет  тәртiбiн, оның меншiгiне (шаруашылық  жүргiзуiне оралымды басқаруына) өз мүлкiн беру және оның қызметiне қатысу ережелерiн белгiлейдi. Егер осы Кодексте немесе заңды тұлғалардың жекелеген түрлерi туралы заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шартта құрылтайшылар арасында таза табысты бөлудiң, заңды тұлға қызметiн басқарудың, оның құрамынан құрылтайшылардың шығуының шарттары мен тәртiбi де белгiленедi және оның жарғысы бекiтiледi.

Құрылтай  шартына құрылтайшылардың келiсуi бойынша  басқа да ережелер енгiзiлуi мүмкiн.

4-1. Жалғыз құрылтайшының шешiмi заңды тұлғаны тiркеу жөнiндегi iс-әрекеттi жүзеге асыратын тұлғаны тағайындау, мүлiктердi меншiкке беру (шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару) шарттары туралы шешiмдi және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де шешiмдердi қамтуға тиiс.

Жалғыз құрылтайшының - заңды тұлғаның шешiмiн Қазақстан Республикасының  заңдарына және осы заңды тұлғаның жарғысына сәйкес оның осындай шешiм  қабылдауға құқығы бар органдары, лауазымды  адамдары немесе қызметкерлерi қабылдайды.

5. Заңды тұлғаның жарғысында: онда оның атауы, тұрғылықты орны, оның органдарын құру тәртiбi және олардың құзыретi, оның қызметiн қайта құру мен тоқтату ережелерi белгiленедi.

Егер заңды тұлғаны бiр адам құрса, онда оның жарғысында мүлiктi құру және кiрiстердi бөлу тәртiбi де белгiленедi.

Жарғыда заңдарға қайшы келмейтiн  басқа да ережелер болуы мүмкiн.

6. Бiр заңды тұлғаның құрылтай  шарты мен жарғысы арасында  қайшылықтар болған жағдайда:

1) егер олар құрылтайшылардың iшкi қатынастарына қатысты болса,  құрылтай шартының 

2) егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшiншi тұлғалармен қатынастарында маңызы болса, жарғының ережелерi қолдануға тиiс.

7. Барлық мүдделi адамдар заңды  тұлғаның жарғысымен танысуға  құқылы.

Ескерту. 41-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.07.15. N 30 Заңымен, 1997.06.19. N 132, 1997.07.11. N 154, 1998.03.02. N 211, 1998.04.22. N 221, 1998.07.10. N 282, 2003.05.16. N 416 Заңдарымен.

42-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк  тiркеу және 

қайта тiркеу

1. Қазақстан Республикасының заңнамалық  актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өтуге тиiс. Мемлекеттiк тiркеу тәртiбi заңдарда белгiленедi.

2. Мемлекеттiк тiркеу деректерi, соның iшiнде коммерциялық ұйымдар  үшiн фирмалық атауы заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк регистрiне енгiзiледi.

3. Заңды тұлға мемлекеттiк тiркеуден  өткен кезден бастап құрылды  деп саналады.

4. Филиалдар мен өкiлдiктер заң  құжаттарында белгiленген тәртiппен  тiркеледi.

Филиалдар мен өкiлдiктер атаулары өзгерген жағдайда қайта тiркелуге жатады.

5. Заңды тұлға құрудың заңда  белгiленген тәртiбiн бұзу немесе  оның құрылтай құжаттарының заңға  сәйкес келмеуi заңды тұлғаның  мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға  әкелiп соқтырады. Заңды тұлға  құрудың тиiмсiздiгiн желеу етiп  тiркеуден бас тартуға жол берiлмейдi.

Мемлекеттiк тiркеуден бас тартқаны, сондай-ақ мұндай тiркеуден жалтарғаны үшiн сотқа шағым берiлуi мүмкiн.

6. Заңды тұлға мынадай жағдайларда: 

1) жарғылық капиталының мөлшерi азайтылған;

2) атауы өзгергенде;

3) шаруашылық серiктестiктерiндегi қатысушылардың құрамы өзгергенде (шаруашылық серiктестiгi қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiктерiн қоспағанда) қайта тiркелуге тиiс.

Аталған негiздер бойынша құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер заңды  тұлға қайта тiркелмейiнше жарамсыз болып табылады.

Құрылтай құжаттарына басқа  өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген ретте заңды тұлға бұл туралы тiркеушi органды бiр айлық мерзiмде хабардар етедi.

Ескерту. 42-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.07.15. N 30-I, 1997.07.11. N 154, 1998.03.02. N 211, 1998.07.10. N 282, 2003.05.16. N 416, 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.06.05. N 146 Заңдарымен.

43-бап. Филиалдар мен өкiлдiктер 

1. Заңды тұлғаның тұрған жерiнен  тыс орналасқан және оның мiндеттерiнiң  бәрiн немесе бiр бөлiгiн, соның  iшiнде өкiлдiк мiндетiн жүзеге асырушы оқшау бөлiмшесi филиал болып табылады.

2. Заңды тұлғаның тұрған жерiнен  тыс орналасқан және оның мүдделерiн  қорғау мен өкiлдiгiн жүзеге  асыратын, Қазақстан Республикасының  заңнамалық актiлерiнде көзделген  жағдайларды қоспағанда, оның атынан мәмiлелер мен өзге құқықтық әрекеттер жасайтын оқшау бөлiмшесi өкiлдiк болып табылады.

3. Филиалдар мен өкiлдiктер заңды  тұлға болмайды. Бұларға өздерiн  құрған заңды тұлға мүлкi берiледi  және оның бекiткен ережелерi негiзiнде  жұмыс iстейдi.

4. Қоғамдық бiрлестiктердiң құрылымдық  бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен  өкiлдiктерiнiң) басшылары қоғамдық  бiрлестiктiң жарғысында және оның  филиалдары немесе өкiлдiктерi туралы  ережеде көзделген тәртiппен сайланады. 

Дiни бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) басшылары дiни бiрлестiктердiң жарғысында және оның филиалы немесе өкiлдiгi туралы ережеде көзделген тәртiппен сайланады не тағайындалады.

Өзгеше нысандағы заңды тұлғалардың  филиалдарды мен өкiлдiктерiнiң  басшыларын заңды тұлға уәкiлдiк берген орган тағайындайды және оның сенiмхаты негiзiнде жұмыс iстейдi.

Ескерту. 43-баптың 4-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1996.07.15. N 30-I, 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

44-бап. Заңды тұлғаның жауапкершiлiгi 

1. Арнайы қаржы компанияларынан,  құрылтайшы қаржыландыратын мекемелерден, мемлекеттiк мекемелерден және  қазыналық кәсiпорындардан басқа  заңды тұлғалар өз мiндеттемелерi  бойынша өздерiне тиесiлi барлық мүлiкпен жауап бередi.

Мекеме мiндеттемелер бойынша  өз билiгiндегi ақшамен жауап бередi. Олар жеткiлiксiз болған жағдайда мекеменiң  мiндеттемелерi бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады.

Мемлекеттiк мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өз билiгiндегi ақшамен жауап бередi.

Мемлекеттiк мекеме ақша жеткiлiксiз  болған жағдайда оның мiндеттемелерi бойынша  Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы орган  жауапты болады.

Қазыналық кәсiпорын өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өз билiгiндегi ақшамен жауап бередi.

Қазыналық кәсiпорында ақша жеткiлiксiз  болған жағдайда оның мiндеттемелерi бойынша  Қазақстан Республикасы Үкiметi немесе тиiстi әкiмшiлiк аумақтық бiрлiк субсидиарлық жауаптылықта болады. Шарттық мiндеттемелер  бойынша жауапкершiлiк мемлекеттiк кәсiпорын туралы заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен туындайды.

Мемлекеттiк тапсырысты орындау  шеңберiнде қазыналық кәсiпорындармен  және мемлекеттiк мекемелермен жасалатын  азаматтық-құқықтық мәмiлелер Қазақстан  Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен тiркелуге тиiс.

Арнайы қаржы компаниясы өз мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасының  секьюритилендiру туралы заңнамасында көзделген тәртiппен жауап бередi.

2. Заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) немесе оның мүлкiнiң  меншiк иесi оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, ал заңды тұлға заңды тұлғаның құрылтайшысының (қатысушысының) немесе оның мүлкiнiң меншiк иесiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, бұған осы Кодексте, өзге заң актiлерiнде не заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көзделген жағдайлар қосылмайды.

3. Егер заңды тұлғаның банкроттығы  оның құрылтайшысының (қатысушысының)  немесе оның мүлкiнiң меншiк  иесiнiң iс-әрекетiнен туындаған  болса, заңды тұлғаның қаражаты  жеткiлiксiз болған жағдайда құрылтайшы (қатысушы) немесе оның мүлкiнiң меншiк иесi несие берушiлер алдында субсидиарлық жауапкершiлiкте болады.

4. Заңды тұлға үшiншi тұлғалардың  алдында заңды тұлғаның органы  құрылтай құжаттарында белгiленген  өз өкiлеттiгiн асыра пайдаланып  қабылдаған мiндеттемелерi бойынша жауап бередi, бұған осы Кодекстiң 159-бабының 11-тармағында көзделген жағдайлар қосылмайды.

Ескерту. 44-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154, 1998.03.02. N 211, 1998.12.16. N 320, 1999.11.04. N 472, 2003.05.20. N 417, 2006.02.20. N 127 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

45-бап. Заңды тұлғаны қайта  құру 

1. Заңды тұлғаны қайта құру (қосу, бiрiктiру, бөлу, бөлiп шығару, өзгерту)  оның мүлкiн меншiктенушiнiң немесе  меншiк иесi уәкiлдiк берген  органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешiмi бойынша, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлдiк берiлген органның шешiмi бойынша, не заң құжаттарында көзделген реттерде сот органдарының шешiмi бойынша жүргiзiледi. Заңдарда қайта құрудың басқа да нысандары көзделуi мүмкiн.

Информация о работе Мажеритарлық сайлау жүйесі