Мажеритарлық сайлау жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2012 в 16:20, контрольная работа

Краткое описание

1 бөлiм. Жалпы ережелер
1-тарау. Азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеу
1-бап. Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастар
1. Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдiгiне негiзделген өзге де мүлiктiк қатынастар, сондай-ақ мүлiктiк қатынастарға байланысты мүлiктiк емес жеке қатынастар реттеледi. Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер болып табылады.
2. Мүлiктiк қатынастарға байланысы жоқ мүлiктiк емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледi, өйткенi олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүлiктiк емес жеке қатынастар мәнiнен туындамайды.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған белгiлерге сай келетiн отбасылық, еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөнiндегi қатынастарға азаматтық заңдар бұл қатынастар тиiсiнше отбасылық, еңбек заңдарымен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда қолданылады.

Содержание

1. Момер Ф. Конституционная защита прав и свобод личности. М. Прогресс-Универс., 1993 г.

2. Конституционное право зарубежных стран: Учебное пособие. М., 1997.
3. Иностранное конституционное право. (конституции зарубежных государств). / Под ред. В.В.Маклакова. М., 1996.
4. Конституционное право России. Сборник методических материалов. М., 1999.
5. Ө.Қ.Қопабаев. Шет елдердің конституциялық құқығы. Алматы: «Жеті жарғы», 1998.
6. А.Абельдинов, О.К.Копабаев. Конституционное право зарубежных стран. Алматы: «Жеті жарғы», 1997.
7. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. Том 1. / Под ред. Б.А.Страшуна. М., 1993.
8. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. Том 2. /Под ред. Б.А.Страшуна. М., 1995.
9. Арановский К.В. Государственное право зарубежных стран. М., 1998.
10. Мишин А.А. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. М., 1998.
11. Чиркин В.Е. Конституционное право зарубежных стран. М., 1997.

Прикрепленные файлы: 1 файл

мико.doc

— 969.50 Кб (Скачать документ)

10-бап. Кәсiпкерлер мен тұтынушылардың

құқықтарын қорғау

1. Кәсiпкерлiк - меншiк түрлерiне  қарамастан, азаматтар мен заңды  тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа,  қызметке) сұранымды қанағаттандыру  арқылы таза табыс табуға бағытталған,  жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк)  не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызметi. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады.

2. Мемлекет кәсiпкерлiк қызмет  еркiндiгiне кепiлдiк бередi  және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етедi.

3. Заңдарда тыйым салынбаған  қызметтi жүзеге асырушы кәсiпкерлердiң  құқықтары: 

1) лицензия берiлетiн қызмет түрлерiнен  басқа кәсiпкерлiк қызметтi кiмнiң  болса да рұқсатын алмай-ақ  жүзеге асыру мүмкiндiгi арқылы;

2) экономиканың барлық салаларындағы  кәсiпкерлiктiң барлық түрiн бiр  ғана тiркеушi органда тiркеудiң  барынша қарапайым өз бетiмен  жүргiзетiн тәртiбiмен; 

3) кәсiпкерлiк қызметке мемлекеттiк  органдар жүргiзетiн тексерулердi  заң құжаттарымен шектеу арқылы;

4) кәсiпкерлiк қызметтi заң құжаттарында  көзделген негiз бойынша шығарылған  сот шешiмi бойынша ғана ерiксiз  тоқтату арқылы;

5) жеке кәсiпкерлiк үшiн тыйым  салынған, экспорт немесе импорт  үшiн тыйым салынған немесе  шек қойылған жұмыс, тауарлардың  түрлерi мен қызмет тiзбесiн заң құжаттарында белгiлеу арқылы;

6) мемлекеттiк органдарды, лауазымды  адамдарды, сондай-ақ өзге де  жақтар мен ұйымдарды кәсiпкерлердiң  қызметiне заңсыз кедергi жасағаны  үшiн олардың алдындағы заңдарда  белгiленген мүлiктiк жауапкершiлiкке тарту арқылы;

6-1) атқарушы бақылау және қадағалау  органдарына кәсiпкерлiк субъектiлерiмен  осы органдардың функциялары  болып табылатын мiндеттердi орындау  мәнiнде шарттық қатынастарға  кiруге тыйым салу арқылы;

7) заңдарда көзделген өзге де  амалдармен қорғалады.

4. Мемлекеттiк қауiпсiздiк, құқық  тәртiбiн қамтамасыз ету айналадағы  ортаны, азаматтардың меншiгiн, өмiрi  мен денсаулығын қорғау мақсатында  тауарлардың, жұмыстың немесе  қызметтiң кейбiр түрлерiн өндiру  мен сату мемлекеттiк лицензиялар  арқылы жүзеге асырылады. Ондай тауарлардың, жұмыстың немесе қызметтiң тiзбесi, мемлекеттiк лицензиялар беру тәртiбi заң құжаттарымен немесе оларда белгiленген тәртiппен белгiленедi.

5. Коммерциялық (кәсiпкерлiк) құпия  заңмен қорғалады. Коммерциялық  құпия болып табылатын мәлiметтердi анықтау тәртiбi, оның қорғау құралдары, сондай-ақ коммерциялық құпия құрамына енбейтiн мәлiметтер тiзбесi заңдарда белгiленедi.

6. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау  осы Кодексте немесе өзге де  заң құжаттарында көзделген құралдармен қамтамасыз етiледi.

Әрбiр тұтынушының, атап айтқанда:

- тауарлар сатып алу, жұмыс  пен қызметтi пайдалану үшiн  еркiн шарт жасасуға;

- тауарлардың (жұмыстың, қызметтiң)  тиiсiнше сапалы және қауiпсiз  болуына; 

- тауарлар (жұмыс, қызмет) жөнiнде  толық және анық мәлiмет алуға;

- тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарына  бiрiгуге құқығы бар. 

Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996.01.27. N 2835 Жарлығымен, Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154, 1998.07.10. N 283 Заңдарымен.

11-бап. Кәсiпкерлiк еркiндiгiн пайдаланып  қиянат 

жасауға жол бермеу

1. Заңды бәсекелестiктi шектеуге  немесе жоюға, негiзсiз артықшылықтар  алуға, тұтынушылардың құқықтары  мен заңды мүдделерiне қысым  жасауға бағытталған монополистiк  және қандай болса да басқа қызметке жол берiлмейдi.

2. Заң құжаттарында көзделген  реттердi қоспағанда, кәсiпкерлердiң  азаматтық құқықтарды бәсекелестiктi шектеу мақсатында пайдалануына, соның iшiнде: 

1) кәсiпкерлердiң рыноктағы өздерiнiң  үстем жағдайын пайдаланып, атап айтқанда, тауар тапшылығын жасау немесе бағаны көтеру үшiн тауар өндiрудi шектеу немесе тоқтатып тастау, не айналыстан алып тастау арқылы қиянат жасауына;

2) ұқсас кәсiпкерлiк қызмет жүргiзушi  адамдардың баға, рыноктарды бөлiсу, басқа кәсiпкерлердi аластау туралы және бәсекелестiктi едәуiр шектейтiн өзге де жағдайлар туралы келiсiмдер жасасуына және оларды орындауына;

3) ұқсас кәсiпкерлiк қызмет жүргiзушi  адамның және тұтынушылардың  заңды мүдделерiне қысым көрсетуге  бағытталған терiс пиғылды әрекеттер  жасауына (терiс пиғылды бәсекелестiк), атап айтқанда, тұтынушыларды басқа кәсiпкердiң тауар дайындаушысы, дайындау мақсаты, әдiсi мен орны, сапасы және өзге де қасиеттерi жөнiнен шатастыру арқылы, тауарларды жарнамалық және өзге де ақпаратта әдепсiздiкпен салыстыру, бөтен тауардың сыртқы безендiрiлуiн көшiрiп алу арқылы және басқа да әдiстермен шатастыруына жол берiлмейдi.

Терiс пиғылды бәсекелестiкке  қарсы күрес жөнiндегi шаралар  заң құжаттарымен белгiленедi.

2-тарау. Азаматтық құқықтардың  субъектiлерi 

Параграф 1. Қазақстан Республикасының азаматтары

және басқа жеке тұлғалар

12-бап. Жеке тұлға ұғымы 

Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердiң азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар  жеке тұлғалар болып ұғынылады. Егер осы Кодексте басқаша белгiленбесе, бұл тараудың ережелерi барлық жеке тұлғаларға қолданылады.

13-бап. Азаматтардың құқық қабiлеттiлiгi 

1. Азаматтық құқыққа ие болып,  мiндет атқару қабiлетi (азаматтық  құқық қабiлеттiлiгi) барлық азаматтарға  бiрдей деп танылады.

2. Азаматтың құқық қабiлеттiлiгi ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады.

14-бап. Азаматтың құқық қабiлеттiлiгiнiң 

негiзгi мазмұны 

Азаматтың Қазақстан Республикасы шегiнде де, одан тыс жерлерде де мүлiктi, соның iшiнде шетел валютасын  меншiктенуге; мүлiктi мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркiн жүрiп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркiн шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; дербес өзi немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бiрiгiп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәмiле жасасып, мiндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтiң өзге де туындыларына интеллектуалдық меншiк құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүлiктiк және жеке құқықтары болады.

15-бап. Азаматтың есiмi 

1. Азамат өз фамилиясы мен  өз есiмiн, сондай-ақ, қаласа, әкесiнiң атын қоса, өз атымен құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асырады.

2. Заңдар бойынша азаматтардың  жасырын түрде құқықтар иеленiп,  мiндеттердi жүзеге асыратын жағдайлары  немесе бүркеншiк ат (ойдан шығарылған  есiмдi) пайдаланатын реттерi көзделуi мүмкiн.

3. Азаматтың туған кезде берiлген  есiмi, сондай-ақ есiмiн өзгерту  азаматтық хал актiлерiн тiркеу  туралы заңдарда белгiленген тәртiп  бойынша тiркелуге тиiс. 

4. Азамат өз есiмiн заң құжаттарында  белгiленген тәртiп бойынша өзгертуге құқылы. Есiмiн өзгерту оның бұрынғы есiмiн, жасырын немесе бүркеншiк атпен алған құқықтары мен мiндеттерiн тоқтатуға немесе өзгертуге негiз болмайды.

5. Азамат өзiнiң борышқорлары мен  несие берушiлерiне өз есiмiн  өзгерткенi туралы хабарлау үшiн  қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi және бұл адамдарда оның есiмi өзгертiлгендiгi туралы мәлiметтер болмауынан туған ықтимал зардаптарға тәуекел етедi.

6. Есiмiн өзгерткен азамат өзiнiң  бұрынғы есiмiне ресiмделген құжаттарға  тиiстi өзгерiстер енгiзiлуiн талап етуге құқылы.

7. Басқа бiр адамның есiмiмен құқықтар  мен мiндеттер иеленуге жол  берiлмейдi.

8. Азамат өз есiмi оның келiсiмiнсiз  пайдаланылған жағдайда, оған тыйым  салынуын талап етуге құқылы.

9. Азаматтың есiмiн заңсыз пайдалану  нәтижесiнде оған келтiрiлген зиян осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес өтелуге тиiс.

Азаматтың есiмi оның абыройына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне нұқсан келтiретiн  әдiстермен немесе сондай нысанда  бұрмаланған не пайдаланылған жағдайда осы Кодекстiң 143-бабында көзделген ережелер қолданылады.

16-бап.  Азаматтың тұрғылықты жерi 

1. Азамат тұрақты немесе көбiнесе  тұратын елдi мекен оның тұрғылықты  жерi деп танылады.

2. Он төрт жасқа толмаған адамдардың  немесе қорғаншылықтағы азаматтардың  тұрғылықты жерi олардың ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жерi болып танылады.

17-бап.  Азаматтардың әрекет қабiлеттiлiгi 

1. Азаматтың өз әрекеттерiмен азаматтық  құқықтарға ие болуға және  оны жүзеге асыруға, өзi үшiн  азаматтық мiндеттер жасап, оларды  орындауға қабiлеттiлiгi (азаматтық әрекет қабiлеттiлiгi) кәмелетке толғанда, яғни он сегiз жасқа толғаннан кейiн толық көлемiнде пайда болады.

2. Заң құжаттарында он сегiз жасқа  жеткенге дейiн некелесуге рұқсат  етiлетiн жағдайда, он сегiз жасқа  толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемiнде әрекет қабiлеттiлiгiне ие болады.

3. Егер заң құжаттарында өзгеше  белгiленбесе, барлық азаматтардың  әрекет қабiлеттiлiгi тең болады.

18-бап.  Құқық қабiлеттiлiгi мен әрекет  қабiлеттiлiгiнен 

айыруға және оларды шектеуге жол бермеу

1. Заң құжаттарында көзделген реттер  мен тәртiп бойынша болмаса,  ешкiмнiң де құқық қабiлеттiлiгi  мен әрекет қабiлеттiлiгiн шектеуге  болмайды.

2. Азаматтардың құқық қабiлеттiлiгi  мен әрекет қабiлеттiлiгiн шектеудiң  заң құжаттарында белгiленген шарттары мен тәртiбiнiң немесе олардың кәсiпкерлiк не өзге де қызметпен айналысу құқығының сақталмауы тиiстi шектеудi белгiлеген мемлекеттiк немесе өзге де органның құжатын жарамсыз деп тануға әкелiп соқтырады.

3. Азаматтың құқық қабiлеттiлiгiнен немесе әрекет қабiлеттiлiгiнен толық немесе iшiнара бас тартуы және құқық қабiлеттiлiгiн немесе әрекет қабiлеттiлiгiн шектеуге бағытталған басқа да мәмiлелер жарамсыз болады, бұған мұндай мәмiлелерге заң құжаттарында рұқсат берiлген реттер қосылмайды.

19-бап.  Азаматтардың кәсiпкерлiк қызметi

1. Азаматтар, осы Кодексте және  өзге заң актiлерiнде көзделген  жағдайларды қоспағанда заңды  тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен  айналысуға құқылы.

2. Жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркеу  өз бетiмен тiркелу сипатында жасалады және жеке кәсiпкер ретiнде есепке алынады.

3. Азаматтардың заңды тұлға құрмай-ақ  жүзеге асырылатын кәсiпкерлiк  қызметiне, егер заңдардан немесе  құқықтық қатынастар мәнiнен өзгеше  нәрсе туындамайтын болса, тиiсiнше  осы Кодекстiң коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалардың қызметiн реттейтiн ережелерi қолданылады.

4. Мынадай шарттардың бiрiне сәйкес  келетiн: 

1) жалданбалы қызметкерлердiң еңбегiн  тұрақты негiзде пайдаланатын;

2) кәсiпкерлiк қызметтен салық заңдарына  сәйкес есептелген, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде жеке тұлғалар үшiн белгiленген жиынтық жылдық табыстың салық салынбайтын мөлшерiнен артық жиынтық жылдық табыс табатын жеке кәсiпкерлер мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатады.

Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк тiркеусiз аталған жеке кәсiпкерлердiң қызметiне тыйым салынады.

5. Егер жеке кәсiпкер лицензиялануға  тиiс қызметтi жүзеге асырса, оның  осындай қызметтi жүзеге асыру  құқығына лицензиясы болуы мiндеттi.

Лицензия лицензиялау туралы заңдарда белгiленген тәртiппен берiледi.

Қазақстан Республикасының Үкiметi жеке кәсiпкерлерге лицензия берудiң  оңайлатылған тәртiбiн белгiлеуге  хақылы.

Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.02. N 144-I, 2001.12.24. N 276 Заңдарымен.

20-бап. Азаматтың мүлiктiк жауапкершiлiгi 

1. Азамат өз мiндеттемелерi бойынша  өзiне тиесiлi бүкiл мүлiкпен  жауап бередi, бұған заң құжаттарына  сәйкес ақы өндiрiп алуға болмайтын  мүлiктер кiрмейдi.

2. Азаматтардың ақы өндiрiп алуға болмайтын мүлкiнiң тiзбесi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiмен белгiленедi.

21-бап. Жеке кәсiпкердiң банкроттығы 

1. Жеке кәсiпкердiң дәрменсiздiгi (осы Кодекстiң 52-бабы) оны банкрот  деп тануға негiз болып табылады.

2. Жеке кәсiпкерлiк банкроттығы  осы Кодекстiң осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген ерекшелiктер  ескерiле отырып, заңды тұлғалар  үшiн белгiленген ережелер бойынша  ерiктi немесе мәжбүрлi тәртiппен  танылады. Жеке кәсiпкердi банкрот  деп таныған кезден бастап оны жеке кәсiпкер ретiнде тiркеудiң күшi жойылады.

3. Жеке кәсiпкерге банкроттық  рәсiмiн қолданған кезде оның  кәсiпкерлiк қызметпен байланысты  емес мiндеттемелер жөнiнде несие  берушiлерi, егер осындай мiндеттемелер  бойынша орындау мерзiмi жетсе, өз талаптарын қоюға хақылы. Аталған несие берушiлердiң осындай тәртiппен мәлiмделмеген талаптары, сондай-ақ конкурстық жиынтықтан толық көлемде қанағаттандырылмаған талаптар күшiн сақтап қалады және банкроттық рәсiм аяқталғаннан кейiн жеке тұлға ретiнде борышкерден өндiрiп алуға қойылуы мүмкiн. Бұл талаптардың мөлшерi борышкердiң банкроттығы процесiнде алынған қанағаттандыру сомасына кемiтiледi.

4. Несие берушiлердiң талаптары  қанағаттандырылғанға дейiн конкурстық  жиынтықтан сот шығындары, сондай-ақ  конкурс және оңалту басқарушыларына, олар тағайындалған жағдайда, сыйақы төлеу жөнiндегi шығындар өтеледi. Жеке кәсiпкер банкрот деп танылған жағдайда, оған несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру оған тиесiлi мүлiк есебiнен мынадай кезекпен жүзеге асырылады:

Информация о работе Мажеритарлық сайлау жүйесі